А. Байтұрсыновтың өмірі
ЖОСПАР
Кіріспе.
I.тарау. А.Байтұрсыновтың өмірі.
1.1А. Байтұрсынов өмірінің негізгі кезеңдерін,
1.2 А. Байтұрсынов қоғамдық өмірге араласуы.
1.3Ақынның азаматтық үшін күресі.
II.тарау. А. Байтұрсынов шығармашылығы.
2.1 А. Байтұрсынов мысалдары .
2.2 А. Байтұрсыновтың «Қазақ» газетіндегі қызметі.
2.3 А. Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» атты еңбегіне сипаттама.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер

XIX ғасырдың жарқын жұлдыздары — Шоқан, Ыбырай, Абай салған ағартушылық-демократтық бағытты ілгері жалғастырушы, жаңа буынның төл басы, дарынды ақын, ірі ғалым, әрі журналист Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 28 қаңтарда бұрынғы Торғай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытұбек деген жерде дүниеге келген. Әкесі Байтұрсын Шошакұлы еліне беделді, намысқор, қайрат иесі болған.Өз тұсындағы әділетсіз ел билеушілердің зорлығына карсы тұрған. Ел-жұртына қиянат жасаған Торғай Яковлевті соққыға жыққан. Ақыры, іс насырға шауып, Байтұрсын інісі Ақтаспен Сібірге 15 жылға жер аударылады. Бұл оқиға 13 жасар Ахметтің жүрегіне үлкен жара салған.
Ауыл молдасынан хат таныған Ахмет 1886—1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық мектепте, 1891—1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды. Одан әрі оқуды жалғастыруға мүмкіндігі болмай, өздігінен оқып білімін жетілдіреді. 1895—1909 жылдар арасында Ахмет Актөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі ауылдық, болыс-тық және екі сыныптық училищеде бала оқытады.
Осы кезде қазақ жеріне орыс шаруаларының көптен көшіп келуі жергілікті халықтың тілін, мәдениетін, елдігін сақтап қалу мәеелесін күн тәртібіне қояды. Тіл құрыса, халық та қүриды. Ұлт атымыз өшпесін десек, қазақ әдебиеті мен тілін өркендетуді колға алу керек деп ойлайды Ахмет. Осы ойын іске асыруға кіріседі.
Осы жолдағы ізденістерін ол 1896 жылы А. Алекторовқа жолығудан бастаған. Алекторов бұл кезде Омбыда отырып, Ақмола, Семей болыстарының оқу жүйесін басқарып тұрған болатын. Онымен Ахмет қазақ даласында бала оқыту жайы туралы кеңеседі. Ахмет орыс оқымыстыларының миссионерлік мақсатын, олардың қазақтарды орысша оқыту арқылы орыстандыру саясатын көздейтінін түсінеді. Осыдан секем алады. Қазақты өнер-білімге жетектеу өзгелердің емес, өзі тектес оқығандрдың парызы деп түйеді. Алекторовтан алған екінші әсері — Ахметтің білім мен өнер жолындағы ой-пікірінің кеңейе түсуі еді. Қазақ тарихы мен фольклорынан аса бағалы материал жинап, зерттеген Алекторов Ахметтің көп көмескі түсініктерін айқындап алуына, алдына жаңа мақсаттар қоюына елеулі әсерін тигізеді.
А. Байтұрсынов 1905 жылғы революцияны Қарқаралыда қарсы алады. Қарқаралыда тұрған жылдары А. Байтұрсыновтың саяси көзқарасы жан-жақты кеңейе түседі. Оның маңына қазақтың зиялылары топтала бастайды. Осы жылдары А. Байтұрсыновты ел мұңы, халық қамы, әділетсіздік жағдайлар қат-ты толғандырады. Әсіресе отаршылдық қыспақта күн кешкен қазақ халқының ауыр тұрмысы ашындыра түседі. Отаршылдық саясатты айыптаған өлеңдер жазады. Жер мәселесін әділетті шешу жөнінде патшаның атына бір топ қазақ оқығандарының хатын ұйымдастырады. Сол үшін айып тағылып, 1907 жылы Қарқаралы түрмесінде біраз отырып шығады. Бұл Ахметтің Қарқаралыда екі сыныпты училищенің меңгерушісі болып істеген кезі еді.
Бұдан былай Ахмет халық арасында насихат жұмысын астыртын жүргізеді. Бұл әрекеті полиция тыңшыларына сезіліп қалып, 1909 жылы шілдеде қайта ұсталып, сегіз ай бойы Семей абақтысына қамалады. Азаттық жолындағы күрес пен көрген азап оны ширықтыра түседі. 1910 жылдың 21 ақпанында Ахмет Орынбор қаласына жер аударылады.
Ағартушылық жолға түсіп, «қайтсем, халқыма пайдамды тигізем, қалай көзін ашам, ұйқысынан қалай оятам» деген мақсат Ахметті әдебиетке алып келеді. Ол әдебиетті халыққа ықпал етер күш санайды. Осы мақсатпен өлендер шығарады, И. А. Крылов мысалдарын аударып, сол үлгіде өзі де мысалдар жазады. Оның 1909 жылы Петербургте «Қырық мысал» деген кітабы, 1911 жылы Орынборда «Маса» деген өлендер жинағы басылады. Ахметтің Орынборға келгеннен кейінгі қызметі өте күрделі, әрі өнімді болған. Оның қоғамдық ой-пікірлері 1913 жылы 2 ақпанда шыға бастаған, өзі ұйым-дастырған «Қазақ» газетінде жариялана бастайды. Ол «Қазақ» газетінде патша үкіметі орындарының құлағына жақпайтын мақалалар да

ӘДЕБИЕТТЕР.
1.Дулатов М. Ахмет Байтұрсынов.- Алматы, 1991.
2.Сыздықова Р. Ахмет Байтұрсынов.- Алматы, «Білім қоғамы» 1991.
3.Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері.-Алматы,19998.
4.Қазақ әдебиеттінің тарихы.-Алматы,2000.
5.Ахмет Байтұрсыновтың шығармасы.-Алматы,1994.

I-тарау. А.Байтұрсыновтың өмірі.
1.1А. Байтұрсынов өмірінің негізгі кезеңдерін,
1.2 А. Байтұрсынов қоғамдық өмірге араласуы.
1.3Ақынның азаматтық үшін күресі.
II-тарау. А. Байтұрсынов шығармашылығы.
1. А. Байтұрсынов мысалдары .
2.2 А. Байтұрсыновтың Қазақ газетіндегі қызметі.
2.3 А. Байтұрсыновтың Әдебиет танытқыш атты еңбегіне сипаттама.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе.
XIX ғасырдың жарқын жұлдыздары — Шоқан, Ыбырай, Абай салған ағартушылық-
демократтық бағытты ілгері жалғастырушы, жаңа буынның төл басы, дарынды
ақын, ірі ғалым, әрі журналист Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 28 қаңтарда
бұрынғы Торғай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытұбек деген жерде дүниеге
келген. Әкесі Байтұрсын Шошакұлы еліне беделді, намысқор, қайрат иесі
болған.Өз тұсындағы әділетсіз ел билеушілердің зорлығына карсы тұрған. Ел-
жұртына қиянат жасаған Торғай Яковлевті соққыға жыққан. Ақыры, іс насырға
шауып, Байтұрсын інісі Ақтаспен Сібірге 15 жылға жер аударылады. Бұл оқиға
13 жасар Ахметтің жүрегіне үлкен жара салған.
Ауыл молдасынан хат таныған Ахмет 1886—1891 жылдары Торғай қаласындағы екі
сыныптық мектепте, 1891—1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын
мектепте оқиды. Одан әрі оқуды жалғастыруға мүмкіндігі болмай, өздігінен
оқып білімін жетілдіреді. 1895—1909 жылдар арасында Ахмет Актөбе, Қостанай,
Қарқаралы уездеріндегі ауылдық, болыс-тық және екі сыныптық училищеде бала
оқытады.
Осы кезде қазақ жеріне орыс шаруаларының көптен көшіп келуі жергілікті
халықтың тілін, мәдениетін, елдігін сақтап қалу мәеелесін күн тәртібіне
қояды. Тіл құрыса, халық та қүриды. Ұлт атымыз өшпесін десек, қазақ
әдебиеті мен тілін өркендетуді колға алу керек деп ойлайды Ахмет. Осы ойын
іске асыруға кіріседі.
Осы жолдағы ізденістерін ол 1896 жылы А. Алекторовқа жолығудан бастаған.
Алекторов бұл кезде Омбыда отырып, Ақмола, Семей болыстарының оқу жүйесін
басқарып тұрған болатын. Онымен Ахмет қазақ даласында бала оқыту жайы
туралы кеңеседі. Ахмет орыс оқымыстыларының миссионерлік мақсатын, олардың
қазақтарды орысша оқыту арқылы орыстандыру саясатын көздейтінін түсінеді.
Осыдан секем алады. Қазақты өнер-білімге жетектеу өзгелердің емес, өзі
тектес оқығандрдың парызы деп түйеді. Алекторовтан алған екінші әсері —
Ахметтің білім мен өнер жолындағы ой-пікірінің кеңейе түсуі еді. Қазақ
тарихы мен фольклорынан аса бағалы материал жинап, зерттеген Алекторов
Ахметтің көп көмескі түсініктерін айқындап алуына, алдына жаңа мақсаттар
қоюына елеулі әсерін тигізеді.
А. Байтұрсынов 1905 жылғы революцияны Қарқаралыда қарсы алады. Қарқаралыда
тұрған жылдары А. Байтұрсыновтың саяси көзқарасы жан-жақты кеңейе түседі.
Оның маңына қазақтың зиялылары топтала бастайды. Осы жылдары А.
Байтұрсыновты ел мұңы, халық қамы, әділетсіздік жағдайлар қат-ты
толғандырады. Әсіресе отаршылдық қыспақта күн кешкен қазақ халқының ауыр
тұрмысы ашындыра түседі. Отаршылдық саясатты айыптаған өлеңдер жазады. Жер
мәселесін әділетті шешу жөнінде патшаның атына бір топ қазақ оқығандарының
хатын ұйымдастырады. Сол үшін айып тағылып, 1907 жылы Қарқаралы түрмесінде
біраз отырып шығады. Бұл Ахметтің Қарқаралыда екі сыныпты училищенің
меңгерушісі болып істеген кезі еді.
Бұдан былай Ахмет халық арасында насихат жұмысын астыртын жүргізеді. Бұл
әрекеті полиция тыңшыларына сезіліп қалып, 1909 жылы шілдеде қайта ұсталып,
сегіз ай бойы Семей абақтысына қамалады. Азаттық жолындағы күрес пен көрген
азап оны ширықтыра түседі. 1910 жылдың 21 ақпанында Ахмет Орынбор қаласына
жер аударылады.
Ағартушылық жолға түсіп, қайтсем, халқыма пайдамды тигізем, қалай көзін
ашам, ұйқысынан қалай оятам деген мақсат Ахметті әдебиетке алып келеді. Ол
әдебиетті халыққа ықпал етер күш санайды. Осы мақсатпен өлендер шығарады,
И. А. Крылов мысалдарын аударып, сол үлгіде өзі де мысалдар жазады. Оның
1909 жылы Петербургте Қырық мысал деген кітабы, 1911 жылы Орынборда
Маса деген өлендер жинағы басылады. Ахметтің Орынборға келгеннен кейінгі
қызметі өте күрделі, әрі өнімді болған. Оның қоғамдық ой-пікірлері 1913
жылы 2 ақпанда шыға бастаған, өзі ұйым-дастырған Қазақ газетінде
жариялана бастайды. Ол Қазақ газетінде патша үкіметі орындарының құлағына
жақпайтын мақалалар да жариялап отырған. Ол үшін талай рет ақшалай айып
салынып, Ахмет түрмеге жабылған.
1917 жылы патша тақтан түседі. Осы кезде қазақтың зиялы азаматтары Алаш
партиясын ұйымдастырады. Алаш партиясының және Алашорда үкіметінің
негізгі мақсаты Ресей федерациясының құрамында Қазақстан автономиясын құру
еді. Бірақ 1917 жылдың қарашасында билікке ие болған Кеңес өкіметі оған жол
бермеді. Аласапыран кезеңнің шындығын байыптай келе, Ахмет Ә. Жангелдин
арқылы Кеңес өкіметімен келіссөз жүргізіп, жаңа өкімет жағына шығады. 1920
жылы Қазақстан Кеңестерінің 1-съезінде Қазақстан үкіметіне мүше және Халық
ағарту комиссары болып сайланады. 1921 жылы Халық ағарту комиссариаты
жанындағы Ғылыми-әдеби комиссияның төрағалығына тағайындалады. Ол әуелі
Орынбордағы, 1926—28 жылдары Ташкенттегі Қазақ халық ағарту
институттарында, кейін Алматыда ашылған Қазақ университетінде сабақ береді.
1925—1931 жылдар ішілде Қазақстанды басқарған Ф. И. Голощекин Қазақстан
кеңестік өзгерістерден тыс қалған деп санап, онда Кіші Октябрь төңкерісін
жүргізу саясатын ұстанды. Елдегі байлық пен малды тәркілеу жұмысын
жүргізді. Халықты ашаршылыққа ұшыратты. Қазақ зиялыларының көпшілігі оны
қолдаған жоқ. Голощекин өзіне қарсылық білдіргендерді ұлтшыл деп
жариялап, олардың көзін жоюды қолға алды. А. Байтұрсынов қара тізімге
ілінген отыз адамның басы болып, 1929 жылы 2 маусымда тұтқынға алынды, жер
аударылды. Азапты қуғын-сүргіннен 1934 жылы қазанда ғана оралған ол 1937
жылы 8 қазан күні қайта ұсталып, 8 желтоқсанда атылды.
Ахмет өз ұлтының бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы күресте бүқараның
жүрегіне қозғау салар, ұйқысынан оятар қаруы — өлең сөз деп түсінді. Қазақ
халқының тағдыры, бүгінігісі мен ертеңгісі Ахмет поэзиясының өзегі болды.
Ол өзінің ағартушылық, демократтық, гуманистік идеяларын халқына поэзия
тілімен жеткізуді қалады.
А. Байтұрсыновтың өлеңдер жинағын Маса деп атауы да тегін емес еді. Ол
ұйқыда, саясаттан тыс жатқан надан халқын құлағына маса боп ызындап оятуды
ойлады.
Ызындап ұшкан мынау біздің маса,
Сап-сары аяқтары ұзын маса. ...
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша,
Үйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызындаса?!
Ақын арманы —адамдық диханшысы болып халқына қызмет ету.
Адамдық диханшысы қырға шықтым,
Көгі жок, көгалы жоқ — қорға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,
Көңілін көтеруге кұл халықтың.
Бұл үзінді де үлкен мұратты танытады. Көгі жоқ, көгалы жоқ сусыз қырда
диханшы болу, адамдықтың тұқымын егу — оңай шаруа емес. Оның үстіне халқы
еріксіз, біреуге құл болса... Автор осы қиын міндет жолына басын тігеді.
Ақын өзі өскен ортаға, қазақ қоғамының қалпына сын көзімен қарап, көңілін
жүдеткен, күйіндірген көкейкесті шындықты ашына сынайды. Оның Қазақ
салты, Қазақ қалпы, Жиған-терген өлендерінің мазмұны бірін-бірі
толықтырады. Ақын ел тарихына көз жібере отырып, өз халқының бүгінгі мүшкіл
халін:
Қаз едік катар ұшып каңкылдаған,
Сахара көлге қонып салқындаған.
Бір өртке қаудан шыққан душар болып,
Не қалды тәнімізде шарпылмаған,—
деп суреттейді. Елдегі мен жақсымын дегендердің халық үшін еш нәрсе
тындырмай жүргеніне қынжылады. Одан әрі өзін-өзі күйттеген, байлық, мансап
үшін ар-абыройын сатқандар, бос белбеу, босаң туған бозбалалар, қайырымсыз
байлар, жарқылдаған түймеге мәз болған өнер-білімін тиісті жеріне жұмсай
алмайтын оқығандар сыталады. Қай өлеңінде де Абайдың сатиралық бейнелері
елестейді. Бүгінгі Қазақ қалпын ақын:
Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ,
Теңізде жүрміз калқып кешпесі жоқ,
Жел соқса, құйын қуса, жылжи беру,
Болғандай табан тірер ешнәрсе жоқ,—
деп суреттейді. Онда басында билігі жоқ елдің күңгірт болашағын үлкен
теңізде ескексіз қалқып жүрген қайықпен салыстырады. Осы жағдайға жеткізген
қазақтың бейқамдығын, алтыбақан алауыздығын, Құдайдың өзі сақтар, Көппен
бірге көрген ұлы той деп ойсыз жүре берушілікті сынайды. Бұл күйге бүгін
емес, көптен кірдік тармағына ақын қазақ елінің отарлау тарихын аңғартар
үлкен мазмұн ұялатады.
Осы өлеңдердегі бейнелілікке көңіл аударсақ, талай тың теңеулерді көреміз.
Қатар ұшып қаңқылдаған, Сахара сазға қонып салқындаған— өзінің туған
халқы болса, өрт — оның бостандығына тиген патшаның отаршылдығы. Отаршылдық
жағдайындағы ел қалтылдақ қайық мініп, теңізде жүрген адам сияқты. Осы
жағдайларды халқына түсіндіре отырып, дихан болып, адамдықтың ұрығын егеді.
Ақын Жиған-терген өлеңінде осындай ғаріп күйге түсудің себебін
іздестіреді. Өткенге қарасам, хандар халықты жөндеп баға алмай, басқаға
сатыпты. Бері келген соң шен-шекпенге сатылыпты. Болыстықты сатып алыпты.
Ұлық мақтаса, мәз болыпты. Халықтан алым алыпты деп, келеңсіз жайларды
көрсетеді. Қабағын түйіп, қаһарын жиып, көкті бұлт торлап тұр. Ел болса,
баяғы қалпы, әлі ұйқыда. Дос пен қасты айырмайды. Түксиген мұртты обыр
обып, сорып тұр. Қарғадай қарқылдаған, шешенсіген мырзалардың жолы үлгі
емес. Ол жаңа жол табуға шақырады. Жолдар бар өзге, жоба бар сөзге,
жүрекке дөп, ойға жөн дейді.
Қазағым — елім, Қайкайып белін,
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қамауда жаның,
Аш көзінді оянып.
Қанған жоқ па әлі ұйқың,
Ұйықтайтын бар не сиқың!
Өлең Абайдың Сегіз аяқ үлгісімен жазылған. Көк бұлт— символдық,
түксиген мұрт— метонимиялық бейне.
Емшегін еміп, Анаға сеніп,
Бала ұйықтайды жастықпен.
Қымызға қанып, Қызарып жанып,
Бай ұйықтайды мастықпен.
Шалап ішкен кедей мас,
Мына жұрттың бәрі оңбас!—
деген сияқты салыстыра сипаттау да өлеңнің көркемдігін көтеріп, мақсатын
аша түседі. Досыма хат өлеңінде:
Жарқырап жақсылықтың таңы атпай тұр,
Түнерген төбемізден бұлт арылмай,—
деп, отаршылдық қыспақты түнерген бұлтқа теңейді, одан құтылып еркіндік
алуды —жақсылық таңы деп бейнелейді. Еркіндік идеясын Бақ өлеңінде
жалғастыра түсіп:
Үміт сүйрер жыраққа,
Жетесің деп мұратқа,
Талықсам да ізденіп.
Қашан жанып шам-шырақ,
Сәуле беріп жарқырап,
Болар жарық төрт тарап?
Қашан маған іздеген,
Келіп жылы жүзбенен,
Болар серік бақ қарап?—
деп, ақын бақ (бақыт) күнінің тезірек келуін аңсайды. Елдің бетке ұстар
азаматтарын бірлікке, күреске шақырады.
Анама хат, Жауға түскен жан сөзі өлеңдерінде өз басынан кешкен қиын-
қыстау күндер, қуғын-сүргін, ел тағдыры, бостандық арманы сөз болады.
Оқ тиіп, он үшімде ой түсіріп,
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам...
Адамнан туып, адам ісін етпей,
Ұялмай не бетіммен көрге барам?—
деген жолдар әкесі Байтұрсынның 15 жылға Сібірге айдалған кездегі бала
жүрегінің жараланғанын еске түсіреді. Өлең — өзіне жала жабылып, Семей
түрмесінде отырған қапас кездің шындығы.
Елін, жерін шен-шекпенге сатқан, ардан безген пәлеқор, кейбір тілмаштар мен
болыстарды еске алып:
Қинамайды абақтыға жапқаны, '
Қиын емес дарға асқаны, атканы.
Маған ауыр осылардйң бәрінен
Өз аулымның иттері үріп, қапқаны,—
деп өкініш білдіреді.
А. Байтұрсыновтың күрес жолынан айнымайтын, қаншама қиыншылық болса да
төтеп беретін күрескерлік болмысы оның өлеңдерінде анық көрінеді. Н. Қ.
ханымға (Нәзипа Құлжанова — қазақ әйелдері ішінен шыққан алғашқы
журналист, педагог, ғалым, аудармашы) арналған өлеңінде ол:
Рақатсыз өтсе де өмір жасым,
Бұл жөнімнен құдайым айырмасын.
Ұзақ жолға ниет қып бір шыққан соң,
Жарым жолдан қайтпаспын, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz