Ноғай ордасы туралы



1 Тарихы
2 Құрылымы
Ноғай Ордасы туралы тарихшылар арасында, әсіресе, Орданың географиялық орналасулары мен этникалық құрылымдары жөнінде түрлі пікірлер бар. Оған негізгі себеп – қазақ тарихшыларының ноғайлар туралы нақты да, көлемді зерттеулерінің жоқтығы. Бұл бағытта, тек А.И.Исиннің «Қазақ хандығы мен Ноғай Ордасы байланыстары туралы» зерттеуі маңызды.
Ал, Ресейде Ноғай мәселесіне өткен ғасыр ауқымында М.Ғ.Сафарғалиев, А.А.Новосельский, Н.А.Баскаков, В.М.Жирмунский, Е.А.Поноженко, М.Г.Худяков, М.И.Ахметзянов, Д.М.Искаков, М.А. Усманов, Р.Г.Кузеев, Т.Юлдашбаев, С.Мажитов, Чулошников, В.Б.Вино-градов, Ахмедов, Б.А.Кочекаев, А.И.Сикалиев, Б.Ишболдин, Д.Девиз және В.В.Трепаловтың зерттеулері нәтижесінде ноғайлар Ордасының тарихы жүйелі ғылыми пайымдаулар мен тұжырымдарды иеленді. Әрине, жоғарыда айтқанымыздай ноғай-маңғыттардың этникасымен көрші ұлыстар мен халықтармен байланыстарының көмескі жақтарыда жетерлік.
Қалай дегенмен де, жоғарыда аттары аталған ноғайтануға елеулі еңбек еткен тарихшылар да, аттары аталмаған тарихшылар да Ноғай Ордасының этникалық негізі-ХІІ-ХІІІ ғасырларда Орталық Амур өлкесімен Алтай тауларының баурайларын жайлаған Нечин бахадур бастаған көшпелі маңғыт тайпалары екендігін бірауыздан мойындайды. Шежіреде: Нечин бахадур – Құйылдар – Жедай Ноян т.б. кете береді. Сонымен қатар, маңғыт тайпалары Шығысхан жаулаушылығына ерікті-еріксіз түрде араласып, осы жорықтар негізінде терістік Қытайға енген, одан кейін Мауренаhр және ХІІІ ғасырдың бірінші ширегіндегі Шыңғыстың Орталық Азияға жорықтары тұсында түстік Қазақстанға келгендегі туралы парсы және қазақ, араб тарихшыларының (әбд ар Раззах Самарханди, қадір әлі Жалайри, Әбілқазы, Уәлиханов, Муин аддин Нтанзи, Ибн Арабшах) жазба деректері сақталған.
Жалпы Ноғай Ордасының құрылып, нығайып-қалыптасуына Едіге бидің ерекше рөл атқарғаны белгілі. Осы тарихи тұлғаның тегі туралы белгілі Шығыс танушы Д.Девиздің 1994 ж. жарық көрген «Исламизация и исконная религия в Золотой Орде. Баба-Тюклес и обращение в ислам в исторической и этнической традиции» - атты еңбегінде өте қызықты деректер кездеседі. Автордың пайымдауынша, Баба Тюклес Едіге бидің бабасы, яғни атасының әкесі деген шежірелік тұжырым бар. Демек, Ноғай Ордасының негізін қалап, кеңейткен тарих тұлғаның арғы тегі арабтық қожалардан шыққан деп айтуға негіз бар. Өйткені, Баба Тюклес қазақ және қарақалпақ тайпаларының арасында Түкті – Баба деген атпен белгілі болған қасиет иесі. Түкті – Баба Сарайшықта мәңгілік топырақ бұйырған қожа Ахмет Ясауи шәкірті Сейт бабамен қатар аты аталып, Алтын Орданы Өзбек хан (1312-1342), әз-Жәнібек хан тұстарында (1342-1357 жж.) исламдандыру барысындағы ең басты тұлға. Бұл туралы ХVІ ғасырда өмір сүрген Өтеміш қажы ибн Маулан Мухаммад Достының «Шыңғыс-Наме» - атты еңбегінде нақты деректер бар. (106-107 бб.)

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Ноғай Ордасына 620 жыл
НОҒАЙ ОРДАСЫ
Ноғай Ордасы туралы тарихшылар арасында, әсіресе, Орданың географиялық орналасулары мен этникалық құрылымдары жөнінде түрлі пікірлер бар. Оған негізгі себеп - қазақ тарихшыларының ноғайлар туралы нақты да, көлемді зерттеулерінің жоқтығы. Бұл бағытта, тек А.И.Исиннің Қазақ хандығы мен Ноғай Ордасы байланыстары туралы зерттеуі маңызды.
Ал, Ресейде Ноғай мәселесіне өткен ғасыр ауқымында М.Ғ.Сафарғалиев, А.А.Новосельский, Н.А.Баскаков, В.М.Жирмунский, Е.А.Поноженко, М.Г.Худяков, М.И.Ахметзянов, Д.М.Искаков, М.А. Усманов, Р.Г.Кузеев, Т.Юлдашбаев, С.Мажитов, Чулошников, В.Б.Вино-градов, Ахмедов, Б.А.Кочекаев, А.И.Сикалиев, Б.Ишболдин, Д.Девиз және В.В.Трепаловтың зерттеулері нәтижесінде ноғайлар Ордасының тарихы жүйелі ғылыми пайымдаулар мен тұжырымдарды иеленді. Әрине, жоғарыда айтқанымыздай ноғай-маңғыттардың этникасымен көрші ұлыстар мен халықтармен байланыстарының көмескі жақтарыда жетерлік.
Қалай дегенмен де, жоғарыда аттары аталған ноғайтануға елеулі еңбек еткен тарихшылар да, аттары аталмаған тарихшылар да Ноғай Ордасының этникалық негізі-ХІІ-ХІІІ ғасырларда Орталық Амур өлкесімен Алтай тауларының баурайларын жайлаған Нечин бахадур бастаған көшпелі маңғыт тайпалары екендігін бірауыздан мойындайды. Шежіреде: Нечин бахадур - Құйылдар - Жедай Ноян т.б. кете береді. Сонымен қатар, маңғыт тайпалары Шығысхан жаулаушылығына ерікті-еріксіз түрде араласып, осы жорықтар негізінде терістік Қытайға енген, одан кейін Мауренаhр және ХІІІ ғасырдың бірінші ширегіндегі Шыңғыстың Орталық Азияға жорықтары тұсында түстік Қазақстанға келгендегі туралы парсы және қазақ, араб тарихшыларының (әбд ар Раззах Самарханди, қадір әлі Жалайри, Әбілқазы, Уәлиханов, Муин аддин Нтанзи, Ибн Арабшах) жазба деректері сақталған.
Жалпы Ноғай Ордасының құрылып, нығайып-қалыптасуына Едіге бидің ерекше рөл атқарғаны белгілі. Осы тарихи тұлғаның тегі туралы белгілі Шығыс танушы Д.Девиздің 1994 ж. жарық көрген Исламизация и исконная религия в Золотой Орде. Баба-Тюклес и обращение в ислам в исторической и этнической традиции - атты еңбегінде өте қызықты деректер кездеседі. Автордың пайымдауынша, Баба Тюклес Едіге бидің бабасы, яғни атасының әкесі деген шежірелік тұжырым бар. Демек, Ноғай Ордасының негізін қалап, кеңейткен тарих тұлғаның арғы тегі арабтық қожалардан шыққан деп айтуға негіз бар. Өйткені, Баба Тюклес қазақ және қарақалпақ тайпаларының арасында Түкті - Баба деген атпен белгілі болған қасиет иесі. Түкті - Баба Сарайшықта мәңгілік топырақ бұйырған қожа Ахмет Ясауи шәкірті Сейт бабамен қатар аты аталып, Алтын Орданы Өзбек хан (1312-1342), әз-Жәнібек хан тұстарында (1342-1357 жж.) исламдандыру барысындағы ең басты тұлға. Бұл туралы ХVІ ғасырда өмір сүрген Өтеміш қажы ибн Маулан Мухаммад Достының Шыңғыс-Наме - атты еңбегінде нақты деректер бар. (106-107 бб.)
Сондықтан да, маңғыт тайпаларының Мауреннаhрдан Еділ-Жайық бойына қоныс аударулары Бердібек ханның (1357-1360) жылдарындағы тақ үшін таласы тұсында, яғни, Хызыр ханның басшылығымен жүзеге асқанға ұқсайды. Өйткені, өз тұстарында Өзбек те, әз-Жәнібек те хал-қына өте беделді тұлғалар болған. Тақ үшін тартысқа түскен сұлтандар мен ақсүйектердің қай-қайсысының да қолдайтын нөкер-төлеңгіттері мен белгілі бір деңгейде ру-тайпалары болғандығы тарихи деректерден белгілі.
Міне, осы үрдіс Хызыр ханның маңғыт тайпаларына арқа сүйеуін жоққа шығармайды. Мысалы, араб тарихшылары Натанзи мен Ибн Арабшах. Дәл осы жылдары Қият-Маңғыт Мамай Қырымға орнықты деген Өтеміс қажының дерегі де сақталған (108 б.). Бұл жылдар Қырым хандығының әбден күшейіп, тек түбекті ғана емес Днепр, Дон өзендерінің түстік далаларына да ықпал етіп, дәуірлеген кезеңі сияқты. Бұл кезең туралы жанамалы деректер қазақтың Ертарғын жырында да кездеседі.
Қырым хандығының әлсіре-уінде Алтын Орда ханы Тоқтамыстың сыртқы өзімшіл саясаты, яғни, 1380 жылы шабуылы барысында Мамайды талқандауы-Ноғай ордасының ыдырауын бастаған уақиғаға айналса, Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жойқын шабуылдары Ноғай Ордасының ыдырауын шапшаңдата түскені даусыз.
Едігенің әкесі Балтышақ (Бертальд) - Орыс ханның ұлы Темір-Мәлік тұсында оған беклер-бек (бас уәзір) болып, барынша адал және өте абыройлы қызмет еткен, сондықтан да Тоқтамыс Темір-Мәлікті талқандап, Балтышақты өзіне қызметке шақырады, алайда беклер-бек келіспей өлтіріледі. Дәл осы жылдардан бастап Едігенің саяси қайраткерлігі басталып, оның қызметі Тоқтамыс ханға жағып, ол Едігеге не қызы, не қарындасы - Жаниханы ұзатады, одан белгілі тарихи тұлға Нураддин туылады. Едіге осылайша Тоқтамысқа қызмет етеді. Бірақ, көп кешікпей, Едіге мен Тоқтамыс арасындағы қайшылық Әбілғазының дерегі бойынша Орыс ханның немересі Темір-Құтылыққа байланысты туындап, Едіге Темір Құтылықпен бірге Ақсақ Темірге кетеді. Алайда, Ақсақ Темірдің Алтын Орда мен жалпы Дешті-Қыпшақ далаларына қарсы әрекеттері Едігенің жасырын-ашық түрде Ақсақ Темірге қарсылығын күшейтеді. Мәселен, ХІV ғасырдың ақырына таман басталған Ақсақ Темірдің Алтын Орда ханы Тоқтамысқа шабуылын алдын-ала Едіге маң-ғыттарға хабарлап, Ноғай Ордасының бір бөлегі осы кезеңде Еділ-Жайық аралығына қоныстанып, Сарайшыққа Едіге бастаған ноғайдың ақсүйектері орнығады. Ал, Сарайда Ақсақ Темір билігін мойындаған Құйыршық хан; Хажы-Тарқанды Темір Құтылық, Қырымда Ақсақ Темірден қашқан Тоқтамыс бекінген (Сафарғалиев. 174-176 бб.). ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ноғай Ордасы мен Қазақ хандығы халықтарының жақын туысқандығы туралы
Ноғай Ордасының қалыптасуы
Ноғай ордасының құрылуы және ішкі саяси жағдайы
Қырым хандығының қалыптасуы
Ноғай ордасының туралы
Қазақ хандығы мен Ноғай Ордасы
Ақсақ Темірдің Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолостан шапқыншылығы
XIV - XV ғ. ғ. мемлекеттер
Тарихи-шежірелік жазбалардағы Асан ғұмырнамасы және тарихи шындық
Қазан хандығының құрылуы
Пәндер