Биліктің түрлері


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

1 Атқарушы билік

2 Заң шығарушы билік

3 Жергілікті билік органдары

4 Сот билігі

5 Пайдаланылған әдебиеттер

Атқарушы билік

Үкімет атқарушы билікті жүзеге асырады. Үкімет басшысы - премьер-министр. Оның қоластында үш орынбасары бар. Кабинет 18 министрден тұрады. Үкімет атқарушы органдар жүйесін басқарады және солардың жұмысына жетекшілік жасайды. Үкімет алқалы орган боп саналады және өзінің барлық қызметінде - Қазақстан Республикасы Президенті алдында, ал Конституцияда қаралған жағдайларда Парламент Мәжілісі мен Парламент алдында жауапты.

Қазақстан Республикасының Президенті Үкіметті Конституцияда белгіленген тәртіппен құрады.

Заң шығарушы билік

Заң шығарушы билік - Парламент. Екі палатадан тұрады. Жоғарғы палата - Сенат (39 адам) әр 6 жыл сайын сайланады. Төменгі палата - Мәжіліс (107 депутат, оның 9-ы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері) әр 5 жыл сайын сайланады.

Сенат депутаттығына, конституциялық заң тағайындаған тәртіппен, әр облыстан, республикалық маңызы бар қалалар мен астанадан (14 облыс, 2 қала) екі адамнан сайланады. Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті ұлттық-мәдени және қоғамның басқа да маңызды мүдделі өкілдерімен Сенатты қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, тағайындайды.

Парламент депутаты екі палатаға бірдей бір мезгілде мүше бола алмайды.

Жергілікті билік органдары

Әкімдік - Қазақстан атқарушы билігінің аймақтағы органы. Әкімдік басшысы әкім, ол республика Президенті мен Үкіметінің облыстағы өкілі боп саналады. Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін қызметке Қазақстан премьер-министрінің ұсынысымен Президент тағайындайды.

Басқа әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдері Қазақстан Президенті белгілеген тәртіп бойынша тағайындалады немесе сайланады.

Республика Президенті өз қалауы бойынша әкімдерді лауазымды қызметтен босатуға құқылы.

Қазақстан әкімшілік-аумақтық жағдайына қарай 14 облысқа бөлінген. Ел астанасы - Астана қаласы. Алматы қаласы республикалық мәртебеге ие.

Сот билігі

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты - елдің азаматтық, қылмыстық және басқа да жергілікті сот істері бойынша заңда көзделген процессуалдық формада олардың қызметін қадағалап, сот практикасы мәселелері бойынша түсініктеме беретін жоғарғы сот органы.
Оның мәртебесі Қазақстан Конституциясы мен “Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен соттар мәртебесі туралы” Конституциялық заң жазылған. Жоғарғы Сот Төрағасы, Жоғарғы Сот алқасының төрағалары мен соттары Республика Президентінің ұсынуымен Сенатта сайланады. Сот төрелігін Қазақстанда тек қана соттар жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі - Қазақстанда конституцияны қадағалайтын ұжымдық орган. Ол 7 мүшеден құралған. Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен екі мүшесін Президент, соған сәйкес Сенат пен Мәжіліс екі мүшеден 6 жыл мерзімге тағайындайды.
Конституциялық Кеңеске Президент, Сенат Төрағасы, Мәжіліс Төрағасы, жалпы санының бестен бірінен кем емес Парламент депутаттары, Премьер-Министр, сот (Конституциямен бекітілген адамдар бостандығы мен азаматтардың құқықтық нормативтік актілері бұрмаланған жағдайда ғана) өтініш білдіруге құқылы.

Парламент Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңес деп аталған «бір буынды» өкілетті органының орнына келді. Жоғарғы Кеңес жоғары өкілді орган ретінде 1937 жылғы Қазақ КСР Конституциясымен белгіленді. Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Конституциясы да Жоғарғы Кеңесті мемлекеттік биліктің жоғары КСР Конституциясында көрсетілген Республика құзырындағы барлық мәселелерді шешуге кұқылы болды. Басқаша айтқанда,

Жоғарғы Кеңес еліміздің мемлекеттік өміріндегі барлық мәселелерді шешу құқығын иеленеді. Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі Парламенттей болмады, өйткені онда билік бөлісу және тұрақты жұмыс істейтін жоғары өкілді органдар болған жоқ.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң мемлекеттік билікті заң шығару, атқару және сот тармақтарына бөлу қағидасын жариялады. Осының нәтижесінде Парламент және парламентаризм құруға қарай маңызды бір қадам жасалды. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы Жоғарғы Кеңесті Республиканың бірден-бір заң шығарушы және өкілді органы деп таныды.

Конституцияның Жоғарғы Кенеске кең өкілеттілік бергендігі сондай, мемлекеттік билікті бөлу қағидасы шын мәнінде мүлдем болған жоқ. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында Парламент заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган ретінде сипатталды. Қазақстан Республикасының Парламенті жоғары өкілді орган ретінде, өкілді демократия органы ретінде де әрекет етеді. Халық тікелей ғана емес, Парламент аркылы да өзінің саяси еркін білдіреді.

Парламент, сондай-ақ заң шығару қызметін жүзеге асыратын орган да болып табылады. Мұндай анықтама Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясының Жоғарғы Кеңестің бірден-бір заң шығарушы орган ретіндегі сипаттамасынан ерекшеленеді. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында Парламент бірден-бір заң шығарушы орган болып есептелмейді. Себебі Конституцияда көзделген жағдайда Президент заң шығару кызметін атқара алады. Заң шығару қызметімен бірге Парламент, шектеулі көлемде болса да, атқарушы биліктің қызметін де бақылай алады.

Парламент Республиканың бюджетін және оның орындалуы жөнінде Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің есебін бекітеді, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

Парламент Үкіметтің бағдарламасын мақұлдауы немесе қабылдамай тастауы және Үкіметтің қызметіне сенімсіздік білдіруі мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси билік түсінігі, ғылыми анықтамалары және оның көріністері
Бiлiктердi механикалық өңдеу технологиясы
Біліктер. Біліктерді жөндеу
Мемлекет нысанының түсінігі. Мемлекет нысаны түрлері
Билік функциялары
Билік туралы
Алғашқы қауымдық қоғамдағы биліктің және құқықтық нормалардың ерекшеліктерін көрсетіп құқықтық сипаттамасын беру
Қазақстан Республикасындағы саяси биліктің ерекшілігі
Монархияның тарихы
Саяси билік туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz