«Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы» пәні бойынша практикалық (семинар) сабақтарына арналған оқу-әдістемелік нұсқау


А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
А. Д. Сандыбаева
«Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы» пәні бойынша
ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАР) САБАҚТАРЫНА арналған
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Түркістан 2010
«Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы» пәні бойынша практикалық (семинар) сабақтарына арналған оқу-әдістемелік нұсқау. Нұсқау А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің шешімімен бекітілді. 26. 01. 2010ж. № 4 хаттама.
Семинар №1.
Қазақстан аумағындағы өркениеттің басталуы
Сабаќ жоспары:
1. Қазақстанның ежелгі дүние курсының мақсаты мен міндеттері, кезеңдері және тарихи маңызы
2. Қазақстанның ежелгі дүние курсының басқа тарихи пәндермен және ғылым салаларымен байланысы
Сабаќ маќсаты:
Қазақстанның ежелгі дүние курсының мақсаты мен міндеттерін, кезеңдері мен тарихи маңызын көрсету. Адамзат дамуының ерекшеліктері туралы білімдерін пысықтау; жоспардың сұрақтары бойынша негізгі ғылыми мәселелерді қамту; студенттердің өз елінің тарихын, мәдениетін бағалай білуге, құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Ќысќаша теориялыќ мәліметтер:
1. Тарих тағылымын терең зерделеген халықтың ғана болашағы жарқын болатыны өмірде дәлелденген. Өйткені, бүгініміз бен болашағымыз өткеннің негізінде жасалады. Қазақстанның кез-келген азаматы, соның ішінде келешек мамандар өз елінің тарихын білуге тиісті. Өз елінің өткендегі, казіргі тарихын білмеген маман келешекке дұрыс бағдар жасай алмайды. Ата-бабаларыз сан ғасырлар бойы қазақтың кең байтақ жерін жаудан қорғап, ұрпақтарына жеткізе алды. Сол бабаларымыздың ерлік пен қиындыққа толы тарихы жас жеткіншектерді отанын сүюге, елін, жерін қорғауға тәрбиелейді.
Тарих дегеніміз халықтың зердесі. Ол болып өткен, оны түзете алмайсың және жақында ғана жасалып келгендей, коньюктюраға жағынып, бір түсін екіншісіне ауыстырып, жаңадан жаза алмайсың. Біз оны бүкіл қайшылықтарымен, қаїармандық және қайғылы беттерімен қоса, ол қандай болса нақ сондай, бүкіл алуан түрлі, тұтас күйінде қабылдауға тиістіміз. Тарих деректілік пен нақтылық, адалдық пен әділеттілікті ғана мойындайды. Тарих ешқандай бұрмалаушылық пен бүркемеушілікті көтермейді, кешірмейді. Тарихтың беттерін зұлымдық пен озбырлықпен жойып жіберу ешкімнің қолынан келмейді. ХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы оқиғаларды қаншалықты жасырғанмен, шындықтың беті ашылуда.
Қазақстан тарихы - дүние жүзілік тарихтың бір бөлгі. Қазақстанның ежелгі тұрғындары- сақ, ғұн, үйсін, қаңлы мемлекеттерінен бастап, бүгінгі күнге дейін алыс, жақын көршілерімен үнемі саяси, экономикалық, мәдени байланыстар жасап келген, сондықтан республикамыздың тарихын дүниежүзілік тарихпен біртұтас қарастыруымыз қажет.
2. Ежелгі адамның Қазақстан аум ағында қоныс тебуімен қатар Қазақстан аумағындағы өркениеттің бастауы болған ежелгі адамның қалыптасуы. Сонымен қатар, археология, антропология, эпиграфика, нумизматика, сфрагистика, геральдика, полиграфия, папирология, текстология, дипломатика, хронология, метрология, тарихи география, генеалогия, тағы басқа қосалқы тарихи пәндермен байланысты.
4. Бақылау сұрақтары:
1. Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы қай кезеңдерді қамтиды?
2.
5. Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:
- Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:
7. Сабаќ таќырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
- Қазақстан тарихы, 1 т. Алматы. 1996. 1. т. 7-75, 68-158.
- Қазақстан тарихы, Очерктер. Алматы. 1993. 4-16, 17-30.
- Маданов Х. Қазақтың арғы-бергі тарихы. 1995. 3-21-б
- Н. Назарбаев. Ғасырлар тоғысқанда. Алматы 1996. 3-17-б.
- Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты. Алматы. 1993. 2, 6-33-б.
- Есмағанбетов. Батыс деректері мен әдебиеттері Қазақстанның ежелгі тарихы хақында. // Қазақ тарихы. 1996. N1. 65-73-б, 1996. N2, 19-25-б.
Семинар №2.
Қазақстанның ежелгі дүние тарихының тарихнамасы мен дерек көздері
Сабаќ жоспары:
1. Тарихи деректер - тарихи деректану ғылымының тікелей зерттеу объектісі.
2. Қазақстанның археологиялық ескерткіштері туралы орта ғасырлардағы ғалымдар мен тарихшылар, географтар мен саяхатшылардың еңбектері.
Сабаќ маќсаты:
Тарихи деректердің пайда болуы заңдылықтары және олардың шындыққа қатынасын зерттеу. Жоспардың сұрақтары бойынша негізгі ғылыми мәселелерді қамту; студенттердің өз елінің тарихын, мәдениетін бағалай білуге, құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Ќысќаша теориялыќ мәліметтер:
1. Адамзаттың қалыптасуы мен дамуының ежелгі кезеңдері туралы тарихи білім ертедегі адамдар қалдырған мәдени ескертіштерді зерттеу негізінде қалыптасады. Мәдени ескерткіштеді адамдардың еңбек құралдары, тұрақтары, тасқа жазылған бейнелер, жерлеу әдістері құрайды. Ежелгі Қазақстан аумағындағы ежелгі тұрғындар туралы жазба деректер кейін пайда болды. Оларға: парсы, грек, латын, араб, түрік және қытай тілдеріндегі деректер кіреді. Бұл жазба деректерінде осы жерде мекендеген тайпалардың тұрмысы, шаруашылық өмірі, саяси оқиғалары, көршілермен қарым-қатынасы, ұлттың қалыптасу үдерісі жайлы мәліметтер беріледі. Сонымен тарих білімінің негізін деректер құрастырады. Тарихи деректер - ол қоғамда адамзат дамуының тарихын баяндайтын жазбаша құжаттар, айғағақты деректерге негізделуі қажет. Сондықтан да, таих ғылымының негізгі ұстанымдарының бірі - деректер арқылы негіздеу болып табылады. Сол себепті де тарих ғылымында «дерексіз - тарих жоқ» деген қағида берік қалыптасқан.
Тарихнама - бұл тарих ғылымының тарихы. Ол бір жағынан тарих білімінің қозғалысын, тарихи оқиғалар жөнінде мәліметтерді, жаңа деректерді табу және жазуды, ал екінші жағынан - тарихты зерттеудің ұстанымдары мен әдістерін дамытуды қарастырады.
Ежелгі Қазақстан жерінде мекендеген ертедегі туралы тарихи мәліметтер халық ауыз әдебиетінде, эпикалық дастандарда, байырғы тұрғындар мен оның көршілес халықтардың жазба деректерінде сақталған. Көне жазба деректерінің бірі - зороастризм дінің басты кітабы «Авеста» болып табылады. Заратуштра б. э. д. ІІ м. ж. аяғы мен І м. ж. басында өмір сүрген. Қазіргі Қазақстан территориясының ежелгі тұрғындары туралы парсы сына жазуларында, оның ішінде І Дарийдің (б. э. д. 522-486 ж. ж. ) Бехистун жазбаларында, «Тарихтың атасы» болып саналатын Геродоттың «Тарих» атты еңбегінде (б. э. д. 4730-420 ж. ж. арасында жазылып біткен), Страбон б. э. д. 64 ж. б. - 24 ж. ) мен Птолемейдің (90-160 ж. ж. ) «География» атты еңбектерінде құнды мәліметтер беріледі.
Қазақстан тарихының ежелгі кезеңдері туралы маңызды деректер б. э. д. ІІ ғ. Жетісу жерінде болған Чжан Цянның мәліметтерінде, Қытай тарихының « атасы» деп танылған Сыма Цянның (б. э. д. 145 -86 ж. ж. ) «Тарих жазбаларында» және Бань Гудың (б. э. д. І ғ. ) «Цянь Ханьшу» (Ежелгі Хань тарихы) еңбегінде кездеседі.
2. Қазақстан тарихын танып білуде тұңғыш түрік жылнамашысы, Түрік елінің алғашқы кезеңін, олардың тұңғыш қағандары Білге қаған мен Күлтегін туралы жазған Иолық тегін (ҮІІІ ғ. ) ескерткіштері ерекше орын алады. Орта ғасырларда Қазақстан туралы тарихи деректермен араб тарихшысы Ибн әл Факихтың (Х ғ. ), ХІІІ ғ. Қазақстан территориясы арқылы өткен саяхатшылар Плано Карпини (1245-1246 ж. ж. ), Гильом Рубрук (1255 ж. ), Марко Поло еңбектерінен (1298 ж. ) де танысуға болады.
ХІҮ ғ. Дешті-Қыпшақ туралы жазба деректерін араб тарихшысы, марокколық саяхатшы Ибн-Батут қалдырған.
Қазақстан мен қазақ халқы туралы тарихи білімдердің жинақталу тарихы. Қазақстанның алғашқы тарихшылары- Ж. Баласағұн, М. Қашқари, Ә. Фараби, М. Х. Дулати, Қ. Жалайри, Ш. Уалиханов. Онан кейінгі екінші буын- Ә. Бөкейханов, К. Кемеңгеров, С. Аспандияров, М. Тынышпаев, Т. Рысқұлов, Ш. Құдайберді. Үшінші ұрпақ- Ә. Марғұлан, С. Садуақасав, Е. Бекмаханов, Нүсіпбеков, Сүлейменов, Х. Әділгереев.
4. Бақылау сұрақтары:
1. Итальяндық Плано Карпини кімнің және қандай тапсырмамен Сарай Батуға аттанған?
2. Минорет орденінің монахы Гильом Рубруктың Орталық Азия мен Қазақстан жерінде болған мақсаты?
3. Марко Поло Қытай елінде қанша жыл тұрған?
5. Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:
6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:
7. Сабаќ таќырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
Семинар №3
Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық құрылыс
Сабаќ жоспары:
1. Алғашқы адамның пайда болуы және еңбек құралдарының жасалуы
2. Алғашқы адамдар арасындағы қоғамдық қатынастар дамуының кезеңдері
Сабаќ маќсаты:
Алғашқы адамдар арасындағы қоғамдық қатынастар дамуының кезеңдеріне сипаттама беру және қорытынды ой-пікір жасауды үйрету.
Ќысќаша теориялыќ мәліметтер:
1. Ең ежелгі адамның қалдықтары және қам-қарекетінен іздері Шығыс Африкадағы Танзанияның Олдувай шатқалынан табылды. Оны «homo habilis» епті адам деп, ал мәдениеті «шой тас» деп аталды, өйткені олар еңбек құралдарын дайындауға малта тасты пайдаланды: оның бетін ұрғылап, жару және қосу құралдарына лайықтады. Археологиялық ескерткіштердің табылған жері бойынша ежелгі мәдениет олдувайлық деп аталып кетті. Ол уақыты бойынша 2, 5 млн -700 мың жыл бұрынғы кезеңді қаматиды. Бұдан бері 700-140 мың бұрынғы аралыққа шель және ашель мәдениеттері тән болады.
Бұл мәдениеттер төменгі палеолитке кіреді. Орта палеолит - бұл 140 мың - 40 мың жыл аралығында кезең. Ашель, мустье мәдениеттері қалыптасқан уақыт.
Тарих ғылымында алғашқы адамдардың пайда болған жеріне қатысты екі түрлі көзқарас бар. Бұл тұжырымдардың бір бағыты (полицентристік) бойынша, адамзаттың пайда болған жері Африка, Азия, Еуропа құрлығы, ал екінші көзқарас (моноцентристік) бойынша - адамзат бір жерде, атап айтқанда - Солтүстік Шығыс Африкада, Алдыңғы және Оңтүстік Азияда пайда болды да, содан кейін ғана жер шарының барлық аймақтарына қоныстанған деген тұжырым жасайды. Осы екінші көзқарасты қолдаушылар анағұрлым көп. Бірақ қалай деп айтылса да, алғашқы қазақ жері, яғни қазіргі Қазақстан аумағы төменгі палеолит - шель, ашель кезеңінен басталып ежелгі адамның пайда болуы мен қалыптасу аймағына кіреді. Ол кезеңдегі бұл жерде климаттың жылы да ылғалды, өсімдік әлемнің сан алуандығы және жануарлар түрлеріне өте бай болуы ежелгі адамның өмір сүруіне қолайлы жағдайлар тудырған.
Қазақстан аумағында адамның болған іздері тастан жасалған, еңбек құралдары - кескіш, қырғыш, тескіштер - төменгі палеолитке, яғни 1 млн. жыл бұрыңғы кезеңге жатады.
2. Алғашқы адамдар арасындағы қоғамдық қатынастар дамуының кезеңдері: алғашқы адамдар тобыры, рулық қауым, көршілес қауым.
4. Бақылау сұрақтары:
5. Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:
6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:
7. Сабаќ таќырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
Семинар №4
Тас ғасыры: кезеңдері және археологиялық ескерткіштері
Сабаќ жоспары:
1. Тас ғасыры кезеңдері
2. Палеолит. Палеолиттік археологиялық ескерткіштер
3. Мезолит. Мезолиттік тұрақтар
4. Неолит кезеңі. Неолиттік төңкеріс.
Сабаќ маќсаты:
Тас ғасыры кезеңдерінің әрқайсысының ерекшеліктерін атап көрсету және
Ќысќаша теориялыќ мәліметтер:
1. Адамзат тарихи әр түрлі әлеуметтік-экономикалық формацияның дамуына байланысты үлкен кезеңдерге бөлінеді. Археологияда адамзат тарихы өзіндік кезеңдерге бөлінген, олар: тас ғасыры, қола және темір ғасырлары.
Адамзат тарихи әр түрлі әлеуметтік-экономикалық формацияның дамуына байланысты үлкен кезеңдерге бөлінеді. Археологияда адамзат тарихы өзіндік кезеңдерге бөлінген, олар: тас ғасыры, қола және темір ғасырлары.
Алғашқы адам басқа ірі жыртқыштарға қарағанда әлсіз болды, өйткені адамның күшті тістері мен тырнақтары жоқ. Оның есесіне алғашқы Гоминидтер еңбек құралдарын жасау мен қолдану арқылы сол әлсіздіктерін білдірмеді. Алғашқы құралдар - сүйек сынықтары, өткір таяқтар, дөрекі өңделген тастар болды. Тас ең ұзақ қолданылған құрал болды, ол осыдан 2, 5 млн. жылдан бұрын б. з. д. 5 мың. дейін адамзат техникасында басты орын алды. Бұл кезеңді археологтар тас ғасыры деп атап, оны екі кезеңге бөледі - Палеолит (ерте тас ғ. ) және Неолит (жаңа тас ғ. ) . Олардың арасындағы өтпелі кезеңді Мезолит (орта т. ғ. ) деп атады. Өз кезегінде палеолит те екіге бөлінеді: төменгі (б. з. д. 2 млн. - б. з. д. 40 мың) және жоғарғы (б. з. д. 40 - б. з. д. 12 мың) .
Көп уақыт бойы ғалымдар Қазақстан жерінде тас ғасырының іздерін таба алмады. Ал бұл біздің жерімізді ежелгі адамдар өте кеш қоныстанды деген жансақ пікірге әкелді. Соңғы зерттеулер бойынша, ежелгі адамдар Қазақстан жерінде ашель кезінде қоныстанған. Сол дәуірдің ескерткіштері Оңтүстік Қазақстан жерінде, Қаратау бөктерлерінің жанынан табылған. Бұл Тәңірқазған, Бөрікқазған, Ақкөл тұрақтары.
Бүгін Қазақстанда палеолит мәдениетінің екі ауданы белгілі: Оңтүстік Қазақстан мен Сары-Арқада. Бұл аудандар тас құралдарын өңдеу мен оларды жасау үшін қолданылатын материалдардың әртүрлігімен ерекшеленеді. Жалпы Оңтүстік аудандарға қарағанда Солтүстік және Орталық Қазақстанда технологияның эволюциясы тез дамыды.
2. Палеолит кезењі ежелгі жєне кейінгі палеолитті ќ±райды. Ежелгі палеолит ірі-ірі ‰ш кезењге (мєдениетке) : олдувэй (2. 6 млн жыл-700 мыњ жыл), ашель (700 мыњ-150-120 мыњ жыл) жєне мустье(150-120 мыњ - 35-30 мыњ жыл) кезењдеріне бµлінеді.
Ол кездіњ адамдары тастыњ ќасиеттерін жаќсы білген. Материал тањдау кµбінесе ќ±ралдыњ ќолданылатын маќсатына байланысты болды. Ќ±ралдардыњ мынадай т‰рлері: шапќылар, ќырѓыштар, ‰шкір тастар, шой балѓалар, піспектер, пышаќтар, тескіштер жєне т. б. бµлініп шыќќан. Ауыр салмаќты, тік б±рышты ±саќ шаќпаќ тастар ењ ежелгі ењбек ќ±ралдарына жатќызылды, олар Кењірдек елді мекені жанынан, Ќаратау жотасыныњ оњт‰стік-батыс беткейіндегі Арыстанды µзенініњ ењ жоѓары жайылмасынан, ќатып ќалѓан тµменгі тµрттік кезењніњ ќалыњ конгломераты арасынан табылѓан.
3. Мезолит грекшеден аударғанда орта тас ғасыры дегенді білдіреді, ол б. з. д. 12-7 мың жыл. Бұл кезең Қазақстан тарихында ең аз зерттелген. Тек соңғы он жылда оншақты мезолит тас индустрия кешендеріне жататын ескерткіштер және тұрақтар табылып отыр. Жерлеу кешендері, алғашқы кезеңдер сияқты анықталмаған.
Әр өңірлерден жиналған коллекциялардың анализі тас өңдеу техникасының қатты өзгеріске ұшырамағандығын көрсетті. Бұл мұз дәуірінен кейінгі кезеңнің аңшылар коллективінің шаруашылық ісіне ешқандай әсер етпегенін көрсетеді, ал олардың салт-тұрмысы жоғарғы палеолитте қалыптасқан. Сондықтан да археология ғылымында ұқсас екі ұғымның мезолит пен эпипалеолит (эпи - соң) арасында талас туып отыр. Біздің ойымызша, мезолитті өзіндік ерекшеліктерімен жеке кезеңге шығаратын ғалымдардың зерттеуі дұрыс.
Мезолит адам өмірінде маңызды кезең болып табылады. Онда екі үлкен жаңалық ашылды - садақ пен жебенің және тас өңдеудің микролиттік технологияның пайда болуы. Микролит - жалпақ кішігірім пластиналар, оларды ағаш және сүйек құралдардың ішіне бойлай орнатып, кесу үшін пайдаланды. Мұндай құралдар кесек құралдарға қарағанда жасалуда қарапайым болды.
4. Неолит - жаңа тас ғасыры, ол б. з. д. 6-4 мың. қамтиды. Соңғы жылдардағы зерттеулер бірнеше неолиттік мәдениеттерді анықтауға мүмкіндік береді. Тобыл бойындағы Маханджар, Есілде - Атбасар және Орталық Қазақстан ескерткіштер тобы. Бұлардан ертерек Батыс Қазақстанда - Кельтеминар, Шығыс Қазақстанда - Усть-Нарым мәдениеттері табылған.
Неолит - тас индустриясының дамыған кез. Тас өңдеудің жаңа технологиялары пайда болды: аралау, бұрғылау, сүргілеу.
Неолиттік революция - тұтынушы шаруашылықтан өндіруші шаруашылыққа - мал және жер шаруашылығына көшу. Бұл адамзат мәдениетінің дамуында үлкен секіріс болды. Бұдан кейінгі экономикалық өмірдің тарихы осы екі адамның өндіруші қызметінің жетілдіруі болды.
Неолит дєуірініњ аса мањызды белгісі табиѓаттыњ дайын µнімдерін икемдену орнына - жиын - терін мен ањ аулаудыњ орнына келген µндіруші шарушылыќќа негіз болѓан мал шарушылыѓы мен егіншіліктіњ тууы болып табылады. Шаруашылыќтыњ жања т‰рлерініњ шыѓуыныњ адамзат ќоѓамыныњ дамуы ‰шін орасан зор мањызы болды, адамныњ ењбек кєсібініњ саласын кењейтті, сонымен ќатар оныњ сипатын сапасы жаѓынан µзгертті. Адамныњ экономикалыќ ќызметініњ одан кейін талай мыњ жылдарѓа созылѓан б‰кіл тарихы едєуір дєрежеде осы екі шаруашылыќтыњ даму, жетілу тарихы болып табылады.
4. Бақылау сұрақтары:
1. Әуелгі палеолит 3 дәуірге бөлінеді: …
2. Кейінгі палеолит уақытын көрсетіңіз
3. Мустье кезеңінің Жезқазған обл. 1984 ж. табылған жаңа ескерткіштері
4. Ш. Уалиханов атындағы тұрақтың табылған уақыты, ашқан ғалым кім?
5. Қазақстандағы неолиттік тұрақтарды атаңыз?
6. Неолиттік тұрақтарды зерттеген ғалымдар және олардың еңбектерін атаңыз?
7. Неолит дәуірі ерекшеліктерін қалай сипаттауға болады?
8. Неолит дәуіріндегі қоғамдық қатынастар қандай болды?
5. Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:
Бұл топтық проект . Топтыќ проект
1. Реферат
- Сөзжұмбаќ
- Топ жетекшілер сайысы
- Буклет
- Эмблема
Студенттер үй тапсырмасы бойынша семинар жоспарындағы сұрақтарға дайындалады, топтық проект жобасын жасайды. Студенттер шағын 3 топқа бөлінеді: 1 топ- палеолит, 2 топ- мезолит, 3 топ - неолит. Топтық проектке өз тақырыбы бойынша баяндама, сөзжұмбақ (10 сөзден аспау тиіс), қарсы топтарға сұрақ (5 сұрақ), эмблема дайындау кіреді. Топтар берілген тапсырмаларын дайындап келеді, проект жобасын қорғауға ұсынады. Ең көп ұпай жинаған топ ұтады, 1 орынды иеленеді. Жеңген топ студенттері түгелімен жоғары баға алады. Сонымен қатар, топтағы ең белсенді студент екінші бағаны алуға құқылы.
6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:
Әр топтан сайланған 1 студент реферат ќорғайды. Ќорғау барысын және сапалығын қазылар алќасы бағалайды.
Келесі кезеңде - жарыс, әр топ өзінің дайындаған сөзжұмбағын ұсынады. Кім бірінші шешеді, сол топќа ұпай әкеледі.
ІІІ кезең - Топ жетекшілер сайысы. Қазылар алќасы дайындаған сұраќтарға ең көп жауап берген топ жетекші жеңеді, бүкіл топќа ұпай әкеледі.
ІV кезең- дайындаған буклетті ұсыну және ќорғау.
V кезең - топ эмблемасын ұсыну және ќорғау.
7. Сабаќ таќырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
1. Алпысбаев Х. А. Неолитическая стоянка в пещере Караунгур. // Изв. АН КазССР. Сер. обществ., 1969, №2. 85-87-б.
2. Макарова Л А. Териофауна пещеры Караунгур. / / Археологические исследования в Казахстане. А., 1973, 146-155-б.
3. Виноградов А. В. Древние охотники и рыболовы Среднеазиатского междуречья. ТХАЭЭ. Т. ХIII, М., 1981.
4. Праслов Н. Д, Постинков Г. Б., Ротшильд Е Новые памятники с микролитическим инвентарем в Северо-Восточном Прикаспий. // КСИА, №117, М., 1990.
5. Антонова Е В. Обряды и верования первобытных земледельцев Востока. М., 1990.
6. Таймагамбетов Ж К. Памятники каменного века. / / Археологические памятники в зоне затопления Шульбинской гэс. I-Tapay, А., 1987.
7. Зайберт В. Ф. Энеолит Урало-Иртышского междуречья. Петропавл, 1993.
8. сонда: Атбасарская культура. Екатеринбург, 1992.
9. Логвин В. Н. Каменный век казахстанского Притоболья (мезолит - энеолит) .
А., 1991.
11. Зайберт В. Ф. Энеолит Урало-Иртышского междуречья.
12. Кисленко А. М Проблемы рекsтструкции энеолитического жилища. / / Проблемы реконструкции хозяйства и технологий по данным археологии. Петропавл, 1993.
13. Ахинжанов С. М, Макарова Л. А., Нарымов Т. Н. К истории скотоводства и охоты в Казахстане. А., 1992.
Семинар №5
Қазақстан қола дәуірінде
Сабаќ жоспары:
1. Қола дәуірінің жалпы сипаттамасы
2. Қола дәуіріндегі Қазақстан аумағындағы ескерткіштер
3. Қола дәуіріндегі шаруашылық.
Сабаќ маќсаты:
Қола дәуірінің кезеңдерінің әрқайсысының ерекшеліктерін атап көрсету және шаруашылық түрлерін анықтау.
Ќысќаша теориялыќ мәліметтер:
Б. з. б II мың жылдықта Еуразияның далалық аймақтарында қола алу тәсілі шығып, өндіргіш күштер қатарында төңкеріс жасалды. Адамзаттың алғаш игерген металы - қола (мыс пен қалайының қорытпасы) . Металдан жасалған еңбек құралдары тас еңбек құралдарын ығыстырған кезең - қола дәуірі. (б. з. б 2-1 мың жылдықтар) . Қоланың пайда болуы адам өмірінде үлкен жаңалық, метал қорытуды бастағындығы. Бұл дамудың алғашқы прогрессивтік қадамы. Сондықтанда мысты тас дәуірі тастан, қола сияқты күрделі металға өту кезеңіндегі өтпелі дәуір. Қола мысқа қарағанда берік, қатты металл одан жасалған қару - жарақ, құрал - сайман, әлде қайда берік болған. Қазақстандағы қола дәуірінің зерттелуі - ғылыми жағынан жүйелі жолға қойылды. Қоладан ұңғылы балталар мен сүңгілер жасауды үйренеді. Қазақстан жерін мекендеген тайпалар қола ғасырында Андроновтың археологиялық мәдениетке жататын жәдігерлер (мекендер, қорымдар, рудниктер, тастағы суреттер) қалдырған. Бұл мәдениетті зерттеуші қазақстандық ғалымдар - Ә. Х. Марғұлан, К. А. Ақышов, А. Г. Максимова, С. С. Черников, А. М. Оразбаев.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz