Ақкете Шернияз Жарылғасұлы



1. Шернияз би
2. Шернияз бидің артында қалдырған мұрасы
3. Шернияз тек қана ақын емес, өз елінің қабырғалы билерінің бірі
4. Шернияздың өскен ортасы, жастық шағы
5. Шернияз мұрасын зерттеген Сүйіншәлиев ойы
ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамы өзінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Ғасыр басында хандық билік жойылып, мемлекеттігімізден толық айырылып, басқарудың жаңа тәртібі енгізіліп жатты. Батыс пен солтүстік жақтан орыс мәдениетінің, сонымен қатар татар мәдениетінің, оңтүстік, оңтүстік-шығыстан теократиялық Орта Азия мемлекеттерінің қазақ қоғамына, мәдениетіне ықпалы күшейді. Жан-жақтан анталаған жаулардың мақсаты қазақ халқын өзіне құл ету, жерін, байлығын толық иеленіп, қолынан келсе, жер бетінен қазақ деген халықты жойып, құртуды көздеді.
Осы кезде халықтың мұң-зарын, ой-арманы мен мақсат-тілегін қорғаған азаттық күреске бел буып, талай ерлер қан майданда көз жұмды. Ту ұстап, қол бастаған батырлардың қан майданда төккен қаны еліміздің тәуелсіздігі үшін болған күресте қаншалықты қымбат болса, сол секілді халықтың тарихи жадын, дүниетанымын қалыптастыруда, елдік сананы насихаттауда үлкен тер төккен билер мен әулиелердің, шешендердің, жыраулар мен ақындардың рөлі зор болды.
Қазақтың азаттық алу жолындағы күресінде үлкен еңбек сіңірген тұлғалардың бірі ХІХ ғасырда өмір сүрген Кете тайпасынан шыққан Шернияз би Жарылғасұлы.
Шернияз бидің нақтылы өмір сүрген уақыты 1807-1867 жылдар делінеді . Бұл мәселе турасында әдебиетшілер арасында пікір қайшылығы бар. Оған әзір тоқталып жатпай, Шернияз жайлы деректерге шолу жасаймыз.
Шернияз туралы деректерді екі топқа бөлуімізге болады. Бірінші топқа – Шернияз айтыпты деген ел аузында сақталған әртүрлі өлеңдер, шешендік сөздер. Екінші топқа – Шернияз жайлы нақтылы жазылып, мұрағаттарда сақталған орыс деректерін жатқызуға болады. Шернияздың Тамалармен айтысып, Баймағамбет сұлтанның алдында жер дауын жеңіп шығуы жайлы бір деректі 1943 жылы Еламанов Амандық деген кісіден Үмітбаев жазып алған . Құжатта Еламанов Амандық ақсақалдың жасы 77-де деп көрсетілген. Сонда мәлімет беруші ақсақал 1866 жылдары туылған. Яғни, Шернияз туралы көп әңгімелерді Шерниязды көрген-білген кісілердің аузынан естіген. Сондықтан құжат мәліметтері көңіл аударуға тұрарлық. Осы қордағы 7-ші папкіде Шернияздың шығу-тегі, өмірі, өлеңдері турасында құнды мәліметтер бар. Фондыға мәліметтерді 1941 жылы латын, орыс әрпіне өңдеп тапсырған Ғабитова Фатима . Осы папкіде 1926 жылы жазылған Ілияс Жансүгіровтың Шернияз туралы мақаласы бар. Жалпы Орталық мұрағат қорында сақталған деректерді әр уақытта әртүрлі кісілер жинап әкеліп тапсырған. Ел аузынан жиналған бұл деректерден Шернияз туралы қандай мәліметтер алуға болады

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Ақкете Шернияз Жарылғасұлы

ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамы өзінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді.
Ғасыр басында хандық билік жойылып, мемлекеттігімізден толық айырылып,
басқарудың жаңа тәртібі енгізіліп жатты. Батыс пен солтүстік жақтан орыс
мәдениетінің, сонымен қатар татар мәдениетінің, оңтүстік, оңтүстік-шығыстан
теократиялық Орта Азия мемлекеттерінің қазақ қоғамына, мәдениетіне ықпалы
күшейді. Жан-жақтан анталаған жаулардың мақсаты қазақ халқын өзіне құл ету,
жерін, байлығын толық иеленіп, қолынан келсе, жер бетінен қазақ деген
халықты жойып, құртуды көздеді.
Осы кезде халықтың мұң-зарын, ой-арманы мен мақсат-тілегін қорғаған
азаттық күреске бел буып, талай ерлер қан майданда көз жұмды. Ту ұстап, қол
бастаған батырлардың қан майданда төккен қаны еліміздің тәуелсіздігі үшін
болған күресте қаншалықты қымбат болса, сол секілді халықтың тарихи жадын,
дүниетанымын қалыптастыруда, елдік сананы насихаттауда үлкен тер төккен
билер мен әулиелердің, шешендердің, жыраулар мен ақындардың рөлі зор болды.
Қазақтың азаттық алу жолындағы күресінде үлкен еңбек сіңірген
тұлғалардың бірі ХІХ ғасырда өмір сүрген Кете тайпасынан шыққан Шернияз би
Жарылғасұлы.
Шернияз бидің нақтылы өмір сүрген уақыты 1807-1867 жылдар делінеді[1].
Бұл мәселе турасында әдебиетшілер арасында пікір қайшылығы бар. Оған әзір
тоқталып жатпай, Шернияз жайлы деректерге шолу жасаймыз.
Шернияз туралы деректерді екі топқа бөлуімізге болады. Бірінші топқа –
Шернияз айтыпты деген ел аузында сақталған әртүрлі өлеңдер, шешендік
сөздер. Екінші топқа – Шернияз жайлы нақтылы жазылып, мұрағаттарда
сақталған орыс деректерін жатқызуға болады. Шернияздың Тамалармен айтысып,
Баймағамбет сұлтанның алдында жер дауын жеңіп шығуы жайлы бір деректі 1943
жылы Еламанов Амандық деген кісіден Үмітбаев жазып алған[2]. Құжатта
Еламанов Амандық ақсақалдың жасы 77-де деп көрсетілген. Сонда мәлімет
беруші ақсақал 1866 жылдары туылған. Яғни, Шернияз туралы көп әңгімелерді
Шерниязды көрген-білген кісілердің аузынан естіген. Сондықтан құжат
мәліметтері көңіл аударуға тұрарлық. Осы қордағы 7-ші папкіде Шернияздың
шығу-тегі, өмірі, өлеңдері турасында құнды мәліметтер бар. Фондыға
мәліметтерді 1941 жылы латын, орыс әрпіне өңдеп тапсырған Ғабитова
Фатима[3]. Осы папкіде 1926 жылы жазылған Ілияс Жансүгіровтың Шернияз
туралы мақаласы бар. Жалпы Орталық мұрағат қорында сақталған деректерді әр
уақытта әртүрлі кісілер жинап әкеліп тапсырған. Ел аузынан жиналған бұл
деректерден Шернияз туралы қандай мәліметтер алуға болады. Ең алдымен
Шернияздың өлеңдері мен терме сөздерін әр өңірдегі ақындардың түрліше
баяндайтынын көреміз. Екіншіден, ақын әрі би Шернияздың шығу-тегі туралы
құнды мәліметтер бар. Үшіншіден, Шернияздың атағы бүкіл қазақ даласына кең
таралып кеткендігі. Оның өскен ортасы, шығу тегі жайлы аздап болса да
мәліметтер кездеседі.
Деректердің осы тобына жататын тағы бір мәліметтер легін
М.Ж.Көпеевтің, Нұртуған жыраудың, Омарбек, Алыш ақындар нұсқасы құрайды[4].
Бұл нұсқалардың барлығын әдебиет зерттеушілері өз еңбектерінде пайдаланған.
Біз де өз зерттеуіміз жан-жақты, объективті болуы үшін бұл деректерді және
зерттеушілердің пікірлерін қосып пайдаланатын боламыз.
Деректердің екінші тобын орыс архивтеріндегі мәліметтер құрайды. Ол
құжаттардан Шернияздың нақтылы қай жылы туылғандығын, оның тұлғалық
портреті туралы мәліметтер аламыз[5].
Шернияз бидің артында қалдырған мұрасын жинақтап, шығармашылық
жұмысына талдау жасаған зерттеушілер біршама. М.Әуезов, Х.Досмұхамедов,
С.Мұқановтар Шернияздың шығармаларына талдау жасай келіп, Зар заман
кезеңіндегі ақындардың қатарына жатқызады[6]. Осы үш автордың ішінде
Шерниязға арнайы тоқталып, зерттегені С.Мұқанов пен Х.Досмұхамедұлы.
М.Әуезов тұтас бір кезеңді қамтыған қазақ халқының мұңды да ащы зарын
білдіретін Зар заман кезеңіндегі ақындардың, жыраулардың қатарында
қарастырған. С.Мұқанов Шернияздың шығу-тегі мен өмір жолы жайлы, оның
шығармаларының бүгінгі күнге қалай сақталып жеткендігін баяндайды. Шернияз
ақынның айтқан өлеңдерін, әр өңірдің ақындары өзгертіп айтатындығын және
сонша кең таралғандығына таң қалған[7]. С. Мұқановтың еңбегінен Шернияздың
нақтылы өмір сүрген жылдары жөніндегі пікірді кездестіре алмадық. Тек оның
ХІХ ғасырдың 70-жылдарының шамасында қайтыс болғандығын айтады.
Кеңестік дәуір әдебиетшілері арасында Шернияз Жарылғасұлы жайлы
зерттеулер онан ары жалғасын тапты. Халық өміріндегі барлық құбылыстарға
таптық тұрғыдан қарау көптеген ақындардың есімін ұмыттыруға алып келсе,
Шернияздың тағдыры басқаша болды.
Шернияздың шығармашылық жолына, өміріне қатысты зерттеу тоқтаған жоқ.
Х.Сүйіншәлиев, Қ.Жұмалиев, Қ.Мұқамедхановтар Шерниязға арнайы тоқталып,
мақалалар жазса, Шернияздың мұрасы Бес ғасыр жырлайды, Үш ғасыр
жырлайды атты жинақтарға енді[8].
Әдебиетшілердің еңбектерін оқып, саралай келе, зерттеулердің мынадай
бағыттар бойынша жүргенін анықтадық. 1) Шернияз Исатай, Махамбет
көтерілісіне қатысқан ақын, 2) Ол халықтың мұң-зарын билеушілерді аямай
әшкерелеп, тілдеуі арқылы кек алушы, 3) Шернияз импровизатор, ақын, 4)
Шернияздың өмір сүрген жылдарын анықтау, 5) Шернияз өмірінің екінші кезеңі
Баймағамбет сұлтанмен бірге өткен. Зерттеушілер қамтыған бұл мәселелердің
кейбірі бүгінгі күнде өзінің өзектілігін жоғалтқан. Әсіресе, Шернияздың
өмір сүрген кезеңіне қатысты пікірлері. Еңбектердің бәрінде Шерниязды 1817
жылы дүниеге келіп, 1881 жылы қайтыс болған делінеді[9]. Алғы сөзін
М.Мағауин жазған Бес ғасыр жырлайды жинағында ғана Шернияздың өмір сүрген
кезеңі дұрыс көрсетілген[10]. Олай дейтініміз, орыс жазба деректерінде
Шернияз туралы мынадай құнды мәлімет сақталған: 1856 жылғы ерекше
тапсырмалар атқарушы орыс шенеунігі В.М. Лазаревский Орынбор шекаралық
комиссиясының төрағасына донесение жазады. Донесение Кете руындағы ықпалды
билер туралы. Сол құжатта Ярлыкашев Ширнияз мулла, бий, 42 лет, - деп
береді[11]. 1850 жылғы құжатта Шернияздың жасы 42-де екендігі нақтылы
көрсетілген. Ал ел аузында сақталған ауызша мәліметтер бойынша 1807 жылдар.
Бір жыл, екі жыл кейде қате бола береді. Нақтылы туған жылы 1807 жыл
екендігін анықтадық. Енді қайтыс болған уақытына байланысты датаға
тоқталайық. 1881 жыл қайтыс болды дейтін авторлар 1882 жылы Орынбор
қаласында Баламырзаның Нұрымға айтқан өлеңіне сілтеме жасайды. Ол өлеңде:
Менің ағам Шернияз
Дабылы жерді жарулы,
Алты алашқа танулы,
Сөйлей қалған кәдімгі
Тірідегі дабысы
Талай жерге барулы
Сан азамат жиналса,
Басын топқа салулы,
Шайыр туған Шенекең
Бүгінде демі бітіп қалуы[12].
Осы өлеңге сүйенген зерттеушілер Шерниязды 1881 жылы қайтыс болған деп
уәж айтады[13]. 1867-1868 жылғы уақытша Ереже қазақ даласында халықтың
наразылығын тудырғаны белгілі. Әсіресе, батыс өңірде ірі-ірі көтеріліс
ошақтары тұтанды. Осы оқиғалардың ешбірінде Шернияздың есімі аталмайды.
Исатай көтерілісі кезінде делебесі қозып, байыз тауып отыра алмаған Шернияз
бидің 1867-68 жылғы азаттық көтерілістерге қосылмай, қалыс қалуы мүмкін
емес. Сондықтан 1867 жылдары қайтыс болды деген нұсқаны дұрыс болар деп
есептейміз[14].
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін зерттеушілердің басым көпшілігі
кеңестік дәуір тұсында зерттелмей, мұралары еленбей қалған ақын-жырауларды
зерттеуді қолға алды. Бұл заңды құбылыс болатын. Шернияз туралы жаңаша
тұрғыдан зерттеу жүргізу кенжелеп қалды. Әйтсе де Зар заман поэзиясын жан-
жақты тұрғыдан зерттеп, талдау жасаған Б.Омаров Шерниязға қатысты өзінің
зерттеулерінде біршама тоқталып өтті. Б.Омаров Шернияз ақынның
шығармашылығы зар-замандық сарындардан аулақтау екендігін айта кеткенді жөн
санаймыз, - деп өз ойын қорытындылайды[15].
Шернияздың өлеңдері Орысбай Әбділдәұлы құрастырған Дау шешеді дана
сөз атты жинақта және Қазақ әдебиеті энциклопедиясында шағын мақала
түрінда мәлімет беріледі[16]. Аталған еңбектер Шернияздың 1807 жылы туылып,
1867 жылы қайтыс болды деген пікірді дәлелдей түседі.
Әдебиет тарихын зерттеушілер Шернияздың ақын, ақын болғанда да суырып
салма айту өнерін барынша дамытқан, юморист ақын екендігін, өз еңбектерінде
барынша жан-жақты қырынан көрсетіп берді. Сонымен қатар оның шығармаларын
талдап, ақын ретіндегі қызметіне тиісті бағаларын бере білді. Біздің
алдымызға қойып отырған мақсатымыз – Шернияздың шығу-тегін анықтап, оның би
ретіндегі және рухани тұлға ретіндегі тұлғалық бейнесін сол дәуірмен
байланыстыра отырып баяндамақшымыз.
Шернияз 1807 жылы қазіргі Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында дүниеге
келген. Мұрағатта сақталған дерек көздеріне қарағанда, Шернияздың әкесі
Жарылғас би болған, атасы Жаман есепші, әрі ақын делінеді. Арғы атасы Малай
діндар, молда, саудаға жақын адам екен[17]. Бұл деректі Ғабитова Фатима
әкеліп тапсырған.
Алаштың ардақтысы Халел Досмұхамедұлы Шернияз шешен, Шернияз кім?
деген тақырыпта зерттеулер жүргізген. Осы зерттеуінде Х.Досмұхамедұлы
Шернияздың шығу-тегі туралы былай дейді: Шернияздың әкесі Жарылғас,
Жарылғастың әкесі Елде батыр. Елденің әкесі Жаман батыр, Жаманның әкесі
Малай, Малайдың әкесі Сарымбет, Сарымбеттің әкесі Айдар. Шернияздың қай
жылы туып, қай жылы өлгенін анық білмеймін. Дегенмен түрлі оқиғаларды
салыстырып қарағанда, өткен әсірдің жетпісінші жылдарында қартайып өлсе
керек[18]. Орыс деректерінде Шернияздың Кете руынан, оның ішінде Айдар
бөлімі, Малай бөлімшесі екендігі айтылады[19]. Біздің қарастырып отырған
екі мәселенің басы ашылды. Біріншіден, Шернияздың шығу-тегі анықталды,
екіншіден, өмір сүрген уақыты жөніндегі пікірімізді қуаттай түсті. Кете
шежіресі бойынша Шернияздың шығу-тегін анықтай алмадық.
Кете руынан, оның ішінде Айдар бөлімі, Малай бөлімшесінен екендігі
айтылады[20]. Бізге белгілісі, Кете тайпасы ірі-ірі үш бөлімге жіктеледі:
1) Ақ кете, 2) Қара кете, 3) Ожырай кете. Шернияз Ақ кете руы Айдар бөлімі,
Малай бөлімшесіне жатады.
Шернияз тек қана ақын емес, өз елінің қабырғалы билерінің бірі, әрі
оқығаны бар үлкен ілім иесі, молда болған. Өйткені, жоғарыда айттық, әкесі
Жарылғас би болса, арғы атасы Жаман есепші, ақын, әрі батыр. Шернияздың
шыққан тегі, арғы бабалары осал адамдар болмағандығы жайлы ел аузында
көптеген әңгімелер сақталған. Сондай әңгімелердің бірінде Жаманды хан
шақыртып алып, қыс қашан кетеді депті. Жаман тұрып, екі есепшің Бақа мен
Шақа не дейді? – деп сұрапты. Сонда хан: Кетеді деп Бақа айтты, кетпейді
деп Шақа айты. Екеуі ерегісіп, күнді қақайтты. Жаман: жылым бүгін, қарым
ертең кетеді. Сал қимылыңды. Хан: жұтқа ұшырап, қысылып отырса керек, жылың
бүгін келіп, қарың ертең кетсе, қалы кілем жабылған қара нар аласың. Екі
есепшісі: Бұйдасын тартып жетелесең де, желіңді тартып келтіре алмассың.
Жаман: Қайтпас қара желімді алдынан алтын бақанмен тіресең де тоқтата
алмассың депі. Хан тай сойдырып, пісіріп жеп бола берген кезде іргеден су
кіре бастаған екен. Жаман: ханда екі сөйлеу жоқ деп, қалы кілемді көтеріп
суырып алыпты. Есеп айтарда 3 жыл бұрын көлді ойып қойып, тәжірибелеп сынап
айтқан, - делінеді[21]. Ал әкесі Жарылғас би болған. Осындай текті жерден
шықан Шернияз жас кезінен ауыл молдасынан оқып, хат таниды[22]. Ол хат
танып қана қоймай, аталы сөздерді жаттап, ел шежіресін біліп өседі.
Х.Досмұхамедұлы өзінің зерттеуінде: Көкей молда Жарылғасты да, Шерниязды
да молда еді. Шернияздың шариғатқа жетік екендігі сөзінен байқалған
еді[23], - деи жазады.
Орталық мұрағат қорындағы құжаттар Шернияздың 8-9 жасында-ақ сөйлескен
адамын жыға сөйлейтін шешендігімен көзге түсе бастағаны туралы айтады. Ол
оқиға былайша өрбіген: Бір күні бір топ бала ойнап жатады, үстіне екі атты
жолаушы келсе балалар жабыла сәлем беріпті. Шернияз үндемей асығымен ойнай
беріпті, жолаушылар баланы сөйлетпек үшін сен неге сәлем бермейсің десе:
бала сен ордаға неге сәлем бермейсің, ордадан үлкенбісің дейді.
Жолаушылар салып кетейін бе. Шернияз салып кетсең жылдам барасың,
жолаушы: қойып кетейін бе. Қойып кетсең қайтарда алып кетерсің. Жолаушы: қу
екенсің, бала қу болсам жұмыртқамды жерсің деп жолаушыларды жығып
сөйлетпепті[24].
Шернияздың өскен ортасы, жастық шағы туралы азғантай ғана дерек
мағлұматтары осылай дейді. Ал енді Шернияздың шығу тегі жайлы айтқан
өлеңіне тоқталайық.
Жаз жайлауым сұрасаң,
Арқаның алыс даласы,
Ойыл, Қиыл, Жем, Сағыз,
Қобда, Електің арасы.
Қыс қыстауым сұрасаң
Ақ теңіздің жағасы.
Үйшікке жақын аулымыз,
Ара қонып келеді,
Базарға кеткен қалашы.
Ұранымыз Майлыбай,
Руымыз ақ кете,
Өзім атым Шернияз
Жарылғас бидің баласы, - деп жырлайды.
Орыс деректері Шернияздың айтқан өлеңі рас екендігін көрсетеді. Біз
алдыңғы беттерде айтып кеткен донесениеде Шернияздың руы мен жаз уақытында
Ойыл, Қиыл өзендері мен Үлкен және Кіші Қобда, Елек пен Шыңғырлау бойында
көшіп қонатындығын. Қыс уақытын Тайсойған немесе Ойыл өзені жағалауындағы
қыстауларда қыстап шығатындығы көрсетілген[25]. Біздің бұл мәселеге шұқшия
тоқталып отыруымыздың өзіндік себебі бар. зерттеушілердің көпшілігі
Шерниязды 20 жасында Исатай мен Махамбеттің дабысын естіп, іздеп келіп,
көтеріліске қосылған дейді[26].
Нұртуған жыраудың Ақкете Шернияз дастанында Шернияздың Исатайды
қалай іздеп барғандығын суреттеп жазады[27]. Біздің ойымызша, Шернияз
Исатайдың өзі іздеп бармаған. Бәрімізге белгілі Исатай, Махамбет көтерілісі
Ішкі Бөкей ордасында басталып, екі кезеңнен тұратындығы. Бірінші кезеңде
Ішкі Бөкей ордасында Исатай әскері жеңіліп, Жайықтың сол жақ жағалауына
өтіп, алты ата Әлімдер отырған жаққа келуімен екінші кезеңнің басталуы.
Олай дейтініміз, көтерілістің екінші кезеңдегі барлық оқиғалар жаңағы біз
айтып отырған Шернияздың елі Кетелердің жерінде өрістеді. Шернияз Исатай
мен Махамбеттің ерлігіне сүйеніп, соларды қолдаушылардың қатарына қосылған.
Екінші уәжіміз. Исатай көтерілісін зерттеушілер бірінші кезеңде қай рудың
билері қолданғандығын құжаттар негізінде анықтаған. Қолдаған рубасылардың
қатарында Шернияздың есімі аталмайды. Бұл кезде әлі Шернияз рубасы
деңгейіне көтеріле алмады деушілер болуы да мүмкін. Сондықтан Шернияздың
аты аталмай қалуы заңды деп. Біз бұл пікірдің де жаны барлығын ескереміз.
Дегенмен біздің пікірімізше, Шернияз көтерілістің екінші кезеңінде барып
қосылды деген пікірі қисынды көрінеді. Бұл мәселе жайында Х.Досмұхамедұлы:
Шернияз Исатайдың жорығында болуы рас. Шернияз туралы, Исатай туралы
әңгімелер қазақтың қай жерінде де бар. Көтерілістің екінші дәуірінде
Исатайға ерген елдің көбі Әлім еді. Кете де тегіс Исатайға ерген. Исатай
өлетін соңғы соғысы да Кетенің жерінде болған, Қиылдың бойы[28].
Шернияз жас кезінде Бекет әулиенің алдын көрген шәкірт болған. ХVІІІ
ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басында Батыс өңірінде Бекет әулиенің ықпалы
өте күшті болды. Бекет баба шәкірттер тәрбиелейтін бірнеше мешіт-медреселер
ашты. Ол кезде шәкірттердің тізімін алып отыру дәстүрі қалыптаспағандықтан,
Бекет әулие салдырған медреселерде көптеген біздің ақын-жырау, би-
шешендеріміз оқығандығы туралы ауызша әңгімелерде жиі айтылады.
Зерттеушілердің көпшілігі Исатай көтерілісі жеңіліспен аяқталғаннан
кейін Шернияздың Баймағамбет сұлтан алдына барғандығын сан-саққа жүгіртіп
айтады. Біздің ойымызша, Нұртуған жыраудың Ақ кете Шернияз дастанындағы
оқиға баяны дұрыс секілді. Шернияз шешен Баймағамбетті өзі іздеп келеді.
Баймағамбеттің алдына келгендегі Шернияздың айтқан сөздері мен өлеңдеріне
тоқталып жатпаймыз. Өйткені, ол жайында өте көп айтылды. Оның үстіне
Шернияз Баймағамбеттің қасында екі-үш жылдай ғана еріп жүрген. Біз осы
арада Шернияздың шешендік қырына тоқтала кетсек. Әлішер Тоқмағамбетов халық
Шерниязды Шернияз шешенім деп ардақтайды. Шернияз дүлдүл шешен еді. Ол –
халық атынан сөйлейтін, халықтың көкейіндегі аталы сөзді айта білетін,
жауға сөзбен шабуыл жасайтын, жермен-жексен ете соққы беретін халықтан
шыққан саңлақ еді.
Исатай мен Махамбет бастаған халық көтерілісі – Шернияздың шешендігіне
кең өріс берді, даңқы өсті[29]. Шернияз сөзді тауып сөйлейтін, ойы шалт
қимылдайтын сөзге өткір шешен болған. Оның тілінің өткірлігін білетін
Баймағамбет сұлтан өзінің сенімді адамдарының бірі қылғысы келген.
Шернияздың даңғайыр шешен болғандығын мұрағатта сақталған мәліметтер
растайды. Баймағамбеттің алдына барғанда айтқан сөздерінің өзі неге тұрады.
Хан аулында болған мына бір оқиға Шернияздың ешкімнен тайсалмайтын, айтар
сөзін, ойын жасырмай айтып салатын өткір би болғандығын көрсетеді.
Баймағамбет: күрлеп хандығы жүріп тұрған кезінде: елден сиязға хан
аулына барған, мырза, сардар билер: ханмен бірге шай ішіп отырыпты.
Баймағамбет: билерге қарап, мырза билердің түсі қара, тісі ақ болатыны несі
екен дейді.
Билер: біріне бірі қарап үндемейді; сонда Шернияз жас жігіт жаңа атқа
мініп қатарға қосылайын деп жүрген кезі, босағада отырып тақсыр рұқсат
болса жауабын біз айтар едік деді. Хан лұқсат берді. Мырза, билер: малға
мас болып, қатыныңды 3-тен, 4-тен алады, сиез іздеп ханға сәлемге деп ай,
жыл жүріп жолаушылар қайтады. Жеңгелеріміз ер сағынып, есігіңде жүрген
құлмен шатасып тұқымы шалысып, түсі қара, тісі ақ болып туады.
Билер: қызарып, хан қарық, қарық күледі.
Күлкі тоқтағанда, құданың бір ісіне таңданамын. Лұқсат болса айтар
едім деді. Хан: айтшы лұқсаттан соң.
Ханзадалардың баласы жүзі сары көзі көк болып туады, ел аралап сиез
құрып дау бітіріп ай, жыл жүреді. Патшадан ханға бұйрық, қат-қабар әкелген
патшаның елшілері ханды күтіп көп жатады. Қатын да ерсіреп, оңашада орыспен
араласып. Тұқымы шалысып көзі көк болады ма деймін дегенде, аузын басып,
жағың суырылсын, сұмырайдың тұқымы деп шынтақтап жата кетіпті. Үй
сыртындағы тыңдап тұрғандар күлкіге қарық болыпты[30], - дейді. Ел
арасында әңгімелерге қарағанда, Шернияз Мұрат секілді салынып айтатын ақын
болмаған. Тапқыр, сөзге тарылмайтын, тез жауап бергіш, мысқылдауға,
сықақтауға шебер, аузынан шыққан сөздің бәрі биік, тақпақ сөзге өте жүйрік
шешен болған. Ел ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шернияз Жарылғасұлының шығармашылық мұрасы
Тәуке ханның Жеті Жарғысынан әлеуметтік-саяси мазмұны мен маңызы
Қажым Жұмалиев шығармашылығы
Қазақ поэзиясы мен музыка өнері
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы мен зерттелуі
Тарихи тұлға және көркем бейне - М.Өтемісұлы
ХІХ ҒАСЫР МЕН ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИЕТІ
Берқайыр Аманшиннің шығармашылық ізденіс саласы
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы, зерттелуі
Қазақ халқы және Анатомия
Пәндер