Түркі халықтары әдебиетіне ортақ әдеби мұралар



1. Түркі халықтары әдебиетіне ортақ әдеби мұралар.
2. "Күлтегін", "Тоныкөк", "Білге қаған " әдеби мұралары.
3. Әл.фараби шығармаларының өзіндік ерекшеліктері.
Шамамен VI ғасырдың орта кезеңінде Жетісу,Алтай орталық Азияны мекен еткен түрлі ру-тайпалар бірігіп Түрік қағанаты деп аталатын мемлекет құрғаны тарихтан жақсы мәлім.
Міне, сол ежелгі түркі дәуірдің қоғамдық әдеби мәдени өмірін жыр еткен ғажайып дастандар бар.Бұлар-«Күлтегін», «Білге қаған» және «Тоныкөк» жырлары деп аталады.Бұдан 1250 жыл бұрын үлкен құлпытастарға қашап жазылған осы әдеби ескерткіштер идеялық мазмұны жағынан да, көркемдік шеберлігі тұрғысынан да күні бүгінгі дейін оқушысын таңдандырып, тамсандырып келеді.Демек, Білге қаған, Күлтегін және Тоныкөк құрметіне қойылған тастардағы жазу VI-VIII ғасырлардағы түріктердің поэзиясы, солардың алғашқы әдебиет үлгілері, «шешендік өнердің және батырдың ерлігі жайындағы талай ғасырлардың өңдеуінен өткен ауызша хикаялардың дәстүрлі формаларын сақтаған» көркем туынды болып табылады.
Дегенмен руна жазуындағы бұл жәдігерліктер жылнама-шежіре емес, өз дәуірінің әдеби үлгілері екеніне тереңірек көз жеткізу үшін Күлтегін жазуынан бір хикаяны мысал келтірейік (Күлтегін ескерткіштерінің үлкен жазуы осындай алты хикаядан құралған) .
Егер Күлтегін жазуының авторы-Иоллығ-тегін Түрік қағанатының шежіресін тарихшы ретінде мақтап жазғысы келсе, қағанатының атақ-даңқы мейілінше өрлеп тұрған кезеңінен тоқталмай өтпес еді.Автордың мақсаты-«көк түркілердің» тарихын жазу емес, түрік халқының бұрынғы дәстүрін өз замандастарына идеал етіп көрсету болып табылады.Ол Түрік қағанатының гүлденген дәуірін Бумын қағанның есімімен байланыстырады.Автор үшін Бумын қаған түркілердің қуатты болған заманын оқушысына елестететін символ ғана.Одан лкейін билік жүргізген аса-даңқты қағандардың бірден-бірі (Қара-Ескені, Мұқан қағанды,, т.б.) автор ауызға алмайды.Бірден Күлтегіннің әке-шешесі Елтеріс қаған мен шешесі Елбілген әңгімелеп кетеді.Мұнысы түсінікті де.Өйткені Иоллығ-тегінің мақсаты түрік қағандарының есімдерін, жасаған ерліктерін, ттарихи деректерді шетінен жіпке тізіп, жылнама-шежіре жазу емес, түрік елін бір кездегідей ауыз бірлікке, ата-баба дәстүріне дерік болуға шақыру.
Күлтегін (684-731 жылдары өмір сүрген) - ежелгі түркі мемлекетінің көрнекті қолбасшысы, сол дәуірдің белгілі қоғамдық қайраткері ретінде тарихтан жақсы мәлім.Ол Кұтлұғ (Елтеріс) қағанның кенже ұлы.Қапаған қаған 716 жылы қаза тапқаннан кейін бүкіл түркі әскерін басқарады.Қапаған соғыста өлген соң Күлтегін оның ұрпақтарын да қырып салады өз ағасы Могилянды (кейін Білге қаған атанған түркі елінің қағаны етіп тағайындайды.Күлтегін талай соғыстарды жеңіске жетіп, өзін қабілетті қолбасшысы ретінде танытады.
Орхан ескерткіштерінің жанрлық ерекшеліктері туралы соңғы кезге дейін өзара қарама-қайшы екі түрлі көзқарас орын алып келді.Бірі-Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк ескерткіштері көркем әдебиетке, соның ішінде поэзияға ешбір қатысы жоқ, Түркі қағанатының дәлме-дәл жазылған тарихы деп қарады.Екінші-руна жазуындағы бұл ескерткіштерді поэзиялық туындыға тән барлық белгілері бар, ежелгі түркілердің өзіндік әдебиетіне дәстүріне негізделген көркем туынды деп таныды.
1. Х.Сүйіншәлиева «Қазақ әдебиетінің тарихы» Алматы 2006ж.
2. Н.Келімбетов «Ежелгі дәуір әдебиеті» Алматы 2006ж.
3. Н. Келімбетова, Ә.Қанафин «Түркі халықтары әдебиеті». Алматы 1996ж.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Түркі халықтары әдебиетіне ортақ әдеби мұралар.
2. "Күлтегін", "Тоныкөк", "Білге қаған " әдеби мұралары.
3. Әл-фараби шығармаларының өзіндік ерекшеліктері.

Тасқа жазылған дастандар.
(руна жазуындағы жәдігерліктер)
Шамамен VI ғасырдың орта кезеңінде Жетісу,Алтай орталық Азияны мекен
еткен түрлі ру-тайпалар бірігіп Түрік қағанаты деп аталатын мемлекет
құрғаны тарихтан жақсы мәлім.
Міне, сол ежелгі түркі дәуірдің қоғамдық әдеби мәдени өмірін жыр еткен
ғажайып дастандар бар.Бұлар-Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк
жырлары деп аталады.Бұдан 1250 жыл бұрын үлкен құлпытастарға қашап жазылған
осы әдеби ескерткіштер идеялық мазмұны жағынан да, көркемдік шеберлігі
тұрғысынан да күні бүгінгі дейін оқушысын таңдандырып, тамсандырып
келеді.Демек, Білге қаған, Күлтегін және Тоныкөк құрметіне қойылған
тастардағы жазу VI-VIII ғасырлардағы түріктердің поэзиясы, солардың алғашқы
әдебиет үлгілері, шешендік өнердің және батырдың ерлігі жайындағы талай
ғасырлардың өңдеуінен өткен ауызша хикаялардың дәстүрлі формаларын
сақтаған көркем туынды болып табылады.
Дегенмен руна жазуындағы бұл жәдігерліктер жылнама-шежіре емес, өз
дәуірінің әдеби үлгілері екеніне тереңірек көз жеткізу үшін Күлтегін
жазуынан бір хикаяны мысал келтірейік (Күлтегін ескерткіштерінің үлкен
жазуы осындай алты хикаядан құралған) .
Егер Күлтегін жазуының авторы-Иоллығ-тегін Түрік қағанатының шежіресін
тарихшы ретінде мақтап жазғысы келсе, қағанатының атақ-даңқы мейілінше
өрлеп тұрған кезеңінен тоқталмай өтпес еді.Автордың мақсаты-көк
түркілердің тарихын жазу емес, түрік халқының бұрынғы дәстүрін өз
замандастарына идеал етіп көрсету болып табылады.Ол Түрік қағанатының
гүлденген дәуірін Бумын қағанның есімімен байланыстырады.Автор үшін Бумын
қаған түркілердің қуатты болған заманын оқушысына елестететін символ
ғана.Одан лкейін билік жүргізген аса-даңқты қағандардың бірден-бірі (Қара-
Ескені, Мұқан қағанды,, т.б.) автор ауызға алмайды.Бірден Күлтегіннің әке-
шешесі Елтеріс қаған мен шешесі Елбілген әңгімелеп кетеді.Мұнысы түсінікті
де.Өйткені Иоллығ-тегінің мақсаты түрік қағандарының есімдерін, жасаған
ерліктерін, ттарихи деректерді шетінен жіпке тізіп, жылнама-шежіре жазу
емес, түрік елін бір кездегідей ауыз бірлікке, ата-баба дәстүріне дерік
болуға шақыру.
Күлтегін (684-731 жылдары өмір сүрген) - ежелгі түркі мемлекетінің
көрнекті қолбасшысы, сол дәуірдің белгілі қоғамдық қайраткері ретінде
тарихтан жақсы мәлім.Ол Кұтлұғ (Елтеріс) қағанның кенже ұлы.Қапаған қаған
716 жылы қаза тапқаннан кейін бүкіл түркі әскерін басқарады.Қапаған соғыста
өлген соң Күлтегін оның ұрпақтарын да қырып салады өз ағасы Могилянды
(кейін Білге қаған атанған түркі елінің қағаны етіп тағайындайды.Күлтегін
талай соғыстарды жеңіске жетіп, өзін қабілетті қолбасшысы ретінде танытады.
Орхан ескерткіштерінің жанрлық ерекшеліктері туралы соңғы кезге
дейін өзара қарама-қайшы екі түрлі көзқарас орын алып келді.Бірі-Күлтегін,
Білге қаған және Тоныкөк ескерткіштері көркем әдебиетке, соның ішінде
поэзияға ешбір қатысы жоқ, Түркі қағанатының дәлме-дәл жазылған тарихы деп
қарады.Екінші-руна жазуындағы бұл ескерткіштерді поэзиялық туындыға тән
барлық белгілері бар, ежелгі түркілердің өзіндік әдебиетіне дәстүріне
негізделген көркем туынды деп таныды.
Жырдың мазмұнына нәр беріп, сыртқы түрін ажарландыра түсу үшін
"Күлтегін", "Білге қаған", "Тоныкөк" жырларында теңеу, метафора
аллергия, гипербола, қанатты сөздер мақал-мәтелдер қолданылады.
Ежелгі түркі поэзиясындағы кейбір сөз тіркестері перифраз секілді
болып келеді.Мәселен "Күлтегін " жырында автор "адамдар" деп айтудың
орнына "ел жұрт", "адамзат ұлдары" деген сөз тіркестерін қолданады.Осы
жырдың өзінен төмендегідей нақышты сөздерді оқуға болады.

Жоғарыдан тәңірі баспаса,
Төменде жер айырылмаса..
Енді Білге қаған жырынан бір мысал келтірейік:

Тоғыз оғыз халқы
Өз халқым еді.
Көк пен Жердің ашуынан
Ол (халық) бізге жау болды.

"Күлтегін " мен "Тоныкөк " жырларына тән тағы бір жайт-бұл жырлардың
кіріспесінде және қорытынды бөлімдерінде лепті үнмен мәнерлеп ғибрат айту,
көтеріңкі сарынмен үндеу тастап, асқақтап сөйлеу сияқты Эмфатикалық дауыс
ырғағы басым болады.
Бір цикл көлемі жағына-руналық жазудың бір жолына шамалас болып
келеді.
"Күлтегін" жыры сюжеттік жағына бір-бірімен тығыз байланысты сегіз циклдан
тұрады.Әрбір цикл-мазмұны жағынан бір-бір хикая болып келеді.Оның бірінші
циклы-қағанның өз халқына қарата айтқан үндеуі, екінші цикл-Түрік қағанаты
жерінің кеңдігін суреттейді, үшінші цикл-Түріктердің әскери жорығын хикая
етеді, төртінші цикл-көршілес табғач халқының қастандық әрекеттері туралы
әңгіме, бесінші цикл-табғаштармен қатынасу түріктерге ажал қатерін
төндіретіні жайында хикая, алтыншы цикл-түркі халқының көреген емес екенін
өкінішпен жырлауға арналады, жетінші цикл-түркі халқының даңқыч көкке
көтерген қаған екендігі жөнінде айтылады, сегізінші цикл-осы ескерткіш-
жырды жазуға себеп болған жәйітті баяндауға арналған.
Ежелгі түркі поэзиясына тән дәстүр бойынша, осындай әрбір циклдің өзі
міндетті түрде мынадай үш элементтен тұрады.
1. Оқиғаның басталуы,
2. Сол оқиға желісінің біртіндеп ұлғая түсуі.
3. Осы циклды айтылуға тиісті ой-пікірдің түйіні.Мәселен,
"Күлтегін"жырының екінші циклын мысал етіп келтірейік.
Екінші цикл-Түрік қағанаты жерінің ұлан-ғайыр кең екендігін суреттеуге
арналған.
Тоғыз оғыз бектері, халқы
Бұл сөзімді мұқият тыңда,
Терең ұқ.
Ілгері-күн шығысында,
Оң жақта-күн ортасында,
Кейін-күл батысында,
Сол жақта-түн ортасында,
Осының ішіндегі халықтың бәрі
Маған қарайды!
Халықты осыншама көбейттім!

Міне, осы циклдың алғашқы үш жолы-оқиғаның басталуы-қол астындағы
халыққа қарата айтылған үндеу сөз: одан кейінгі төрт жол өлең-оқиғаның
өрістеуі-Түрік қағанаты жерінің кеңдігін суреттейді, циклдың соңындағы екі
жол жыр-осы циклдың түйіні-түрік елінің жері кең, ал халқы көп екені
айтылады.Күлтегін жыры көлемі жағынан 428 өлең жолынан тұрады.Мұның өзі
құлпытастағы руналық жазу бойынша есептелгенде ұзыннан-ұзақ 53 қатар жазу
болып шығады.
Бұл жердің ерекшелігі-бұл жыр бір-бірінен толық дербес тұрған алты
хикаядан, яғни алты оқиғадан құралған деуге болады.Бірінші хикая-түркі
халқының ұлы аты бабалары туралы, екінші хикая-түріктерді табғаштардың
бағындырып алғаны жөнінде, үшінші хикая-Елтеріс қағанды сипаттауға
арналған, тқртінші хикая-Қапаған қаған туралы, бесінші хикая-Білге қағанды
жыр еткен, алтыншы хикая-Күлтегін туралы жыр.
Орхан жазба ескерткіштері ішінде "Тоныкөк" жыры ерекше орын алады.Бұл
жырдың авторы бөлек оны Тоныкөктің өзі жазған деген юолжам бар.Бұл жыр
өзінің жазылу стилі, көркем тәсілдері, композиялық құрылымы, идеялық
мазмұны жағынан Күлтегін жырына өте ұқсас.Әсіресе, композициялық құрылымы-
циклдар мен элементтердің атқаратын қызметі құдды Күлтегін жырындағыдай
болып келеді.
Әрине, "Тоныкөк" жырының сюжеті, оқиғалары басқаша болып
келеді.Мұндағы басты қахарманы қағанның кеңесшісі Тоныкөк.

Ол өзі туралы:
Ақыл иесі,
Сөз иесі мен болдым,-
дейді.
Ал, дұшпандары Тоныкөктің ақыл алыбы-білгері екенін мойындайды:

Қағананы-алып екен,
Ақыл ойы білгер-екен.

Егер "Күлтегін " жырында түркі елінің белгілі бір соғыстағы жеңісіне
себеп болған негізгі нәрсе-Күлтегін батырдың ерлі деп көрсетілсе, ал
"Тоныкөк" жырында автор дәл сол жолғы шайқаста жеңіске Тоныкөктің ақыл-
айласы арқасында ғана жеттік деп көрсетеді.Бұл жырдың басты қахарманы
батыр емес, бүкіл түркі елінің дана қарты, тіпті Білге қаған мен
Күлтегіннің әкесі Елтеріс қағанға да ақылгөй болған Тоныкөк қарт.Сондықтан
бұл жырды уағыз-өсиет, нақыл сөздер көбірек ұшырасады:

Жұқаны бүктеу-оңай,
Жіңішкені үзу-оңай.
дейді.
"Тоныкөк" жыры да көлемді.Ол 313 өлең жолынан тұрады.Мұның өзі құлынтаста
62 руналық жазу жолына сиып тұр.Жырдың жалын оқиға желісін зерттеушілер он
төрт циклға бөліп қарастырады.Күлтегін жырындағы секілді мұнда да әрбір
цикл үш элементтен тұрады.
Бірінші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілерінің сипаттамасы мен ерекшеліктері
Ежелгі қазақ әдебиетінің тарихы және оның зерттелуі
Т.Жомартбаевтың публицистикалық шығармалары. Уәйіс Шондыбайұлы шығармашылығының зерттелуі. Қайым Мұхамедханұлының Абайтануға қосқан үлесі
Ортағасырлардағы көшпенділердің материалдық мәдениеті
Ежелгі дәуір әдебиетінің кезеңдерін сипаттау
Қазақ фольклорының тарихы
Ежелгі дәуір әдебиетінің қазақ әдебиетінде алатын орнын анықтау
Қазақ, шығыс және еуропа әдеби байланыстары
Орхон- Енисей ескерткіштерінің көркемдік мәні, зерттелуі
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы әдебиет туралы айтыстар. ҚазАПП тұсындағы тұрпайы социологиялық сындар. Соғысқа дейінгі әдеби мұраны игеру мәселесі
Пәндер