Балабақшаның даму бағдарламасын қалай жасайды?



1 Балабақшаның даму бағдарламасын қалай жасайды?
2 Бағдарлама деген не?
3 Мектепке дейінгі мекеменің даму бағдарламасын қай технологияны қолданып жасауға болады?
4 Нәтижелерді талдау.
5 Жаңа мектепке дейінгі мекеменің тұжырымдамасы
6 Әрекеттер жоспары
7 ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ . 2050:
БІР МАҚСАТ, БІР МҮДДЕ, БІР БОЛАШАҚ
Балабақша болашағын қалай қамтамасыз етуге болады? Сұранысты қалай құру керек? Жауап біреу – қызмет рыногында өз орнын табу. Әйтпесе, кеш қалуға болады. Бұл ізденіс – өзіне күшті талапты қажет ететін үлкен ғылым.
Мектепке дейінгі ұйымдарды ізденіске «дайындығына» байланысты үш топқа бөлуге болады.
Бірінші топ – дәстүрлі бағдарламамен жұмыс істейтін қарапайым балабақша. Оларды тұрақты жұмыс істеп тұрған деп атайық. Егер бұл балабақшаға орналасуға ата – аналардың кезегі болса да, әкімшілік оқу – тәрбие үрдісін жаңартуға ешқандай шара қолданбайды. Бұл кейін теріс әсерін бермей қоймайды. Сыртқы факторлар өзгерсе (демографиялық, экономикалық, т. б.) – балабақшадағы жағдай қайшылыққа тіріледі. Олар:
Бәсекелестер – жаңа бағдарламамен рынокқа шыққан көршілер;
Жақын маңдағы тұрғын үй қорларын қайта құру; жаңа қызықты, оңтайлы жағдайлармен жұмыс істейтін жекеше балабақшалардың ашылуы, т. б.
Екінші топ – бір – екі оқу – тәрбие бағытымен тереңдете жұмыс істейтін немесе жаңа әдістерді тәжірибеден өткізу, немесе енгізуге базалық болатын балабақшалар. Олар ізденіс режимінде жұмыс істейтін балабақшалар.
Үшінші топ – жаңаша жұмыс модельдерін құрастырып жатқан балабақшалар. Бұл балабақшалар тұрақты, көп жылдан жұмыс жасап келе жатқан білікті педұжымымен ерекшеленеді. Олар ізденіс режимінде жұмыс істейді.
Бағдарлама деген не?
Білім беруді басқару саласындағы көрнекі мамандар В. С. Лазарев и М. М. Поташкин бағдарламаны адамдардың бірлесе атқаратын жұмыс моделі деп қарастырады, ол мына жағдайларды анықтайды:
А) қандай да бір жүйенің бастапқы жағдайын;
Б )осы жүйенің күтілетін соңғы жағдайын;
В) бүгінгіден ертеңге өту әрекеттерін.
Осындай модель басшыға соңғы нәтиже қандай болу керектігін, қай әрекетті қай кезде жасайтындығын, нәтижеге жету үшін қандай жұмыстар атқарса жеткілікті болатындығын анықтауға мүмкіндік береді.
Бағдарлама арқылы балабақшаның әрбір қызметкері мыналарды біле алады:
• Қандай мақсат үшін жұмыс жасайды;
• Бұл жұмыста оның рөлі қандай;
• Одан не күтіледі;
• Өзінің дербес шешімін жүзеге асырмаса, не болады.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Мектепке дейінгі даму бағдарламаламасының әдістемелік құрастыруы.

Балабақшаның даму бағдарламасын қалай жасайды?
Балабақша болашағын қалай қамтамасыз етуге болады? Сұранысты қалай құру керек? Жауап біреу - қызмет рыногында өз орнын табу. Әйтпесе, кеш қалуға болады. Бұл ізденіс - өзіне күшті талапты қажет ететін үлкен ғылым.
Мектепке дейінгі ұйымдарды ізденіске дайындығына байланысты үш топқа бөлуге болады.
Бірінші топ - дәстүрлі бағдарламамен жұмыс істейтін қарапайым балабақша. Оларды тұрақты жұмыс істеп тұрған деп атайық. Егер бұл балабақшаға орналасуға ата - аналардың кезегі болса да, әкімшілік оқу - тәрбие үрдісін жаңартуға ешқандай шара қолданбайды. Бұл кейін теріс әсерін бермей қоймайды. Сыртқы факторлар өзгерсе (демографиялық, экономикалық, т. б.) - балабақшадағы жағдай қайшылыққа тіріледі. Олар:
Бәсекелестер - жаңа бағдарламамен рынокқа шыққан көршілер;
Жақын маңдағы тұрғын үй қорларын қайта құру; жаңа қызықты, оңтайлы жағдайлармен жұмыс істейтін жекеше балабақшалардың ашылуы, т. б.
Екінші топ - бір - екі оқу - тәрбие бағытымен тереңдете жұмыс істейтін немесе жаңа әдістерді тәжірибеден өткізу, немесе енгізуге базалық болатын балабақшалар. Олар ізденіс режимінде жұмыс істейтін балабақшалар.
Үшінші топ - жаңаша жұмыс модельдерін құрастырып жатқан балабақшалар. Бұл балабақшалар тұрақты, көп жылдан жұмыс жасап келе жатқан білікті педұжымымен ерекшеленеді. Олар ізденіс режимінде жұмыс істейді.
Бағдарлама деген не?
Білім беруді басқару саласындағы көрнекі мамандар В. С. Лазарев и М. М. Поташкин бағдарламаны адамдардың бірлесе атқаратын жұмыс моделі деп қарастырады, ол мына жағдайларды анықтайды:
А) қандай да бір жүйенің бастапқы жағдайын;
Б )осы жүйенің күтілетін соңғы жағдайын;
В) бүгінгіден ертеңге өту әрекеттерін.
Осындай модель басшыға соңғы нәтиже қандай болу керектігін, қай әрекетті қай кезде жасайтындығын, нәтижеге жету үшін қандай жұмыстар атқарса жеткілікті болатындығын анықтауға мүмкіндік береді.
Бағдарлама арқылы балабақшаның әрбір қызметкері мыналарды біле алады:
* Қандай мақсат үшін жұмыс жасайды;
* Бұл жұмыста оның рөлі қандай;
* Одан не күтіледі;
* Өзінің дербес шешімін жүзеге асырмаса, не болады.
В. С. Лазарев и М. М. Поташкин бағдарламаны жергілікті жерде әр түрлі топтардың бағыттары, кездесу нүктесі көрсетілген картаны қолданып бағдарлаумен салыстырады. Бағдарлама келесі қасиеттерге ие болуы керек:
* Өзектілігі - болашақ мектепке дейінгі мекеменің немесе бір нақты балабақшаның болашақ жүйесінің ең маңызды деген проблемасын шешуге бағытталған бағдарлама қасиеті.
* Болжаушылығы - мақсаттарында және жоспарланған әрекетінде мептепке дейінгі мекеменің тек қазіргі ғана емес, болашақта ойлайтын талаптарын анықтау қасиеті.
* Тиімділігі - бағдарламаның ең жоғарғы нәтижеге, мақсатқа жету үшін қолданылытын әдіс - тәсілдерді дұрыс таңдау қасиеті.
* Тұтастығы - әрекеттердің толықтығы мен олардың арасындағы байланыстарды толық көрсететін бағдарламаның қасиеті.
* Бақылаушылығы - аралық және соңғы мақсаттарды айқындауға мүмкіндік беретін бағдарламаның қасиеті, яғни қалай жетуге болады және нәтиженің мақсатқа сай келуін тексеру бағдарламаның қасиеті. Қателіктерге сезімталдығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым бағдарлама нақтылынған болып саналады.
Мектепке дейінгі мекеменің даму бағдарламасын қай технологияны қолданып жасауға болады?
Мектепке дейінгі даму бағдарламасын әр түрлі технологияларды қолданып жасауға болады. В. С.Лазарева мен М. М. Поташник технологияға мына процедуларды енгізуді ұсынады:
1. Балабақша туралы ақпарат дайындау;
2. Балабақша жағдайына проблемалық талдау жасау;
3. Жаңа балабақшаның тұжырымдамасын жасау;
4. Жаңа мектепке дейінгі мекеме түріне көшу үшін стратегиялар мен мақсаттар қою;
5. Бағдарламаны жүзеге асырудың бірінші кезеңнің мақсаттарын анықтау;
6. Эрекеттер жоспарын әзірлеу;
7. Бағдарламаны сараптау.
Балабақша туралы ақпараттық анықтама - біріншіден, ол жетістіктерді талдау, ұжым үшін іс - әрекетінің аралық қорытындылар жасап, онымен танысу өте маңызды. Бұл ұжымды тәрбиелеудің маңызды құралы болып табылады.
Екіншіден, бұл құрайтышылар, бағдарлама жобасын сараптайтын сараптама комиссисы үшін ақпарат.
Үшіншіден, ата - аналар, шағын аудан, қала тұрғындары, яғни болашақ тұтынушылар үшін жарнамалық жадығат болады. Қазір әрбір фирманың жарнамасы бар. Бұл рынок талабы. Білім беру мекемесі де бұл талаптан тыс қала алмайды.
Анықтаманы социумға қысқа талдау беруден бастау керек (әсересе жас отбасылар - болашақ тұтынушылар үшін). Қоршаған аймақты көрсету: өнеркәсіп ауданы, қала ортасы, жатын аудан, жақын маңдағы мәдени - көпшілік объектілер.
Одан әрі мектепке дейінгі мекеме туралы ақпаратқа көшеді: материалдық - техникалық база жағдайы, тәрбиеленуші контингенттің сипаттамасы, педкадрлар туралы мәліметтер. Оқу - тәрбие жұмыстарының қысқаша қорытындылары. Педагогикалық ұжымның жетістіктері. Әріптестерімен, оқымыстылармен, мәдениет және өнер адамдарымен, медицина және спорттық мекемелермен байланыстар. Балабақшаның қысқаша тарихы, педұжымның дәстүрлері туралы мәлімет. Ақпараттық жағыдат неғұрлым нақты болса, соғұрлым проблемалық талдау да терең болады. Тәжірибелі меңгерушілер мәтінді кестелермен, сызбалармен, сауалнама қорытындыларымен толықтырып отырады. Жақсы ақпараттық анықтама меңгерушінің уақытын үнемдеуге көп көмектеседі, яғни қай жерден, кім қандай анықтама сұралса да, кез - келген жерге ұсынуға болады.
Мектепке дейінгі мекеменің жағдайын проблемалық талдауы.
Талдау - объектіні құраушыларына жіктеп немесе логикалық абстракция көмегімен объектіні ойша жіктеуге негізделген ғылыми зерттеу әдісі.
Өкінішке орай меңгерушілер проблемалық талдау жасауда белгілі бір қиындықтарға тап болады. Олар өздерінің нәтижелерін критерийлермен салыстыра алмайды, себебі басқа балабақшалардың бай тәжірибелерінен, педагогикалық ғылымның соңғы объективті бола түседі. Көпшілік жағдайда орындалған жылдық жоспардың дәстүрлі талдауы жасалады. Ұжымдағы микроахуал, кәсіби шеберліктің артуы, балалардың, педагогтардың, ата - аналардың балабақшадағы жайлы жағдайы, балабақша тәрбиеленушілеріне бастауыш мектептің бағасы қалып қояды, кадр артында...
Қандай да бір психологиялық кедергі болады: бағдарламада кемшіліктерін көрсетуден тайқастау - дұрыс түсінілмесе ше?
Көптеген проблемалардың ішінен меңгеруші тек қаржының жетіспеуін ғана көреді. Кез - келген мектепке дейінгі мекеменің даму бағдарламасы басты мәселені шешуге бағытталуы керек - оқу - тәрбиелеу сапасын жақсарту. Бірақ абстракциялық түрде мәселе шешілмейді. Талдаудың мақсаты, жалпы проблеманы нақтылау, оларды өзара байланысқан дербес міндеттер жиынтығы ретінде қарастыру. В. С. Лазарев және М. М. Поташкин соңынан аяғына қарай қозғалысты ұсынады:
- Мекемедегі қанағаттандырмайтын жағдайларды анықтау;
- Нәтиже кемшілігіне айналған оқу тәрбие жұмысының нәтижесін талдау;
- Оқу тәрбие жұмысының кемшіліктері пайда болған, жағдайлар кемшіліктерін талдау.
Ұсынылып отырған жол нәтижеге елеулі әсер қоймайтын жағдайларды кесіп тастап, маңыздыларын анықтауға мүмкіндік береді.
Нәтижелерді талдау.
Кез келген бағдарлама не бар, не талап етіледі
Деген сәйкессіздікке ие болады. Сондықтан басында мына сұраққа жауап беру керек: Балабақша жұмысы қандай талаптарды талап етеді? Бұл талаптар әлеуметтік тапсырыстар түрінде беріледі (балалар, ата - аналар, педагогтар, мектеп, халық, өндіріс, басқару органдары).
Әлеуметтік тапсырыс талаптары мен күнделікті талаптар салыстырылады, елеулі сәйкес келмеушіліктер бөлініп алынады да проблемалар түрінде қарастырады.
Оқу - тәрбие үрдісін талдау. Проблемаларды жалғастыра отырып, нақты сұрақтарға жауап беру керек: Қай кемшіліктерге байланысты нақты нәтижелер мен әлеуметтік тапсырыс арасында сәйкессіздік пайда болды? - сәйкессіздік дәрежесі көрсетіледі.
Жағдайларды талдау.
Бұл жерде мына сұраққа жауап беру тиіс: Жағдайлардың қандай кемшілігі оқу - тәрбие жұмысының ақауына айналады? (кадрлар, ғылыми - әдістемелік қамтамасыз ету, материалдық база, т. б.)
Жаңа мектепке дейінгі мекеменің тұжырымдамасы
Болашақ балабақшаның тұжырымдамасын қалыптастырғанда ең алдымен әлеуметтік тапсырыстың қай бағытын қанағаттындыруға бағдарланатының анықтап алу керек. Ең ақырғы дұрыс шешім ұжымның көп ай бойы идеяларды, проблемаларды шешу әдістерін іздеуі, бірнеше рет өткізілген идеялар банкі арқасында, ғалымдардың ұсынымдары мен педагогтардың тәжірибелерін қолдана отырып жасалады.
Мектепке дейінгі мекеменің даму тұжырымдамасы екі бөліктен тұруы тиіс.
Бірінші бөлім - мектепке дейінгі мекеменің сипаттамасы:
Ø Білім - беру - тәрбиелеу мекемесінің жаңа немесе жетілдірілген құрылымы;
Ø Жаңа немесе жетілдірген бағдарламалар;
Ø Оқу - тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудағы жаңа көзқарас, әдістер, схемелар;
Ø Жаңа технологиялардың, оқыту, тәрбилеу және дамыту әдістемесінің сипаттамалары;
Ø Қосымша қызметтер сипаттамасы.
Екінші бөлім - жаңа басқару жүйесі. Ол әзірленген жаңа мекеме жобасына толығымен негізделіп, құрамында мыналарды қамтиды:
Ø Барлық басқарылатын субъектілер көрсетілген басқару жүйесінің жаңа құрылымы;
Ø Барлық жеке және ұжымдық басқару органдардың атқаратын жаңа немесе жетілдірілген қызметтерінің тізімі;
Ø Жаңа басқару әдістері.
Ø Балабақша дамуының тұжырымдамсын жасауға қажетті идеяларды ғылыми әдебиеттерден, анықтамалардан, энциклопедиялардан, сөздіктерден табуға болады.
Бұл тақырыпта көптеген педагогикалық энциклопедиялар мен сөздіктер бар. Бұл басылымдарда педагогика, халыққа білім беру, аралас пәндер бойынша педагогика, оның тарихы, әр түрлі елдердегі білім беру жүйелері туралы мәліметтер жинақталған.
Стратегия - балабақшаның жаңа типке көшу процесі туралы көзқарастың жалпылануы. Балабақша өзгере отырып, жұмыс та жаңа талап етеді. Тұжырымдаманы бірден жүзеге асыру мүмкін емес, оны кезеңдерге бөледі. Стратегияны анықтау тұжырымдаманы жүзеге асыру мерзімдерін белгілеумен басталады. Одан кейін кезеңдері, осы кезеңдердегі атқарылатын әрекеттер анықталады.
Тұжырымдаманың әрбір кезеңдеріне сәйкес бағыттар мен әрекеттер мақсаттары айқындалады. Міндеттерді тұжырымдау - бағдарламаны жүзеге асырудың кезеңдеріндегі әрекеттер қандай нәтиже беретіндегін көрсету.
Жаңа идеяларға жаңа жағдайлар қажет. Жалпы стратегияны анықтағандағы міндетті сұрақ: Нақты мүмкіндіктер қандай? Жауап табу үшін, бағдарламадағы қарастырылған және нақты мүмкіндіктерді салыстырады, мүмкін болатын мен күтілетін әрекеттерді салыстыру, яғни нақты жұмыстар жоспарланады.
Бірінші кезеңнің мақсаттары
Кез келген әрекет мақсаттарды анықтаумен басталады. Мақсат - белгілі бір уақыт аралығында жетуге тиісті сапалық, қашан және қайда болады.
Әрбір мақсаттың белгілі бір негізгі қасиеттері болады:
1. Мазмұнының толықтығы;
2. Бақылана алатындығы;
3. Уақытпен анықталатындығы;
4. Нақтылығы;қозғаушылық.
Әрекеттер жоспары
Бағдарлама - күтілетін нәтижеге жету үшін кім, қалай, қандай құралдармен қандай әрекет жасайтыны туралы модель. Ең маңызды болса да, Әрекеттер жоспары бөліміне көптеген дайындаушылардың жігері мен уақыты жете бермейді. Әрекеттер жоспары болмаса - күтілетін нәтиже де болмайды.
Әрекеттер жоспары мына талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
* Әрекеттер құрамының толық болуы;
* Тұтастығы, үйлесімділігі;
* Барлық ресурстарды теңгеруі;
* Бақыланушылығы;
* Қателерге сезімтал болуы.
Әрекеттер жоспарын кесте түрінде жасаған тиімді. Қажетті әрекеттердің құрамын анықтау үшін қосымша кестелер қолданылады. Мұндай кестелер әрбір мақсатқа жетуге бағытталған әркетке құрылады.
Қаржылық жағдайларды қамтамасыз ету - бұл міндеттің шешуіне қаржыландырылған ақша емес, осы қаржыны табуға бағытталған әрекет. Нормативтік - құқықтық жағдайлар - реттеуші сипаттағы құжаттарды дайындау. Әрбір жоспарланған әрекет нақты қолда бар ресурстарға сәйкестендірілуі керек.

Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Жолдауы (17.01.2014)
ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ - 2050:БІР МАҚСАТ, БІР МҮДДЕ, БІР БОЛАШАҚ
Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты
мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол - Мәңгілік Қазақстан жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті.Қазақ елі өткен 22 жылда қыруар іс тындырды. Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық. Әрбір отандасымыздың жүрегінде елімізге деген шексіз мақтаныш сезімін орнықтырдық. Қазақстандықтар ертеңіне, елінің болашағына сеніммен қарайды. Халықтың 97 пайызы әлеуметтік ахуалдың тұрақтылығын және оның жыл өткен сайын жақсара түскенін айтады.Бүгінде Отанымыздың жетістіктері - әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы. Күшті, қуатты мемлекеттер ғана ұзақмерзімдік жоспарлаумен, тұрақты экономикалық өсумен айналысады. Қазақстан-2050 Стратегиясы - барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол - елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту - ортақ парыз, абыройлы міндет!
Құрметті отандастар!
ХХІ ғасырдың Қазақстаны - талантты, еңбекқор, толерантты халықтың небәрі екі онжылдықта нөлден бастап құрған елі. Бұл - біздің бәріміз мақтан тұтатын ортақ жемісіміз! Бұл - біздің шексіз сүйетін ұлы туындымыз!Біз қазақстандықтардың ел болашағының тұтқасын нық ұстауы үшін Қазақстан-2050 Стратегиясын қабылдадық. Бүгінде көптеген табысты елдер - Қытай, Малайзия, Түркия ұзақмерзімді жоспар бойынша жұмыс істеуде. ХХІ ғасырда стратегиялық жоспарлау ең өзекті қағида болып саналады. Егер ел өз бағыты мен баратын айлағын білмесе, ешқандай жел оңынан соқпайды. 2050 Стратегиясы айқын шамшырақ секілді басты мақсатымыздан көз жазбай, азаматтарымыздың күнделікті тіршілігінің мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Бұл біздің 30-50 жылда емес, жыл сайын халық тұрмысын жақсартатынымызды білдіреді.Стратегия - күннен күнге, жылдан жылға елімізді, қазақстандықтардың өмірін жарқын ете түсетін нақты практикалық істер бағдарламасы. Бірақ нарықтық жағдайда аспаннан нәпақа күтпей, тиімді еңбектену керектігін әркім-ақ түсінуі тиіс. Мемлекеттің міндеті - осыған барлық жағдайды жасау. Мен әлемнің озық елдері арасындағы Отанымыздың лайықты Болашағы ғана қазақстандықтарды мәңгілікке біріктіретініне сенімдімін.Бүгін мен дамыған 30 елдің қатарына кіру жоспарымызды ұсынғым келеді. Менің тапсырмам бойынша Үкімет нақты тұжырымдама жобасын жасады. Осы Жолдаудағы менің тапсырмаларым ескеріле отырып жөнделгеннен кейін түпкілікті бекітілетін бұл құжатты жалпы алғанда қолдадым. Көптеген болжамдар бойынша, алдағы 15-17 жыл Қазақстанның ауқымды серпілісі үшін мүмкіндіктер көзі болмақ. Бұл кезеңде сыртқы ортаның қолайлылығы, ресурстарға, энергияға және азық-түлікке сұраныстың артуы, Үшінші индустриялық төңкерістің пісіп-жетілуі сақталады. Біз бұл кезеңді пайдалана білуге тиіспіз.Біз 2050-дің мақсатына қарай күрделі жаһандық бәсекелестік жағдайында ілгерілейміз. Алдағы онжылдықтарда біз қазірдің өзінде біліп отырған сын-қатерлер, жаһандық нарық пен әлемдік саясаттағы болжаусыз жағдайлар, жаңа дағдарыстар аз кездеспейді. ХХІ ғасырда жеңіл-желпі жүріп өту деген болмайды. Ғасыр ортасы да таяп қалды. Әлемнің дамыған елдері соған сай нақты стратегияларын дайындауда. ХХІ ғасырдың орта тұсы күрделі болары даусыз, ал жаһандық отыздық тобының тізіміне кіретін үміткерлер саны тым шектеулі болады. Мен дамыған ел ұғымының уақытқа сәйкес өзгеріп тұратын категория екенін бірнеше рет айттым. Дамыған елдерде халықтың мүлде жаңа өмір сапасы пайда болуда.Бүгінде дамығандықтың іргелі көрсеткіштерін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттер көрсетіп отыр. Оған әлемдік ішкі жалпы өнімнің 60 пайыздан астамын өндіретін 34 ел кіреді. ЭЫДҰ-ға кіруге тағы 6 ел - Бразилия, Қытай, Үндістан,Индонезия, Ресей және Оңтүстік Африка Республикасы үміткер болып отыр. Ұйымға мүше барлық елдер терең жаңғыру жолынан өтті, инвестицияның, еңбек өнімділігінің, шағын және орта бизнесті дамытудың, халық өмірі стандарттарының жоғары көрсеткішіне ие болып отыр. Әлбетте, ЭЫДҰ елдерінің болашақ ұзақмерзімді қарқыны ескерілгендегі индикаторлары - жер жүзінің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру жолындағы біздің базалық бағдарымыз осы.Мен Қазақстанда ЭЫДҰ-ның бірқатар қағидаттары мен стандарттарын енгізу жөнінде міндет қойдым. Олар Тұжырымдама жобасында көрініс тапқан.Экономикада ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы өсімін 4 пайыздан кем қылмау жоспарлануда. Инвестиция көлемін қазіргі 18 пайыздан бүкіл ішкі жалпы өнім көлемінің 30 пайызына дейін ұлғайту керек. Экономиканың ғылыми қамтымды моделін енгізу Қазақстанның экспорттық әлеуетіндегі шикізаттық емес өнімнің үлесін 70 пайызға дейін арттыру мақсатын көздейді.Экономиканың жоғары технологиялық жаңа салаларын құру ғылымды қаржыландыруды ішкі жалпы өнімнің 3 пайызынан кем емес деңгейге дейін арттыруды талап етеді. Ішкі жалпы өнімнің энергия тұтыну ауқымын 2 есе азайту маңызды. Шағын және орта бизнес 2050 жылға қарай Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің қазіргі 20 пайызы орнына кемінде 50 пайызын өндіретін болады. Еңбек өнімділігін 5 есеге - қазіргі 24,5 мыңнан 126 мың долларға дейін арттыру керек.Әлеуметтік саланы дамытудың 2050 жылға дейін басты бағдарлары нақты индикативті цифрларда көрсетілген. Біз ішкі жалпы өнім көлемін жан басына шаққанда 4,5 есе - 13 мың доллардан 60 мың долларға дейін арттыруымыз керек. Қазақстан халық құрылымында орта тап үлесі басым елге айналады. Урбанизацияның жаһандық үрдісіне орай қалалық тұрғындар үлесі барлық халықтың қазіргі 55 пайызынан 70 пайыздай деңгейге дейін өседі. Қазақстанның қалалары мен елді мекендерін сапалы жолдар мен көліктің барлық түрінің жүрдек бағыттары байланыстырады.Саламатты өмір салтының орнығуы, медицинаның дамуы қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа дейін арттырады. Қазақстан медициналық туризмнің жетекші еуразиялық орталықтарының біріне айналады. Озық және бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін құру аяқталады.Қазақстан әлемде адамдар үшін қауіпсіз және тұруға жайлы елдің біріне айналуға тиіс. Бейбітшілік пен тұрақтылық, әділ сот және тиімді құқық тәртібі дегеніміз - дамыған елдің негізі.
Құрметті отандастар!
Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақмерзімді басымдықтары белгіленген. Біз мына басым бағыттар бойынша бірқатар мәселелерді шешуіміз керек.Бірінші. Инновациялық индустрияландыру трендін түзеу және күшейте түсу маңызды. Мен Үкіметке 2016-2019 жылдарға арналған Үдемелі индустрияландырудың Екінші бесжылдығы жобасы жөнінде бірқатар тапсырмалар бердім. Индустрияландыру басымдықтары санын шектеу керек.Бізге дәстүрлі өндіруші секторлар тиімділігін арттыру маңызды. Бұлар - біздің бәсекедегі табиғи артықшылықтарымыз. Бізге мұнай-газ секторының экспорттық әлеуетін сақтай отырып, басқару, өндіру және көмірсутектерді өңдеудің жаңа тәжірибелері керек. Мұнай мен газ өндірудің ықтимал сценарийлері бойынша түбегейлі шешімге келу керек. Сирек металдардың ғылыми қамтымды салалар - электроника, лазерлік техника, коммуникациялық және медициналық жабдықтар салалары үшін маңыздылығын ескере отырып, оларды игеру ауқымын ұлғайту қажет.Қазақстан геологиялық барлау саласы бойынша әлемдік нарыққа шығуға тиіс. Тиісті заңнаманы жеңілдете отырып, бұл салаға шетелдік инжинирингтік компаниялардан инвестиция тартқан жөн. Жалпы, дәстүрлі салаларға қатысты біздің оларды дамыту жөніндегі бөлек жоспарларымыз болуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу процесінің негізі - жоспарлау
Баланы тәрбиелеу мен оқытуда балабақша мен отбасының сабақтастығы мәселесін әзірлеу
GEF білім беру және оқыту мектебіне сәйкес орта мектеп мұғалімдеріне оқыту және тренинг
Балабақшада атқарылатын жұмыстармен танысу
Музыка сабағында мектеп жасына дейінгі балаларға музыканы қабылдауды оқыту әдістемесі
Отбасы мен балабақшадағы тәрбие үдерісі сабақтастығын арттырудың жолдарын қарастыру
Әдіскер мен тәрбиешілерді аттестациялаудан өткізу жолдары
Дене жаттығулары - дене шынықтырудың негізгі өзіндік құралы
Рухани адамгершілік білім беру жүйесі
Балабақшадағы мерекелік ертеңгіліктің түрлері
Пәндер