Түркі тілдерінің сөзжасам мәселелері


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ТҮРКІ ТІЛДЕРІНІҢ СӨЗЖАСАМ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Сөзжасам - тіл білімінің ең жаңа жас саласы. Сөзжасам тілдегі жаңа сөздерді зерттейді. Бұған қарап, жаңа сөздің тілге ену, жасалу сияқты т. б. мәселелері бұрын зерттелмеген, назардан тыс қалған деуге болмайды. Бұған дейін сөз тудыру тәсілдері, жолдары морфологияның, ал сол арқылы тілге енген жаңа сөздер лексикологияның обьектісі ретінде қаралып келді. Соңғы кездері ғана сөзжасам жаңа сала ретінде зерттеле бастады. Сөзжасам мәселесіне қатысты зерттеулер оның тілдің өзге салаларынан бөлініп, жеке зерттеу обьектісіне айнала бастағанын көрсетеді. Дегенмен, сөзжасам қазақ тілінде лингвистиканың фонетика, ексикология, грамматика секілді бір саласы ретінде емес, тіл білімінің әр саласының жеке-жеке тарауларында қаралып жүр. Қазақ тілінде сөзжасамның аналитикалық және синтетикалық тәсіл арқылы жасалған түлері грамматиканың, ал лексика-семантикалық түрі лексикологияның шеңберінде қаралып, сөз тудырудың негізгі мәні - жаңа сөз жасау процесі көлеңкеде қалып келді.

Сөзжасам ілімінің негізгі обьектісі оның өзіне тән сипаттарын айқындағанда анық білінеді. Оның негізгі сипаты, мәні - жаңа мағыналы сөз тудыру болғандықтан, сөзжасам ол сөз қалай жасалды (сөзжасамдық тәсіл қандай?), жасалған сөздердің мағынасы қандай (дериваттық мағынасы), сол үлгімен тағы қандай сөздер жасауға болады (сөзжасамдық тізбегі), әр сөз табының туынды сөздерінің жасалу үлгісі ( типі) қандай деген сұрақтарға жауап береді. Демек, сөзжасамның негізгі обьектісіне туынды сөз жатады да, сөзжасамдық тәсілдер, сөзжасамдық мағына, сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық типтер оның негізгі мазмұнын құрайды.

Сөзжасамның негізгі обьектісін анықтау арқылы сөзжасам дегеніміз не деген сұраққа да жауап табуға болады. Сөзжасам өз алдына зерттеу обьектісі болғандықтан, ол- тіл білімінің жеке бір саласы. Ал, зерттеу обьектісінің сипаты жағынан жаңа сөздердің жасалу жолдары мен мағыналық ерекшеліктерін зерттейді. Жоғарыда айтқанымыздай, сөзжасам бұған дейін грамматиканың морфология саласында, жеке сөз таптарының жасалуы ретінде қарастырылып келді. Сөзжасам - грамматикамен де, лексикологиямен де байланысты тіл білімінің жеке бір саласы. Лексикология мен сөзжасамның байланысы екі жақты: Тілдік единица - сөзден жаңа сөз жасаладыәрі жаңа сөз сөздік құрамның қатарына еніп, лексиклогияның обьектісіне айналады. Ал «грамматика→ сөзжасам» деп алу қиын. Себебі лексикалық единицасыз құр грамматикалық тұлғадан жаңа сөз жасалмайды. Яғни тілдегі дайын мағыналы сөзден грамматикалық тәсіл арқылы жаңа сөз жасалады. Грамматика лексика мен сөзжасамның аралығында тұрады: лексика→ грамматика→ сөзжасам. Бұл, біріншіден, сөзжасамның лексикамен және грамматикамен байланысын көрсетсе, екіншіден, сөзжасамның лексика, грамматика секілді тілдің жеке саласы екендігін, тіл қабатынан өзіндік орын алатынын танытады.

Қазақ тіл білімінде сөзжасамдық мағынаны жеке сөз етіп, таптастыруға арналған арнайы зерттеу жоқ. . Жаңа сөз тудыру туралы әңгіме болғанда, оның жасалу тәсілі көрсетіледі де, туынды сөздің негізгі мағынасы күңгірт қалып қояды. Мәселен, қойшы, елші, сөздерін зат атауларынан мамандық, кәсіп иесі т. б. мағынасын беретін -шы, -ші жұрнақтары арқылы жасалды деп түсіндіретін болсақ, «жайлау» сөзін етістіктен тұйық етістік жұрнағы арқылы жасалған жаңа сөз- зат есім деуге болмайды. Бұндағы жаңа сөз- субстантивтену (семантикалық) процесінің нәтижесі, осындағы зат атаулары (қой, ел) негізінде қосымша арқылы пайда болған кәсіп, мамандық иесі деген жаңа мағына, жайлау сөзін білдіретін жазғы қоныс, орын деген мағына сөзжасамдық мағына болып табылады.

