Тәжік қазақтары. Лексикалық ерекшеліктер



Кіріспе
Лексикалық ерекшеліктер
1.1 Киім.кешек үй жабдығына байланысты атаулар
1.2 Үй құрылысына байланысты сөздер
1.3 Ыдыс.аяқ атауларына байланысты сөздер
1.4 Тағам атауларына байланысты
1.5 Құрал.сайманға байланысты сөздер
1.6 Туыстық атауларға байланысты сөздер
1.7 Өсімдік атауларына байланысты сөздер
1.8 Мал шаруашылығына байланысты сөздер
1.9 Кәсіби сөздер
1.11 Ирригацияға байланысты сөздер
1.12 Бау.бақша, көкөніске байланысты сөздер
Тәжікстанның Қорғантөбе облысының Вахш алқабын мекен еткен қазақтардың осы өңірге келіп қоныстанғанына алды бір ғасырдан артық уақыт болды. Көпшілігі негізінен өткен ғасырдың орта шенінде барса, біразының орнығуы отызыншы жылдар. Этникалық жағынан орта жүз, кіші жүз құрамына кіретін адай, әлім және алаша руларының ұрпақтары. Олар алғаш келгенде Молдаман, Қаратау, Сарыкемер, Теректі тауларындағы Дарбаза бұлақ, Қошқар бұлақ, Найман бұлақ, Үш бұлақ, Өлең бұлақ, Қара бұлақ деген жерлерді иемденген екен. 1991-жылға дейін жергілікті тәжік, өзбек халықтарымен тығыз қарым-қатынас жасап келеді. 1991 жылдан бастап Елбасының қандастарды елге қайтару саясаты негізінде Тәжікстандағы қазақтар негізінен Оңтүстік өңірге қоныстанған. Тәжікстанда тұрған қазақтар өзбек мектептерінде оқыған. Өз ана тілімен бірге өзбек, тәжік тілдерін де жақсы біледі. Аталған халықтармен тығыз байланысы осындағы тұрған қазақтардың тіліне де едәуір әсерін тигізгені байқалып тұрады.
Тәжік қазақтары тұрғындарының этникалық құрамы Кіші жүз қазақтары болғанымен, тіл ерекшелігі жағынан батыс говорлар тобында айтылатын біраз сөздер сақталғанымен, олардың ауызекі тілінде негізінен оңтүстік говорлар тобына тән сөздердің басым екенін аңғаруға болады.
Жергілікті сөйленістерге тән лексикалық ерекшеліктерді сөз еткенде, сол өңірдегі жергілікті халықтар тілінде ғана айтылатын әдеби тілде де басқа жерде де қолданылмайтын, қолданылса да, басқа мағынада жұмсалатын сөздер деп түсінуіміз керек. Түркістан тұрғындары тілінің лексикасында осы жерге ғана тән сөздер мол. Мысалы: хана //бөлме, пахса //кесектен жасалған дуал, сандал // аяқ қызыдыратын ыстық шоғы бар жер, үзәңгі //саты, доппы//тақия тәрізді сөздер қазақ әдеби тілінде де және басқа де сөйленістерде кездесе бермейді.
Сөйленіске тән деп отырған кейбір сөздердің әдеби тілде боламасы болса, кейбір сөздердің ондай баламасы бола бермейді. Ал кейбір сөздер әдеби тіл мен басқа сөйленістердегі мағыналарынан өзгеше болып келеді.
Зерттеліп отырған сөйленістің лексикалық өзгешеліктерінің құрамы екі саладан тұрады. Оның бірі — тіліміздің дамуының өткен дәуіріне тән байырғы белгілерінің сөйленісте сақталған ізі ретінде танылса, қалған бірсыпыра лексикалық құбылыстар аралас өмір сүріп, күнделікті қарым-қатынас жасап отырған көрші халықтар тілінің әсеріне байланысты пайда болған сөздер. Тәжік тұрғындары тіліндегі лексикалық ерекшеліктердің ішінде көлем жағынан молырақ кездесетін өзбек тілінен ауысқан сөздер. Бұл тілден ауысқан сөздердің көптігі сонша, тіпті, бұл өңір тұрғындары тілін қостілді сипатта деп атауға мүмкіндік береді. Бұлардан басқа лексикалық кірмелердің ішінде молырақ ұшырауы орыс тілінен енген сөздер. Араб-иран тілдерінен енген кірме сөздер де едәуір кездеседі.
Тұрғындар тілінен жиналған сөздердің лексикалық категорияларға қатысы жағынан әр түрлі. Мұндағы сөздердің дені зат пен құбылыстардың атын білдірсе, бірқатары зат пен құбылыстың сындық белгісін білдіреді. Бір топ сөздер іс-әрекет, қимыл процесін білдіретін сөздер.
Зерттеліп отырған сөйленістегі лексикалық материалдар лексика-семантикалық топтар, түрлі лексикалық категорияға байланысты құбылыстар және кәсіби сөздер деп үш топқа бөліп қарастырылды. Тәжік тұрғындарының тілі, қазақ диалектологиясында қалыптасқан дәстүр бойынша, тұрмыстың әр саласына тән заттық, қимылдық ұғымдарға байланысты бірнеше жаққа бөліп қарастырылды

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.
Кіріспе
Лексикалық ерекшеліктер
1.1 Киім-кешек үй жабдығына байланысты атаулар
1.2 Үй құрылысына байланысты сөздер
1.3 Ыдыс-аяқ атауларына байланысты сөздер
1.4 Тағам атауларына байланысты
1.5 Құрал-сайманға байланысты сөздер
1.6 Туыстық атауларға байланысты сөздер
1.7 Өсімдік атауларына байланысты сөздер
1.8 Мал шаруашылығына байланысты сөздер
1.9 Кәсіби сөздер
1.11 Ирригацияға байланысты сөздер
1.12 Бау-бақша, көкөніске байланысты сөздер

Лексикалық ерекшеліктер
Тәжікстанның Қорғантөбе облысының Вахш алқабын мекен еткен
қазақтардың осы өңірге келіп қоныстанғанына алды бір ғасырдан артық уақыт
болды. Көпшілігі негізінен өткен ғасырдың орта шенінде барса, біразының
орнығуы отызыншы жылдар. Этникалық жағынан орта жүз, кіші жүз құрамына
кіретін адай, әлім және алаша руларының ұрпақтары. Олар алғаш келгенде
Молдаман, Қаратау, Сарыкемер, Теректі тауларындағы Дарбаза бұлақ, Қошқар
бұлақ, Найман бұлақ, Үш бұлақ, Өлең бұлақ, Қара бұлақ деген жерлерді
иемденген екен. 1991-жылға дейін жергілікті тәжік, өзбек халықтарымен тығыз
қарым-қатынас жасап келеді. 1991 жылдан бастап Елбасының қандастарды елге
қайтару саясаты негізінде Тәжікстандағы қазақтар негізінен Оңтүстік өңірге
қоныстанған. Тәжікстанда тұрған қазақтар өзбек мектептерінде оқыған. Өз ана
тілімен бірге өзбек, тәжік тілдерін де жақсы біледі. Аталған халықтармен
тығыз байланысы осындағы тұрған қазақтардың тіліне де едәуір әсерін
тигізгені байқалып тұрады.
Тәжік қазақтары тұрғындарының этникалық құрамы Кіші жүз қазақтары
болғанымен, тіл ерекшелігі жағынан батыс говорлар тобында айтылатын біраз
сөздер сақталғанымен, олардың ауызекі тілінде негізінен оңтүстік говорлар
тобына тән сөздердің басым екенін аңғаруға болады.
Жергілікті сөйленістерге тән лексикалық ерекшеліктерді сөз еткенде, сол
өңірдегі жергілікті халықтар тілінде ғана айтылатын әдеби тілде де басқа
жерде де қолданылмайтын, қолданылса да, басқа мағынада жұмсалатын сөздер
деп түсінуіміз керек. Түркістан тұрғындары тілінің лексикасында осы жерге
ғана тән сөздер мол. Мысалы: хана бөлме, пахса кесектен жасалған дуал,
сандал аяқ қызыдыратын ыстық шоғы бар жер, үзәңгі саты, доппытақия
тәрізді сөздер қазақ әдеби тілінде де және басқа де сөйленістерде кездесе
бермейді.
Сөйленіске тән деп отырған кейбір сөздердің әдеби тілде боламасы болса,
кейбір сөздердің ондай баламасы бола бермейді. Ал кейбір сөздер әдеби тіл
мен басқа сөйленістердегі мағыналарынан өзгеше болып келеді.
Зерттеліп отырған сөйленістің лексикалық өзгешеліктерінің құрамы екі
саладан тұрады. Оның бірі — тіліміздің дамуының өткен дәуіріне тән байырғы
белгілерінің сөйленісте сақталған ізі ретінде танылса, қалған бірсыпыра
лексикалық құбылыстар аралас өмір сүріп, күнделікті қарым-қатынас жасап
отырған көрші халықтар тілінің әсеріне байланысты пайда болған сөздер.
Тәжік тұрғындары тіліндегі лексикалық ерекшеліктердің ішінде көлем жағынан
молырақ кездесетін өзбек тілінен ауысқан сөздер. Бұл тілден ауысқан
сөздердің көптігі сонша, тіпті, бұл өңір тұрғындары тілін қостілді сипатта
деп атауға мүмкіндік береді. Бұлардан басқа лексикалық кірмелердің ішінде
молырақ ұшырауы орыс тілінен енген сөздер. Араб-иран тілдерінен енген кірме
сөздер де едәуір кездеседі.
Тұрғындар тілінен жиналған сөздердің лексикалық категорияларға қатысы
жағынан әр түрлі. Мұндағы сөздердің дені зат пен құбылыстардың атын
білдірсе, бірқатары зат пен құбылыстың сындық белгісін білдіреді. Бір топ
сөздер іс-әрекет, қимыл процесін білдіретін сөздер.
Зерттеліп отырған сөйленістегі лексикалық материалдар лексика-семантикалық
топтар, түрлі лексикалық категорияға байланысты құбылыстар және кәсіби
сөздер деп үш топқа бөліп қарастырылды. Тәжік тұрғындарының тілі, қазақ
диалектологиясында қалыптасқан дәстүр бойынша, тұрмыстың әр саласына тән
заттық, қимылдық ұғымдарға байланысты бірнеше жаққа бөліп қарастырылды
1. Үй құрылысына байланысты сөздер
2. Киім-кешек, үй жабдықтарына байланысты сөздер
3. Ыдыс-аяқ атауларына байланыста сөздер
4. Тағам атауларына байланысты сөздер
5. Құрал-сайманға байланысты сөздер
6. Туыстық атауларға байланысты сөздер
7. Өсімдік, жеміс-жидекке байланысты сөздер
8. Мал шаруашылығына байланысты сөздер
9. Кәсіби сөздер
Осындағы лексикалық ерекшеліктердің бірі — зерттеліп отырған өңірдегі
заттардың, нәрсенің немесе ұғым аттарының қазақ тілінің басқа говорларда
өзгеше аталуы. Мұндай айырмашылықтар табиғат өзгешелігіне, кәсіп түрлерінің
басқаша болып аталуына, олардың сәйкес келмеуінен туындайды.Осындай белгілі
бір атаулардың әр түрлі говорларда бірде сәйкес келіп жатса, бірде сәйкес
келмей басқаша аталуына байланысты орыс диалектологиясы жөнінде жазылған
ғылыми әдебиеттерде "противопоставленный", "непротивопоставленный" деген
термин қолданылып жүр. Қазақ диалектологиясында бұл сөздерді "сәйкесті,"
"сәйкессіз" деген терминдерді бірінші рет Ш.Сарыбаев ұсынған болатын. Содан
бері бұл терминдер калыптасып кетті. Тәжік қазақтары тіліндегі жиналған
лексикалық ерекшеліктердің бір түрі сәйкесті диалектизмдер.
Тәжік қазақтары тілінің өзіндік лексикалық ерекшеліктердің жеке дара
өзгешеленіп тұруына жиі қарым-қатынас жасап отырған тәжік, өзбек тілдерінің
әсері себеп болды. Қайсыбір атауларды алсақ та, ондай әсерлер анық байқалып
тұрады. Осы тілдердің әсері-ау деген мына төмендегі сөздерді мысалға
келтіруге болады: мағыз (көрпенің жиегі), мәкі (бөтеңке тәрізді өкшесіз аяқ
киім), нар (құс жүні), чығана (шана тәрізді зат),
Тәжік қазақтары тіліндегі жиналған лексикалық ерекшеліктердің бір түрі —
сәйкесті диалектизмдер. Бұлар тұлғалық жағынан өзгеше болып келгенімен
мағыналық жағынан бір ұғымды не зат, нәрсе атауын білдіретін, басқа говорда
баламасы өзге сөздер. Мысалы: бакаш (қыштан жасалған ыдыс), Оңтүстікте -
орта кесе, Өзбекстан, Тәжік қазақтарында - табақ.
Шіпірік сыпыртқы. Қарақалпақ, Түрікмен қазақтарында сенсе, Оңтүстікте
сыпырғыш, Маңғыстауда сібірткі, Орынбор қазақтарында шылауыш.
Ачық-мачық есіктің топсасы. Алматы маңында топшы. Қарақалпақ
қазақтарында күллап, құрлап.
Чымчыр шымшуыр. Алматыда қышқыш. Қызылордада шымшеуір. Ақтөбеде жәмке.
Батыс Қазақстанда мәстемір. Қарақалпақ қазақтарында әтешкір.
2.1 Киім-кешек үй жабдығына байланысты атаулар
Түз теру шие-қошқар мүйіз өрнегімен оралып тоқылған ши.
Түйме- ішінде сылдырмағы бар үлекендігі әр түрлі домалақ Әшекей.
Ертеректе көбіне кемпірлер тоқыған жастар түйме тағушы ма еді?
Тығырық бөрік- дөңгелек бөрік. Басыңнан тығырық бөрікті
тастамайтының не?
Тіз киім- іш киім намаз оқитын сіздерге тіз киім мақұл.
Тік бөрік- шеркеш бөрік-қыздардың үкілі тақиясы іспеттес бөрік.
Тік бөрік киген жан көрнеу.
Шөгерше-басқа киетін бөрік.
Пұл- мата. Магазинде пұл көп бірақ қолда пұл аз.
Сорпай-сыйға жабатын қымбат бағалы шапан.
Сарпайым баржабатын. Түрікше сорпай-сәнді киім, қарақалпақша сорпай-сай,
еркектердің сәнді шапаны.
Сулық- жауын-шашында пальтоның сыртынан киетін қаптал шапан.
Күрте I- сыртқы көйлек. Шеше мына күртемді жуып бер.
Күрте II- мақталы шапанның қысқа түрі. Жадағайдан жеңіл көріп
күрте тіктірдім.
Күшпей- сырт киім. Күшпейге оранып терле жазыларсың.
Күпсер-қаптал шапан. Күпсер деп қаптал шапанды айтады.
Қауама- мақталы шапан. Қауаманы үлкендер киеді.
Қатырма- тақия. Басыма қатырма бөрікті кием.
Қаттау-сауыт. Ішінен киетін жібек шапан. Сыпатай батырдан қалған
қаттау. Мақыш баласы Үайқазымда.
Қалетті киім- жұқа асыл матадан істелген киім. Қалетті киім киген
адам Қыдырбайдың айтқанын тыңдамайды.
Қарғымалы чалбар- балағы жырым. Кестелеген түрлі шалбар.
Қарғымалы чалбарды бұрын күйеу балдар киеді екен.
Қатпал жейде- еркектер киетін ұзын көйлек. Қатпал жейденің алды
ашық жағасы шапанның жағасындай.
Бөкәбай түбіт шәлі. Біз анамызға 8 март бәйрәмігә бөкәбай әппедік.
Нымча камзол, жеңсіз кеудеше киім. Уның сораған нымчасы пақтасыз нымча оды.
Шым матадан жасалған ер адамның шалбары. Өзбек тілінде шим.
Белбақ белбеу. Илһамың белбағы қызыл рәңгі.
Пәшәхана масахана. Пәшә көп, пәшәханасыз ята алмассыз.
Чачық 1.Қол сүртетін немесе нәрсе сүртетін орамал. 2. Тік дастархан.
Чачықны әпкә, колын сүртсін.
Айна пәрдә терезе перде, перде. Айна пәрдәні орныға іл.

2.2 Үй құрылысына байланысты сөздер
Айуан алдындағы көленке үшін істелген бір жағы не жан-жағы ашық бөлме.
Ұйғ. айван,қырғыз тілінде айван, түрікменде әйван - балкон, веранда,
өзбекшеде айвон – веранда.
Бастырма төбесі жабық, жан-жағы ашық жай, лапас. Бұл атаудың қазақ тілі
сөйленістерінде лапас (Жетісу), әуестік, сәндіре (Орынб.), шертек (түрік.),
пірнәбес (Орал), бірбеткей (Омбы), шортақ (өзб.) баламалары қолданылуда.
Дауал үйді, бақты айналдыра қоршаған қоршау, қабырға. Бабам ойының
дауаллары кәттә.
Пахса дуал, кесектен құйылған дуал. Биыл хауылға пахса ұрдым.
Там үй. Ұйғыр тілінде там- үйдің қабырғасы, қырғыз тілінде там –
қабырға; өзбек тілінде там 1. үйдің шатыры; 2. бөлме мағынасында
жүмсалады. Қазақстанның оңтүстігінде там сөзінің әр түрлі мағынада
жұмсалуына көрші тілдердің ықпалы болса керек.
Ұстұн тіреу, діңгек. Тіреусіз жігіт болмайды, ұстынсыз үй болмайды.
Өзбекше устун, қырғ. устун. Сәлдір есік-терезенің үстіне қоятын ағаш.
Ятахана жататын бөлме. Ятахананың айнасын ачып қой.
Мехманхана қонақ күтетін бөлме. Өзбек тілінде меһмонхона.
Дәліз ауыз үй, кіреберіс. Мұның орнына Омбы, Павлодар, Қостанайда сенек,
Семей, Шығыс Казақстанда көше, себет, бодам, шолан, Жетісуда далан үй,
Қарақалпақстанда дәлдіз сөздері айтылады.
Кәттә ой үйдің қонақ күтетін бөлмесі.
Кәтәхана кітап жиналған бөлме.
Ашхана ас дайындайтын бөлме, көбінесе жаппасы жұқа жабылған жаздық үй.
Ханба ұн қоятын жер. Ханбаға беш қап үгілгән ұн сақладым. Түркі
тілд.салыст.сөзд. анба - сарай, анбар. Қачан бұғдай била толғайды анба
Айна терезе. Айнаның пәрдәсін айтом икіміз ілдік. Өзбекше ойна терезе
Түнек - қораға ұқсаған, терезесіз, ыдыс-табақ, заттарды қоюға арналған
бөлме. Биыл түнек салышқа әрәкәт яшадым.
Ғыш кесек, үй, қора-қопсы, дуал салуға арналып, лайдан құйылған құрылыс
материалы. Түнек салышқа миң ғыш құйдым.
Ер тандыр жерге орнатылған, нан пісіруге арналып, саз балшықтан
құйылған құрал. Ер тандырға нан япып, чарчадым.
Үй-үскене - үй жабдығы, мүлік.
Там үй, жер там -жерден қазылған үй
Қума там, түпкір там - түпкі бөлме.
Жабын - үсті шөп шаламмен, жабылып қара сыбақпен сыланған үй. Ең болмаса
жабында жазды өткерсек
Төле - жерден қазылған үй. Өзбекше - ертула, қарақалпақша-жер төле, жер
қазба.
Пердиуан - үйдің төбесін жабатын ағаштарды салғаннан кейін биіктігі 25-30
см етіп кірпішпен үй төбесінің сыртқы жиегін қаптау.
Поруаз - үйдің үстін жапқанда, үстіне көлденең салынатын ағаш. Сәлдір -
терезе қоятын ағаш.
Жергеме - жерден қазылған үй. Әзір жергемеде итте тұрмайды. Түркіменше-
еркүме.

2.3 Ыдыс-аяқ атауларына байланысты сөздер
Тағара керсен, үлкен тегене. Паризат хамырны кәттә тағараға ашырды.
Қырғызша тағара кір жуатын ыдыс мағынасында 31.122.
Ләгән жайпақ табақ. Ләгәнгә аш сап әпкә.
Кәпкір палау басуға арналған ожау. Еттің қамырын, бауырсақты сүзіп алатын
тор көз ожау.
Чөміш ожау. Шорпаны кәсәгә чөміш білән бөліп құйдым. Өзбекше чумич ожау.
Чәугум дәрет алуға арналған ыдыс, шәйнек. Қызым чәугумгә суны толтырып
құйды.
Бақыр шелек. Қазіргі кезде бақырға ашытып көже құйып қоятын болған.
Пәтміс поднос, жайпақ ыдыс. Самауырны пәтміскә қой.
Әләк ұн елейтін елгезер. Әләгің көзі майда боғанныки, ұнның түшүі қиынға
соқты. Азербайжан тілінде әләк сито.
Пілік шамның білтесі. Чамың пілігін чықарып қой.
Көгіт сіріңке. Көгітні ашханадан ал.
Уш лампа Базардын ушың пілігін әпкедім. М.Қашқари сөзд. Ыш шырақ иісі. .
Кәвәш балшықтан жасалған ыдыс 2-Зл. Шорпаны кәвәшкә құй.
Тәкәш темірден жасалған ыдыс 2-Зл. М.Қашқари сөздігінде екі жерде
кездеседі 1.Тегіш бір нәрсенің түбі, 2. Тегне тегене.
Табақ тостаған. Кәсә, табақлар ашханада тұр. Өзбекше товоқ тостаған.
Тік аяқ - шәшке шынысаяқ. Біз бойлай тік аяқпен ішеміз. Шай аяқ - шын аяқ.
Шәйгөм - аққұман. Шоқ үстінды қызыл ала шәйгөм. Жүйше - шыныдан жасалған
ыдыс. Себет - талдан тоқылған ыдыс. Себеппен себет арбаға мінеді.
Су қауақ - асқабақтың үлкен түрі. Қабағын көбіне су құюға пайдаланады.
Өзбекше-сувқивақ. 1.Асқабақ 2.Асқабақтан жасалған ыдыс.
Метей - аз құюға арналған ағаштан жасалған ыдыс. Оны түйгег артып алып
жүреді.
Пенжере - шамның жүн кигізетін жері.

2.4 Тағам атауларына байланысты сөздер Аукат тамақ, ас. Ауқат
аңыслар.
Тәңгәш қалыңдау жайылған қамырды тырнақтың көлеміндей шаршылай турап
жасаған тағам түрі. Бүгін тәңгәш пішірдім, төргә өтіңіз.
Сұйғаш сұйықтамақ, көже. Кешкә бір сұйғаш яшап берсәң ...
Аш палау. Әр пәйшәмбідә үйің ер адамы аш қылады. Азербайжан тілінде аш
палау.
Кабақ хамыр қамырды жайып, суға пісіріп, қамыр үстіне өз алдына
пісірілген картоп, асқабақ, құйрық салып жасаған тағам. Бізің үйіміс көбіне
кабақ хамыр ейді.
Шәулә етті майдалап турап, суы молдау, палаудан әлдеқайда жұмсақтау
піскен күріш тағамы. Шәуләң бүгін зор бопты.
Нарын етін де, қамырын да ұсақтап турап жасаған тағам түрі, оны көбінесе
ауызашарда береді. Мүйдін деген кісі Бұлақты-суға қонаққа барғанда, нарын
беріпті.
Зуала жаю үшін немесе нан пісіруге дайындалған қамыр бөлегі. Түрікменше
зувала, өзбекше зувала, қарақалпақша зууала.
Қызары қызыл бұрыш. Ашның қыздарысы көп боп кетіпті.
Мүрч қара бұрыш. Ауқатның дәмін кіргізәтін хәм мүрч.
Пәтір ашытпай, майға илеген нан. Қарақалпақ тілінде пәтир деп ашытпай
жапқан нанды айтады, өзбекше патир, кырғызша — патир.
Май чәлпәк маға пісірген ашытпа нан. Пәшәмбігә май чәлпәк тайыннадым.
Хатлама қабаттап пісірген нанның бір түрі. Нанды үлкендеу етіп жайып
арасына май құйып, орап, қызып тұрған оттағы табаға қыздырып пісіреді.
Қамбая — ашытқы. Хамырға қамбая сала саңнар. Сумай өсімдік майы. Базардын
сумай ала кірчі. Шәкәр ұсақ қант. Күнсұлу айто чайыға шәкәр сап ічіп
отыр.
Мәуә-чәуә кәмпит, өрік, мейіз. Базарға барып ойгә мәуә-чәуә ала кірің.
Тұқым жұмыртқа. Май чәлпәкні тұқымға иләп, дұмалақлап майға пішірәді.
Әзмә езіліп жасалған тағам, пюре. Азербайжан тілінде әзмә пюре.
Дұхабашын қамырды ұсақтап домалақтап көжеге салып пісірілген астың түрі.
Сұйғаш, дұхабашын бізің сүйікті ауқатымыз.
Тәслен шай- жапырақ шайдың ең жақсы сорты. Тәслен шайды әзір көп шығаратын
болып жүр.
Тұздәмек- Тұзды қиярдың түздәмегін алған тура.
Түсбенелік- Түскі тамақ. Шаңдатып келе жатқан түстенелік автобусы.
Тықпа - бүрме. Қойдың етін қатырып сақтау. Бұзып ала қоятын тықпа да жоқ.
Шекиде- сүзбе, базарда шикеде сатып жатыр.
Зағыра- жүгері ұны. Зуала - иленген қамырдың үзінділері.
Сөк - қауынды қайнатып қуырған үн қосып жасалған құрт жасалған құрт сияқты
тамақ. Түркіменше сөк-қауыннан жасалған варенье.
Соқпан- қамырды үзіп-үзіп қайнаған суға салып жасалған сорпа.
Ұнаш - вермишель, макарон. Ұнашқа берген пұлдан қалғаны қайда?
Майтүймеш - егін алған кездегі тарыны түйіп, қаймақ, май қосып жасайтын
тамақ.
Мереш - жапырақ шайдың 50 грамдығы.
Жеміт - жент, май, қант, тары, ірімшік қосып жасалған тамақ. Тағамның
тәңірісі жемет қой.
Қазанжаппа - қазанға жауып пісірген нан, қарша қазан-жаппаны бері әкел,
турайық.
Қойыш - лапша жасау үшін туралған қамыр. Қазандағы қайшың бірігіп қалады
ма, қарау керек.
Қақ - сары майдың шыжғырған да түбінде қалғаны.
Қарма - майға қуырылған балық.
Қарашық - палаудың үстіне салынатын ет. Қарашығың аз ғой,
Қаттама - жұқа нанның арасына қаймақ орап, майға пісірген нан. Қой, қаттама
пісір.
Қаттық - айран. Қаттық қосқан сорпа дәмді келеді.
Қатырма - жұқа етіп жайып, қазанға, жертабаға пісірген нан.

2.5 Құрал-сайманға байланысты сөздер
Андаба сылақшының үй сылайтын құралы. Бұның басқа жерде андуа, әндемі
(Қост.), кілмала 34.98, тәрізді баламалары бар. Әпкіш суағаш,
мойынағаш. Суны әпкішбілән ташимыз.
Әнбір, пласкеус шеге суыратын құрал, кемпірауыз. Басқа жерлерде оны
тістеуік деп те атайды. Әзірбайжан тілінде әнбүр плоскогубцы.
Тыранбақ - тұз өндірісінде ұсақ тұздарды сүзіп алуға арналған құрал.
Тікеш - тандыр нанға немесе таба нанға өрнек салуға арналған, дөңгелек,
щетка сияқты құрал.
Сендер де тікеш барма. Қарақалпақша тікеш тікуч,
Пәкі - устара. Уреке, мына кісінің пәкісімен шөме алдырамын.
Сірғалақ - өрнек тоқуға қажетті ағаштан жасалған құрал. Құрметке сырғалақ
жасатып ал.
Мойындырық - өгіз қамыты.
Бозундырық - өгіздің мойнына кіргізетін ағаштан жасалған қамыт.
Шоқпақ ұру - қауын-қарбыздың піскендігін байқау үшін, пышақпен тесіп көру
құралы.
Шаппа - бәкі. Оқушы дүкеннен шаппа алды. Шар - қайрақ шарды шап басып алып
бардым. Шебік - жұқа тақтай фонера
Шеге біз - шеге қағудан бұрын оған дайындайтын біз, шабақ үйдің төбесіне
белдіктің үстіне бастыра салынатын жіңішке ағаш.
Үліп - құлып салуға арналған темір.

2.6 Туыстық атауларға байланысты сөздер
Таға нағашы, шешенің іні ағалары. М.Қашқари сөздігінде тағай немере аға.
Өзбекше таға.
Апам тоқсанға арнап яшаған тойыға барча тағаларым, әммәкі, халаларым кәді.
Баба ата. Пушту тілінде баба отец 35.156. Мәнің бабам биыл сәксән
яшта.
Әмәкі әкенің інілері. Салыстырмалы түркі сөздігінде әмәкдәш молочный
брат. Әмәкіләрімбілән базарны чыр араладым.
Хала шешенің сіңлі, әпкелері. Арабша хала сестра со стороны матери,
өзбекше хала.
Қошны көрші, қоңсы-қолаң. М.Қашқари сөздігінде Қошны көрші, Өзбекше
қошны. Көчәмісің қошыннары хайнама көңіл этті.
Ортақ - ер кісінің жолдасы, досы. Бұ күндә ортақ боғанымысқа оттыз иыл
опты. Өзбекше ортақ, М.Қашқари сөздігінде ортақ серік. Ortak еrden аrtuк
а1mas.
Саучы құдалар жіберген елші. Бүгін айтома саучылар эттіріп кеді.
М.Қашқари сөздігінде савшы елші.
Айто апа, өзінен үлкен қыз бала немесе әйел. Айтоға қара, бізгә қарап
тұр.
Әбәрә немере. Ошы күндә он беш әбәрә көрдім, баба одым.
Кызалақ шақалақ қыз бала. Баланың қызалақ пәйті бір шырын да!
Хайна ене. Он кәлін маңдайыңа язса, бір хайнаның топырығыдан яралмақ.
Кеннай жеңеше. О, кеннай кеп қапты ғой. Үйге жишем келді, жише жеңеше.

Бегана бөтен. Өзбек тілінде бегона бөтен, жат.

2.7 Өсімдік атауларына байланысты сөздер
Қайсібір тіл болмасын, сол тілдің ішіндегі жергілікті ерекшеліктердің
болуының бір себебі сол тұрғындар мекендейтін өңірдің табиғатының, жер
бедерінің, ауа райының өзгешелігіне байланысты ол жерде өсетін
өсімдіктердің сан түрлі болуы, айналысатын кәсібінің басқа жерлермен
ұқсамай өзгеше болып келуі және оларға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кұрамы жағынан әртүрлі халықтардың қонысы болып, аралас-құралас отырып, тығыз қарым-қатынаста болған өңірі тұрғындары тілін зерттеу
Фонетика. Фонетикалық ерекшеліктер
Фонетикалық ерекшеліктер
Диалектологияға мол үлес қосқан оралман қазақтардың тіл ерекшеліктері
Қазақ диалектологиясының зерттелуі
Фонетика
Алыс, жақын шетелдік қазақтар тілінің зерттелуі
Қытай қазақтары тілдік ерекшеліктерінің зерттелу жайы
Тіл ерекшелігі
Қытай қазақтары тілдік ерекшеліктері
Пәндер