ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ХАНДАРЫНЫҢ СОҒЫС ӨНЕРІ


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
мәліметтер . . . 5

1. 2 «Қазақ» сөзінің шығуы туралы деректік мәліметтер . . . …… . . . …10

1. 3 Қазақ хандығының құрұлуыжәнеҚазақтарда әскери міндет және әскери

өнердің дамуы

2 ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІН ҚОРҒАУДА ҚАЗАҚ

ӘСКЕРИ ӨНЕРІНІҢ ДАМУЫ (ХҮ-ХҮІІІ ғ. ғ. )

2. 1 Қазақ хандарының әскери жорықтары және олардың қазақ мемлекетін

нығайтуға қосқан үлесі. . . . . ……

2. 2 Қазақ-Қалмақ соғысындағы түбегейлі бетбұрыс, Аңырақай және Орбұлақ

шайқастары. . . ……. .

2. 3 Қазақтың хандары мен батырларының соғыс

өнері. . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . 64

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР65

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектілігі. Қазақ халқы тамырын жеті қабат жер астына жіберген алып бәйтеректей, өзегін ғасырлар тереңінен тартып, осынау қасиетті ұлы даласынан табан аудармай, дауылдармен алысып, тағдырлармен қарысып, өсіп-өркендеп келе жатқан халық. Осы тарихи жолда халқымыз небір қиын-қыстау кезеңде де ерлікті, бірлікті, азаттықты ту етті. Біздің бүгінгі тәуелсіз Қазақстан соның айғағы. Қазақстан тарихында қазақ мемлекеттігінің тарихы, соның ішіндеҚазақтардың әскери өнерін зерттеудегі кейбір сұрақтар. Қазақ халқының тарихын жан-жақты тарихи шындық болмысымен, кейбір сын-ойларды ескере отырып, қол жеткен табыстармен толықтырып, шындық болмысымен өңдеп құрастыру қазақ тарихшыларының ең өзекті міндеті. Бұл мәселеде қазақтың әскери тарихының да зор мәні бар сала, онда ғылыми танымдылық пен тәрбиелік мәні бар. Қазақстан Республикасы өз алдына ел болып, теңдігін алғаннан кейін бұл әскери-тарихи саланы зерттеу жақсы жолға қойылды деп айтуға болады. Қазақтың әскери тарихындағы қиындықтар қатарына қазақ әскер өнерінің өте ерте заманнан бері қарай ХХ ғ. басына дейінгі кездердегі жағдайлар. Қазақтар қатар өмір сүріп келген көшпенділер ішіндегі Азия елінде ең жауынгер халықтың біріне жатады. Олар Евразия даласындағы көшпенділер арасында әскери өнерге мол үлес қосқан халық.

Қазақстан тарихнамасында осы жағдайлар туралы жұмыстар жасап, оны түпкілікті зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы бұрынғы кездерде сөз болмаған еді. Тек қана Ж. К. Қасымбаев[1] қана барынша толық болмағанмен қазақ кедейлерінің таптық күресі туралы (ХҮІІІ ғ. соңы мен ХХ ғ. ғ. ) бірқатар жұмыстар жазған болатын. Онда әскери салада оның құрылымы, таптық күреске дайындығы, әскери топты өз заманына сай қаруландырып, ұрыс өнеріне үйрету, оның қажетіне қарай сан жағын ұйымдастыру мен халықты азат ету армиясын-жасағын құру туралы. Барлық тарихи зерттеулер сияқты, осы әскери-тарихи жағы да сол жағдайлардың болған уақыты мен шын тарихи деректерге байланысты болады, ондағы оқиғаларға әр нәрсенің өзіне сай әскери-тарихи деректер болуы қажет.

Қазақтардың соғыс өнеріне деген танымы туралы тарихи деректерде айтылады. Ол деректерде жазба түрінде, заттай ескерткіштер күйінде, этнографиялық, лингвистикалық т. б. түрде болады.

Қару-жарақ, әскери құрылым, соғыс өнерін игеру туралы деректер қазақтар мен Ресейдің ара қатынасы басталған кездерден жиналғаны белгілі және сол кездерге байланысты іс қағаздары мен кейбір арнайы мақалаларда тиісті орындарда сақтаулы тұр [2] . Қазақтардың әскери өнерді игеруге жақсы ықпалын тигізген көрнекті қазақ ағартушысы Ш. Ш. Уәлиханов еді. «ХҮІІІ ғ. батырлары туралы тарихи жолдама», «Абылай туралы өлең» атты еңбектерінде ХҮІІІ ғ. қазақ елінің белгілі ханы қол бастаушысы Абылайдың ел қорғаудағы, әскер басқарудағы тарихи еңбегі туралы айтылады [3] . Ш. Уәлихановтың біздерге қалдырған зор ғылыми мұраларының ішінде тарихи зерттеу саласында өте құнды болып саналатын «Қырғыздардың ерте кездегі қаруы және олардың әскери әбзел-жабдықтары (киімі т. б. ) » атты жазба еңбегі. Бұл жерде әскерлердің найза, пышақ, алдаспан, жебе, қалқан т. б. аңшылық қарулары туралы айтылады [4] . Осы саладағы қазақтың кейбір ерекшеліктері туралы орыстың көрнекті шығыстанушысы В. В. Бартольдтың еңбегінде де жазылған. Оның «Орта Азиядағы түркі халықтарының тарихы туралы 12 лекция» және «Түркі -монғол халықтарының тарихы»[5] атты еңбектерінде кеңінен жазылған.

К. М. Байпақовтың кітабында да айрықша мән беруге болады [6] . Онда автор ортағасырлық Қазақстандағы Отырар және басқа қалалардағы жалпы өмір тіршілігі мен мәдени және әскери-саяси өмір туралы толығымен жазған. Онда Қайырхан мен Темірдің әскери қимылдары туралы да жазылған.

Диплом жұмысының мақсаттары мен міндеттері.

Біздің зерттеуіміздің басты мақсаты Қазақ хандығыныңәскери жасағының тарихы және қазақ батырларының әскери жорықтары туралы осы күнге дейін зерттеу нәтижесіндегі мағұлматтарды саралай отырып, зерттеу нысанынан тыс қалған деректермен жүйелі түрде талдау жасап, әсіресе, төл ауыз әдебиетіміздегі мәліметтерді енгізу және оның деректік маңыздылығының жоғары екендігін баса атап көрсету.

Ол үшін алдымызға мынандай міндеттерді қойдық:

- Қазақ хандығының негізін қалаушылар Жәнібек пен Керейдің Өзбек ұлысынан бөлініп шығуына қатысты оқиғаның дерек көздерін талдау;

-Қазақ хандығының құрылу жәнеде әскери құрылымның пайда болуы, дамуы жайлы обьективті жағдайды төл деректеріміз бен кейінгі зерттеушілердің және қазақ зерттеушілерінің еңбектеріне сүйене отырып, қайта қарастыру.

Диплом жұмысының деректік негізі. Диплом жұмысын орындау барысында, алдымызға қойған мақсатымыз бен міндеттерімізге орай бүгінге дейін жарық көрген, тақырыпқа тікелей қатысы бар көптеген деректер пайдаланылды. Қазақ хандығының тарихына қатысты дерек көздерінің қоры өте мол. Атап айтсақ бұл тақырыпқа байланысты деректерді сыныптауда олардың типтерін екі түрге бөлеміз. Ауызша және жазбаша деректер. Жазбаша деректердің түрлеріне сәйкес Қазақ хандығына қатысты деректерді төмендегідей топтарға бөлуімізге болады:

- Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи-и-Рашиди» еңбегі;

- Темір әулеті тұсындағы деректер;

- Аштарханид әулетінің деректері;

- Бабырдың Бабырнамасы;

- Қадырғали Жалаиридің «Жылнамалар жинағы»;

- Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Тәуке ханның Жеті жарғысы.

Біздің жұмысымызда қаралатын деректеріміз Аштарханид әулетінің деректеріне дейін ғана пайдаланылады. Құнды мәліметтердің жинағы саналатын Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашидиін»[7] айтуымызға болады. Онда Қазақ хандығының тарихына негізделген мынадай мәселелерді көруімізге болады:

  1. 1465-1466 жылдары Қазақ хандығының негізінің қалануы туралы мәліметтер.
  2. Алғашқы қазақ хандары Керей мен Жәнібектің Қазақ хандығын құрудағыролі.
  3. «Қазақ» терминінің деректен табылуы және қолданылуы.

Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері. Тарихи деректер мен зерттеулерге сүйенсек зерттеу тақырыбына байланысты Қазақ хандығының тарихы 1465-1466 жылдары негізі қаланған Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы кезеңіне сәйкес келеді.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан( әр тарау үш бөлімшеден), қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімінен тұрады.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘСКЕРИ

ӨНЕРІНІҢ ДАМУЫ

1. 1 Мұхаммед Хайдар Дулатидың Тарихи-и-Рашиди еңбегіндегі қазақ хандығы туралы мәліметтер

Бұл еңбекті жазған адамның толық аты-жөніМұхаммед Хайдар ибн Мұхаммед Хұсайын Гурган. Бірақ өзінің жазғанындай, ол достары арасында Мырза Хайдар есімімен белгілі болды. Ортағасырлық мұсылман авторларының көпшілігінің деректерінде де ол осы есімімен кездеседі, бұрынғы-соңғы Еуропа ғалымдарының үлкен-кішісі де оны осы есімімен атайды.

Мырза Хайдардың туған мерзімі жайлы дерек жоқ. Өз шығармасында ол тек қана хижраның 905 жылы (1499 жылдың 8 тамызы - 1500 жылдың 27 шілдесі) туғанын бірнеше рет жазады. Өкінішке орай, не туған жері, не айы, не туған күні аталмайды.

Мырза Хайдар белгілі де беделді дулат руынан шыққан, сондықтан ғылыми әдебиетте ол көбіне-көп Мырза Хайдар Дулат аталып жүр. Оның ата-бабасы кезінде ел билеген әулетті әмірлер болған, Шағатай ұлысының шығыс өңірінде - қазіргі Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан, Шыңжаң аумағында патшалық еткен әулеттердің ханзадаларын қаласа таққа отырғызып, қаламаса тақтан түсіріп отырған да солар еді. Ортағасырлық мұсылман деректерінде бұл өлке Моғолстанаталады.

Оның әкесі Мұхаммед Гурган («Хан тұқымының күйеуі») өзін 1495 жылы Ұра-Төбеге басқарушы етіп тағайындаған моғолдың аға ханы (ұлыхан) Сұлтан Махмұттың (Моғолстанды 1487-1508 жылдары билеген) жақын досы еді. Сондықтан біз Мырза Хайдар сол кезде Шағатай ұрпағы Махмұт хан тұрған Ұра-Төбе мен Ташкенттің бірінде туған деп шамалап айта аламыз. Нағашы жағынан Мырза Хайдар Дулат Шағатай ұрпағы Махмұт ханның әкесі Жүніс ханның (Моғолстанды 1463-1487 жылдары билеген) немересі болып келеді. Яғни, Үнді жерінде Ұлы Моғол империясын құрған атақты Темір ұрпағы Бабырдың (1483-1530) бөлесі.

Мырза Хайдардың өз айтуы бойынша, оның шешесі, Хуб Нигар-ханым, моғол ханы Жүністің үшінші қызы мұның мүлдем сәби кезінде «өз

өмірінің қазынасын о дүние сақтаушысының қолына табыстаған». 1508 жылы әкесі Мұхаммед Хұсайын Гурган да Шайбан ханның бұйрығымен Гератта өлтіріледі. Сөйтіп Мырза Хайдар сегіз жасында жетім қалады. Ол ол ма, өз өмірін аман сақтау үшін әлдене себеппен бара калған Бұхарадан Бадахшан арқылы Кабулға қашуға мәжбүр болады да, 1509 жылы сонда келіп жетеді. Кабул мен сол маңды билеп тұрған Темір ұрпағы Бабыр оны өз ұлындай қарсы алып, тәрбиешілер тағайындайды. 1512 жылы Мырза Хайдар Бабырдан кетіп, өзінің тағы бір немерелес бауыры Шағатай ұрпағы Сұлтан Саидқа қосылады, сөйтіп онымен бірге Қашқарға қоныс аударады. Сол жақта 1514 жылы Сұлтан Саид хан орталығын Яркенд етіп Яркендхандығыаталған Моғол мемлекетін құрады.

Ойға жүйрік, жан-жақты майталман шебер Мырза Хайдар өзінің ержүректілігімен де, әскери талантымен де көзге түседі. «ТарихиРашидидің»болашақ авторы тағдырына Бабыр мен Сұлтан Саид ханның тигізген әсерінің арқасында ол мұсылманша жан-жақты білім алады, ғылым мен өнер саласы бойынша өз заманының әдеби һәм мәдени дәстүрін бойына сіңіріп өседі. Бұл жайлы ол өз еңбегінің алғы сөзінде анық айтқан. Бұл туралы Бабыр да:

« Өз әкесінің қазасы өзбектерден болғанын кейін, ол маған келіп үш-төрт жыл қолымда болды. Содан кейін ол Қашқардағы ханға баруға рұқсат сұрады.

Алтын, күміс, қорғасын ба - бүгінде,

Өз негізін табады ақыр түбінде.

Қазір ол әбден ақыл тоқтатқан, бірқалыпты жақсы жолға түскен көрінеді. Жазу-сызуға, сурет салуға, жебе, жебенің ұшын, садақ адырнасының сақинасын жасауға қолы әуелден епті болатын. Өлеңге деген икемі де бар. Оның маған жазған сәлем хатынан сөз мәнері дұрыс екеніне көз жеткіздім»- деп жазады.

Мырза Хайдар түрік, парсы тілдерінде еркін сөйлеген, жаза да білген, Айазаталатын поэтикалық лақап аты да барболатын. Өзінің 1529-1530 жылдары Бадахшанда болуына орай түрік тілінде жазылған «Жахан-нама»поэмасы да бар.

Текті атадан шығуы мен өз басының айрықша қабілеті Мырза Хайдардың қызмет сатысымен жоғарылап отыруына да әсер етті. Саид хан құрған мемлекетте ол мәртебелі орынға ие болды. Ол 1527-1528 жылдардың қысында моғолдардың Кафиристанға жіберген әскери экспедициясын сәтті басқара білді, ханның Бадахшан, Ладак, Кіші Тибетке жасаған жорықтарына (1529-1533) белсене араласты.

1533 жылғы 9 шілдеде Сұлтан Саид хан өлген соң, оның орнына такқа дулат руына ерекше жауыға қарап дағдыланған баласы Әбдірашит отырады. Мырза Хайдар амалсыз бұл елден кетіп, Бабырдың баласы - Үндістандағы ұлы Моғолдар императоры Хумаюнның (1530-1556 жылдары билік жүргізген) қол астына қызметке кетуге мәжбүр болады. 1541 жылы Мырза Хайдар үшін әскери айламен Кашмир уәлаятын(облыс) өзіне қаратып алып, сонда өзі үшін шын мәнінде ешкімге тәуелсіз княздік құрудың мүмкіндігі туады. Үнді тарихшыларының дерегі бойынша, жеке басының жұғымдылығын дипломатиялық қабілетпен ұштастыра білген Мырза Хайдар өз иелігіндегі өңірдің тәуелсіздігін сақтап қана қоймай, сол бір император Хумаюнның тұсындағы бұлғақты кезеңнің өзінде елдің шығысына қарай біршама жаңа жерлерді жаулап алу арқылы, өз өңірін кеңейте түседі.

Мырза Хайдар Дулат Кашмирдегі жергілікті тұрғындар көтерілісі кезінде қазаға ұшырайды. Оның өлімі мынадай жағдайда болып еді.

Парсы тілінде жазылған үндінің баяндық деректерінің көпшілігінің сілтемесі бойынша, 1551 жылдың күзінде Кашмир уәлаятының шиит тұрғындары (мұсылман қауымындағы айрықша діни-саяси топ) арасында Мырза Хайдарға қарсы көтеріліс шығады. Ол шағын ғана қолмен бүлікшілерге қарсы аттанып, түнде шабуыл жасамаққа дайындалады. Бірақ ең алдымен өз жақтастарымен бас қосқан кеңесте ол тақ мұрагері деп інісі Мырза Әбдірахманның атын атайды, содан соң түнгі шабуыл жөнінде бұйрық береді. Сол күні түн тұманды да көзге түртсе көргісіз қараңғы болады. Екі жақ қоян-қолтық айқасып берген аласапыран кезде, Мырза Хайдар өз мергені Назар Құршы садағының оғынан кездейсоқ қаза табады. Өз көсемінен айырылған Мырза Хайдар жауынгерлері кейін шегініп, Индаркот қорғанына бекінуге мәжбүр болады. Мұсылман дәстүрі бойынша кашмирліктер оның денесін ертесінде-ақ Сринагардағы Мазари Салатинге(Кашмирдегі «Билеушілер пантеоны») апарып жерлейді.

Мырза Хайдар Дулаттың қай жылы өлгені жайында деректерде әр түрлі айтылады. Біз «Бахаристан шахи», «Тарихи Азам»және басқа кейбір шығармалардағы хабарлама бойынша бұл қайғылы уақиға хижраның 957 жылы 8 зұлқада (1550 жылдың 19 қарашасында) болғанын білеміз. Абу-л-Фазл, Фиришт, Мүхаммед Азам сияқты парсыша жазған үнді тарихшыларының шығармаларында Мырза Хайдар Дулат хижраның 958 жылы (1551) өлді делінеді. Осы дата Еуропа ғалымдарының көпшілігің назарына алынған.

Сөйтсе де, Мырза Хайдар Дулаттың Мазари-Салатиндегі зиратында жазуы бар екі құлпытас тұр. Оның бірі бүгінде тозуға айналған ақ мәрмәрдан жасалған шағын ғана тас, оның орта тұсында парсы тілінде жыр шумағы қашап жазылған, ол жырда Мырза Хайдар Дулаттың өлген жылының хронограммасы «казаи-ий-илахи»деген сөздерде қашалған да, бұл сөздердің сандық мазмұны араб графикасы бойынша хижраның 957 жылы, 1550 жылдың 20 қаңтары - 1551 жылдың 8 қаңтары аралығы дегенге келеді.

Бұл құлпытастағы жазудың авторы кім екені белгісіз. Ақ мәрмәр тастан жасалған құлпытас император Хумаюн билік жүргізген жылдарда қойылған деген болжам бар.

Екінші қүлпытас ауқымды, жалтыратылған, қазірге дейін жақсы сақталған, шеті ғана мүжілген қара граниттен жасалыпты. Сол қара гранит бетінде Мырза Хайдардың өмірі жайлы қысқаша мәлімет, оның хижраның 957 жылы (1550) өлгендігі туралы парсыша жазылған дерек бар.

Бұл құлпытастың қайдан шыққаны белгілі. 1822 жылдан 1823 жылға қараған қыста «бұхар жылқыларын сатып алу үшін» Үндістаннан Орта Азияға аттанады. Жолшыбай Кашмирге соққан ол өзінің қасына ерген Мир Иззатулла Моғолға Мырза Хайдар Дулаттың зиратына оның атына лайық жаңа құлпытас орнатуға бұйрық береді. Бұйрық 1823 жылдың 23 ақпанында орындалады. Адамның жады өшпейді деген осы.

Сонымен, соңғы сәтте келіп, Мырза Хайдар Дулаттың тірлік шамы өшті. Ол елулер шамасында болатын. Ал елу жас дегенің сол XVI ғасырда да еркектер үшін елеуге тұрмайтын аз ғұмыр еді. Бірақ тағдыр оның маңдайына соны ғана жазыпты.

Адам өмірі деген оның ұзақтығымен емес, сол өмірді қалай өткізді, артына қандай із қалдырғанымен өлшенетінін бәріміз де білеміз. Мырза Хайдар тек қана көреген әскери басшы, талантты ұйымдастырушы ғана емес, сонымен қатар артына автор есімін мәңгілік еткен, мұсылман тарихи әдебиетіндегі ең таңдаулы һәм құнды жәдіргерлердің бірі -«ТарихиРашидиді»қалдырған аса көрнекті тарихшы ретінде де танымал еді.

«Рашид тарихы»(«Тарихи Рашиди») 1542-1546 жылдары парсы тілінде Кашмирде жазылды. «Тарихи Рашидиді»жазуға түрткі болған Мырза Хайдардың, өз ұғымы бойынша, өзінің озық ілімін кейінгі ұрпаққа қалдырып кетсем деген арманы еді.

«Құдайдың осынау ең қабілет-қауқары төменгі құлдарының бірі өзінің бейталант қаламынақ қағаз бетінде жүргізуге қалай ғана батылы барды?» Оның себебі, деп жазады одан әрі Мырза Хайдар, жас кезінде ол жасы келген әңгімешілерден моғол хандары жайлы аңызды көп тыңдап, солардың тарихының қайсыбір уақиғаларына өзі де куә болып еді. Енді міне, көп жыл өтіп, Мырза Хайдардың өзі елуді еңсеріп қалғанда, ол өзіне қарап, өзі теңдес құрдастарына қарап, сол аңыздарды білетін көзкөргендерден де ешкім қалмай бара жатқанын, енді соны айтып та беретін адамның жоғын байқады. Сол кезде оның ойына ислам дінін қабылдағаннан кейінгі моғол хандары мен тайпалары туралы тарих қойнауында жатқан дүниенің бәрін жиып, оларға «сенімді адамдардан» естігенін, өзі көріп, көңіліне түйгенін қоса отырып, екі бөлімнен тұратын кітап құрастыру ниеті келді.

Бірақ «Тарихи Рашидиді»ақ қағаз бетіне түсірудің бірден-бір себебі бұл ғана емес еді.

Мырза Хайдардың өзі үшін де бұл шығарма оның әдеби қызметіндегі кездейсоқ эпизод емес еді, ол қызметтік міндеттен емес, жеке бас мүддесінен туған болатын.

Шығарма алғы сөзінде ол өзінің елін тастап моғолдардан бөлініп кетсе де, Әбдірашит ханның өзіне салқын қарап, туыстарына суық қабақ таныта тұрса да, Әбдірашит ханның әкесі Сұлтан Саид ханның өзіне жасаған

жақсылығын ұмыта алмайтынын, он үш жасар жетім кезінде өз баласындай бауырына тартып қамқор болғаны, сыйлап-сүйгенін, міне, жиырма төрт жыл бойына қатарынан қалдырмай құрмет пен сыйға бөлегенін, тек сол адамның арқасында, тек сол адамның қамқорлығымен өзінің білім алып, ғылымға жетік болғанын ілтипатпен айтады. Сондықтан да жамандыққа жақсылықпен жауап бергісі келетінін білдірді. Хан баласы бұл еңбекті жылы көңілмен қабылдай ма, болмаса сырт беріп теріс айнала ма, біріне де қарамай, ол осы шығармасын Рашид ханға арнап, өзі туралы есіне салайын, оның да кім екенін қалың жұрт біле жүрсін дегенді аңғартады.

«Тарихи Рашидидің»негізгі мазмұны - 1242 жылы өлген Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатай ұрпағының шығыс жақ бұтағының тарихы мен дулат руын көтеруді қолға алған ұлыс ішіндегі айтыс-тартыс, дулат беделділерінің Шығыс Түркістанды билеуінің жөн-жосығы. XIV ғасырдың екінші жартысы мен XVI ғасырдың алғашқы жартысындағы Моғолстан тарихы жөнінде негізгі әрі бірден-бір деректі еңбек болғандықтан, «Тарихи Рашиди»Орталық Азияны мекендеген түркі халықтары мен тибет, кафир, кашмирліктер туралы да мол фактілер мен сирек деректі материалдарға толы болып келеді. Ондағы Кафиристан мен Кіші Тибет түрғындарының тұрмыс-салты мен дәстүрі жайлы жазғандары да сондай оның аса зор этногенетикалық маңызы бар, толып жатқан зерттеу әдебиетіне негіз болған Тянь-Шань қырғыздары туралы әңгімелеуі де сондай.

Мырза Хайдар Дулаттың шығармасы Қазақ хандығының тарихы жайындағы ең алғашқы түпкі деректер ішінде ұлағатты орыналады. «Тарихи Рашиди»беттерінде сөз болатын қазақ беделділері жайлы мәлімдемелер, айналып келгенде, құрылуы алдындағы, құрылып жатқан кездегі, алғашқы кезеңдегі Қазақ хандығы тарихы жөніндегі ортағасырлық мұсылман тарихи жылнамаларындағы бірден-бірбасы бүтін шығарма болып табылады. Сөйтіп, сайып келгенде, Мырза Хайдар Дулатты Алғашқы Қазақ мемлекетінің толық хақылы алғашқы тарихшысыдеп айтуға біздің де хақымыз бар.

Мұсылмен әдебиеті Мырза Хайдардың тарихи шығармасын аса жоғары бағалайды. Мәселен, XVI-XVII ғасырлар межесінде өмір сүрген иран тілді автор Амин ибн Ахмад Рази былай деп жазады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XV ғасырдағы тарихи жағдай
16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығы
Қазақ этнонимінің пайда болуы
Қазақ хандығының құрылуы туралы
ХV және ХVІ ғасырдың І жартысындағы қазақ хандығы
Қазақтардың ұлттық қару-жарақтары
Қазақстанның әскери тарихы
Қазақ хандығының этномемлекеттік шекараларының өсуі
Тәуекел хан
Көне түріктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz