Өндiрiстегі кәсiби аурулардың және жарақаттанудың алдын алу


Бүгiнгi таңда адамның еңбек қызметінің басты басымдықтарының бірі - адамның өмірін және денсаулығын сақтау. Еңбек жағдайларын жақсарту өндiрiстегі кәсiби аурулардың және жарақаттанудың алдын алу бойынша жетекшiлердiң және мүдделi қызметтердің басты құралдары болып табылады. Тәуекелдi бағалау және талдау, тұжырымдамалық қағидаттардың негiзiнде оларды іске асыру бойынша кешенді шараларды жасау - елдiң ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесінің функционалдық құрамдас бөлiктерiнің басты арнауы. Қазақстандықтардың, барлық әлеуметтiк топтардың әлеуметтiк хал-жайын тұрақты жақсарту мемлекеттiк саясаттың ең алдында болуы керек [1] . Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасында еңбектi қорғау және еңбек қауiпсiздiгін қамтамасыз ету саласында жаңа идеология қалыптасқан. Осы орайда еңбек қатынастарын дер кезiнде және бiлiктi шешуге бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық және ғылыми-зерттеу шаралардың басымдылықтары анықталды. Әлемдiк экономикалық кеңiстiкке бірігу жағдайларында кәсiби тәуекелдiң мәселелерін зерттеу ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында. Өз кезегiнде уәкiлеттi органмен еңбек гигиенасын және денсаулықты басқару жүйесін жетiлдiру бойынша мемлекеттiк, сондай-ақ аймақтық деңгейлерде еңбектi қорғауды, өндiрiстiк ортаны жақсарту шаралары қабылданып жатыр.

Өндiрiстегi ажалды төмендету және халықтың денсаулығын қорғау мәселелері тек әлеуметтiк мәселелердi шешуде ғана емес, сондай-ақ қоғамдық еңбектiң экономикалық тиiмдiлiгін арттырудың өзекті және басым бағыттарының бiрiне жататының атап өту керек. Қазақстан Республикасы Президентi Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанды әлеуметтiк жаңғырту. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» бағдарламалық мақаласы бұл ұғымның мағынасы туралы адамдардың түсінігін кеңейте түстi. Мақалада «әлеуметтiк мәселелердi шешуден бiздiң елдің барлық азаматтарының күндегi көңiл күйі және өмiрi байланысты» деп көрсетілген. Мемлекет басшысы «қазақстандықтар әлеуметтiк жаңғырту саясатын іске асыруда тiкелей және мүдделi қатысады» деген сенiмдiлiк бiлдiрдi делінген [2] . Бүгiн өндiрiсте тәуекелдiң ең аз шектеулі деңгейiн анықтау мақсатында еңбек саласындағы отандық мамандар тәуекелге қатысты әр түрлi: техникалық, жеке, потенциалдық, қолайлы, ұжымдық (топты, әлеуметтiк), соның iшiнде кәсiби тәуекел терминдерді қолдануға мәжбүр. Кез-келген тәуекелдің шамасы бойынша, сондай-ақ өз табиғаты бойынша айырмашылығы болады. Сондықтан оны өлшеудегі мiндетке бағалау жұмыстарын жүргізу: бiрiншiден тәуекелдiң барлық мәндi түрлерiнiң ауқымдарын бағалау (өндiрiстiк жарақаттанушылықтың және науқастықтың жиiлiгi, соның iшiнде ажалдың болуы), екiншiден әрi зиянды және қауiптi факторлар салдарынан болған зияндыққа қатысты санын салыстырмалы бағалау кіреді.

Халықаралық тәжiрибеде «кәсiби тәуекел» еңбек процессінің және өндiрiстiк ортаның факторларынан қызметкерлердiң кәсiби ауруларының және жарақаттарының пайда болуы сандық заңдылықтары кең аспектiлік және ауқымды қаралады. Осы орайда басқа елдердегi ( Ұлыбритания, АҚШ, Жапония, Финляндия, Австралия , Франция және т. б. ) кәсiби тәуекелдердi басқару жүйесін енгiзу еңбек жағдайларын жақсарту, кәсiби аурулардың және жарақаттардың деңгейiн төмендету үшiн тәуекелдердi басқару тәсiлiнің негізділігін көрсеткенін атаған жөн. Кәсiби тәуекелді бағалау жазатайым оқиғаларды болдырмауда негiзгi буын болып тұр және еңбек қауiпсiздiгiн басқаруға тәсiлдердi анықтаудың бастапқы буыны (кезеңі) болып табылады. Өндiрiстегi тәуекелдердi нақты бағалаудың жоқтығы сақтандыру шараларын жоспарлауда уақытында емес және нақтылығы, сонымен бiрге шаралар тиiмдiлiгінің кері әсерінің салдарынан болу себептері бар. Осыған сүйене келе елде кәсiби тәуекелдерді басқару әдістерін, және оның жаңа талаптарын әзірлеу, кәсiби тәуекелдерді бағалау мәселелерінің маңыздылығын белгілеуге болады. Осы тұрғыда еліміздің еңбек қорғау саласындағы ғалымдары «кәсiби тәуекел» және «кәсіби тәуекелді бағалау» заңнамалық анықтамаларын қабылдау және түсiндіру үшін мақсатты түрде жұмыстар жүргiзуде. Бiз әуелде, кәсіби тәуекелді бағалауды қолданудың басты ойы - бұл еңбек қауiпсiздiгiнің нормативтiк талаптарына сәйкес еңбек жағдайларын келтіру және жақсарту бойынша шараларды жүзеге асыру, зиянды жағдайларда айналысатын адамдардың денсаулық күйін бағалау, сонымен бiрге кәсiби аурулардың мақсатты алдын алу екенін түсiнуiмiз керек. Кәсiби тәуекелдiң кеңiстiгi әлемдiк тәжiрибемен жасалған қорғау механизмдері: өндiрiстегi жазатайым оқиғалардан әлеуметтiк сақтандыру жүйесінің өтемақылы-оңалту қызметімен, кәсiпорындардың ұйымдастыру-техникалық жұмысымен, мемлекеттiң заңнамалық және бақылау міндеті сияқты спектрлерімен қамтылуы қажет.

Тәуекелдердi бағалау процессiнде келесi аспектiлерін шартты түрде бөлуге болады, олар:

  • кәсiби тәуекелдер мониторингі;
  • кәсiби аурулар және өндірістік жарақаттану зардаптарының ауырлығы және жиiлiгі, оның экономикалық бағасы туралы мәлiметтердi жинау;
  • қызметкерлердiң денсаулығы үшiн олардың потенциалдық қауiптілік ұстанымынан кәсiби тәуекелдердің зиянды және қауiптi факторларын анықтау;
  • сақтандырудың тиiстi үлгiсiн таңдау.

Бүгін Қазақстан үшiн кәсіби тәуекелді бағалау бойынша мәселелерді шешудің күрделiлiгi елімізде тәуекелдiң (техникалық, жеке, потенциалдық, қолайлы, ұжымдық және кәсiби) мониторингі жүргізілмегенімен шартталған. Мониторингтің кез-келген түрiнің жоқтығы тәуекелдердi бағалауда жалпы өздерінің кері әсерін тигізетіні белгiлi жай. Осыған байланысты тәуекелдердi бағалауды мына төмендегідей талдау:

  • еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестациялау жүргiзу нәтижелерi;
  • еңбек қауiпсiздiгiн жақсарту үшiн өткiзiлетiн технологиялық үдерiстер және өндiрiстiк объектiлердi жаңғыртудың нәтижелерi;
  • еңбек қауiпсiздiгі саласында нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарының сақталуын бақылау, ұйымдарда кәсiби тәуекелдердi басқаруды қолдану тиiмдiлiгі;
  • еңбектi қорғау бойынша шаралардың экономикалық тиiмдiлiгі;
  • зерттелетiн кезең iшiнде ұйымдарда анықталған кәсiби тәуекелдердiң көрсеткiштерiн төмендету(арту) серпiнi;
  • жұмыс iстейтiндерді оқытуды жүргiзу әдiстемелерiнiң сапасын бағалауы;
  • ұйымдар және салалар деңгейінде сертификатталған жеке қорғану құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық орындармен, емдеу-профилактикалық қызметтермен қызметкерлердiң қамтамасыздығын бағалауы;
  • өндiрiсте жазатайым оқиғалардан, аурулардан міндетті сақтандыруға сақтандыру тарифтері жүргізілу негiзiнде қалыптастыру керек.

Еңбектi қорғау саласындағы кәсiпорындардың, ұйымдардың басшыларына және мамандарына кәсiби тәуекелдердің экономикалық және табиғи көрсеткiштері жиi ажыратылатыны белгiлi. Бұған осы мәселенiң әртүрлi аспектiлерi әсер етедi. Мысалға, әлеуметтiк сақтандыру ұстанымынан кәсiби тәуекелі осы кәсiби топ үшiн табысын жоғалтумен бiрге жүретiн сақтандыру оқиғаларының басталу ықтималдығын бiлдiредi. Мұнда жарақатты алу тәуекелі емес, ол зардап шеккендердің емделуге, оңалуына қосымша шығындардың тәуекелі және жазатайым оқиғалардан табыстарын жоғалту қаупі сақтандырылады. Кәсiби тәуекелдi талдауға оның қауiптілігінің дәрежесiн бағалау және сәйкестендіру, анықтау бойынша мiндеттер кіреді, ал оны басқару тәуекелдi бақылауды және өтемақысын төмендетуге себеп болатын шараларды болдырмайды. Кәсiби тәуекелдердi зерттеу объектісі сипаттамалардың қиылысуы: тәуекел факторлары, тәуекелдiң субъектiсi, тәуекелдердi басқару сияқты өзiн көрсететiн тәуекелдi жағдай әрқашан да ол - жұмыс орны болып табылады.

Әлеуметтiк сақтандыру үшiн жұмысшыға (жартылай немесе толық еңбек ету қабiлетiнен айырылу) жазатайым оқиғалардың көпшiлiгi маңызы зор зардаптарды болдырмайтын және жазатайым оқиғалардың саны аса маңызды емес зардаптарға әкелетін кәсiпорындар мен салалар болып табылатынын ескеру қажет. Кәсiби тәуекелді бағалау критерийін еңбек ету қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi мен ұзақтығы бойынша қызметкердiң денсаулығының зақымдану көрсеткiшi арқылы қарау керек [3] . Қазiргi уақытта республикамызда жұмыс күшiнiң үлкен тозуы мен жұмысшының еңбек ету қабiлеттiлiгi көрсеткiштерi бірнеше ретке төмендегені байқалады. Бұл туралы үлкен кәсiби-салалық топтардың кәсiби тәуекел деңгейлерiн осы жөніндегі жалпы көрніс пен статистикалық база деректері куәландырады. Дегенмен өндiрiстегi тәуекелдiң бар факторлары бойынша: қанша рет тәуекелдiң факторлары санитарлық нормалардың (шекті-ұйғарынды шоғырлануларды және шекті-ұйғарынды деңгейлерді) артқанын, сонымен бiрге еңбектiң қолайсыз жағдайларда қызметкердiң болуынының ұзақтығы жөніндегі қажетті позициялар бойынша мәліметтер бере алмайды. Сондықтан еңбектiң жоғарыда айтылған мәселелері терең талдауды және зерттеулерді талап ететіні анық.

Кәсiби тәуекелдердi басқару және бағалаудың мемлекеттiк жүйесін қалыптастыру мақсатында мынадай:

  • еңбек ету қабiлетiнен айырылу және жұмыс iстейтiндердің денсаулығының бұзылуының(анықтаудың ерте түрлерін қоса) медициналық көрсетулерін, еңбек процесiн, өндiрiстiк ортаның факторларын есепке ала кәсіби тәуекелдi кешендi бағалаудың теориялық - әдiстемелiк негіздерін әзiрлеу;
  • мемлекет деңгейінде кәсiби тәуекелдердi бағалау бойынша үйлестiру деңгейiн арттыру, бұл үшiн елдiң кәсiби тәуекелдерiн басқару және бағалау бойынша бiртұтас үйлестіруші органды құру тиімді;
  • негiзгi топтар(100-500 жұмыс орындары) бойынша кәсiби тәуекелдiң үлкен деңгейiмен жұмыс орындарының үлгiлік тiзбесін анықтау және олардың базасында кәсiби тәуекелдiң серпiнi және деңгейлерінің тұрақты, ұзақ мерзiмдi мониторингін ұйымдастыру сияқты бірнеше шараларды жүзеге асыру қажет.

Өндiрiстiк тәуекелдің шамасы антропогендiк әсерлерiмен шартталған жиi қауiптерді бағалаудың сандық өлшемі болатыны белгiлi. Химиялық табиғаттың антропогендiк факторларының әсері патологиялық әсерлерге оның тұрақтылығын анықтайтын және ағзаның тіршілік әрекеті мен дамудың материалдық негiзiн көрсететін табиғи факторлардың жиыны оның ағзаға әсер ету аясында жүзеге асады. Тәуекелдiң жеке факторлары (шу, тозаңдылық, тербелу, газдылық және т. б. ) бойынша қолайсыз еңбек жағдайларда жұмысшылардың үлестік тығыздылығы тәуекелдің олар туралы маңызды ақпаратын сипаттап көрсете алмайды. Бүгiн өндiрiстегi (зиянды және қауiптi факторлармен) қауiптерден тәуекелдердi анықтау мен еңбек жағдайларын басқару құралдарының бiрi - өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау болып табылады. Ол үшін жұмыс орындарын аттестациялаудың кейбiр позицияларын қарап шығайық. Өндiрiстiк объектiлердi аттестаттау жарақаттану қауіпсіздігі бойынша және еңбек жағдайларының сыныптарын анықтаумен зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторларды бағалауды қарастырады. Алайда, жұмыс орындарын аттестаттау процессiнде тек өндiрiстiк факторлар ғана тәуекелдер жiктеледi және бар қауіптерді, тәуекелдердi қызметкерлердiң денсаулық жағдайымен салыстыру механизмдері толық қанды қарастырылмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындардағы еңбекті қорғау қызметтері және оның функциялары. Лауазымды адамдардың міндеті
Өндірістік жарақаттар және кәсіби аурулар туралы негізгі түсініктер
Өндірістік жарақаттануды талдау әдістемесі
«Еңбекті қорғаудың заңды негіздері»
Қауіпті өндірістік объектілердегі, өндірістік қауіпсіздік туралы
Апаттар мен жарақаттанудың себептері
Жарақаттанудың алдын алу шаралары
Өндірістік мекен-жайларға және жұмыс орындарға санитариялық-гигиеналық талаптар
Өндірістік жарақаттану
Еңбек гигиенасының түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz