Қазақтың ұлдары



Шәкәрім Құдайбердіұлы 1
Арғымбек Апашбайұлы 6
Нариман Мұхамедханұлы. 11
Көпенұлы Берікбол 16
Иса Биназаров 23
Әбусағит (Әбіш) Мұсылманқұлұлы Жиреншин 31
Шәкәрім Құдайбердіұлы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктеріндегі Байқошқар жайлау қонысында дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді - ел билеуші аға сұлтан Құнанбайдың баласы, Абайдың ағасы. Әкесінен жеті жасында жетім қалған Шәкәрім атасы Құнанбай мен ағасы Абайдың тәрбие-сінде өседі. Бұл оның әрі азамат, әрі ақын ретінде қалыптасуына зор ықпал етті.
Шәкәрім Құдайбердіұлы - XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басындағы қазақ әдебиеті тарихында Абайдан кейінгі ең ірі дарынды ақын, жазушы, терең ойшыл, кемеңгер оқымысты, тарихшы ғалым, сегіз қырлы өнерпаз, мәңгі өлмес мұра қалдырған қайраткер.
Шәкәрім өзінің балалық шағын "Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресінде" былай деп жазады: "Мен пақыр өз әкем өлген соң ұлы атамыз қажы марқұмның тәрбиесінде қалсам да бұрыннан ауылымыз, қыстауымыз бөлек болғандықтан және қажы марқұм мені жетім деп аяп, қысып оқыта алмай, ғылымнан махрұм қалып, жетімдікті сылтау қылып, ойыма не келсе соны істеп, әдепсіз, ғылымсыз өстім. Әйтсе де түркі танып, орысша хат танып қалдым, -дей келе, - әкеміздің бір шешесінен туған - Ибраһим мырза, қазақ ішінде Абай деп атайды. Сол кісі мұсылманша һәм орысша ғылымға жүйрік, һәм алланың берген ақылы да бұл қазақтан бөлек дана кісі еді. Ер жеткен соң сол кісіден тәлім алып, әр түрлі кітаптарын оқып, насихатын тыңдап, аз ғана ғылымның сәулесін сездім - дейді.
Шәкәрім өз бетімен көп оқып, рухани қазыналарға тереңірек үңіліп, білім-ғылымның қадір-қасиетін терең түсінуге дем қояды. Оньң білім қуып, өлең өрнектеп, рухани есеюіне, сауатты да сергек өсуіне ұлы Абай қамқорында болуы қатты әсер еткен. Шәкәрім Абай қамқорына сай талантгы ақын болып қалыптасты.
Бір кезде ел билеу ісіне де араласады. Ел арасындағы қарым-қатынастарды жөндеуге, тартыс-таластарды, арыз-жалаларды талқылап, әділ шешуге, адамгершілікпен тату өмір сүру тәртібін орнатпақ болған әрекетіне талай уақыты кетеді. Әкімшілік қызметке кеткен уақытын Шәкәрім босқа кеткен кез деп санады.:

Жиырма мен қырық арасы –
Жас өмірдің сарасы
Бос өткенін қарашы,
Жүрекке төгіп қанды ірің.
Осы әкімшілік жұмыс оның қоғам өмірін тереңірек білуіне, ел билеу жүйесінің әділетсіздіктерін көруге себепші болды.
Шәкәрім өмірінің бір кезеңі оның Меккеге баруы. Бұл сапарға ұлы ұстазы Абай дүниеден өткеннен кейін бір жылдан соң барған. Негізгі көздеп барған жері үлкен мәдениет орталығы, дүнйе жүзіне белгілі кітапханалары бар Мысыр, Стамбул қалалары, ондағы қолжазбалармен танысып қайтпақ мақсатпен барған. Ақынның өз сөзімен айтсақ:

"Кітап, ғылым ой алмаққа,
Маған жол болды сол жаққа,
Жұмылдым Мекке бармаққа,
Тыныш ұйықтап, іше алмай шай."
Сол жақтан керек кітап тауып, жолда талай елдердің адамдарымен сұқбаттасып елге оралады.
Табиғатында ойшыл, философ ақын дүниедегі, өмірдегі сан қилы құбылыстар мен өзгерістерді бағдарлап, саралау үшін және өзінің сүйікті ісі - өлең өрнектеу үшін тыныштық іздейді. Сол себепті елден аулақ саят қорасына кетеді.
Табиғат аясында бөлек, жеке жүрген жетпіс үштегі Шәкәрім 1931 ж. қазан айының екінші жүлдызында қастандық жасағандар оғынан қаза табады. Жазықсыз адамды өлтірген қылмыскерлер өз зұлымдықтарын бүркеп: "Шәкәрім совет өкіметіне қарсы банды ұйымдастырған, бандымен шайқасқан кезде оқ тиіп өлді" -деген өтірік қағаз ұйымдастырып, оны жау ретінде көрсетіп, ал жазғандарын жариялауға болмайды деген шешім қабылдаған. КСРО-ның бас прокуроры істі тексеріп, 1958 ж. ақпан айында ақынның тазалығын растап, ресми мәлімет етті. Соған қарамастан оның абзал, адал аты мен құнды шығармаларын халыққа қайтаруға тағы да кедергілер кездесті.

Қоғам жаңаруына байланысты Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті ақын Шәкәрімнің творчестволық мұрасы жөнінде шешімін 1988 ж. 14 сәуірде қайта жариялады. Соның нәтижесінде ақын шығармалары баспалардан қайта жарияланып, өмірі мен мұрасы туралы газет - журналдарда мақалалар басылуда.
Талантты ақын, философ және композитор Шәкәрім Құдайбердиевтің ұзақ жылдар бойы ұмыт болып келген есімі мен шығармалары енді халық игілігіне айналды. Халқымыздың рухани қазынасының тарихына қосылып, оны молайтты, байытты. Шэкэрім - қоғамдық, әлеуметгік, рухани, мәдени, әдеби өмірге белсене араласып, адамгершілік, ағартушылық идеяларды уағыздаған қазақтың ұлы ақыны.
Шәкрімнің бай әдеби мұрасында өзі өмір сүрген дәуірдің қоғамдық көріністері, ақыл-ой ізденістері, толғамды тұжырымдары із қалдырды. Ақынның шығармалары мазмұнға бай, сан салалы болып келеді. Онда азаматгық лирика да, махаббат лирикасы да, табиғат суреттері де, философиялық толғамдар да, тарихи баллада, халықтық қара өлең үлгісі де баршылық.
Шәкәрім мұрасында эпостық жанрдың бір түрі, белгілі бір оқиғаны өлеңмен баяндайтын, сюжетке құрылатын шығармалар, поэмалар елеулі орын алған. Ол қазақ әдебиетінің басқа халықтар әдебиетімен байланысты дамуына зор үлес қосты.
1.Ә.Жиреншин «Аға сұлтан Құнанбайдың Абақ керейге келуі» Семей таңы,1998
2.Т.Қазбалинов «Мен білетін Әбусағит» Ертіс өңірі,2003
3.Д.Тоққараұлы, Э.Назарқызы «Ұрпаққа ісі - өнеге» Ертіс өңірі,2003
4.Д.Тоққараұлы «Ғылым ұстаз» Ертіс өңірі, 2003
5.Ә.Жиреншин «Өшпес бейнелерСоциал Қазақстан,1965

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
СОДЕРЖАНИЕ

ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ 1
арғымбек апашбайұлы 6
НАРИМАН МҰХАМЕДХАНҰЛЫ. 11
КӨПЕНҰЛЫ БЕРІКБОЛ 16
ИСА БИНАЗАРОВ 23
ӘБУСАҒИТ (ӘБІШ) МҰСЫЛМАНҚҰЛҰЛЫ ЖИРЕНШИН 31


ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ
(1858-1931
Шәкәрім Құдайбердіұлы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктеріндегі Байқошқар жайлау қонысында дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді - ел билеуші аға сұлтан Құнанбайдың баласы, Абайдың ағасы. Әкесінен жеті жасында жетім қалған Шәкәрім атасы Құнанбай мен ағасы Абайдың тәрбие-сінде өседі. Бұл оның әрі азамат, әрі ақын ретінде қалыптасуына зор ықпал етті.
Шәкәрім Құдайбердіұлы - XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басындағы қазақ әдебиеті тарихында Абайдан кейінгі ең ірі дарынды ақын, жазушы, терең ойшыл, кемеңгер оқымысты, тарихшы ғалым, сегіз қырлы өнерпаз, мәңгі өлмес мұра қалдырған қайраткер.
Шәкәрім өзінің балалық шағын "Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресінде" былай деп жазады: "Мен пақыр өз әкем өлген соң ұлы атамыз қажы марқұмның тәрбиесінде қалсам да бұрыннан ауылымыз, қыстауымыз бөлек болғандықтан және қажы марқұм мені жетім деп аяп, қысып оқыта алмай, ғылымнан махрұм қалып, жетімдікті сылтау қылып, ойыма не келсе соны істеп, әдепсіз, ғылымсыз өстім. Әйтсе де түркі танып, орысша хат танып қалдым, -дей келе, - әкеміздің бір шешесінен туған - Ибраһим мырза, қазақ ішінде Абай деп атайды. Сол кісі мұсылманша һәм орысша ғылымға жүйрік, һәм алланың берген ақылы да бұл қазақтан бөлек дана кісі еді. Ер жеткен соң сол кісіден тәлім алып, әр түрлі кітаптарын оқып, насихатын тыңдап, аз ғана ғылымның сәулесін сездім - дейді.
Шәкәрім өз бетімен көп оқып, рухани қазыналарға тереңірек үңіліп, білім-ғылымның қадір-қасиетін терең түсінуге дем қояды. Оньң білім қуып, өлең өрнектеп, рухани есеюіне, сауатты да сергек өсуіне ұлы Абай қамқорында болуы қатты әсер еткен. Шәкәрім Абай қамқорына сай талантгы ақын болып қалыптасты.
Бір кезде ел билеу ісіне де араласады. Ел арасындағы қарым-қатынастарды жөндеуге, тартыс-таластарды, арыз-жалаларды талқылап, әділ шешуге, адамгершілікпен тату өмір сүру тәртібін орнатпақ болған әрекетіне талай уақыты кетеді. Әкімшілік қызметке кеткен уақытын Шәкәрім босқа кеткен кез деп санады.:

Жиырма мен қырық арасы –
Жас өмірдің сарасы
Бос өткенін қарашы,
Жүрекке төгіп қанды ірің.
Осы әкімшілік жұмыс оның қоғам өмірін тереңірек білуіне, ел билеу жүйесінің әділетсіздіктерін көруге себепші болды.
Шәкәрім өмірінің бір кезеңі оның Меккеге баруы. Бұл сапарға ұлы ұстазы Абай дүниеден өткеннен кейін бір жылдан соң барған. Негізгі көздеп барған жері үлкен мәдениет орталығы, дүнйе жүзіне белгілі кітапханалары бар Мысыр, Стамбул қалалары, ондағы қолжазбалармен танысып қайтпақ мақсатпен барған. Ақынның өз сөзімен айтсақ:

"Кітап, ғылым ой алмаққа,
Маған жол болды сол жаққа,
Жұмылдым Мекке бармаққа,
Тыныш ұйықтап, іше алмай шай."
Сол жақтан керек кітап тауып, жолда талай елдердің адамдарымен сұқбаттасып елге оралады.
Табиғатында ойшыл, философ ақын дүниедегі, өмірдегі сан қилы құбылыстар мен өзгерістерді бағдарлап, саралау үшін және өзінің сүйікті ісі - өлең өрнектеу үшін тыныштық іздейді. Сол себепті елден аулақ саят қорасына кетеді.
Табиғат аясында бөлек, жеке жүрген жетпіс үштегі Шәкәрім 1931 ж. қазан айының екінші жүлдызында қастандық жасағандар оғынан қаза табады. Жазықсыз адамды өлтірген қылмыскерлер өз зұлымдықтарын бүркеп: "Шәкәрім совет өкіметіне қарсы банды ұйымдастырған, бандымен шайқасқан кезде оқ тиіп өлді" -деген өтірік қағаз ұйымдастырып, оны жау ретінде көрсетіп, ал жазғандарын жариялауға болмайды деген шешім қабылдаған. КСРО-ның бас прокуроры істі тексеріп, 1958 ж. ақпан айында ақынның тазалығын растап, ресми мәлімет етті. Соған қарамастан оның абзал, адал аты мен құнды шығармаларын халыққа қайтаруға тағы да кедергілер кездесті.

Қоғам жаңаруына байланысты Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті ақын Шәкәрімнің творчестволық мұрасы жөнінде шешімін 1988 ж. 14 сәуірде қайта жариялады. Соның нәтижесінде ақын шығармалары баспалардан қайта жарияланып, өмірі мен мұрасы туралы газет - журналдарда мақалалар басылуда.
Талантты ақын, философ және композитор Шәкәрім Құдайбердиевтің ұзақ жылдар бойы ұмыт болып келген есімі мен шығармалары енді халық игілігіне айналды. Халқымыздың рухани қазынасының тарихына қосылып, оны молайтты, байытты. Шэкэрім - қоғамдық, әлеуметгік, рухани, мәдени, әдеби өмірге белсене араласып, адамгершілік, ағартушылық идеяларды уағыздаған қазақтың ұлы ақыны.
Шәкрімнің бай әдеби мұрасында өзі өмір сүрген дәуірдің қоғамдық көріністері, ақыл-ой ізденістері, толғамды тұжырымдары із қалдырды. Ақынның шығармалары мазмұнға бай, сан салалы болып келеді. Онда азаматгық лирика да, махаббат лирикасы да, табиғат суреттері де, философиялық толғамдар да, тарихи баллада, халықтық қара өлең үлгісі де баршылық.
Шәкәрім мұрасында эпостық жанрдың бір түрі, белгілі бір оқиғаны өлеңмен баяндайтын, сюжетке құрылатын шығармалар, поэмалар елеулі орын алған. Ол қазақ әдебиетінің басқа халықтар әдебиетімен байланысты дамуына зор үлес қосты.

Шәкәрім Құдайбердіұлы араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білгендіктен, ол осы халықтардың ғасырлар бойы қалыптасқан қазыналары-на еркін бойлап, солардың озық үлгілерін қазақшаға аударып, халқымыздың игілігіне айналдырды. Бірақ өмірден көргені мол, қабілет-қарымы тегеуірінді ақыл-ой иесінің жиған-тергенін халқына түгел беруіне отаршылдықтың озбыр саясаты мүмкіндік бермеді.

Әдебиет тізімі
1.Шығыс Қазақстан мәдени мұралары С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Баспасы, Өскемен,2006
2.И.Биназаров Ақылға бағынышты Сарыарқа,2003
3.Қ.Мұхаметжанов Халық ақыны Семей таңы,1989
4.Қ.Алтынбаев Туған жерден шабыт алған Дидар,1998
5.Қ.Алтынбаев Ақын талантына бас ию Семей таңы,1989

арғымбек апашбайұлы
1883 ж. Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Ақарал ауылында дүниеге келген. 1946 ж. ҚХР Шыңжаң өлкесінің Алтай аймағында қайтыс болған.
Арғынбек Апашбайұлы қазақ халқының жазба әдебиетінің іргесін қалап, шаңырағын кетеруші ұлы Абай бастаған Шәкәрім, Жүсіпбек қожа, Ақыт, Әсет сынды ақындардың өнегесін жалғастыру-шы тұлғалы ақындардың бірі болған. Ол өз заманының реалист, саңдақ ақындарының бірі болумен қатар, ұлағатты ағартушы, гуманист, туған халқының, өскен Отанының жай-күйін жан-тәнімен жете танып, елім деп еміреніп, жарты ғасыр бойына меруерт жырын сапырған замана жыршысы.
Ақынның өмірі жайлы деректерде әкесі Апашбай Шонаұлы - Найманның Дөртуыл тайпасының Құдагелді табынан. Яғни, Арғынбек - Апашбай - Шонакемпір - Байқожа - Еламан - Көртік -Құдагелді. Олар Найманның нар дауысты Нарынбай, қу дауысты Қултыбай жекжаттығы арқылы Ақтайлақ бимен тоғысады екен. Ал шешесі Әйен деген кісі Ботақара Дербісал деген әйгілі адамның қызы болған.
Жас кезінде өз халқының ақындық дәстүрінен тәлім алып, ауыз әдебиетінің асыл нәрінен сусындап өскен Арғынбек ақын бүкіл өмірінде араб, парсы тілдерін үйреніп, Шығыс әдебиетінен де мол хабардар болған. Алайда Арғынбек ақын сол тұстағы қиын заманның кесіршен өз білімін одан әрі дамыта алмады. Бұл жерде анықтап айтар болсақ, XIX ғ. екінші жартысында әлемдік құбылысқа айналған империалистік ашкөздіктің кесірінен қазақ даласы Ресей мен Қытай отаршылдарының талауына түсіп, екіге бөлінгені бәрімізге белгілі. Сол кезден бастап Қытай билігіне қараған қандастарымызда атажұрттағы қазақтар секілді отарлық езгінің бұғалығын киіп, тағдыр тауқыметін тең тартты. Осындай отарлық саясатының қысымы Апашбай ұрпақтарын да еріксіз екі мемлекетке бөлініп, тірлік етуге мәжбүр етті. 1894 ж. үрке көшкен елмен бірге Зайсаннан өрлеп Қытай мемлекетіне қараған ежелгі қазақ мекені Алтай өлкесіне ақын Арғынбек те барып қоныстанады. Тағдыр толқыны атамекендерінен бөліп, оқшау әкеткен қазақ бауырларының мүшкіл халі ақынды патриоттық бағытқа жетеледі. Оны ақынның жүрегін тебірентіп шыққан мына бір өлең жолдарынан айқын көруге болады:
Екінші жылдың аты болар сиыр,
Зайсанда Найман елім қалды қиыр.
Қолыма қалам алып талап етіп,
Қаралап ақ қағазға салам шиыр.
Ол өз басынан өткеріп, көзімен көрген халқының тартқан тауқыметін, жерінің аянышты тағдырын жүрегінен туған арман, жырларға қосып, ел тілегін өлеңмен өрнектеп ел арасына таратты. Сол арқылы ұлтының намысын жанып, ел мен жер тағдыры үшін озбыр отаршылдардың зұлым саясатына қарсы күрес жасауға шақырды. Мұнда ақ патшаның қазақ жерін отарлауы, Қытайдағы Гоминдан Шің Шісай үкіметінің еңбекші халыққа жасаған жан түршігерлік жаныштауын қызыл тілмен шенеп, ашық түрде әшкерелеп жазды. Сол үшін де ол замана жыршысы бола алды.
Арғынбек ақын Ата жұртым - қазағым атты толғауында:
Таң атып басқа жұртқа күн шығады,
Біздің ел жарық көрмей тұншығады.
Қолыма қалам алып сөз сөйлесем,
Қозғалып көкіректен сыр шығады.
Осыны ойлап білген жігіт бар ма?!
Әр түрлі замандардан қыр шығады.
Халыққа ғибрат сөз таратуға
Арғынбек пақырыңыз қымсынады.
Талапты жас жігіт мырзаларға,
Қарағым оқышы деп ұмсынады.
Қамалып биік жарға қалса жұртым,
Япырмау, сонда сайрап кім шығады? -деп ашына жырлап, азаттық таңын асыға аңсайды. Осы өлеңнің өзі-ақ сұңғыла ақынның өз халқының шын жанашыр жыршысы болғанын аңғартады.
Ақын тағы да:
Көзіміз көп істерді көріп жүр ғой,
Нақақтан жала жауып зар жылатқан.
Жас қозыдай үйшікке қамап алып,
Сүйегін талай ердің саудыратқан, -деп Шыңжанды дара билемекші болған милитарист Шің Шісайдың қазақ халқын аяусыз жаныштап отырғандығын әшкерелейді.
Ол Шің Шісайдың қылмысты әрекетін айыптаумен ғана тынған жоқ. Сонымен қатар Ез тірліктен ерлік өлім артық деп түсінген ақын қаламын одан сайын қайрай түсіп:
Қарсы тұр халқың үшін қайрат қылып,
Өлгенің тұяқ сертпей сол дұрыс па?!
Түлкінің болар еді сыры мәлім,
Түйіліп төбесінен қыран ұшса, -деп езілген халыққа жігер беріп, батылдыққа жетелейді.
Тіршіліктің ащысы мен тұщысын бірдей тата жүріп, алуан түрлі ортада үлкен өмір мектебінен өткен Арғынбек ақын өзі барған жердегі тіршіліктің тұтқасы көшіп-қонып, мал өсіру деп таныған. Феодалдың қоғамның дерт міндеттері жыландай жайлап жатқан қараңғы ортаға білімнің жарық сәулесін түсіруге, ұрпақ санасын ашуға көптеген еңбегін сіңіріп, халықты дүние жаңалығынан бейхабар қылмай, феодалдық қоғамның дертінен айығып, жаңа тіршілікке талпынуға шақырып:
Көз ашып ояныңыз абақ жұртым,
Күні бүгін жүргенің ескі ғүрпың.
Біркелкі ғұрыпта тағы жоқпыз,
Баяғыдай барма екен ойын-күлкің?
Бытырап әр жерлерде тозып жүрміз,
Орынсыз шығын болу жиған мүлкің.
Татулық, жанашырлық, михнат жоқ,
Жыланша жылтырайды бекер сыртың.
Бас қосып, ақыл құрап жиналыңыз,
Заманның көріп тұрсыз қалып, қылпын, - деп жырлайды.
Жоғарыда айтылғандай, шындықты жақтап, азаттықты аңсап, еліне бақыт тілеген дарынды ақын Арғынбек Апашбайұлы жарты ғасырдан астам өмірінде қаламын қолына алып, үнемі ел ішіндегі білімді, ғұлама, жақсы-жайсаң, шежіреші шешендерді өзіне ұстаз тұтып, қоғамдық күрес, әлеуметтік өмір жөнінде ой толғап, тарих-шежіре, өсиет-тәрбие, ғылым-білім сипатында алуан-алуан толғау, шежіре, жыр-дастандар жазған.
1915-1925 жж. аралығында Қалам алып Арғынбек, Жер - адамның анасы, Жігіт сол қатарлы келемді де терең ойлы өлең-толғаулар жазған. Оның Найман шежіресі, Керей туралы, Ата жұртым - қазағым, Жағырапиялық дастан, Бұл күнде түрлі-түрлі заман басқа деген сияқты көптеген шығармалары бүгінде ел ішінде кең тараған.
Ал 1927-1928 жж. аралығында ақын ерекше бір тың шабытпен бітімі бөлек, тілі шұрайлы Жыр романын жазады.
Арғынбек ақынның елеңдері Қазақстан, Қытай, Монғолия, Түркия елдеріндегі қазақтар арасында кең тараған. Оның бірқатар туындылары ҚР ҒА-ның Орталық ғылыми кітапханасының қолжазба қорында сақтаулы.
Асқақ талант иесі Арғынбек Апашбайұлының зор тағлымды мұралары Қазақстан оқырмандарына әлі толық жеткен жоқ деуге әбден болады.

Әдебиет тізімі
1.Шығыс Қазақстан мәдени мұралары С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Баспасы, Өскемен,2006
2.И.Биназаров Ақылға бағынышты Сарыарқа,2003
3.Қ.Мұхаметжанов Халық ақыны Семей таңы,1989
4.Қ.Алтынбаев Туған жерден шабыт алған Дидар,1998
5.Қ.Алтынбаев Ақын талантына бас ию Семей таңы,1989



НАРИМАН МҰХАМЕДХАНҰЛЫ.
1929 ж. Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында дүниеге келген. Елдің тарихтан байыппен қалыптасқан даму ағысын кері бұрып, қара халықты күйісінен жаңылдырып, ел ішінде есті мен есердің орны ауысқан алмағайып заманда ол анасының етегіне оралып, Қытайға қараған Алтай өңіріне ірге тепкен нағашы жұртына табан аударды. Тас түскен жеріне ауыр деп, осы жерден алдағы күрмеуі мол күрделі тіршілігіне негіз қалайды. Ат басын тартып мінген азамат шағында ұлттық армияның қатарында болды.
1949 ж. Шыңжанда құрылған бейбітшілік пен демократияны қорғау одағының Көктоғай аудандық бөлімінің хатшысы болып жүмыс атқарды. Осыдан бастап әрі қоғамдық жұмыстармен, әріхалқының мол рухани мұраларын жинаумен айналыса жүріп, көкірегіне керуен сиятын небір шежіреші шалдардың, от ауыз, орақ тілді шешендердің, қызыл тілінен қыран ұшырған ақындардың, жолбарыс жонды, арыстан жүрек батырлардың, қысқасы, өз ұлтының сорпа бетіне шығар жақсы-жайсаң-дарының жанға нұр құлтын ұлдан-теңіз тәлімдерімен сусындап, зор білімдерге ие болды. 1955 ж. Жеменей оқу бөлімінде қызмет істеп жүрген кезінде "Шұғыла" журналына шақырылып, Үрімжіге жол тартады. Өстіп білім көтерудің қамында жүрген кезінде атамекенге қайтушылардың ұраны көтеріледі. Көп ұзамай әкең Мұхамеджан соғыстан тірі оралыпты деген туыстарының хатымен қайта кіндік қаны тамған отанына оралады. Мәли-кенің 100 жұмбағын, Біржан мен Сара, Әсеттің, Кәрібайдың айтыстарын жатқа білетін анасы Сағадат Құдыкен-қызьшың ұлымен қоштасарда айтқан мына бір өлең жолдары Нариман Мұхамедханүлының жүрегінде сақталыпты:
Шер көкірек болып өстім, жарығым,
Тыңдап кетші, сорлы анаңның зар-мұңын.
Сен ер жетіп, келін түссе үйіме,
Шығар деп ем тартқан күйік барлығы.
Қалып едім әкеңнен жиырма үште,
Шара таппай айдатқан озбыр күшке.
Сені арқалап Ақшиде қала бергем,
Шығарып сап әкенді шаңқай түсте.
Жиырма жыл таза сақтап арымды,
Махаббатым кұрбандыққа шалынды.
Сорлы жарын зарлап өтер дүниеден,
Жеткізерсің әкеңе бар зарымды.
Қалды артында сорлы анаң, бауырың,
Арқалармын қасіреттің ауырын.
Марқакөлдің Қалжырына сәлем айт,
Сағынды деп туған жерін, ауылын.
Хат жазып тұр қалған бізді ескеріп,
Талып жетер кешіксе де кеш келіп.
Әкеңді тап, бақытты бол, қарағым,
Дәм айдаса барамын ғой көшке еріп.

Ана аманатын қабылдап, 1955 жылдың күзінде аңсаған атамекенге оралудың сәті түсіпті. Бірақ өз әкесін көре алмайды. Елге келген бойда Зайсандағы кешкі мектепте 7-сыныптан қайта оқып, 11-сыныпты тәмамдайды. 1969 ж. ҚазМУ-дың сырттай оқуын бітіріп, келесі жылында 1970 ж. Ұлттық Ғылым Академиясының әдебиет және өнер институтына жұмысқа тұрады да, XIX ғ. екінші жартысы мен XX ғ. басындағы Шыңжан қазақтардың әдебиеті деген мемуарлық еңбек жазады.
Ақын, әдебиетші, ғалым Н.Мұхамедханұлы өзінің қиын да күрделі шағармашылық жолын алғаш өлеңмен бастайды. Қалам қары қатайып, толықсыған шағында Абай әлемі, Ерғұн Абыз т.б. көптеген өлең-толғаулар, аңыз-дастандар жазған. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан өңірінде дүниеге келіп, тағдырдың жазуымен Қытайдағы қазақ өлкелерінде өмір сүріп, сондағы қазақ әдебиетінің қалыптасуына үлес қосқан ақындарымыз-дың еңбектері мен шығармаларын зерделеп, Кеңестік кезеңнің өзінде Қазақстандағы оқырмандарға таныстырған бірегей ұлтжанды азамат.
Нариман Мүхамедханұлы Шығыс Түркістан қазақтарының жазба әдебие-тінің іргетасын қалаған ақиық ақын, ойшыл абыз Ақыт қажы Үлімжіұлы жөнінде еңбектер жинап, Ақыттану ғылымының алғашқы негізін қалаған. Айтулы ғүлама, діндар Ақыттың Ғылым Академиясының кітап қорына сақталған Жиһанша, Керей ишаны Мүхамет Мөмін, Хиямет ахуалы, Абият ғахидия, Сейфулмәлік сынды Қазан баспасында жеке-жеке кітап болып басылып шыққан еңбектерін тапты, әрі түсініктер жазып, баспа беттерінде таныстырды. Тіпті, тарихта алтын әріппен қалатындай етіп, Қазақ Совет Энциклопедиясының І-томына Ақыттың өмірі мен шығармашылығы туралы танымдық туынды жазған. Нариман Мұхамедханұлы Ақыт қажы Үлімжіұлының еңбектері жөнінде: Қазан баспасының жарық көрген шығармаларын толықтыру, Қазақстан, Қытай,
Монғолия т.б. елдердегі ел аузындағы және жазба материалдарды көп болып іздеу керек. Бұл бірер адамның қолынан келмейтін, арнаулы зерттеу орындары айналысатын ауқымды жұмыс, сонда ғана толыққанды Ақыттану біліміне қол жеткізуге болады деп атап көрсеткен.
Бұл - үлгі тұтар игі іс. Жоғалған мұраларымызға осылай жоқтайтындарың жетіспеуінен жетімсіреген рухани дүниелеріміз әлі де өзінің діттеген деңгейіне жете алмай отырғанын жасыруға болмайды.
Қарт зерттеуші Н.Мұхамедханұлының: Әрі ақын, әрі батыр айдарымен жазылған Бүркітбай Қияқбайұлы жөнінде: Есімі ел жүрегінде қалған ақын, екінші Мағжан болар ақиық ақын Қызырбек Үсенұлы туралы жазылған еңбектері бір төбе.
Н.Мұхамедханұлының тағы бір ауыз толтырып айтарлық еселі еңбегі Манас туралы болмақ. Бүкіл дүние жүзінің ортақ рухани мүрасына айналған төрт ірі эпостың бірі осы Манас жыры. Ол жөнінде көптеген ғалымдар талай-талай толғағы ащы туындылар жазды. Солардың бірі - қазақтың зерттеуші ғалымдары құрастырған Азаматтың Манасы атты жинақ (Алматы, Рауан, 1995). Бұл топтамаға Н.Мұхамедханұлының Мұхтар Әуезов және Манас эпосы, Мұхаң Манасты қалай қорғап қалды? деген көлемді зерттеу еңбектері енген. 1988 ж. Қырғызстанда шығатын Алатоо журналында (101-1176.) Феликс-Манас және Мұхтар Әуезов атты айбынды мақалалары қырғыз тілінде жарық көрген. Манас эпосындағы ерекше көзге түскен жалаңаш кеуде батырлармен шеңдестіріп, Өр Алтай жыраулары айдарында Шығыс Түркістан (Шыңжан) қазақтарының мәнерінде жырланған Ер Қосай, Ер Көкше жырларын зерттеп жазған мақаласынан-ақ Нариман Мұхамедханұлының терең ойлы, жан-жақты білімі бар, көшпенділер мәдениетіне қаныққан алаштың аяулы азаматы екенін көру қиын емес.

Әдебиет тізімі
1.Шығыс Қазақстан мәдени мұралары С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Баспасы, Өскемен,2006
2.И.Биназаров Ақылға бағынышты Сарыарқа,2003
3.Қ.Мұхаметжанов Халық ақыны Семей таңы,1989
4.Қ.Алтынбаев Туған жерден шабыт алған Дидар,1998
5.Қ.Алтынбаев Ақын талантына бас ию Семей таңы,1989

КӨПЕНҰЛЫ БЕРІКБОЛ
Көпенұлы Берікбол (1861-1932) ел ішінде Ағашаяқ деген атпен көбірек танымал. Туып-өскен жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Мұқыр ауылы. Сүйегі - Орта жүз Арғын, оның ішінде Табақты руынан. Жастайынан тұлдыр жетім қалып, ағайыны Қарамолланың тәрбиесінде өскен. Молла ағайынның арқасында арабша - орысша тіл сындырып, ескіше сауат ашқан. Сол кездегі қазақ даласындағы жазба еңбектерден мағлұматы мол, сауатты адам болған.
Берікбол-Ағашаяқ сал-серілік дәстүрдің ең жарқын тұлғаларының бірі. Оның бойындағы бұла дарын, бұырқанған қабілет бала кезінен-ақ төңірегін тәнті еткен. Алғашқы жалғыздықтың мұқтажымен ауыл-үйдің жиын-тойында жұрт көңілін аулаудан басталған балаң талпынысы, кешікпей-ақ оны өнерпаздықтың үлкен жолына алып шығады.
Атандым алты жастан Ағашаяқ,
Тайлақ пен тайды тастап міндім таяқ
Тілін ап, ағайынның малын бақпай,
Жетіде жетім қалып, жедім таяқ.
Қамқоршы туыстардан болмаған соң,
Жер кезіп, елден кетіп, болдым саяқ-дейді Берікбол (М.Мағауин. Ағашаяқ. -Жалын)
Берікбол сахараның сегіз қырлы, бір сырлы нағыз әмбебап сал-серілерінің жолын қуып, туа біткен қабілет-дарынының арқасында тамаша нәтижелерге қол жеткізген. Оның тал бойына әншілік, күйшілік, бишілік, ақындық, актерлік сияқты қасиеттерге қоса, дене күшіне қатысты да айрықша қабілеттер ерекше дарыған. ұзын сырықты аяқ етіп кестеңдеп жүру, сол ағаш аяғымен қатар шегіп жатқан бес-алты түйенің үстінен аттау, артына түскен тақияны артына қарай шалқалай иіліп аузымен алу, домбыраны бақаймен тарту, жан-жануардың қимыл-қозғалысы мен даусын салу, ат үстінде алуан қимыл көрсету, аяқ-қолын шабақ етіп дөңгелеп жарысу, ауыл адамдарьшың мінез-қылығын айнытпай салу сияқты небір қызық тамашаға жүртшылықты қарқ қылатын болған.
Белгілі этнограф Садық Қасиманов мынадай естелік айтады: бірде Берікбол Ағашаяқ Жаңа Семейден жаяу шығып келе жатса, тақиядай бұлт шығып, шатұр-шатұр найзағай ойнан, жауын жауса керек. Берікбол жол шетіндегі жарды паналайды. Бір мезгілде жүргінші дыбысы естіледі де, іле жүгі бар түйені жетелеген аттылы өте береді. Бұл адам сол өңірге белгілі Иса деген бақалшы, саудагер екен. Берікбол ойланбастан үстіндегі шекпенді сілкіп тастап, аппақ көйлек дамбалымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есім ханның өмірі, отбасы
Жүрегімнің түбіне терең бойла..
Қазақ мәдениетінің қалыптасуы
«үш жүзге» бөлiну - қазақтың ажалы
Тәуекел хан туралы
Бұрындық және Қасым хандар билеген кезеңдегі қазақ хандығы.
Абылай хан мемлекет қайраткері және дипломат ретінде
Қазақстан баспасөзі жайында
Ұрпаққа ұлағат
Қажы Бекташ Уәли
Пәндер