Қазақстанның көлдері мазмұны



КІРІСПЕ

.ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨЛДЕРІ

1.1. Көлдер туралы жалпы мағлұмат
1.2. Көлдің әртүрлі табиғат ресурсы

1.3. Каспий және Арал теңіздері туралы
.ТАРАУ. КӨЛ СУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ РЕСУРСТАРЫ

2.1. Көл суы және оның қасиеттері

2.2. Су және балық ресурсы
2.3. Көлдің қамыс және су ішіндегі өсетін өсімдіктер
ресурсы

ІІІ.ТАРАУ. РЕСПУБЛИКА КӨЛДЕРІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

3.1. Оңтүстік Қазақстан аумағының көлдері

3.2. Көл қазан шұңқырларының қалыптасуы

3.3. Көл қазан шұңқырларының типтері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


ҚОСЫМША
Қазақстанның кең-байтақ аумагында көлдер көп. Мұнда ірілі-ұсақты 48 мыңнан астам көл бар. Олардың ішінде Каспий теңізі, Арал теңізі және Балқаш, Зайсан, Алакөл сияқты ірі көлідерден басқа, көбі (94%) - көлемі 1 км2-ден кем шагын көлдер. Көлдердің барлығы демек - ағынсыз 1 тұйық көлдер. Олардың деңгейі ауық-ауық өзгеріп отырады. Көбінің суы тұзды, сондықтан тұнба тұзды болады, олардан тұз өндіріледі. Қазақстанда ауданы 100 км2-ден астам 21 көл бар. Олар республикадағы көлдердің бүкіл ауданының 60%-ын альш жатыр. Қазақстан көлдері аумақ бойынша біркелкі тарамаған. Климаттық жағдайларға байланысты көлдердің саны солтүстіктен оңтүстікке карай кемиді. Мысалы, Солтүстік Қазақстанда 21580 көл бар (еліміздегі көлдің 45%-ы). Ал Орталық және Оңтүстік Қазакстан аумағында 17550 көл (36%) кездеседі. Алып жатқан ауданы жағынан солтүстік көлдерінің үлесі бүкіл көлдердің 35%-ын, ал орталық және оңтүстік көлдерінің үлесі 10%-н кұрайды.
Көлдер табиғат зоналарының бәрінде де бар, бірақ жылу мен ылғал тепе-теңдігіне байланысты олардың орналасуы, саны және суының сапасы зоналыққа бағынады. Ылғалы мол аудандарда көл көбірек және суы тұщырақ болады. Құрғақ климатты аудандарда көлдер аз, су деңгейі төмен әрі ағынсыз, көбісі тартылып қалады және тұзды. Мысалы, орманды дала зонасында ауданы 1 км2-ден астам 740 көл бар, олардың ішінде тұщы көлдер тұзды көлдерден 6 есе көп. Оңтүстікке қарай тұщы көлдер азайып, тұзды көлдер көбейе түседі. Дала зонасының сондай 1875 көлінің тұщылары тұзды көлдерден 4 есе, шөлейт зонасының 216 көлінің тұщылары 1,3 есе көп болады. Шөл зонасының 142 көлінің деңі тұзды келеді.
Жазықтағы көлдердің көпшілігі теңіз деңгейінен 100-350 м биіктіктегі неоген және антропоген шөгінді жыныстарының үстінде орналасқан. Көлдердің орналасуында байқалатын тағы бір ерекшелік - олардың топ-топ болып шоғырлануы, Каспий маңы ойпаты, Тұран ойпаты және Батыс Сібір жазықтарында, сондай-ак, аласа таулы Сарыарқада және оңтүстік-шығыс таулы аймақтарда да көп. Қазақстан көлдерінің тағы бір ерекшелігі - жасының әр түрлі болуы. Көлдер әр кезенде пайда болған. Орманды дала, дала зоналарының көлдері біртіндеп шөгінді жыныстарға толып, оларда өсімдіктер қаптап өсуде. Шөлейт, шөл зоналарының көлдері тұз тез байланатын көлдерге айналады. Мұнан әрі ол көлдер сорға айналады. Сөйтіп, олардың көпшілігі жойылудың әр түрлі дәрежесіне жеткен. Қазақстанның биік таулы аймақтары көлдерінің шығу тегі жас көлдерге жатады. Олардың өздері де біркелкі таралмаған, негізінен, 1400-2800 м биіктік аралығында орналасқан. Олардың саны жоғары және төмен қарай кеми түседі. 1400 м-ден төменде су эрозиясының қарқынды болуы көлдердің пайда болуына мүмкіндік бермейді.
Көлдердегі су деңгейі судың кірісі мен шығысының ара қатынасына байланысты. Оларда су балансы жыл ішінде айтарлықтай өзгеріп тұратындықтан, деңгейі жиі ауытқуға ұшырайды. Қазақстан көлдері көпшілігінің деңгейі көктемгі қар еріген кезде көтеріледі.
1. Омаров Т. «Қазақстан көлдері» Алматы 1987, 3-25 беттер
2. Т.Байболат, Р.Н.Кенжебаева «География» Шымкент 2005, 24-28 беттер.
3. Ә.С.Бейсенова «Қазақстанның географиялық атласы» Алматы 2005,3-20 беттер.
4. М.К.Нұрмағанбетов «Жер судың аты,тарихтің хаты» Алматы 2003,5-15 беттер.
5. «География және табиғат» 2006,№6
6. Н.М. Жақанбаева «География» Алматы 2007,114-116 беттер
7. Ә.С. Бейсенова «Экология» Алматы 2000, 154-166 беттер
8. Ғ.С. Гарапова, Н.М. Жақанбаева «Гоеграфия» Алматы 2007,114-116 беттер
9. «Қазақстан Ұлттық энциклодедиясы» Алматы 2005, 3 том
10. «Қазақ Совет энциклодедиясцы» Алматы 1975, 2 том
11. Атамекен газеті, Алматы 2005, №88
12. Н.В. Нелина «Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары» Алматы 2004,104-110 беттер
13. «Энциклопедия для детей» Алматы 1997,3-5 беттер
14. Егеменді Қазақстан 2005-2006,№1235 11.05.24.№4377 12.06.28
15. М.К.Нұрмағанбетов «Жер судың аты,тарихтің хаты» Алматы 2003,5-15 беттер.
16. Шымкент келбеті газеті Шымкент 2007, №82
17. Атамекен газеті, Алматы 2005, №88
18. Шымкент келбеті газеті Шымкент 2007, №82
19. Интернет. Ak orda.kz. сайты
20. А. Басшов «Экология және таза су проблемасы» Алматы 2003,12-25 беттер

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы:Қазақстанның көлдері
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..
..5-6

(-тарау. Қазақстанның көлдері

1.1. Көлдер туралы жалпы мағлұмат
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

1.2. Көлдің әртүрлі табиғат ресурсы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8-10

1.3. Каспий және Арал теңіздері туралы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10-11

((-тарау. Көл суы және оның ресурстары

2.1. Көл суы және оның қасиеттері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

2.2. Су және балық ресурсы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12-13

3. Көлдің қамыс және су ішіндегі өсетін өсімдіктер
ресурсы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... 13-14

ІІІ-тарау. Республика көлдерінің экологиялық жағдайы

3.1. Оңтүстік Қазақстан аумағының көлдері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15-16

3.2. Көл қазан шұңқырларының қалыптасуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17-18

3.3. Көл қазан шұңқырларының типтері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 18-20

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ...
.21-22

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

Қосымша
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ...24-29

Кіріспе

Қазақстанның кең-байтақ аумагында көлдер көп. Мұнда ірілі-ұсақты 48
мыңнан астам көл бар. Олардың ішінде Каспий теңізі, Арал теңізі және
Балқаш, Зайсан, Алакөл сияқты ірі көлідерден басқа, көбі (94%) - көлемі 1
км2-ден кем шагын көлдер. Көлдердің барлығы демек - ағынсыз 1 тұйық көлдер.
Олардың деңгейі ауық-ауық өзгеріп отырады. Көбінің суы тұзды, сондықтан
тұнба тұзды болады, олардан тұз өндіріледі. Қазақстанда ауданы 100 км2-ден
астам 21 көл бар. Олар республикадағы көлдердің бүкіл ауданының 60%-ын альш
жатыр. Қазақстан көлдері аумақ бойынша біркелкі тарамаған. Климаттық
жағдайларға байланысты көлдердің саны солтүстіктен оңтүстікке карай кемиді.
Мысалы, Солтүстік Қазақстанда 21580 көл бар (еліміздегі көлдің 45%-ы). Ал
Орталық және Оңтүстік Қазакстан аумағында 17550 көл (36%) кездеседі. Алып
жатқан ауданы жағынан солтүстік көлдерінің үлесі бүкіл көлдердің 35%-ын, ал
орталық және оңтүстік көлдерінің үлесі 10%-н кұрайды.
Көлдер табиғат зоналарының бәрінде де бар, бірақ жылу мен ылғал тепе-
теңдігіне байланысты олардың орналасуы, саны және суының сапасы зоналыққа
бағынады. Ылғалы мол аудандарда көл көбірек және суы тұщырақ болады.
Құрғақ климатты аудандарда көлдер аз, су деңгейі төмен әрі ағынсыз, көбісі
тартылып қалады және тұзды. Мысалы, орманды дала зонасында ауданы 1 км2-ден
астам 740 көл бар, олардың ішінде тұщы көлдер тұзды көлдерден 6 есе көп.
Оңтүстікке қарай тұщы көлдер азайып, тұзды көлдер көбейе түседі. Дала
зонасының сондай 1875 көлінің тұщылары тұзды көлдерден 4 есе, шөлейт
зонасының 216 көлінің тұщылары 1,3 есе көп болады. Шөл зонасының 142
көлінің деңі тұзды келеді.
Жазықтағы көлдердің көпшілігі теңіз деңгейінен 100-350 м биіктіктегі
неоген және антропоген шөгінді жыныстарының үстінде орналасқан. Көлдердің
орналасуында байқалатын тағы бір ерекшелік - олардың топ-топ болып
шоғырлануы, Каспий маңы ойпаты, Тұран ойпаты және Батыс Сібір жазықтарында,
сондай-ак, аласа таулы Сарыарқада және оңтүстік-шығыс таулы аймақтарда да
көп. Қазақстан көлдерінің тағы бір ерекшелігі - жасының әр түрлі болуы.
Көлдер әр кезенде пайда болған. Орманды дала, дала зоналарының көлдері
біртіндеп шөгінді жыныстарға толып, оларда өсімдіктер қаптап өсуде. Шөлейт,
шөл зоналарының көлдері тұз тез байланатын көлдерге айналады. Мұнан әрі ол
көлдер сорға айналады. Сөйтіп, олардың көпшілігі жойылудың әр түрлі
дәрежесіне жеткен. Қазақстанның биік таулы аймақтары көлдерінің шығу тегі
жас көлдерге жатады. Олардың өздері де біркелкі таралмаған, негізінен, 1400-
2800 м биіктік аралығында орналасқан. Олардың саны жоғары және төмен қарай
кеми түседі. 1400 м-ден төменде су эрозиясының қарқынды болуы көлдердің
пайда болуына мүмкіндік бермейді.
Көлдердегі су деңгейі судың кірісі мен шығысының ара қатынасына
байланысты. Оларда су балансы жыл ішінде айтарлықтай өзгеріп тұратындықтан,
деңгейі жиі ауытқуға ұшырайды. Қазақстан көлдері көпшілігінің деңгейі
көктемгі қар еріген кезде көтеріледі. Жаз бойы олардың деңгейі баяу
төмендейді, бірақ нөсер жаңбырлар әсерінен аз уақытта қайта көтеріледі,
Кейде су деңгейінің шұғыл өзгеретіні соншалық, тіпті кейбір тайыз көлдер
мезгіл-мезгіл кеуіп қалады. XX ғасырда Қазақстанда ең аз сулы кезең 1936-
1940 жылдары болды. Сол жылдары Солтүстік Қазақстан көлдерінің 70%-ы құрғап
қалды.

І-тарау. Қазақстан көлдері

1.1. Көлдер туралы жалпы мағлұмат

Кең байтақ республикамыз көлдерге бай. Көлдер, әсіресе, Қазақстанның
солтүстік бөлігіндегі тұйық ойпандарда жиі орналасқан. Көлдер мол табиғи
ресурстарымыздың бірі болуымен қатар халық шаруашылығын шикізаттың кейбір
түрлерімен қамтамасыз етуде маңыды рол атқарады. Көл ресурстарына су, балық
түрлері, әр түрлі тұздар, құрылыс материалдары, қамыс, шымтезек, т.б.
табиғи байлықтар жатады. Сондай-ақ көлдерде құстар мен онда өсіруге,
аңшылық шаруашылығын, қорықтар, емдеу және демалыс оындарын ұйымдастыруға
болады.
Көлдің су балансы мен тұздылығын негізінен аймақтық жағдайларға
байланысты өзгеріп отырады. Солтүстіктен оңтүстікке қарай жердің
қуаңшылықты болып келуіне байланысты ағынсыз көлдердің үлес салмағы және
көл суының минералдығы да артады.
Қазақстан жерінде Каспий мен Арал теңіздерін, жасанды су қоймаларын,
шағын өзендер мен тоғандарды қоспағанда 48262 көл бар, олардың жалпы көлемі
45002 шаршы километр. Бұлардың 94 пайызы көлемі шағын, ал олар жалпы
көлдердің 10 пайызын ғана құрайды. Ірі көлдердің жалпы саны 3014, олардың
көлемі 40770 шаршы километр.
Республика облыстары бойына көлдердің орналасуының коэффиценті
0,0002-ден 4,8 аралығында, ал ландшафт бойынша: орманды дала аймақта 2,83,
дала-1,76, шөлейт – 0,65, шөл (Балқаш көлін қспағанда) -0,37 және таулы
аймақарда 1,13 коэффицент.
Көлдер бір жерлерде бір бірінен жүздеген километр қашықтықта, енді
бір жерлерде бір-біріне жақын орналасады. Ең ірі көлдер республикамыздың
оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс бөліктерінде ораналасқан. Олар Орталық
Қазақстандағы Балқаш пен Теңіз клдеі, Жоңғар қақпасындағы Алакөл мен
Сасықкөл, Алтайдағы марқакөл. Көлдер, әсіресе, орманды дала және дала
аймағының солтүстік бөлігінде, сонымен қатар ірі өзен алқаптарында, құмға
сіңіп жоғалып кететін тұйық өзен атырауларында жиі кездеседі.
Су айдындарының көпшілігі борпылдақ кайназой шөгінділері үстінде –
теңіз деңгейімен есептегенде 100 метрден 320 шаршы километрге дейін, ал
шөлейт және шөл аймақтарда олардың клемі анағұрлым қомақтырақ. Көлдердің
тереңдігі 2 метрден 8 метрге дейінгі аралықта ауытқып отырады, кей
жерлерде одан да терең болады. Атап айтқанда, Алакөлдің тереңдігі – 54
метр, Үлкен Шабақты – 37 м, Шортанды – 31 м, Марқакөл – 27 м, Балқаш – 26
м.
Қазақстанда 4 мыңнан аста бөгет пен бөген бар. Олардың жалпы ауданы
10 мың шаршы километрге жуық, бұлардағы тұщы су көлемі шамамен 90 текше
километрдей.

1.2. Көлдің әртүрлі табиғат ресурсы

Көлдер әр түрлі табиғат ресурстарына бай. Енді соларға қысқаша
тоқталайық.
Суы. Халық шаруашылығының қажетіне көбінесе көлемі бір шаршы
километрден жоғары, минералдылығы 3 гкг-нан аз және тереңдігі 2 метрлік
көлдер пайдаланылады. Осы көлдердің су деңгейінің жылдық орташа өзгеруі,
минералдануы аз болады. Көлдердің көп жылдық орташа қоры 13 миллиард текше
метрдей. Көктемде және жаз айларында көл суының жалпы көлемінен 1-5 %-ке,
яғни 300-700 миллион текше метрге дейін пайдалануға болады.
Балығы. Республикамыздағы көлдерде балықтың 35 түрі кездеседі,
олардың ішінде аулайтыны – сазан, көксерке, майбалық, ақ балық, алабұға,
табан балық. Балқаш, Алакөл, Билікөл, Қамыстыбас және Марқакөлден ауланатын
балық мөлшері 0,5-тен 40 кг-ға дейін. Осы көлдерден жыл сайын 6-7 мың
тонна балық ауланады. Ал көлдерді ұтымды пайдаланса, балық аулауды екі
есеге дейін артыруға болады.
Су өсімдіктері. Олар қағаз және ағаш өнеркәсібінде пайдаланылады. Көл
қамысы 500 мың гектар жерді алып жатыр, ол негізінен Балқаш, Алакөл
көлдерінің және Шу,Нұра, Сырдария өзендерінің жағалауларында өседі.
Есептеулерге қарағанда, 150 мың гектар жерден 1,5 млн. Тонна құрғақ
қамыс дайындауға болады. Олар қамысты ұтымды пайдаланып, химиялық жолмен
өндесе, 700 мың тонна ағартылған целлюлоза, 30 мың тонна мал азығы
ашытқысы, 300 мың тонна сульфатты спирт бордасын, 7,5 миллион декалитр этил
спиртін өндіруге болады екен. Сондай-ақ миллион текше метр ағаш үнемделеді
және жылына 5 миллион тонна мал азығын құнарландыруға болатын белок пен
витамин алынады.
Жануарлар әлемі. Қазақстан көлдері жағалауларындағы түлкі, ақ тышқан,
мысық, солонгая, қасқыр, борсық, қарсық, сасық күзен, жабайы шошқа, су
тышқаны және т.б. тіршілік етеді. Бұлардың ішінде ең көп тарағаны – ондатр.
1944-1964 жылдар аралығында республикада 24 млн. Ондатр терісін өндіру 20
есеге дейін кеміді, бұған ондатрды аулауды дұрыс ұйымдастыру,
браконьерліктің етек алуы елеулі әсер етуде. Бұл саланы ұтымды пайдаланған
жағдайда жыл сайын ондатр терісін өндіруді бірнеше есе арттыруға болады.
Су қоймалары. Қазақстан территорясында энергетикалық, ирригациялық
және өнеркәсіптік мақсатқа арналған көптеген су қоймалары бар.
Республикамыздың ең ірі су қоймасы - Бұқтырма су электр станциясы
салынуына байланысты пайда болады. Мұнда темір-бетон плотинаның биіктігі 90
м-ге жетеді. Бұқтырма су қоймасының ұзындығы өзен бойынан есептегенде 600
километр, ауданы 5500 шаршы километр. Зайсан көлін қоспағанда су көлемі
49,6 текше километр , енділеу бөлегі 35 километр, орташа тереңдігі 11 метр.
Бұқтырма су қоймасы 1966 жылы пайдалануға берілді. Су қоймасы екі бөліктен
– Ертіс өңірінің арнасы мен Зайсан көлінен тұрады. Су қоймасының шаруашылық
маңызы өте зор. Ол Павлодар, Семей областарының, жүздеген мың гектар
шабындықтарын суландырады. Су қоймасының пайдалануға берілуі нәтижесінде
су жолы 6 мың км-ге жетті. Бұқтырма су қоймасынан сазан, табан балық,
бекіре, т.б. ауланады.
Қазақстандағы Бұқтырма су қоймасынан кейінгі екінші ірі қойма –
Қапшағай су қоймасы. Ол Алматы, Талдықорған областары территориясындағы Іле
аңғарында салынған. Су 1970 жылдан қинала бастады. Ауданы 1850 шаршы км,
көлемі 28,14 текше метр, ұзындығы 180 км, ең ендірек бөлігі 22 км. Орташа
тереңдігі 15,2 метр, ең терең жері 45 метр. Су қоймасының деңгейі ағысқа
байланысты 4 метрге дейін ауытқып отырады. Қапшағай су қоймасының
энергетикалық және ирригациялық маңызы өте зор. Сонымен қатар ол – Алматы
қаласы тұрғындарының демлыс орны.
Қазақстан көлдерінің облыстар бойынша бөлінуі

Көлдердің саны
Облыстар Көлдердің Облыс Облыс
жалпы бойынша бойынша
көлемі, кмкөлемі 1973 процентке
ж 41 шаққанда
қаңтарға
дейін мың
км

Көлемі Көлемі Барлығы
1 км 1 км
аз көп
Ақтөбе 1521 227 1748 1211 299,8 0,40
Алматы 3943 49 9392 605 104,7 0,58
Гурьев облысы 1990 105 2095 814 111,6 0,73
Тараз 1133 38 1171 468 144,6 0,31
Жезқазған 615 34 649 288 113,0 0,09
Қарағанды 1164 97 1261 638 85,8 0,74
Қызылорда 2453 129 2582 1164 227,0 0,51
Көкшетау 1896 220 2116 3434 78,1 4,38
Қостанай 6455 689 7144 4024 114,5 3,51
Маңғышлақ 51 4 55 42 167,0 0,0002
Павлодар 2741 432 3464 2559 127,5 2,00
Солт.Қазақстан 2252 238 2490 1458 44,3 3,29
Семей 891 73 964 968 179,6 0,20
Талдықорған 1432 18 1450 1023 118,5 0,86
Торғай 2217 193 2410 1207 111,9 1,07
Орал 3176 84 3260 908 151,2 0,60
Целлиноград 3957 299 4256 2941 124,6 2,36
Шымкент 975 74 1049 502 116,3 0,43
Шығыс Қазақстан986 18 1004 528 97,3 0,54
Балқаш көлі - 1 1 18200 - -
Алакөл көлі - 1 1 2650 - -
Република
бойынша 45248 3014 48262 45032 2717,3 1,65

Су қоймасының суымен 450 мың гектар жер суарылып, онда күріш,
көкөніс, жеміс, жүзім және жемшөп өсіріледі. Республикамыздағы ірі жасанды
су айдындары қатарына Шардара су қоймасы да жатады. Ол Шымкент облысында
Сырдария өзенінің арнасына салынған. Ұзындығы 220 км. Су сыйымдылығы 8,4
силлиард текше метр. Шардара су қоймасының суымен 1,5 миллион гектар
егістік, 4 миллион г-дан астам жайылым суландырылады.
Қарағанды облысы Тельан ауданындағы Нұра өзенінің арнсында Теміртау
су қоймасы бар. Қойманың су сыйымдылығы 258 млн. Текше метр, бұның 51
текше метр суы Теміртау қаласының өнеркәсіптік, тұрмыстық қажеттеріне
жұмсалады.
Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі ірі жасанды су қоймаларының бірі –
Сергеев су қоймасы. Ол Солтүстік Қазақстан облысының Сергеев аданынан
өтетін Есіл аңғарына салынған. Ұзындығы 30км, ені 4,8 км, ең терең жері 32
м. Мұнда 85 миллион текше метр су жиналады. Осы суымен Сергеев қаласы,
аудан шаруашылықтары, өнеркәсіп орталықтары, елді мекенде қамтамасыз
етіледі.
Суармалы егіннің шығымдылығын арттыру мақсатында салынған жасанды су
айдындарының бірі – Бөген су қоймасы. Бөген су қоймасы Шымкент облысындағы
Арыс және Бөген өзендерінің суын тиімді пайдалану мақсатында 1960 жылы
салынады. Ұзындығы 10-12 км, ені 5 км, ауданы 63,5 шаршы км, пайдаланатын
суынын көлемі 370-440 миллион текше метр. Республикамыздағы ірі су
жүйелерінің бірі – Арыс-Түркістан каналы суды осы Бөген су қоймасынан
алады.
Қазақстан территориясында басқа да көптеген шағын бөгендер бар. Атап
айтқанда, Шығыс Қазақстан облысындағы Ақкөл, Теріс Ащыбұлақ бөгендері,
Гурьев облысындағы жемсау, Қамыскөл, Орал, Тайкеткен, Қостанай облысындағы
Шерубайнұра, Жезқазған облысындағы Кеңгір, төменгі Кеңгір; Орал облысындағы
Киров, Сарышығанақ, Алматы облысындағы Күрті, Қызылорда облысындағы Телес,
Шұқырай бөгендері.
Енді Қазақстанның батыс және оңтүстік батыс бөліктерінде дүние
жүзіндегі ірі ағынсыз тұзды көлдер – Каспий мен Арал теңіздеріне
тоқталайық.

1.3. Каспий және Арал теңіздері туралы

Арал теңізі - жер шарындағы құрылық ішіндегі ең ірі теңіздердің бірі
болған. Ауданы дүние жүзінде төртінші орын алған. Өзінің физикалық-
географиялық сипаты, гидрологиясы мен гидрохимиясы ерекшеліктері, оның
тіршілік әлемі жөнінен тек теңіздер мен көлдердің арасында ғана емес,
сонымен қатар жер шарының басқа алаптары арасында ерекше орын алған. Арал
теңізі заттардан бірнеше мыңдаған км алшақ жатқанына қарамастан нағыз
теңіздік сипатта болған. Арал теңізі Туран ойпатындағы аридтік, ауа климат
жағдайы аса құбылмалы, шұғыл континенттік климатты, судың булануы жылдық
жауын-шашыннан анағұрлым артық аймаққа орналасқан.
Арал теңізі деңгейінен 53 метр биікте жатыр. Ауданы 64,5 мың шаршы
км. Теңіздің ең ұзын жері 428 км, ені 235 км, алабы 690 мың шаршы км,
суының орташа көлемі 1000 текше км-ге жуық болатын. Арал теңізінің ойысы
жер қабатының майысудан пайда болып, суға толған. Теңіз түбінің рельефі
негізінен тегіс. Орташа тереңдігі 20-25 м. ең терең жері 67 м.
Морфологиялық құрылымы мен гидрологиялық режимдерінің кейбір
ерекшеліктеріне қарай Арал теңізі екі бөлікке бөлінеді. Оңтүстігі Көкарал
аралымен бөлінген, ауданы 6000 шаршы км, солтүстік шығыс бөлігі Кіші теңіз
деп аталады. Көкаралдан есептегенде Арал теңізінің оңтүстік бөлігі Үлкен
теңіз деп аталады. Сырдария мен Амудария өзендерінің Аралға құятын жылдық
су мөлшнрі 76 текше км-ден 42 текше км-ге дейін азайды. Бұл Арал деңгейінің
күрт төмендеуіне және теңіз ауданының 64,5 мың шаршы км-ден 51 мың шаршы км-
ге дейін кемуіне әкеп соқтырады.
Арал теңізінің ихтифаунасы бай. Мұнда бекіре, сазан, қияз, шабақ,
ақмарқа ауланады. Ал теңіздің солтүстігіндегі Барсакелмес аралыныда
мемлекеттік қорық ұйымдастырылған, онда, жануарлардың сирек кезедесетін
түрлері тіршілік етеді.
Каспий теңізі – жер шарындағы ең ірі тұзды көл. Ауданы 371 мың шаршы
км болған. Қазақстан территориясына солтүстігінің едәуір бөлігі және шығыс
жағалауының жартысы кіреді. Республика территориясындағы жағалау сызығының
ұзындығы 2340 км. Су деңгейі мұхит деңгеінен 28,5 м төменде жатыр. Ең терең
жері 1025 м.
Каспий теңізі өсімдік, жануарлар дүниесіне онша бай емес. Мұнда
өсімдіктердің 500, балық пен жануарлардың 854 түрі кездеседі. Өсімдіктері
негізінен көк, жасыл және диатомбы балдыр түрлері болып келеді. Каспий
теңізінде бекіре тұқымдас балықтар, майшабақ және моллюскалар тіршілік
етеді. Мұнда Арактика теңіздерінен, Жерорта теңізі алабынан қоныс аударған
жануарлар мен балықтардың 15 түрі мекендейді. Каспий теңізінен бекіре
тұқымдас балық ауланады. Сонымен қатар, майшабақ, табан балық, көксерке,
сазан, итбалық ауланады. Каспий теңізі сонымен қатар мұндай өндірілетін ірі
аудандардың бірі болып табылады. Натрий сульфаты, мирабилит және эпсомит
тұздары өндіріледі. Шевченко, Красноводск портты қалаларында теңіз суын
тұщытатын қуатты қондырғылар жұмыс істейді.

ІІ-тарау. Көл суы және оның ресурстары

2.1.Көл суы және оның қасиеттері

Су – ең көп тараған химиялық қосылыстардың бірі. Гидросфера түгелімен
судан тұрады, оны минералдық тау жыныстарының, өсімдіктер мен топырақ және
атмосфера құрамынан және адам мен жан-жануарлардың денесінен кездестіреіз.
Тірі және өлі табиғатта болып жататын түрлі процестер мен құбылыстарда
адамның күнделікті тұрмыс-тіршілігінде, өндірістік істерде судың мңызы
ерекше зор.
Шыныда да қандай бір шикізатты, айталық, отынды басқа нәрсемен
ауыстыруға болады, ал суды басқа затпен ауыстыруға болмайды.
Басқаны қойып, мысалыға адамды алайық, ол 70 жыл өмірінің ішінде 50
мың литрден артық су ішеді екен. Адам өз организміндегі су мөлешерінің
өзгеруін тез сезінеді. 1 немесе 1,5 литр су денеден буланып немесе тер
күйінде шықса, ол адам шөлдей бастайды. Денедегі судың 6-8 % азайса, адам
есінен айрылады. Ал организмдегі су 12 %-ке азайса адам өліп кетеді.
Жер шарының 70 %, яғни, 361 миллион шаршы км-ін су алып жатыр. Бұл
құрлықтың көлемінен он есе артық. Ал биік таулар мен Полярьдегі суық
жерлерде 24-25 миллион текше км-ден аса су қоры бар. Судың көптеген бөлігі
бу, тамшы, қар, мұз күйінде атмсферада кездеседі. Жер шарында гидросферада
болатын барық судың мөлшері ортаесеппен алғанда 1000000000 миллиард
тоннадан асады. Оның 97,57 % мұхиттарда, 2,14 % мұз күйінде болады. Ал
құрлықтағы су қорының үлесіне 0,29 % тиеді. Суының ең аз мөлшері – 0,0005
% атмосферада толық айналым жасау үшін 2 миллион жыл керек.
Судың халық шаруашылығындағы маңызы, оның ерекшеліктері тұрғысынан
қарасақ, көл суының маңызы зор. Қазақстан территориясында көлемі бір шаршы
км-ден жоғары 3014 көл бар. Осылардың бәрі халық байлығы, ырысы.

2.2.Су және балық ресурсы

Су ресурсы көлдің басқа ресурстарының қалыптасып, дамуына
негізжасайды. Ең алдымен су ресурсына қойылатын талап, ол тұщы болу керек.
Ауыз судың тұщылығы бір литрде бір грамм ғана тұз болуы қажет, ал шөл және
шөлейт аймақтарда бір жарым грамға дейін болады. Егер судың тұздылығы 3
грамға жетсе, оны мал суаруға және шабындық жерді ғана суландыру үшін
пайдалануға болады. Мысалы, Жасыбай көлінің тұздылығы бір грамнан сәл
көбірек, бірақ осы суда фтор микроэлементі нормадан жоғары.
Қазақстан көлдеріне жыл сайын 14-16 млрд. текше метр су жиналады, осы
судың біршамасы тұзды көлге құяды, олады шаруашылық қажетіне пайдалануға
жарамайды, ал қалған 60 % тұщы және ащылау. Демек, жиналған судың үштен бір
бөлігі пайдалануға жарамды. Соның өзінде бұл сулар түгел пайдаланылмайды,
өйткені кейбір көлдер жаз айларында құрғап, тұзға айналады, кейбіреулері
елді мекендерден алыс орналасқан.
Көлдердің саны солтүстіктен оңтүстікке қарай азаяды, бұлардың
ішінде құрғап кететіндері көп. Мысалы, ормандв дала аймағындағы көлдердің 2
%, ал далалық аймақта 22 %, ал шөл және шөлейт аймақта 44 % -і құрғап
кетеді.
Суы тартылмайтын көлдерің саны толық анықталмаған. Кейбір ғалымдардың
мәліметі бойынша, ондай көлдердің саны 2223, ал екіншілері 1300 деген пікір
айтады.
Ал шағын көлемді көлдердің құрғамайтындары Көкшетау және Қарқаралы
аудандарда және өзен жайылымында кездеседі, өйткені бұл көлдер терең әрі
жер асты сымен толығып отырады.
Көлдер суы аз пайдаланылады. Жер суландыру үшін бірнеше көлдер
ғанапайдаланылады, осы көлдер суымен 100 гектар жер суландырылады. Су
ресурстарын пайдалану комитетінің мәліметі бойынша, Қазақстан көлдерінің
72 %-н пайдалануға болады екен.
Көлдердің балық ресурсы. Қазақстандағы көлдерде әр түрлі балық өседі.
Республиканың солтүстігіндегі өзен, көлдерінде еліміздің европалық су
қоймаларында тірішілік ететін балық түрлері кездеседі. Мұндай балықтарға
алабұға, аққайран, нәлім, сазан, сылан, таймень, шортан, шоқыр, хариус,
шармай т.б. балықтарды жатқызуға болады. Оңтүстік Қазақстан суларында
жайын, табан, пілмай, қияз, көкбас, шормай тіршілік етсе, Орталық
Қазақстанның су қоймаларынан шабақ, қызылқанат, бахтах, шортан, ақбалық,
мөңке, т.б. балықтарды кездестіруге болады. Соның ішінде Каспийдің орны
ерекше. Каспий, Арал теңіздері, Балқаш көлі, Қапшағай су қоймасы, сондай-ақ
Тараз, Шымкент, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Орал, Ақтөбе, солтүстік
Қазақстан, Көкшетау, Қостанай, Қарағанды, Торғай, Қазалорда, Алматы
областарындағы өзен-көлдер балық шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосып
отыр. Соның ішінде Каспийдің алатын орны ерекше.

2.3.Көлдердің қамыс және су ішінде өсетін өсімдіктер ресурсы

Республикамыздың көлдерінде өсетін өсімдіктер дүниесі де әр алуан.
Соның ішінде қамыстың маңызы ерекше зор.
Қамыс – химия өндірісінің аса маңызды шикізаты. Химиялық өңдеуден
кейін қамыстан мыңдаған тонна целлюлоза, картон-қағаз, мал азағандақ ашытқы
шығарылады, ұн, фурфурол, қышқыл кислотасын, эфир майын, метил спиртін,
жасанды жібек, пластмасса, перстелген қамыс тақташалары, плиталар және т.б.
толып жатқан заттар жасалады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көлдер және бөгендер
Қазақстан көлдеріне жалпы сипаттама
Тектоникалық көлдер
Қазақстанның басты қалдық көлдері - Каспий мен Арал теңіздері
Үстірт учаскелері
Қазақстан көлдері жәнеТеңіз көлдері
Қазақстанның су қоймалары. Қазақстанның көлдеріне жалпы сипаттама
Оңтүстік Қазақыстаның физикалық географиясы пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Қазақстанның су қоймалары
Қазақстанның климаты, биологиялық сулары және рекриациялық аудандар
Пәндер