Ал, сөзжасам тәсілдері көп зерттелгеніне қарамастан, толық шешім таппағандығы көрінеді. Мұның себебі, сөзжасамдық тәсілдерді аналитикалық, синтетикалық, лексика-семантикалық деп бөлудің таза структуралық сипатқа негізделгендігінен болса керек. Мәселен, синтетикалық тәсіл бойынша белгілі бір сөз табын тудырушы қосымшалар көрсетіледі де, олардың дериваттық семантикасы ашылмай қалып қояды немесе белгілі бір дериваттық семантиканы білдіретін сөздер тудыратын қосымшаларды ( -шы, -гер, -ман) топтастыру, кейбір функциялық қосымшалардың сипатын көрсету секілді мәселелер назардан тыс қалып қояды. Синтетикалық тәсіл арқылы жаңа сөз жасалмай, сөз түрленуі де мүмкін: (мәселен: біз кел-ді-к. ) . Сондай-ақ, аналитикалық тәсіл бойынша сөздердің қайталануы, қосарлануы арқылы жасалған сөздердің бәрі бірдей жаңа мағына білдіре бермейді. Мәселен, тау-тас, көйлек-көншек, жан-жануар дегендер жинақтық я жалпылық мағына берсе, мая-мая, отыз-қырық дегендер топтау мағынасын берген, демек, бұл сөздер әр түрлі грамматикалық мағына ғана білдіріп тұр. Түркі тілдерінің грамматикаларына ортақ жағдай: аналитикалық тәсілдің сөздердің бірігуі, қосарлануы мен тіркесуі ретінде көрініс табуы. Олардың ішінде тек кейбіреуі ғана сөздердің қысқаруын анлитикалық тәсіл ретінде қарастырады. Қысқару арқылы жасалған сөздердің дені күрделі атаулардың шартты таңбалары, техникалық себептерге байланысты қысқарулар. Бұлар жеке сөздер ретінде өзінің толық атауынан бөлек мағына білдірмейді. Сондықтан оларды жеке сөз, жеке тілдік единица дей алмаймыз.

Сөз тудырушы қосымшалардың өнімділік-өнімсіздік, құнарлық-құнарсыздық сипаты жайында сөз етсек, қазақ тілінің грамматикаларында сөз тудырушы қосымшалар жаңа сөз жасауға қатысына қарай өнімді-өнімсіз, құнарлы-құнарсыз болып бөлінгенмен, оларды бұлай бөлуде неге сүйенеміз, өнімділік пен құнарлылықтың айырмасы неде, негізгі критерийлері қандай деген мәселелер шешімін тапты дей алмаймыз. Соның нәтижесінде белгілі бір оқулықтарда өнімді болып көрсетілетін, болмаса, «өнімді және құнарлы қосымшалар», «өнімсіз және құнарсыз қосымшалар», деп берілетін жағдайлары кездеседі /1/. Біздіңше, қосымшалардың өнімділік сипаты құнарлылықпен сәйкес келе бермейді. Мәселен, -ман, -мен (Көрермен, оқырман) , -кер, -гер (Қызметкер, суреткер, қаламгер), -м, -ым, -ім (басылым, айналым) өнімсіз болғанымен, 60-жылдардан беріде құнарлы қосымшаға айналған. Өнімділіктің негізгі критерийі - қосымшаның балгілі бір кезеңге, мерзімге байланыссыз, жаңа сөздер жасап, сөздік құрамды толықтырып отыруы, жасалған сөзінің көптеп болуы, сөз жасау үлгісінің болуы. Құнарлылық- қосымшаның бір кезеңде жандануы, жаңа сөздер жасауға көптеп қатысуы, потенциялық мүмкіндігінің болуы, яғни белгілі бір кезең, мерзімге байланысты спалық қасиеті.

Сөздерде кездесетін синонимдік, омонимдік, көп мағыналық қасиет жұрнақтарда да кездеседі. Мұндай жұрнақтардың әрқайсысының беретін мағынасы мен атқаратын қызметтерінің өзіндік ерекшеліктері бар.

Синонимдес жұрнақтардың беретін мағыналары бір-біріне жақын болғанымен, стилистикалық ерекшелігі жағынан бір-бірінен оқшауланып тұрады. Мысалы: тоқтыша, тоқтышақ; ботажан, ботақан; бұзауқан, бұзаушық; күшіктей, итақай; серкеш, серкешік т. б. Мұндағы сөздердің бәрінде кішірейту мағынасы бар. Кейбіреуінде кішірейтуден тыс «еркелету», «қомсыну» секілді қосымша мағыналары да бар. Синонимдік мағына тудыратын мұндай жұрнақтарды кез-келген жануар атауына тіркеп қолдану мүмкін емес. Қозы, бұзау тәрізді түбір күйіндегі жануар атауларын қозықан, бұзаушақ формасында қолдану, сондай-ақ, сүзгіш, сүзеген синонимдерінің бірінің орнына сүзгір, сүзек сөздерін қолдану әдеби тіл нормасынан ауытқушылықты көрсеткен болар еді.

Түрік тілінде Воgа сөзінің тобына 19 сөз енеді. Воgа сөзінде екі мағына бар: 1. жануар атауы; 2. көкжиек. - lik жұрнағының көмегімен bogalik (Бір жасар бұқа атауы) сөзі жасалған. Bogazla, bogazlama, bogazlanmak, bogazlatma сөздері la, -le, -t, -ma, -me, -s, -k жұрнақтары арқылы жасалған етістіктер. Bogazla сөзі екі мағына береді:1) бұқаға тән қасиет көрсету; 2) малды бауыздау. Демек, сөз құрамындағы -la жұрнағы омоним сөздердің жасалуына негіз болып тұр. -li, -siz жұрнақтары арқылы bogazli (бұқалы), bogazsiz (бұқасыз) тектес сын есімдер жасалады.

Deve сөзіне қатысты қарастырылатын сөздер саны - 17. Мұның басым көпшілігі күрделі сөздер. Deve, boynu ( түйе мойын), deve dikenini (түйе тікен), deve kolu (шөлдегі жүк таситын түйелер тобы), deve kini ( істің ұзаққа созылуы), deve elmasi ( түйе алмасы), deve disi (түйе тіс) текткс сөздер осының айғағы.

Өзбек, түрік тілдерінде синтетикалық тәсіл бойынша жаңа сөз жасау тілде жиі кездесетін құбылыс. -сіз, -дай қосымшалары арқылы сын есімдер жасалса (бұзоқдай, отдай, сигирдай, тайлоқдай, тұядай, чучқадай, эшакдай, хукиздай, қучордай), Сондай-ақ, -чи, -каш, -ла, -лан сияқты жұрнақтардан да (туякаш, туячи, эчкичи, куйчи, бутала, отлан, бузоқла, хурозлан) сөздер жасалады.

Қазақ тілінде омонимдес қосымшалар арқылы жасалған үй жануарларының атауын жиі кездестіруге болады. Бұған дәлел ретінде қазақ тілінің -у, -ша, -ше, -тық, -тік, -ай, -ей, -тай, -тей сияқты т. б. қосымшалары арқылы жасалған сөздерді алып қарастыруымызға болады. Мысалы; балапандау. Сөз соңына жалғанған -у жұрнағы бұл сөзге екі мағына үстеп тұр. Яғни балапандау: 1) қимыл атауы; 2) жассыну. Тағы бір мысал: құнанша:1) үстеу, құнанға лайық қимыл; 2) зат есі, 2-3 жасар түйенің еркегі.

Кей аффикстерде жануарлардың жыныстық ерекшеліктерін ажыратып тұратын қасиет болады. Мысалы:құнан-құнажын, дөнен-дөнежін; Мұндағы -жын, -жін қосымшаларында сөз тудыру қасиетімен қатар, мағына айырушылық қызметі де бар.

-жал, -қан, -ша, -ше, -шық, -шік, -сымақ, -ай, -ей, - шақ, -қай жұрнақтарын сөз мазмұнының тілдік формасын тудырушы аффикстері деп қарастырып, оған төмендегіше түрлі экспрессивтік рең беретін мысалдар тобын дәлел ретінде тізіп көрсетуімізге болады:а) кішірейту, еркелету мәнді сөздер: ботақан, ботажан бұзауқан, бұзаушық, күшікей, текешік, тоқтышақ, құлыншақ, серкешік т. б ә) «қомсыну» мәнді сөздер: бұқасымақ, текесымақ т. б.

Сөзжасау тәсілінің екінші бір өнімді түрі- аналитикалық тәсіл. Мұның ішінде, әсіресе, сөздердің бірігуі арқылы жасалған күрделі сөздер өте көп кездеседі. Бұл туралы О. Д. Мешков былай деп жазған: «Сөздерді біріктіру- маңызды тәсілдердің бірі, ол арқылы және де басқа тәсілдер арқылы тіл өзінің сөздік құрамын толықтырады, тілдің құрылысын жетілдіреді. » /2/. Мәселен, бутакуз, итболик, итбодан, итбурун, итпашша, иттиканак, отбоқор, отқулоқ, отчопор, сигирқуйруқ, такасоқол, туясандиқ, туятовон, уячангал, туяпойпоқ, чучқабоқар, эчкиэмар, эчкисоқол, қузиқорин, қузиқулоқ, қуйтиканак, қуйкуз т. б.

Түркі тіл білімінде дербес теориялық зерттеу жұмыстары бар, олардың ішінді өзбек тіліндегі қысқарған сөздерді зерттеген З. А. Аликуловтың еңбегін, башқұрт тілі бойынша С. Н. Мұратовтың, азербайжан тілі бойынша М. Адиловтың жұмыстарын айрықша айтуға болады /3-5/.

Қосарлану тәсілі арқылы жасалған күрделі сөздер саны біріккен сөздерге қарағанда түрік, өзбек тілдерінде азырақ. Мәселен, от-арава, сигир-бузоқ, гоз-гоз, от-улов, болам-бутам т. б.

Қазақ тілінің қазіргі кезде әбден қалыптасқан сөзжасам жүйесі бар, ол әрине, ұзақ уақыттағы дамудың нәтижесі. Тіліміздің сөзжасам жүйесінің негізі көне түркі тілінен (ең көне жазба ескерткіштер тілі) басталып, содан бері дамып, толығып, күрделеніп, сұрыпталып, екшеле келіп, қазіргі жүйелі дәрежеге жеткен.

Қай тілдің болмасын сөзжасам жүйесі ұзақ уақыттың ішінде қалыптасқан, ол қысқа, аз уақыт ішінде тез қалыптаса қоятын құбылыс емес. Түркі тілдерінің ең көне жазба ескерткіштерінің тілі бұл мәселеге толық куә бола алады. Көне жазба ескерткіштер тілінде негізгі түбір сөздермен қатар туынды сөздер болғаны белгілі. Олар: туынды түбір, күрделі сөз, бір сөздің бірнеше мағынада қолданылуы түрінде кездеседі. Басқаша айтқанда, көне жазба ескерткіштер тілінде жаңа сөз жұрнақтар арқылы (тір-іг, біл-іг, ур-уш, иел-ме, өт-унч), сөздердің тіркесуі арқылы жасалды. (күнтұз, Темір-қапығ, Қара-құм, Ілтеріс, арқыш-тіркес, секіз он, йеті йуз), сол сияқты бір сөздің бірнеше мағынада қолданылуы да сол кездің сөзжасам жүйесіне жатады:[қат] 1) қабат, қатар; 2) жеміс; 3) жануардың аты; 4) қату; 5) араластыру. Келтірілген мысалдар көне түркі тілінде сөзжасамның морфологиялық, синтаксистік, семантикалық тәсілдері болғанын анық көрсетіп тұр.

Тілдің сөзжасам жүйесі көне құбылыстарға жатады, ол күмән туғызбайды. Өйткені сөз жасаушы тұлғалар сөзжасаудың тәсілдері, үлгілері күнде құбылатын, күнде жаңаратын құбылыстар емес. Тілдің сөзжасам жүйесі тілдің даму әрекетінен де тыс қала алмайды. Сондықтан сөзжасам жүйесінде де өзгеріс болып тұрады, бірақ ол өте баяу болады және ол, тілде бар үлгілердің белгілі бір кезеңде белсенді қызмет етуі арқылы, ол қызметтің бәсеңдеуі арқылы, не сөз мағынасының кеңеюі, кейбір сөзжасамдық түрлердің қолданудан шығуы сияқты т. б. өзгерістер арқылы болады. Мысалы: көне жазба ескерткіштер тіліндегі туынды сөздер саны бір емес, қазіргі тіл туынды сөздерге өте бай. Тілдің туынды сөздермен толығуының тілден тыс жағдайларға қатысын былай қойғанда, оның сөзжасам жүйесіне де тікелей қатысы бар.

Көне жазба ескерткіштер тілінде сөзжасамның морфологиялық тәсілі болды, бірақ сөз тудырушы жұрнақтары санаулы ғана еді. Ал, қазірде морфологиялық тәсіл сөзжасамда үлкен қызмет атқарады, бірақ көне жазба ескерткіштермен салыстырғанда, қазіргі тіл сөз тудырушы жұрнаққа өте бай, сөзжасам құрамы түрлі жұрнақтар арқылы толыққан. Сөзжасамдық жұрнақтардың тілге қосылғанын көне жазба ескерткіштер тілі мен қазіргі тілді салыстыру арқылы көру жеңіл, осы екі арада талай ғасырлар өткенін еске алсақ, олардың әр кезеңінің тілдің сөзжасам жүйесінің қалыптасуына да, сөздік қордың баюынада үлесіболғаны анық көрінеді. Сөйтіп тілдің сөзжасам жүйесінің толығып отыруы, сөзжасамдық заңдылықтардың тілде орнығып, қалыптасуы баяу болса да, тіл дамуында үнемі болып отыратын құбылыс екені даусыз. Бірақ ол ерекше жылдамдықпен болатын құбылыстарға жатпайды. Соңғы 40-50 жылдың ішінде қазақ тілінің сөзжасам жүйесіне қосылған жұрнақтар өте мардымсыз. Жаңа жұрнақтар арқылы сөзжасам жүйесінің баюы, толығуы тез болып тұратын құбылыс емес. Тілімізде - хана сияқты жаңа жұрнақтың қосылуы, пайда болуы өте сирек құбылыс. Алғаш біріккен сөздің бір сыңары ретінде қызмет атқарған бұл морфема кейін жұрнаққа айналғаны белгілі. Бұрын шайхана, асхана, жатақхана, наубайхана, кітапхана, баспахана сияқты аздаған сөзде қолданылатын бұл морфема бірте-бірте қолданылу аясын кеңейтіп, қазір өнімді жұрнаққа айналды. Мысалы: емхана, дәрәхана, дәмхана (закусочная), дәрісхана (аудитория), перзентхана (роддом), т. б. талай сөздің жасалуына қатысты, ол сөзжасамдық белсенді қызметке көшті. Тілдің сөзжасам жүйесінің күрделенуі, баюы, толығуы көбіне сөзжасамдық жұрнақтардың мағыналық құрамының кеңеюі арқылы да болады, сөзжасамдық жұрнақтардың ішінде әр түрлі мағына беретін жұрнақтар жиі кездеседі. Мәселен, -ыс, -іс жұрнағы тілде түрлі мағыналы атаулар жасайды. Мысалы, ағыс, тігіс, сөгіс сияқты туынды сөздер мен жеңіс, тыныс шабыс деген туындылардың мағынасы бір емес. Бұлардың алғашқыларында нақты заттық ұғым болса, соңғыларында дерексіз заттық ұғым басым. Бұлардың бәрінде де бір ғана жұрнақ қолданылып тұрғаны анық. Бұл арада бір жұрнақтың мағынасы кеңейгенін көріп тұрмыз. Бұл жағдай тілде қосымшаның қызметін арттырып, оның қолданылу мүмкіндігін күшейтіп тұр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөзжасамдық мағына - сөзжасамдық үдерісте қалыптасқан туынды мағына
Ескі қыпшақ жазба ескерткіштеріндегі сөзжасамдық ерекшеліктер ( Китаб әл-Идрак ли-Лисан әл- Aтрак ескеркіші бойынша)
Қазақ терминологиясының даму кезеңдері
Туыс халықтарға қазақ тілін ортақ сөздер арқылы үйрету
Қазақ тілінің өзге түркі тілдерімен ортақ тұстары
Негізгі зерттеу нысаны - туынды сөз
Тілдің грамматикалық жүйесі
Сөзжасам
Сөзжасамдық жұп және оның семантикасы
Ескі қазақ жазба үлгілеріндегі лексика-семантикалық және сөзжасамдық ерекшеліктер ( ХV-ХVІІ ғғ )
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz