Қазақстан Республикасындағы президенттік-парламенттік басқару нысанындағы жергілікті өкілді органдар



Кіріспе
І ХХІ ғасырдың басында жергілікті өкілді органдарды реформалаудың негізгі бағыттары мен мәселелері.
1.1 Мемлекеттік басқару органы ретінде мәслихаттардың қалыптасуы.
1.2 Маслихаттардың президенттік.парламенттік басқару нысанындағы қалыптасу ерекшеліктері.
ІІ Президенттік.парламенттік басқару нысанындағы жергілікті өкілді
органдарының рөлі.
2.1 Мәслихаттардың құқықтық мәртебесі.
2.2 Мәслихаттар мен атқарушы органдардың ара.қатынасының құқық.
тық аспектілері.
2.3 Аудандық мәслихаттар өзін.өзі басқару органы ретінде.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Тәуелсіздік алуына орай Қазақстан институтциялық саладағы көптеген проблемаларға тап болды. Халықаралық қатынастар субъектісі ретінде Қазақстанның жағдайы республикадан саяси және экономикалық идентификацияны талап етті, бұл Қазақстанға халықаралық кеңістікте өз орнын алуға жәрдемдесер еді. Осыған орай өз мемлекеттік құрылыс процесінің маңызы аз емес. Осы тұрғыда демократиялық дамудың ең маңызды мәселелерінің бірін, дәлірек айтқанда транзиттік қоғам жағдайында билік органдарын орталықсыздандыру (бейорталықтандыру) проблемасын қарастыру мен зерттеуге сұраныс қажеттілікке айналды. Дүниежүзінде жергілікті өзін өзі басқару азаматтардың мемлекетпен байланысын, олардың басқаруға тікелей қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін аса маңызды институттардың бірі ретінде қарастырылады.
Халықаралық тәжірибе тіпті бір елдің шегіндегі жергілікті өзін өзі басқару моделінің жергілікті салт-дәстүрлер мен мәдениет, экономикалық және басқа жағдайларға қарай елеулі айырмашылықтары болатынын көрсетеді. Осыған байланысты өзін өзі басқару азаматтардың басқаруға қатысуы ретінде жергілікті ерекшелікті ескере отырып және жергілікті сұраныстарға сай жүргізіледі. Тұжырымдама жобасы біздің қоғамымыз күрделі, қарқынды дамушы жүйені білдіретіндігінен, оның нақ ортасында өзінің нақты қажеттіліктерімен нақты адам тұратындығынан шығады. Осы тұрғыдан тұжырымдама шеңберінде еліміздегі жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту мақсаттары мен міндеттерін жүйелеуге, олардың іске асыру реттілігі мен моделге қойылатын негізгі талаптарды қалыптастыруға талпыныс жасалды. Еліміздің әрбір әлеуметтік-экономикалық даму биігіне жетуімен саяси жүйені әрі қарай модернизациялау, оны демократияландыру қажеттілігі өсе түседі.
Қазақстандағы өзекті саяси оқиға 2007 жылы Конституцияға түзетулер енгізу болды. Конституциялық түзетулер президенттік өкілеттікті шектеуге алып келді. Моноорталықтық президенттік республикадан президенттік-парламенттік басқару жүйесіне көшу жүрді.
Соңғы уақытта әлемнің көптеген елдерінде мемлекет басшысының өкілеттігін қысқарту және президенттік республикадан президенттік-парламенттік басқару формасына көшу беталысы байқалуда. Мұндай ауысу Сербия, Индонезия, Грузия, Украинада жүзеге асты. Франция, Оңтүстік Корея, Литвада мемлекет басшыларының өкілеттігін кейбір қысқартуларға барды.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасындағы президенттік-парламенттік
басқару нысанындағы жергілікті өкілді органдар.

Мазмұны.
Кіріспе
І ХХІ ғасырдың басында жергілікті өкілді органдарды реформалау-
дың негізгі бағыттары мен мәселелері.

1.1 Мемлекеттік басқару органы ретінде мәслихаттардың қалыптасуы.

1.2 Маслихаттардың президенттік-парламенттік басқару нысанындағы
қалыптасу ерекшеліктері.

ІІ Президенттік-парламенттік басқару нысанындағы жергілікті өкілді

органдарының рөлі.

2.1 Мәслихаттардың құқықтық мәртебесі.

2.2 Мәслихаттар мен атқарушы органдардың ара-қатынасының құқық-
тық аспектілері.

2.3 Аудандық мәслихаттар өзін-өзі басқару органы ретінде.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Зерттеудің өзекті тақырыптары
Тәуелсіздік алуына орай Қазақстан институтциялық саладағы көптеген
проблемаларға тап болды. Халықаралық қатынастар субъектісі ретінде
Қазақстанның жағдайы республикадан саяси және экономикалық идентификацияны
талап етті, бұл Қазақстанға халықаралық кеңістікте өз орнын алуға
жәрдемдесер еді. Осыған орай өз мемлекеттік құрылыс процесінің маңызы аз
емес. Осы тұрғыда демократиялық дамудың ең маңызды мәселелерінің бірін,
дәлірек айтқанда транзиттік қоғам жағдайында билік органдарын
орталықсыздандыру (бейорталықтандыру) проблемасын қарастыру мен зерттеуге
сұраныс қажеттілікке айналды. Дүниежүзінде жергілікті өзін өзі басқару
азаматтардың мемлекетпен байланысын, олардың басқаруға тікелей қатысу
мүмкіндігін қамтамасыз ететін аса маңызды институттардың бірі ретінде
қарастырылады.
Халықаралық тәжірибе тіпті бір елдің шегіндегі жергілікті өзін өзі
басқару моделінің жергілікті салт-дәстүрлер мен мәдениет, экономикалық және
басқа жағдайларға қарай елеулі айырмашылықтары болатынын көрсетеді. Осыған
байланысты өзін өзі басқару азаматтардың басқаруға қатысуы ретінде
жергілікті ерекшелікті ескере отырып және жергілікті сұраныстарға сай
жүргізіледі. Тұжырымдама жобасы біздің қоғамымыз күрделі, қарқынды дамушы
жүйені білдіретіндігінен, оның нақ ортасында өзінің нақты қажеттіліктерімен
нақты адам тұратындығынан шығады. Осы тұрғыдан тұжырымдама шеңберінде
еліміздегі жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту мақсаттары мен міндеттерін
жүйелеуге, олардың іске асыру реттілігі мен моделге қойылатын негізгі
талаптарды қалыптастыруға талпыныс жасалды. Еліміздің әрбір әлеуметтік-
экономикалық даму биігіне жетуімен саяси жүйені әрі қарай модернизациялау,
оны демократияландыру қажеттілігі өсе түседі.
Қазақстандағы өзекті саяси оқиға 2007 жылы Конституцияға түзетулер
енгізу болды. Конституциялық түзетулер президенттік өкілеттікті шектеуге
алып келді. Моноорталықтық президенттік республикадан президенттік-
парламенттік басқару жүйесіне көшу жүрді.
Соңғы уақытта әлемнің көптеген елдерінде мемлекет басшысының
өкілеттігін қысқарту және президенттік республикадан президенттік-
парламенттік басқару формасына көшу беталысы байқалуда. Мұндай ауысу
Сербия, Индонезия, Грузия, Украинада жүзеге асты. Франция, Оңтүстік Корея,
Литвада мемлекет басшыларының өкілеттігін кейбір қысқартуларға барды.
Бұл трансформация (өзгерту) күш пен ықпал орталықтарын бірдей
теңестіруді, саяси бақылаудың жаңа тарамдалған жүйесінің пайда болуын
мақсат тұтады. Президенттің өкілеттіктерінің бір бөлігін биліктің өкілетті
тармағына беру маңызды саяси шешімдер қабылдау процесінде соңғысының ролін
елеулі түрде арттырады.
Басқару формаларын өзгерту мемлекеттік басқаруда азаматтың ролін
арттыруға, оның құқықтары мен бостандығын қорғауға, саяси жүйенің
тұрақтылығын арттыруға бағытталған.
Азаматтарды мемлекетті басқаруға тартуда жергілікті өкілетті органға
маңызды роль беріледі. Бұл жерде көп нәрсе мәслихаттардың мәртебесін
арттыруға және олардың жұмыстарын жетілдіруге байланысты. Қазақстан
Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізілгеннен кейін
Н.Ә.Назарбаев айтқандай, жаңа саяси жүйеде мәслихаттардың қызметтерінің
табиғаты да өзгереді. Олар атқарушы биліктің бағыныштылары емес, азаматтық
қоғамның сұраныстарын алға жылжытуды қамтамасыз ететін дербес билік
органдары болады. Мәслихаттар жергілікті өзін өзі басқарудың негізі болып
табылады. Ел Президенті осы идеяны алғаш рет 2007 жылы Қазақстан халқына
Жолдауында жария етті. Ал жергілікті өзін өзі басқаруды орнату
міндеттерінің өзін 2004 пен 2005 жылдардағы Жолдауларында белгіледі.
Мәслихаттар жергілікті өзін өзі басқарудың негізіне айналуға арналған.
Маңызы кем емес қалған барлығы, өкілеттік мерзімін 5 жылға дейін ұзарту,
әкімдерді мәслихаттардың келісімі арқылы тағайындау және оларға сенімсіздік
білдіру, негізгіден қисынды түрде шығатындар болып табылады: мәслихаттар
мен өзін өзі басқару – ажырағысыз.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі Қазақстан респуликасында жергілікті
өкілетті органдар қызметтерінің негізгі ережелері мен қағидаттары теориялық
та, қолданбалы да қырларымен, жалпы билік жүйесі элементтерінің бірі
ретінде, салыстырмалы түрде жақында дами бастағандығымен айқындалады.
Дегенмен осы уақыт аралығында жергілікті өкілетті органдардың орнау мен
жұмыс істеу саласында белгілі бір практикалық тәжірибе жинақталды, құқықтық
база негіздері құрылды және ең бастысы, қоғамдық санада халықтық
өкілеттіктің дамыған идеясынсыз елдің әрі қарай өркениетті, демократиялық
дамуы мүмкін еместігі туралы пікір нығайып, одан әрі дами түсті. Егеменді
Қазақстанның тәуелсіздік жылдары ел үшін қоғамды түбірінен өзгертудің,
экономикалық және саяси жүйені қайта құру мен мемлекеттілікті қайта
жаңғыртудың ауыр кезеңдері болды. Қазір еліміз ұзақ мерзімді Қазақстан -
2030 Стратегиясына сәйкес дамуын жалғастыруда. Ондағы басты орын орталық
және жергілікті билік органдары арасында өкілеттікті айқын бөлу, сондай-ақ
орталық пен аймақтар арасында, мемлекет пен жеке сектор арасында атқарушы
вертикал ішінде орталықсыздандыру қағидасын жүзеге асыру болатын тиімді,
кәсіби мемлекет құру проблемасына беріледі. Ұлттық қауіпсіздік пен ішкі
тұрақтылықты нығайту, қоғамды әрі қарай демократияландыру, аймақтық
ынтымақтастықты дамыту бойынша шаралар кезегімен қабылданады.
Халықтың тіршілік деңгейі бірқалыпты дамиды, әлеуметтік проблемалар
шешіледі. Қазақстандықтар осы қалыпты процес жалғасын табуына мүдделі, ал
ол үшін, ең алдымен, саяси тұрақтылық қажет. Сондықтан барлық реформалар,
оның ішінде билік өкілеттіктерін қайта бөлу мәселелеріне қатысты
мемлекеттік басқару да, қалыптасқан ұстамдар мен қарсы салмақтар жүйесін
бұзбауы, бұрыннан бар тұрақтылықты сақтауы, азаматтық қоғам институттарын
дамытуға ықпал етуі тиіс.
Қазақстанда құқықтық мемлекет қалыптастыру жағдайында осы міндеттің
шешілуінің маңызды құрамдастарының бірі жергілікті биліктің өкілетті
органдарының жұмыс тиімділігін арттыру болып табылады. Мемлекеттік
басқарудың бүгінгі қазақстандық жүйесі иерархиялық (төменнен жоғары қарай)
қағидамен салынған. Әр басқару деңгейі жоғары тұрған органға бағынады және
өз қызметі үшін халық алдында саяси жауапкершілік арқаламайды. Саяси
жауапкершілік тұтастай орталық билік органдарында жатыр. Мұндай жүйе
жергілікті басшыларға, жергілікті өкілетті органдарға өз аймақтарын
әлеуметтік-экономикалық басқаруда бастамашыл, толыққанды жұмыс жүргізуге
қажетті дәйектер бере алмайды.
2002 жылы ҚР Президентінің тапсырмасымен Үкімет мемлекеттік басқару
деңгейлері арасындағы өкілеттікті шектеу мен бюджетаралық қатынастарды
жетілдіру Тұжырымдамасын әзірледі. Осы жергілікті мемлекеттік басқару
өкілеттіктерін кеңейтуге, аумақтық даму мәселелерін шешуге, төменгі
деңгейлердегі тиімді басқаруды ұйымдастыруға бағытталған Тұжырымдаманы іс
жүзіне асыру жоғарыдан төмен қарай 2500 міндеттерді қайта қарау мен қайта
бөлуді алар етеді, бұл өз кезегінде мемлекетіміздің 150 заңына өзгерістер
мен толықтырулар енгізуге қажеттігіне алып келеді. Бірақ үкіметтік
Тұжырымдама, негізінен, мемлекеттік басқарудың ең төменгі буынына дейін
көрсетілген атқарушы биліктің міндеттерін жүйелеуге бағытталған. Онда
биліктің басқа тармақтарының мемлекеттік басқаруын, атап айтқанда
өкілеттікті жетілдіру мәселесі жоқ.
Қазақстан республикасында мемлекеттік билікті, оның ішінде жергілікті
басқаруды орнату процесі тәуелсіздік алғаннан басталды. Нәтижесінде, 2001
жылдың қаңтарына Қазақстанда мемлекеттік билік пен жергілікті өзін өзі
басқару билігін ажыратуға негізделген жергілікті басқарудың өз моделі пайда
болды. Жергілікті өкілетті орган ретінде мәслихаттар 1994 жылдан бастап
жұмыс істеуде. 2001 жылы олардың жергілікті мемлекеттік басқару органдары
деген ортақ атаумен жергілікті әкімдікпен бірігуі тіпті де олардың
мемлекеттік басқарудың бірдей мәселелерімен айналысатындарын білдірмейді.
Ұйымдастырушылық тұрғыда мәслихаттар мен атқарушы органдар бір бірінен
алшақ. Солай болса да мәслихаттар іс жүзінде жергілікті өзін өзі басқару
органдары болып табылмайды, реформалау нәтижесінде олар мемлекеттік
өкілетті органдарға айналды. Мәслихаттарды қалыптастырудың әлеуметтік
құндылығы сонда, азаматтар тура, тікелей жергілікті биліктің орнау
процесіне қатыса алады. Демократиялық процестердің тежелуі көбіне саяси
процестерге, шешім қабылдауға қатысуда азаматтардың бастамаларына еркіндік
беруге ықпал теуі тиіс өкілетті органдардың дамымау себебінен болады.
Жергілікті басқару органдарының, ең алдымен өкілеттілердің қатысуынсыз
азаматтық бостандықтарды әрі қарай дамыту, қоғамдағы саяси тұрақтылық пен
келісімді сақтау мен нығайту мүмкін емес. Осы уақытқа дейін жергілікті
басқаруды реформалау мен жергілікті өзін өзі басқару негіздерін ұйымдастыру
туралы мәселенің өзектілігі одан кем болмаса да мемлекеттік билік
құрылымдарын түбірімен реформалау әзірше тек оның жоғарғы эшалондарында
ғана болды. Бұл проблема аймақтардың проблемаларына жауапкершілік
аймақтардың өзіне көбірек жүктеліп, ал аумақты басқаруда жергілікті
өкілетті органдарға нақты өкілеттіктерді басқару заңнамалық реттеумен
бекітіліп берілмегендігіне байланысты күрделене түсуде.
Жергілікті өкілетті органдарды алатын болсақ, оны атқарушылықпен
салыстырғанда, қазіргі уақытта заңнамаға енгізілген өзгерістер іс жүзінде
оларға қатысы болмай отыр. Сонымен бірге, жергілікті мемлекеттік органдар
құрылымындағы қайта құрудың негізгі беталыстары қазіргі уақытта қоғамдық
қатынастарды одан әрі демократияландыруды көбірек айқындап отырғанын ескеру
қажет. Бүгінгі күні мұнымен көбіне нақ жергілікті өкілетті органдар
мәслихаттарының қызметі байланысты болып отыр. Дәл сондықтан қазіргі таңда
президенттік-парламенттік басқару формасы жағдайында Қазақстан
республикасының жергілікті өкілетті органдары - мәслихаттар қызметтерінің
конституциялық-құқықтық негіздерін теориялық зерттеу, оларды құқықтық
реттеуді жетілдіру ұсыныстарын әзірлеу өзекті бола бастады.
Келесі міндеттер түзіліп, шешімін тапты: Қазақстан республикасының
мемлекеттік билік тетігінде жергілікті өкілетті органдардың орнауы мен
дамуының тарихи-құқықтық негіздерін зерттеу; жергілікті өзін өзі басқарудың
қазақстандық жүйесін қалыптастырудағы жергілікті өкілетті органдардың ролін
анықтау; жергілікті өкілетті органдардың аса маңызды конституциялық
институт ретінде ролін теориялық негіздеу; мәслихаттар қызметінің
ұйымдастырушылық негіздерін қарастыру; мәслихаттар депутаттарының
конституциялық-құқықтық мәртебесін бекітудің проблемалық мәселелерін
анықтау; президенттік-парламенттік басқару формасы жағдайында жергілікті
өкілетті органдардың қызметтерін конституциялық-құқықтық реттеу ұсыныстарын
жасау.
Проблеманың әзірлену деңгейі зерттеу нысанының өзі салыстырмалы түрде
жақында пайда болуымен, жергілікті мемлекеттік басқару құрылымы мен
тетіктерінің жұмыс істеу факторларының тұтастай бірқатарын ескеру
қажеттігімен, өтпелі кезеңде Қазақстан республикасы заңнамаларының үнемі
өзгеруілерімен шартталады. Сондықтан конституциялық құқық ғылымында
мәслихаттардың жергілікті өкілетті органдарының конституциялық-құқықтық
мәртебесіне қатысты мәселелер жүйелі әрі кешенді талданатын зерттеулер
жеткіліксіз.
Зерттеудің эмпирикалық базасын Қазақстан республикасының жергілікті
өкілетті органдары - мәслихаттардың конституциялық-құқықтық мәртебесін
реттеу саласындағы қолданыстағы заңнама, сондай-ақ осы депутаттар
қызметінің заңнамалық нормалары мен тәжірибелерін Қызылорда облыстық
мәслихаты мысалында жүзеге асыру тәжірибесі көрсетеді.
Мәслихаттар қызметін тиімді ұйымдастыру мәселелерін дұрыстап ғылыми
зерттеу қажеттілігі бұрынғысынша тұр. Қазақстанда жергілікті өзін өзі
басқару тұжырымдамасын іске асыруға қатысты проблемалар анағұрлым тереңірек
теориялық зерделеу және шешуді талап етеді. Алғаш рет Қазақстан
республикасында жергілікті өкілетті органдарың құрылуы мен орнауын арнайы,
кешенді зерттеуге, мәслихаттар депутаттарының конституциялық-құқықтық
мәртебесін кешенді теориялық зерттеуге талпыныс жасалды. Бұл ғылыми
жаңашылдық белгілерімен ерекшеленетін бірқатар нақты тұжырымдар мен
ұсыныстарды түзуге мүмкіндік берді.
Диссертацияның қорғауға шығарылатын ережелері:
1. Қазақстан респуликасы қазіргі уақытта қазақстандық мемлекеттіліктің
сапалы жаңа даму деңгейіне шығып отыр. Бұл жағдай мемлекеттік билік пен
басқару жүйесінде түбірлі қайтақұрулар жүргізуді талап етеді. Осыған орай,
өзектілік деңгейі бойынша, бірінші қатарға жергілікті билік органдарын
реформалау және жергілікті өзін өзі басқарудың кезеңімен орнауы шығады, оны
республикадағы мемлекеттік құрылыстық жалпы стратегиясының бір бөлігі деп
қарау керек. Пәрменді жергілікті өзін өзі басқару кез-келген осы заманғы
мемлекет үшін объективті қажеттілік болып табылатынын ескере отырып,
Қазақстан респуликасы Конституциясының 3 б. 2 т. келесі редакцияда берген
қажет деп санаймыз: Халық өз билігін тікелей республикалық референдум мен
еркін сайлаулар арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды
мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін өзі басқару органдарына сеніп
тапсырады.
2. Қазақстанда жергілікті мемлекеттік басқару жүйесін реформалау және
жергілікті өзін өзі басқаруды құру процесін оны бейорталықтандыру деп
белгілей отырып, тұжырымдамалы түрде қалыптастыру қажет. Қазақстанда
жергілікті өзін өзі басқаруды бейорталықтандыру мен дамытудың Мемлекеттік
бағдарламасын әзірлеп, қабылдау керек деп санаймыз. Бұл жерде осы
бағдарламаның негізгі қағидаттары мен ережелері, оның белгілеген
міндеттерінің басымдықтары, оларға қол жеткізу кезеңділігі көпшіліктің кең
қатпарларының, саяси партиялар, орталық және жергілікті өкілетті және
атқарушы билік органдарының өкілдері, тәуелсіз сапаршылардың қатысуымен
жұртшылық арасында талқылану нысанасы болғаны дұрыс деп есептейміз.
Мәслихаттар қызметінің тиімділігі көбіне осы органды тікелей басқаруға
байланысты болмақ. Қазіргі уақытта мәслихат хатшысына жергілікті сайламалы
органның жұмысы үшін барлық жауапкершілік пен салмақ жүктеліп отыр. Сессия
төрағасының міндеті формалды түрде. Бұдан басқа, мәслихат хатшысы мәслихат
басшысы қызметі қарастырылғанына қарамастан, іс жүзінде мәслихат аппаратына
да жетекшілік етеді. Практикалық мәселелерді шешу мен өз өкілеттіктерін
жүзеге асыруда мәслихаттардың әлеуетін нәтижелі пайдаланып, жетілдіріп
отыру үшін мәслихат хатшысы, мәслихат сессиясы төрағасы мен мәслихат
аппараты жетекшісінің арасында өкілеттіктерін былайша бөлу қажет деп
санаймыз: сессиясы төрағасының орнына мәслихат төрағасы қызметін енгізу;
мәслихат хатшысы мәслихат аппаратына жалпы басшылық жасайды. Олардың
арасындағы өкілеттік өзара тепе-тең болуы тиіс.
3. Жергілікті өкілетті орган – мәслихаттардың республиканың қоғамдық-
саяси өміріндегі ролін арттыру үшін барлық деңгейдегі мәслихаттар
депутаттарының сайлаушылар алдындағы жауапкершілігін арттыру қажет.
Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару Заңымен
қарастырылған депутаттардың өкілеттігін тоқтату туралы нормалар халықтың
белсенділігі төмендігінен жұмыс істемейді. Көптеген азаматтар депутаттардың
сайлаушылар алдындағы міндетті екендігі туралы біле бермейді. Сондықтан
халықты құқықтық білімдендіру және насихаттауды күшейту қажет.

4. Депутаттардың сайлаушылар алдындағы жауапкершілігін арттыру
мақсатында депутаттардың өз сайлаушыларын ай сайын қабылдау күндері мен
сағаттарын қарастыру, сондай-ақ атқарылған жұмыстар туралы сайлаушылар
алдында есеп беру үшін депутатпен кездесу күні мен орны, уақыты туралы БАҚ-
да жариялап отыру керек.
Алынған тұжырымдар мен ұсынымдар мәслихаттардың практикалық қызметтерін
құқықтық реттеуді жетілдіруде қолданыла алады, мемлекеттік басқару
тәжірибесінде, ең алдымен жергілікті деңгейде жергілікті өзін өзі басқаруды
орнату мен дамытуда, құқықтық мемлекет пен құқықтық қоғам құрудың көптеген
өзекті проблемасын шешуде қолданыла алады.

І. ХХІ ғасырдың басында жергілікті өкілді органдарды реформалаудың
негізгі бағыттары мен мәселелері.

1. Мемлекеттік басқару органы ретінде мәслихаттардың қалыптасуы.

Дамудың қазіргі кезеңі, қоғамның кешенді өзгеруінің күрделі
міндеттері, құқықтық, зайырлы, тәуелсіз, егеменді мемлекеттің қалыптасуы,
жалпыадамдық және халықаралық құқықтың басымдығын танитын, мемлекеттік
биліктің барлық деңгейлерінде басқару жүйесінің тиімділігін талап етеді.
Мемлекеттік басқару жүйесінің құрылуының негізгі қағидалары елдің Ата
заңында мазмұндалған, заңдарда және мемлекеттік құрылыстың жеке салаларын
реттейтін нормативтік актілер қатарында нақтыланған. Конституция
мемлекеттің одан әрі нығаюына, Қазақстан Республикасындағы демократия мен
азаматтық қоғамның дамуына мықты құқықтық іргетас қалады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабына сәйкес мемлекеттік
биліктің бірден-бір бастауы – халық. Халық билікті республикалық референдум
және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады сондай-ақ өз
билiгiн жүзеге асыруды мемлекеттiк органдарға бередi [127, 5 б.]. Кез
келген қоғамның тұрлаулы дамуы азаматтардың азаматтық келiсiмдi, радикалдық
саяси және экономикалық реформаларды қамтуға қатынасынсыз мүмкiн емес.
2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.
Назарбаевтың Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару
жолында Қазақстан халқына Жолдауында, елдегi мемлекеттiк билiктi одан әрi
орталықсыздандыру, мемлекеттiк басқару жүйесiн реттеу мен оның тиiмдiлiгiн
арттыру, билiктiң өкiлдi органдарының өкiлеттiктерiн кеңейту, атқарушы
органдардың халықтың алдындағы жауапкершiлiгi мен есептiлiгiн арттыру қажет
деп атап өтілген [128].
Тәуелсiздiк алған күннен бастап республикада мемлекеттiк биліктi,
соның iшiнде жергiлiктi басқаруды жайластыру белсендi процесi басталды.
Мемлекеттiк билiк өкiлді, атқарушы және өзiн-өзi басқару органдарына
бөлiнуiне негiзделген жергiлiктi басқарудың қазiргi моделi болып табылады.
Мәслихаттар, жергiлiктi өкiлді органдар ретiнде республикада 1994
жылдан бастап жұмыс iстейдi. Қазақстан - 2030 елiмiздiң Президентiнiң
халыққа жолдауында ел мен халықтың, әр азаматтың бәсекеге қабiлеттiлiгi
туралы айтылған. Бәсекелестiктiң мән-мағынасы - ел, әр азамат және бiз
өмiрлiк тәжiрбиемiзде жүзеге асыра алатын бәсекелестiк артықшылықтарға ие
болу [129]. Ал еркiн нарықтық қоғамда тек қана жергiлiктi басқару және өзiн-
өзi басқару.
Сайлау еркiндiгi, еркiндiктiң алуан түрi барлық елдiң бастамашылығында
жүзеге асырылатын зор шығармашылық әлеуеттi жұмылдыруға мүмкiндiк бередi.
Сондықтан қазiргi демократиялық сайланған жергiлiктi басқару органдары мен
өзiн-өзi басқару органдары қазiргi мемлекеттiң ең таптырмайтын бәсеке
артықшылықтар қатарына жатады. Тәуелсiз Қазақстанның жетiлу кезеңiнде
конституциялық негiздердi, жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың құқықтық
реттеуiн, өкiлді органдардың қызметiн қалыптастыруды дамытумен С. Зиманов,
А. Таранов, О. Қопабаев, С. Сапарғалиев, М. Машан, В. Уваров, Л.
Жанұзақова, Л. Мацупа және тағы басқа Қазақстан ғалымдары белсендi түрде
айналысты. Елбасының алға қойған тұрлаулы саяси және экономикалық даму
жолындағы мiндеттерi басқарудың барлық деңгейдегi тиiмдi жүйесiн талап
етедi.
Мемлекетті дамытудың ұзақ мерзiмдi стратегиясына және ашық либералды
нарықтық экономикасына сәйкес, мемлекет шектеулi рөл атқаратын, мiндеттер
орындау аса қажетсiз, мемлекеттен өкiметтiң жергiлiктi органдарына және
мемлекеттен меншiктi секторға мiндеттердi бiрте-бiрте тапсыруы.
Орталықсыздандыру процессi даму барысында саяси және экономикалық аспектiсі
бар. Басқарудың жергiлiктi органдарының орталықсыздандыру және дамуының
негiзгi мақсаты мемлекеттiк басқарудың негiздерiн одан әрi
демократияландыру, ағымдағы мәселелердi шешудегi сондай-ақ аймақтардың
әлеуметтiк-экономикалық дамуының болашақ мiндеттерiн шешудегi басқарудың
тиiстi деңгейдегi мiндеттердi тиiмдi жүзеге асыруға шарттар жасау. Қоғамда
демократиялық процестердiң дамуы жағынан орталықсыздандырудың саяси
аспектiсі маңызды. Қоғамдағы демократияландыру процесiнiң катализаторы
ретiнде орталықсыздандыру аумақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуын басқару
процессiне халықты белсендi қатыстыру бойынша мақсат қою керек.
Орталықсыздандырудың экономикалық аспектiсі аумақтардың экономикалық
мәселелерiн ғана емес басқа да әлеуметтiк, демографиялық және экологиялық
өзектi мәселелердi шешу үшiн негiз болып табылады.
Мемлекеттiк биліктiң әртүрлi деңгейлерi арасындағы қызмет саласының,
мiндеттер мен жауапкершiлiктi айқын шектеуді қамтитын, сонымен қатар
жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың тиiмдi қызмет етуі үшiн шарттар құратын
заңнамасын одан әрі жетiлдiру қажеттiлiгiне 2002 жылғы 20 қыркүйектегi
құқықтық саясаттың Тұғырнамасында, Президенттiң Қазақстан халқына
Жолдауында көңіл бөлінген [130].
Қазақстан өзiнiң тәуелсiздiгiн жариялап, демократиялық қоғам құруға
бел байлаған күннен бастап, жаңа мемлекеттiк құрылымның түрлерiн енгiзу
мiндетi күн тәртiбiнде тұрды. Халықтық билiктiң, азаматтық қоғамның алғашқы
баспалдағы болып табылатын жергiлiктi өзiн-өзi басқару жүйесiнiң соңғы
Конституциядан орын алуының өзi осының айғағы.
Жергiлiктi өзiн-өзi басқару мәселесi Қазақстан үшiн, қазақ халқы үшiн
мүлдем жаңа, жат құбылыс деп айтуға болмайды. Атам заманнан берi әрбір
ауыл, әрбiр аумақ өзiнiң iшкi мәселесiн өздерi шешкен, оған хан да, сұлтан
да араласпаған. Белгiлi бiр қауымның (ата, ру) iшкi жұмысын былай қойғанда,
ауыл арасындағы, ата-ру арасындағы кикiлжiңдер, талас-тартыстар ауыл
ақсақалдарынан артылса ара биге жүгiнумен, соның билiгiмен аяқталған.
Орталық, мемлекеттiк билiк болып табылатын – Хан билiгi жергiлiктi
мәселелердi шешуге ешқашан араласпаған ханның ісі – елдiң саяси бағыты,
көршi елдермен қарым-қатынас, соғыспен бiтiм жасау, мемлекеттiк алым-салық,
қысқасы, ел өмiрiнің негiзгi бағытын белгiлеу болып табылған. Ал ұлыстың
ісі – жергілікті азаматтармен шешіліп отырған мәселелер.
Қазақ халқында басқарудың тармақтары көшпелі кезеңдегі рулық
және таптық қоғам кезінен бастау алған. Ру басшылары мен тап
жетекшілері құрылтайда сайланған. Олар дауларды қарау, әскери
бөлімдерді қалыптастырып, оларға билік ету құқығына иеленген.
Қазақстанның ресей құрамына кіргеннен кейін патша әкімшілігі
өз аумағын тиісті басқару мақсатында үлкен сұлтандар қатарынан
сайлау жүргізу арқылы жергілікті басқару элементтерін енгізгісі
келді. Кейбір жергілікті мәселелерді шешу мақсатында ауылдық жиындар
жүргізілген (2, 244 б)
1867-1868 ж.ж. реформалар, Қазақстанның ауылдары мен округтері
Ресей империясының әкімшілік аумақтық бөлінісі ретінде қарастырылып,
түзем әкімшілігі тігінен билік ету нысанына көшкен.
Кеңес Үкіметі Қазақстанда әкімшілік аумақтық қайта құрылым
жүргізе отырып, патша үкіметі сияқты бір мақсатты көздеді,
орталықтан басқару. 1936 ж. КСРО құрылғаннан кейін одақтасқан
республика жағдайы өзінің орталықтандырылған, әкімшілік басқару
нысанын еш өзгертпеді.
1937 ж КСРО Конституциясы. Аталмыш құжатта жергілікті басқару
органдары туралы былай делінген: Облыстарда, қала, аудан, поселке,
ауылдардағы мемлекеттік билік органы халық депутаттарының Кеңесі
болып табылады.
1978 ж КСРО Конституциясы. КСРО Конституциясының 125 бабында
Облыстарда, қала, аудан, поселке, ауылдардағы мемлекеттік билік
органы ретінде тиісті жұмысшы депутаттарының Кеңесі
қарастыралатындығы анықталған.
Меншіктің мемлекеттендірілуі мен бір партиялық жағдайда
Кеңестердің өкілді билік органы ретіндегі күші азая бастаған.
1979 ж КСРО-ның поселкелік, селолық, ауылдық халық
депутаттарының Кеңесі туралы Заң қабылданды.
Жоғарыда көрсетілген негіздерге сүйене отырып, 90-шы
жылдардың басындағы жергілікті билік жүйесі бұрынғыдан жергілікті
Кеңестік басқару жүйесіне негізделгендігі байқалады. 1993 ж дейін
жергілікті басқаруды реформалау жергілікті билік жүйесінен біртіндеп
алыстауға бағытталған. Ол жылдары билік жергілікті халыққа бағынған,
яғни төменнен жоғарыға дейін.
Қазақстандағы жергілікті басқаруды реформалау процесі 1990
ж. КСРО-ғы жергілікті шаруашылық пен жергілікті өзін-өзі басқарудың
жалпы негіздері туралы заң қабылдаудан басталды.
Аталмыш заң жергілікті билікті демократизациялау үшін
қажет құқықтық негіз қалыптастырудың ең маңызды сатысы болып
табылады. Жергілікті Кеңестік органдардың қызметі дербестік пен
тәуелсіздік қағидалары негізінде жүргізіле бастады.
1990 жылы 15 ақпанда КСРО халық Кеңестік депутаттары мен
жергілікті өзін-өзі басқару туралы КСРО Заңы қабылданды. Қабылданған
заңның 3 бабында өкілді органдардың басымдылығы қағидасы бекітілді,
ал жергілікті Кеңес төрағасы бір уақытта атқару комитетінің
төрағасы болып танылады.
Заңның 9 бабы түрлі деңгейдегі жергілікті Кеңестер
арасындағы олардың өкілділігіне байланысты, коммуналдық меншікке
тиесілі мүліктің тиістілігіне қатысты пайда болған даулар мен
олардың бюджеттері арасындағы кірістерді бөлісуге байланысты
мәселелер сот тәртібімен қаралмайтындығы туралы ереже белгіленген.
Заңда пайда болған дауларды өзара шешу жағдайлары қарастырылғанымен
оларды қарау мен шешу жоғарғы Кеңеске берілген.
Бұл заңға сәйкес жергілікті өкілді орган-халық
депутаттарының Кеңесі халықпен сайланған. Дегенмен, сол заңды
қабылдау кезінде сол кезде басқарған коммунистік партияның позициясы
өз күшін жоғалтпаған еді. Бұл дегеніміз халықтық депуттатарының
Кеңесіне партия өкілдерінің енгізілуіне жол берілді дегені. Көптеген
сайлау ұжымдары жылдар бойы қалыптасқан дәстүрге сәйкес партия
активистерімен басқарылған, бұл жағдай сайлау компанияларына да
үміткерлер ұсынуда әсер етті. Бұдан басқа, әлі қалыптаспаған
компартиялық жағдайында кандидаттарды ұсыну жеке негізде болған.
Үміткерлер ретінде беделді, атақты адамдарды ұсынған, олар қатарына
сол партия белсенділері жатқызылған. Сөйтіп, жергілікті кеңес
құрамында коммунистік партия мүшелері басым болған. Бұл жағдай
саяси реформалар жүргізуге кері әсерін тигізген.
Екіншіден, 1992 ж Президент пен жоғарғы басшылармен
тағайындалатын әкімшілік басшылары институтын енгізу жергілікті елді
мекендерде Кеңестер билігі шектеле бастады. Егер бұрынғы кезде
Кеңестердің өздеріне тиесілі, есеп беретін атқару органдары болса,
қазір олар атқару билігіне бақылау жасау құқығынан айырылған.
Соңғысының билігіне коммуналдық меншік берілді. Нәтижесінде
жергілікті Кеңесте тек әкімшілік басшылығымен бекітілген бюджетті
бекіту құқығы ғана берілген.
Қабылданған заң партиялық басшылықтың күйреуіне септілігін
тигізді, ал Кеңестер кейбір мәселелерге қатысты өкілдігін
кеңейткен. Кеңестік республика қолбасшылары орталық билікпен байланыс
орнату кезеңінде ықпал ететін одақтастарын тапқан.
1992 ж 13 ақпанында Республиканың Жоғарғы кеңесі КСРО
халық Кеңестік депутаттары мен жергілікті өзін-өзі басқару туралы
КСРО заңына көшпелі кезеңде өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы Заң қабылдады. Бұл заңның бір ерекшелігі өкілді және
атқару органдарының өкілдігі мен қызметтік функцияларын жеке дара
бөлу қағидасын бекітті.
Ең қызықтысы, Жоғары Кеңес сол күні КСРО
Конституциясының жекелеген нормаларын тоқтата тұру туралы тағы бір
заң қабылдады. Бұл заң жергілікті органдар құрылымындағы өзгерістерге
байланысты қабылданғандығы жарияланды.
Конституцияға өзгерістер енгізу атқару органдары мен Кеңес
арасында өкілдігін бөліп қарастыруға негіз болды. Жергілікті
әкімшіліктің жеке басшысы институты енгізіле бастады. Жергілікті
әкімшілік басшысы ҚР Президенті немесе облыс әкімшілігіне есеп
беріп, тиісті халық депутаттарының кеңесінің бақылауында болды.
Заңда жергілікті халық депутаттарының кеңесі ендігі кезде
әкімшілік басшылығының құзіретіне берілген мәселелерді қарауға, ал
жергілікті әкімшілік басшылары өз қарауына тиісті халықтық
депутаттар Кеңесінің өкілеттілігіндегі мәселелерді қарауға
болмайтындығы қарастырылған.
1992 ж. 7 ақпанда Экономикалық реформа жағдайында Қазақстан
Республикасында мемлекеттік басқару органдарының қызметі мен
ұйымдастырылуын жетілдіру туралы ҚР Президентінің жарлығына қол
қойылды. Бұл құжатта алғаш рет ҚР Президентінен бастап жергілікті
ұйым басшыларына дейін атқару органдарының жүйесі және министрлер
кабинетінің жергілікті атқару органдарының жүйесі және Министрлер
кабинетінің жергілікті атқару органдарына бақылау жасау міндеті
көрсетіледі.
Әкімшілік басшылары институтын енгізу атқару билігінің тік
жүйесін қалпына келтірді, ал жергілікті өкілді органдардың қызметін
сол Кеңестер атқарды. Жергілікті мәселелерді шешуде әлсіз кеңестер
жергілікті мемлекеттік басқарудың тармағы болды.
Егемендік алғаннан кейін 1991-1993 ж.ж. аралығында
республикада ерекше жағдай қалыптасты, жергілікті Кеңес пен жаңадан
құрылған жергілікті әкімшілік жергілікті елді мекендердің мәселелері
бойынша бәсекелестік жағдайда болды. Өтпелі кезеңде Кеңестіктер мен
жергілікті әкімшілік арасындағы өкілділікті қайталау жағдайлары орын
алды. Кейінірек жергілікті әкімшілік құзіреті жергілікті өкілді
органдарға қарағанда неғұрлым ауқымдылау болды.
1993 ж 23 қаңтарда он екінші шақырылымдағы Жоғарғы Кеңестің
тоғызыншы сессиясында жаңа тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан
республикасы тұңғыш Конституциясын қабылдады .
1993 ж конституцияда анық байқалмағанымен жергілікті халық
депуттатарының Кеңесі туралы еш сөз көрсетілмеген. Заң шығарушы
тұрақты термонологиялық айналым жасады, онда жергілікті өкілді және
атқару оргндары ұғымы қолданылып, жергілікті билік және басқару
органдары ұғымының орнына қолданыла бастады.
Жаңа терминология жалпылама республикада орын алған саяси
құбылыстарды көрсетті.
1993 ж қараша-желтоқсан айларында барлық деңгейлердегі
кеңестерді таратудан кейін және 1993 ж 10 желтоқсанда ҚР жергілікті
өкілді және атқару органдары туралы ҚР Заңы қабылданғаннан кейін
атқару жүйесінің орталықтандырылған жүйесі қалыптастырылды. Жергілікті
елді мекендердегі саяси және шаруашылық биліктің барлығы жергілікті
әкімшілік қолында болды. Ал өздерінің жеке материалдық қаржылай
қаражаттары жоқ өкілді орган-мәслихаттар болса, іс жүзінде әкімшілік
жанындағы кеңес беру органынан қалыптасқан. Олардың бағыныштылығы
облыстық маңызы бар қаламен аяқталған.
1993 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған Заңның негізгі бағыты
мынада болған:
-өкілді органдар (мәслихаттар) жергілікті атқару органдарын
құра алмайды;
-жергілікті әкімшілік басшысы ендігі кезде жергілікті
халықтың өкілі емес, Президенттің өкілі ретінде қарастырылды;
-өкілді органдар тек аудандық деңгейлерге дейін құрылған,
ауылдық елді мекендерде құрылмайтын;
-өкілді органдар халықтың өкілді органдары болып
есептелмегенімен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен
тағайындалмаған;
-заңда жергілікті өзін-өзі басқару органдары ұғымы болмаған.

Қолданыстағы Конституция 1995 ж 30 тамызда қабылданып ҚР
жергілікті өкілді және атқару органдары туралы заңында анықталған
басқару жүйесін бекітті. Жергілікті мемлекеттік басқару мен қатар
(85 б), ол жергілікті өзін-өзі басқару (89 б) нысанын да көрсетті.
Сөйтіп, түрлі деңгейдегі Кеңестер мен 1995 ж Парламентті тарату
белсенді саяси аренадан өкілді билік тармағын уақытша алып тастады.
2001 жылғы қаңтар айында ҚР жергілікті мемлекеттік басқару
туралы ҚР Заңы қабылданды. Онда жергілікті мемлекеттік басқару
жергілікті атқару және жергілікті өкілді органдар тиісті аумақтарда
мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында, өз құзіреттері шегінде
оларды жүзеге асыруды жүзеге асыруға байланысты қызмет ретінде
қарастырылған. Сөйтіп, жергілікті өкілді органдар тиісті елді
мекендерге мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік
аппараттың бір бөлігі ретінде қарастырылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы
Қазақстан экономикалық әлеуметтік және саяси жедел жаңару
жолында. жолдауында мәслихаттардың бақылау өкілеттіктерін кеңейтуді
де қарастыру керек. Бұл мемлекеттік билік жүйесін орталықсыздандыру,
жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің рөлін атқару жолындағы басты
қадам болады деген болатын.
Жолдауды негізге ала отырып, ондағы ұсыныстарды тәжірибеге
енгізу мақсатында мемлекеттік комиссия құрылды.
Мемлекеттік комиссияның шешімімен ЖӨБ (жергілікті өзін өзі басқару)
формалары бойынша жұмыстық топ (жт) құрылды. Ол өзінің негізгі назарын нақ
осы мәселелерге тіреп, келешек заң тұрғындардың сұранысына, біздің
дәстүрлеріміз бен ділімізге, Қазақстанның бүгінгі ақиқаттарына қаншалықты
жауап бере алады деген саяси тұстарына екпін берді (заң жобаларын дайындап,
қабылдау – басқалардың міндеті).
Жалпы алғанда бұл мәселеге барынша кең назар аударуға, оны партиялар,
ҚБ сүзгісінен өткізуге, барынша көп пікірлер спектрін, НКВД жинақтаған
тәжірибені (барлық аймақтарда қатысты) ескеруге мүмкіндік болды. ЖӨБ туралы
басқа елдердің де тәжірибелері, Еуропалық Хартия зерттелді.
Жт жұмысына 10 саяси партиялар, ҚБ мен ҮЕҰ, Парламент пен мемлекеттік
басқару органдарының өкілдері қатысты.
Ауылдық округтер (Ақмола облысының Кенесары поселкесі) тұрғындарымен,
Алматы қаласының кварталдық комитеттері жетекшілерімен және т.с.с. көшпелі
кездесулер өткізілді.
Жұмыстық топ үкімет әзірлеген заң жобасын талдады, оның жұмыстық топтың
базалық, концептуалдық ережелеріне сәйкес келуіне екпін жасалды.
Концептуалдық және баптар бойынша қарау арқылы үкіметтік жобаға елеулі
түзету жасалды.
Егер жалпы айтар болсақ, жоба алғашында жергілікті жерлерге көбірек
бағытталды да, түрлі деңгейдегі билік органдары, пәтер иелері
кооперативтері, түрлі қалалық және аудандық қызметтер, инфрақұрылым
нысандары т.с.с. әрекет ететін бірегей әлеуметтік әрі шаруашылық механизм
ретіндегі қаланың ерекшеліктері ескерілмеді.
Осы факторларды жақсырақ ескеру үшін заң жобасына қаладағы жергілікті
өзін өзі басқару ерекшеліктері бойынша үш баптан тұратын қосымша тарау
әзірленіп, енгізілді.
Өзін өзі басқару құзіреті саласында өзін өзі басқару органдарына іс
жүзінде жергілікті маңыздағы барлық шаруашылық-атқару міндеттерін және
мемлекеттік органдармен өзара байланысты беруге ұсыныс жасалды. Олардың
ішінде жергілікті мемлекеттік басқару органдарынан өзін өзі басқаруға
берілді, мұндай міндеттер барлығы 60-тан астам.
Бұл мәселенің екінші қыры - өзін өзі басқару органдарының мемлекеттік
органдармен өзара қарым-қатынасы. Заң жобасын әбден елеп-екшеу нәтижесінде
осы мәселе бойынша баптар саны 2-ден 5-ке дейін ұлғайды. Оларда Әкімдер мен
мәслихаттар жергілікті өзін өзі басқару органдарына қатысты қандай
өкілеттікке ие болатыны егжей-тегжейлі көрсетілді.
Әсіресе мұндай жағдайлар әкімі бар ауылдарда болу ықтималдығы зор.
Өзін өзі басқаруды енгізгеннен кейін онда бірдей деңгейдегі екі орган қатар
жүретін болады. Мұндай проблема болуы мүмкін.
Заң жобасы елеп-екшелгеннен кейінгі жасалған талдау онда жергілікті
мемлекеттік басқару мен өзін өзі басқару органдарының өкілеттіктерін ара-
жігін тиімді ашуға қол жеткізілгенін, олардың бірін бірі қайталауы еш
болмайтынын көрсетті.
Жоба осы түрінде 2007 жылы маусымда МК-пен қаралды. Жобадағы үкімет пен
жт ұсыныстарының алшақтықтар болды.
ҚР-ғы жергілікті өзін өзі басқару туралы заң жобасы бойынша
Салыстырмалы кесте

№ Мемкомиссияның мәжілісіндеҮкімет жобасында бар Жұмыстық топтың
талқыланған нормалар нормалар ұстанымы
1 Бұл Заң жергілікті өзін Бұл Заң жергілікті Мәні өзгермейді
өзі басқарудың құқықтық, өзін өзі басқаруды
экономикалық және қаржылықұйымдастырудың,
негіздері мен оларды жергілікті өзін өзі
Қазақстан республикасында басқару органдары
жүзеге асыру кепілдерін қызметінің құқықтық,
айқындайды экономикалық және
қаржылық негіздері
мен оларды Қазақстан
республикасында жүзеге
асыру кепілдіктерін
айқындайды
2 1 тарау. Жалпы ережелер. 1 тарау. Жалпы Үкімет жобасының
1 бап. Жергілікті өзін өзіережелер. жазылуы
басқару 1 бап. Жергілікті өзін
4. Қазақстан өзі басқаруды
Республикасының азаматын ұйымдастыру негіздері
жергілікті қауымдастық 4. Қазақстан
мүшесі деп тану үшін Республикасының
жергілікті өзін өзі азаматын жергілікті
басқару жүзеге асырылатын қауымдастық мүшесі деп
әкімшілік-аумақтық тану үшін шекарасында
бірлікте оның тұрғылықты жергілікті өзін өзі
тұруы негіз болып басқару жүзеге
табылады. асырылатын
әкімшілік-аумақтық
бірлікте оның
тұрғылықты тұруы негіз
болып табылады.
3 5. Жергілікті өзін өзі 3. Жергілікті өзін өзі
басқару аумағында басқару аумағында
тұрғындардың шағын топтарытұрғындардың шағын
тұратын ауыл (село), топтары тұратын ауыл
поселке, аудандық (село), поселке,
маңыздағы қалада бөлек қаладағы ауданда,
жүзеге асырылады. қалада бөлек жүзеге
асырылады.
Облыстық, республикалық Облыстық, Мемкомиссияның
маңыздағы қалалар мен республикалық жұмыстық тобы
астанада өз қызметтерін маңыздағы қалалар мен
дербес жүргізетін бірнеше астанада өз
жергілікті қауымдастық қызметтерін дербес
болуы мүмкін, олардың жүргізетін бірнеше
шекаралары қала Әкімінің жергілікті қауымдастық
ұсынысымен мәслихатта болуы мүмкін.
бекітіледі.
4 6. Жергілікті өзін-өзі 2 бап. Жергілікті өзінМемкомиссия
басқару осы баптың 5 өзі басқаруды енгізу. мақұлдаған жазба
тармағында көрсетілген 1. Жергілікті өзін-өзі.нақтыланған ... .
жекелеген басқару осы Заңның 1
әкімшілік-аумақтық бабында көрсетілген
бірліктерге, он сегіз жекелеген
жасқа толған, ақыл-есі әкімшілік-аумақтық Азаматтардың
түзу азаматтардың елу бірліктерге, тиісті жиналыстар,
пайыздан астамының ауыл (село), поселке, конференциялар
келісімі болса енгізіледі.қаладағы аудан, өткізуге еріктерін
аудандық, облыстық, елемеуге болмайды,
республикалық оның үстіне бұл
маңыздағы қалада, норма келісілген
астанада он сегіз
жасқа толған, ақыл-есі
түзу азаматтардың елу
пайыздан астамының
келісімі болса
енгізіледі.
Тиісті әкімшілік-аумақтық 2. Тиісті
бірлікте жергілікті өзін әкімшілік-аумақтық
өзі басқаруды енгізу бірлікте жергілікті
туралы келісім сәйкес өзін өзі басқаруды
әкімшілік-аумақтық енгізу туралы келісім
бірлікте тұратын қол қою қағаздарын
азаматтардың жиналысында, толтыру арқылы қол
конференциясында жинаумен
қабылданады, не болмаса куәландырылады.
қол қою қағаздарын толтыру
арқылы қол жинаумен
куәландырылады.
Қол жинау, жиналысты, Қол жинау тиісті ауыл Мемкомиссияның
конференцияны өткізуді (село), поселке, жұмыстық тобы
ұйымдастыру тиісті ауыл ауылдық (селолық)
(село), поселке, ауылдық округ, аудандық,
(селолық) округ, аудандық,облыстық маңыздағы
облыстық маңыздағы, қала Әкімімен құрылған
республикалық маңыздағы азаматтардың
қала, астана Әкімімен бастамашыл тобымен
құрылған азаматтардың жүргізіледі
бастамашыл тобымен
жүргізіледі.
Азаматтардың жиналысын, Жобада жоқ. Норма керек,
конференциясын өткізу өйткені азаматтар
қорытындысы бойынша тек қол жинау ғана
азаматтардың жиналысы, емес, жиналыс
конференциясының хаттамасы өткізуі мүмкін.
осы тармақтың үшінші
бөлігінде көрсетілген
Әкімге жіберіледі, ол оны
республикалық маңыздағы
аудан (облыстық маңыздағы
қала), қала, астана
әкімдігіне жібереді.
Аудан (облыстық маңыздағы Аудан (облыстық Үкіметтің жұмыстық
қала), республикалық маңыздағы қала) тобы ұсынған норма
маңыздағы қала, астана әкімдігі тиісті өте ауқымды.
Әкімдігі әкімшілік-аумақтық Қосымша облыс
қол жинау нәтижесін бірліктердің Әкімдері әкімдігі шығады.
қорытынды хаттамаға берген хаттамаларды
енгізеді. Қол жинау жинақтап, оларды облыс
нәтижесі туралы хаттама әкімдігіне жібереді.
мен азаматтардың жиналысы,Облыс, республикалық
конференциясының хаттамасымаңыздағы қала, астана
осы тармақтың төртінші әкімдігі ұсынылған
бөлігінде көрсетілген қолдар осы заң
Әкімдерден құжаттарды талаптарына сәйкес
алған күннен бастап бір айболған жағдайда қол
ішінде Орталық сайлау жинау нәтижелерін
комиссиясына және облыстыңқорытынды протоколға
(республикалық маңыздағы енгізеді. Қол жинаудың
қаланың, астананың) тиістінәтижелері туралы
аумақтық әділет органына қорытынды хаттама
жіберіледі Орталық сайлау
комиссиясына және
облыстың
(республикалық
маңыздағы қаланың,
астананың) тиісті
аумақтық әділет
органына жіберіледі
Азаматтардың жиналыс, Әр қол қою парағы Мемкомиссияның
конференцияларын өткізу, келесі мәліметтері баржұмыстық тобы
қол қою парағын толтыру графаларды қамтуы ұсынған жазба
тәртібін, оның үлгісін тиіс: реттік номері, ... .
мәслихаттар белгілейді. қол қойған адамның
аты-жөні; жеке басын Заңды қол қою
куәландыратын құжаттыңпарағы үлгілерімен
номері мен сериясы; және басқалармен
туған күні, айы мен күрделендіре беру
жылы; тұрғылықты дұрыс емес.
мекенжайының адресі;
жеке өз қолы мен күні.
Әр азамат қол қою
парағына тек бір рет
қана қол қоюға құқылы.
Әрбір толтырылған қол
қою парағына қол
жинаушы адам қол қоюы
тиіс. Мына қолдар
сенімсіз деп
есептеледі:
1.бір адам екі не одан
көп адамдар үшін қол
қойса;
2.қол қою парағына
сәйкес берген
мәліметтер толық
болмаса;
3.ҚР азаматының өз
қолын қайтып алуға
берген жазбаша өтініші
болса;
4.Қайтыс болғандар
үшін қол қойылса.
Егер қойылған қол ҚР
заңдарының талаптарын
бұза отырып алынған
болса, ауыл (село),
поселке, ауылдық
(селолық) округ,
қаладағы аудан,
аудандық, облыстық
маңыздағы қала Әкімі
қолды заңсыз деп тани
алады.
5 2 бап. Осы Заңда 3 бап. Осы Заңда
қолданылатын негізгі қолданылатын негізгі
ұғымдар ұғымдар.
Осы Заңда келесі негізгі Осы Заңда келесі
ұғымдар қолданылады: негізгі ұғымдар
1) жергілікті маңыздағы қолданылады:
мәселелер – ауыл (село), 1) жергілікті
поселке, қаладағы аудан, маңыздағы мәселелер –
аудандық, облыстық, ауыл (село), поселке,
республикалық маңыздағы қаладағы аудан,
қала мен астана аудандық, облыстық,
тұрғындарының тіршілігін республикалық
тікелей қамтамасыз ету маңыздағы қала мен
мәселелері, бұларды шешу астана тұрғындарының
осы Заңға сәйкес тіршілігін тікелей
жергілікті өзін өзі қамтамасыз ету
басқару органдары мәселелері, осы Заңға
өкілеттігіне жатқызылады; сәйкес осындайларға
жатқызылғандар,
мемлекеттік басқару Мәні өзгермейді
органдары құзыретіне
кірмейтіндер;
5) Кеңес – жергілікті өзінЖобада жоқ
өзі басқарудың өкілетті
органы, тиісті
әкімшілік-территориялық
бірліктің тұрғындарымен
сайланады;
6) Төраға (Төрайым) –
Кеңес мүшелерінің немесе
жергілікті қауымдастық
мүшелерінен сайланатын
және Кеңес пен жергілікті
қауымдастық жиналысы
қабылдаған шешімді
орындауды және осы Заң мен
жергілікті қауымдастық
жарғысына сәйкес өзге де
өкілеттіктерді жүзеге Жобада жоқ
асыратын тұлға.;
7) Кеңес басшысы – Кеңес Жергілікті
мүшелерінен сайланатын қауымдастық –
және Кеңес қызметіне белгілі бір
басшылық жасайтын 6)Қаржылық жоспар – аумақта тұратын
лауазымдық тұлға; жергілікті азаматтардың
қауымдастықтың жиынтығы, оладың
9) Қаржылық жоспар – қаражатын қалыптастыруқражаты – бұл
жергілікті өзін өзі мен пайдалану олардың меншігі.
басқару органы қаражатын мәселесін реттейтін Нормалар сай
қалыптастыру мен пайдалануқұжат келеді.
мәселесін реттейтін құжат.


4 бап. Қазақстан
республикасының
3 бап. Қазақстан жергілікті өзін өзі
республикасының жергіліктібасқару туралы
өзін өзі басқару ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Парламенттік басқару формасы
Мемлекетті басқарудың унитарлы нысаны
Мемлекет нысанының түсінігі, мәні және мемлекетті басқару нысаны
Мемлекеттік басқару нысаны
Мемлекеттің негізгі нысандары және сипаттамасы
Қазақстан Республикасында унитарлық құрылым нысанындағы мемлекетті басқару ерекшеліктері
Мемлекеттегі унитарлық құрылым нысанындағы мемлекетті басқару ерекшеліктерін талдау
Президент тек мемлекет басшысы
Қазақстан Республикасында президенттік институттың қалыптасу кезеңдері
Мемлекеттің негізгі нысандары және сипаттамасы жайында
Пәндер