Әділет органдары туралы



І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
2. Қазақстан Республикасының прокуратурасы
3. Қазақстан Республикасының Адвокатурасы
ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Кез келген құқық қолдану қызметінін тиімділігі көбінесе оны басқару деңгейіне, сол немесе өзге құқық қорғау органдарының алдында тұрған нақты міндеттерді тиісінше іске асыру үшін ұйымдастырудың алғы шарттарын жасауға байланысты болады. Мысалы, кәсіпкерлердің зан кызметі, адвокаттық кызмет камтамасыз етіліп, әділет органдары тарапынан ұйымдық басқару құралдары арқылы белгілі бір деңгейде бағыт сілтенеді.
"Әділет органдары туралы" ҚР Заңында белгіленген әділет органдарының басты міндеттері олардын фукнцияларын да, яғни олардың қызметінің негізгі бағыттарын да айқындай түседі. Әділет органдары функцияларының бірі - бұл норма шығармашылық қызметін ұйымдастыру, нормативтік актілердің жобаларын дайындау, заңнаманы жүйелеу және жинақтау.
Бүл жұмыстың қазіргі кезде, сот-құқықтық реформалау барысында Қазақстан Республикасының барлық заңдары жаңартылғанда ерекше маңызы бар. Әділет министрлігі, ең алдымен, орталық атқарушы билік органдарының норма шығармашылық қызметін үйлестіреді, ҚР Үкіметі нормативтік актілерінің жобаларын әзірлейді немесе оларды дайындауға қатысады. ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша оған қол қоюға жіберілетін заңдарға сараптама жүргізеді. ҚР Президенті мен Үкіметінің тапсырмасы бойынша белгіленген тәртіппен олардың қарауына тиісті министрліктер мен ведомстволар ұсынатын құқықтық актілер жобаларынын Конституцияға және заңдарға сәйкестігі туралы қорытынды жасайды.
Оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ҚР Әділет министрлігі ведомстволық нормативтік актілер, соның ішінде сот, Әділет министрлігінің жүйесіндегі органдар, мекемелер және ұйымдар, орталық атқарушы билік органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ лаузамды адамдар мен азаматтарға арналған міндетті болып табылатын нұскаулықтар мен түсіндірмелер шығарады.
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелері. Әлеуметтік-мәдени құрылысты басқару органдары, әкімшілік-саяси органдары және Қазақстан Республикасының құқықтық сот органдары (1937- 1977 жж.), 2-т., З-б., Алматы, 1992, 143-145 6. 1992-2000 жж.
2. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 30 қаңтардағы № 151 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001 № 4-5, 45-бап).
3. Алиев М.М. Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқыққорғау органдары. Оқу құралы. Астана, 2004 ж.
4. Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарльқ бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / А.Ибраева, Б.Қуандыков, Ш.Маликова, С.Есетова. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 192 бет.
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007
6. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы № 1120 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 41, 532-бап).
7. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 3 наурыздағы № 260 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, №11, 138-бап).

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
2. Қазақстан Республикасының прокуратурасы
3. Қазақстан Республикасының Адвокатурасы
ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Кез келген құқық қолдану қызметінін тиімділігі көбінесе оны басқару деңгейіне, сол немесе өзге құқық қорғау органдарының алдында тұрған нақты міндеттерді тиісінше іске асыру үшін ұйымдастырудың алғы шарттарын жасауға байланысты болады. Мысалы, кәсіпкерлердің зан кызметі, адвокаттық кызмет камтамасыз етіліп, әділет органдары тарапынан ұйымдық басқару құралдары арқылы белгілі бір деңгейде бағыт сілтенеді.
"Әділет органдары туралы" ҚР Заңында белгіленген әділет органдарының басты міндеттері олардын фукнцияларын да, яғни олардың қызметінің негізгі бағыттарын да айқындай түседі. Әділет органдары функцияларының бірі - бұл норма шығармашылық қызметін ұйымдастыру, нормативтік актілердің жобаларын дайындау, заңнаманы жүйелеу және жинақтау.
Бүл жұмыстың қазіргі кезде, сот-құқықтық реформалау барысында Қазақстан Республикасының барлық заңдары жаңартылғанда ерекше маңызы бар. Әділет министрлігі, ең алдымен, орталық атқарушы билік органдарының норма шығармашылық қызметін үйлестіреді, ҚР Үкіметі нормативтік актілерінің жобаларын әзірлейді немесе оларды дайындауға қатысады. ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша оған қол қоюға жіберілетін заңдарға сараптама жүргізеді. ҚР Президенті мен Үкіметінің тапсырмасы бойынша белгіленген тәртіппен олардың қарауына тиісті министрліктер мен ведомстволар ұсынатын құқықтық актілер жобаларынын Конституцияға және заңдарға сәйкестігі туралы қорытынды жасайды.
Оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ҚР Әділет министрлігі ведомстволық нормативтік актілер, соның ішінде сот, Әділет министрлігінің жүйесіндегі органдар, мекемелер және ұйымдар, орталық атқарушы билік органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ лаузамды адамдар мен азаматтарға арналған міндетті болып табылатын нұскаулықтар мен түсіндірмелер шығарады.

1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
1920 ж. ҚАКСР Әділет халық комиссариаты ретінде құрылды. 1946 ж. 28 наурызда Қазақ КСР Әділет министрлігі болып қайта аталды. 1960 ж. 26 наурызда таратылды. 1970 ж. 25 қыркүйекте қайта құрылды.
ҚР Үкіметінің 2001 ж. 30 қаңтардағы қаулысымен министрліктің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті құрылды. Министрлік туралы ережеге қосымша енгізілді: Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті министрлік ведомстволарының қатарына енгізілді.
Министрліктің негізгі міндеттеріне қосымша мыналар жатқызылды: есірткі құралдары, психотротық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы, сондай-ақ нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аймақтық комиссиялардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру; есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс-әрекеттер саласындағыхалықаралық ынтымақтастықты үйлестіру және жүзеге асыру.
ҚР Президентінің 2001 ж. 22 қаңтардағы Жарлығына сәйкес ҚР Үкіметінің 2001 ж. 29 наурыздағы қаулысымен министрліктің Интеллектуалды меншік қүқықтары жөніндегі комитеті құрылды, оған таратылған Авторлық құқықтар жөніндегі комитетінің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілді. Осыған сәйкес министрлік туралы ережеге өзгерту енгізілді: Авторлық құқықтар жөніндегі комитетінің орнына министрлік ведомстволарының қатарына Интеллектуалды меншік құқықтары жөніндегі комитеті енгізілді.
ҚР Президентінің 2001 ж. 22 қаңтардағы Жарлығына сәйкес ҚР Үкіметінің 2001 ж. 14 сәуірдегі қаулысымен министрліктің Сот қаулыларын атқару жөніндегі комитеті таратылды, атқарушы құжаттарды орындау жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері, сондай-ақ штат сандары мен мүлкі ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Соттық әкімшіліктеу жөніндегі комитетіне және оның Астана,Алматы қалаларындағы әкімшіліктеріне берілді.
Осыған сәйкес министрлік туралыы ережеге өзгерту енгізілді: Министрлік ведомстволарының қатарынан Сот қаулыларын атқару жөніндегі комитеті шығарылды. Министрліктің негізгі міндеттерінен сот приставтары мен орындаушыларының қызметін ұйымдастырушылық, кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ сот қаулыларының атқарылуын қамтамасыз ету міндеттері шығарылды.
ҚР Үкіметінің 2001 ж. 2 қарашадағы қаулысымен министрліктің лицензиялауға қатысты міндеті басқа редакцияда мазмұндалды: нотариалдық және адвокаттық қызметті, соттық-сараптау қызметін және оның құзіретіне жатқызылған қызметтің барлық түрлерін лицензиялау.
ҚР Үкіметінің 2001 ж. 28 желтоқсандағы қаулысымен министрліктің негізгі міндеттеріне қосымша енгізілді: қаржы лизингі шарттарын мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ өз құзіретінің шегінде бағалау қызметі саласындағы бақылау және қадағалау функцияларыын жүзеге асыру.КР Үкіметінің 2001 ж. 28 желтоқсандағы қаулысымен министрліктің Қылмыстық-атқару жүйелері комитеті құрылды, оған таратылған ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйелері комитетінің мүлкін басқару жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілді.
Осыған сәйкес министрлік туралы ережеге өзгерту енгізілді: Министрлік ведомстволарының қатарына қосымша қылмыстық - атқару жүйелері комитеті енгізілді. Министрліктің негізгі міндеттеріне де қылмыстық жазаларды орындау жатқызылды.
ҚР Үкіметінің 2002 ж. 23 сәуірдегі қаулысымен министрлік туралы ережеге министрліктің облыстарда, Астана және Алматықалаларында аумақтық органдары бар екендігін көрсеткен толықтыру енгізілді.
ҚР Үкіметінің 2002 ж. 22 тамыздағы қаулысымен министрлік туралы ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізілді: министрліктің негізгі міндеттерінен заңнаманы кодтау шығарылды; нормативтік құқықтық кесімдерді құқықтық сараптау нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын заңды сараптаумен ауыстырылды; министрліктің негізгі міндеттері заңға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істері жөніндегі өндірісті жүзеге асыру, сондай-ақ соттық-сараптау қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру міндеттерімен толықтырылды.
ҚР Президентінің 2003 ж. 23 желтоқсандағы Жарлығымен министрлік қайта ұйымдастырылды, есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымыы және олардың заңсыз айнатуымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс-әрекеттер саласындағы функциялары мен өкілеттіктері ҚР Ішкі істер министрлігіне берілді.
ҚР Үкіметінің 2003 ж. 31 желтоқсандағы қаулысымен министрліктің мемлекеттік мекемелері-аумақтық органдары (әділет басқармалары) министрліктің Астана және Алматы қалаларындағы әділет департаменттері болып қайта аталды.
ҚР Үкіметінің 2004 ж. 3 наурыздағы қаулысымен министрліктің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті таратылды. Осыған сәйкес, министрліктің негізгі міндеттерінен есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қатысты міндеттері алынып тасталынды.
ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы қаулысымен министрлік туралы жаңа ереже бекітілді және министрліктің Халыққа қүқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру комитеті құрылды. Министрлік басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде оның құзіретіне жатқызылған қызмет саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ҚР орталық атқарушы органы болып табылады.

Министрліктің негізгі міндеті мемлекеттік қызметін құқықтық қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимін қолдау, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
Министрліктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары және ведомстволары бар: Тіркеу қызметі комитеті, Зияткерлік меншік құқығы комитеті, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру комитеті.
Министрлік, оның органдары және ведомстволық ұйымдары әділет органдарының біртұтас жүйесін құрады.
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 8 ақпандағы қаулысымен министрліктің аудандарда, қалаларда және қала аудандарында мемлекеттік мекемелері-аумақтық органдары құрылды. Осыған сәйкес министрлік туралы ережеге министрліктің осы аумақтық органдары бар екеңдігін көрсеткен өзгерту енгізілді.
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 30 желтоқсандағы қаулысымен ҚР Әділет министрлігінің Діни істер комитеті құрылды, ереже және оның құрылымы бекітілді. Дін істері жөніндегі комитеті министрлік ведомстволарының қатарына енгізілді.
Министрліктер мемлекеттік басқарманың тиісті саласына басшылықты жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары болып саналады. Министрліктердің құқықтық мәртебесі заңға тәуелді актілердегі қызмет салаларын реттеуші түрлі заңдарда бекітілген. Министрліктер ҚР Президентінің бұйрығымен құрылады, қайта құрылады және тартылады. Министрлер ҚР Президентінің бұйрығымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады. Министрлердің орынбасарлары Приемьер-Министрдің ұсынысы бойынша үкіметпен тағайындалады. Сонымен қатар министрліктерде министрдің бұйрығымен орындау үшін, шешімдерді қабылдай алатын консультациялық, үйлестіруші және кеңесші алқа бөлімшелері құрылады. Министрліктің құрылымында министрлік қызметіне тапсырылған салаларды тікелей басқаруды жүзеге асыратын департаменттер, басқармалар, комитеттер құрылады. Министрліктер, екі жақты бағынатын өңірлік бөлімшелерге ие: тігінен тиісті министрлікке бағынатын және көлденеңнен жергілік әкімшілікке бағынатын (мысалы, білім бөлімдері, қаржы бөлімдері және т.б). Министрліктер оларға тапсырылған басқару салалардың жағдайына және одан әрі дамуы үшін, ғылыми - техникалық ілгерілеуі үшін, осы саланың барлық өнімдеріне деген мемлекет мұқтаждығының толық қанағаттануына жауап береді. Министрліктер тапсырылған салаларға басшылық етеді, оларға берілген құқық шегіндегі барлық мәселелерді шешуге өкілетті, өз қызметтерінде салааралық мәселелерді шешу және жобаларды әзірлеу үшін басқа да министрлік және ведомстволармен байланысты және өз ара қарым-қатынастарды жүзеге асыруға шақырады. Министрліктер өз құзыретінің шегінде жоғары тұрған мемлекеттік үкімет органдарының және басқармаларының заңдарын және басқа да шешімдерін, Президент қаулыларын орындау мақсатында және соның негізінде актілерді шығарады. Министрліктердің актілері бұйрық, нұсқаулық, қаулы түрінде шығарылады.
ҚР Әділет министрлігінің маңызды міндеттері - қолданыстағы заңдарды жүйелеу, ҚР кодекстері мен заң жинактарының ресми басылымдарын шығаруға дайындауға қатысу болып табылады. Сонымен катар, ҚР Әділет министрлігі, егер онда азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері қозғалса, егер олар ведомствоаралық сипатта болса, орталық атқарушы билік органдары шығаратын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әділет органдарының актілері
Қазақстан Республикасы әдiлет органдары
ҚР әділет органы
Құқық қорғау қызметінің қағидалары
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары
Құқықты қорғау органдары
ҚР әділет органдарының қызметі: құрылымы, маңызы, мақсаттары мен міндеттері
Прокуратурадағы қызметті ашу
Құқық қорғау органдары туралы
Әділет органдары
Пәндер