Аппеляциялық іc жүргізу
КІРІСПЕ 3
І.ТАРАУ. АППЕЛЯЦИЯЛЫҚ ІC ЖҮРГІЗУ
1.1. Заңды күшіне енбеген шешімдерге аппеляциялық шағым беру
сатысының мәні мен маңызы
1.2.Аппеляциялық шағым беру мен наразылық құқығы
ІІ.ТАРАУ. аппеляциялық шағым беру құқығының субъектілері
2.1. Coт шешіміне шағым беру мерзімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2. Шағым беру құқығының субъектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3. Coт шешімдерінің күшін жою негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.4. Жеке шағым берумен жеке наразылық келтіру объектісі ... ... ... ... ... .
2.5. Жеке адамның шағым беруі бойынша сот өндірісі ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Қазақстан Республикасы өз егемендігін алып, жаңа демократиялық елдер қатарына қосылып, өзін әлемге таныту үшін және құқықтық мемлекет екендігін айқындау үшін құрылымы жағынан жаңарту бағытын ұстап келеді.
Мемлекеттің негізі болып табылатын заң жобаларының механизмін жүргізу үшін 1994 жылы 12 ақпанда Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Республикада атқарылатын құқықтық реформаның бағдарламасын заң жүзінде бекітті.
Қазақстан Республикасының халқына жолдаған үндеуінде
президент сот органы демократиялық қоғамның ең негізгі бағыты
екенін нақтылап, егемендік алу декларациясында Үкіметтік заң
шығарушы, орындаушы, сот органдарынан тұратын негізгі принциптерін жариялап, соттардың сайланудан тағайындалуға өтетінін стратегиялық шараларын соттық жүйені реформалауда қолдану мақсаты алға қойыдцы.
Мемлекеттің құқықтық жүйесін мемлекеттік және қоғамдық мұдцелерді қорғайтын бұқаралық құқық пен жеке мүддеелерге қызмет етіп, оны қорғауды қамтамасыз ететін жеке құқыққа ауқымды бөліну процесі аясында жұріп жатыр.
Осымен байланысты жеке, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді байыпты үйлестірудің шұғыл қажеттігі сақталып отыр.
Соттар мен сот органдарының құзіреті мен қызметі жоғарыдағы заң актілерімен өзгертіліп, бекітілгеннен кейін сот өндірісіде өзгереді. Қабылданған заң актілеріне сәйкес жоғарғы соттың судьялық алқалық өкілеттігі кеңейіп, аймақтық соттарды, бірінші сот инстанциясының шешіміне шағымданудың апеллияция инстанциясының қажеттілігі туындап отыр.
Елбасының Қазақстан халқына жолдаған дәстүрлі Жолдауында "Біз дәйекті түрде саяси тежемелік пен тепе-теңдіктің үйлестірілген жүйесіне негізделген құқықтық мемлекет құрып, оны нығайта береміз" — деген болатын.
Азаматтық іс жүргізу өндірісіне апелляциялық азаматтық істердің соттық шешімнің заңдылығын апелляциялық тәртіп бойынша тексеру үшін қажет.

НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Қ.Р. Президенті "Қ.Р. Құқықтық реформаның мемлекеттік
бағдарламасы туралы" жарлығы. 14 ақпан 1994 ж.
2. Қ.Р. Жоғарғы Сот пленумының "Соттардың азаматтық іс жүргізу
заңының кейбір нормаларын қолдану туралы" N 9 қаулысы 26
шілде 2000 ж.
3. Қ.Р.Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауы "Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау
қарсаңында" Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50
елдің қатарына кіру стратегиясы Астана 1 наурыз 2006 ж. //Егемен
Қазақстан 2 наурыз 2006 ж.
4. Назарбаев Н.Ә. "Қазақстан экономикалық әлеуметтік және саяси
жедел жаңару жолында" Қазақстан Республикасы Президентінің
Жолдауы. //Егемен Қазақстан 25 ақпан 2005 ж.
5. "ҚР Конституциясы" Алматы 30 тамыз 1995 ж.
6. "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы және
Ерекше бөлімдері) — Алматы. Юрист, 2001 ж.
ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР:
7. Қ.Р. "Аралық соттар туралы" заңы. 28 желтоқсан 2004 ж.
8. Қ.Р. Азаматтық іс жүргізу кодексі. 13 шілде 1999 ж.
9. Қазақстан Республикасының "Азаматтық іс жүргізу кодексі" —
Алматы. Юрист, 2004 ж.
10. Қ.Р. "Сот жүйесі және сот мәртебесі туралы" заңы.
желтоқсан 2000 ж.
11. Қ.Р. Президентінің "Қазақстан Республикасы сот жүйесінің
тәуелсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы" жарлығы. 1
қырқүйек 2000 ж.
12. Қ.Р. "Сот сараптамасы туралы" заңы. 12 қараша 1997 ж. //Егемен
Қазақстан 19 қараша 1997 ж.
13. Қ.Р. Президентінің 2002 жылғы 20 қырқүйектегі N 949
Жарлығымен макұлданған "Қ.Р. Құқықтық саяси
тұжырымдамасы" //Егемен Қазақстан 3 қазан 2002 ж.
14. Қ.Р. "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының
мөртебесі туралы" заңы. 20 маусым 1998 ж. //Егемен Қазақстан. 10
шілде 1998 ж.
15. Қ.Р. "Нормативтік құқықтық актілер туралы" заңы. 24 наурыз.
1998 ж. //Егемен Қазақстан 28 наурыз 1998 ж.
16. Қ.Р.Президентінің "Қ.Р. Прокуратурасы туралы" заңдық күші бар
жарлығы. 21 желтоқсан 1995 ж.
17. Қ.Р. Жоғарғы Сот пленумының "Моральды зиянды өтеу туралы
заңды сот арқылы қолдану туралы" қаулысы. 22 желтоқсан 1995 ж.
17. Қ.Р. Жоғарғы Арбитражды Сот пленумының "Арбитражды
шемімнің орындалуы туралы" қаулысы. 4 қырқұйек 1995 ж.
18. Қаз ССР Жоғарғы Сот пленумының қаулыларының жинағы.
Алматы 1978 ж.
19. Төлеуғалиев F. "Азаматтық құқық" Жалпы бөлім І-том Алматы:
Жеті жарғы 2001 ж.
20. Жайлин F.A. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы.
Ерекше бөлім ІІ-том, Алматы: Заң әдебиеті, 2003 ж.
21. Абдукаримова Ж.С. "Бірінші сатыдағы сот ісін жүргізу тәртібі": оқу әдістемелік құрал — Түркістан, 2006 ж.
22. Қ.Р. "Нормативтік кұқықтық актілер туралы" заңы. 24 наурыз.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
І-ТАРАУ. АППЕЛЯЦИЯЛЫҚ ІC ЖҮРГІЗУ
1.1. Заңды күшіне енбеген шешімдерге аппеляциялық шағым беру
сатысының мәні мен маңызы
1.2.Аппеляциялық шағым беру мен наразылық құқығы
ІІ-ТАРАУ. аппеляциялық шағым беру құқығының субъектілері
2.1. Coт шешіміне шағым беру
мерзімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.
2.2. Шағым беру құқығының
субъектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3. Coт шешімдерінің күшін жою
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .
2.4. Жеке шағым берумен жеке наразылық келтіру
объектісі ... ... ... ... ... .
2.5. Жеке адамның шағым беруі бойынша сот
өндірісі ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы өз егемендігін алып, жаңа демократиялық елдер
қатарына қосылып, өзін әлемге таныту үшін және құқықтық мемлекет екендігін
айқындау үшін құрылымы жағынан жаңарту бағытын ұстап келеді.
Мемлекеттің негізі болып табылатын заң жобаларының механизмін жүргізу
үшін 1994 жылы 12 ақпанда Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Республикада
атқарылатын құқықтық реформаның бағдарламасын заң жүзінде бекітті.
Қазақстан Республикасының халқына жолдаған үндеуінде
президент сот органы демократиялық қоғамның ең негізгі бағыты
екенін нақтылап, егемендік алу декларациясында Үкіметтік заң
шығарушы, орындаушы, сот органдарынан тұратын негізгі принциптерін
жариялап, соттардың сайланудан тағайындалуға өтетінін стратегиялық
шараларын соттық жүйені реформалауда қолдану мақсаты алға қойыдцы.
Мемлекеттің құқықтық жүйесін мемлекеттік және қоғамдық мұдцелерді
қорғайтын бұқаралық құқық пен жеке мүддеелерге қызмет етіп, оны қорғауды
қамтамасыз ететін жеке құқыққа ауқымды бөліну процесі аясында жұріп жатыр.
Осымен байланысты жеке, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді байыпты
үйлестірудің шұғыл қажеттігі сақталып отыр.
Соттар мен сот органдарының құзіреті мен қызметі жоғарыдағы заң
актілерімен өзгертіліп, бекітілгеннен кейін сот өндірісіде өзгереді.
Қабылданған заң актілеріне сәйкес жоғарғы соттың судьялық алқалық
өкілеттігі кеңейіп, аймақтық соттарды, бірінші сот инстанциясының шешіміне
шағымданудың апеллияция инстанциясының қажеттілігі туындап отыр.
Елбасының Қазақстан халқына жолдаған дәстүрлі Жолдауында "Біз дәйекті
түрде саяси тежемелік пен тепе-теңдіктің үйлестірілген жүйесіне негізделген
құқықтық мемлекет құрып, оны нығайта береміз" — деген болатын.
Азаматтық іс жүргізу өндірісіне апелляциялық азаматтық істердің соттық
шешімнің заңдылығын апелляциялық тәртіп бойынша тексеру үшін қажет.
Аппеляциялық инстанцияда шағымдалған немесе наразылық берілген шешімді
қайта қарау мақсаты оның заңдылығын және негізділігін тексеру. Бақылау
тәртіпте қайта қарауға және жаңадан ашылған мән жайлар бойынша және қайта
қарауға айрықша апелляциялық іс жүргізуде заңды күшіне енбеген шешімдер мен
ұйғарымдардың заңдылығымен негізділігін тексеру.
Белгілі бір істерді қараудағы соттың жіберген жетіспеушіліктерді
көрсете отырып аппеляциялық инстанциядағы сот құқықтың нормаларын дұрыс
түсінуге қолдануға ықпал етеді.
Жоғарғы соттың пленумінің қаулысына "Азаматтық істерді кассациялық
тәртіпте қайта қарауға тәжірибесі туралы" белгіленеді: кассациялық шағымдар
мен наразылықтарды қарай отырып екінші инстанциялық соттар, соттың
қаулылардың заңдылығы мен негізділігін тек көре отырып үлкен жұмыс атқарады
және азаматтық құқық қатынастарда заңдылықтың нығайтылуына әділеттіктің
орнатылуына ықпал етеді.
Жоғарғы соттың шаруашылық істер бойынша алқасының жұмысын
қанағаттанғысыз деуге болады. Тек өткен жылдың өзінде Жоғарғы соттың
президиумы осы алқаның 25 қаулысын негізсіздігі үшін бұзған.
Осы жоғарыда келтірілген статистикалық мәліметтер негізінде сот
жүйесінің екінші сатыдағы өкілеттігі шегінде бұл істердің қаралу тәртібіне
тоқталайық.
І-ТАРАУ. АППЕЛЯЦИЯЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ
1.1. Заңды күшіне енбеген шешімдірге аппеляциялық шағым беру сатысының
мәні мен маңызы
Заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне шағым беру мен қарсылық көрсету
соттын қорғану және соттың заңды, негізді шешімдер шығаруының
конституциялық құқықтарының жүзеге асырылуының бірден-бір нақты кепілі
болып табылады. Бұл құқық, іс бойынша қандай да бір бұзушылықтың болған, я
болмағанына байланысты болмайды. Сонымен бірге, кейбір жағдайларда сот
ісінде қателіктер мен кемшіліктерге жол беріліп, соның нәтижесінде заң
талаптары бұзылып, заңсыз және негізсіз шешімдер шығарылуына жол беріледі.
Заң, іске қатысушы тұлғаларға шағым беру құқығын береді, ал прокурорға
- заңды күшіне енбеген шешімдерге қарсылық білдіру құқығын беріп, оған сот
шығарған шешімдердің заңды және негізді екендігін тексеруді екінші сатыдағы
соттың қарауына береді.
Шағым беру және қарсылық корсетумен азаматтық іс жүргізудің негізгі
сатысы болып табылатын екінші инстанциядағы (аппеляциялық өндіріс) сотта іс
қозғалады.
Аппеляция институты - заңды күшіне енбеген сот шешімдерінің заңдылығы
мен негізділігін тексеру бойынша екінші инстанциядағы сот қызметін қозғауды
реттейтін құқық нормаларының жиынтығы.
Апелляциялық және кассациялық іс жүргізу өзіменен бірге азаматтық іс
жүргізудің бір сатысын ұсынады, олардың алдында азаматтық сот ісін
жүргізудің мақсаттарымен қатар өздерінің айрықша мақсаттары бар.
Олардың ең басты мақсаты — заңдық күшіне енбеген сот шешімдерінің
заңдылығы мен негізділігін тексеру.[1]
Шағым беруді қарау кезінде екінші инстанциядағы сот, шағымды
көрсетілген байланысы болмай, өз бастамасымен сот шешімдерінің заңды және
негізділігін тексеруге міндетті. Іс Аппеляциялық жолмен тек Аппеляциялық
шағымдардың немесе Аппеляциялық наразылықтын негізінде ғана қаралады.
Екінші инстанция соты істі үш тұрақты судья құрамында қарайды және
бірінші инстанция сотының заңды күшіне енбеген үкімнің, шешімінің не
ұйғарымының заңдылығы мен негізділігін тексереді. Екінші инстанция соты
заңда көрсетілген негіздерге сүйене отырып, шешімінің немесе үкімнің күшін
жойған кезде істі қысқартуы, қылмыстық істі қосымша тергеуге жіберуі,
сондай-ақ үкімнің немесе шешімнін күші толық жоймай-ақ, оларды белгілі бір
шекте өзгертуі мүмкін.
Екінші инстанция соты белгілі бір негізі болған жағдайда шешімнің
күшін жойған немесе оларды өзгерткен ретте анықтамада төменгі сот жіберген
қателерді көрсетеді, өз шешімін негіздейтін дэледцер келтіреді. [2]
1.2. Аппеляциялық шағым беру мен наразылық құқығы
Сот шешіміне шағым беру және наразылық көрсету құқығына, заңды күшіне
енбеген бірінші инстанция шешімін тексеру бойынша іс қозғау құқығына ие
болған екінші инстанция құқығы жатады.
Іске қатысушы тұлғаларда шағым беру құқығы пайда болады, наразылық
көрсету прокурорларда сот шешімі жарияланған соттан пайда болады. Сондай-ақ
заң жүзінде бекітілген мерзім бойынша жүзеге асырылып отырады.
Егер апелляциялық шағым беруге, наразылық білдіруте құқылы тұлға өткен
мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш берсе, онда мұндай өтініш азаматтық
іс жүргізу кодексінде көрсетілген негіздер бойынша қаралуға жатады.
Аппеляциялық сатыдағы соттың шешімі кассациялық тәртіппен шағымдану
мерзімі өткеннен кейін бар күшіне енеді.
Шағым беру құқығының объектісі - заңды күшіне енбеген бірінші
инстанция сотының шешімі.
Қазақстан Республикасының жоғарғы сотының шешімінен басқа барлық
соттардың шешіміне шағым беру мен наразылық көрсетуге болады. Сондай-ақ
халық соттарының шешімдеріне мынадай жағым бойынша; сайлаушылар тізімінің
дұрыс еместігіне және өкімшілік органдарының қаулылары мен лауазымды
тұлғалардың әкімшілік шаралары туралы қаулылары шағым беруге жатпайды.
Шағым беру құқығының өзіндік объектісі болып соттың шешімі немесе шешім
шығаруға негіз болған нақты мотивтер жатады.
Іс аппеляциялық жолмен тек аппеляциялық шағымдардың немесе
аппеляциялық наразылықтын негізінде ғана қаралады. [3]
Инстанция соттың өкілеттілігі - оның құқықтары мен міндеттері, шағым
беру мен наразылық келтіруді қарау нәтижесінде жүзеге асырылады. Ол ҚР
Азаматтық іс жүргізу кодексінің 42-тарау, 378-бабында көрсетілген.
Іс Аппеляциялық тәртіппен қараған сот, бірінші немесе апелляциялық
сатыдағы соттың шешімін немесе ұйғарымын өзгертпей, ал шағымды немесе
наразылықты қанағаттандырмай тастауға, бірінші немесе апелляциялық сатыдағы
сот шешімінің немесе ұйғарымыны" толық ие болігіндегі күшін жоюға және
бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сотта жіберілген қаттеліктер
Аппеляциялық сатыда тұзетуге келмейтін болса, істі судьялардың белгілі бір
құрамындағы бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сотта жаңадан қарауына
жіберуге. Мысалы, "Неке және отбасы" туралы Заң талаптарын дұрыс
қодданбағандықтан сот шешімдері бұзылып, іс кері жолданды.
Т. Измайловқа сотқа берген талап арызында 1984 жылдан жауапкер Ж.
Мұхатовпен заңды некеде тұрып, осы некеден Арслан және Әсел деген балалары
бар екені, ұлы Арслан әкесінде қалғанын, ал қызы Әсел өзінің тәрбиесінде
болғандықтан, оны өсіру үшін жауапкерден ай сайын нақты мөлшерде 10000
теңге алимент өндіруді сұраған.
Апелляциялық сатыдағы сот адамды өзі кінәлі деп тануға және жаза
тағайындауға құқылы емес, өйткені ол бірінші сатыдағы соттың құзіретіне
жатады.
Атырау облыстық сотының азаматтық істер қарайтын сот алқасының 2000
жылғы 19 шілдедегі ұйғаруымен өзгеріссіз қалдырылған. Атырау қалалық
сотының 2000 жылғы 23 маусымдағы шешімімен талап арыз ішінара
қанағаттандырылып, 18.12.1998 жылы туған қызы Әселді өсіру үшін талапкердің
пайдасына ай сайын 5600 теңге мөлшерінде 27.03.2000 жылдан бастап, ол
кәмелетке келгенше дейін алимент өндірілген. [4]
Талапкер өзінің шағым арызында әкесінің тәрбиесінде қалған ұлы Арслан
2000 жылғы қыркұйек айында өзіне келгенін, сол уақыттан бастап екі бала
оның тәрбиесінде екенін, қызының туғаннан бері жұрек ауруымен ауыратынына
байланысты дәрігерлік есепте тұратындықтан, дәрі-дәрмектер мен диеталық
тағамдарға қосымша шығын жұмсалатынын, ал жауапкер қызына қосымша көмек
берем деген уәдесін орындамағанын, өзінің еш жерде жұмыс істемейтінін
ескеріп, істі қайта қарап, заң бойынша екі балаға тиесілі жауапкердің
табысының үштен бір мөлшерде алимент өндірудіталап еткен.
Іс құжаттарын тексеріп, наразылық арыздағы талапкердің дэлелдемелерін
ескерген Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы, осы іс бойынша
қабылданған сот қаулылары төмендегі негіздерге сәйкес бұзылып, істі қайта
қарауға жолдау керек деп шешті.
Жауапкер Мұхатовтың орташа айлық еңбек ақысы 44800 теңге болғандықтан,
оның өз ұлесі 11200 теңгені құрайды.
Бірінші сатыдағы сот ҚР "Неке және отбасы туралы" Заңының 127-бабының 3-
тармағын басшылыққа алып, жауапкерден тұрақты ақша сомасы ретінде 5600
теңге алимент өндірген. Бірақ, сот осы баптың 2-тармағында көрсетілген заң
талабын ескермеген. Онда "Тұрақты ақша сомасының мөлшерін сот баланың
бұрынғы қамтамасыз етілу деңгейін мүмкіндігінше сақтауды негізге алып,
тараптардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен басқа да назар
аударарлық мән-жайларды ескере отырып белгілейді",-делінген.Баланың бұрынғы
материалдық тұрақты деңгейі 11200 теңге көлемінде болған[5].
Аталған заңның 147-бабының 2-тармағына сай, кәмелетке толмаған
балаларға алимент төлеу жөніндегі келісім бойынша белгіленетін алименттің
мөлшері, олардың сот тәртібімен алимент өндіріп алған жағдайда алатын
алиментінің мөлшерінен төмен болмауы керек (осы заңның 125-бабы) делінген.
Яғни алимент бір балаға жауапкердің төрттен бірінен кем болмауы тиіс.
СондықтагІ алимент мөлшері талапкердің Әсел есімді баласының асырауына
11200 теңге көлемінде өндірілуге тиісті еді.
Алайда, бірінші сатыдағы сот осы Заңның аталған талаптарын орындамаған.
Қазіргі уақытта жауапкердің айлық жалақы мөлшері 75000 теңге құрайтыны,
ал оның ұлы анасының қолынакелгені байқалды. Олай болса алимент өндіру
мөлшері екі бала үшін жауапкер табысының 13 бөлігінде болуға тиісті.
Бұл тұрғыда арызданушының наразылығын орынсыз деп санауға негіз жоқ,
сондықтан да жоғарыда көрсетілген сот қаулылары қайта қаралуға жатады. Істі
қайта қараған кезде жоғарыда келтірілген дәлелдемелерді жан-жақты толық
тексеріп, тараптардың әрқайсысының негіздемелерін тындап, жауапкердің
жалақысы жайында анықтаманы алғызып, екі баланың да талапкер асырауында
екендігін тексеру қажет. Ол үшін тараптардан оны бекітетін дәлелдемелерді
талап етіп, іс бойынша айқандалған жағдайларға байланысты заңды шешім
қабылдау керек.
АІЖК-нің 398, 399-баптарын басшылыққа алған Жоғарғы Соттың азаматтық
істер жөніндегі алқасы Атырау қалалық сотының 2000 жылғы 23 маусымдағы
шешімін және Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының
2000 жылғы 19 шілдедегі ұйғаруын бұзды.
Бірінші және апелляциялық сатыдағы сот шешімінің немесе
ұйғарымының толық не бір бөлігінің күшін жорға және іс
жүргізуді қысқыртуға АІЖКодексінің 247,249-баптарында
көзделген негіздер бойынша арызды қарамай тастауға.
Бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттың іс бойынша шығарған
шешімдерінің бірін күшінде қалдыруға, егер іс бойынша дәлелдемелерді жинау
немесе қосымша тексеру талап етілмесе, істің мән-жайын, бірінші немесе
апелляциялық сатыдағы сот толық және дұрыс белгілесе, бірақ материалдық
құқық нормаларын қолдануда қате жіберілген болса, істі жаңадан қарауға
бермей, бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттың шешімін жойып, шешімді
өзгертуге немесе жаңа шешім шығаруға құқылы.[6]
Мысалы, дәлелдемелерге заң тұрғысынан дұрыс баға бермеудің салдарынан,
материалдық нормалар дұрыс қолданылмаған.
Шымкент қалалық Абай учаскелік сотының 2000 жылғы 4 қазандағы шешімімен
А. Болатов пен В. Мұсаханов араларындағы қарыз жөніндегі мәмле жарамсыз деп
саналып, біріншісінен екіншісінің пайдасына берешек ретіндегі 19000 АКДІ
доллары немесе 2710350 теңге және 25000 теңге сот шығындарын өндіру
бекітілген. Ал В. Мұсахановтың рухани зиянның орнын толтыру туралы талап
арызы негізсіз деп табылып, қанағаттандырусыз қалдырылған.
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының
2000 жылғы 13 желтоқсандағы ұйғаруымен, жоғарыда көрсетілген Абай учаскелік
сотының шешімі бұзылып, осы сот алқасының Аппеляциялық шешімімен В.
Мұсахановтың А. Болатовтан 19000 АКДІ долларын өндіру жайындағы талап арызы
қанағаттандырусыз қалдырылып, кейінгінің тұрғын ұйіне "Вагиф" атты тіс
емханасына, X 676 МММ "Ваз 2106" маркалы автомашинасына тыйым салу
жайындағы соттың 2000 жылғы 5 қырқұйектегі ұйғаруының күші жойылған.
В. Мұсаханов өзінің наразылық арызында Болатовтар жан
ұясының одан алған 19000 АКДІ долларын қайтармау мақсатында
аталған ақшаны аларда қатыспағанын айтып, ол ақшаны Қ. Болатова
алған деген. Он талапкердің баласы Н. Мұсахановты жұмысқа
орналастыру үшін Рұстемовке берген деген жалған түсініктемелері сот
алқасы қатерге орынсыз алып, заңға қайшы Аппеляциялық шешім
шығарған деп көрсеткен. Арызданушы бұл тұжырымын
Болатовтардың айтқандары шындыққа жатпайды, бірінші сатыдағы сот
мәжілісінде жауапкерлердің ішінара 18000 АКДІ долларын алғандығын
мойындауымен және куәгерлердің құптағандығымен негіздеген. Осы себепті
Аппеляциялық сот шешімін бұзып, қалалық сот шешімін күшінде қалдыруды
сұраған.
Іс бойынша судьяның қорғаушы адвокаттың дәлел-демелерін, прокурордың
В.Мұсахановтың наразылық арызы қанағаттандырусыз қалдыруға жатады деген
қорытындысын тыңцаған Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы, осы
іс бойынша қабылданған облыстық сот қаулылары төмендегі негіздер бойынша
бұзылып, Абай сот учаскесінің шешіміндегі қарыз ақшаны өндіру жөніндегі
көлеміне өзгерту енгізу керек деген тұжырымға келді. [7]
Іс құжаттарына қарағанда, 1996 жылдың 17 желтоқсаны күні В.
Мұссахановтың құдалары А. Болатов оның зайыбы Қимаш және баласы Вагис оның
ұйіне келіп, кейінгінің көршілері Н. Қапанов пен Н. Қалауовтардың көзінше
Тұркиядағы қызының ұйі жанындағы фабриканы сатып алуға ақшалары жетпей тұр
деп, 19000 АҚШ долларын қарызға алып кеткен. Бірақ бұл жайында В. Мұсаханов
қолхат алмаған. Оны Болатовтар жақын құдаларым еді және бұл мәміле
куәгерлердің қатысуымен болғандықтан деп түсіндірген. Болатовтар қарызды 2-
3 айдың ішінде қайтарамыз деген уәделерін орындамағандықтан әуелі ішкі
істер басқармасына арызданған,содан кейін сотқа талап арыз түсіруге мәжбұр
болған.
Бұл мән-жайлар сот мәжілісінде талапкер В.Мұсахановтьщ, куәгерлер
М.Капанов, Н.Қалауовтың және басқа куәгерлердің түсініктемелерімен қолдау
тапқан. Сонымен қатар, жауапкерлер 18000 АКДІ долларын алғанын мойындаған.
Тек бұл ақшаны талапкер В. Мұсахановтың әйелі Зәуреден алғанын, бірақ ол
ақшаны Н. Мұсахановты бұрынғы жұмысына орналыстыру үшін Рұстемовке бергенін
айтқан. Олардың бұл айтқандары сот мөжілісінде өз қолдауын таппаған.
Керісінше, куәгер ретінде сұралғандар В. Мұсаханов пен оның әйелі Зәуре
18000 АҚШ долларын Қ.Болатоваға бермегендіктерін, Рұстемовті
танымайтындығын айтқан. [8]
Сотта куәгер ретінде сұралған Н. Мұсаханов А. Болатовпен туған бажа
екендігін, бірақ одан немесе оның әйелінен, өзін жұмысқа орналыстыру үшін
18000 долларды Рұстемовке беруді ашқашан сұрамағанын айтқан. Кейінгіні ол
мүлдем танымайтындығын және оны ешқандай жұмысқа орналыс-тырудың
қажеттілігі жоқ екенін көрсеткен.
Қ. Болатованың туған сіңілісі, Н. Мұсаханова сотта куәгер ретінде
сұралғанда ол даулы ақша жайында ештеңе білмейтіндігін, оның атасы мен
әпкесінің арасындағы дауды өздері шешсін деп жауап берген.
БПл тұрғьща Қ. Болатовамен, А. Болатовтың 18000 АКДІ долларын Н.
Мұсахановты жұмысқа орналастыру үшін Ң. Мұсахановтың әйелі Зәуреден алдық
деген уәждері өз қолдауын таппаған. Ал олардығ осы ақшаны Рұстемовке бердік
дегендері шындыққа жататындығы сот мәжілісінде дәләлденбеген.
Сонымен, Қ. Болатованың 18000 АКДІ доллпрын алғандығы іс бойынша
өндірілген дәлелдемелерге қарағанда ешқандай да құмән туғызбайды. Бұл
жагдайда мәміленің жазбаша тұрі сақталмаған деген түсінікке жұгінудің
қажеттілігі жоқ екендігі көрінеді. ҚР АК-нің 153-бабында мәміленің жай
жазбаша тұрін сақтамау оның жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырмайды.
Бірақ, дау туған осы мәміленің жасалғанын куәгерлік айғақтармен растау
құқығынан айырады. Алайда, тараптар мәмілінің жасалғанын, мазмұнын немесе
оның орындалғанын жазбаша немесе өзге куәгерлік айғақтардан басқа
дәлелдермен растауға құқылы делінген.
Бұл жағдайда талапкер өз талабын дәледдеуде, жауапкерлердің жазбаша
берген түсініктемелеріне және олардың сот мәжілісінде 18000 АҚШ долларын
Рұстемовке Н. Мұсаханов үшін беріп жібердік деп жалған сылтау айтып отыр
деген уәждерін орынды деп тануын бірінші сатыдағы сот төмендегі дәлелдермен
негіздеуі дұрыс.
Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облыстық мекен-жай бюросының 2000
жылғы 28 қырқұйектегі анықтамасына қарағанда, Рұстемов облыс бойынша
тіркеуден өтпеген.
Ал, Тұлкібас ауданы Мичурин селолық аймағының 30.09.2000 жылғы
анықтамасы бойынша Рұстемов 1996 жылдан бері бұл аймақта тұрмайтындығы
көрсетілген.
Рұстемовтың анасы Ханшаның түсініктемесінде ол ұлын 1996 жылы әкесін
жерлегеннен кейін көрмегендігін, қазіргі кезде қай жерде жүргенін
білмейтіндігін айтқан.
Сот мәжілісінде тексерілген осы дәлелдемелерген қарасақ, Рұстемовтың
1997 жылдың не қазан, не желтоқсан айларында Болатовтардың ұйінде
болмағандығы және Н. Мұсахановпен кездеспегендігі байқалды. [9]
Яғни, Болатовтың және оның жанұя мүшелерінің 18000 АҚТТТ долларын
Рұстемовке бердік дегендері олардың жалған сөздер басқа дәлелдемелермен
құпталмаған. Бұл жағдайда Болатовтар қарызды төлемес үшін оны белгісіз
Рұстемовке беріп жібердік деген уөждерін орынсыз деп санаған сот тұжырымы
дұрыс.
Сонымен қатар, В.Мұсахановтың жауапкер А. Болатов қарыз ақшаны Тұркияда
тұратын қызының ұйінің жанындағы заводты сатып алу үшін алған деген уәждері
ішінара қолдау тапқан. Оған дәлел акдіаны алган соң Тұркияга барғаны және
фабриканы сатып алу жөніндегі тұркі тілінде жасалған құжаттарды талапкерге
бергендігі дәлел болады. Жауапкердің бұл іс-әрекеттері қарызды қайтаруды
кейінге соза түсу үшін жасалған әрекет деген бірінші сатыдағы сот тұжырымын
да орынсыз деуге болмайды.
Сонымен, сот мәжілісінде тексерілген дәлелдемелердің шындығын, оның осы
дауға қатыстылығы, әрбір бөлек дәлелдемелер жинақталып, бағаланып, бірінші
сатыдағы сот жауапкер А. Болатов В. Мұсахановтан қарызға 19000 АҚШ долларын
алған деген тұжырымы дұрыс. Өйткені бұл сот тұжырымы АІЖК-нің 67,70,77-
баптарының талаптарына сай қабылданған. Ал Болатовтар жанұя мүшелері 18000
АҚШ долларын Рұстемовке Н.Мұсахановты жоғары қызметке орналастыру үшін
бердік дегендері шындыққа жатпайтындығы анықталған. Оған дәлел Рұстемов
1997 жылдың не қазаң не желтоқсан айларында Болаттовтардың ұйінде
болмағандығы байқалады. Шындығында ол уақытта Рұстемов жауапкерлердің
ұйінде болуы мүмкін емес. Себебі ол 1996 жылдан әкесі қайтыс болғаннан бері
өз ұйінде де қатынаспаған. Ол жайында оның анасы Ханша өз түсінігінде
көрсеткен. Сонымен бірге, Болатовтардың Рұстемовке 18000 АКДІ долларын
бергендігі нақты дәлелдермен бекімеген.
Сонымен, осы 18000 АҚШ долларын Болатовтар жанұясы өздерінің мүддеелері
үшін алғандығы, басқа ешкімге бермегендігі өз қоддауын сот мәжілісінде
толық тапқан. Ягаи осы соманы жауапкер талапкерге қайтаруға міндетті деген
сот тұжырымы дұрыс[10].
Бұл тұрғыда, ҚР "Неке және отбасы"туралы Заңының 43-бабының 2-тармағына
сәйкес ерлі-зайыптылардың ортақ міндеттемелері бойынша, сондай-ақ сот ерлі-
зайыптыларды біреуінің міндеттемелері бойынша алынған нэрсе отбасының
қажеттеріне ортақ пайдаланған болса, олар ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінен
өндірілетіндігі қарастырылған, яғни қарызды қайтару жайындағы сот шешімі
дұрыс.
Жоғарыдағы дәлелдемелер негізінде болатовтардың мұдцесін қорғаушы
адвокаттың 18000 АҚШ доллары бұл басқа ақша, сондықтан да істің бұл бөлігі
бойынша талапкер де, жауапкер де басқа адамдар болуға тиісті деген
дәледдемелері қатерге алынуға жатпайды.
Жауапкер сенім артқан қорғаушының сот шешімінің дәлелдеу бөлімінде
"сияқты" деген сөздерді қоддануы шешімді болжау дәлелдемелері негізінде
қабылдаған. Олай болса ондай сот шешімі заңды болып танылуға жатпайды деген
уәждерін де орынды деп санауға келмейді.
Біріншіден, жоғарыда келтірілген дәлелдемелер негізінде, екіншіден,
судьяның "сияқты" деген сөздерді екі жерде қолдануы, іс бойынша өндірілген
нақты дәлелдемелерді жоққа шығармайды. Сондай-ақ, олардың дәлелдеме сапасын
төмендетпейді, сондықтан да судьяның, Б. Болатовтардың дәлелдемелері
шындыққа жатпайды деп В. Мұсахановтың талап арызын қанағаттандырған.
Аталған жағдайда судьяның "сияқты" деген сөзді қолдануын Жоғарғы Соттың
алқасы стилистикалық қателікке жатады деп есептейді.
Аудандық сот, қарыздарды өндіргенде, оның көлемі жайындағы қайшылыққа
қарамастан А. Болатовтан 19000 АҚШ долларын өндіруді бекіткен, бірақ сот
шешімінің бұл бөлігі өзгертілуге жатады. Сот мәжілісінде өндірілген даусыз
дәлелдер бойынша А. Болатовтың В: Мұсахановтың алдындағы қарызы 18000 АКДІ
доллары көлемінде екендігі анықталған. Оған жауапкердің және оның жанұя
мүшелерінің берген жазбаша түсініктемелері дәлел болады. Сондықтан А.
Болатовтан 18000 АҚШ доллары немесе (18000 доллар х 145, 15 тг) 2612700
теңге өндірілуге жатады.

В. Мұсахановтың А. Болатовтан қарызын өндіру жайындағы талап арызын
қанағаттандырусыз қалдыру туралы Аппеляциялық шешімінің бұзылуына
байланысты, осы сот қаулысымен жауапкердің мүліктеріне аудандық соттың 2000
жылғы 5 қырқұйектегі тыйым салу жайындағы ұйғаруын бұзу жайындағы бөлігі де
заңсыз деп табылуға жатады.
Осы жағдайларды ескере отырып, АІЖК-нің 398, 399-баптарын басшылыққа
алған Жоғарғы Соттығ азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Оңтүстік
Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының 2000 жылғы
13 желтоқсандагы ұйғаруын және Аппеляциялық шешімін бұзды.
Шымкент қалалық Абай учаскелік сотының 2000 жылғы 4 қазандағы шешімін
өзгертіп, А. Болатовтан В. Мұсахановтьщ пайдасына 18000 АҚШ долларын немесе
26127 теңге баж салығын өндіруге, шешімнің басқа бөлігін өзгеріссіз
қалдыруға қаулы етті.
Аппеляциялық тексеру тәртібімен істі қарау бойынша екінші ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz