Қатерлі дерттің алдын ал


Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ҚАТЕРЛІ ДЕРТТІҢ АЛДЫН АЛ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы №1113 Жарлығымен бекітілген 2011-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлі­гінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы «2014 жылға арналған салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурудың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізу туралы» №45 бұйры­ғын орындау мақсатында Алматы қалалық Сала­уатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен қаламызда Иммундау апталығы өткізілді.

Апталық барысында Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы қала емханала­рының екпе жасау бөлмесінің мамандарына арнап «Вакцина. Мәселелері мен болашағы» тақырыбында семинар өткізді. Семинарда Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының бас иммунолог дәрігері С. Постнева, Алматы қалалық тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің бас маманы В. Юсупов, №7 қалалық балалар емханасының педиатрия бөлімінің меңгерушісі Х. Сұлтанқұлова арнайы тақырыптарда баяндама жасап, жұмыс тәжірибесімен бөлісе отырып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Іс-шара соңында емханаларға иммундау тақырыбында арнайы дайындалған бейнероликтер мен 4730 дана ақпараттық-ағарту құралдары таратылды.

Иммундау апталығы аясында барлық қала емханаларында жоспарлы түрде екпе қабылдау жасындағы балалардың тізімі құрылып, екпе жүргізу жұмыстары жасалды. Медицина қызметкерлері мен психолог мамандары жас ата-аналарға арнап әңгімелесулер, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Медицина мамандарына арналған «Полиомиелит: бүгіні мен ертеңі», «Белсенді иммундау жұмысының маңызы» атты тақыраптармен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. .

Мектепке дейінгі мекемелер мен жалпы білім беру орындарында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып, қазіргі уақытта қолға алынып, жүргізіліп жатқан адам папилломасы вирусына қарсы егілетін екпе жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылар арасында «Мен екпе жайлы не білемін?», «Менің денсаулығым - менің болашағым» тақырыптарында диктант жазылып, оқушылар өз ойларын ортаға салды.

Қаламыздың барлық емханаларында ата-аналарға арнайы иммунолог, педиатр-дәрігерлер кеңес берді.

Иммундау апталығы аясында өткен іс-шарада 20641 адам қамтылып, оның ішінде 6083 адам тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханада екпе қабылдады.

Елімізде конго-қырым қанды безгегінің алдын алу бойынша жүргізілген түсіндіру жұмыстарына қарамастан, ауруға шалдыққандар медициналық көмекке кеш жүгінеді.

Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы Кеңес Оспанов БАҚ өкілдерімен болған баспасөз мәслихаты барысында мәлім етті.

Оның атап өтуінше, Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында кене шаққан азамат 6 күн бойы дәрігерге көрінбеген. «Демек, біз қаншама қыруар жұмыстар атқарғанымызбен, көптеген азаматтар өздерінің денсаулықтарына салғырт қарап, медициналық көмекке кеш жүгінеді», дейді ол.

К. Оспановтың келтірген деректеріне сәйкес, ағымдағы жылы конго-қырым қанды безгегіне қатысты 11 оқиға тіркелсе, оның 10-ы ОҚО-ға, ал 1-еуі Қызылорда облысына тиесілі. Аурулардың 3-еуі қаза тапқан. Ал биылғы 4 айдың ішінде республика бойынша кене шаққан 8155 адам медициналық көмекке жүгінсе, оның -сі ОҚО-да, 331-і Қызылорда облысында, ал 47-сі Жамбыл облысында орын алған.

Денсаулық министрлігінің мамандары инфекцияның таралуына жол бермеу, әрі ауруға шалдыққан кенелердің таралу аумағын анықтау мақсатында 34 мыңнан астам жәндікті жинап, зерттеген. Сонымен қатар 979 елді мекенде кененің таралуына қарсы алдын ала іс-шаралар жүргізіліп, 12 млн. шаршы метр жер өңделген. Тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін халықаралық ұйымдардың қолдауымен Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында КҚҚБ-ның алдын алуға кеңес беретін 13480 кітапша таратылған.

Алдын алу шараларына және денсаулық нығайтуға жеткілікті көңіл аудару ауруларды 70%-ға қысқартуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда орын алып отырған жүрек-тамыр аурулары, онкологиялық аурулар, жарақаттар, созылмалы обструктивті өкпе аурулары Қазақстан халқының өлім-жітімі құрылымында көшбасшы орындарды иеленеді, ал олардың пайда болуына ықпал ететін қауіпті факторлар жойылған кезде, бұл аурулардың сәтті түрде алдын алуға болады.

Осыған байланысты 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында скринингтік бағдарламаларды кеңейтуге, АМСЖ-ның әлеуметтік-бағдарлы моделін енгізу, алыста орналасқан елді мекендердің тұрғындарына медициналық жәрдемнің қолжетімді болуын қамтамасыз ету үшін мобильді медицинаны құруға, әуе көлігіндегі санитариялық авиацияны дамытуға қаржы көзделді.

2011 жылы келесідей шаралар жалғасын таппақ:

Қанның холестерині мен глюкозаны анықтау жолымен АГ, ЖИА, қант диабеті ауруларының алдын алу үшін ерте кезде скрининг зерттеулерін жүргізу (АМСК ұйымдарының дәрігерге дейінгі кабинеттері деңгейінде экспресс-диагностика жүргізу үшін құрал-жабдықтар мен тест жолақтарын сатып алуға ЦТТ көзделген) .

Естудің туа біткен және тұқым қуалайтын патологиясын анықтау үшін ерте жастағы балаларға скрининг зерттеулерін жүргізу (босануға көмек көрсету ұйымдарын отоакустикалық эмиссия регистрациясының портативті құралдарымен жарақтандыру) .

РАР-тест пайдалана отырып әйелдерді жатыр қуысының обырын анықтау үшін скрининг зерттеулерін жүргізу (сұйықтық цитология құралдарын кезең-кезеңімен сатып алу) .

В және С гепатитін анықтауға мынадай мақсатты тәуекел топтарға скрининг жүргізу:

2011 жылдан бастап балаларға (қан, гемодиализ, қатерлі ісік ауруларына шалдыққан, қайта операция жасалған және қан мен оның компоненттері құйылған науқастар) ;

2012 жылдан бастап ересектерге (медицина қызметкерлер: операция жасайтын дәрігерлер және хирургиялық профиль, проедура кабинетінің, жедел медициналық жәрдем, қан орталығының, патологоанатомиялық қызмет, сот медицина сараптамасының дәрігерлері, сондай-ақ, қан ауруларына шалдыққан науқастар) ;

Глаукоманы ерте кезде анықтау үшін скрининг жүргізу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қатерлі ісік – қоғам жарасы
Салдану. Күдік пен үміт
Клиникалық эпидемиология әдістемелік нұсқама
Көкірек безінде қатерлі ісігі бар науқастарды оңалту және күтім жайлы
Туберкулез аса қауіпті дерт
Аурулардың жаһандық ауыртпалығы
Жатыр денесіндегі рак аурулары
Туберкулез- өте жұқпалы
Метастаз
СПИД ауруын тарататын тек адам ғана
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz