Жәңгiр ханның тұлғалық бейнесі



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
1) Жәңгір ханның тұлғалық бейнесі
2) Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығы
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайданылған әдебиеттер
Қазақстанның XVII ғасырдағы халықаралық жағдайы өзгеріске ұшырады. Қазақ иелігінің шығыс шекарасында Жоңғар хандығы (1635-1758) ірі көшпелі мемлекет қалыптасты. Жетісу үшін қазақ билеушілері үнемі тартысқа түсіп отырады. XVII ғасырдағы қазақ хандары Есім, Тұрсын тұсында, Есімнің үлкен ұлы Жәнібектің есімі деректерде жиі кездеседі. Есімнің билігі кең тараған кезеңде Жәнібек сұлтан Мауареннахрдың ірі қалаларының бірі Сағарджының билеушісі болған. Бұл туралы Бахр ал-Асрар дерегінде беріледі. Орыс деректерінде XVII ғасырдың 30-40 жылдары қазақ ордасының ханы титулымен Жәнібек ал оның інісі Жәңгір ханзадасы деп беріледі. Жәнібек ойраттармен соғыстар жүргізіп отырды.,XVII ғасырдың 30 жылдарында ойраттар мен болған соғыста қаза табады.
Есімнің екінші ұлы XVII ғасырдың 40-жылдары хандық билігін қолына алады. Қазақ халқының өзінің мемлекеттілігін қалыптастыруда ғасырларға созылған күрес нәтижесінде жеткендігі тарихтан белгілі. Бұл күрес қазақ ұлтының тарихында ерекше орын алады. Қазақ мемлекеттігін дамытуға әскери және саяси белсенділіктің күшеюі әрі оның құлдырауы тән. Қазақ тарихындағы осындай кезеңге тән тарихи дамулар ерекшелініп көрсетіледі.Егер қазақ хандарының тарихы XVI ғасырдың ортасында сәтсіз болып, территориясы Жетісумен шектелсе, XVI ғасырдың екінші жартысы мен XVII ғасырдың екінші кезеңінде қазақ хандығының құрамына Сыр бойында отырықшы жер өңдейтін әрі кәсіби орталықтардың, Ташкент, Ферғананың уақытша қосылуы қазақ хандығының шаруашылық негізінің күрт өзгеруіне, сөйтіп, қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық тарихында жаңа кезеңге әкелді.
1. Қазақстан тарихы ІІІ-том. «Ата мұра». Алматы 2002ж.
2. Ғ. Маймақов. «Қазақстан Респубикасының саяси – құқықтық тарих».
Алматы 1999ж.
3. Н.Мыңжан. «Қазақстанның қысқаша тарихы» Алматы1994ж.
4. С.Мәшімбаев. «Патшалық Ресейдің отарлық саясаты». Алматы 1994ж.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ:

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
1) Жәңгір ханның тұлғалық бейнесі
2) Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығы
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайданылған әдебиеттер

ЖӘҢГІР ХАН
Қазақстанның XVII ғасырдағы халықаралық жағдайы өзгеріске ұшырады.
Қазақ иелігінің шығыс шекарасында Жоңғар хандығы (1635-1758) ірі көшпелі
мемлекет қалыптасты. Жетісу үшін қазақ билеушілері үнемі тартысқа түсіп
отырады. XVII ғасырдағы қазақ хандары Есім, Тұрсын тұсында, Есімнің үлкен
ұлы Жәнібектің есімі деректерде жиі кездеседі. Есімнің билігі кең тараған
кезеңде Жәнібек сұлтан Мауареннахрдың ірі қалаларының бірі Сағарджының
билеушісі болған. Бұл туралы Бахр ал-Асрар дерегінде беріледі. Орыс
деректерінде XVII ғасырдың 30-40 жылдары қазақ ордасының ханы титулымен
Жәнібек ал оның інісі Жәңгір ханзадасы деп беріледі. Жәнібек ойраттармен
соғыстар жүргізіп отырды.,XVII ғасырдың 30 жылдарында ойраттар мен болған
соғыста қаза табады.
Есімнің екінші ұлы XVII ғасырдың 40-жылдары хандық билігін қолына
алады. Қазақ халқының өзінің мемлекеттілігін қалыптастыруда ғасырларға
созылған күрес нәтижесінде жеткендігі тарихтан белгілі. Бұл күрес қазақ
ұлтының тарихында ерекше орын алады. Қазақ мемлекеттігін дамытуға әскери
және саяси белсенділіктің күшеюі әрі оның құлдырауы тән. Қазақ тарихындағы
осындай кезеңге тән тарихи дамулар ерекшелініп көрсетіледі.Егер қазақ
хандарының тарихы XVI ғасырдың ортасында сәтсіз болып, территориясы
Жетісумен шектелсе, XVI ғасырдың екінші жартысы мен XVII ғасырдың екінші
кезеңінде қазақ хандығының құрамына Сыр бойында отырықшы жер өңдейтін әрі
кәсіби орталықтардың, Ташкент, Ферғананың уақытша қосылуы қазақ хандығының
шаруашылық негізінің күрт өзгеруіне, сөйтіп, қазақ халқының әлеуметтік-
экономикалық тарихында жаңа кезеңге әкелді.
Жәңгiр ханның тұлғалық бейнесі

Бастапқыда Бөкей Еділ мен Жайық арасындағы жұртын сұлтандық дәрежемен
басқарды. 1812 жылы оған хан атағы берілді. Бірақ бұл атақтың игілігін көп
көре алмай араға үш жыл салып, 1815 жылы қайтыс болды. Соңында орнын басар
үш ұлы қалды. Жәңгір, Әділгерей, Меңдігерей. Хан тағының мұрагері — Жәңгір
бұл кезде небәрі он төртте. Әрі Астрахань қаласындағы азаматтық губернатор
Андреевскийдің үйінде жатып, орысша білім, европаша тәрбие алып жүрген кезі
еді. Сондықтан мұрагер оң-солын танығанша ел тізгінін марқұмның інісі Шығай
ұстады. Оның еншілі қонысы Каспий теңізінің жағалауы Көнеу деген шүйгінді
жазықтық.
Жәңгір 1824 жылы әкесі Бөкейдің орнын басып, арнайы указбен хан атағын
алды. Араға бір жыл салып Орал қаласының жанындағы тоғайда осы мәртебелі
атақтың құрметіне ұлан-асыр той берілді. Оған Орынбор шекара комиссиясының
шенеуніктері, Орал, Астрахань казачествосының иығы зерлі әкімдері
шақырылған. Бұл жер әлі күнге Хан тоғайы деп аталады.
Иә, Әбілхайырдың шөбересі, Нұралының немересі, Бөкейдің бел баласы
Жәңгір қазақ тарихындагы соңғы хан. Бұл Россия императорының екі басты
самұрық бейнелі мөрімен расталған шындық. Бірақ соңғы хан Кіші жүзді басы
бүтін билей алмады. Сондықтан да үкім құдіреті аға сұлтандықтың о жақ, бұ
жағында болды. Ақ сөйлеу парыз, осындай әре-сәре күйді әкесі Бөкей де
бастан кешкентін.
Жәңгір хан көтеріліп, ақ киізі тәберікке, малы талапайға түскен тұста
Кіші жүз төртке белініп кеткен-ді.
Жайықтың шығыс жақ Бұхар беті мен Ойыл, Елек бойын Баймағамбет сұлтан
Айшуақов басқарды.
Ырғыз, Темір жерін Ахмет сұлтан Жантөрин биледі.
Маңғыстау мен Үстірт маңындағы ел Сүйінқара Үргенішбайұлы мен шекті
Жанқожа Нұрмұханбетұлының иелігінде болды. Соңғы бөлік патша үкіметі мен
Хиуа ханы Аллақұлдың қыспағын қатар көрді. Тірісінде басы бірікпеген
ағалары Сауқым, Ермұханбет Қасымұлы (Елекей сұлтан), Жанғазы Шерғазы-ұлы,
Қайыпқали Есімұлы (Қайболды сұлтан) Алла-құлды жағалап, осы өңірді
мекендеген Адай, Бестаң-балы, Шөмекей, Қара Кете, Қара сақал, Төртқара,
Кішкене Шекті, Керейіт, Мөңке, Табын руларын, Жаппас пен Таманың бір
бөлігін бөліп алып кетуге күш салды. Хиуа ханы әлсін-әлсін жазалаушы әскер
аттандырып, орысқа багынғалы жүрсіңдер деп бас көтерген елді жазалаудан
танбады. Бұған Сүйінқара батыр қол жинап қарсы тұрып, аяспас майдан ашқан.
1832 жылы Аллақұлдың 3 мың қолы бейқам жатқан ауылды шауып, Сүйінқара деп
шатыстырып Құлбарақ батырдың басын кесіп әкеткені де осы тұс. Құлбарақтың
(1756—1832 ж. ж.) нағашысы түрікмен Сүйін батыр. Басты көрген Аллақұл,— Бұл
Сүйінқараның кәлләсі емес, һәм тегін кәлла да емес. Бұл мен білсем бізге
жиен Құлбарақтың кәлләсі болмасын,— депті. Сонда бас жымиып күлген екен.
Мұны көрген жендет: — Танымай жиеніңнің басын алдым, құдайдың алдында
күнәга қалдым,— деп өз-өзіне қанжар сұғып өлтірген. Құлбарақтың басын
түрікмендер арулап, өз жеріне қойып, үстіне зират көтереді. Ал, улы денесі
жерленген жер Маңгыстауда әлі күнге Құл-барақ қауымы делінеді.
Ал, Жәңгір болса екі өзен аралығындағы Самар даласында ғана хандық
құрды. Оның да Каспий теңізі жағалауы қайын атасы, есаул Қарауылқожа
Бабажановтың ықпалында еді.
Ендігі мәселе осы күнге дейін Махамбет ақынның Хан емессің қасқырсың
деген бір ауыз өлеңімен бағаланып келген Жәңгір Бөкейұлы (1801—1845 ж. ж.)
кім еді, азаматтық сапасы, ұстанған саясаты, елге тигізген қайыр-шапағаты
қандай дегенге саяды. Қазақ топырағындағы соңгы хан, тұңғыш генерал-майор
Жәңгірді 1830 жылғы бір санында Сын Отечества журналы былай деп
сипаттайды. Человек образованный, говорит и пишет кроме татарского, хорошо
по русский и знает несколько по немецки... Одевается по своему, в атласные
и бархатные, белого и зеленого и оранжевого цвета кафтанчики, и такие же
синего и черного цвета облаженные иногда зо-лотым и серебрянным позументом,
шаравары: шапку носит киргизского покроя, валяную из козьего пуху, покрытую
малиновым бархатом и вышитую золотом: подпоясывает золотою саблею,
пожалованную ему при возвездении в ханское-достоенство. Волосы на голове по
обычаю киргизов, бреет и накрывает тюбитейкой. Борода у него темно-русая,
лицо белое, несколько рябоватое, росту он среднего, и вообще приятной
наружности... Джангер хан имеет орден Св. Анны І-ой степени, украшенный
императорскою короною,— такою Монаршею милостию ни один из киргизских ханов
до него удостоен не был....
1841 жылы Санкт—Петербургта шыққан Журнал министерства
государственного Имуществода А. Е. Алекторов О хане Джангире и его жене
Фатиме деген мақала жариялап, онда Джангер имел чин генерала и был
почетным членом Казанского Университета деп атап көрсетті. Хан орыс, неміс
тілдерімен қатар парсы, арабша жетік білген деген дерекке кездесеміз.
Демек, сыпайылығы мен дағдарлығы, өз заманының мойны озық білімдарлығы бір
басына кемшіндік етпеген.
Бірінші әйелінің есімі Жүзім. Арғын Мүсіреп бидің қызы. (Мүсіреп —
кіші Арғынның қараман ата-сынан шыққан Бөгембай батыр Қожекеұлының
немересі. Бөгембай кезінде Әбілхайыр ханның бас сардары болған).
Екінші әйелінің есімі — Фатима тоташ. Орынбор мүфтиі, аса зиялылығымен
аты жайылған Мұхамеджан Құсайыновтың қызы. Ұлты — татар.
Үшінші әйелінің есімі — Айсұлу. Жастай қайтыс болған. Руы, әке-
шешесінін аты-жөні әзірге белгісіз. Орта дәулетті адамның қызы еді. деген
әңгіме бар.
Төртінші әйелінің есімі — Зылиха. Есауыл Қарауылқожа Бабажановтың
қызы. Шыққан тегі — қожа.
Айсұлудан хан бала сұйіп үлгермеген. Ал, өзге үш әйелінен Ескендір,
Зұлхарнайын, Сейткерей, Сақыпкерей, Рұбайдолла тәрізді алдының даңқы алты
алашқа жайылған сегіз ұл мен екі қыз көрді. Ұрпағы жайлы әңгімені әзірге
айтар кезекке қоя тұралық. Ендігі сөз Фатима тоташ пен Орданың ірге тасы
қалануы хақында.
Жоғарыда аталған Сын Отечества журналы Фатима жайлы жаза келіп:
Женщина образованная, хорошего обращения, знает все приличия общения,
говорит и пишет, кроме татарского, на русском, французском и немецком
языке. Кроме бывает в городах, то посещает благодарные собрания и участвует
в танцах: одевается в европейские платья, однако в ставке носит татарское,
а в кочевье с ханом — киргизское. Она с супругом своим в 1826 году,
находилась в Москве при торжестве коронование Их и Императорских Величеств
и от высочайших щедрость удостоена драгоценными подарками. В 1829 году
вновь прислан ей от Государыни-Императорицы дорогой головной убор, золотой,
филограмовой с тоназами, состоящий из склаважа, гребенки и серьги деп оның
білімі мен тәрбиесіне, жоғары мәртебелі жандардың ілтипатына бөленіп, сый-
сияпат алғанына ерекше тоқталады. Император Николай І-нің тоташты биге
шақырғанын, екеуінің құйын ұйіріп билегенін, мұны көріп тұрған талай
бикештің езегіне Өрт тұскенін сол тұста ыққан баспасөз жасырмайды.

Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығы

Жәңгір (Жахангир, Янгир) Есім ханның баласы. Ол басы үлкен,
кеудесі кең, аласа адам болған екен. Сол себепті қазақтар оны " салқам
Жәңгір" деп атаған.Қазақ хандығында саяси билікті өз қолына алған соң,
сыртқы саясатқа көңіл бөлуге мүдделі болды. Оның басты себебі осы кезеңдегі
көршілес мемлекеттердің күшеюі, экономикалық жағынан ұқсас, талаптары
бірдей билеушілер арасындағы тартыс басталды. Жәңгірдің әкесі Есім хан
жоңғар факторына тәуелді болды. Ол ішкі саяси тұрақтылық пен күресті,
сыртқы саяси жағдайға ерекше көңіл бөлді. Жоңғарларды Алтайдан солтүстікке,
батысқа жылжуы әр-түрлі себептерден тұрды. Оның себептерін тарихшы Ш.Б.
Чимитдоржиев . жан-жақты талдаған болатын. Оның көрсетуі бойынша сәтсіз
соғыстар, жоңғар иеліктерінің бөлінуі, жер тапшылығы Сібір хандығының
ыдырауы, жоңғарлардың солтүстікке қарай жорық жасауға қолайлы жағдайды
туғызды.
Орыс жылнамаларында жоңғар иелігі ХҮІ ғасырда Ертістің сол
жағалауында, Есіл мен Тобылдың жоғарғы ағысында болғандығын мәлімдейді.
XVII ғасырда жоңғар иелігі Ертістің орта және жоғарғы ағысын алып жатты.
Жоңғар арасында батыс моғолдар чорастар, дербент, хошаут, торғауттар болды.
Жоңғарлардың солтүстік-батысқа жылжуы қазақтар оларға алғашында қауіп
төндіріп тұрды. Ертіс арқылы жоңғарлардың батысқа қозғалуы үш ғасырға
созылды. XVII ғасырда Жайыққа дейін жетіп, Ертіске қайта оралып отырған.
Жоңғарлардың оңтүстікке қарай жылжуы қырғыздарды, оңтүстіктегі қазақ
жайылымдарын ығыстыру нәтижесінде жүрді. Батысқа қарай жылжыған қалмақтар
XVII ғасырда қазақ хандығының сыртқы саясатында маңызды орын алды.
Жайылымда нақты шекараның болмауы үнемі қақтығыстарға әкелді. Қалмақ осы
тайпалардың түрікше атауы, өз атаулары "ойрат", қытай деректерінде оларды
"элют" деп атайды. Қалмақ атауы "Маджу ат-таварих" дерегіндегі мәліметке
сүйенетін болсақ мұсылман емес тайпаларды атаған деп тұжырым жасауға
болады. Шығыстағы осы тайпалардың қазақ халқының тарихымен тығыз байланыста
болды. 1603-1604 жылдары жоңғарлар хорезм даласына да шабуыл жасады.
Әбілғазының мәлімдеуінде жоңғарлар Тук қамалына шабуыл жасағандығы туралы
мәлімет береді.
Негізгі жоңғарлардың қозғалысы солтүстік-батысқа қарай болды. 1604
жылы "барлық қалмақ тайшылары және ұлыс кісілері Қазақ Ордасымен соғысуға
кетті" деген деректерді кездестіреміз. Бүл Ембінің жоғарғы жағында болған .
Бірақ жоңғарлардың әскери күші жеткіліксіз болды. Ноғай - қазақ әскери
одағы бірлесіп тосқауыл көрсетті. Жоңғарлар қазақ жері мен орыс
территориясының арасын бөлуге ұмтылды. 1606 жылы жоңғарлар Тарск округіне
шабуыл жасады. Олар Батыс Сібірдің оңтүстігінде әскери әрекеттер жүргізді.
1607 жылы 200 қазақ ресей тарапынан жоңғарларға қарсы күресте
ерлігі үшін наградаларға ұсынылды. Осы кезеңде жоңғарлар қазақтармен,
ноғайлармен, орыстармен қатар соғыс қимылдарын жүргізді. 1607 жылы
жоңғарлар еріксіз орыстармен бейбіт келісімге келді. 1608 жылы жоңғарлар
қазақтарға қарсы жаңа жорық жасайды. Орталық қазақстанның Нұра өзені
бойында болды. Қазақтар Ұлы Тауға қарай жылжып шегінді. Ендігі жерде
жоңғарлар жоғарғы ағысында, Муғаджар тауы, Жайық өзендері маңайында көшіп
жүре бастады. 1610 жылы жоңғардың Хо-Урлюк тайшысы Тобылға және Еділ
жағалауына әскер жіберді .
Тобылдан орыс елшілігі 1613 жылы Байырға келеді. Олардың талабы Сібірге
тайшылардың шабуыл жасауын тоқтатуды сұрайды. 1616 жылы Есім хан тұсында
қазақ-жоңғар бейбіт қатынас орнатады. Осы жылы Есім өзін Сібір ханы деп
жариялағандығы туралы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының тарихына шолу
Ә. КЕКІЛБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ МАХАМБЕТ БЕЙНЕСІ
Ә. Кекілбаевтың повестеріндегі тарихи тұлғалар тағылымы
Қазақ хандығының қалыптасуы туралы
Есім ханның өмірі, отбасы
Қазақ хандығы (хү-хүііі)
Қазақстан моңғол шапқыншылығы дәуірінде
Бұқар толғауларындағы Абылай мен тарихи Абылай жайлы мәлімет
РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ ДРАМАТУРГИЯСЫ
Махамбет Өтемісұлы жайында
Пәндер