Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау қабілетін қалыптастыру мүмкіндіктері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау қабілетін қалыптастыру

мүмкіндіктері.

Ойын- мектепке дейінгі балалар әрекетінің негізгі түрі, сондықтан ол бала өмірінде тәрбиенің шешуші шарты болып табылады. Бала өзін қошаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды, адамдар арасындағы қарым- қатынасты баланың білуі, сезінуі ойын негізінде жүзеге асады. Баланың таным түсінігі, іс- әрекеті ойыннан бастау алады да болашақ өмірінде жалғасын табады. Ойын үстінде бала жеке тұлға ретінде дамиды, адамдармен қарым-қатынасты, әрекетті өзі реттеп, ұжымдық ойлаудың алғашқы тәжірибесін алатындығы дәлелденген. Ғалымдар балалар ойыны стихиялы, бірақ ересек адамдардың қоғамдық және еңбек әрекетінен туындағаны заңдылық деп есептейді.

Кеңестік педагог А. С. Макаренко “Баланың ойынға деген құмарлығы бар, сол құмарлықты қанағаттандыра білуіміз керек. Ойнау үшін тек қана уақытты бөліп қана қоймай, сонымен бірге баланың барлық өміріне ойынды бере және сіңіре білуіміз қажет. -Оның барлық өмірі- ойыннан тұрады”, - деген пікірін өз еңбектерінде атап өткен.

Балаларды ойынға қатыстыру қажет. Өскелең ұрпаққа қоғамдағы мәдениеттің сәтті берілуі, балаларға ересектер тарапынан ұсынылатын ойынның мазмұнына да байланыста болады. Қоғамдағы тәжірибені жемісті меңгеру үшін, әрекет ету үрдісінде тек қана баланың өзінің белсенділігі болуы қажет екендігін де ескере кеткен жөн. Егер де тәрбиеші алынған тәжірибенің белсенділігін сипаттап ескермесе, онда ойынды үйретудің әдістемелік тәсілдері мен ойынды үйретудің әдістемелік тәсілдері мен ойынды басқаруы өз деңгейінде практикалық мақсатына жете қоймайды.

Ойын кезінде жан-жақты тәрбиелеудің мақсаты әр жас кезеңде ойын әрекетінің психологиялық негізін құрастырған жағдайда ғана табысты іске асырылады. Бұл ойынның дамуы баланың психикасын үдемелі өзгертумен және ең алдымен бала тұлғасының барлық жағынан дамудың фундаменті болып табылатын оның интеллектуалдық ортасына байланысты. Ойында психикалық үрдістер: қабылдау, ойлау, ес, сөйлеу т. б. қалыптасады.

Баланың кез-келген әрекеті белгілі бір міндеттерді шешуге бағытталғанын педагог- тәрбиеші ұмытпауы тиіс. Негізгі міндеттер қайта өзгертуге мүмкіндік беретін шешімді және сонымен бірге алға қойған мақсатқа жетуді жеңілдету аралықтарын алады. Балалар шешетін тәжірибелік міндеттер оқудан өзгешеленіп тұрады. Ойын міндетінің мазмұны баланың тәжірибесімен, білімімен ерекшеленеді. Бала өз әрекетінен тәжірибе алады, көптеген нәрселерді тәрбиешілері мен ата-аналарынан үйренеді. Әр түрлі білімдер, әсерлер баланың рухани әлемін байытады, осының барлығы ойында көрініс береді. Ойын міндеттерін шешу заттық әрекеттің көмегімен ойын тәсілдерін шынайы танып, қорытудан көрінеді. Бала қуыршаққа кесемен су береді, сосын оны кубикпен алмастырады және содан кейін жәй ғана қолын қуыршақтың аузына алып барады. Бұл баланың жоғары интеллектуалдық деңгейде ойын міндетін шешкенін көрсетеді. Іс жүзінде бұдан басқаша болуы да мүмкін. Бірақ, бұл біріншіден, баланың күнделікті өмірде не болып жатқандығының барлығын ойынға енгізсек, онда оның ең негізгі ерекшелігі- қиялдауы жойылып кететінін ескергеніміз жөн.

Екіншіден, ойын жақсы таныс бейнеленгенімен, бірақ өмірлік жағдайда аз жинақталған болса, еріксіз дағдарысқа енеді. Сонымен бірге бала күнделікті өмірде нақты, анық білімдерді ғана емес, сондай-ақ түсініксіз, жорамалданған пікірлерді де алатындығы белгілі. Мысалы, бала теңізшінің кім екенін біледі, бірақ оның қандай іспен айналысатындығын білмеуі мүмкін. Өзінің түсінігін толықтыру үшін ойын үстінде сұрақтар қойып, соған жауаптар алу арқылы, айқын білімін толықтырып отырады.

Ойынның үзақ болуын, эмоционалды қанықтығына жету үшін және ойын міндетін интеллектуалдық тұрғыдан шешуде, педагог баланың мақсатқа бағытталған тактикалық тәжірибесін байытуы, оны бірте-бірте шартты ойын жопарына ауыстыруы, өз бетімен ойнайтын ойында мектеп жасына дейінгі балаларды шынайылықты шығармашылықпен бейнелеуін оятуды қамтамасыз ету қажет. Эмоция ойынды қызықтырады, өзара қарым- қатынас үшін қолайлы жағдай жасайды, әр баланың жан дүниесіне қажетті тонусын көтереді, бұл өз кезегінде балалардың біріккен құрбы-құрдастарымен әрекетінде және тәрбиелеу қызметінде қабілеттілік жағдайын қалыптастырады.

Ойын бір жағынан, баланың жақын даму зоносын дамытатындықтан, мектеп жасына дейінгілердің негізгі әрекеті болып табылады. Мұнда жаңа прогрессивті әрекеттің түрлері туады және өзінің мінез-құлық еркінше басқаруын, ұжымдық, шығармашылық әрекет ету ептілігін қалыптастыруымен байланысты. Ал екінші жағынан, өнімді әрекеттің түрлері оның мазмұнымен қоректенеді және баланың үнемі өмірлік тәжірибесі молайып отырады.

Ойында баланың дамуы ең алдымен, оның мазмұнының әр түрлі бағыттылығына байланысты өтеді. Дене (қозғалмалы), эстетикалық (ән-күй), ақыл-ой (дидактикалық,, сюжетті-рөлдік) тәрбиесіне тура бағытталған ойын түрлері бар. Барлық ойын түрлерін тікелей ересектердің қатысуымен және баланың белсендігінің түрлі формасымен үлкен екі топқа бөлуге болады.

Бірінші топ- бұл ойынды өткізуде және дайындықта ересектердің жанама түрде қатысуы. Балалардың белсенділігі (ойын әрекеті мен шеберлігін белгілі бір деңгейде қалыптастыру жағдайында) инициативті, шығармашылық сипатқа ие, балалар өз беттерінше ойын мақсатын қоюға қабілетті, ойынды дамытуға және міндеттерін шешуде қажетті тәсілдерді табады. Өз бетінше ойнайтын ойындарда балалардың инициативасын көрсететіндей жағдайлар жасалады. Бұл топқа әсіресе, өзінің даму қызметімен құнды, әр баланың жалпы психикалық дамуына үлкен мәнге ие танымдық және сюжеттік ойындарды енгізуге болады.

Екінші топ- бұл әртүрлі үйрететін ойындар, ересектер ойынның ережесін айтып немесе ойыншықтарын құрылымын түсіндіріп, белгілі бір нәтижеге жету үшін әрекет етудің белгіленген бағдарламасын жасайды. Бұл ойындарда тәрбиелеу мен оқытудың нақты міндеттері шешіледі: бұлар белгіленген бағдарламадағы тақырыптар мен ережелерді меңгеруге бағытталған. Оқыту ойындары мектеп жасына дейінгілерде адамгершілік-эстетикалық тәрбие беруде маңызды. Ойынды үйретуде балалардың белсенділігі негізінде репродуктивті сипатқа ие: олар берілген бағдарлама әрекетінде ойынның міндеттерін шешуде, тек қана оларды жаңадан өндіреді. Балалардың құрастыруы мен ептілігінің негізінде шығармашылық элементтері көп кездесетін өздік ойындарды ойлап шығарды

Ойындағы жетістіктер баланың сабақтарда жүйелі білім алу мүмкіндігіне маңызды әсер етеді, құбы-құрдастары мен ересектердің ортасында оның шынайы адамгершілік-эстетикалық бағытының әбден жетілуіне мүмкіндік туғызады.

Әртүрлі ойындарды баланың жас ерекшеліктеріне сай өз уақытында және дұрыс қолданғанда “мектепке дейінгі мекемелердегі берілген оқыту және тәрбиелеу бағдарламасын ” өз деңгейінде шешуді қамтамасыз етеді.

Сонымен бірге, әртүрлі ғылыми мектептердегі педагог және психолог

ғалымдардың еңбектеріндегі ойынның маңыздылығы туралы түсініктерін қарастыра келе, мынадай жалпы ережені беріп отырмыз:

1. Ойын- әртүрлі жастағы балаларды өз еркінше дамыту әрекетінің түрі.

2. Ойын- бала әрекеттерінің ішіндегі ең еркін түрі, онда айнала қоршаған әлемді тани, сезіне білуі, жеке шығармашылығы үшін кеңістіктің ашылуы, өзін-өзі тануы және өзін-өзі көрсетуі белсенді түрде жүзеге асады.

3. Ойын- мектеп жасына дейінгі бала әрекетінің ең алғашқы баспалдағы, оның мінез-құлқының қалыптасуының бастапқы мектебі.

4. Ойын даму тәжірибесі болып табылады. Бала ойын кезінде дамыиды, даму үшін ойнайды.

5. Ойын- балалар қарым-қатынасының негізгі ортасы; мұнда құбы-құрдастарына, үлкендерге деген өзара қарым-қатынасы қалыптасады.

Қазіргі таңда еліміздегі оқу-тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта құруды міндеттейді. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің бірі- өркениетті прогессшіл бағыттағы азаматтық- адамгершілік қасиеттері мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалпаған өзге тідегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.

Бүгінгі күні әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында ізгілік, яғни адамгершілік тәрбие шешуші фактор болуы заңдылық .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Мектепке дейінгі жастағы балалардың математикаға танымдық қызығушылығын қалыптастыру
Балалардың бейнелеу қабілеттерін қалыптастыру
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі
Бейнелі ойлау - мектеп жасына дейінгі бала ойлауының негізгі түрі
Бала тәрбиесі - өте күрделі процесс
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды мектепке даярлау
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерінің ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл дамыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz