Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жөнінде


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 2

І. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру . . . 3

1. 1. Туризмде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру . . . 5

1. 2. Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қызыметі . . . 9

1. 3. Есеп регистірлері . . . 13

ІІ. Бухгалтерлік есеп нысандары (формалары) . . . 14

2. 1. Бухгалтерлік жазулардағы қателерді түзету . . . 15

2. 2. Түгендеу . . . 16

2. 3. Есеп саясаты . . . 18

Қорытынды . . . 21

Пайдаланылған әдебиетер тізімі . . . 22

Кіріспе

Қазақстандағы туристік қызымет нарығы экономиканың ең дамыған саласы болып табылады. Туризмнің ерекшеліктері - қызымет саласында атқарылатын жұмыс, сату формасы мен еңбек сипатына байланысты. Ал, туризм саласындағы бизнесті ұйымдастыру - тікелей тұрақты дамыған компаниалардың көрсететін қызыметіне дұрыс есеп жұргізуге байланысты . Осыған байланысты туристік қызыметтің дамуы бухгалтерлік есеп саласында жоғары мамандандырылған қызыметкерлерді қажет етеді.

Қазіргі заманғы бухгалтер тек бухгалтерлік есеп саласында ғана емес, сонымен қатар салық салу, басқару есебі және экономикалық талдау саласында да білімінің кең деңгейін қамту керек.

Жеті кластерлік бастаманың ішінде туристік индустрианың экономиканың басым секторларының бірі ретінде танылуы оны дамытуға жаңа серпін берді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің туризм саласындағы белгіленген барынша маңызды міндеттерінің бірі - Қазақстанды Орталық Азиалық өңірдегі туризм орталығына айналдыру.

Мемлекеттік бағдарлама Республикада қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік индустриа құруға және эжкономиканың сабақтас секторларын дамытуды қамтамассыз етуге мүмкіндік береді. Ол туризмді дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиясын, негізгі бағыттарын, басымдықтарын, міндеттері мен іске асыру тетіктерін айқындайды және туризм инфроқұрлымын дамытуды, осы саланы мемлекеттік реттеу мен қолдаудың тиімді тетігін құрудың, туристік әлуметті артырудың, елдің тартымды туристік беделін, рекреациалық шаруашылық мамандануы бар аймақтарды қалыптастырудың негізгі аспектілерін қамтиды. Қазақстан Республикасының теңдесі жоқ табиғи және мәдени әлуетіне негізделген қазіргі заманғы туристік индустриа - туризмнің туристік қызымет көрсетулердің халықаралық саудасы жүйесіне кіріуінің табиғи жүйе жасаушы факторы, неғұрлым серпінді дамушы және өзінің капитал сыйымдылығына қарамастан, салынған капиталға қайтарымы жөнінен тиімді салалардың бірі болып табылатынына көз жеткізіп отырмыз.

І. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.

1996 жылы қараша айының 18-ші жұлдызында бекітілген субъектілердің қаржы -шаруашылық қызыметі, есеп шоттарының Бас жоспары сыртқы экономикалық қызыметтің дамуы, халықаралық капиталды тарту және еркін кәсіпкерлік аймақтар құру өте қажет болғандықтан, біздің есепті халықаралаық стандартарға жақындату үшін жасалған . 2003 жылыдың 1-ші қаңтарынан бастап оның орнын Типтік жоспар басты.

Одан басқа, нарықтық қатынастардың даму жағдайына байланысты бұрын сәикес шоттар қарастырылмаған есептің объектілері пайда болды. Мысалы, материалдық емес активтер, акциалар, облигациалар және басқа бағалы қағаздарға қаржылық салымдар. Меншіктің мемлекеттік емес түрлерінің пайда болуымен бухгалтерлік есепте қолданылған бұрынғы әдістердің көбісі қолайсыз болып қалды . Мысалы, акционерлік қоғамда «Капитал» шоттарындағы сомаларды негізгі құралдардың тозуын азайту қисынсыз болды. Өйткені, бұл, қолда бар акциалар мөлшеріндегі кәсіпорындарды құрудағы қатысушылардың салымдары болатын.

Типтік жорспарда 166 баланстық және 14 баланстан тыс шоттар бар. Баланстан тыс шоттарда кәсіпорынның меншігінде жоқ, жалға алынған негізгі құралдар бейнеленеді.

Шығын кәсіпорындар үшін бұл шоттардың толық құрамын пайдаланудың қажеті жоқ. Бухгалтерлік есеп шоттарының негізінде төменгі шоттардың қысқартылған жүйесімен өзіндік жұмыс жоспарын құру қажет.

Бөлім
Аталуы
Шоттардың нөмірлері
Бөлім: 1
Аталуы: 2
Шоттардың нөмірлері: 3
Бөлім: Негізгі құралдар
Аталуы:

Негізгі құралдар

Негізгі құралдардың тозуы

Шоттардың нөмірлері:

121-126

131-134

Бөлім: Өндірістік қорлар
Аталуы: Материалдар
Шоттардың нөмірлері: 201-208
Бөлім: Өндіріске жұмысалған шығыстар
Аталуы: Негізгі өндіріс
Шоттардың нөмірлері: 900
Бөлім: Дайын өнім тауарлар
Аталуы:

Дайын өнім

Өткізілген өнім, жұмыстар, қызыметтер және тауарлардың өзіндік құны

Шоттардың нөмірлері:

221

801

Бөлім: 1
Аталуы: 2
Шоттардың нөмірлері: 3
Бөлім: Ақша қаражаттары
Аталуы:

Кассадағы қолма-қол ақшалар

Есеп айрысу шотындағы ақшалар

Валюталық шоттардағы ақшалар

Арнаулы шоттардағы ақшалар

Шоттардың нөмірлері:

451-452

441

431-432

421-424

Бөлім: Есеп айрысу
Аталуы:

Алуға тиіс шоттар

Төленуге тиісті шоттар

Бюджетпен есеп айрысу

Басқа әр түрлі кридиторлармен есеп айырысу

Шоттардың нөмірлері:

301

671

631-639

687

Бөлім:

Қаржыландыру

Қаржылық нәтежелер мен табысты пайдалану

Аталуы:

Банктердің несиелері

Жинақтық табыс (залал)

Жйнақтық табысты пайдалану

Шоттардың нөмірлері:

601-603

571

561

1. 1. Туризмде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.

«Қазақстан Республикасында туристік қызымет туралы» Заңы бойынша (15 бап) Қазақстан Республикасында туристердің құқығы мен мүддесін қорғау мақсатында туроператорлық, турагенттік, экскурсиалық қызыметтер, туризмнің нұсқаушылық қызымет көрсетулері лицензиаланады. Лицензиалау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 14. 09. 2001 жылғы, № 1213 «Туристік қызыметті лицензиалау тәртібі» қаулысына сәикес жүзеге асырылады. Лицензия туралы, туроператорлар мен турогенттер туралы деректер туристік саладағы мемлекеттік тізімге енгізіледі. Қазақстан Республикасы Туризм және Спорт агенттігі төрағасының 09. 01. 2002 жылғы, №06-2---2\3 бұйрығымен лицензияаны алу үшін туристік қызыметтерді лицензиялау құжаттары заң формалары бекітілген.

Туроператорлар мен турагенттер лицензияны алу үшін азаматтық құқық сақтандыру келісім шартын бекітіп, он мың бір айлық есептік көрсеткішінен кем емес сақтандыру сомасын әкелуі керек.

Туристік бизнестегі субъектілердің қалыптасқан шаруашылық жүргізу жағдайында бухгалтерлік есеп жүйесін нақты ұйымдастыруы керек, қаржылық есеп берулерді пайдаланушыға уақытылы және шынайы жасап ұсынуы қажет, активтермен тапсырмалардың жағдай туралы мәліметтерді уақытылы алу.

Туризм- Қазақстан Республикасы азаматының уақытша кету (саяхаты) , шетелдік азаматтардың және тұрақты мекен -жайы мен азаматтығы жоқ тұлғалардың емделу, танымдық, кәсіби-іскерлік және тағы басқа сапарлары.

Туристік бизнестегі бухгалтерлік есептің жүргізу тәртібі ҚР Конститутциасында, ҚР Азаматтық кодексінде, 2001-ші жылдың 13 маусымындағы №211-ІІ (22. 02. 02 жылғы, №296-ІІ өзгертулермен ) «Қазақстан Республикасындағы туристік қызыметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңында реттелген. Қаржылық есеп берудің жалпы қабылданған Халықаралық стандартына сәйкес принцптердің 2 тобы бөлініп көрсетіледі:

  • Негізгі принцптер (есептеу және үздіксіз қызымет) ;
  • Ақпараттардың сапалы сипаттамалары (түсініктілігі, орындылығы, сенімділігі және салыстырылуы) .

Бұған қоса олар БЭС 30 « Қаржылық есеп берулерді табыс ету» реттелініп, «Бухгалтерлік есеп пен есеп берулер туралы» Заңда белгіленген принцптерге және бухгалтерлік есеп стандартына сәикес кәсіпорындар әзірленіп, пайдаланылатын кәсіпорындағы «Есептік саясатқа» қабылданады.

Есептік саясатқа мыналар қарастырылуы керек : туристік бизнестегі олардың есептік ерекшеліктері; шоттардың жұмыс жоспары; шаруашылық операциаларын рәсімдеуге қолданылатын бастапқы құжаттардың формалары; түгендеу жүргізу тәртібі және тауарлық-материалдық қорларды, мүлікті және тапсырмаларды бағалау әдістері; құжат айналымы тәртібі, есептік ақпараттарды өңдеу технологиасы және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға аса қажетті басқа шешімдер.

Қазақстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп пен есеп берулер туралы» заңының 7- бабына сәйкес кәсіпорын басшысы есептік жүйені жасауды және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды қамтамассыз етеді. Басшы есептік жұмыстың мөлшеріне қарай бухгалтерлік қызыметті бас бухгалтер басқаратын құрлымдық мөлшерлерге құрылтайшы болып, бас бухгалтер қызымет штатын ашады, алғашқы-келісімшартпен мамандандырылған бухгалтерлік бөлімге бухгалтерлік есепті жүргізуді тапсырады немесе маман бухгалтерге бухгалтерлік есепті жүргізуге береді.

Бас бухгалтер субъектінің жалпы бухгалтерлік есебін жүргізеді, заң талаптарын, қаржы-шаруашылық қызыметтердің бухгалтерлік есеп стандарттарын, қаржылық есеп берудің формаларын сақтайды.

Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің жалпы әдістемелік басшылығының негізінде Бухгалтерлік есептің әдістемелік департаменті және ҚР Қаржы министірінде жүзеге асырылады.

Қаржы есептілігінің есеп саясаты бөлімі мыналар:

  • Қаржы есептілігін әзірлеуге пайдаланылған өлшем базасын (немесе базаларын) ;
  • Қаржы есептілігін дұрыс түсінуге қажетті есеп саясатының әрбір нақты аспектісін сипаттауға тиіс.

Қаржы есептілігінде пайдаланылатын нақты есеп саясатына қосымша пайдаланушылар өлшем базасын немесе базаларын (тарихи құн, ағымдағы құн, өткізудің мүмкін болатын құн, әділ құн немесе өткізілген құн) білу маңызды, өйткені тұтастай алғанда қаржы есептілігін жасаудың негізін қалыптастырады. Егер қаржы есептілігінде бірден артық өлшем базасы қолданылатын болса, мысалы, белгілі бір ұзақ мерзімді активтерді қайта бағалаған кезіндең онда әрбір тиісті өлшем базасы қолданылатын активтер мен міндеттемелердің санаттарын көрсету жеткілікті болады.

Нақты есеп саясатын ашып көрсету туралы шешім қабылдаған кезде басшылық ашып көрсету кәсіпорынның қызымет нәтежелерінде және қаржы жағдайында опериациалар мен оқиғаларды көрсету тәсілін түсінуде пайдаланушылырға көмектесе ме деген мәселені қарастырады. Ұсынылуын кәсіпорын қарауы мүмкін есеп саясатынаң аспектілері мыналарды қамтиды ( бірақ онымен шектеліп қоймайды) :

  • Кірісті тану;
  • Еншілес және қауымдас кәсіпорындарды қоса, шоғырлану принцптері;
  • Бизнесті біріктіру;
  • Бірлескен қызымет;
  • Материалдық және материалдық емес активтерді тану және амортизациалау;
  • Қарыздар бойынша шығындарды және басқа да шығыстарды капиталдандыру;
  • Құрылыс салуға шарттар;
  • Инвеститциалық жылжымайтын мүліктер ;
  • Қаржы құралдары мен инвеститциалар;
  • Жалгерлік;
  • Зерттеулер мен әзірлеулерге шыққан шығындар;
  • Босалқылар
  • Салықтар, оның ішінде кейінге қалдырылған салықтар;
  • Бағалау міндеттемелері;
  • Қызыметкерлерге сиақы беруге арналған шығындар;
  • Бір валютадан екіншісіне ауыстыру және хеджирлеу;
  • Шаруашылық және географиалық сараланымдарды анықтауды және сараланымдардың арасындағы шығындарды бөлу үшін негізде;
  • Ақшалай қаражаттар мен олардың баламаларын анықтау ;
  • Инфлиацианы есепке алу ;
  • Мемлекеттік субсидиялар ;

Басқа Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары осы салалардың көпшілігінде есеп саясатын ашып көрсетуге нақты талап етеді.

Әрбір кәсіпорын пайдаланушы осындай түрдегі кәсіпорын үшін ашып көрсетілуін күтетін өз операциалары мен саясатының сипатын қарастырады. Мысалы, жеке сектордағы барлық кәсіпорындар, кейінгі қалдырылған салықтар мен салықтық активтерді қоса, пайдаға салынған салықтарға қатысты есеп саясатын ашып көрсетуге тиіс деп болжанады. Кәсіпорында шетелдік қызыметтің немесе шетелдік валютамен жасалатын опрациалардың едәуір көлемі болған кезде, оң және теріс бағымдық аиырманы тануға және осындай аиырмаларды хеджирлеуге қатысты есеп саясатын ашып көрсету көзделеді. Шоғырланған қаржы есептілігінде гудвиллды және азшылық үлесін анықтау кезінде қолданылатын саясат ашып көрсетіледі .

1. 2. Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қызыметі.

Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу үшін кәсіпорында күнделікті орындалып отыратын барлық операциалардың міндетті түрде үздіксіз құжаттарға жазылып отыратындығы бухгалтерлік есептің басқа ғылымдардан ерекше екендігін алдыңғы тарауларда айтып өткенбіз. Бухгалтерлік құжат деп - кәсіпорындар мен ұйымдар орындалған операциаларды дәлелдейтін және алдағы уақытта орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызыметтерге құқық беретін жазбаша куәлікті атауға болады.

Жалпы кәсіпорындағы атқарылып жатқан жұмыстың, орындалған тапсырманың үздіксіз, белгілі бір тәртіппен, арнайы үлгіде қағаздарға жазылып және оған тиісті адамдардың қолдарының қоиылуы ( қажет болған жағдайда кәсіпорын мен ұйым мөр таңбасының басылуы) құжаттау деп аталады. Сондықтанда құжаттау бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Себебі осы құжаттар арқылы ғана кез-келген уақытта кәсіпорын бойынша орындалған жұмыстың, атқарылған қызыметтің қай мерзімде жасалғаны және оған қандай мөлшерде шығын жұмысалғанын дәлелдеуге болады.

Құжат кәсіпорындағы орындалған шаруашылық опериациаларына сәикес үздіксіз толтырылып, олардың мазмұнын толық ашып көрсетеді және ол бухгалтерлік есептің негізі болып табылады.

Бухгалтерлік құжат -кәсіпорындағы шаруашылық опериациалардың орындалғанын растайтын немесе оны орындауға заңды түрде құқық беретін жазбаша куәлік.

Орындалған шаруашылық опериациаларын бастапқы құжатқа түсіруді бухгалтерлік есеп теориасында алғашқы есеп сатысы деп атайды.

Кәсіпорында жүргізілетін шаруашылық құбылыстарының әр түрлі болуы себебіне бастапқы құжаттардың нысаны (формасы) бірдей болмайды. Шаруашылық құбылыстарды түгелдей бастапқы құжатпен құжатталуы тиіс. Әрбір бастапқы құжатқа орындалған шаруашылық опериациаларынынң мазмұны жазылып және белгілі бір көрсеткіштер түсіріледі. Құжат көрсеткіштерін деректемелер (реквизиттер) деп атайды. Олар міндетті және толықтырушы болып бөлінеді. Міндетті деректемелер (реквизиттер ) бухгалтерлік құжаттарды заңды құқықпен қамтамассыз етеді.

Міндетті деректемеге (реквизиттер) жататындар:

  • Құжаттың аты, нысанының коды;
  • Құжаттың толтырылған уақыты(күні, айы, жылы)
  • Құжатты толтырған заңды немесе жеке тұлғаның аты-жөні;
  • Шаруашылық опериацианың мазмұны;
  • Шаруашылық опериацианың өлшемі(натуралдық немесе ақшалай) ;
  • Шаруашылық опериацианың жүргізілуіне және оған сәйкес құжаттарды толтыруға жауапты адамдардың аты-жөні;
  • Жауапты атқарушының қолы.

Қосымша деректемелер (реквизиттер) шаруашылық опериациа көрінісінің ерекшеліктерімен және құжаттардың тағайындалуымен анықталады . Әр түрлі талаптарға байланысты бастапқы құжатта келесідей қосымша деректемелер (реквизиттер) болуы керек: құжаттың реттік нөмері, ұйымның банк мекемесіндегі есеп айрысу шотының нөмірі, шаруашылық опериацианы орындау үшін негіз болатын құжаттар және тағы басқалар.

Құжаттардың нысандары (формалары) келесі есеп бөлімдері бойынша топтасады :

  1. ауыл шаруашылық өнім мен шұикізат;
  2. еңбек және еңбекақы;
  3. негізгі құралдар мен матиралдық емес активтер;
  4. материалдар ;
  5. кем бағалы және тез тозғыш заттар;
  6. капиталдық құрылыстағы жұмыс;
  7. құрылыс машиналары мен механизмдердің жұмысы;
  8. автокөліктегі жұмыс:
  9. түгендеу нәтежелері;
  10. кассалық опериациалар;
  11. сауда опериациалары;

Құжаттар дер кезінде, яғни опериацианың орындалу барысында толтырылуы керек. Егер бұл айтылған уақытта оларды толтыруға мүмкіндік болмаған жағдайда құжаттар опериациа аяақталған сәтте толтырылады. Уақытында толтырылмаған құжат кәсіпорын меншігінің сақталуын бақылауды қиындататын және ол опериацианың бухгалтерлік есеп шотына кешіктіріліп жазылуына әкеліп соқтырады. Осы себептен ұйымның бухгалтерлік қорытынды есебін жасау мерзімі кешіктірілуі мүмкін.

Құжаттардағы жзазбалар сиямен, шарикті қаламсаппен, жазба машинасымен (компьиютермен) және басқа да олардың архивте көрсетілген уақыт мерзіміне дейін сақталуын қамтамассыз ететін заттармен толтырылады. Құжаттағы жазбалар анық және дұрыс көрсетілуі керек. Құжатты толтырған адам тиісті жерін өзінің қолын анық етіп қоюға міндетті. Кәсіпорындар мен ұйымдарда алғашқы есеп құжаттарына қолдарын қоятын адамдары ұйым басшысы бас бухгалткрдің келісімімен тағайындалады.

Ақша опериациалары бойынша толтырылатын құжаттар және есеп айрысу құжаттары, сонымен қатар кәсіпорынның қаржылық-несиелік міндеттерін куәләндыратын құжаттар бас бухгалтердің қолынсыз заңсыз (жарамсыз) болып саналып, оны орындау жүзеге асырылмайды. Егер кейбір опериациаларды орындау барысында кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтерінің көзқарастары әртүрлі болған жағдайда оларға толтырылатын құжаттар кәсіпорын басшысының жазбаша өкімі бойынша толтырылады. Соған сәике бұл опериациа үшін барлық жауапкершілікті кәсіпорынның басшысы өз мойына алады.

Алғашқы (бастапқы) құжаттарды толтырғанда жасалған қателерді келесі жолдармен түзетуге болады: дұрыс емес тексті не соманы оқылатындай етіп түзу сызықпен сызады да оның жанына дұрыс жазба жазылады. Бұл құжатқа түзету енгізілгені жазылып және уақыты (күні, айы, жылы) көрсетіліп құжат толтырушы өз қолын қояады.

Кассалық және банктік құжаттарға тұзету енгізуге болмаиды. Егер аталған құжаттарды толтыру барысында қате жіберілген жағдайда оларды қаита толтыру қажет.

Бухгалтерлік есепті пайдаланатын алғашқы құжаттардың басқадай түрлеріне түзету енгізу тек қана шаруашылық опериациаларына қатысушылардың келісімімен жүргізіліп және олар өздерінің келісім бергендігін растап, түзету енгізілген уақытты (күні, айы, жылы) көрсетіп қолдарын қойады.

1. 3. Есеп регистірлері.

Кәсіпорының қаржы -шаруашылық қызыметі туралы қажетті мәліметтер алу үшін бастапқы құжаттарға көрсетілген шаруашылық опериациалар туралы мәліметтерді топтастырып тіркеу қажет. Ол үшін есеп регистірлері қолданылады.

Есеп регистірлері - бұл шаруашылық опериациалар туралы мәліметтерді тіркеу мен топтастыру үшін бейімделген арнайы тәртіптер .

Сыртқы түріне байланысты олар бухгалтерлік кітаптар, карточкалар және бос парақтар (ведмостар) болып бөлінеді.

Бухгалтерлік кіткптарда барлық беттер тігіліп және нөмірленген болуы тиіс. Соңғы бетте кітаптың қанша бет нөмірленгенін, одан соң басшы мен бас бухгалтердің қол таңбалары мен ұйымның мөрі қойылады. Бухгалтер кітаптың үлгісі болып бас кітап пен кассалық кітап саналады.

Карточкалар өзара бір-бірімен бекітілмейді және арнайы жәшік-карточкада тұрады. Карточкалардың толтырудың үлгісі болып материалдардың санды-сомалық есеп карточкалары саналады.

Бос парақтарда өзара бір-бірімен бекітілмейді, бірақ карточкалардан өзгеше олар үлкен көлемде болады, жұқалау қағаздан жасалады және папкілерде сақталады. Бос парақтардың үлгісіндегі, есеп регистірлерінің мысалы болып еңбек ақы беру үшін төлену ведмостары табылады.

Бұл регистірлердің дұрыс жағы мен кемшіліктері де бар. Карточкалар мен бос парақтар қандай болсын топтастыруға оңай келеді, сондықтан олармен жұмыс істеуді бірнеше қызыметкерлер арасында бөліп беру мүмкіндігі бар. Бірақ, басқа жағынан карточка немесе папкіде қайсы бір парақ немесе карточканың еркін алынуы оның жоғалуына, бір карточканың басқасымен ауыстырылуы немесе оллардың ішіндегі жазулардың өзгеруіне алып келуі мүмкін.

Кітаптарда, керсінше, әрбір парақтың сақталуы қамтылған, бұл жағдай белгілі дәрежеде тәртіп бұзуға жол бермейді.

ІІ. Бухгалтерлік есеп нысандары (формалары) .

Бухгалтерлік есептің нысандары (формалары) деп - белгілі бір дәиектілікпен және өзара баиланысты, екі жақты принцпті пайдалана отырып бухгалтерлік есеп жазуын жүргізуге арналған есеп тіркемелерін (регистірін) айтады.

Бухгалтерлік есеп нысандарын және есептелетін ақпаратты өңдеу технологиасын әрбір кәсіпорын өзі таңдайды және оны есеп саясатында көрсетеді .

Қазіргі кезде кәсіпорындарда бухгалтерлік есеп нысандарының келесідей түрлері қолданылады: Мемориалдық - ордерлі, бас-журнал, журнал-ордерлі, жай және ықшамдалған (мүлікті есептеу тіркелімдерін бірге қолдану) .

Бухгалтерлік есептің мемориалдық-ордерлі, нысандары қазіргі кезде қолданылатын екі нысандардың бірі болып табылады. Есептің бұл нысандарында кітаптық және карточкалық тіркелімдері қолданылады. Синтетикалық (топтамалық) есеп үшін кітаптарды қолдану ыңғайлы болса, ал аналитикалық (талдамалық) есеп үшін көбнесе карточкалар қолданылады. Мұның себебі әрбір шаруашылық опериациасы бойынша толтырылатын алғашқы құжат немесе бірыңғай алғашқы құжаттар үшін бухгалтерлік есепте екі жақты жазу жазылып және ол меморалдық-ордерлі нысан түрінде рәсімделеді.

Мысалы :қоймадан материалдарды босату (жіберу) труралы әрбәір жүкқұжаттың (накладной) есептеуде жеке жазбамен көрсетудің орнына осындай бірнеше жүк құжатты жинақтаушы тізімдемеге жазады, одан кейін осы тізімдеменің қортынды мәліметтері негізінде меморалды - ордерлі бір ғана бухгалтерлік жазба жасалады. Оның ішінде жазбаның қысқаша мазмұны беріледі немесе құжатқа сілтеме жасалады, шот корреспонденциясын және сомасы көрсетіледі.

2. 1. Бухгалтерлік жазулардағы қателерді түзету.

Есеп регистірін толтыру кезінде бухгалтер тарапынан қателер жіберілуі мүмкін . Қателер қызыметкердің шаршағандығынан, салақтығынан немесе калькулатордың бұзылғандығынан туындайды.

Қателер локальді , яғни бір жердің шеңберінен аспайтын (мысалы күн дүрыс қойылмаған ) және транзиттік , яғни өтпелі, егер қате өзінен-өзі бірнеше есеп регистірлерінен өтетін болса (мысалы опериациалардың журналында қайсы бір соманың жазуын бұрмалау шоттарда, айналым ведмосына және балансты қатеге алып келеді) .

Қателер операцианың мәтінінде және сандарында (көбірек кездесетін) блуы мүмкін, онда олар бұрыс проводка жасауға алып келеді.

Көбнесе бухгалтер бір шоттың дебетіне соманы жазып қойып, екінші шоттың кридитіне жазуды ұмытып кетеді немесе керсінше болады. Бір уақытта журналға соманы жазып қойып, оны шоттар бойынша жазуды есінен шығарады. Кейде синтетикалық есеп регистірін толтыра отырып, бухгалтер аналитикалық есеп туралы есінен шығарып қояады.

Қателердің соңғы тобы №8 «Қосарлы жазудың бақылау маңызы» бөлімшесінде көрсетілетін бақылаудың әдістерін қолдану кезінде айқындаладлы.

Сандар бойынша қателерді іздеу үшін оларды калькуляторда есептеңіз, одан соң сол есептеуді «минус» белгісімен қайта қайталаңыз.

Қателерді түзету үшін тек тәсіл пайдаланады. Бірінші тәсілді қолдану кезінде бұрыс жазу сызылады, қате қызыл сиямен қайталанылады. Бұл оның алғашқы сомасынан шегерілетінін білдіреді. Одан соң дұрыс соманы жазады, бірақ әдеттегі сиямен. Осылай дағдылы түрде транзитті қателерді түзейді.

2. 2. Түгендеу.

Барлық шаруашылық опериациаларды құжаттау мен шоттардағы қосарлы жазу жүйесі әрбі кәсіпорынның шаруашылық қызыметінің толық бейнелеуін толық қаматамассыз ете алмайды. Күнделікті құжаттаудың ықпалына түспейтін (табиға кемею) немесе кейбір себептермен бастапқы құжаттардлың мәліметтерін бұрмалайтын ( қоймадағы операциаларды жасау және есептеу кезіндегі қателер, қияанат етушілік, ұрлық, иесіздік) процестер де болады.

Мұндай фактілер туралы мәліметтер түгендеу кезінде ғана ашылуы мүмкін. Материалдық құндылықтар, ақша қаражаттары мен есеп айрысулар түгендеуге тап болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың негіздері мен жалпы принциптері
Кәсіпорындағы бухгалтірлік есепті ұйымдастыруды зерделеу
Тауарлық-материалдық құндылықтар жөнiнде түсiнiк, олардың жiктелуi мен бағалануы
ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАР БАСҚАРУДЫҢДЫ ЖЕТІЛДІРУ
Нарықтық экономика жағдайында ауыл шаруашылығындағы су пайдаланушылар кооперативінің алатын орны
Аяқталмаған өндіріс шығындары
Бухгалтерлік есептің ұымдастырылуы
Бухгалтерлік құжаттарды ұйымдастыру жолдары
Алдағы кезең шығыстарын есепке алудың негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz