Қиын балалардың мінез-құлықтарына диагностика қою


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

I. Қиын балалардың мінез-құлықтарына диагностика қою.

Қиын балалның жеке дара ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу қажет. Осы мәселе төңірегінде белгілі психолог К. К. Платоновтың көзқарасына жүгінсек, «жеке адамның темперамент, жыныс және жас өзгешеліктері (физиологиялық ерекшеліктері) ; екінші - адам дамуындағы психологиялық процестерінің кейбір дербес ерекшеліктері: ес, ерік, түйсіну, эмоция, қабылдау және ойлау, т. б. қабілеттері(биологиялық ерекшеліктері) болмақ, үшіншісі баланың күнделікті тәжірибесі, білімі, әдет-дағдысы, іскерлігі мен ептілігі; ал төртіншісі жеке адамның жалпы бағыт-бағдары мен адамгершілік қадір - қасиеттерінің бірлігінен тұрмақ.

Әсіресе, соңғы екі жағдай бір-бірімен байланыста келсе, жасөспірімдердің әлеуметтік бағыт-бағдары, көзқарастары, бейім-қабілеттері қалыптасады екен.

50-60 жылдары қиын балалар мәселелерімен шұғылданушылардың Л. С. Славина, Г. А. Медведев, Л. М. Зюбин, Э. Г. Костюшкин, Г. А. Уманов, М. А. Новский, Л. К. Керімов, З. И. Тыныбекова, В. В. Трифанов, Г. К. Момбетова т. б. еңбектері жарық көре бастады. Бұл ғалымдардың зерттеу жұмыстарының дәлелденуінше, қиын оқушылардың пайда болуына үш фактор себепші болатыны анықталған .

Біріншіден, жанұя тәрбиесінен дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни тұрмыстағы ұрыс-талас, дау-жанжал, баланың табиғи психологиялық ерекшеліктерін ескермеу, маскүнемдік, ата-ананың біреуінің болмауы, т. б. жағдаййлар себепші болған. Екіншіден, мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда кеткен кемшіліктер, яғни жекелеген оқушылардың мінез-құлық ерекшеліктерін, ынта-ықыласын қызығушылығы мен талап-тілегін ескермеу мүмкіндік берген. Үшіншіден, жұртшылықтың тәрбие процесіне толық көңіл аудармауынын, яғни оқушылардың тұратын микроаудандарында әртүрлі үйірме жұмыстары мен спорт секцияларына тиянақты тартылмауы, бос уақыттары ұғымды ұйымдастырмауы салдары да негіз болған.

О. Кунц «жақсы адам тек оны дұрыс тәрбиелегенде ғана қалыптасады» деп дұрыс тәрбиелеу үшін ата-аналардың мына жағдайларды ескеру керектігін айтады: 1) білім; 2) отбасы ахуалы; 3) педагогикалық тактика және талап қоюшылық; 4) ата-аналар мен балалардың идеялық тұлғасы; 5) ата-аналардың әрекет бірлігі.

Отбасы бала тәрбиелеу жұмысы түбегейлі жүйлі түрде қадағаланып, жаңаланып, заман талабына сай өзгеріп дамып отырса, тәрбиенің құндылығы арта түседі. Халықтық педагогика негізінде ізгі қасиеттерді қалыптастыру мәселелерін С. Ұзақбаева, құндылық бағдар негізінде Г. Нұрғалиева, ізгілік- эстетикалық бағытында Ә. Шыныбекова тұтас педагогикалық үрдіс негізінде болашақ ұстаздарды ізгілікке тәрбиелеуде. Ұнамды қасиеттердің барлығының қалыптасуы отбасында қаланатындығын дәлелдеп, қиын балалар тәрбиесі мәселелері бойынша жүргізілген зерттеулерінде отбасы тәрбиесінің ролін ерекше атап көрсетеді. Ал В. Лысенко балаға дұрыс тәрбие беруде, оның бейім-қабілетінің дамуына ерекшк көңіл бөлу қажет деп санайды. Ол үшін ата-аналар педагогикалық білімін көтеріп отыруы қажет.

Келтіріліп отырған теориялық пікір деңгейінде, қиын оқушыны жан-жақты зерттеп талдауды диагностикалау түрлері.

1Қиын бала туралы жалпы мағлұмат

1Аты-жөні, тегі, жасы, оқитын сыныбы, мекен -жайы.

2Денсаулық күйі а) дене пішіні, бет әлпеті, күш-қуаты, органикалық жалпы дамуы-жасына сай ма, сай емес пе ә) психикалық дамуы -жасына сай, сай емес б) жалпы дамуындағы ауытқушылық(туа, туғаннан кейін), психикалық зақымдану(тұрмыстық жағдай, ұрыс-талас, тұйықтық, жасқаншақтық, жыланқылық т. б. ) .

2 Отбасындағы тәрбие жағдайы

  1. Отбасы туралы жалпы мағлұмат: отбасы құрамы, әлеуметтік жағдайы, білімі, тұрмысы, ара-қатынастары, дәрежесі, бір-біріне әсіресе, ықпалдары(жағымды, жағымсыз) .
  2. Отбасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері:

а) ата-ана мен отбасы мүшелерінің баламен қарым-қатынасы(жақсы көреді, еркелетеді, салқынды қатынас, әр бір ісін қадағалау, қадағаламау, селқос, дөрекі, ұрыс-керіс, жәбірлеу, ұрлыққа үйрету т. б. )

б) қиын баланың ата-анасымен отбасының басқа мүшелеріне қатысы (бірін-бірі сыйлау, сүйіспеншілікте болу, көмектесу, әдептілік, енжарлық, немқұрайлылық, жек көру, жиіркенішпен қарау, сөйлеспеу т. б. )

в) отбасындағы үй жұмыстарына қатысу. (еңбек сүйгіштік, өздігінен орындау, тұрмыс және өзін-өзі күту еңбектеріне икемділік, икемсіздігі, еңбекке немқұрайлы қарау, жалқау, бастаған істі аяқтамау т. б. )

3. Баланың өз үйінде оқу жұмыстарын ұйымдастыруы (үй тапсырмаларын орындауға жағдай жасалынған, жасалынбаған, үйде оқу жұмыстарын тиянақты орындайды, салақтық жасайды, күн режимін ұстайды, ұстамайды, ата-анатарапынан көмектесу, бақылау, көмектеспейді, қадағаламайды т. б. )

4. Отбасы баланың бос уақытын ұйымдастыру (әдеби кітаптар оқу, оқымау, кинотеатр, қойылымдарға бару, бармау, спортпен шұғылдану, шұғылданбау, кіммен жора-жолдас болуына көңіл аудару, аудармау, уақытын қызғылықты өткізу, қыдырымпаз, қаңғыбас т. б. )

5. Ата-ананың мектепке көмегі (баланың оқу үлгерімі мен тәртібі жайлы хабарласу, хабарласпау, оқу-тәрбие процесіне көмектесу, көмектеспеу т. б. )

III. Сынып ұжымының қиын балаға қатысы:

1. Сынып туралы жалпы мінездеме (ұжымшылдық негізде, ұйымшыл, ұжым мүшелеріне талап қою көлемі, әрбір оқушыны қоғамдық жұмыстарға тарту немесе ұйымшылдығы жоқ, әрбір оқушы өз мүддесін ойлау, топ-топқа бөліну, жікшілдік т. б. )

2. Қиын жеткіншектің сыныптаы құрбыларымен қарым-қатынасы (сыныптағы қоғамдық тапсырмаларды белсенділікпен, тапқырлықпен орындау немесе енжарлық, немқұрайлылық көрсету, коллектив мүддесін жеке мүддесінен жоғары санау немесе төмен қою, жолдастық, достықты сезіну, сезінбеу, қиын жеткіншектің құрбыларының арасында алатын орны, үстемдік жасау, басшылыққа талпыну, өзін-өзі жоғары санау немесе бағынышты болу, тұйықтық т. б. )

3. Педагогикалық ұжымның қиын баламен қарым-қатынасы (әрбір оқушыны біркелкі санау, таңдап сыйлау, жеке бастарын сыйлау, сыйламау, өзара және жас ерекшеліктерін ескермеу, ескеру, педагогтік этикасы бар, дауыс көтеру, әкімгерлікке жүгіну, мәдениет дәрежесі төмен т. б. )

IV. Қиын оқушуның оқуға және еңбекке қатысы:

1. Оқуға ынта-ықыласы мен қызығушылық көлемі (оқуға ынталы, ынтасы жоқ, оқу пәндерін талдау, сыныптан тыс және үйірме жұмыстарына қатысады, қатыспайды, оқығысы келмейді т. б. )

2. Білім жүйесіндегі кемшіліктер (оқу материалдарының түйінді мәселелерін саралай алмау, ойлау операцияларын талдау, біріктіру, салыстыру, есінде сақтау, орын-орнымен қолданбау, оқуға ынталы емес, жалқау және қиын оқушының қай пәндерді үлгермейтіндігін айқындау т. б. )

3. Қоғамдық пайдалы еңбекке қатысы:

а) еңбектің қандай түрі болмасын соған қатысты (еңбексүйгіш, өздігінен орындау, орындаушы қадағалауға дағдыланған, жалқау, бастаған ісін аяқтамау, енжар т. б. )

ә) еңбектің қандай түріне икемді (оқу-өндірістеріне, тұрмыстық шаруышылыққа, өзін-өзін күту еңбегіне шеберханадағы еңбекке т. б. )

б) қоғамдық еңбек пен жеке адамның жұмысына (сый-құрмет көрсету, немқұрайлы қарау) көз-қарасы;

в) еңбек әдет-дағдыларын, икемділіктерін, бейімділіктерін өздігінен қалыптастыру, оған селқостық, енжарлық жасау.

3. Жеке басының ынта-ықыласы, құштарлығы, талап-тілегі:

а) шығармашылық ұйымдастырушылық істер мен техникалық, математикалық музыкалық бейнелеу өнеріне бейімділігі және спорт ойындарына икемділігі бар немесе бар немесе жоқ;

ә) үйірме және секция жұмыстарына қатысады, қатыспайды;

б) көркем әдебиет, газет-журналдарды оқиды (оқымайды), арақ-шарап ішуге, темекі, наша тартуға құмар, құмар емес.

4. Жеке басының мінез-құлқын жөндеуге, өзін-өзі тәрбиелеуге талаптануы:

а) түзетуге талаптану, әрекеттенбеу;

ә) мінезін түзетуге сенімді, сенімсіз;

б) мінез-құлқын жөндеуді ойластырмау, болашағына көзі жетпеу, көзбояушылық жасау.

5. Қиын баланың жалпы адамгершілік қасиетіне мінездеме (ұжымшыл, бір мақсатты, табанды, шыншыл, қарапайым, тұйық, ұяң, екі жүзді, қатігез, қиқар, қыңыр, дөрекі т. б. ) .

Қиын балаларды тәрбиелеудің болашаққа ұстанған бағыттары, мінез-құлықтары бір-біріне жақын балаларды топтастыра отырып тәрбиелеу жоспары.

6. Педагогикалық шешім :

  1. Отбасында, мектепте, қоғамдвқ орындарда қандай жағымсыз әдет-дағдылар баланың мінез-құлқына, жүріс-тұрысына әсер ететіндігін анықтау.
  2. Қиын баланың бағыт-бағдарындағы тіректі адамгершілік қасиеті болса, соның негізінде қайта тәрбиелеу процесін құрудың программасын жоспарлау.
  3. Қиын оқушының дербес ерекшелігін ескеріп, оның адамгершілікті сыр-сипатын, оқу-тәрбие процесінде дамытуды ұйымдастыру мен басқаруда жеке басын сыйлау, оның дамуына объективті жағдайлар туғызу.

Сөйтіп диагностиканың құрылысына жүгінсек, қиын оқушылардың ппсихологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін талдауда, олардың айналасын қоршаған адамдармен және жеке өзіне деген қарым-қатынастар жүйесіне, оқуға, еңбекке ынта-ықыластарын, қызығушылық және сүйіспеншілік күйлеріне көңіл аударып отыру қажет.

Сонымен, көп жылғы зерттеу жұмыстарының дәлелдеуінше, қиын оқушылардың 96 пайызына тән қасиет -өтірік айту.

Өтірік айту тек олардың арына тиетін жағдайларда, яғни күшпен әсер етуде ғана емес, ешқандай сырттай қысымжасалмай-ақ өтірік-фантазия құрып айтуға икем болады.

Қиын балалардың типтік өзгешеліктері эмоциялық тұрғыдан ашуланшақ, білектің күшіне сену, білікті баланың алдында жалпақтау, мейірімсіздік, дөрекілік, қиқарлық, өзімшілдік, менмендік қылықтармен сипатталады . Олардың күнделікті жүріс-тұрыстарында кездесетін кемшіліктер: қиқарлық - 67 пайызы, қыңырлық - 28 пайызы, менмендік, өзімшілдік - 53 пайыз.

Көп ретте, отбасындағы келіспеушілік, оған қоса мектеп жағдайында жеткіншектердің жеке басын сыйламаушылық, мұғалімдер мен қиын оқушылардың арасында туындайтын дау-жанжал, ұрыс- керіс жинақтала келе баланың үйінен кетуіне, мектепке бармай қаңғыбастыққа душар етеді. Осы типтес қиын балалардың 87 пайызы тек қыдырып қана қоймай, көршілес ауылға, облысқа, одақтас республикаға да қашып кете береді. Ал қаңғыбастық, қыдырымпаздық бірден-бір ұрлық, тонау жәбірлеу, қорқытып заттарын тартып алу (79, 4пайыз) т. б. әрекеттерге жүгіндіреді.

Бұлардың 41, 9 пайызын өздерінен жасы үлкен «көше» жолдастары жоғарыдағы қылықтарға үйретсе, қалғандарын темекі тартуға, заттар, тәтті тамақ сатып алуға мәжбүр еткен.

Тағы да айтарымыз, қиын оқушыларға тән ерекшелік, олардың шамамен 90 пайызға жуығы мектеп оқу программаларын үлгермеушілер. Бұлардың көпшілігінің ақыл-естері бар, дендері сау, оқуға қабілетті. Бірақ араларында кездесіп қалатын бірлі-жарым балалардың ақыл-есінде көзге көріне қоймайтын ақаулары бар, сол себептен, олар үлгермеушілер. Мектепте көптеген қиын балалардың дара және топтық ерекшеліктерін оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда мұғалім ескере бермейді. Мысалы олардың 66, 5 пайызы оқу материалдарының негізгі түйінін іріктей білмеу. Оны бұрынғы білімдерімен байланыстырмау, дәлірек айтқанда, ойлйу операцияларын орны-орнымен қолдана алмаудан, кейбіреулері механикалық түрде жаттап алуға жүгінеді. Қиын оқушылардың 87 пайызы оқу материалын танып-білуге оқу ықыластарының жоқтығынан пән үйірмелеріне, факультивтеріне қатыспайды.

Сонымен, ішкі оқу дәлелдерінің (мотив) қалыптаспауынан үй және сынып оқу тапсырмаларын орындаудың жеңіл жолдарын іздеп, парталастарынан көшіріп алу немесе сынып құрбыларына жұмыстарын орындатуға әдеттенген.

Қиын балаларға мінездеме бергенде, олардың еңбекке қатысы туралы өзгешеліктеріне де көңіл аудару қажет. Көп жылғы қиын бала мәселесімен айналысқан зерттеу жұмыстарымызға және анкеталық сұрақтарға берген жауаптарын топшалағанда, 94 пайыз қиын жеткіншектер өзін-өзі күту, тұрмыс еңбектерін тиянақты атқаруға әдет дағдылары жоқ болса, олардың 32 пайызы бұл еңбек түрінен әртүрлі сылтаулар айтып, бойларын аулақ ұстауға тырысты. Олардың 26 пайызы болса тек қадағалап отырғанда ғана орындайды, өз тарапынан тапсырма орындауға енжарлық көрсетсе, 11 пайызы тұрмыс қажеттілігі еңбегіне қарсылық жасап, мойындамайды. Байқалынған бір ерекшелік, қиын жеткіншектердің 71 пайызы өндірістік еңбекке дұрыс көзқараста болғанымен, еңбек сүйгіш балалар деп айтуға болмайды. Өйткені, бұлардың қоғамдық пайдалы еңбекке іскерлігі мен дағдылары бола отырып, ерік күйінің тапшылығынан табансыздық жасап, бастаған ісін аяғына дейін жеткізбейді. Еңбекке немқұралы қарап, жүктелген жұмыстар мен тапсырмаларды ат үсті орындап, тек педагогтар тарапынан тексерілетін болғандықтан ғана орындайды.

Сондықтан бұлар қиын балалардың 80 пайызына жуығы айналасындағы еңбек адамдарының жұмыстарын, еңбектерін сыйламайтындығы байқалады.

Қиын балаларға тән типтік ерекшеліктер қоғамдық мәнді ұйымдастырушылық қабілеттерінің(82, 3пайызы) жоқтығы. Солардың ішіндегі оқушылардың 8, 7 пайыздайы қоғамдық тапсырмалар орындауға тілек бідіріп талаптанғанымен, тез суып қалады. Жеткіншектердің 7, 4 пайызы мектептің қоғамдық істеріне жүйелі түрде тартылмай. Ал, қалған қиын балалар типті ұжымның қоғамдық өмірлеріне байқатады.

Ендігі кезекте, жеткіншектерге мінездеме бергенде денсаулық күйлеріне тоқталу қажет.

Қиын балалардың 200 жуығы екірет дәрігерлік тексеруден (психиатр, невропотолог, терапевт) өткізгеннен кейінгі жасаған қорытындымыздың мәні мынада.

Қиын балалардың жоғары нерв жүйесінің функциялық процестері әртүрлі жағдайлардың(бала күндерінде жұқпалы ауруға шалдығу, отбасындағы ұрыс-талас, қатар құрбыларының арасында өз орындарын таба алмауы, уайым-қайғы, реніш т. б. ) салдарынан (невроз, неврастения, истерия, энурез) т. б. сырқаттарға 31, 2пайызы шалдыққан. Яғни12. 3 % ы балаларда мевроз, неврастения және истерия сырқаттары байқалса, оқушылардың 15. 6 % ы түн мезгілінде төсегінде зәрін ұстамайды екен. Қиын балалардың 2. 1 % ының ақыл -есінде кемтарлық байқалынса, 1. 2 % ында психопатия, қояншық (эпелепция), шизофрениялық аурулар байқалынды.

Қорыта келгенде, қиын балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктеріндегі типтік өзгешеліктерін соғұрлым айқындай білсек, қайта тәрбиелеу процесінің нәтижелігі арта түседі.

2. Қиын балалардың пайда болу себеп-салдары.

«Қиын бала» атанып, отбасында да, мектепте де қиындық тудырып жүрген балалар туралы айтылып та, жазылып та жүр. Әйтсе де, бұл мәселе әлі шешімін тапқан жоқ. Адам өмірге келген сәттен бастап, үлкен әлеуметтік ортаға тап болды. Оның осы ортада өзін нық, еркін сезінуі үшін көптеген факторлар қажет. Қазіргі көп мәдениетті қоғамға балаға сырттан әсер етуші жағдайлар оның жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғасына әсерін тигізеді. С. Г. Холлдың пікірі бойынша, «бала толыққанды дамуы үшін», өз халқының сезімдері мен көзқарастарын басынан өткеруі қажет. Бұны келтіріп себебіміз, баланың «қиын бала» атануына өз халқына тән мәдениетпен, салт-дәстүрмен тәрбиеленбеуі де, ғылыми тілмен айтқанда, этнопсихологиялық ерекшеліктердің ескерілмеуі де өз әсерін тигізуде.

Қандай да бір олқылығы бар баланың даму жағдайы, әдетте қолайсыз жағымсысз болады. Ол баланың дамуына кері әсерін тигізетін тәрбиеленуші шағын әлеуметтік сипаттарынан, тәрбиелеу-педагогикалық оқылығының пайда болу тетігі мен дамуы баланың тұлға болуға деген қажеттілігі мен сондай болу мүмкіндігінің арасындағы қайшылықтар негізінде іске қосылады.

Баланың дербестенуге ұмтұлуы оған референттік топтардың (бірінші отбасының, одан кейін бала бақшасындағы және мектептегі құрбыларының) оның әлеуметтік қалыптарға сай емес жеке дара көріністерін қабылдағысы келмейтіндігімен қақтығысқа түседі.

Әлеуметтік-педагогикалық ол қылық ерте балалық шақтан, шамамен 3 жастан басталады. Яғни баланың өзіндік санасының, мінез-құлқының ережеге сәйкестігінің және нормативтік іс-әрекеттік дами бастаған шағымен қатар келеді.

Жағымсыз даму жағдайында ол қылықтардың сандық белгілері мен көріністері жиналып қалады, олардың белгілер жинақтары - психикалық интеграциясы арқылы сапалы пайда болуына айналады.

Ерте зерттеу, алдын-алу, түзету жұмысиары тұлғалықө дамуда олардың алдын-алу маңызына және балалық кезеңнің онтогенетикалық маңызына және балалық жастағы тәрбиелеу әсерлерінің жоғарғы нәтижелі маңызына ие. Жеткіншектерге қоршаған адамдардың немқұрайлығы, зейін қоймауы негізінде дамыған әлеуметтік - педагогикалық бақылаусыз қалу бұл тізбектегі ерекше рол мен мағынаға ие. Нәтижесінде жалғыздық, қараусыз қалғандық қажетсіздік, қорғансыздық сезімдері пайда болады. Үлкендерге деген қарсылық, жатырқаушылық, жек көру сезімдері, баланың пікірінің, тағдырының, қызығушылықтары мен икемділіктерінің өз бетінше ұйымға кооперацияға, өзін-өзі ұйыпдастыруға алып келеді.

Жағымды әлеуметтік тәжірибеден жеткіліксіздігі, өмірге көзқарасының, құндылықтар жүйесінің, әдет-қалыптары мен эстетикалық талғамдарының жетілмегені және қалыптаспағандығы жеткіншектердің өз белсенділігі жағымсыз, құқыққы қайшы аймақтарға жұмсауын таңдауға ықпал етеді. Бұл олардың мінез құлқының, тұлғаның қалыптасуынан, әлеуметтік бейнесінен көрініс береді. Бұл үрдістегі ауқымды рол жасөспірімдерге дер кезінде педагогикалық-психологиялық, әлеуметтік және медециналық көмектің көрсетілмеуінде жатыр.

Жеткіншектер халықтың белгілі бір топтарының басқа адамдардың есебінен заңсыз, жазасыз баюының қалайша жүзеге асатынын көріп те, естіп іс жүр. Олардың кейбіреуі материялдық жетістіктерге ғана жетіп қоймай, көпшілікті мойындатып, тіпті ешқандай кедергісіз билік құрылымына өтіп кетеді. Осылардың барлығы жеткіншектердің өмірлік және әлеуметтік құндылықтардың қалыптасуына ықпал етеді. Мектеп жеткіншек тұлғасының дамуы үшін оған жағымды сапалары мен жағымды әлеуметтік тәжірибесін үйренуге, оған ұқсауға тырысатын үлкендермен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік бере алады. Өзінің әшкі әлеміне жақсы көретін, құрметтейтін адамдардың құндылықтары мен ұстанымдарын нормаларын енгізген жеткіншек арқылы өзінің қандай болғысы келетіндігі жһөніндегі идеяларын қалыптастырады. Жоғарғы адамгершілік ұстанымы бар адамдармен қарым-қатынас жасау - жеткіншектерге мінез-құлқына қатынасын өзгертуге мүмкіндік береді.

Сондықтан да, жеткіншектер тобындағы балалар мен жұмыс жемісті болу үшін, әр түрлі формадағы ауытқушыларды тудыратын факторлардыанықтап алу қажет.

Жеткіншектердің дамуы мен мінез-құлқына кері әсер тигізетін сыртқы факторларға мағыналарды жатқызуға болады.

  1. Қоғамда болып жатқан үрдістер:

-Қоқамдық құндылықтар иерархиясын өзгертуге бағытталған айқын жағымды мемлекеттік идиялогияның жоқтығы;

-Заңдардың жеке құқық қорғаушы органдардың жетілмегендігі, қылмыстардың жазаланбауы;

-жұмыссыздық(нақты және жасырын)

-экономикалық тұрмысы төмен балалы отбасыларға әлеуметтік кепілдіктердің және мемлекеттік қолдаудың жоқтығы;

-өскелең ұрпақтың әлеуметтенуінің дәстүрлі институттарының күйреуімен дағдарысқа ұшырауы;

-ұлттық құндылықтарға мән бермеуі;

-бұқаралық ақпарат құралдары арқылы зорлық-зомбылық және қатыгездікті насихаттау;

-балалардың денелік және психикалық денсаулығының бұзылуының дер кезінде және квалификациялық диспанцеризацияның болмауы;

-сапалы тегін қосымша білімге балалардың қолының жетпеуі (үйірмелердің, секциялардың және т. б. ) ;

-темекіге, ішімдікке, нашақорлық заттарға жолдың ашықтығы.

2. Жанұяның жағдайы және оның атмосферасы:

-толық емес отбасы;

-отбасының материялдық жағдайы (кедейлік, байлық) ;

-ата-аналардың төмен әлеуметтік мәдени деңгейі;

-отбасындағы тәрбие стилі (балаға бір ыңғай иалаптардың қойылмауы, ата-аналардың қатыгездігі, олардың жазасыздығы және баланың құқықсыздығы) ;

-баланың өзіндік құндылығын жоққа шығару;

-балалардың қажеттіліктерінің жеткіліксіз немесе асыра қанағаттандырылуы;

-ата-аналардың балалардың психоактивті қолдануына жол бермеуі.

3. Мектепшілік өмір жеткіліксіз ұйымдастырылуы:

-оқу және тәрбие үрдісін басқаруды ұйымдастырудың толық жетілмегендігі;

-мектептегі материялдық қамтамасыз етілуінің нашарлығы;

-қоғам арқылы балалармен айналыспайтын ата-аналарға ықпал ететін тетіктердің және мектердің оқушылар отбасылармен жүйелі байланысының жоқтығы;

-пәндік мұғалімдердің жетіспеушілігі;

-сабақтардың жиі болмай қалуы;

-сабақтан тыс жұмыстардың қанағаттандырылықсыз ұйымдастырылуы;

-мектепте балалардың ұйымшыл болмауы;

-Мұғалімдердің бала және жас ерекшелік психологиясын - білмейтіндігінен көрінетін кәсіптік деңгейінен төмендігі;

-«оқушы - мұғалім» жүйесіндегі өзара қарым-қатынастардың авторитарлық немесе бітімнен кетушілік стльде болуы;

-ат, айдар тағу;

-мұғалімдердің тұлғасын басуы;

-жетілмеген жаңа оқу бағдарламаларын енгізу құндылықтар бағдарламаларын енгізу және оның негізінде «нені және қалай оқыту» мәселесінің туындауы;

-мектепте келген оқушылардың даму және оқу түрткілерінің төмендігі;

Аталып өткен тәуекел факторлары сыртқы, объективтік сипат алады. Сондай-ақ, балаларға бұдан басқа да педагоктар білімге тиісті ішкі тәуекел факторлар да әсер етеді. Оларға: өзінің қажетсіздігін сезіну, өзіндік бағасының төмендегі, өзіне - өзі сенімсіздік, өзін -өзі бақылау мен өзіндік тәртіптің жеткіліксіздігі. Әр түрлі жағдайларда сындарлы ойлаумен адекваттық шешім қабылдай алмау, өзін-өзіне және басқаларға өзінің сезімдері мен реакцияларын жеткізе алмауы жатады.

Қазіргі қоғамда кәмелетке жасы толмаған балалардың заң тәртібін бұзуы және педагогикалық тәртіптерінің төмендеуі көп ретте кейбір объективтік және субъективтік жағдайларға байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қайта тәрбиелеу педагогикасы пәнінің оқу әдістемелік нұсқауы лекция тезистері
Қиын балалардың мінез-құлқын түзетудің психологиялық мәселелері
Жастардың әр түрлі категорияларымен әлеуметтік жұмыстың халықаралық тәжірибелері және оның мәні
Зерттеу үдерісін мониторингтеу
Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс
Қазақстан Республикасындағы жастарға арналған қызмет көрсету жүйесі
Оқушылардың құқықтық тәрбиесін қалыптастыру
Жасөспірімдердің мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болуы себептері
Қазіргі балабақшадағы тәрбиешенің тың қызметі
Жастар әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz