Сапа менеджмент жүйесі болашақ инженер-жүйетехниктерге компьютерлік қауіпсіздік туралы білім беруде



1. Техниканың дамуы
2. Сапа менеджменті жүйесі
3. Пәннің негізгі мазмұны
Қазіргі кезде өндіріс пен ұжымдардың басым көпшілігінде құжат айналымы электрондық формада жүреді және ұжымның ақпараты, осы ұжымның материалдық ресурстарынан қымбат тұрады. Экономикалық шығындармен қатар компьютерлік технологиялардың тұрмысқа енуінен, яғни Интернетке шығатын мобильдік телефон, интернет арқылы теледидар, кір жуғыш машина және т.б. басқару мүмкіндіктерінің қарапайым тұтынушыға берілуі, адамдарға зор көмекпен қатар денсаулықтарына, өмірлеріне үлкен қауіп төндіреді.
Техниканың дамуы қамтамасыз етіліп, жаңа ақпараттық технологиялардың өндірістік процесстерге ендіріліп, қоғам мүшелерінде жеке қажеттіліктері мен өндірістік қажеттіліктеріне сәйкес бүкіл әлемдік ақпарат кеңістігінде қауіпсіздендірілген ақпарат алмасу мүмкіндігі болғанда ғана Республикамыздың экономикалық дамуы іске асырылады.
Ақпарат қауіпсіздігінен хабардар мамандар барлық салаларға қажет. Сондықтан, жоғары оқу орынының түлектері, нарықтың жұмыс күшіне қоятын талаптарына сәйкес білім мен біліктілік алып шығу керек. Қазіргі кезде техниктер мен физиктер тек аппараттық жағын біледі, программистер - қолданбалы және жүйелі программалауды, математиктер теориялық алгоритмдеуді біледі. Компьютерлік қауіпсіздік мәселелері болашақ мамандардан математикадан да, программалау мен электроникадан да іргелі дайындықты талап етеді. Бұл әрине пәнаралық қатынас ретінде жүзеге асады.
Ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етуді информатика саласының мамандары іске асыру қажет. Инженер-жүйетехниктерінің ақпаратпен жұмыс жасау іс-әрекетін екі аспектіде қарастыруға болады. Біріншіден, инженер-жүйетехниктің ақпаратты басқарудың программалық қамтамасын қолдануы қажет болса, екіншіден инженер-жүйетехник ақпаратты басқарудың программалық қамтамасын жобалап, жасауы қажет. Осы екі аспект бойынша да болашақ инженер-жүйетехниктерге қалыптастырылатын дағды мен білімді беруде ақпарат қауіпсіздігі мен ақпаратты қорғау мәселелерінің, соның ішінде криптографиялық әдістерін оқыту мәселесін шешу жоғары оқу орнында жүйетехниктерді кәсіптік дайындаудың негізгі мәселелерінің бірі екенін көрсетеді. Ал, көптеген жоғары оқу орнында болашақ инженер-жүйетехниктерді дайындау барысында студенттерді мақсатты кәсіби бағдарлауға тиісті көңіл бөлінбейтіні анықталды.
Ақпарат қауіпсіздігі, компьютерлік қауіпсіздік туралы білім жабық болып, мұндай дайындықты бұрындары тек арнайы қорғаныс оқу орындарында оқытқан (ФСБ Академиясының техникалық факультеті сияқты).
Біздің Республикамызда болашақ инженер-жүйетехниктерін дайындау соңғы білім беру стандартына (2004 ж.) сәйкес «Ақпарат қауіпсіздігі» жеке пән ретінде енді. Енді жаңа пәнді оқыту мазмұнын ғылыми-әдістемелік негіздеп, криптографиялық әдістерді оқытуда білім берудің жеке тұлғаға бағытталған парадигмасына сәйкес жеке тұлғаның ынтасын, оның талаптарын, бейімділігі мен қабілеттілігін ескеріп, оқу объектісінің ерекшелігін ескеріп, сапа менеджмент жүйесіне сәйкес оқыту әдістемесін жасау үлкен педагогикалық мәселе болып табылады.
Ал, бұл қазіргі заманғы білім беруге қойылатын негізгі талаптардың бірі - білім алушылардың бейімділіктері мен жеке-тұлғалық ерекшеліктерін ескеру негізінде компьютерлік құралдарды қолдану арқылы оқытудың тиімділігін арттыруды талап етіп, жоғары оқу орынында болашақ жүйетехниктерге криптографиялық әдістерді оқытудың ғылыми негізделген әдістемесін жасауды қажет етеді.
1. Международный стандарт. ИСО 9000:2000 системы менеджмента качества. Основные положения и словарь. Рабочий экземпляр №45.
2. Международный стандарт. ИСО 9001:2000 системы менеджмента качества. Требования. Рабочий экземпляр №45.
3. Основные положения систем менеджмента качества организации по СТ РК ИСО серия 9000:2001. Документация системы менеджмента качества. Методическик материалы для повышения квалификации высшего руководства, руководителей структурных подразделений, преподавателей и сотрудников. –Караганда:КарГТУ, ЦСМКК,2005. – 46 с.
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жоғары кәсіптік білім. Мамандығы 050704 – Есептеу техникасы және программалық қамтама. ҚРМЖМБС 3.08.079 – 2004. Астана, 2004.

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
сапа менеджмент жүйесі болашақ инженер-жүйетехниктерге
компьютерлік қауіпсіздік туралы білім беруде

Қазіргі кезде өндіріс пен ұжымдардың басым көпшілігінде құжат айналымы
электрондық формада жүреді және ұжымның ақпараты, осы ұжымның материалдық
ресурстарынан қымбат тұрады. Экономикалық шығындармен қатар компьютерлік
технологиялардың тұрмысқа енуінен, яғни Интернетке шығатын мобильдік
телефон, интернет арқылы теледидар, кір жуғыш машина және т.б. басқару
мүмкіндіктерінің қарапайым тұтынушыға берілуі, адамдарға зор көмекпен қатар
денсаулықтарына, өмірлеріне үлкен қауіп төндіреді.
Техниканың дамуы қамтамасыз етіліп, жаңа ақпараттық технологиялардың
өндірістік процесстерге ендіріліп, қоғам мүшелерінде жеке қажеттіліктері
мен өндірістік қажеттіліктеріне сәйкес бүкіл әлемдік ақпарат кеңістігінде
қауіпсіздендірілген ақпарат алмасу мүмкіндігі болғанда ғана
Республикамыздың экономикалық дамуы іске асырылады.
Ақпарат қауіпсіздігінен хабардар мамандар барлық салаларға қажет.
Сондықтан, жоғары оқу орынының түлектері, нарықтың жұмыс күшіне қоятын
талаптарына сәйкес білім мен біліктілік алып шығу керек. Қазіргі кезде
техниктер мен физиктер тек аппараттық жағын біледі, программистер -
қолданбалы және жүйелі программалауды, математиктер теориялық алгоритмдеуді
біледі. Компьютерлік қауіпсіздік мәселелері болашақ мамандардан
математикадан да, программалау мен электроникадан да іргелі дайындықты
талап етеді. Бұл әрине пәнаралық қатынас ретінде жүзеге асады.
Ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етуді информатика саласының мамандары
іске асыру қажет. Инженер-жүйетехниктерінің ақпаратпен жұмыс жасау іс-
әрекетін екі аспектіде қарастыруға болады. Біріншіден, инженер-
жүйетехниктің ақпаратты басқарудың программалық қамтамасын қолдануы қажет
болса, екіншіден инженер-жүйетехник ақпаратты басқарудың программалық
қамтамасын жобалап, жасауы қажет. Осы екі аспект бойынша да болашақ инженер-
жүйетехниктерге қалыптастырылатын дағды мен білімді беруде ақпарат
қауіпсіздігі мен ақпаратты қорғау мәселелерінің, соның ішінде
криптографиялық әдістерін оқыту мәселесін шешу жоғары оқу орнында
жүйетехниктерді кәсіптік дайындаудың негізгі мәселелерінің бірі екенін
көрсетеді. Ал, көптеген жоғары оқу орнында болашақ инженер-жүйетехниктерді
дайындау барысында студенттерді мақсатты кәсіби бағдарлауға тиісті көңіл
бөлінбейтіні анықталды.
Ақпарат қауіпсіздігі, компьютерлік қауіпсіздік туралы білім жабық
болып, мұндай дайындықты бұрындары тек арнайы қорғаныс оқу орындарында
оқытқан (ФСБ Академиясының техникалық факультеті сияқты).
Біздің Республикамызда болашақ инженер-жүйетехниктерін дайындау соңғы
білім беру стандартына (2004 ж.) сәйкес Ақпарат қауіпсіздігі жеке пән
ретінде енді. Енді жаңа пәнді оқыту мазмұнын ғылыми-әдістемелік негіздеп,
криптографиялық әдістерді оқытуда білім берудің жеке тұлғаға бағытталған
парадигмасына сәйкес жеке тұлғаның ынтасын, оның талаптарын, бейімділігі
мен қабілеттілігін ескеріп, оқу объектісінің ерекшелігін ескеріп, сапа
менеджмент жүйесіне сәйкес оқыту әдістемесін жасау үлкен педагогикалық
мәселе болып табылады.
Ал, бұл қазіргі заманғы білім беруге қойылатын негізгі талаптардың
бірі - білім алушылардың бейімділіктері мен жеке-тұлғалық ерекшеліктерін
ескеру негізінде компьютерлік құралдарды қолдану арқылы оқытудың
тиімділігін арттыруды талап етіп, жоғары оқу орынында болашақ
жүйетехниктерге криптографиялық әдістерді оқытудың ғылыми негізделген
әдістемесін жасауды қажет етеді.
Оқыту процесін халықаралық стандарттау ұжымының (ИСО9000 және т.б.)
қабылдаған сапа менеджменті жүйесінің процестік тәсілге негізделген моделі
тұрғысынан қарастырайық (1 және 2 суреттер). [1], [2], [3]
Сапа менеджменті жүйесі бойынша кез-келген іс-әрекет түрін процесс
деп қарастырамыз. Осы жүйе бойынша процестік тәсілді қолдану кіріс пен
шығысты анықтауды қажет етеді. Оқыту процесінің кірісінде
трансформацияланатын объектілер (талапкер, меңгеруге қажет ақпарат), ал
шығысында (оқыту процесінің нәтижесінде алынған трансформацияланған
объектілер, бакалавр, маман, магистр...) өзінің меңгерген білім мен
біліктіліктерімен, құжаттағы ақпарат процесс – оқыту процессі іс-әрекетпен,
қызмет, амалдардан тұрады. Оқыту процесіне жоғары оқу орнының басқару
органдары оқу процесін басқаруды, ұйымдастыруды іске асыра отырып әсерін
тигізсе, оқыту ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазалы аграрлы – техникалық колледжі ақпаратында ҚР индустриялды-инновациялық дамуы үшін жұмысшы кадрларды дайындаудың тиімді механизмі
Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
Басшыларды іріктеу жүйесінің тарихы
Қызметті әзірлеудегі сапа
Ebilock 950 микропроцессорлық орталықтандыру жүйесінің мақсаты
Персоналды басқару қызметінің кадрлық потенциалы
Шымкент мақтақағазды комбинаты
Сапа жүйесі мен менеджментінің дамуы
Қазақстандағы қонақ үй қызметтері
Халықаралық менеджмент: проблемалары мен даму болашағы
Пәндер