ҚР-ғы кәсіпорындардың инвестициялық саясатын талдау және бағалау


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Кафедра:Қаржы.

ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ « »

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ПӘН: Қаржылық менеджмент

ТАҚЫРЫП: Кәсіпорынның инвестициялық саясаты

ОРЫНДАҒАН:

ТЕКСЕРГЕН:

жоспар

КІРІСПЕ

I. Компанияның инвестициялық саясаты туралы түсінік

және оның мәні мен мазмұны

1. 1. Инвестиция түсінігі және оның түрлері

1. 2. . ҚР-ғы кәсіпорындардың инвестициялық саясаты

1. 3. ҚР-ғы инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар

II. ҚР-ҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

2. 1. Инвестициялық қызмет және оны мемлекеттік реттеу

2. 2. Компанияның инвестициялық қызметінің тиімділігін анықтау жолдары

2. 3. АҚ «Интергаз Орталық Азия» қызметінің инвестициялық саясатын бағалау

III. АҚ «ИАО» -НЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ШЕТЕЛ ТӘЖІРИБЕСІ НЕГІЗІНДЕ ЖЕТІЛДІРУ

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Инвестициялық іс-әрекет - кәсіпорын жүргізетін құрылымдық саясатымен тығыз байланысты. Құрылымдық саясат экономиканың дамуының негізгі бағыттары және қызмет етудің жаңа ресурс үнемдеуші, жоғары технологиялы және экологиялық дұрыс моделіне көшумен анықтлады. Кәсіпорынның инвестициялық іс-әрекеттің басты механизімінің бірі - инвестиция тиімділігі болып табылады. Инвестиция тиімділігі - кәсіпорын экономиканың тиімділігін реттеу құралдарының басты комплексі болып табылады. Олар мемлекеттік бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан құрылады.

Ал Қазақстан Республикасындағы экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде инвестициялық саясат басым сипатқа ие. Елімізде шетелдік инвестицияларды тартуға бағдарлану негізгі бағытқа айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық ахуал туғызуды талап етті. Қазақстанда ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуды жандандыру үшін институттық және нормативтік-құқықтық алғышарттар жасалды. Мәселен, мамандандырылған өкілетті орган және ҚР Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі пайда болды. Инвестициялар туралы заңдар қабылданды, инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы, қосарланған салық салуды болдырмау туралы бірқатар үкіметаралық келісімдер жасалды.

Бүгінгі таңда Қазақстанның постиндустриялық тұрпаттағы әлемдік экономикаға кіріге бастауына мүмкіндік бар. Бірақ ІТ-индустрияны дамытумен қатар әлемнің түрлі елдеріндегі неғұрлым көп пайда әкелетін компанияларға қаржылық қатысуға негізделген экономиканы дамыту есебінен жүзеге асырылуы керек. Соңғысын «инновациялық тұрпаттағы инвестор елдің тұжырымдамасы» деуге болады. Аталған тұжырымдамада Қазақстан экономикасының дамуы шикізат секторынан қозғау алады, бұл оның қазіргі нақты жағдайына сай келеді. Сонымен бірге белгілі бір дәрежеде мемлекеттің бақылауында болуға тиісті шикізаттық салалардан алынған қаржыны тиімді және жоғары пайдамен инвестициялаудың жәрдемі арқылы қол жеткізу көзделінеді. Бұлайша инвестициялауды мемлекеттік инвестициялық институттар жүйесін іске асыру керек.

Бұл курстық жұмыстың мақсаты - кәсіпорынның инвестициялық қызметінің еліміздің экономикасы дамуындағы функциялар мен жүргізетін операцияларын, ол қандай саясатты, құралдарды, шараларды қолдану арқылы өз қызметін атқаратынын зерттеп, алдағы жылдардағы бағыттарын болжап, соңғы жылдардағы негізгі көрсеткіштерге анализ беру. Мақсатпен байланысты осы жұмыстың орындалуында келесі міндеттерін бөлуге болады:

  • инвестиция, инвестициялық қызмет, шетел инвестициялары, инвестор терминдеріне айқындылық беру;
  • кәсіпорынның инвестициялық қызметінің мемлекетке әсерін қарастыру, кәсіпорынның инвестициялық қызметін мемлекеттік реттеу;
  • ҚР-ғы инвестициялық климатқа әсер етуші факторларды талқылау;
  • шетел инвестициясын тарту мәселелерін қарастыру, талдау
  • ең алғаш рет ҚР-да инвестициялық саясаттың қалыптаса бастауы;
  • АҚ «Интергаз Орталық Азия» қызметінің инвестициялық саясатын бағалау
  • инвестициялық саясаттың қажеттілігі мен іске асыру кедергілері жайында көптеген мәселелер талқыланатын болады.

Сонымен еліміздегі инвестициялық саясат маңызды роль атқарады. Біз ТМД елдерінің ішінде бірінші болып шетел инвесторларын тартудамыз. Бұл саясат ел экономикасын көтеруге, кәсіпкерлік қызметті дамытуға, мемлекеттер арасындағы достастықты нығайтуға, экспорттық мүмкіндіктерді жоғарлатуға, кәсіпорындардың бәсекеге төтеп бере алуына өз әсерін тигізеді.

I. КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ

1. 1. Инвестиция түсінігі және оның түрлері

Инвестиция (латын. investire - салым, салым жасау) - табыс алу, меншік капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат. Инвестицияның қаржыдан күрделі айырмашылығы бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық құндылықтарға ғана салынбай, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық және әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады.

Кең танымал «Экономикс» кітабының авторлары инвестицияны өте кең түсінеді. Олардың инвестиция анықтамасы - «өндіріс шығындары және өндіріс қаражаттарын жинақтау және материалдық қордың жоғарлауы», яғни өндірістің барлық шығындары мен жинақтары.

Батыс елдерінің экономикалық теория мектептері инвестициялық процесін былай түсінген: кез келген қаржыны жұмсаудың мақсаты табыс, пайда немесе пайдалылық табу. Бұған акция, облигация, жинақ сертификаттары, сақтық және зейнеткерлік қорға және басқаларға жұмсалған шығындар жатады. Инвестиция қайнар көзіне кәсіпорынның көптеген пайдасы, ірі банктердің еркін ақшалай қоры, тұрғындардың жинаған ақшалары, мемлекеттік ақшалай қаржылары, яғни мемлекттік табыстары (салық, кеден салығы және т. б. ) жатады. Одан барлық шығындар алынып тасталады. Тұтынуға кеткен барлық ресурстар - жинақталған ресурстар болады. Олар инвестиция ретінде жаңа кәсіпорынды салуға, жол құрылысына, денсаулық сақтау, оқу-ағарту, мәдени объектілеріне бағытталады, яғни капиталдық қорлануына жұмсалады.

Инвестиция теориясын ағылшын экономисті Дж. Кейнс өзінің «Еңбекпен қамту, процент және ақшаның жалпы териясы» (1936ж) еңбегінде қарастырады, онда ол инвестицияны өндіріске жан бітіретін және тиімді сұранымның басты факторы ретінде анықтайды. Құнды қағаздардың қозғалысы (мемлекеттік облигацияларды сатып алу сату) инвестицияға тікелей қатынасы болмайды. Инвестиция жүргізу тікелей тауарлық нарықпен байланысты. Инвестициялардың игіліктер нарығына қысқа және ұзақ мерзімдегі әсері бірдей болмайды. Қысқа мерзімде жасалатын инвестициялардың нәтижесінде игіліктер нарығында тек сұраныс өседі. Ұсыныстың көлемі өзгермейді, өйткені салынып жатқан объектілерден өнім мен қызметтер түрінде қайтарылым болмайды. Ұзақ мерзімді инвестициялардың әсерімен сұраныс та, ұсыныс та өзгереді.

Инвестициялар дәрежесі қоғамның ұлттық табысының көлеміне елеулі әсер етеді, оның динамикасы ұлттық экономиканың көптеген макропропорцияларына әсер етеді. Көпшілік халықтың жинақтары, инвестициялардың көзі болып табылады. Бірақ осы адамдар нақты игіліктердің өсуімен байланысты капиталдың салымын жасамайды. Қызмет жасайтын әр түрлі фирмаларда инвестицияның көзі болады. Осы жағдайда жинақтаушы мен инвестор бір тұлға болады.

Инвестицияға анықтама берген кезде назарды тек инвестицияның мазмұнды сипатына ғана емес, оның мақсатты бағытталуын қарастыру қажет. Демек, инвестиция - жалпы ұлттық өнімнің өндірісіне жұмсалатын табыстардың маңызды бөлігі және өндірістің кеңеюі мен жаңаруының шығындарын көрсетеді, яғни капитал құрылуымен, ақша капиталына қарағанда жеке капиталдың кеңеюімен байланысты.

Инвестициялар - кәсіпкерлік қызметтің және нәтижелі пайда құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілі жұмсалған мүліктік және интелектік құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдік экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.

Инвестициялар нақты және қаржы инвестициялары болып бөлінеді. Нақты инвестициялар капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құралға жұмсалымы. Қаржы инвестициялары - мемлекеттен, кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.

Бірінші жағдайда, инвестор, өзінің өндірістік капиталының көлеміне - өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларын ұлғайтады. Екінші жағдайда, инвестор бағалы қағаздардан дивиденд алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады.

Сонымен қатар инвестициялар тікелей және жанама болып бөлінеді. ҚР-ғы «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қорғау» Заңы бойынша тікелей инвестициялар - республиканың тәуелсіздік кепілдігіне байланысты және арнайы техникалық көмек пен грантқа арналған инвестициялардан басқа барлық инвестиция түрлері. Жанама инвестициялар - қоржындағы инвестициялар, басқаша айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік бағалы заттар. Инвестициялық қоржынға кіретін бағалы қағаздар олардың атқарымдық мақсатына қарай ірі банкілердің инвестициялар қоржыныда жетекші ролге ие болып отырған меншіктік инвестицияларға және қайталама өтімді резервтер дейтін, яғни өтімді активтерге ең алдымен мемлекеттік міндеттемелерге бөлінеді.

Инвестицияның негізгі түрлері:

  • Мемлекеттік басқару ұйымдарының талаптарын орындауға бағытталған инвестициялар. Бұл инвестициялар кәсіпорындардың, мемлекеттік ұйымдардың экологиялық стандарттар, өнімнің қауіпсіздігі жағдайында қолданылады;
  • Венчурлық инвестициялар - тәуекелдік деңгеймен байланысты

Кәсіпорынның өндірістік - шаруашылық іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі өзінің өндірістік экономикалық потенциялын сақтау және әрі қарай дамыту. Кәсіпорынның бұл саладағы іс-әрекеті инвестициялық іс-әрекет деп аталады. ҚР-ның нақты инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы заңы бойынша инвестициялық іс-әрекетке инвестицияларды атқаруға байланысты кәсіпкерлік іс-әректі жатады.

Инвестициялық іс-әрекеттердің субъектілеріне инвесторлар, тапсырыс берушілер, жұмысты орындаушылар, инвестициялық іс-әрекеттің объектілерін қолданушылар, сонымен бірге жеткізушілер, заңды тұлғалар және басқа да инвестициялық процестің қатысушылары жатады. Тапсырыс берушілерге инвесторлар және басқа да инвестициялық жобаны іске асырушы жеке және заңды тұлғалар жатады.

Жоспарланған, іске асырылған инвестициялар инвестициялық жобалар үлгісін қабылдайды. Инвестициялық жоба капиталдарды ұлғайту мақсатымен экономиканың әр түрлі салалары мен сфераларына құюға бағытталған - жоспарланған және орындалатын шаралар жиынтығы.

Инвестициялық жобаларды құру және іске асыру мынандай кезеңдерден тұрады:

  1. инвестициялық ұғымды қалыптастыру;
  2. инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеу;
  3. жобаны техникалық экономикалық негіздеу;
  4. жер көлемін алу немесе жалға алу;
  5. келісім құжаттарын дайындау;
  6. құрылыс - біріктіру жұмыстарын жүргізіп іске беру;
  7. объектіні қолдану, экономикалық көрсеткіштердің мониторингі.

Инвестицияның тағы бір түрі қаржы инвестициялары, яғни кәсіпорындардың бағалы қағаздарды алуға кеткен шығындары, кәсіпорындағы үлестік қатысулар, басқа да борыштық міндеттемелер, нарық экономикасындағы есептің аса маңызды объектісі болып табылады.

Әрбір фирманың іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі инвестициялық операциялар болып табылады, яғни жобаларды іске асырудағы жіберілген ақша қаражаттары жайлы операция.

Коммерциялық тәжірибеде мұндай инвестицияның түрлері:

- табиғи активтерге инвестициялар;

- ақша активтеріне инвестициялар;

- материалдық емес активтерге инвестициялар қарастырылады.

Табиғи активтерге - өндірістік ғимараттар мен құрылымдар, қызмет ету уақыты бір жылдан асатын әр түрлі машиналар мен жабдықтар және өндіріс процесінде қолданылатын басқа да мүліктер жатады.

Ақша активтеріне - басқа да жеке және заңды тұлғалардан ақша қаражатын алуға болатын құқық жатады. Мысалы, банкіде - депозиттер, облигациялар, акциялар, несиелер, қарыздар, кепілдер.

Материалдық емес активтерге - фирмалардың жұмысшыларын қайта жеке оқыту және біліктіліктерін жоғарлату арқылы, сауда белгілерін жасау, патенттер мен лицензия алу, өнімге сертификат алу, жерді қолдануға құқық алу арқылы алынған құндылықтар жатады.

Нақты активтерге байланысты инвестициялар мынандай топтарға бөлінеді:

  • Тиімділікті арттыруға бағытталған инвестициялар. Олардың негізгі мақсаты жабдықтарды ауыстыру, персоналды оқыту және өндіріс қуаттарын, өндірістің тиімді жағдайы бар аймақтарға қарай ауыстыру арқылы фирманың шығындарын азайтуға жағдай жасау;
  • Өндірісті кеңейтуге бағытталған инвестициялар. Негізгі мақсаты - өндіріс орындарының нарыққа тауар шығару қабілеттілігін кеңейту;

Жаңа өндіріс орындарын ашуға бағытталған инвестициялар. Жаңа өнімдер, тауарлар шығара алатын жаңа кәсіпорындар салуға бағытталған.

1. 2. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты

Кәсіпорындардың инвестициялық саясаты олар таңдаған инвестициялық стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Инвестициялық стратегия кәсіпорындардың инвестициялық қызметінің ұзақ мерзімді мақсаттар жүйесін тұлғалайды.

Инвестициялық саясатты жүзеге асыру барысында мақсатқа сай келесі белгілерді сақтау керек:

  1. Жоғары- экономикалық, ғылыми- техникалық, экологиялық және әлеуметтік тиімділікке жету;
  2. Салынған капиталдан кәсіпорындар қолайлы табыс табуы керек;
  3. Қаржылық ресурстарды оңтайлы пайдалану;
  4. Инвестициялар тиімділігін жоғарлату үшін мемлекет араласуын қолдау;
  5. Шетел инвестицияларынан несие жеңілдіктерін алу;
  6. Инвестициялық тәуекелділікті азайту.

Коммерциялық тәуеклділіктің әсер етуі жобалау табысының өзгеруі және сәйкес тиімділіктің төмендеуі. Мұндай тәуекелдер тапсырыс берушілер арқылы азайтылу мүмкін. Қаржылық қордың құрылуын, коммерциялық сақтандыруды және инвестициялық қоржындардың әртараптандырылуы. Коммерциялық емес тәуеклділіктен қорғауды Қазақстан Республикасының үкіметімент қадағаланады.

Жалпы инвестициялық саясаттың мәні өте зор. Мұндай саясатты қалыптастыру қалдықсыз технологияларды кеңінен ендіре отырып, елдің табиғи байлықтарын тиімді игеру мүдделеріне де негізделеді. Бұл, республиканың экспорттық әлуетін арттыру - шетелдерге барлық жағынан әлемдік стандарттарға сәйкес келетін дайын өнім шығруға мүмкіндік беруі қажет

Қазақстан Республикасындағы экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде инвестициялық саясат басым сипатқа ие болды. Шетелдік инвестицияларды тартуға бағдарлану негізгі бағытқа айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық ахуал туғызуды талап етті. Қазақстанда ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуды жандандыру үшін институттық және нормативтік-құқықтық алғышарттар жасалды. Мәселен, мамандандырылған өкілетті орган және ҚР Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі пайда болды. Инвестициялар туралы заңдар қабылданды, инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы, қосарланған салық салуды болдырмау туралы бірқатар үкіметаралық келісімдер жасалды.

1997 жылы-ақ инвестициялар тартатын басым секторлар тізімі бекітілген болатын. Бұл өңдеу өнеркәсібі, жаңа ел орданың нысандары, әлеуметтік сала мен туризм, ауыл шаруашылығы.

Қазіргі сәтте жан басына шаққандағы игерілген тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің арасында көшбасшы екендігі сөзсіз. Қазақстанға бірінші болып инвестициялық деңгейдегі несие рейтингі берілген.

Инвестициялық тартымдықтың жоғары көрсеткішіне біз шетелдіктерге минералдық ресурстарды, соның ішінде мұнай - газ саласындағы ресурстарды игеруіне жол ашуымыз арқылы мүмкін болды. Қаржы-қаражаттың жетімсіздігі, негізгі қорлардың тозуы жағдайында Қазақстанның өзі орасан кен орындарын толық мәнінде игере алмады.

Алғашқы кезде шетелдік инвестицияларды тарту мәселесі Батыстың іскер әлемінде экономикалық әріптес ретіндегі Қазақстанның болашақтылығы мен сенімділігі туралы түсінігінің болмауынан күрделі күйде тұрды. 1993 жылы «Шеврон»корпорациясының келуі және онымен бірегей Теңіз кен орны бойынша келісім жасалуы басқа трансұлттық корпорациялар үшін өзіндік белгі болды.

Инвестициялардың мұнай-газ саласына белсене келуі осыдан басталды. Бүгінде Қазақстанда әлемнің аса ірі мұнай компанияларының бәрі жұмыс істейді. Олардың Қазақстандық нарықта болуы елдің жоғары инвестициялық тартымдылығы секілді инвестициялардың мүдделері мен құқықтарын қорғау саласындағы заңнамалардың тұрақтылығын да қуаттайды.

Ал инвестициялық саясаттың қажеттілігі жайында айтсақ, біріншіден инвестициялық саясатты жүргізу не үшін қажет, ол бізге тиімді ме деген сұрақтар туындайды. Әрине қажет, себебі:

  • Кәсіпкерлік қызметті дамытуға;
  • Елдің экономикалық және экологиялық қауіпсіздігін сақтау және нығайту;
  • Мемлекеттер арасындағы достастықты нығайту үшін;
  • Кәсіпорындар құру негізінде екі жақтың интелектуалдық потенциалын өзара байыту үшін;
  • Экспорттық мүмкіндіктерін жоғарлату үшін;
  • Ғылымды көп керек ететін салаларды басыңқы дамыту үшін;
  • Импортты алмастыру өндірісін дамыту үшін.

1. 3. ҚР-ғы инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар

Кез келген мемлекетке шетел инвестицияларының келуі және олардың тиімділігі инвестициялық жағдайдың қолайлығымен түсіндіріледі.

Жалпы еліміздің бизнес - климатын талдау барысында күрделі қаржы бөлудің барлық параметрлерін балмен бағалайды, содан кейін жалпы қорытындыға келеді. Қорытындысында инвестициялық тәуекел көрсеткішін немесе елдің инвестициялауға сенімділік көрсеткіші арқылы инвестициялық климатты сандық жағынан өлшеу мүмкін болады. Бұл көрсеткіш инвестордың тәуекелі мен шығынын, сондай-ақ шетелдік капиталды тартуға тұтынушы елдің шығынын білдіреді.

Елде инвестициялық климат нашар болған сайын күрделі қаржыны тарту шығыны жоғары болады. Демек, инвестициялық климаттың жағдайы дерексіз түсінік емес, керісінше өзінің материалдық көлемін білдіреді. Айта кететін жайт, бүгінде шетелдік компаниялар өздерінің салалық, өндірістік кешенін қосымша жетілдіріп ұлғайту үшін шетелдерде қызмет атқарып жатқан кәсіпорындарға күрделі қаржы енгізу арқылы жүргізіп жатыр. Сондықтан инвестициялық климатты бағалауға республика салаларының жағдайына ғана емес, экономикадағы құрылымдық өзгерістер, мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процесі, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды игеріп алу мүмкіндігі де әсер етеді. Шетелдік инвестицияны тартуға өте үлкен әсер ететін себеп ол-ұлттық экономиканың даму деңгейі болып саналады. Мемлекетке қолайлы инвестициялық климат жасау - бұл әртүрлі шаралардың кешені:

1. мемлекет нарығының әлеуетті сипаттамасы;

2. табиғи және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі;

3. экономикалық реформалардың жағдайы мен оның жүзеге асырылуы;

4. инвестициялық қызметке арналған заң шығарушы базасы;

5. нарықтық инфрақұрылым мен валюталық нарықтың дамуы;

6. банктік жүйенің тұрақтылығы;

7. саяси климаттың тұрақтылығы мен бағыттылығы.

1-кесте

Қазақстандағы инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар

Негізгі әсер(0-ден 7-ге дейін)
әсер ету белгісі.
:

1. Бюрократия.

2. Елдегі қаржы-салық режимі.

3. Құқықтық инфрақұрылым.

4. Қаржы нарығы.

5. Бөлу арнасының жетіспеушілігі.

6. Саяси тұрақсыздық.

7. Айырбастау бағамын реттеу.

8. Заң шығару тұрақсыздығы.

9. Бұқаралық ақпарт құралдары.

10. Коррупция.

Негізгі әсер(0-ден 7-ге дейін):

6, 7

3, 6

3, 1

4, 6

1, 3

3

2, 8

3, 9

2, 9

6, 1

әсер ету белгісі.:

-

+

+

+

-

-

-

-

+

-

Шетелдің инвесторлар жоғарыда айтылған барлық көрсеткіштер бойынша зерттеп, жоспарлап, шешім қабылдайды.

Қазақстан өзінің табиғи байлығымен жақсы қамтамасыз етілген - шикізат және энергия. Қазақстан территориясы (2, 7млн. . км) ЕЭО (2, 3 млн. км) кіретін мемлекеттердің территориясынан үлкен. Сонымен қатар территорияның қолдануының қарқындылығы салыстырмалы түрде аз.

Отын-энергетика комплексі кен орнының потенциалды бағасы:көмір бойынша-685, 5 млрд., мұнай-222, 5 млрд. АҚШ доллар.

Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, біздің кең-байтақ жерімізде 7 триллион доллардың минереалдық шикізаты шоғырланған. Мұнай өндіруден 2015 жылға қарай 180 млн. тоннаға жетуді межелеп отырған елімізде қазір жыл сайын оның 50 млн. тоннасы өндірілуде. Яғни Қазақстан - ресурстарына бай, инвестиция салуға тұрақтылығы басты кепілдік бола алатын ел. Нақты деректерге арқа сүйесек, ҚР-ның ішкі қаржы ресурсы мен шетелдік капиталды қоса есептегенде негізгі капиталға түскен инвестиция мөлшері 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 19%-ке өсіп, 119 млрд. теңгеге жетті.

Инвестицияның жоғарғы қарқынмен дамуының жақсы экономикалық көрсеткіштердің халықтың әл-ауқатына тікелей әсері мол. Бұған дәлелді инвестициямен жан-жақты қамтылған батыс аймақтардан көптеп келтіруге болады. Мысалы, Маңғыстау облысындағы «Өзенмұнайгаз» кәсіпорны мен Өзен қаласы әкімшілігі арасында 2000-2004 жылдарға арналған екіжақты келісімшарт негізінде әлеуметтік инфрақұрылымды қаржыландыру көздері анықталып, іске асырылды. Осы келісім ауқымында балалар үйі және барлық спорттық ғимараттар жөндеуден өтіп, қала іргесіндегі Теңге ауылында жаңа мекетеп салынды.

Қазақстан Республикасына инвестиция салуға қызығушылыққа саяси тұрақтылық пен шикізаттың және табиғи ресурстардың байлығы себеп болып отыр. Шетелдік инвестицияларды мұнай өңдеу өнеркәсібінде пайдалануды талдау барысында, саланың тартымдылық деңгейі және жобалардың экономикалық перспективалары бойынша орташа разрядқа жататыны анықталды, сондықтан шетел инвесторлары осы бағытта инвестициялау шараларын жүргізуге сақтықпен қарайды. Мұнай өңдеу мекемелерінің шетелдік инвесторлары үшін перспективаларының жағымсыз болуы технологиялық қондырғының моральдық және физикалық тозуы, өндірілетін өнімнің төмен сапасы, экологиялық жағдайды нашарлатушы жоғалулар әсерімен түсіндіріледі. Қазақстан Республикасына инвестиция тарту келесі негізгі мемлекеттік инвестициялық принциптерін орындауға негізделуі қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестиция және оны қаржыландыру
Компанияның инвестициялық портфелін қалыптастыру негізі
ҚР-ғы инвестициялық саясаттың мәні мен қажеттілігі
Кәсіпорынның инвестициялық қызметін қаржыландыру
Аймақтардың инвестициялық тартымдылығы
Макроэкономикалық деңгейде оны жүзеге асырудың шешуші механизмі - басымды салалар дамуының мақсатты бағдарламалары
Үйренушілік шығындар принципі
Мемлекеттік мекемелердегі қаржы инвестициялары
ҚАРЖЫ ЖӘНЕ Инвестиция және олардың кәсіпорын қызметінің тиімділігін қамтамасыз етудегі ролі
Инвестициялық қызметтің ерекшеліктері мен формалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz