Сырдария өзені атырауының физикалық-географиялық жағдайын талдау арқылы iрi сауармалы егiншiлiк аймағының геоэкологиялық мәселелері мен табиғи ресурстарын тиімді пайдалану жолдары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 Сырдария өзенінің физикалық . географиялық жағдайының
теориялық негіздері
1.1 Аймақтың зерттелу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Физикалық.географиялық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Геологиялық құрлымы және геоморфологиясы ... ... ... ... ... ... ... ..
1.4 Климаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.5 Жер бетi және жер асты сулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.6 Топырақ жамылғысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.7 Өсімдік жамылғысы жануарлар дүниесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.8 Ландшафтысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2 Сырдария өзенi атырауы ландшафттарының қазiргi жағдайы және
экологиясы
2.1 Атыраулық ландшафттар және олардың даму динамикасы ... ... ...
2.2 Антропогендiк ландшафттарға сипаттама және экологиялық бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3 Сырдария өзенi атырауының табиғи.территориялық кешенiн шаруашылықтық бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.4 Ауыл шаруашылығын игеруде атыраулық территорияларды пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Зерттеудің көкейкестілігі: Табиғат анамыз бен адамзаттың ара қатынасына жiк түсiп, ол ұлғайып барады. Оған себеп, өндiргiш күштердiң тез қарқынмен дамуы, минералдық шикi зат қорларын орасан көп мөлшерде пайдалану, бұрын табиғатта белгiсiз көптеген жасанды заттар шығару айнала қоршаған ортаға қысымды шектен тыс күшейтiп, кейбiр аймақтарда экологиялық тепе-теңдiктi бұзды. Осы жағдайда еңбек өнiмдiлiгiнiң артуы, халықтың хал-ахуалының жақсартуы табиғат байлығын тиiмдi пайдаланумен, оны сақтаумен тығыз байлынысты болып отыр. Олай дейтiнiмiз, шұрайлы жерсiз, құнарлы егiстiксiз, айдынды шалқар көлсiз, жайқалған саялы ормансыз, ну қалың тоғайсыз, түрлi жабайы хайуанаттарсыз, тағы да басқа асыл қазыналары болмайынша қоғамдық өрлеудiң өрiсi қысқа болары хақ.
Суармалы жерлер аймағында Қазақстан халқының жартысына жуығы тұрады. Алайда, суармалы жерлер жалпы егiстiк алқаптардың 4%-iн құрайды. Солай болса да, оның үлесiнде өндiрiлген күрiш, мақта және қызылшаның барлығы, жемiс-жидек пен көкөнiстi 80%-i тиедi екен. Мал шаруашылығында қой отарларының басым бөлiгi осы өңiрде шоғырландырылған. Аса қатты қуаншылық болған жылдары азық-түлiк мол беретiн ең сенiмдi өңiр осы суармалы аймақ. Соның бiрi Сырдария аймағы. [31]
Ғылыми археологиялық деректер бойынша Сыр бойында, бiздiң жыл санағымыздан бұрын VII-V ғасырларда суармалы егiншiлiкпен айналаса бастаған. Содан берi Сырдарияның бойындағы жерлер iрi сауармалы егiншiлiк аймағына (әсiресе, төменгi ағысы бойы) айналған.[1]
60-жылдардың ортасында (1964 ж.) С.Я. Жук атындағы «Гипропроект» институты жасаған жоба бойынша Қызылорда облысында 315 мың гектар суармалы егiншiлiк болады деп белгiлен, 70-жылдарың аяғында егiстiң көлемi 21,5 мың гектарға азайды.
Суармалы жерде әр түрлi дақыладар егiледi. Олардың iшiнде биологиясы ерекшесi – күрiш. Ол көктеп шыққаннан бастап толық пiскенше, яғни үш ай бойы суда тұруы шарт. Соған сәйкес егу технологиясы да өзгеше. Ал, су болатын болса, ол тiршiлiк үшiн өте қажеттi фактор екенi рас, әйтсе де бiр жерде жиналып тұрыңқырап қалса, топыраққа тигiзетiн зияны шаш етектен. Сондықтан сурамалы жердiң экологиясын күрiш дақылымен байланыстырып талдау жөн сияқты.
Қазiр Сырдария өзенiнiң бойындағы орналасқан аймақтардың жағдайында суармалы жердiң бүгiнгiсi мен ертеңi, оның тиiмдi құнары, соған орай егiннiң өнiмдiлiгi топырақ құрамындағы биологиялық қорына байланысты болып отыр. Бұл жағдай дихандар мен мамандардың көңiлiне күмән келтiрмейтiнi ақиқат.
Қарастырып отырған аймақтың ауыл шаруашылығының негiзгi екi саласының бiрi – мал шаруашылығы. Оған қажеттi азық қазiр көбiне табиғи шабындық пен жайылымдардың есебiнен қамтамасыз етiлуде. Жемдiк шөптiң жалпы балансында мал азықтың 85-92 % табиғи шабындықтың есебiнен алады. Алайда, табиғи азықтың өнiмi шамалы, олар климат жағдайына қарай пiшiн бередi.
Соған байланысты,Сырдария атырауында орналасқан аймақтың суармалы егiстiктерi мен жайылымдарын шаруашылықта тиiмдi пайдалануын зерттеп, талдап, оларды күтiп қорғаудың шараларын қарастыру өзекті мәселе болып табылады.
1. Андриянов Б.В. Древние орошительные системы Приаралья (связи с историей их развития).-М.:1969.-174 с.
2. Алисов Б.П. Климат СССР.-М: Высшая школа, 1969.-104 с.
3. Бабаева А.Г., Залетаева В.С. Этолонные обьекты экологического мониторинга в аридных зонах // Проблемы освоения пустынь. 1990.
4. Баженов М.Г., Сарсенбаев М.Х. Регулирование водно-солевого режима земель рисовых северооборотов. Алма-Ата:кайнар, 1979.152 с.
5. Басова Т.А. Опыт картографирования антропогенно нарушенных пастбищных экосистем.//Проблемы освоения пустынь. 2001.
6. Бурлибаев М.Ж., Достай Ж.Д., Турсунов А.А. Арало-Сырдарьинский бассейн (гидроэкологические проблемы, вопросы вододеления)-Алма-Ата,Дауир-2001.-180 с.
7. Веселова Л.К., Будникова Т.И. Природные ресурсы современного Приаралья.Алма-Ата.:Наука,1981.-106-117 с.
8. Веселова Л.К. Морфоскульптура Восточного Приаралья//Использования и охрана природных ресурсов Казахстана. Алма-Ата,1979.-67-76 с.
9. Герасимов И.Б. и др. Проблемы Аральского моря и опустынивания Приаралья // Проблемы освоения пустынь.1989.№3.
10. Гельдыева Г.В., Веселова Л.К. Ландшафты Казахстана. Алма-Ата:Ғылым, 1992. 172 с.
11. Гельдыева Г.В., Скоринцева И.Б. Эколого-хозяйственная оценка Казахстанского Приаралья // комплексный мониторинг и практика.-М.,1991.-200-212 с.
12. Гельдыева Г.В. Будникова Т.И., Скоринцева И.Б. и др. Концепция изучение современного состояния природно-хозяйственных систем Приаралья // Вестник КазГу, Сер.Геогр.56.1998.№4-9.
13. Гельдыева Г.В., Будникова Т.И. Ландшафты Казахстанской части Приаралья // Арал сегодня и завтра. Алма-Ата. Кайнар,1990.114-208 с.
14. Гельдыева Г.В., Будникова Т.И. Изменение природно-мелиоративных условий Приаралья в процессе опустынивания // Населенные пункты и охрана окружающий среды.-Алма-Ата:Наука,1986.112-114 с.
15. Гельдыева Г.В., Скоринцева И.Б. и др. Ландшафтно-экологическое картографировании пустынной зоны Казахстана // Вестник КазГУ, Сер. Геогр. №7.1998.
16. Глазовский Н.Ф. Аральский кризис.-М.:Наука, 1990. 136 с.
17. Диярова К.Ш. Развитие и размещение сельскохозяйственного производства в низовьях Сырдарьи // Сборник статей научно-практической конференции.-Алма-Ата:Наука, 1992.47-56 с.
18. Еримбетов С.А., Худайбергенов Э.Б. Современные состояние растительных ресурсов в дельте Сырдарьи // природные ресурсы современного Приаралья. Алма-Ата,1981.63-78 с.
19. Ибрагимова У.А. Гидрохимический режим реки Сырдарья внизовьи // сб. Научных трудов юбилейной научно-технической конференции, посвященной 20-летию Кызылординского ПТИ им. Жахаева «Актуальные проблемы в экологии».
20. Картографические исследования природопользования ( теория и практика работ) Киев. Наукова думка, 1991.212 с.
21. Комплексная характеристика пастбищ пустынной зоны Казахстана.Алма-Ата,1990.230 с.
22. Конструктивные задачи ландшафтно-экологических исследований.М.,1990.213 с.
23. Нурымгереев К.Ш. Ландшафтно-экологический подход к системе землепользования // Поиск,51-Алматы-2000.80-85 с.
24. Можайцева Н.Ф.Эколого-геоботаническая характеристика и динамика растительного покрова современной дельты р.Сырдарьи // Известия АН КазССР. Серия биологическая. 1973.№4.
25. Нурымгереев К.Ш. Некоторые аспекты экологического подхода рациональной организаций ландшафтов в Приаралье // Географические основы устойчивого развития Республики Казахстан.-Алма-АКта-1998.144-149 с.
26. Нурымгереев К.Ш. Динамика землепользовании дельтовых ландшафтов р.Сырдарьи // Поиск,53.-Алма-Ата-2000-с.107-111.
27. Нурымгереев К.Ш. Вопросы рационального природопользование в дельте Сырдарьи // Гидрометеорология и экология,№3.Алма-Ата-1999.83-90 с.
28. Нурымгереев Ш.К. Охрана и рациональное использования природно-хозяйственных систем дельты Сырдарьи (на примере крестьянского хозяйства Кожабахы) // Деп.В Каз госИНТИ 11.11.97, 8711-на 99.-Алматы-1999.12 с.
29. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005
30. Пузырева А.А. Климатические районирование Южного Казахстана.-Алма-Ата.:Наука,1675-225 с.
31. Почвы Казалинского массива и перспективы их использования // Под.ред. Волкова Л.И.-Алма-Ата: Наука,1973.171 с.Садыкова Ж.С. Состояние и перспективы испоьзования ресурсов подземных вод аридной зоны Казахстана.// Проблемы освоения пустынь.-1983.№6-50-56 с.
32. Скоринцева И.Б. Природно-Сельскохозяйственная освоенность дельты Сырдырьи // Сборник статей научно-практической конференции.Алма-Ата:Наука 1991. 113-118 с.
33. Скоринцева И.Б., Басова Т.А. Динамика землеиспользования в ландшафтах дельтовых систем Сырдарьи // Устойчивое использование природных ресурсов Центральной Азии.-Алматы.1998.16-24 с.
34. Скоринцева И.Б. Сельскохозяйственная освоенность дельты Сырдарьи // Сборник статей научно-практической конференции.Алматы:Ғылым,1992.67-72 с.
35. Стародубцев В.М. Изменение почвенно-мелиоративных условий в бассейне реки Сырдарьи при водохозяйственном стротельстве. // Проблемы освоения пустынь.1993.123 с.
36. Султангазин У.Н., Мукитанов Н.К., Гельдыева Л.К., Мальковский Н.М. Концепция сохронения и востановления Аральского моря и кормализации экологической и социольно-экономической ситуаций в Приаралье. Проблемы освоение пустынь.3-4,Ашхабад,1991.97-107 с.
37. Тактов С.П. По древним дельтам Окса и Яксарта.-М.:1962.176 с.
38. Тауипбаев С.Т. Арал-Сырдария аймағын гидроэкологиялық тұрақтандыру.-Алматы:2000,244 б.
39. Чембариксов Э.И. Поверхностные водные ресурсы бассейна Аральскогго моря : их состояние, использование и охрана // Мелиорация и водное хозяйство.1995.№23-67.
40. Экология и охрана почв засушливых территорий Казахстана.Алма-Ата.1991.215 с.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
1 Сырдария өзенінің физикалық - географиялық жағдайының
теориялық негіздері
1.1 Аймақтың зерттелу тарихы 5
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Физикалық-географиялық жағдайы 7
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
1.3 Геологиялық құрлымы және геоморфологиясы 9
... ... ... ... ... ... ... ..
1.4 Климаты 11
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..
1.5 Жер бетi және жер асты сулары 18
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..
1.6 Топырақ жамылғысы 23
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...
1.7 Өсімдік жамылғысы жануарлар дүниесі 28
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
1.8 Ландшафтысы 30
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...

2 Сырдария өзенi атырауы ландшафттарының қазiргi жағдайы және
экологиясы
2.1 Атыраулық ландшафттар және олардың даму 34
динамикасы ... ... ...
2.2 Антропогендiк ландшафттарға сипаттама және экологиялық
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
2.3 Сырдария өзенi атырауының табиғи-территориялық кешенiн
шаруашылықтық бағалау 46
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...
2.4 Ауыл шаруашылығын игеруде атыраулық территорияларды
пайдалану ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...50
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .
Қорытынды 54
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...56
... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... .


Кiрiспе

Зерттеудің көкейкестілігі: Табиғат анамыз бен адамзаттың ара
қатынасына жiк түсiп, ол ұлғайып барады. Оған себеп, өндiргiш күштердiң тез
қарқынмен дамуы, минералдық шикi зат қорларын орасан көп мөлшерде
пайдалану, бұрын табиғатта белгiсiз көптеген жасанды заттар шығару айнала
қоршаған ортаға қысымды шектен тыс күшейтiп, кейбiр аймақтарда экологиялық
тепе-теңдiктi бұзды. Осы жағдайда еңбек өнiмдiлiгiнiң артуы, халықтың хал-
ахуалының жақсартуы табиғат байлығын тиiмдi пайдаланумен, оны сақтаумен
тығыз байлынысты болып отыр. Олай дейтiнiмiз, шұрайлы жерсiз, құнарлы
егiстiксiз, айдынды шалқар көлсiз, жайқалған саялы ормансыз, ну қалың
тоғайсыз, түрлi жабайы хайуанаттарсыз, тағы да басқа асыл қазыналары
болмайынша қоғамдық өрлеудiң өрiсi қысқа болары хақ.
Суармалы жерлер аймағында Қазақстан халқының жартысына жуығы тұрады.
Алайда, суармалы жерлер жалпы егiстiк алқаптардың 4%-iн құрайды. Солай
болса да, оның үлесiнде өндiрiлген күрiш, мақта және қызылшаның барлығы,
жемiс-жидек пен көкөнiстi 80%-i тиедi екен. Мал шаруашылығында қой
отарларының басым бөлiгi осы өңiрде шоғырландырылған. Аса қатты қуаншылық
болған жылдары азық-түлiк мол беретiн ең сенiмдi өңiр осы суармалы аймақ.
Соның бiрi Сырдария аймағы. [31]
Ғылыми археологиялық деректер бойынша Сыр бойында, бiздiң жыл
санағымыздан бұрын VII-V ғасырларда суармалы егiншiлiкпен айналаса
бастаған. Содан берi Сырдарияның бойындағы жерлер iрi сауармалы егiншiлiк
аймағына (әсiресе, төменгi ағысы бойы) айналған.[1]
60-жылдардың ортасында (1964 ж.) С.Я. Жук атындағы Гипропроект
институты жасаған жоба бойынша Қызылорда облысында 315 мың гектар суармалы
егiншiлiк болады деп белгiлен, 70-жылдарың аяғында егiстiң көлемi 21,5 мың
гектарға азайды.
Суармалы жерде әр түрлi дақыладар егiледi. Олардың iшiнде биологиясы
ерекшесi – күрiш. Ол көктеп шыққаннан бастап толық пiскенше, яғни үш ай
бойы суда тұруы шарт. Соған сәйкес егу технологиясы да өзгеше. Ал, су
болатын болса, ол тiршiлiк үшiн өте қажеттi фактор екенi рас, әйтсе де бiр
жерде жиналып тұрыңқырап қалса, топыраққа тигiзетiн зияны шаш етектен.
Сондықтан сурамалы жердiң экологиясын күрiш дақылымен байланыстырып талдау
жөн сияқты.
Қазiр Сырдария өзенiнiң бойындағы орналасқан аймақтардың жағдайында
суармалы жердiң бүгiнгiсi мен ертеңi, оның тиiмдi құнары, соған орай
егiннiң өнiмдiлiгi топырақ құрамындағы биологиялық қорына байланысты болып
отыр. Бұл жағдай дихандар мен мамандардың көңiлiне күмән келтiрмейтiнi
ақиқат.
Қарастырып отырған аймақтың ауыл шаруашылығының негiзгi екi саласының
бiрi – мал шаруашылығы. Оған қажеттi азық қазiр көбiне табиғи шабындық пен
жайылымдардың есебiнен қамтамасыз етiлуде. Жемдiк шөптiң жалпы балансында
мал азықтың 85-92 % табиғи шабындықтың есебiнен алады. Алайда, табиғи
азықтың өнiмi шамалы, олар климат жағдайына қарай пiшiн бередi.
Соған байланысты,Сырдария атырауында орналасқан аймақтың суармалы
егiстiктерi мен жайылымдарын шаруашылықта тиiмдi пайдалануын зерттеп,
талдап, оларды күтiп қорғаудың шараларын қарастыру өзекті мәселе болып
табылады.
Зерттеудің нысаны: Сырдария өзенінің физикалық-географиялық және
экологиялық жағдайы
Зерттеудің болжамы: Сырдария өзенiнiң физикалық-географиялық жағдайы
мен географиялық сипаттамасын талдау арқылы территорияның геоэкологиялық
мәселелерін және табиғи ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын анықтауға
болады
Зерттеудің мақсаты: Сырдария өзені атырауының физикалық-географиялық
жағдайын талдау арқылы iрi сауармалы егiншiлiк аймағының геоэкологиялық
мәселелері мен табиғи ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
1. Сырдария өзені атырауының физикалық-географиялық жағдайын теория
негізінде талдау
2. Территориядағы қазіргі ландшафттардың құрылымын анықтау
3. Сырдария өзені атырауының қазіргі экологиялық-географиялық
мәселелеріне талдау жасау
Зерттеудің әдістері:
1.Тақырыпқа байланысты ғылыми – теориялық еңбектермен танысып, талдау
жасау;
2.Библиография түзу;
3.Салыстырмалы-географиялық, статистикалық және экологиялық экспертиза
әдіcтерін қолдану
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Сырдарияның бойындағы жерлер iрi сауармалы
егiншiлiк аймағына (әсiресе, төменгi ағысы бойы) айналған оның физикалық-
географиялық сипаттамасы мен геоэкологиялық мәселелері мен табиғи
ресурстарын тиімді пайдалану ғылыми тұрғыдан көрсетілген.
Зерттеудің практикалық маңызы: Зерттеу мәліметтерін Сырдария өзені
бойындағы жерлердің суармалы-егінщілік аймағын тиімді пайдалануға,
геоэкологиялық мәселелерді шешуге пайдалануға болады.

1 Сырдария өзенінің физикалық - географиялық жағдайының
теориялық негіздері

1. Аймақтың зерттелу тарихы

Сырдария (тәжікше Сирдарё; өз. Sird aryo; парсыша: سيردريا‎) — Орталық
Азиядағы өзен. Ол кейде көне грек тіліндегі ὁ Ιαξάρτης деген аты
бойынша Яксарт деп аталады. Өзеннің грекше аты көне парсы тіліндегі Yakhsha
Arta (Үлкен маржан) деген сөз тіркесінен бастау алады, бұл өзеннің суының
түсінен пайда болған. Ортағасырлық мұсылман жазбаларында өзен жұмақтағы
төрт өзеннің бірінің атымен Сейхун (سيحون) деп аталған. Амудария өзені
болса Жейхун деп аталған, бұл жұмақтағы төрт өзеннің тағы бірінің аты.
Қазақстанда жергілікті тұрғындар оны күнделікті тілде Дария деп атайды.
Парсы тілінен келген Сырдария атауы ежелден бері қолданылып келеді.
Батыс елдеріндегілер болса 20-шы ғасырға дейін бұл өзенді Яксарт атауымен
атап келді. Ескендір Зұлқарнайынның жаулап алған жерлерінің солтүстік
шекарасы Сырдария өзені арқылы өтті. Грек тарихшыларының айтуы бойынша,
Ескендір б.з.д 329 жылы Александрия Эсхата (Ең алыстағы Александрия)
деген қаланың негізін қалаған. Ол қала қазір Худжанд деп аталады.
Өзен Қырғызстан меншығыс Өзбекстанд ағы Тянь-Шань тауларындағы
 екі өзеннің: Нарын және Қарадария өзенд ерінің қосылуынанбастау алады да,
2,212 km қашықтықта орналасқан Арал теңізіне барып құяды. Сырдария өзенінің
алабы 800 000 шаршы километрді құрайды, бірақ су іс жүзенде соның тек 200
000-ынан ғана жиналады. Оның біржылдық теңізге құюы — 28 кубокилометр ғана,
бұл Амударияның теңізге құятын суының жартысына тең. 
Сырдария өзенінің суы Орталық Азиядағы ең құнарлы мақта өсіретін
аймақтарды суғаруға және оның бойындағы Қоқан, Худжант, Түркістан
және Қызылорда қалаларын сумен қамтамасыз етуге қолданылады. [29].
Сырдария өзенін игеру сонау ежелден жүргізілгені белгілі. Оны грек
ғалымдары Птоломей ( б. Э. Б. ІІғ.) мен Герадоттың (б. Э. Б. ІІғ.)
еңбектерінен көре аламыз. Дегенмен оның шарықтап дамыған кезеңдері б. э.
д. VІІ ғ. ғ. кезіндегі Орта Жаңадария мен Орта Іңкәрдарианы игеру кезінде
жүзеге асқан болатын, сонымен қатар Ұлы жібек жолының өтуі де септігін
тигізді. Ол кезде суландыру әдісі ескі арналар есебінен жүргізілген
Суландыру мынадай жүйеде жүзеге асты - өзен – ескi арна – суландыру –
егiстiк. Қалыптасқан аридтi тор, тiктөртбұрышты тармақталуға әкелдi.
Қоныстану суармалы арналар қатарына қарай қалыптасты. Осы ауданда енi 10-20
м болатын үлкен магистральдi каналдар айқындалады. Бiр ерекшелiгi көктемгi-
жазғы су тасуларға суармалы егiстердiң бұзылуына байланысты өзенде ешқандай
дамбылар болмады. Нәтижесiнде жылдан-жылға өңделген үлесi жаңа жерге
көшiрiлiп отырды. Егiн шаруашылығы жартылай көшпелi атыраулы лиманды-
көлдiк сипатқа ие болды.
Ежелгі кездегі Сырдария өзенінің алабындағы суландырған жердің ауданы
2,2-2,5млн. г. оның ішінде үнемі суландыратыны 1млн. г. құрайды, ал
суландыратын каналдардың алып жатқан ауданы қазіргіге қарағанда 3 есе
жоғарылаған. Ол кезде суармалы аудан қазіргіден 10 есе төмен болған. Бұдан
Сырдария өзенінің су деңгейінің қаншалықты жоғары болғанын көруге болады.
Орта ғасырда суландыру жүйесінде бір қатар жоғарылаулар болды
мысалы, Іңкәрдария суландыру қорғанысы, суландырылған ескі арналар есебінен
жасанды алаптар жүйесінің жартылай және тірек бөгендері салынды.Бірақ
суландыру әлі де болса қарапайым лиманды-көлдік сипатта болды.Осы уақытта
кең таралған су тартатын-шығырлар суландыру жүйесінің дамуының жаңа кезеңін
ауыстырған болатын.
Сырдария өзенi етегiнiң суландыру қарқынының дамуы бiздiң эрамызға
дейiнгi 1 мың жылдықтағы суландыру үшiн атыраулық арналарды қолданудың
қарапайым сатысы бәсеңдедi. Мұнда ежелгі кезде де, орта ғасырда да
дамбалар мен канал магистралдар жүйесі болмаған .Х-ХІІ ғ. орта Сырдарияның
сол жағалаулық суландыру жерлерінде канал магистралдарды қалыптастырған.Бұл
жүйедегі ең басты құрылысты орта ғасырдағы Хорезм жүйесі алды (формасы -
тармақты әрі ұзын). Олар ірі ортағасырлық Сырдария қалалары: Қыр-үзгенді,
Найран-Төбені суландырды.С оғыс кездерінде суландыру жүйесі уақытша өзінің
дамуын тоқтатқан болатын.[1]
Жоғырады келтірілген мәліметтер негізінде Сырдария өзенінің игерілу
және зерттеу кезеңдерін бірнеше кезеңге бөлуге болады.
Бірінші, революцияға дейінгі (1896-1917) кезең.
Осы кезде қазақтардың негізгі мал шаруашылығы азайып, отырықшылық
негізгі маңызға ие болды.Суарылған үлескелер тұзданудың, батпақтанудың т.
б. әсерінен жаңа жерлер игеріліп, көлемі ұлғайған болатын. Бұның бәрі
Сырдария өзенінің ағысын сол кезде реттей алмауынан болатын. 1910ж
игерілген жерлер көлемі 60мың г. жетіп, онда- тары, арпа, бидай, жүгері
және бақша дақылдары егілді. Мұнда ең алғаш рет күріш егу 1896ж басталған
болатын. Күріштің ауданының ұлғайуымен Сырдария бойында 500 жуық арықтар
болды.. Осы өңірдегі қазіргі экологиялық жағдайлар 1908ж инженерлер мен
ғалымдардың Қазақстан мен Орта Азиядағы су ресурстарын пайдаланудың
жобаларын жасаудан басталған болатын. Оны А. И. Войковтың: гидротехникалық
жұмыстардың нәтижелі болуы үшін болашақта біз аз сулы жылдарда Арал
алабының суларының бәрін жасанды суландылуға қолдану керек. Көл көп сулы
жылдардағы артық сулар ағысы үшін қызымет етеді-деген сөзінен көруге
болады. Ауыл шаруашылығы осындай мәселелермен революциаға дейінгі кезең
саяси, экономикалық мәселелердің пайда болуының басталуының тұтас кешені
болып табылады.
Екінші кезеңде (1917-1960жж.) бұрынғыдай Сырдария өзенінің ағысын
реттей алмау болмады. Өзен суы осы жылдары күрт төмендеді, мұны 1938ж 20
мың г. егістік жердің өліп қалғанынан көреміз. Ондай жағдайдың болуы,
біріншіден, коллекторлы тîрлардың болмауынан және өңделген жерлердің
тұздануынан. Аймақ территориясында ол кезде еш гидроторап болмаған. Тек
1940ж Қызылорда бекетін салуға мемлекет көңіл бөліп, ол 1957ж іске асты.
Осы кездерде суармалы егістік жерлердің ауданы 2,9-4,2 млн.г. өскен
болатын. Бұл Арал теңізінің тартылуының бірден-бір себебі. Ал осы жылдары
Сырдария өзенінің алабында 72 ірі суландыру каналдары болған болатын
1960ж Арал маңында суландырудың ірі массивтерін игеру бастарлды. Осы
кезеңнің соңында Сырдария өзенінің су ресурстарын басқара алмауға күрес
мәселесі біртіндеп судың жетіспеушілігі мен оның сапасының төмендеуімен
күреске ауысқан болатын.
Үшінші кезең (1960-1980жж.) осы кезеңде көптеген қателіктер негізінде
экологиялық жағдайлар күрт өсе бастаған балатын.Мысалы, Қарақұм каналын
салу, ірі СЭС салудан көруге болады.
Төртінші кезең (1980 жылдан қазіргі уақытқа дейін) Әр мемлекет өз
егемендігін алғаннан кейін өз жерлеріндегі экологиялық мәселелерге көңіл
аударған болатын. Дегенмен де кейбір мәселелер өз шешімін әлі тапқан жоқ.
Адамдардың табиғи ортаға аштық көзбен қарауы негізінде біз өзіміздің Арал
және Балхаш көлдерімізден айырылу қаупінде тұрмыз.

1.2 Физикалық-географиалық жағдайы

Сырдарияның жалпы ұзындығының 1000 км- ден астамы Қазақстан
территорясы арқылы өтеді.Сырдария орталық Тянь – Шаньда екі ірі өзен: Нарын
мен қарадарияның қосылуынан құралады. Нарынмен есептегенде оның ұзындығы
2900 км-дей, бассейннің жалпы ауданы 462000 кв км , оның 219 000 кв км-і
таулы аймаққа жатады.Нарынның құйлысынан төменде Сырдария Ферғана аңғары
арқылы оңтүстік – батыс бағытта ағады Ферғана аңғарынан шыққанан кейін өзен
солтүстік – батысқа қарай бұрылады. Сырдарияға жоғарғы ағысындағы көптеген
салалар қосылады. Ол Қазақстан жеріне суы мол Шыршық өзені қосылғаннан
кейін енеді.Одан әрі өзенге тағы да бірнеше салалар құяды ең қосылатын
сала Арыс.
Ағынның 70 %-ын құрайтын негізгі көлемі бассейннің жоғарғы жағында
Ферғана жазықтығынан шығарға дейінгі жерде қалыптасқан. Шардара су
қоймасынан жоғары орналасқан оң жақ жағалау салаларының ағыны Қазақстанға
келетін жалпы суқорларының 21–23 % құрайды. Арыс өзенінің жəне Қаратау
жотасынан ағып жатқан басқа да өзен ағындарының Қазақстан жеріндегі еншісі
9–7 %. Арал-Сырдария су шаруашылық бассейнінде су қорларының сулылығы орта
болған жылдары 17,92 км 3жыл, ал су аз жылдары 14,24 км 3жыл бағаланады.
Мұндағы ағынның міндетті шығыны 5,82 км 3 жыл-мен бағаланады. 2,8 км 3
жыл көлемдегі ағын су өзен арналарының жəне су қоймалардағы судың беткі
қабаттарының булануына, сондай-ақ өзен арналарының фильтрациясына
жұмсалады. Арал теңізінің деңгейін көтеруге бағытталған экологиялық
бос ағызу 3 , 1 к м 3жыл құрайды. Сулылығы орта болатын жылдарда
қолдануға арналған су қорлары 12,02 км 3 –ді, ал 20 жылда бір
қайталанатын құрғақшылық жылдары олар 9,3 км 3жылды құрайды.Арал-Сырдария
бассейні, су шаруашылығының қиын жағдайымен сипатталады.Əсіресе
Сырдарияның төменгі аймағында өзеннің шынайы тоқтауы жəне өзен суының
ластануының жоғарылауы табиғи ортаның Арал аймағындағы қоныс жағдайының
төмендеуіне əкеледі. Өзен атырауы өзінің су басқару қабілетін толық
жоғалтты. Шөлді аймаққа айналу процесі 2 млн га жерді қамтыды.
Сырдарияға коллекторлы-дренаждық сулардың, елді мекендердің, өндіріс пен
ауылшаруашылығының ағынды суларының Сырдария өзеніне келіп құйылуы, судың
химиялық, бактериялық лайлануына əрі елді мекендердегі халықтың ауруға
шалдығуына əкеп соғады. Аймақтағы су проблемасын шешудің басты қиыншылығы
- жер үсті су қорларының толығымен ауылшаруашылығында қолданылуы. [32].
Біздің мемлекет көршілес Ресей, Қырғызстан, Тəжікстан жəне Өзбекстан
сияқты мемлекеттермен суды бөлу туралы көптеген сауалдарды шешу мақсатында
үлкен жұмыс атқаруда. Қытаймен бұрын болмаған дипломатиялық жетістіктерге
жеттік. Екіжақтың бірлесуімен трансшекаралық өзендерді қорғау жəне оларды
қолдану комиссиясы құрылды. Барлық трансшекаралық мемлекеттермен мұндай
келісім жасалғанымен, трансшекаралық су қорларын басқару туралы көптеген
шешілмеген сауалдар бар .
Солардың бірі – Сырдария өзен бассейні. Жоғарыда айтылғандарға дəлел
ретінде 2003–2005 жылдары Қырғыз энергетиктері электроэнергияны өндіру
үшін Тоқтағұл су қоймасына 750 м 3 сек жоғарылатылған бос ағызулар
түсіргендігін айтып кетуге болады. Сырдария өзен бассейнінің су деңгейінің
жоғары болуы – Шардара су қоймасына келетін су мөлшерінің артуына жəне су
қоймасының уақытынан бұрын толуына алып келді. Қыс кезінде судың жоғары
шығындарының өтуі нəтижесінде өзен арнасынан тасып, инженерлік құрылыс,
бөгет, егістіктерді шайып, Қызылорда облысының елді мекендерін су басты.
Қазақстан Республикасының су қорлары комитеті бұл жағдайды 2 млн АҚШ
долларына бағалады. 2003–2005 жылдары Сырдария өзенінде болған сел, су
шаруашылығы мамандарын көпжақты анализге тартуы керек. Неліктен біздің су
шаруашылық мамандарымыз тəуелсіздігімізді алғалы бері Сырдария арнасын
тазалап, Арал теңізіне суды сүзіп таза күйінде жіберу сауалын
қарастырмаған. Мысалы, Өзбекстан территориясындағы Жезақ жəне Новои
облыстарында көптеген жайлауларды, жолдарды, электрқуаты жолдарын,
тұрғылықты мекендерді су басты. Арнасай көлі деңгейінен асып, барлық
суармалы жерлерді басып барады . Сырдарияның төменгі ағысындағы өткізгіштік
қасиетінің төмендігіне байланысты Арнасай көліндегі өндірістік түсірілісі,
орта есеппен алғанда жылына 3,3 км құрайды.
Сырдария жоғарғы ағысында мұздық және қар суымен қоректенетін кәдімгі
тау өзені болып есептеледі. Орталық бөлігінің біраз жерінде және бүкіл
төменгі ағысында шөл зонасынан өтетеін жазықтық өзеннің сипатында болады.
Бұл жерде өзен маусымдық қар суымен коректенеді.Шиелі поселкесінен төмен
қарай Сырдариядан бірнеше тарамдар бөлініп кетеді. Олар: Шиелі,Көксу
Сауранбай т.б. Қызылордадан төмен ірі тарам – Қараөзек бөлінеді . Ол Жусалы
поселкесі тұсында қайтадан негізгі өзенге келіп қосылады.
Сырдария ұзақ уақыт - апрельдің аяғынан авгусқа дейін тасиды.
Сырдарияның шаруашылық маңызы зор. Оның суы негізінен егін суғаруға
жұмсалады
Қазіргі уақытта қарастырып отырған территория түгелімен дерлік
игерілген. Бұл ежелден келе жатқан аридті территорияның орталығы. Алғашқы
кездердегі суландыру жүйелері бірті-бірте дамып, осы жердің өркендеуінің
алғы шарты болды.Өлкені барлап қарағанда оның барлық ландшафтық
құрылымдарының өзгергенін көруге болады [5].
Бұрынғы КСРО-ның жалпы суармалы егістіктерінің жартысы Сырдария
өзенінің бойында орналасқандығы белгілі. Бұл жерлер Қаратау жотасы мен
Қызылқұм үстірті арасында орналасқан үлкен үшбұрыш іспетті. Жалпы
территория ендік бағытта 400км, ал меридиан бағытта 200-250км-ге созылып
жатыр. Яғни Сырдария өзенінің атырауы теңіз бағытымен баяу ылдилап
орналасқан жазықтық болып келеді. Жазықтың әр жерінде жатаған жусан өскен
шағыл құм төбелер мен жалды бұйрат құмдар кездеседі. Кейде биіктігі 60-80м
жететін жалғыз жарым төбелер мен биіктігі 40м болатын ежелгі қорғанның
орындары-асарлар да кездеседі. Мысалы, Жеті асар, Шірік, Құмқала т. б.
Атыраулық жазық шығыстан батысқа қарай 140-151м абсолюттік биіктіктен
(Шиелі, Тартоғай бекеттеріде), 100м абсолюттік биіктіктен (Жосалы), 55м
абсолюттік биіктікке дейін төмендейді. Ауданның шекарасы: батыста-Арал
теңізі жағалауындағы құмды массивтермен, оңтүстігінде-Қызылқұмның жоғарғы
құмдарымен, ал солтүстігінде-Сырдарияның қазіргі арнасының суландырылған
зонасы (көлдік және батпақты ойпат) болып табылады.
Ерте кезде қазіргі Сырдария атырауы мен Арал теңізінің орнында бір-
біріне ұқсамайтын, тіркесе жатқан үлкен екі қазаншұңқыр болған. Сырдария
өзені өзінің бастауын Тянь-Шань тауларынан Ферғана даласында түйісетін
кішігірім өзендерден алады да, Сырдария болып алдымен Қызылорда
қазаншұңқырына құйған. Шөлді аймаққа қатты ағыспен аққан өзен, ғылым
деректер бойынша, бұл шұңқырды 56 мың жылда шөгінділермен толтырған. Осы
ойпат қазір Сырдария ойпаты деп аталады. Ойпаттың ең терең жері Тартоғай
станциясы тұсынан басталып, Тереңөзекке дейін созылып, одан оңтүстік
батысқа қарай Жаңадарияның арнасын бойлай созылып жатыр. Батысындағы екінші
қазаншұңқырда-қазіргі Арал теңізі орналасқан.
Қазіргі кезде бұл жерлер отарлы мал жайылымына айналған. Дегенменде
егістік жерлердің алқаптары аймақтың жағдайына қарамай-ақ әлі де болса
көлемдері ұлғаюда.

1.3 Геологиялық құрылымы және геоморфологиясы

Жыныстардың литалогиясы жер бедерінің белгілерін, жер асты және жер
беті суларының қалыптасу ерекшеліктерін анықтайды, топырақ және аймақтың
экологиялық жағдайына да өз ықпалын тигізеді.
Ұзақ геологиялық даму барысында Сырдария ойпаты терригенді материалы
бар аккумуляциялық облысты құраған. Ежелгі полеозой фундаменті теңіздің
шөгінді жыныстары, әрі Сырдария өзенінің атыраулы-аллювиалды
шөгінділерімен де көмкерілген.Бұл қабатта: шаңды саздар,саздақ, құмдақ
және ұсақ түірлі мезазой-кайнозой және төрттік кезеңдердің құмдары
кездеседі. [8]
Мезазой кезеңінің шөгінділерінен кең тарағаны бор жүйесінің
шөгінділері, олар котиненталды шұбар ала ұсақ түйірлі құмы бар саздармен
көмкерілген. Олардың қалыңдығы 140-450м-ге жетеді. Оларда негізгі жер асты
суларының су жүретін қабаттары орналасқан. Ал жоғары жатқан континенталды
неоген жүйесінің шөгінділері плиоцен жасының құмды-сазды жыныстарының
қалыңдықтарымен 60м-ге дейінгі қалыңдықта берілген. Дәл осы неогенде нақты
жазықтың беті қалыптасқан. Осы жазықтың бетіндегі жыныстар төрттік
кезеңнің шөгінділері болып табылады, олар 70-80м қалыңдықтағы құм, құмдақ
және саздармен берілген.
Ауыл шаруашылығын игеру үшін жарамды территорианы бағалауда
территорианың литология-геоморфологиялық ерекшеліктерінің маңызы зор.
Сырдария өзенінің атырауының литология-стратеграфиялық кешені жоғарғы бор,
полеоген, неоген және голоцен шөгінділерімен көрінеді.Бұл әртүрлі (теңіздік
және континенттік) литологиялық құрам мен қуаты жоғары құрылым. Сырдария
өзені атырауы шөгінділерінің литологиясы, оның генезисі, жер асты
суларының минерализациясы мен экзогенді процестерінің қалыптасу
ерекшелігінен ландшафттардың литогенді негізінің 7 типін бөліп көрсетеді.
Табиғи территориалық кешеннің литогенді негізінің ежелгі типі жоғарғы
бор шөгінділерінен құралған. Мұнда қызыл-құба сазды және гидрослюдалды
құмды сазды алеваритті құмдар дамыған. Эоцен, олигоцен, плиоцен
шөгінділермен көрінетін полеогенді-неогенді шөгінділер ландшафтының
литологиялық негізінің бірлік типін қалыптастырады. Олар атыраудың
солтүстік бөлігінде кеңінен таралған және теңіздік жасыл-сұр саздар мен саз
және әктасты қабатты мергелдермен көрінеді. Эоцен шөгінділерінің орта
бөлігі құмдақты, алеваритті, құмдармен және саздармен олигаценді
шөгінділермен жамылған. Оны А. А. Яншин, Н. Н. Коспешко теңіздің кері кету
кезеңімен байланыстырады.
Ежелгі плиоцен уақытында Сырдария арырауының шығыс бөлігі үшін
теңіздің тартылғаны алевариттер, құмдар мен құба сазды –жағалаулық
шөгінділерден байқалады. Полеогенді-неогенді шөгінділер негізінен эолды
процестердің қарқынды жүруіне байланысты құмды-сазды шөгінділермен
берілген.
Көрсетілген ерекшелік Сырдария атырауында қалыптасқан эоценді-
плиоценді шөгінділерді табиғи территориялық кешеннің литогенді негізін
бірлік тип ретінде қарастыруға негіз береді. Оған шөлдік ландшафттардың
бірлік құрамы сәйкес келеді.Ежелгі плиоценнен кейін теңіздің қайтуы болып,
атыраудың шығыс бөлігі эрозионды-аккумулятивті процестердің даму алаңы
болды. Нәтижесінде аллювиалды-атыраулық, делювиальды-пролювиальды, көлдік-
делювиальды, эолды, хемогенді және теңіздік сияқты ландшафттардың
литогендік негізінің континенттік типі қалыптасты.
Аллювиальдық-атыраулық тип кезеңі Сырдарияның эрозионды-аккумулятивті
үрдісімен байланысты. Бұл әртүрлі түйіртпекті жасыл-сұр кварцты дала шпатты
құмдармен карбонатты саздар, алевриттермен қалыптасқан. Бұл тип егін
шаруашылығына әлде қайда қолайлы.
Атыраулық тип карбонатты саздармен, саздақтармен, қуаттылығы аз
құмайттармен көрінеді. Оны Сырдария мен Қуаңдария өзендерінің
жайылымдарынан көруге болады.Атыраудың солтүстігінде қазіргі уатытта да
өзінің қалыптасуын тоқтатпаған делювиальды-пролювиальды тип байқалады.
Көлдік-делювиальды шөгінділер саздақ және құмдақтармен көрініп,
тақырлардың қалыптасуына алып келеді.
Эолды тип өзінің аты айтып тұрғандай аридті климаттық жағдайда
төрттік және төрттік кезеңге дейінгі даму нәтижесінде қалыптасқан.
Құмды және аллювиалды-атыраулық шөгінділерде эолды процестердің
өңделуі қазіргі уақытта да жүруде. Оның ауданының өсуі, Арал теңізінің
деңгейінің төмендеуі мен адамдардың шаруашылық әрекетінің нәтижиесі.
Аллювиалды жазық атыраудың барлық территориясында кең етек алған. Бұл
аллювиалды жазықтар эолды төбелі құмдар мен құрғақ арналар, сорлар,
эрозионды шірінділер көрінеді. Аллювиалды жазық ұзақ уақыт бойы эолды
процестердің ықпалында болды. Нәтижесінде тегіс үлескелер төбелі-атызды
құмды массивтерге айналды. Төбелі атыздардың арасындағы өткелдер
тақырлармен көмкерілген. Осы жазықтар ең бір қатты игерілген жазықтардың
бірі.
Жоғарыда көрсетілген типтердің көбі егін шаруашылығында кеңінен
пайдалану есебінен қазіргі кезде қатты өзгеріске ұшыраған.

1.4 Климаты

А. П. Алисов бойынша алынып отырған территория континенттік Солтүстік
Тұран климаттық облысының құрамына кіреді [2]. Оңтүстік Қазақстанның
климатын аудандастыруға сәйкес А. А. Пузырев Балхаш-Арал континенттік
облысына жатқызады .
Жауын-шашынның жағдайына, радиация балланысының әркелкілігіне,
атмосфера циркуляциясының жағдайына байланысты Сырдария өзені атырауы өз
бетінше Арал климаттық ауданына бөлінеді.
Негізінен Сырдария өзені орналасқан алқаптың көп жері құмды және
сазды болып келген шөл және шөлейттер болғанымен де оның агроклиматтық
жағдайы біркелкі емес. Вегетация кезіндегі жылу мен ылғалдың көрсеткішіне
орай, облыстың территориясы бірнеше агроклиматтық аудандарға бөлінеді.
Жалпы облыс территориясында вегетация кезінде +10-тан жоғары болатын
температураның жиынтығы 3400-43000 аралығында болады. Осы көрсеткіштеріне
қарай мынадай агроклиматтық аудандарға бөуге болады. Олар: ыстық аудан-
жылудың жиынтығы 3400-4100*; өте ыстық-4000-4300*; Cырдария өзеніндегі
агроклиматтық; тау бөктері. Ауыл шаруашылығын өндiруде климаттық
сипаттардағы ең маңызды рольдi температуралық және желдiк режим, жауын-
шашын және олардың таралуы мен орташа жылдың күн радиациясы 142 ккалсм2
құрайды. Солтүстiктен оңтүстiкке қарай радиацияның түсу мөлшерi ұлғаяды.
Метеостанциялардың мәлiметтерi бойынша орташа жылдық радиация мөлшерi
мынадай: Сексеуiлде - 120-150 ккалсм2, Қазалыда - 150-442 ккалсм2,
Қызылқұмда 140-150 ккалсм2.
Агроклиматтық аудандарға байланысты Сырдария өзенi атырауының шөл
зонасына жатады. Қысы ұзақ, бұлтты күндер аз, төменгi температурасы –
12,80С болса, 14,20С – ға дейiн солтүстiк аудандарда төмендейдi. Аязды
күндерi 149-462 күн.
Территорияның солтүстiгiнен Сiбiр антициклонының суық ауа массалары
жеткiзiлiп, қаңтар мен ақпанда температура – 420С дейiн төмендейдi. Жауын-
шашынның жылдық салқын уақытында солтүстiкте 46,7 мм, оңтүстiкте –32,1 мм
түседi, ол жылдық мөлшердiң 23,4-25,2% құрайды. Көктемi тұрақсыз 25-30
наурыздан басталады. Оған ауа температурасының орташа көтерiлуi, мұздардың
ауысуы, желдiң күшеюi, топырақтың тез кебуi тән. Сәуiрде, наурызға
қарағанда температура 13-140С жоғары, ал мамырда орташа ауа температурасы
+18,80С оңтүстiкте, ал солтүстiкте +17,80 С жетедi.
Ауданда өсiмдiктiң өсiп өну кезеңi 191-200 күндi көрсетедi. Жауын-
шашын көктемде 41,6 мм немесе жылдық мөлшердiң 30,3% құрайды. Дегенмен
жоғары температура жыл бойынша жауын-шашын тұрақсыз түсуi, желдiң күшеюi,
буланудың жоғарыланып, ерте-көктемгi кебудiң пайда болуы басымдайды.
Көктемде топырағы ылғал қорын тез жоятын эфемерлi өсiмдiктер күштi дамиды
да, жаздың басында өсiп-өнуi аяқталды.
Жазы құрғақ, ыстық мамырдың бiрiншi жартысында басталады. Ыстық
айлардағы температура айырмашылықтары бiлiнбейдi, бiрақ ең ыстық ай –
шiлдеде температура +27,90, абсолюттiк максимум +42 +440С-ға жетедi.
Жазы бұлтсыз, ал күннiң жарқырауының ұзақтығы осы ауданда 1605,8 сағатты
құрайды. Жауын-шашын тегiс түспейдi.
Климаттың жалпы құрғақшылығы - ауданның климаттық ерекше белгiлерiнiң
бiрi. Күзгi кезең көктеммен салыстырғанда ұзақ. 1-жартысы құрғақ, жылы.
Термикалық депрессия жоғалады, салыстырмалы ауа ылғалдылығы жоғалады. 2-
жартысында – жауын-шашын мөлшерi жоғары, ауа температурасы төмен. Желдiк
режим жыл бойы 4-6 мсек орташа жылдамдықпен солтүстiк-шығыс бағытта
соғады. Бұл қарастырып отырған ауданда күштi желдер болатын күндер
басым.[13].
Зерттеп отырған аудандағы шаңды боран күндерi территорияның
орографиялық ерекшелiгiне байланысты.
Шөлдiң климаттық ресурстары жауын-шашын аз болуына, салыстырмалы
ылғалдылықтың төмендеуiне, топырақтың және су бетiнiң күштi булануына
байланысты егiн шаруашылығы тек суармалы егiс түрiнде ғана дамуы мүмкiн.
Сырдария өзені атырабының негізгі климаттық көрсеткіштері 1-кестеде
көрсетілген.

Кесте 1. Сырдария өзенi атырауының негiзгi климаттық көрсеткiштерi
( Қазалы бекетi бойынша 1970-2005 жылдар)

Ауа температурасы ( градуспен)
Жыл қаңтар шiлде абс. Мин. Абс. мак
6,9 -12,8 27,9 -42,0 44,0
Жауын-шашын
Жыл,мм Абс.мак ммАбс. % шақ Жауын-шаЖылдық Құрғақшы
мин мм қанда шынсыз мөлшерi мм лық индексi
Қ:К:Ж:К: күндер
саны
184 237 25,2:30,3272 1200 6,5
:26,1:22,
3
Вегетация кезеңiнiңКүн жарқырауынң 15 мс (шаңды борандар)
ұзақтығы (күндер ұзақтығы ((сағат) жылдамдықтағы желдi күндер
t100С мамыр-қазан) саны



173 1605,8 Мин 9 Мак 45

Күн радиациясы. Ауыл шаруашылығын өндіруде климаттық сипаттардағы ең
маңызды ролді температуралық және желдік режим, жауын-шашын және олардың
таралуы мен орташа жылдық күн радиациясы құрайды. Бұл аймаққа жоғарғы күн
радиациясы тән (140ккал см). География заңдылықтары сияқты мұнда да оның
түсуі өзгеріп отырады. Біздің жағдайымызда ол солтүстіктен оңтүстікке
қарай ұлғая түседі. Күн радиациясының жылдың әр мезгілінде әркелкі түсетіні
белгілі. Көптеген мәліметтерге сүйенсек біз зерттеп отырған территорияға
күз айларында 28ккал см болса, көктемде 38ккал см болса, қыс айларында бұл
көрсеткіш теріс балланысты құрайды (20ккал см). Бұдан күн радиациясының
жылдың жылы кездерінде басым, ал суық кездерінде аздығын көреміз.
Ауа массалары. Территорияға 3 негізгі ауа массалары ықпал етеді де , жыл
бойы бұл аймақ арктикалық, қоңыржай және тропикалық ауа массаларының
әсерінде болады.
Территорияның құрылықтың ортасында орналасуы онда құрғақ қоңыржай ауа
массаларының басым болуының негізгі себебі. Ал Атлант және Жерорта
теңізінен келетін теңіздік қоңыржай ауа массалары тіпті аз. Ол келгеннің
өзінде де жолда қатты өзгеріске ұшырайды.Аймақ қыста солтүстіктен келетін
Сібір антициклонының ықпалында болып, аймақтың қаңтар және ақпан айларын
–420С-қа дейін төмендетеді.Ал жазда Орта Азия мен Ираннан келетін құрғақ
әрі ыстық тропиктік ауа массалары әсер етіп, аймақта құрғақшылықтың
басталуына алғы шарт жасайды.
Жоғарыда аталған ауа массаларының әр қайсысы аймақтың көптеген
жағдайларына өзінің әсері тигізіп отырады.
Атмосфералық қысым.Біздің жағдайымызда атмосфералық қысым оңтүстік щығыстан
солтүстік батысқа қарай өседі. Аймақтың орташа жылдық атмосфералық қысымы
1003гПа. Ал ең жоғарғы көрсеткіш желтоқсан мен қаңтар айларына келеді.
Орташа есеппен жылына 1009-1010гПа. Ал ең төменгі көрсеткіш шілде айында-
991гПа.
Жел режимі. Жел режимі аймақтың ауа айналымына оның атмосфеталық қысымына
әсер ететіні белгілі. Қызылорда, Түркістан метеостанциясынан алынған жел
режимінің мәліметтері 2-кестеде және 3-кестеде көрсетілген.

Кесте 2. Қызылорда метеостанциясынан алынған мәліметтер

Желдің бағыты С
Мезгілдер
Ауданы, км2 Тереңдiгi,м Тұздылығы,гл
Арал теңiзi 66000,0 25 10-1
Қамыслыбас 165,0 105 2-3
Лайкөл 18,9 4,0 1-4
Қаязды 7,9 5 1-4
Құялы 2,3 6 1-3
Жалаңашты 20,5 12 1-3
Райымды 7,5 10 2-4
Шөмiшкөл 5,8 11 -
Қотанкөл 28,017,6 4 1-2
Сарғақ 17,627,1 15 1-2
Ақшатау 39,527,1 24 1-2
қаракөл 39,512,3 11 1-5
Тұщыбас 12,31,0 6 1-2
Домалақ 1,0 5 1-2

Кейбiр жылдары, Сырдария өзенiнiң алабындағы ауыл шаруашылық саласы
өзiне қажеттi су мөлшерiн қайтарма су есебiнен қанағаттандыруға мәжбүр
болды.
Қазiргi уақытқа дейiн Сырдария өзенiнiң су қорларын пайдалану
мәселелерi, табиғи ортаны қорғау мәселелерi мен аймақта өндiргiш күштерiн
орналастыру сұрақтарымен жүйелiк тұрғыдан бiртұтас қарастырылмады. Жалпы,
Арал теңiзiне түсетiн су қорының көлемiнiң шамасы, оның бетiнен жыл бойы
буланатын судың көлемiнен бiрнеше есе аз болғандықтан, теңiз су деңгейiнiң
күрт төмендеуiне және гидрохимиялық режимнiң бұзылуына әкелiп соғып отыр.
Жүйелiк талдаудың нәтижесiнде, Сырдария өзенiнiң төменгi саласында су
сапасының нашарлағаны соншалықты, оны ауыз су ретiнде ғана емес, егiстiк
жерлердi суғаруға да пайдалануға болмайтын дәрежеге жеттi су шығыны 270м3с-
ті құраса, 1999жылы бұл көрсеткіш 259м3с құраған. Осы кезеңде Сырдария
өзенінің минералдығы 1,0-1,5гл жоғарылаған. Ал игеруге дейінгі жылдары
оның суының минералдығы-500-600мгл және химиялық құрамы бойынша кальцилі
гидрокарбонатты болса, қазіргі кезде ол сульфатты (магний мен натрийдің
иондары). Қазіргі кезде судың минералдығы 2800-300мгл жетіп отыр.
Минералдылықтың өсуімен қатар магний, мыс, темір және қорғасынның
сульфаттары мен хлорадтарының шамадан шектеулі мөлшерлері (ПДК) күрт өсуде.
Сырдария өзені атырауындағы күріш егудің қарқынды дамуы фосфор
органикалық, хлороорганикалық пестицидтерді қолданумен қатар жүрген. Осының
нәтижесінде Сырдария өзені түрлі пестицидтермен ластануы жүрді, онда
әсіресе 90ж ДДТ гексохлориннің артуын айтуға болады.
Осы өзен суларының пестицидін анықтайтын негізгі факторларға:
гидрологиялық, климатологиялық, физико-химиялық, химиялық, биологиялық
факторлар жатады. Бұл пестицидтер ағын сумен араласып біртіндеп өзен
суларын ластайды. Бұл үрдістің қарқындылығы ең алдымен суайрықтың
гидрологиялық режиміне байланысты.
Қорыта келе судағы хлоро органикалық пестицидтердің арту және түрлі
қосылыстардың кездесуі Сырдария өзенін ауыз су ретінде де пайдалануға
болмайтынын көрсетеді.Қазіргі кезде сумен берілетін ауырудың түрлері артып
кетті. Мысалы, сарыауыру, іш, асқазан т. б. Себебі су көздерінде
пестицидтердің қалдықтары фенолдар, мұнай өнімдері және өзге де
антропогендік әрекеттердің ингредиенттері шамадан асып кеткен. Сырдария
өзені суының қасиетін 8-кестеден көруге болады.

Кесте -8. Сырдария өзенінің суының қасиеті

Негізгі Концентрациясы, мгдц3
ингредиентте
р
ПДК 1989 1996 1997 1998 1999
ПН 6,5-8,57,6 6,45 7,24 7,4 6,20
БПК5 2,0 2,27 2,29 2,68 2,23
Тұтқырлық 7,0 12,82 11,3 12,8 11,2 9,6
Хлор 3,00,0 96,2 122,1 119,3 145,4 109,9
Сульфаттар 100,0 762,0 488,8 572,8 626,4 667,3
Кальций 180,0 162,0 74,5 102,9 110 66,6
Магний 40,0 85,8 88,5 93,3 68,6 76,5
Мұнай 0,05 0,05 0,02 0,033 0,02
өнімдері
Аммиак 0,39 0,34 0,31 0,28 0,28
Нитриттер 0,02 0,03 0,023 0,010 0,017 0,0017
Нитраттар 9,0 4,10 6,96 4,13 2,80

1991-1996ж өзен суының мол кезеңінде Сырдария өзенінің төменгі
ағысында өзеннің өзін-өзі тазарту үрдісі жүрген және Қызылорда қаласында су
тұздылығы 1,09гл дейін төмендеген, бірақ тұздылық сонда да жоғары күйінде
қалған [11].
Әрине қазіргі кездегі Сырдария өзенінің жағдайын жақсарту шаралары
атқарылуда. Дегенмен де қаржының тапшылығынан олардың кейбіреулері қарап
тұрғанын айтуымыз керек. Алайда Қоршаған ортаны қорғаудың ұлттық жобасы
негізінде 2030ж бағдарлама шегінде Қазақстан республикасы шегіндегі
Сырдария өзенін жақсарту жобалары іске асуда. Бір ескеретіні өзеннің тек
біздің мемлекеттің территориясынан ғана емес, өзге де мемлекеттердің
территориясынан өтетіндігі. Сондықтан да бірлесіп жұмыс істеген шарт.
Қазіргі кезде Сырдария өзеніндегі су қорларын пайдалану көлемі Арал
теңізіндегі көлемге пара-пар болып отыр. Арал көлі мен Сырдария өзенінің
көлдерін 9-кестеден көруге болады.

Кесте -9. Арал көлі мен Сырдария өзенінің көлдері

Көлдермен Көлдер және теңіздердің гидрологиялық сипаты
теңіздердің аты.
Ауданы,км2 Тереңдігі, м Тұздылығы, гл
Арал теңізі 66000,0 25 10-1
Қамысылыбас 165,0 105 2-3
Лайкөл 18,9 4,0 1-4
Қаязды 7,9 5 1-4
Құялы 2,3 6 1-3
Жалаңашты 20,5 12 1-3
Райымды 7,5 10 2-4
Шөмішкөл 5,8 11 -
Қотанкөл 28,017,6 4 1-2
Сарғақ 17,627,1 15 1-2
Ақшатау 39,527,1 24 1-2
Қаракөл 39,512,3 11 1-5
Тұщыбас 12,31,0 6 1-2
Домалақ 1,0 5 1-2

Кейбір жылдары, Сырдария өзені алабындағы ауыл шаруашылық саласы
өзіне қажетті су мөлшерін қайтарма су есебінен қанағаттандыруға мүжбір
болып отыр.
Қазірге дейін Сырдария өзенінің су қорларын пайдалану, табиғатты
қорғау мәселелері аймақтың өндіргіш күштерін орналастыру сұрақтарымен
жүйелік тұрғыда біртұтас қарастырылған емес. Жүйелік талдаудың нәтижесінде
Сырдария өзенінің төменгі саласында су сапасының нашарлығы соншалықты оның
ауыз су есебінде ғана емес егістік жерлерді суаруға да пайдалануға
болмайтын дәрежеге жеткенін көруге болады.
Жер асты суы. Аудан жер асты суының едәуір мол қорында орналасқан.
Аудандағы жер асты суының минералдығы 1,5-3,0гл. Бұл әрине ауыз суға
жарамды. Дегенмен сулардың минералдығы әр жерде әркелкі (кесте). Мысалы, ол
Сырдария өзені алабында 0,5-0,7гл өзгереді. Суармалы егістік ауданы мен
суға деген сұранысты қанағаттандыру үшін жер асты суларын қосымша іздестіру
қажет. Кызылорда территориясындағы жер асты суларының қорларын 10-кестеден
көруге болады

Кесте -10. Кызылорда территориясындағы жер асты суларының қорлары (м3.
есебімен)

Шиелі 12,96
Акмай 43,2
Шалхия 20,7
Жиделі 49,7
Сунақата 43,2
Талап 10,584
Мыңбұлақ 250,0
Жаңақорған 0,0458

1.6 Топырақ жамылғысы

Сырдария өзені етегіндегі топырақтарды топырақтанушылар шөлді сұр
топырақ зонасына жатқызады. Зерттелген аудандағы негізі зоналды топырақ
типтерінің қатарына: құба, сұр-құба, құмды шөлді топырақтар мен сорлар,
сортаңдар, тақырлар енеді. Сырдария өзені осы топырақтардың табиғи шекарасы
болып табылады.
Қоректік заттардың жалпы қоры топырақтың құнарлылығын көрсете
бермейді. Өйткені, бұлардың көп бөлігі өсімдік қорегіне жарамды емес.
Тиімді құнарлылығын арттыру үшін топырақта өсімдік бойына сіңіре алатын
керекті тыңайтқыштарды дұрыс қолдануға жоспарлауға, сайып келгенде,
дақылдардан жоғары өнім алуға тыңайтқыштарды үнемдеуге, дақылдардың өзіндік
құнын қоректік заттар қаншама екенін білу керек. Топырақта қоректік заттар
мөлшері әр түрлі жағдайларға байланысты болады. Мысалы, өсімдіктер үшін
азотты қоректік заттардың негізгі қоры – органикалық заттар. Азот қара
топырақта көп, сұр топырақтарда аз кездеседі. Адамның өндірістік әрекеті –
дақылдардың өзара алмасуы, тыңайту системалары және басқалар – азоттың
топырақтағы мөлшерін болмашы ғана өзгертеді. Міне, Сырдария өзені егілетін
ауыл шаруашылығы дақылдарына минералды және органикалық тыңайтқыштарды
қолданудың агрохимиялық картограммаларын пайдалану ауыл шаруашылығы
өндірісін қарқынды түрде дамытуға, экономикада ашылмай жатқан резервтерді
игеруге мүмкіндік береді. Еңбек өнімділігін бір процент арттыруға және
өнімнің өзіндік құнының қосымша ең аз дегенде жарты процентке
төмендетілуіне қол жеткізуге жағдай жасайды. Басқаша айтсақ, ауыл
шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруға көмектеседі.
Топырақтардағы қоректік элементтердің құнарлығын қадағалау кез –
келген дақылдарға төмендетуге, қауырт науқандарда тыңайтқыштарды жедел
қолдануға негіз жасайды.Атыраудың топырақтары екі фактордың әсерінде
болады: шөл зонасының қасиеттері мен белгілерін иемденген басты зоналды
топырақ және интрозоналды.
Аудан гидроморфты сияқты, автоморфты топырақтардың кездесуімен де
ерекшеленеді. Сырдария өзені атырауының қазіргі топырақтарының гидроморфты
және автоморфты қатарына: аллювилі-шалғынды, аллювилі-шалғын тоғайлы
подтиптерге бөлінетін шалғынды топырақ, батпақты топырақ, оның
подтиптеріне: майлы батпақты, қарашірікті батпақты, торфты-батпақты,
шалғынды-батпақты: сор, тақыр түстес, сұр құба, шөл сорплары, құмды шөлді
топырақтар жатады [31].
Негізгі топырақ түзуші жыныстарға: полеоген, неоген, төрттік
жастағылар және Сырдария өзенінің аллювиалды шөгінділері енеді.
Құба топырақ ауданның солтүстігінде кездеседі.Онда сорланған және
сорланбаған топырақтар мен қатар құмдақтар мен саздақтар да кездеседі.
Қабаттың қалыңдығы 5-7м, астыңғы төсеніш қабатында майда құмдар мен сулар 6-
7м тереңдікте кездеседі. Бұл топыратар құрамындағы қарашірік мөлшері 1 %
аспайды. Алайда бұл топырақтар сорлануға бейім келеді. Сондықтан да оны
оқтын-оқтын сумен шайып отыру қажет.
Ал сұр, сұр-құба топырақтар Сырдария өзенінің арналарының қырқалары
мен бұйратты суайрықты жиектеріндегі ойлы жерлерде және Қаратаудың
бөктерлерінде тараған. Олар шөлдік топырақ түзуші зоналық типті айқындайды
және аз карбонатты сұр-құба топырақтың подтипіне жатады. Осы сұр-құба
топырақтардың құрамында қарашірік мөлшері аз, олар 0,3-0,9%-ке дейін
ауытқып отырады.Бұл топырақтардың мханикалық құрамы жеңіл; қабаты көп
қабатты, онда құмдақтар мен саздақтар басым. Қабаттың қалыңдығы 1-6м, одан
төмен майда құмдар, ал су қабатының тереңдігі 6-7м. Мұнда да жоғарғыдағыдай
шараларды қолдану қажет.
Тақыр түстес топырақтар жазықтың сорланған жерлерінің арасындағы
шайылған бөліктерді алып жатыр. Ол ежелгі Жаңақуаңдария мен қазіргі
Сырдария атырауындағы гидроморфты топырақтардың шөлдену өнімін
көрсетеді.Оларда 2-4м тереңікке дейін құмдар мен саздар және саздақтар
кездеседі. Одан тереңде майда және ірі құмдар таралған. Сулы қабат 1.5-4.0м
тереңде кездеседі, әрі дәмі ащы кермек.
Тақыр түстес топырақтартардың құрамында органикалық заттардың аз екені
белгілі, оның құрамындағы органикалық заттардың мөлшері 1 пайыздан да аз.
Оларды ауыл шаруашылығыда белгілі шараларды қолдану негізінде пайдалануға
болады.
Өзен алабының 15 пайызын сорланған жерлер құрайды. Ол аймақтың
геологиясы мен гидрогеологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Сорлардың
қалыптасуы бізге белгілі.Сорлардан көбірек тарағаны кәдімгі сор топырақтар.
Осы кәдімгі сорлар аллювиалда дамиды. Беті борпылдақ, құмды болып келеді.
Судың тереңдігі 3-7м, өте ащы (120-130г\л).
Ал тақырлы сорлар-шөлейт аймақтың ойпаңдарында кездеседі.
Олардыңмеханикалық құрамы ауыр саақ, аллювиалдарда дамыған және
бетіндеқабықтары бар. Бұл топыратардың бір ерекшелігі хлорлы тұздарың көп
болуында, әрине бұл аймқа тән құбылыс емес. Суының минералдығы 60-160г\л
өте тереңде кездеседі. Қарашірік мөлшері-1 пайыздан төмен.
Жазықтық суайрықтарда, рельефтің ойпаң жерлерінде, ал биік жерлерде
тұзды сорлар, бұрын игерілген жерлерде де кеңінен тараға. Жалпы мұнда
құмдақтар мен саздақтар басым. Олардың ішінде ауыл шаруашылығына біршама
жарамдысы шалғынды сор топырақ.Ауыл шаруашылығы үшін едәуір бағалы топырақ:
гидроморфты болып табылады. Оның ішінде көп кездесетіні: аллювиалды-
шалғынды топырақ. Олардағы қарашіріктің құрамы 1-2 %.
Сырдарияның сол жақ жағалауынағы кең аумақты батпақты-шалғынды
топырақ алып жатыр. Ондағы қарашіріктің мөлшері 2-4% құрайды. Бұл топырақ
ежелден күріш өсіру үшін пайдаланылып келеді.
Батпақты топырақтар қатарының ішінде лайлы-батпақты топырақтар аса көп
таралған. Қарашірік мөлшері 2-5 пайыз. Бұл топырақтар егін шаруашылығына
кеңінен қолданылады.Алайда аймақ территориясында егін егуге жарамайтын
топырақ типтері де баршылық. Олардың негізгі себебіне рельефті, тұздану т.
б. айтуға болады. Оларға: Қаратау бөктеріндегі сұр-қоңыр топырақ,
құмтастар; жазықтардағы құмдар, ашық сұр, үрме, жылжымалы сорлар т. б.
Сырдария атырауының гидрографиялық өзгеруімен, шөлдену үрдісінің
дамуымен нәтижесінде гидроморфты қатардағы топырақтардың ауданы кішірейіп,
автоторфты қатардағы топырақтардың ауданы ұлғая түсті. Сырдария өзенімен
суланатын 1414мың га жерлерде гидроморфты топырақтардың шалғынды-батпақты,
шалғынды түрлері тараған.
Қазіргі уақытта суармалы массивтерді қоспағанда, барлық территория
дерлігімен құрғап кеткен. Осы топырақтарда жылына беретін өнімдігі 800мың
тоннаға төмендеген [12].
Сырдария өзені атырауының топырақ жамылғысының өзгеру деңгейін 1955-
1990жылдар аралығындағы мәліметтермен салыстырсақ, 3-5 жыл бойы атыраудың
топырақ жамылғысының айтарлықтай өзгергенін көреміз. Егер 1955жылы
гидроморфты топырақтардың кепкен және шөлденген варианттары болмаса, ал
1990жылғы мәліметтер бойынша бұл топырақ түрі атыраудың топырақ
жамылғысында едәуір процесс атқарады. Көптеген тұзданбаған топырақтар
тұзданған топырақтар қатарына өткен сорлардың ауданы 60мың га ұлғайған.
Шөлдену гидроморфты топырақ құнарлылығының төмендеуімен жалғасты.
Топырақ құнарлылығын анықтайтын негізгі түрбөлшек қарашірік пен азот
болып табылады. Топырақтың құнарлығының өзгеру факторлары, гидрологиялық
режимнің өзгеру процесінде қатты және биогенді ағыстардың қысқаруымен және
аридтелу нәтижесінде топырақтардың азуына алып келеді. Қазіргі Сырдария
атырауының топырағының өзгеруі 11-кестеде көрсетілген

Кесте -11. Қазіргі Сырдария атырауының топырағы

Топырақтар Топырақ ауданы
1955 1990
га % га %
Аллювиалды-шалғынды 60254 12,9 - 5
және
аллювиалды-шалғынды-
тоғайлы.
Аллювиалды-шалғынды-21230 4,6 1956 -
сор
Аллювиалды-шалғынды,5966 1,3 12667 0,4
сор кепкен.
Аллювиалды-шалғынды - - 14639 2,8
шөлденген.
Батпақты шалғынды - - 16410 3,2
сор
Батпақты-шалғынды - - 30828 3,7
сор кепкен
Батпақты шалғынды - - 9203
сор шөлденген.
Барлық шалғынды 87350 18,8 85704 2,0
Батпақты және 245823 53,0 10833 18,9
шалғынды батпақты.
Күрішті батпақты - - 29503 2,4
Батпақты сор кепкен - - 7780 6,4
Шалғынды батпақты - - 62842 1,7
сор кепкен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сырдарияның ежелгі Солтүстік арналары бассейндерінің ескерткіштерінде
Қызылорда облысының жер қорын ауыл шаруашылығында тиімді пайдаланудың экономикалық-географиялық мәселелері
Қызылорда қаласының антропоген жер бедерінің қалыптасуы және оның аудандастырылуы
Қазақстан аумағын физикалық-географиялық және геоэкологиялық тұрғыдан аудандастыруының ерекшеліктері
Оңтүстік Қазақстан өңірінің ірі қалаларының геоэкологиялық жағдайы
Алматы облысы Балқаш ауданы
Іле өзенінің алабында
Қызылорда қаласының табиғи – экологиялық жағдайлары
Балқаш көлінің геоэкологиялық проблемалары
Сырдария өзені төменгі ағысы ландшафттарының құрылымдық өзгерістері
Пәндер