Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 166 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

2012 жылғы « 24 » шілдедегі

294-ө-м бұйрығымен бекітілді

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай

тарифтік-біліктілік анықтамалығы (61-шығарылым)

1-бөлім Жалпы ережелер

1. Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (бұдан әрі - БТБА) (61 - шығарылымы) «Көркемөнер бұйымы өндірісінің жалпы кәсіптері», «Зергерлік-филигран өндірісі», «Металдан көркемөнер бұйымдарын өндіру», «Ағаштан капе тамыры және қайың қабығынан көркемөнер өндірісі», «Қырлау өндірісі», «Тастан көркемөнер бұйымдарын өндіру», «Миниатюралық сурет салынған папье-маше көркемөнер бұйымдарын өндіру», «Сүйек және мүйізден көркемөнер бұйымдарын өндіру», «Янтарьдан көркемөнер бұйымдарын өндіру», «Мүсіндеу өндірісі», «Боялған кенеп және картон өндірісі», «Тері және былғарыдан көркемөнер бұйымдарын өндіру», «Халық көркемөнер кәсіпшілігі бұйымдарының өндірісі» бөлімі бұған дейін қолданылып келген.

2. Шығарылым бөлімдерінде жұмыстарды тарифтеуді жетілдіру жүзеге асырылды, еңбек мазмұнының өзгеруіне, өнім, біліктілік сапасына, жұмысшылардың біліміне, жалпы білім беретін және арнайы дайындықтарына қойылатын талаптардың өсуіне байланысты жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары нақтыланды.

3. Жұмыстардың разрядтары еңбек жағдайлары ескерілмей (еңбектің күрделілігі деңгейіне әсер ететін және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды жоғарылататын төтенше жағдайларды қоспағанда) белгіленді. Әрбір кәсіптің тарифтік-біліктілік сипаттамалары «Жұмыс сипаттамасы» және «Білуге тиіс» бөлімдерінен тұрады. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімі жұмысшы орындай алуға тиісті жұмыстардың сипаттамасын қамтиды.

4. «Білуге тиіс» бөлімі жұмысшыға арнайы біліміне, сондай-ақ жұмысшы қолдануға тиіс ережелерді, нұсқаулықтар мен басқа да материалдарды, әдістер мен құралдарды білуіне қатысты қойылатын негізгі талаптарды қамтиды.

5. Тарифтік-біліктілік сипаттамаларында жұмысшы кәсібінің осы разрядына тән жұмыстардың тізбесі келтіріледі. Бұл тізбе жұмысшы орындай алатын және орындауға тиіс барлық жұмыстарды қамтымайды. Қажет болған жағдайда жұмыс беруші айрықшалықтарды ескере отырып, жұмысты орындау күрделілігіне сәйкес келетін жұмыстардың қосымша тізбелерін әзірлей алады, олар тиісті разрядтағы жұмысшы кәсіптердің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында бар.

6. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде көзделген жұмыстардан басқа, жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, айлабұйымдарды, құралдарды жинастыру, сондай-ақ оларды тиісті жағдайда ұстау, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу жөніндегі жұмысты орындауға тиіс.

7. «Білуге тиіс» бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық талаптармен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ережелер мен нормаларды; жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін, ; орындалатын жұмыстың (қызметтің) сапасына, жұмыс орнында еңбекті тиімді ұйымдастыруға қойылатын талаптарды; брак түрлерін және оның алдын алу мен жоюдың тәсілдерін; өндірістік дабылдатуды білуге тиіс.

8. Осы бөлімдерге ұңғымаларды бұрғылау және мұнай мен газ өндіру жөніндегі жұмыс өндірістеріне тән, қоршаған орта мен жер қойнауын қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу ережесін білуді көздейтін жұмысшылар кәсіптері қосылды. Кәсібі автомобильді, тракторды және басқа да көлікті басқаруды көздейтін жұмысшылардың тиісті құжаттары болуға тиіс.

9. Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында санамаланған жұмыстармен қатар, анағұрлым біліктілігі төмен жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстарды орындай алуға, сондай-ақ осы кәсіптегі анағұрлым төмен разрядтағы жұмысшыларға басшылық жасай білуге тиіс. Осыған байланысты, анағұрлым төмен разрядтар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында келтірілген жұмыстар, анағұрлым жоғары разрядтар кәсіптерінің сипаттамасында әдетте, көрсетілмейді.

10. Тарифтік-біліктілік сипаттамалары, ерекше ескертілген жағдайлардан басқа, осы бөлімдерде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын тарификациялаған және біліктілік разрядтарын белгілеген кезде міндетті болып табылады.

11. Қызметкердің еңбек кітапшасын толтыру кезінде, сондай-ақ тарифтік разрядты өзгерту кезінде оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.

12. Қолданылуға ыңғайлы болу мақсатында, БТБА-да алфавиттік көрсеткіш қосымшасында көзделген, онда жұмысшылар кәсіптерінің атауы, разрядтардың диапазондары және беттердің нөмірленуі қарастырылған.

2 - бөлім. Көркемөнер бұйымы өндірісінің жалпы кәсіптері

1. Көркем полотноның кенебі пен картонын сылаушы

Параграф 1. Көркем полотноның кенебі пен картонын сылаушы, 1-разряд

13. Жұмыс сипаттамасы:

кенеп пен картонды сылау алдында дайындық жұмыстарын жүргізу;

ыдыс пен керек-жарақты дайындау;

шикізат пен материалды жеткізу;

кенепті жазу;

этикеткаларды жабыстыру және оларды таңбалау.

14. Білуге тиіс:

кенепті жазу, этикеткаларды жабыстыру және оларды таңбалау тәсілдері, ыдыс пен керек-жарақтың мақсаты.

Параграф 2. Көркем полотноның кенебі пен картонын сылаушы, 2-разряд

15. Жұмыс сипаттамасы:

картонды сылақ қабатын жағуға дайындау;

картонды ілгіштерге ілу және эмульсиялық картонды құндақтарға орналастыру;

дайын картонды алу және қабаттарды түзету және толық кептіру үшін қатарлап жазу;

кенептегі жіптің бос ұшын кесу және торапты теріс сығып шығару;

пемза мен пеноқыш қол арамен аралау;

пемза мен пеноқышты зімпара шеңбермен қайрау;

картонды орау қағазына орау.

16. Білуге тиіс:

эмульсиялық картонды құндақтарға орналастыру және май картонды ілгіштерге ілу тәсілдері;

Пемза мен пеноқышты аралау және қайрау кезіндегі жұмыстың тәсілдері;

жіпті кесу кезінде құралды пайдалану ережесі;

картонның кебу дәрежесі мен оның орауын анықтау тәсілдері.

Параграф 3. Көркем полотноның кенебі пен картонын

сылаушы, 3-разряд

17. Жұмыс сипаттамасы:

кенепті сылақ қабатын жағуға дайындау;

кенепті пемзамен және пеноқышпен өңдеу;

кенептің шаңын, костриктері мен пемзаның қалдықтарын шаңсорғышпен сору;

кенептің артикуліне байланысты түктің көтерілу дәрежесін анықтау;

дайын сыланған кенебін алу, оны өзекке илеу;

бір бетін ғана эмульсиямен қаптай отырып, қағаздың екінші бетін желімдей отырып картон жасау;

электр бұрғының көмегімен картоннан саңылау бұрғылау.

18. Білуге тиіс:

эмульсиялы құрамның рецептурасы мен оны дайындау технологиясы;

сылақ қабатының кезектілігі мен жағу температурасы, кенепті пемзалау және оның бетіндегі шаңды тазалау, оны кебу және оралу дәрежесін айқындау тәсілдері;

картонның екінші бетіне қағаз жабыстыру тәсілдері;

картонның сапасына қойылатын талаптар.

Параграф 4. Көркем полотноның кенебі пен картонын

сылаушые, 4-разряд

19. Жұмыс сипаттамасы:

сылақты кенеп пен картонға жағудың кезектілігі;

кенепті рамаға және кергішке керу, кенепті өлшем бойынша кесу және картонға жабыстыру үшін қолмен жазу;

кенепті картонға жабыстыру;

кенепті бобинаға немесе түптеу картонына орамаға орау.

20. Білуге тиіс:

жартылай майлы, казеин, құмды-желімді сылаққа арналған сылақ құрамының рецептурасы мен дайындау технологиясы;

сылау қабатын қолмен жағу технологиясы;

кенепті біркелкі керу тәсілдері, қолданылатын құралдарды пайдалану ережесі;

кенептің артикулі, кенепті картонға жазу және жабыстыру ережесі.

Параграф 5. Көркем полотноның кенебі пен картонын

сылаушы, 5-разряд

21. Жұмыс сипаттамасы:

сылақты кенеп пен картонға механикаландырылған желіде жағудың кезектілігі;

кенепті панорама мен диорамаларға арналған кергіштерде сылау;

торға кенеппен шекара қою;

картонды май сылақпен мелкография тәсілімен сылау;

22. Білуге тиіс:

сылақты кенеп пен картонға механикаландырылған желіде жағу технологиясы;

илем машинасы рамасының құрылысы және май сылақты жағуға арналған машиналар, мелкография тәсілімен сылау тәсілдері;

мелкографияға арналған станоктың құрылысы мен оны пайдалану ережесі;

сылақтың, кенеп пен картонның сапасын анықтау бойынша техникалық шарттар;

кенепті кептіру және ұстау режимі.

2. Пластикалық кейіп көрсетуші

Параграф 1. Пластикалық кейіп көрсетуші, 2-разряд

23. Жұмыс сипаттамасы:

сұңғат, мүсін өнерінің, графикаларды және басқа да бейнелеу өнерінің туындыларын жасау үшін шығармашылық және оқу шеберханаларында, сыныптарында, ателье, студияларда және пленэрде белгіленген уақыт ішінде әртүрлі күйде пластикалық кейіп көрсету;

адамның келбеті мен кейіпінде сезімін және көңіл-күйін білдіру;

кеудеге дейінгі, белге дейінгі (қолмен) портрет үшін кейіп көрсету, әр түрлі киімдерде бейнелер (қарапайым және күрделі кейіпте) көрсету;

статикалық және динамикалық кейіптерді жүзеге асыру;

белгіленген уақыт ішінде әртүрлі күйде кейіптерді сақтау мақсатында төзімділіктің пайда болуы үшін жеке жаттығулардың көмегімен дене қозғалысын және бет бұлшық еттерін жетілдіру;

24. Білуге тиіс:

адамның келбеті мен денесіндегі пластикалық және мимикалық мәнерінің негізгі принциптері;

кейіптің сипатына қарай оның бейнесін ашу амалдары;

киімде пластикалық кейіпті көрсетудің ережесі мен шарттары;

жаттығуларды жүргізу әдістері, киімді өлшеп көру ережесі.

Параграф 2. Пластикалық кейіп көрсетуші, 3-разряд

25. Жұмыс сипаттамасы:

сұңғат, мүсін өнерінің, графикаларды және басқа да бейнелеу өнерінің туындыларын жасау үшін белгіленген уақыт ішінде әртүрлі күйде (қарапайым және күрделі кейіпте) киімсіз пластикалық кейіп көрсету:

айналымдары бар күрделі қойылымды кейіптерді жүзеге асыру;

жеке жаттығулардың көмегімен дене қозғалысын және бет бұлшық еттерін жетілдіру.

26. Білуге тиіс:

мимика және икемді қозғалыстың көмегімен адамның жан дүниесін және оның мінезін білдіру тәсілдері;

киімсіз пластикалық кейіпті көрсету ережесі мен шарты;

жаттығулар жүргізу әдістері.

3. Инкрустатор

Параграф 1. Инкрустатор, 3-разряд

27. Жұмыс сипаттамасы:

қарапайым суреттер бойынша ағаштан, металдан, сүйектен жасалған бұйымдарды ағаштың құнды жыныстарымен, сабанмен, перламутрмен, металмен, сүйекпен, мүйізбен, пластмассамен инкрустациялау;

даяр үлгі және сурет бойынша инкрустациялау материалын таңдау;

кесетін аспапты қайрау және түзеу.

28. Білуге тиіс:

қарапайым суреттер бойынша түсті фанерамен, сабанмен, перламутрмен, янтарьмен, металмен, сүйекпен, мүйізбен, пластмассамен инкрустациялау тәсілдері;

түсті және қымбат металлдармен ою жолдары;

инкрустациялауда қолданылатын материалдардың қасиеті мен сапасы;

кесетін аспаппен ағашты өңдеу технологиясы;

түсті және желілік перспектива заңдылықтары.

29. Жұмыс үлгілері:

1) музыкалық аспаптардың дектері - панцирьді инкурстациялау және кесу.

Параграф 2. Инкрустатор, 4-разряд

30. Жұмыс сипаттамасы:

орташа күрделіктегі суреттер бойынша ағаштан, металдан, сүйектен жасалған бұйымдарды ағаштың құнды жыныстарымен, сабанмен, перламутрмен, металмен, сүйекпен, мүйізбен, пластмассамен инкрустациялау;

орташа күрделіктегі геометриялық және өсімдік орнаменттерін қолмен кесу және олардың сыртына сурет бойынша жабыстыру;

шаблон жасау.

31. Білуге тиіс:

орташа күрделіктегі суреттер бойынша түрлі материалдармен инкрустациялау тәсілдері;

түсті және қымбат металлдармен ою жолдары, ағаш жыныстары, қасиеті және кемшіліктері, аспаптар мен оларды қолдану шарттары;

қайрау ережесі;

арнайы желіммен жұмыс істеу ережесі.

32. Жұмыс үлгілері:

1) ағаштан жасалған панноны;

2) базарлықты инкрустациялау.

Параграф 3. Инкрустатор, 5-разряд

33. Жұмыс сипаттамасы:

күрделі суреттер бойынша ағаштан, металдан, сүйектен, ағаштың құнды жыныстарымен жасалған бұйымдарды, сабанмен, перламутрмен, металмен, сүйекпен, мүйізбен, пластмассамен инкрустациялау;

бұйымдардағы суреттерді белгілеу, сурет бойынша янтарь, пластмасса, сабан, ағаш, сүйек, мүйіз, қалайыдан сымды, күміс және алтынды арнайы айлабұйымдарда созғылау тәсілімен дайындау;

бұйымдарды жылтырату және түпкілікті өңдеу.

34. Білуге тиіс:

күрделі суреттер бойынша түрлі материалдармен инкрустациялау тәсілдері;

суреттерді белгілеу тәсілдері мен трафареттер мен шаблондар жасау, инкрустациялау техникасында көркемөнер композициясын жасау тәсілдері;

инкрустациялау материалдарын дайындау және олардың физикалық қасиеттері мен сапасы.

35. Жұмыс үлгілері:

1) түсті панноның беткі рамалары;

2) әшекей бұйымдарды инкрустациялау.

Параграф 4. Инкрустатор, 6-разряд

36. Жұмыс сипаттамасы:

ерекше күрделі суреттер бойынша ағаштан, металдан, сүйектен, ағаштан жасалған жоғары көркемөнер және бірегей құнды жыныстарымен, сабанмен, перламутрмен, металмен, сүйекпен, мүйізбен, пластмассамен инкрустациялау, сондай-ақ құнды және түсті металдармен қалайы, күміс және алтынмен ою;

жоғары дәлдікте және таза өңдеп барлық ықтимал стильді шрифтерді каллиграфиялық орындау;

түрлі тереңдікте қазып металл және сүйек бұйымдарға арнайы айлабұйымдармен сурет салу, ағашқа кесінділер жасау;

қалайы, күміс, алтын сым дайындау.

37. Білуге тиіс:

ерекше күрделі суреттер бойынша алтынмен, күміспен және қалайымен ағаш, қара металл, сүйектен жасалған көркемөнер бұйымдарға инкрустациялау тәсілдері;

сымды созғылау тәсілдері;

сүйек және мүйізді ою және тегістеу ережесі;

бұйымдардағы суретті белгілеу және аудару жолдары;

қазба өрнегін жасау тәсілдері;

сұңғат өнері негіздері;

оюдың түр-түрі, түс білу және пластикалық анатомия негіздері.

38. Жұмыс үлгілері:

1) көркемөнер және зергерлік бұйымдарын - янтармен

инкрустациялау, мозаика жасау;

2) бірегей сыналар - сурет салу;

3) сүйек және металл қораптар - күміс және алтынмен сурет салу.

4. Монета-орден өндірісінің бақылаушысы

Параграф 1. Монета-орден өндірісінің бақылаушысы, 3-разряд

39. Жұмыс сипаттамасы:

техникалық шарттарға және бекітілген үлгілерге сәйкес брактау үстеліндегі немесе конвейерлердің бетінде, гуртты жазба бойынша күрделі емес жартылай фабрикаттардың сапасын ішінара және тұтас бақылау;

брак түрлері бойынша бракқа шыққан өнімнің сыныптауышы;

конвейер жұмысындағы елеусіз кемшіліктерді жою және реттеу.

40. Білуге тиіс:

жартылай фабрикаттарды жасау және бақылау технологиялық процесі;

шикізат пен жартылай фабрикаттардың негізгі түрлерінің техникалық шарттары мен бекітілген үлгілері;

брактау конвейерлерінің құрылымы мен пайдалану ережесі;

негізгі өлшеу аспабы: штангенциркуль, микрометр және калибрлер.

41. Жұмыс үлгілері:

  1. монеталарға арналған дөңгелек тегіс дайындамаларды;
  2. орден және медальдарға арналған тегіс дайындамаларды бақылау.

Параграф 2. Монета-орден өндірісінің бақылаушысы, 4-разряд

42. Жұмыс сипаттамасы:

күрделі жартылай фабрикаттар мен күрделі емес даяр бұйымдарды операциялық бақылау;

бұйымдарды жасауға арналған күрделі емес аспаптардың, керек-жарақтардың сапасын техникалық шарттарға және бекітілген үлгілерге сәйкес арнайы калибрлермен, әмбебап өлшеу құралдарымен және оптикалық аспаптармен бақылау;

монеталарды, ордендерді техникалық шарттарға және сызбаларға сәйкес өлшеу;

жартылай автоматтар мен автоматтарда есеп жүргізу және монеталарды орау;

брак түрлері бойынша сұрыптау, бракталған өнімге актілер жасау;

жартылай автоматтар мен автоматтардың жұмысындағы елеусіз ақаулықтарды реттеу және жою.

43. Білуге тиіс:

бұйымдарды жасау және бақылау технологиялық процесі;

күрделі емес сызбалар, шектеулер, шикізат, материалдар, даяр өнімдердің брак түрлері;

қара, түсті және асыл металдардың, жартылай автоматтар мен автоматтардың, қаттылықты өлшегіштің қасиеті мен құрамы;

әмбебап өлшеу құралдары мен аспаптары: рычагты микрометр, индикатор, аспапты микроскоп.

44. Жұмыс үлгілері:

  1. орден, медаль және кеуде белгілерінің жартылай фабрикаттарын;
  2. күнтізбелерді;
  3. түрлі құндылықтағы ұсақ монеталар;
  4. штемпель, контрштемпельді бақылау.

Параграф 3. Монета-орден өндірісінің бақылаушысы, 5-разряд

45. Жұмыс сипаттамасы:

күрделі даяр бұйымдардың сапасын көзбен байқау, өлшеу әдістерімен бақылау, механикалық және физикалық қасиеттерін аспаптар арқылы айқындау;

химиялық құрамды айқындау үшін сынама алу;

монета жасауға көзделген әрбір партиядан ұсақ монеталарды ішінара қайталама бақылау;

бұйымдарды жасауда қолданылатын күрделі аспаптың сапасын бақылау;

іріктелген бұйымдарды қайталама бақылау және брак түрлері бойынша сыныптау;

өндірістік операцияларда технологиялық процестің сақталуын бақылау;

брак құжаттамасын ресімдеу;

есеп құжаттамасын жасау;

операциялық қабылдауды жүзеге асыратын төмендеу білікті бақылаушының жұмысын басқару.

46. Білуге тиіс:

негізгі материалдарға, шикізат, даяр өнімге мемлекеттік стандарттар;

техникалық шарттар;

өнім сапасын айқындайтын параметрлер, эскиздер, күрделі сызбалар, шектеулер, бұйым жасаудың технологиялық процесі;

арнайы және әмбебап өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылымы (бетінің жиілігін айқындау оптикалық-механикалық аспаптар) және оларды пайдалану ережесі;

негізгі материалдардың, түсті және құнды металдар мен балқымалардың қасиеті.

47. Жұмыс үлгілері:

  1. орден, медаль және кеуде белгілері;
  2. монета-орден және белгі өндірісінің штампыларын бақылау.

5. Көркемөнер бұйымдарын бақылаушы

Параграф 1. Көркемөнер бұйымдарын бақылаушы, 2-разряд

48. Жұмыс сипаттамасы:

түсті металдардан, пластмассадан, ағаш, тас, сүйек, папье-маше, шыны және басқа да материалдардан жасалған қарапайым көркемөнер бұйымдары мен бөлшектердің сапасын сыртына қарай және қарапайым бақылау-өлшеу аспаптарын (шаблондарды, калибрлерді, қапсырғыштарды) пайдаланып бақылау;

жай дайындамаларды немесе бөлшектерді жекелеген операцияларда, сондай-ақ шикізат және материалдарды қабылдау;

жай бөлшектерді металмен қаптағаннан кейін бақылау;

нұсқаулық бойынша іріктеу нәтижелерін есепке алу және жазу.

49. Білуге тиіс:

жай көркемөнер бұйымдарын, бөлшектерді, дайындамаларды қабылдау ережелері мен сапасын бақылау тәсілдері;

қабылданатын бұйымдар мен бақылау объектілерінің нұсқаулықтары мен техникалық талаптары;

жарамды және іріктелген бақылау объектілерін таңбалау ережесі;

жаппай өнімді қабылдауға арналған қажетті арнайы бақылау-өлшеу аспабының және айлабұйымдарының құрылымы мен қолдану,

брак түрлері мен іріктеу нәтижелерін жазудың негізгі түрлері.

50. Жұмыс үлгілері:

1) папье-машеден жасалған домино бөшкелері, қораптары -сапасын тексеру, лакпен қаптау;

2) төс белгілер, плакеткалар - метал жағу сапасын бақылау;

3) янтарь және пластмассадан жасалған тегіс, көлемді бұйымдар - бұйымдардың жарығын, дақтарын, күйген жерлерін, тегіс жылтырамаған жерлерін тексеру;

4) тастан жасалған күлсалғыштар, лоткалар, қораптар - өңдеу сапасын бақылау;

5) тегіс шпилькалар, сүйек және мүйізден жасалған түймелер - сапасын бақылау.

Параграф 2. Көркемөнер бұйымдарын бақылаушы, 3-разряд

51. Жұмыс сипаттамасы:

орташа күрделіктегі көркемөнер бұйымдарының, жекелеген тораптар мен бөлшектердің сапасын бақылау-өлшеу аспаптармен бақылау;

біркелкі және қорғау қабатын жағуды бақылау;

жылтырату технологиялық процесінің орындалуын жаққанға дейін және кейін бақылау;

гауһар тас өндірісіндегі қосалқы материалдардың сапасын бақылау.

52. Білуге тиіс:

орташа күрделіктегі көркемөнер бұйымдарының сапасын бақылау тәсілдері;

қолданылатын бөлшектер мен бұйымдардың техникалық шарттары;

технологиялық процесс негіздері;

бөлшектер мен бұйымдарды өңдеудегі шектеулер жүйесі;

сызбалар жасау мен техникалық шарттар бойынша дәлдігін тексеру.

53. Жұмыс үлгілері:

1) сүйек және мүйізден жасалған брошьтар, моншақтар, запонкалар,

инесалғыштар, ілмектер - бұйымдардың геометриялық параметрлерін, өңдеу сапасын бақылау;

2) бұрышы байланған, екіжақты фаскалы, «кабюшон» формалы тастан

жасалған зергерлік бұйым қосымшалары - өңдеу сапасын бақылау;

3) геометриялық бұрандалы ағаштан жасалған сөрелер, скамейкалар,

шкатулкалар - геометриялық параметрлерін, бұранда сапасын, үндестілігін, лактың тегіс жағылуын, қоқыстың болмауын бақылау;

4) көркем жазбалы металдан және папье-машеден жасалған шкатулкалар - геометриялық параметрлерін, лак қабатының, жазба сапасын, корпус бойынша мөлшері, түс гаммасы бойынша сәйкестігін бақылау.

Параграф 3. Көркемөнер бұйымдарын бақылаушы, 4-разряд

54. Жұмыс сипаттамасы:

күрделі көркемөнер бұйымдарының, бөлшектердің, тораптардың, құймалардың сапасын бақылау;

күрделі және жауапты бөлшектер мен тораптарды термиялық өңдеу түрлерін бақылау;

кондиционды емес өнімнің жарнамалық актілерін ресімдеу;

операциядан кейін жартылай фабрикаттардың сапасын үлкейту лупалары, штангенциркуль, индикатор, сағат проекторы арқылы көзбен бақылау;

карат таразыларында өлшеу;

аралау операциясында жартылай фабрикаттардың сапасын бақылау.

55. Білуге тиіс:

күрделі көркемөнер бұйымдарының сапасын бақылау тәсілдері;

қабылданатын бөлшектер, бұйымдар мен жинақтау жұмыстарының техникалық шарттары;

бақылау объектілерін техникалық қабылдау және сынау, бақылау-өлшеу аспаптары, айлабұйымдары мен аспаптарын пайдаланып техникалық шарттар;

сызбалар және нұсқаулықтар бойынша құжаттарды ресімдеу ережесі;

бақылау-өлшеу аспаптарын, сынау аппаратурасын теңшеу ережесі;

жинақтау және бөлшектеу сызбаларын оқу, кристаллография негіздері;

алмасты физикалық-химиялық және механикалық қасиеті;

алмастан жасалған жартылай фабрикаттардың техникалық шарттары;

алмас және гауһар тастардың көтерме баға прейскуранттары;

алмастан жасалған жартылай фабрикаттардың технологиялық процесі мен технологиялық карталары;

алмастан жасалған жартылай фабрикаттар жасауда қолданылатын құралдар мен технологиялық керек-жарақтар.

56. Жұмыс үлгілері:

  1. рельеф бұрандалы табақтар, құмыралар, панно, шөміштер - бұранда, лак қабатының сапасын бақылау;
  2. декоративтік құмыралар, қораптар, көркемделген жиһаз жинақтары, ағаштан жасалған түрлі мөлшердегі матрешкалар, күрделі және папье-машедан жасалған шкатулкалар - геометриялық мөлшерлерді, көркемдеген ою, тораптардың және өңдеу сапасын тексеру;
  3. күрделі конфигурациялы кубиктер мен құмыралар - жекелеген тораптарды құрастыру және қиыстыру сапасын, жалпы бұйымдардың суретшінің эскизі бойынша сәйкестігін бақылау;
  4. күрделі көркем бұрандалы опа салғыштар, пышақтар, мундштуктар, сүйек, мүйіз және металдан жасалған құрамалы бұйымдар - өңдеу сапасын, құрамалы бұйымдардың сапасын бақылау.

Параграф 4. Көркемөнер бұйымдарын бақылаушы, 5-разряд

57. Жұмыс сипаттамасы:

суретшінің эскизіне, эталонға немесе даяр үлгіге сәйкес бұйымдарды құю үшін ерекше күрделі көркемөнер бұйымдарының, бөлшектердің, штампылардың, пресс формалардың, модельдердің, кокильдердің сапасын бақылау;

жұмыс орындарындағы технологиялық шарттар мен операциялардың дұрыс орындалуын тексеру;

арнайы бақылау-өлшеу аспабы мен күрделі құралдарды пайдаланып мемлекеттік стандарт бойынша дәлдік және өңдеу түлеріне сәйкес өңдеу тазалығын айқындау;

үлкейту лупасының көмегімен жартылай фабрикаттарды алмастан үлкен формалардағы гауһарға өңдеу сапасын тексеру;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалақыны мөлшерлеу, оны анықтау тәртібі
Нарықтық экономика жағдайындағы жалақыны реттеу ерекшеліктері
Жалақы түсінігі мен басқа төлемдер
Еңбекақының экономикалық мәні және оның принциптері
Кәсіпорындарда еңбекақыны ұйымдастырудың маңызы
Экономикалық қатынастар жүйесіндегі еңбекақының рөлі
Жалақы төлеу мерзімдері
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің еңбегін реттеу
Жұмыскердің жалақысынан ұстап қалулардың мөлшері
Кәсіпорындағы кадрлардың біліктігін жоғарлатумен байланысты проблемалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz