XVII-XVIII ҒАСЫРДАҒЫ ЖОҢҒАР МЕМЛЕКЕТІ


БІРІНШІ ТАРАУ
XVII-XVIII ғасырдағы жоңғар мемлекеті
1. 1 Жоңғар мемлекетінің құрылуы
XVII ғасырда қазіргі Монғол мемлекеті мен Қытайдың батыс өлкесін мекендеген, көшпенді мал шарушылығымен шұғылданған монғол тектес тайпалар тарихта ұш түрлі атпен белгілі болган. Бұл атаулардың мазмұны, шығу тегі туралы мәселе ғылыми тұрғыдан толық шешіле қойған жоқ, бұл туралы әркім әртүрлі атпен жорамал айтады. Аталмыш халықтар ең әуелі тарихта "төрт ойрат" деген атпен белгілі болған. Бұл "ойрат" деп аталатын халық төрт тайпадан құралады деген ұғым береді. Аталған төрт тайпаның атын да әркім түрліше айтады. Орыс ғалымы В. Успенский тарих құжаттарына сүйене отырып, ойраттар Мин династиясы дүниеге келер кезде хошут, жоңғар, дөрбет, торғауыт деген төрт тайпадан құралған дейді де, дөрбеттерден бөлінген "хойт" аттас кішкентай тайпа болған дейді. Басқадай зерттеушілер бұл тайпаларды дөрбет, торғауыт, шорс, хойт депте атайды.
Мұндағы бір талассыз жағдай Қазақстанның Шыгыс шекарасымен көршілсс көшпенді халықтардың төрт тайпадан тұратындығында. Ол тайпалардың қалай аталуы терең ғылыми талдауды талап ететің маңызды мәселе емес, сондай-ақ бұл мәселе біздің тақырыбымыздан тыс жатыр.
Аталған төрт тайпаның басын біріктірген мемлекет тарихта "ойрат", "жоңғар", "қалмақ" деп аталады да, бұл мемлекеттің халқы "ойраттар", "жоңғарлар", "калмақтар" деп аталады.
"Ойрат" атауын кейбір ғалымдар монғолдың "ойр" ("жакын") деген сөзінен шыққан деп пайымдайды. Монғолдар өздерімен жақын, көршілес орналасқан қандастарын осылай атаған деп түсіндіреді олар. Буриаттың белгілі ғалымы, ағартушы Дорж Банзаров "ойрат" деген атау "ойн ард" (орман халқы) деген монғол сөзінен туындайды деп есептейді. Бұл ерте заманда аң аулап, орман-тоғайда өмір сүрген халықтарға берілген жалпылама аттан туындауы мүмкін деген болжамды ғалым меңзеп отырғаны байқалады. Жоңғар елінің батысында орман-тоғай болмағанын, сондай-ақ Жоңғар мемлекетін құраған тайпалар өз мекенінен басқа орман, тоғайлы жерді мекендемегенін ескерсек, ғалымның бұл болжамы сөздің ұқсастығына ғана негізделмеді ме екен деген тұжырымға тіреледі.
"Жоңғар" деген атау моңғолдар өздерін "Зүүн ғар" ("сол қол"), "дунд ғар" ("орта қол"), "буруун гар" "("оң қол") деп ұшке бөлгенде, елдің батысында немесе сол қол жағында орналасқан тайпаларға "Зүүн гар" немесе "Жоңғар" деген ат тиген.
XVII ғасырдың басында Жоңғарлардың құрамынан торғауыттардың бір бөлігі ауа көшіп, Еділ өзенінің маңына келіп қоныстанады да, Ресейдің құрамына өтеді. Торғауыттардың бұл бөлігі тарихта "қалмақтар" деп аталады. Біз сөз қозғап отырған халыққа қолданылып жүрген атаулардың ішінен "Жоңғар" атауын қолдануды жөн көрдік.
1635 жылы жоңғар тайпаларының бірінің көсемі Хунтайж Баатар жоңғар тайпаларының басын біріктіріп, қуатты Жоңғар мемлекетін құрады. ХVІІ-ХVІІІ ғасырдың аралығында бір ғасырдан астам уақыт өмір сүрген Жоңғар хандығы Орта Азиядағы халықаралық қатынаста үлкен рөл атқарады.
Жоңғар мемлекеті Ресей, Қытай, Монғолия, Қазақстан және т. б. елдердің тарихында елеулі із қалдырды. Міне, сондықтан да Жоңғар мемлекетінің тарихы орта ғасырдан бастап бүгінгі таңға дейін ғалымдардың назарын тартқан маңызды тарихи тақырыптың бірі болып келді.
Ғалым И. Я. Златкинның айтуынша, Жоңғар мемлекетінің тарихына байланысты тек орыс тілдерінде ғана 150-ден астам ғылыми еңбектің жарық көргені біздің бұл ойымызды дәлелдесе керек.
Жоңғар мемлекетінің жалпы тарихының ішінен Жоңғар мемлекетінің құрылуының себептері, алғы шарттары туралы мәселе ғалымдардың арасында пікірталас туғызып келді. Белгілі Шығыс танушы ғалымдар Я. Бичурин, А. Позднеев, Н. Веселовский, С. Козин және басқа біраз адамдар Жоңғар мемлекетінің құрылу себебін Жоңғар билеушілерінің Шыңғыс хан құрған империяны қалпына келтірмекші ниетімен байланыстырады. XVII ғасырдың бірінші жартысында торғауыттардың Алтайдан Ресей жеріне, хошуттардың Шығыс Түркістанға қоныс аударуын аталған ғалымдар Жоңғар билеушілерінің жоғарыда аталған ниетімен түсіндіреді. Екінші сөзбен айтқанда, Жоңғар тайпаларының ішінен екеуінің басқа елдің территориясына барып мекендеуі кездейсок немесе тайпа аралық қақтығыстан туған көрініс емес, Жоңғар билеушілерінің Монғол империясын қалпына келтіру мақсатымен істелген әрекетінің нәтижесі деп есептейді.
Осы себепті тілге тиек ететін ғалымдардың ойынша, Еділ және Түркістанға қоныстанған монғол тектес тайпаларды Жоңғар билеушілері болашак империяның ұйтқысы болады деп есептеген. Дегенмен, Жоңғар билеушілерінің бұл ниеті іске аспады. Іске асуға да тиіс емес еді.
Ғалымдардың екінші бір тобы (П. Рычков, И. Георги, А. Паллас т. б. ) XVII ғасырдың бірінші жартысында тарих сахнасына хунтайж Баатар тәріздес қабілетті саясаткер, қолбасшының дүниеге келуімен, оның жоңғар тайпаларының басын біріктіру үшін жасаған әрекетімен жоңғар мемлекетінің құрылу себебін түсіндіреді. Торғауыт тайпасының билеушісі Хо өрліктің 50 мың үйді ертіп Еділ бойына келуін - Жоңғар жеріндегі тайпалардың басын біріктіру әрекетіңе қарсылық деп есептейді.
Ғалымдардың тағы біреулері (мәселен Б. Владимерцев) жоңғарлардың будда дініңе бас июіне байланысты рухани өрлеудің нәтижесінде жоңғар билеушілерінің Орта Азияда қуатты көшпенді империя құру ниетінің тууына әкеп соқты деп есептейді.
Жоңғар мемлекетінің құрылу себебі туралы ғалымдардың бір-біріне қарама-қайшы пікір айтуының негізгі себебі тарихи құжаттардың толық сақталмауында. Әсіресе, жоңғарлардың өздерінің қолынан шыққан құжаттар бізге келіп жетпеді. Әрбір жоңғар князі өзінің ата тегіне байланысты шежіре жазып қалдырып отырғаны туралы мәлімет бар. Міне, осы құжаттардың бірде-бірі сақталмаған. Сондықтан да жоңғар тарихын зерттеушілер сол кездің өзінде де, онан кейін де, қазір де орыс ғалымдары мен саяхатшылардың қалдырған мәліметтері мен Ресей архивтерінің құжаттарын пайдаланумен келді. Жоңғар мемлекетінің шынайы тарихын жазу үшін бұл екі бағыттағы құжаттың жеткіліксіз екені дау туғызбас деп ойлаймыз.
Белгілі моңғол танушы ғалым И. Златкинның "История джунгарского ханства" атты монографиялық зерттеуінің екінші басылымы 1983 жылы жарық көрді. Осы еңбегінде ғалым Жоңғар мемлекетінің құрылу себептеріне, егжей-тегжейіне тоқтала келіп жоғарыда аталған ғалымдардан өзгеше концепция ұсынады.
XVI ғасырдың ақыры, XVII ғасырдың басында жоңғар тайпаларының жағдайы ерекше шиеленісіп кетті. Мұның себебін И. Златкин төмендегідей түсіндірді: ол өз еңбегінде тарихи мәліметтерге сүйене отырып, халха, жоңғар феодалдарының ерекше байып кеткенін атап көрсетеді де, бұл акыры жоңғар феодалдарының арасында қайшылықтардың тууына себеп болғанына тоқталады. Осындай жағдайға байланысты жекелеген феодалдардың арасында жайылым үшін қақтығыс жиілей келе халха феодалдары жоңғарларды батысқа қарай ығыстыра бастайды. Батыстан жоңғар феодалдарына қазақ билеушілері тосқауыл қояды. Сөйтіп жоңғар феодалдары екі оттың арасында қалады. Олар бұл тұйықтан шығудың жолын іздейді де, бұл ізденіс жоңғар тайпаларының басын біріктіріп, қуатты жоңғар мемлекетінің құрылуына әкеп соғады. Жоңғар мемлекетінің құрылу себебі туралы И. Златкинның концепциясы міне, осындай.
Ғалымнын бұл концепциясының шығу тегі бізге белгілі. Марксистік-лениндік методология бойынша Кеңес дәуірінде қандай болмасын тарихи оқиғаның себебін тек қана экономикадан іздейтің методология үстем болғаны белгілі.
Бұл методология бойынша тарих сахнасында болып өткен үлкенді-кішілі оқиғалардың себебі экономикалық қатынастардың әсерімен түсіндіріледі де, әлеуметтік және рухани факторлардың рөлі ескерілмейді, Тарихи оқиғаның себебін экономикадан тысқары себептермен түсіндіру әрекеті ревизиолизм-идеализм деген атпен аталады.
Міне, осының салдарынан тарихи оқиғаның себебін тек экономикадан ғана іздеу методологиясы үстем болды да, бұл ретте идеяның, рухани фактордың рөлі ескерілмей келді.
Қазір белгілі болып отырғандай тарихи оқиғаларды экономикалық себептермен түсіндіру методологиясын жоққа шығара отырып, әлеуметтік және идеялық, рухани фактордың да ролін ескеру ғылымда мойындалып отыр. Біз осы методологияға сүйене отырып, Жоңғар мемлекетінің құрылуын тек жайылым үшін күрестің шиеленісуімен түсіндіру жеткіліксіз деп есептейміз.
XVI ғасырдың ақырынан жоңғар тайпаларының арасында будда діні тарай бастады да бұл біріктіруші факторға айналады, екінші жағынан, жоңғар коғамында рухани өрлеудің басталуына себепші болады. Міне, осы жағдай жоңғар тайпаларының басының бірігуіне, біртұтас жоңғар мемлекетінің құрылуына екінші үлкен себеп болды деп есептеу дұрыс.
Жоңғар мемлекеті құрылғанға дейін мемлекеттің кейбір белгілерінің қалыптаса бастағанын тарихи құжаттар дәлелдейді. Мәселен, ХVІ-ХVІІ ғасырдың аралығында жоңғар елінде орта ғасырлық демократияның бір тұрі құрылтай өмір сүргені белгілі. Сондай құрылтайлардың біреуінің қабылдаған шешімінде іштегі қайшылықты шешкенде басқа біреудің, әсіресе халха князьдарының көмегіне сүйенуге қатаң тыйым салынған.
Сондай-ақ жоңғар князьдарын қара жұмысқа жегу арқылы олардың беделін түсіруге болмайтыны туралы айтылған. Осы кезде шақырылған барлык құрылтайлар хандарды, князьдарды бірлікке, бірлесіп істеуге, өзара көмекке шақырып отырған. Бұл жоңғар коғамында ішкі қайшылықтың күшеюі, оны шешу жолдарын заңдастырмақшы болған әрекеттер бір жағынан, бір орталыкқа бағынған күшті мемлекетті талап еткен қоғамдық қажеттіліктен туындаса, екінші жағынан, бұл қажеттілікті жүзеге асыру жолын іздеу әрекеттерінің болып отырғанын дәлелдейді.
Жоңғар елінің өмірінде болған ірі оқиғаның бірі XVII ғасырдың жиырмасыншы жылдары жоңғарияның барлық князьдарының будда дінің ресми дін ретіңде кабылдауы болып табылады. Будда дінін ресми идеология ретіңде қабылдау елдің ішіндегі қайшылықтардың бәсеңдеуіне әсер еткені байкалады. Осы кезде Ресейден жоңғар жеріне келіп-кетіп жүрген елшілердің барлығы дерлік жоңғар елінің ішкі жағдайының тыныштала бастағанына көңіл аударып отырған.
1635 жылы Жоңғар мемлекеті құрылып, оның хан тағына тайпа көсемі Қарақұланның баласы отырады. Тибеттің далай ламасы оған "Эрдэнэ баатар хунтайж" деген атақ береді Жоңғар мемлекеті 1758 жылға дейін 120 жыл өмір сұреді. Жоңғар мемлекетінің құрылған жылын осы тақырыпқа қалам тартқан ғалымдар түгелдей 1635 жыл деп есептейді. Бұл Эрдэнэ Баатар хунтайжының хан тағына отырған жылы. Жоңғар мемлекетінің құрылған жылын Баатар хунтайжының таққа отырған жылымен есептеудегі негізгі себеп елдің тарихында оның атқарған рөлін бағалаудан туындаса керек. Баатар хунтайжының Жоңғар мемлекетінің тарихында алатын орны ерекше. Орыс ғалымы Я. Бичурин Баатар хунтайжының рөлін Ресей үшін I Петрдің атқарған рөлімен тең деп есептейді. Жоңғарлар қазақтар, монғолдарға ұқсас көшпенді мал шарушылығымен шұғылданған халық болды. Әкімшілік тұрғысынан хандық мемлекет аймақтарға, хошундарға, отогтарға бөлінді.
Жоңғар мемлекетінде қоғамнын жоғарғы сатысында хошун баскарған князьдар тұрды да, олар мал шаруашылығы өндірісінің негізгі құрал жабдығының меншіккері болды, өз карауында басы байлы шаруаларды ұстап, оларды қанап отырды. Хошун - феодалдардың жер иелерінің негізгі формасы болды. Белгілі монғол ғалымы, академик Ш. Нацагдорж: "Хошундардың шекарасына айрықша белгілер қойылып, олар қатал бакылауға алынып отырды, хошун князьдары өз территориясына басқа біреулердің көшіп келуіне, өз қарамағындағы басыбайлы шаруалардың басқа хошунға көшіп кетуіне тыйым салып отырды. Олар территориясының бір бөлігін өз семьясынан шыкқан діни феодалдарға бөліп беріп, жаңа хошун орнатып отырған, сондай-ақ жерін шіркеулерге мал жайлымына жалдайтын болған" деп жазады.
Хошун князьдары хошун жеріндегі жайылымдарды өз қарамағындағы басыбайлыларға бөліп беріп пайдалану арқылы өзінің жер меншіккері кұкығын жүзеге асырып отырды.
Орта ғасырдағы жоңғар елінде жер-жайылым меншік объектісі ретіңде феодалдардың меншігінде болды да, шаруашылык объектісі ретіңде жеке және кауымдық түрмен пайдаланылып отырған.
Жер-жайылымды пайдалану түрі жекелеген жайылымның шаруашылыктағы маңызына байланысты болды. Жерді жекеменшік түрінде пайдалану, негізінде, қыстауға байланысты болды, мұның себебі мал шаруашылығы үшін қыстаудың атқаратын ерекше рөліне байланысты еді. Қыстауларды әрбір қожалық өз меншігінде ұстады. Қыстаулар келе-келе жекелеген шаруашылықтардың жеке меншігіне айналып отырды. Қазақтар мен монғолдар сияқты жоңғарларда да кыстаулар жанұя басының атымен аталатыны тегін болмаса керек. Бұл елдерде кыстауларды жалға беру, сыйлау, мұрагерлікке беру де кездесіп отырған. Заңгер ғалым С. З. Зиманов XIX ғасырдың басындағы қазақтардың арасындағы жер қатынасының сипатын талдай келіп: "XVIII-XIX ғасырларда қыстауларды жалға беру, сыйлау, мұрагерлікке беру едәуір кездесіп отырган" /62. -166/ деп жазды. Қыстаудан басқа жерлерді шаруашылықтар қауымдық тұрде пайдаланып отырды.
Жоңғар мемлекетінде феодалдардың жеке меншігінде малдары көп болды, олар негізінен бай еді. Дегенмен, қазақтар мен монғолдар сияқты жоңғарияда да жекелеген ауқатты шаруалардың феодалдардан солардың ішінде князьдардан көп малы болғаны туралы тарихи құжаттар көп кездеседі. Көшпенді елдерде мал әрбір шаруашылықтың жеке меншігінде болды. Жоңғар мемлекетін алсақ, ондағы хошундағы, отогтағы барлық мал феодалдардың монополиялык меншігінде болған жоқ.
Ауқатты шаруалардан мал саны жөнінен көп аса бермейтің феодалдар қалайша өзінен малы көп шаруаларды басыбайлылықта ұстап, оларды қанай алатын болды деген заңды сұрақ туады. Көшпенді мал шаруашылығымен шұғылданатын елдерде өндірістің негізгі құрал-жабдығының ролін мал гана атқарады деп есептейтін ғалымдардың қорытындысына сенсек, онда феодалдар өзінен малы көп шаруаларды қанай алмаған болар еді. Ауқатты шаруалар да
феодалдарға қаналып отырмай, қауымдық әдіспен пайдаланып отырған жер жайылымға көшіп-қонып жүре берер еді. Іс жүзінде мұндай көрініс болған жок. Оның сыры көшпенді мал шаруашылығымен шұғылдаңған елдерде өндірістің негізгі құрал-жабдығы жер - жайылым мен малдан құралатын-дығында, жер-жайылым феодалдардың жеке меншігінде болғандығында.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz