Төтенше жағдайлардағы халықты, аумақ пен ұйымдарды қорғау шаралары


Жоспар.

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

а) Қорғаныш шараларын жүргізу сипаты

б) Химиялық, радациялық, биологиялық зақымдану қауіпі

в) Ядролық зақымдану ошақтарының құтқару жұмыстары

ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер

Төтенше жағдайлардағы халықты, аумақ пен ұйымдарды

қорғау шаралары.

Төтенше жағдайларды ескерту және іс-әркеттер жөніндегі Республикалық жүйенің өзіне жүктелген міндеттерге орындауға даярлығы түпкілікті нәтижеде оның осы мақсатқа жету қабілетін анықтайды. Қазіргі уақытта адамзаттың алдында соғыс қатерінен басқа ғаламдық қауіп-экологиялық апат қауіпі өткір тұр: ауа ластанған, өзендер мен көлдер қышқылды жауындармен уланған, топырақ бөлінуде, ормандарға, өсімдіктер мен хайуанаттарға қауіп төнуде.

Адам өміріне қауіпті заттарды пайдаланатын және өндіретін объектілер бір жерге шоғырлануда. Бұл объектілердегі апат салдарын қазіргі заманғы жаппай қырып-жою құралдарын қолдану салдарымен салыстыруға болады. Чернобыль АЭС-індегі оқиғаларды, Армениядағы, Нефтегорскідегі, Шығыс Қазақстандағы жер сілкіністерін және басқа төтенше жайттарды талдау бейбіт уақыттағы жағдайда адамдардың қауіпсіздігі мәселесіне басқаша тұрғыдан қарауға мәжбүр етеді.

Республика аумағындағы атом энергетикасы, химия өнеркәсібі объектілері мен өзге де объектілері орналасқан, мұндағы апаттар үлкен адам құрбандықтарымен, материалдық залалмен қатар елеулі экономикалық салдарғада ұшыратуы мүмкін. Осы жағдайлар мемлекеттік, әскери және шаруашылық органдары тарапынан Азаматтық қорғаныс мәселелеріне, халықты сенімді қорғау мен шаруашылық объектілерін сақтау, басқару жүйесінің мүлтіксіз жұмыс істеуі жөніндегі міндеттерді шешуде жаңа ұстанымдарды қажет етеді.

Бейбіт уақыттағы ықтимал төтенше жағдайда, сондай-ақ қаруларының даму бағыты мен оларды қолдану туралы көзқарастарды ескере отырып, халықты қорғаудың негізгі принциптері мен әдістерін іске асыру халықтың сенімді қорғалуын дәйекті көтеруді қамтамасыз етеді.

Халықты апат, зіл зала мен құралдарынан қорғау жөніндегі шараларды жүргізу сипаты, көлемі мен мерзімі ахуалды бағалау және жергілікті жағдайлар мен мүмкіндіктерді ескер отырып, әзірленетін АҚ жоспарлармен анықталады.

Қорғаныш шараларын жүргізу сипаты мен көлемін анықтаудағы салыстырмалы көзқарас.

Қорғаныс шараларының сипаты мен көлемі Төтенше жағдай сипатына, сондай-ақ, қалалардың, шаруашылық объектілерінің экономикалық және қорғаныс маңыздылығы мен жергілікті жағдайларға байланысты.

Соғыс жағдайында, бірінші кезекте, халықпен шаруашылық объектілерін қорғау жөнінде шаралар АҚ тобына жатқызылған қалаларда, оларға іргелес елді мекендерде жүргізіледі. Бейбіт уақыттағы төтенше жағдай міндеттерін анықтау кезіндегі өткізілген шаралардың сипаты мен көлемі әр түрлі аймақтарға тән зіл зала түріне, сондай-ақ аса қауіпті шаруашылық объектілеріндегі ықтимал апаттарға байланысты.

Жер сілкіну қауіпі бар адамдар үшін халықты қорғаудың негізгі міндеті апатты жер сілкінісі кезінде халық құрбандығы мен экономикалық залалды азайту үшін жүргізілетін шаралар болып табылады.

Су басу, тасқын аймағында орналасқан нөсер үшін зіл зала болатындығын алдын ала ескертудің маңызы өте зор және оның ықтимал зардабына байланысты.

Химиялық, радиациялық жарылу және өрт қауіпі бар объектілердегі ықтимал апат қауіпі кезінде халықты қорғау міндеті апаты болдырмау және ол пайда болған кездегі залалды азайтуға байланысты.

Қорғаныс әдістері мен құралдарын анықтаудағы кешенді көзқарас.

Халықты қорғау жөніндегі шаралардың кешенділігі ТЖ сипатына байланысты қорғаныс әдістері мен құралдарын тиімді пайдалануда, ал соғыс уақытында зақымдау құралдарының түрі мен көлеміне орай туындайды.

Әр бір нақты жағдайда қалыптасқан ахуалға олардың қайсысы барынша сәйкес келетіндігіне мән бере отыра, халықты қорғау әдістерін қисынды үйлестіріп, дәл қолдана білу қажет. Халықты бейбіт уақыттағы ТЖ-дан осы заманғы зақымдау құралдарының қорғау жағдайына жедел аудару үшін бейбіт уақытта сипаты мен көлемі бойынша әр түрлі инженерлік, көшіру, радиациядан қорғау, дәрігерлік қорғау, өрттен қорғау және өзге шаралардың кешенін өз уақытында жоспарлап, іске асыруға қажет.

А) Инженерлік шаралар.

Халықты қорғаныс ғимаратына жасыру - шабуыл жағдайында оны қорғаудың ең негізгі әдісі болып табылады. Азаматтық қорғаныс тобына жатқызылған қалалар мен шаруашылық объектілеріне панаханаларды дер кезінде салу мақсатында қорғаныс ғимаратының құрылысын және қалған қалалар мен селолық жерлердегі радиациядан қорғайтын орындарды салуды өрістету болып табылады.

Ә) Көшіру шаралары.

Төтенше жағдайда болсын, заманғы, зақымдау құралдарын қолдануда тұрғындарды қорғау мақсатында көшіру шараларындер кезінде жүргізудің маңызы өте зор.

Б) Радиация мен химиядан қорғау шаралары.

Халықты радиация мен химиядан қорғау шаралары әдеттегі бірыңғай Азаматтық қорғаныстың құзырына жатады олар мыналарды қамтиды:

- халыққа радиоактивтік, химиялық зақымдану туралы хабарлауды: азық-түліктің, судың, мал мен өсімдіктің ластануына жол бермеу және оларды залалсыздандыру;

- радиоактивтік және химиялық зақымдану жағдайында халықты қорғау режимдерін өзірлеу;

- жердегі ғимараттағы радиация дозасының қуатын, сондай-ақ суды, азық-түлікті улы затпен ластануын анықтау үшін «Мастер- 1», «Сосна», «Белла» тұрмыстық дозиметрлерін пайдалану;

- радиоактивтік ластану және химиялық зақымдану салдарын жою.

В) Медициналық шаралар.

Халықты ТЖ мен қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан қорғау бойынша дәрігерлік шаралар халықты иондаушы сәулелерден, улы заттармен, газдармен және бактериялдық құралдармен зақымданудан қорғау немесе дәрежесін төмендету мақсытында жүзгізіледі.

Ол мыналарды қамитиды:

- санитарлық -гигиеналық және сақтандыру шараларын жүргізу;

- халық пен АҚ бөлімшелерінің жасақшыларын зақымданған кезде өз-өзіне және өзара көмек әдістерін оқып үйрету;

- халық пен АҚ бөлімшелерінің жеке құрамын дәрі-дәрмекпен қамтамасыздандыру;

- объектілердің радиоактивті, химиялық заттармен және бактериялдық құралдармен зақымдалуына лабараториялық бақылауды ұйымдастыру.

Г) Өрттен қорғау шаралары.

Бұл - халық пен шаруашылық объектілерін өрттен қорғау мақсатында жүзгізілетін техникалық және ұйымдық шаралардың кешені. Өрттен қорғау шаралары мынаны қамтиды:

- қалалардың, басқа елді мекендер мен шаруашылық объектілерінің өртке қарсы беріктігін көтеру жөнінде инженерлік-техникалық және өрттен сақтандыру шараларын жүзгізу;

- ықтимал өрт сипатын, оның зардабын болжап, анықтау;

- өрттен қорғау қызметі мен халықтың тиісті даярлығын қамтамасыз ету;

- өрт ошықтарын және адамдарды орналастыратын жерлерді бағалау;

- өрттің алдын алу және оның өшуіне жол бермеу мен сөндіру.

Сонымен, қорғау әдістері мен құралдарын анықтаудағы кешенді көзқарас ғана халықтың сенімді қорғалуын қамсыздандырады. Жеке және медициналық қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалана білу, бүкіл халықты ТЖ мен қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді. Қазақстан қарулы күштерімен тығыз байланыста қорғаныс шараларын жоспарын және өткізу.

Республика басқару органдарына әзірленетін өзара іс-қимыл жоспарларының мазмұнына ҚР Қарулы күштерімен тығыз байланысты орнату жөніндегі негізгі мәселелерін енгізген:

Даярлық дабылдары бойынша АҚ және ТЖ органдары гарнизондарының хабарлау және осы органдардан атқарылған шаралар туралы кері ақпарат алу тәртібі.

Зақымдау ошақтарында және зіл зала, ірі апат кезінде барлауды ұйымдастыру мен құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізу мәселелерін келісу. Әкери басшылық жарылыс, өрт, уландырғыш заттар ошақтарын барлау үшін ұшақтар, тік ұшақтар, әскери бөлімдердің барлау құрылымдарын және техниканы бөлуі мүмкін.

Радиациялық және химиялық қадағалау мен лабараториялық бақылаудың бірыңғай жүйесін белгілеу.

Көлік, медицина, инженерлік, материялдық-техникалық құралдар мен өзара көиек көрсету жөніндегі шаралар.

Санитарлық-эпдемиялық ахуал туралы ақпарат. Халықты көшіруді басқару үшін байланыс және хабарлау құралдарын бірлесіп пайдалану.

Әуеден шабуыл, химиялық, радиациялық, биологиялық зақымдану қаупі туғандағы қимылдар.

Радиоактивтік немесе химиялық шабуылда осындай дабылдар беріледі егер хабар жеткенде үйде болғанда есік-терезелерді бекітіп, саңылауларды бітеу керек. Далаға шығатын болсаңыз комбинизон, етік, егер олар болмағанда пленкадан жасаған иыққа жамылғыш киюі керек. Қауіптің өткендігі жөнінде хабар алған соң, асығып-саспай, байсалдылықпен қимылдау қажет.

Орта және жоғары оқу орындарында төтенше жағдай кезінде адамдарды құтақару жұмыстарын жүргізу үшін әскери емес жасақшылар тобы құралады олар:

- барлау топтары- 15-16 адамнан тұрады.

- қоғамдық тәртіп қорғау топтары

- санитарлық дружина-25 адам

- санитарлық бекеттер-2-3 адам

- радиациялық не химиялық бақылау бекеттері

- құтқарушы топтар - 30-35 адам

- бірнеше өрт сөндірушілер топтары- әрқайсысында 4-5 адам

Ядролық зақымдану ошақтарындағы құтқару жұмыстары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар
Бейбіт уақыттағы төтенше жағдайлар
Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдай басқармасының органдарында шешім қабылдау жөнінде информациялық және техникалық қолдау
Халықты және шаруашылық жүргізу объектілерін қорғау жүйелері
Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары
Өнеркәсіп нысандарындағы АҚ және ТЖ құрылымы мен қызметі
Азаматтық қорғаныстың басқару ұйымдары
Азаматтық қорғаныс мәселелері
Техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар
Азаматтық қорғаныстың міндеттері мен қолданатын шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz