Келісімшарт


КЕЛІСІМШАРТ
(ерекше шарттары бар еңбек келісімі)
(күні. айы. жылы) ж. жасалған.
(күні. айы. жылы) ж. №. (номер) бұйрық
Келісімшарт мерзімі (келісімшарт мерзімі)
(күні. айы. жылы) ж. бұзылған.
(күні. айы. жылы) ж. №. (номер) бұйрық
(ұйымның толық атауы) (номер) (Жарғы, ереже, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі және Азаматтық Кодексі) негізінде әрекет ететін (лауазымы) (аты-жөні
)
атынан, бір жақтан, және (аты-жөні) жеке куәлік № (номер), (орган) берген (мекенжай) мекенжайында тұратын, білімі - (жоғары
)
, әрі қарай «Қызметкер» деп аталады, екінші жақтан, төмендегілер туралы осы Келісімшартты жасасты:
1. Жалпы ережелер
1. 1. Ұйым тапсырады, ал қызметкер ұйым үшін ұйымда қолданыстағы жұмысқа тұру туралы бұйрыққа байланысты тәртіпте, көлемде және кесте бойынша тапсырылған жұмысты орындауға міндеттенеді.
Қызметкер (бас маман
)
лауазымына қабылданады және оның міндеттеріне мыналар кіреді:(міндеттері)
1. 2. Қызметкер ұйым басшысының және басқа да лауазымды тұлғалардың өкімдерін бұлжытпай орындауға міндеттенеді. Қызметкер өз міндеттерін мына жерде (жұмыс орнын көрсетіңіз) : (жұмыс орны) және қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес орындайды.
1. 3. Қызметкер еңбек қауіпсіздігі техникасын, өртке қарсы және санитарлық індетке қарсы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға міндеттенеді.
1. 4. Келісімшарттың әрекет ету мерзімі (келісімшарт мерзімі) .
2. Келісімшарттың ерекше талаптары
2. 1. Осы Келісімшарттың әрекет ету кезеңінде өндірілген барлық өнім, оның ішінде интеллектуалдық сипаттағы өнім де ұйымның жекеменшігі болып табылады.
Келісімшарт бойынша жұмыс уақытында жұмысшы басқа ұйымдармен мұндай келісімшарттар жасамауға міндетті.
2. 2. Қызметкер осы Келісімшарт әрекет ететін уақыт кезінде және ол бұзылғаннан кейін де 5 жыл бойы ұйымда жұмыс істеген кезінде өзіне белгілі болған коммерциялық құпия болып табылатын төмендегідей деректерді құпия сақтауға міндеттенеді:
- ұйымдағы заңдық, техникалық және арнайы құжаттама, оның ішінде статистикалық ақпарат;
- ұйымның, сондай-ақ іскери серіктестерінің қаржылық операцияларына қатысты мәліметтер;
- өз міндеттеріне тікелей, оның ішінде өзіне бекітілген ақшалай сыйақы мөлшеріне қатысты мәліметтер;
- ұйым және оның серіктестерінің қызметіне қатысты, ұйымның жекеменшігі болып табылатын олар жасап жатқан ғылыми, техникалық, заңдық, коммерциялық және басқа да жаңалықтар туралы мәліметтер, сондай-ақ оның қызметкерлері туралы мәліметтер.
2. 3. Басқа да талаптар:
Қызметкердің ұйымның келісімінсіз ұйымның қызметіне байланысты ешқандай материалды өзінің атымен де, бүркеншік атпен де бұқаралық ақпарат құралдарына беруге құқығы жоқ.
Қызметкер өзі дайындайтын материалдарды тексеруге және ұйымға зиян келтіретін, азаматтардың ары мен абыройына нұқсан келтіретін мәліметтердің жария етілуін болдырмауға міндетті. Бұл талап бұзылған жағдайда ұйымға келген барлық зиян қызметкерден өндіріліп алынады.
Жоғарыда көрсетілген шарттар бұзылған жағдайда қызметкер жеке меншік туралы заңға сәйкес материалдық жауапкершілікті мойнына алады және келтірілген шығынның, оның ішінде қолдан кеткен түсетін пайданың орнын толық мөлшерде толтырады.
2. 4. Келісімшарт мерзімі өткенге дейін төмендегі негіздерде бұзылуы мүмкін:
- тараптардың келісімімен;
- қызметкер әскери қызметке немесе өндірістен кем дегенде 1 ай қол үзетін мерзімге әскери жиындарға шақырылған жағдайда;
- қызметкер ұйымда жұмысын жалғастыруын тоқтатып, жазаға тартылатын сот үкімі заңды күшіне енген жағдайда;
-
қызметкер сайлау лауазымына сайланған жағдайда
;
- ұйым жойылған, қайта ұйымдастырылған немесе қайта мамандандырылған жағдайда;
- қызметкер атқаратын лауазымына лайықсыз деп танылған жағдайда, оның кінәлі істері байқалғанда немесе қызметкер осы Келісімшарттың талаптарын дөрекі түрде бұзғанда, клиенттерден шағым түскенде, тапсырма шарттарын сапасыз орындағанда, ұйымның беделін түсіретін іс-әрекеттер жасағанда.
2. 5. Қызметкердің бастамасы бойынша Келісімшарт төмендегі жағдайларда бұзылуы мүмкін:
- осы Келісімшарт бойынша жұмыстарды орындауға кедергі келтіретін ауру немесе мүгедектік жағдайында;
- ұйым басшысы Келісімшарт талаптарын бұзғанда.
2. 6. Қызметкердің өз міндеттерін орындамауы немесе тиісті дәрежеде орындамауы ұйым басшысының бастамасы бойынша Келісімшартты мерзімінен бұрын бұзуға негіз болуы мүмкін.
2. 7. Өз міндеттерін орындамау салдарынан кәсіпорынға материалдық зиян келтірілген жағдайда кәсіпорын кінәлілерден зиянның тікелей нақты мөлшерін өндіріп алуға құқылы.
Зиян мөлшері ұйым бухгалтериясы арқылы өндіріліп алынады.
2. 8. Ұйым таратылған, қайта ұйымдастырылған немесе қайта мамандандырылған жағдайда, қызметкердің атқаратын лауазымы сақталмауы мүмкін болса, ұйым басшысы қызметкерге Келісімшартты бұзу туралы кемінде 2 ай уақыт бұрын ескертуге міндетті, көрсетілген мерзімді сақтау мүмкін болмағанда ұйым қызметкерге (сома) теңге көлемінде(үш айлықақыдан кем емес) өтемақы төлеуге міндетті.
2. 9. Келісімшарт мерзімінен бұрын бұзылатын жағдайда тараптар бір-бірін 30 күннен кешіктірмей құлақтандыруға міндетті. Келісімшарт ұйым бастамасы бойынша мерзімінен бұрын бұзылатын жағдайда қызметкерге пайдаланылмаған демалысы үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес шығыс жәрдемақы төленеді.
Келісімшарттың бұзылу мүмкіндігі туралы ескертудің мерзімі кезінде қызметкерге тараптардың келісімі бойынша жаңа жұмыс орнын іздеу үшін айлық жалақысын сақтай отырып, (мерзімі) күн беріледі.
Қызметкер ескерту мерзімі өткенше жаңа жұмыс орнын тапса, ол келісімшартты бұл мерзім өткенше бұза алады.
2. 10. Келісімшарт тоқтатылғанда немесе бұзылғанда тараптар арасындағы барлық есеп айырысулар (мерзімі) күндік мерзімде жүргізілуі тиіс.
3. Тараптардың міндеттері
3. 1. Ұйым қызметкерге қажетті жұмыс орнын, қажетті құрал-жабдықтарды, анықтамалық және ақпараттық материалдарды ұсынуға міндеттенеді.
3. 2. Жұмыстың ерекшелігін есепке ала отырып, ұйым (күндер) күндерде қызметкер міндетті түрде келуі тиіс деп санайды ал басқа күндері ұйым қызметкердің басқа ұйымда жұмыс істейтіндігіне келісім береді.
3. 3. Ұйым қызметкерге ұсынған жұмыс орнында еңбек заңнамасының және қауіпсіздік техникасының бекітілген нормаларына сәйкес қауіпсіз әрі салауатты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, қызметкерді ішкі тәртіп ережелерімен, еңбекті қорғау жөніндегі талаптармен және қызметкердің лауазымдық міндеттемелерін орындауға қажетті басқа да ережелермен таныстыруға міндеттенеді.
3. 4. Қажет болған жағдайда ұйым қызметкерді ұйым қаржысы есебінен де, сондай-ақ қызметкердің өз қаржысы есебінен де біліктілігін арттыруға жіберуі мүмкін.
4. Еңбекақы төлеу шарттары
4. 1. Осы Келісімшартта қарастырылған жұмыстарды орындағаны үшін ұйым қызметкерге(жұмыс уақыты) немесе 1 сағат жұмысқа (сома) теңге есебі бойынша еңбекақы төлейді.
5. Еңбекақы төлеудің ерекше шарттары
5. 1. Жұмыстың сипаты бір жерге барып-келу болғанда ұйым таксиден басқа қала көліктеріндегі жолақыны төлейді.
5. 2. Қызметкерге тиесілі жекеменшік оргтехниканы, көлікті, құрал-саймандарды қолданғанда ұйым (сома) теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттенеді.
5. 3. Демалыс және мейрам күндері жұмыс істегені үшін ұйым жұмысшыға екі есе мөлшерде еңбекақы төлейді.
5. 4. Іссапар шығындары үшін қызметкерге төленетін өтемақы жалпы негізде немесе (төлем түрі) есебінен төленеді.
Басқа да өтемақылар: (өтемақы түрлері)
Қызметкердің іссапарға баруы міндетті саналады
.
5. 5. Ұйым қызметкерге мінсіз еңбегі үшін
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz