Іv-хіі ғасырлардағы византия империясы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ІV-ХІІ ғасырлардағы Византия империясы

Жоспар

  1. Шыѓыс Рим (Византия) империясыныњ ќ±рылуы.
  2. Аграрлыќ ќ±рылысы, ќолµнері, сауда, мемлекет, шіркеу, ерестер.
  3. Юстинианныњ т±сында ќ±л иеленушілік мемлекеттіњ уаќытша ныѓаюы.
  4. ‡ІІ ѓасырдаѓы Византия даѓдарысы.
  5. Х-ХІ ѓѓ. Византияныњ сыртќы саясаты.
  6. ‡І-ХІ ѓасырлардаѓы батыс жєне оњт‰стік славяндар.
  7. Чехияда алѓашќы феодалдыќ мемлекеттіњ ќ±рылуы.

8. Ежелгі Поляк мемлекетініњ ќ±рылуы.

Византия империясының құрылуы. Бір т±тас Рим империясының Шығыс және Батыс болып (395 жылы) бөлінуіне байланысты І‡ ғасырда өз алдына дербес мемлекет ретінде пайда болған Византия (Шығыс Рим империясы) қолµнері мен саудасының өркендеу дәрежесі қалаларының байлығы, мәдениетінің көркеюі жµнінен Батыстан әлдеқайда басым түсетін.

Рим империясынын, шығыс аймақтарының экономикалық және саяси жағынан батыстағы провинциялардан оқшаулануы өте-мөте IV ғасырда айқын байқалды. Империяның ежелгі астанасы - Римнің әлсіреуіне байланысты, империяның экономикалық және мәдени амірінің орталығы Шығысқа қарай ойысуына орай, Рим мемлекетінің саяси орталығының да осъілай қарай ойысуы заңды құбылыс еді. Император Константин 330 жылы Босфор жағалауындағы көне мегарлық отар ел - Византияны империяның астанасы жасады. Жаңа астана онын, негізін қ±рушының есіміне лайықталып Қонстантинополь («Константинның қаласы») деп аталды. Константинопольдің астанаға айналу себебі - қаланың алып жатқан орнының қолайлылығына байланысты болды: Европадан Азияға қара теңізден Эгей теңізіне апаратын аса маңызды сауда жолдары осы араға келіп түйісетін, ал мұның өзі Шығыс пен Батыс аралығындағы саудасаттық жұмыстарында Константинопольдің билік жүргізуіне мүмкіндік туғызды қала әрі қ±рғақтан да, әрі теңізден де тамаша қоршалған әскери стратегиялық орталық болатын

Византия империясының қ±рамына мыналар енетін: Балқан түбегі, Кіші Азия, Сирия, Палестина, Египет, Солтүтсік Африкадағы Киренайка, Месопотамия мен Арменияның бір бөлігі қырымдағы (Херсонес) және Кавказдағы (Грузияда) бірқатар тірек пункттері, Аравияның кейбір аудандары, ал V ғасырдан бастап Иллирик пен Далмация да жататын болды. Византия империясының жерінде әр түрлі тайпалар мен халық топтары: гректер, фракиялықтар, иллириктер, дакилықтар, эллиндендірілген кіші азиялық тайпалар (исавралар және бас қалар), сириялықтар, армяндар, грузиндер, еврейлер, копталар өмір сүрген Эллиндендіру және романдандыру көбінесе қалаларда тұратын халықтарды қамтыды. Византияның сансыз көп тайпалары мен халықтары өздерінің ұлттық ерекшеліктерін, жергілікті тілдерін, дәстүрлерін, мәдениетін сақтап қалды. Әйтсе де, империяның сан турлі тұрғындарының арасында гректер үстемдік етті де, грек тілі басқасынан гөрі кеңірек тарады.

IV-VI ғасырларда Византиядағы аграрлық құрылыс. Шығыс Рим империясының әлеуметтік-эконюмикалық жағынан өркендеу ісінде өздеріне ғана тән бірқатар елеулі ерекшеліктерін атап өтуге болады. Ең алдымен мұндағы ауыл шаруашылығы өндірісінің дәрежесі Батысқа қарағанда анағұрлым жоғары болғанын атауымыз жөн. Византия империясының құрамына ежелден егіншілік мәдениеті жоғары елдер енген еді. Мұнда диқаншылық өнері кең өрістеген Жердің құнарлылығы және ауа райының қолайлылығы кей аймақтарда жылына 2-3 рет өнім жинауға мүмкіндік беретін Ауыл шаруашылығында, соның ішінде өте-мөте империянын, оңтүстігі мен оңтүстікшығысында (Египет, Шығыс Сирия және бас қаларында), ирригациялық істер орасан зор роль атқаратын, Суармалы жерлерге жеміс бақтары отырғызылатын, жүзім шаруашылығы мен зәйтүн ағаштары, ал оңтүстікте қ±рма ағаштары кең өрістетілгенді. Техникалық (зығыр және бас қалары) дақылдар да егілетін Мал шаруашылығы кең өріс алған. Византияда ауыл шаруашылығының Құлдырауы Батысқа қарағанда анағүрлым кейін білінді және ол империяның кей аймақтарында VI ғасырдың аяқ шенінде ғана айрықша аңғарыла бастады.

Византиядағы аграрлық құрылыстың екінші бір ерекшелігі латифундиялық типтегі ірі жеке меншік жериелерінің біршама аз болғандығы. Шығыста ірі-ірі жер иеленушілік негізінен императорлық қазынаның, шіркеулер мен монастырьлардың төңірегіне шоғырландырылған болатын. Император домендері бүкіл империяның түкпір-түкпірлеріне шашырай орналасқан Ал V-VI ғасырларда Византияның бүкіл жерінің шамамен 1/10 бөлігі шіркеулік монастырьлық жер иеленушілердің қолында болды. Ірі ақсүйектердің жерге қожалық етуі Византияда Батысқа қарағанда анағұрлым баяу және мейлінше шағын көлемде дамыды.

Византиядағы аграрлық қ±рылыстың үшінші ерекшелігі - ерікті шаруалар жер иеленушілерінің өрістеуі және олардың IV-VI ғасырларда күшті дамуы болып табылады. Византиядағы ауыл шаруашылығының ќ±лдырай бастауын тежеуге айрықша себепкер болған да осы жағдай еді. Дунай жағалауындағы провинциялар, Фракия, Македония, Кіші Азияның орталық аймақтары ерікті жер иеленушілер мен шаруалар қауымдары басым дамыған аудандар болатын.

Византиядағы шаруалар қауымдарының аса кең таралған түрі - бір топ шаруаларды біріктіріп, шағыншағын жер учаскелеріне иелік ететін және осы жер учаскелеріне жеке меншігі ретінде иелік жасауға кең праволары бар, «митрокомия» деп аталған көршілестер қауымдары болды. Деревняда, әсіресе императорлық домендер мені шіркеулік жерлерде кездесетін жерді үзақ мерзімдік арендаға алушылық - эмфитевзис кең өрістеген Эмфитевтер болып ірі жер иеленушілер де саналатын, дегенмен мұндайлар негізінен ерікті шаруалар болатын.

Византияның єлеуметтік-саяси жєне экономикалыќ дамуы. Ертедегі Византиядағы қалалар. Қолөнершілік және сауда.

IV-‡І ғасырларда Византияда қолөнершілік өндірісі Батысқа қарағанда анағұрлым жоғары даму сатысында болдыҚ±рылыс техникасы тоқыма өнеркәсібі, өтемөте аса нәзік кендір мата және жүн маталар, ал VI ғасырдан бастап жібек маталар жасап шығару ісі елеулі дәрежеде жетілдірілген болатын. Таукен ісі мен металл өңдеу, сол сияқты қаружарақтар жасап шығару ісі едәуір өркендеді. Шыныдан жасалатын заттар жөнінен де Византиянын даң қы шыќты.

Батысындағы қалалар азып-тозып құлдырап қ±рып бітуге айналғанда, Шығыста олар қолөнершілік пен сауда орталықтары ретінде көркейіп, кеңейіп өсіп келе жатты. IV-VI ғасырларда солардың арасынан бірінші орынға Константинополь шықты. Оның шеберханаларында он саусағынан өнер тамған зергерлер жібек және жүн маталардан небір тамаша киімдер, шыны ыдыстарқаружарақ, алтын мен күміс жалатқан, әшекейлі а қалар тағылған асыл киімдер, небір талғампаздардың талабына сай келетін нәзік те сәнді бұйымдар жасап шығаратынды. Транзитті сауданың аса маңызды орталығына айналған Византия империясының астанасына алыс түкпірлердегі елдерден де көпестер ағыл-тегіл келіп жататын Константинопольдін Шығыс пен Батыс аралығындағы алтын кәпір аталуы тегін болмаса керек.

Византия қалаларында қолөнершілік өндірісінде құл еңбегі кеңінен пайдаланылатын жеке меншік кісілер ашқан қолөнершілік шеберханалар - эргастерилерде қызмет ететін қолөнерші құлдардың сыртында - сансалалы дәрежедегі мемлекеттік Құлдар және жекелеген қалалардың әкімшілік өкіметтеріне бағынышты Құлдар да болатын Мемлекеттік Құлдардың дені - армияға қажетті қаружарақ пеен киім дайындауды, император және оның теңірегіндегілерге сәнді жасаулар жасауды өз монополйясына айналдырған императорлық шеберханаларда жүмыс істейтін

Ауыл шаруашылығындағы тәрізді қолөнершілік өндірісінде де қолөнерші құлға - қолөнер шеберханасы немесе сауда дүкені түрінде пекулия беру барған сайын көп қолданыла бастадыҚұлды пекулийге айналдыру және оларға қолөнер өндірісінде белгілі бір дәрежеде инициатива көрсетуіне жол ашу - ауыл шаруашылығындағы тәрізді қоленершілікте де құлдар еңбегін біршама интенсивтендіруге әкеліп соқтырды. Қол өнерінде құлдар еңбегін мейлінше пайдалану нәтижесінде Византияның қалалары ұзақ уақыттар бойы құл иеленушілік қарым-қатынасының тірегі болып келді. Бірақ, бірте-бірте м±нда да құл еңбегін пайдалануға негізделген эргастерилермен бірге ерікті де дербес қолөнершішеберлердің, кейбір қалаларда корпорацияға біріккен үсақ қолөнерші шеберханаларының маңызы арта бастады. Византияда қолөнершілігі және саудасы едәуір дәрежеде дамыған іріірі қала орталықтарынық брлуы - Батысқа қарағанда Византия империясының экономикалық түрақтылығының анағүрлым баянды болуына игі әсер етті. Императорлар қолөнері мен саудадан түсетін табыстың есебінен жалдамалы әскер ±стауға, сөйггіп, империяны сьіртқы жаулардан қорғауға, орасан зор мемлекеттік басқару аппаратын ұстауға және мемлекетті бір орталыққа бағындыруды күшейте түсуге мүмкіндік алды.

Ерте Византиядағы мемлекет. Батыс пен Шығыста мемлекеттің тағдыры да әр қилы болып калыптасты. Айталық, Батыста ажырап бөліну процесі анағұрлым күшті болып, ақыры ішкі дағдарыстар мен варварлық басқыншылықтар салдарынан V ғасырда империяның ыдырауына және оның территориясында бірнеше варварлық мемлекеттердің қ±рылуына әкеп соқтырса, ал Шығыста бүкіл алғашқы орта ғасыр бойы біршама күшті орталық үкіметі бар орталықтандырылған бір тұтас мемлекет сақталып қалды. Мемлекет басында өз қолында кең өрісті заң үстемдігі мен әкімшілік билігін бірдей шоғырландырған, шексіз әкім, автократор (грек тілінде «василевс» деп аталды) император тұрды. Император үкіметін алла тағаланың өзі жаратқан дейтін доктринаның үстемдік еткен кезі еді. Ол сондықтан императорға жүрт табынатын да, ал ол Шығысқа тән сән-салтанаттылық құшағында өмір сүретін. Рас, сенат, мемлекеттік совет (консисторий) және қалалардың ерікті азаматтарының үйымдары (Димдар) тәрізді мекемелер императорлық үкімет билігін аз да болса тежейтін еді. Димдар (гректің «демос»- халық деген сөзінен алынған) Византия қалаларындағы ерікті азаматтардың саяси үйымдары болып саналатын, олар шаруашьілық, саяси және әскери міндеттер атқаратын Император шіркеу үйымдарымен де қатты санасуға мәжб±р болатын

Византиядағы мемлекеттік билікті үйымдастырудың аса бір ерекшелігі мұнда орасан зор бюрократтық мемлекеттік аппараттың болуында еді.

Империяны бір орталықтан басқару ісі император сарайына шоғырландырылған және олар бірнеше ведомстволарға бөлінетін де, олардың басында императордың өзі тағайындаған жоғарғы мәртебелі чиновниктер түратын Провинцияларды басқару ісі де осы тәрізді қатал орталықтандырылған және олар орталық өкіметтің бақылауында болатын. Бюрократтық басқару аппаратының бүкіл күрделі иерархиясын шен жөніндегі табель белгілеп беретін Орталық өкімет жергілікті провинциалдық әкімшіліктердің қандай да болсын сеператистік әрекетіне қарсы ұдайы және қатал күрес жүргізіп түратын

Көне Византияда салық салудың бір кездегі Диоклетиан және Константиндер тұсында қалыптасқан римдік жүйесі сақталып келгенді. Негізгі жер салығы - жыл сайын империяның егін шаруашылығымен айналысатын жұртынан жиналатын аннона салығы болатын. Аниона көбіне көп заттай алынатын, кейбір жекелеген провинцияларда ғана V ғасырдан бастап аннонаны ақшалай төлейтін болған. Аннонаның дені чиновниктер мен әскерлерді ±стауға жүмсалатын. Тұрғын халық тек салық төлеп қана қоймай, мемлекет пайдасына басқа да түрлі борышты қызметтер атқаратын - әскери бекіністер қала дуалдары мен қамалдар, көпірлер мей жолдар салатын, әскерлерді үйді. Үйге бөліп орналастыратын Византияда әскер қ±ру ісі де Рим империясынан қалған мұра іспетті еді, алайда IV-VI ғасырларда б±л салаға да елеулі өзгерістер енгізілді. Бұл кезеңде жер иеленушілердің рекрутқа өз қарамағындағы адамдарын беру орнына ақшалай құн төлеу әдісі жиірек қолданыла бастаған. Армияда барған сайын әр түрлі тағы тайпалардан жалдап алынған әскерлер шешуші роль атқара бастады. Армиясының дені варвар тайпаларынан қ±ралған Батыс Рим империясынан Византияньіњ түпкі бір ерекшелігі - оның армиясының елеулі бөлігі жергілікті ерікті тұрғындар өкілдерінен қ±ралғандығы еді, ал мүның өзі мемлекеттің тәуелсіздігін сақтап қалуға үлкен септігін тигізді.

Император Юстиниан билеген Византия империясы. Халықтар бұқарасының кетерілістері шайқалтқан жєне әлсіреткен Батыс Рим империясы ‡ ғасырда басқыншы варвар тайпалардың тепкісінен тоз-тоз болып ыдырауға мәжбүр болғанда, Византия IV-V ғасырларда уақытша болса да халықтар қозғалысын тежей алды. Құлдардың, колондардың, кедей шаруалардың көтерілістерін жаншып тастап отырды және варвар тайпаларының басқыншылықтарына тойтарыс бере білді. Мүның мәнісі Византияның зкономикалық жағынан күшті, әрі түрақтылығында және ондағы үстем таптың саяси бірлігінің анағүрлым мықтылығында еді. Император Юстиниан билеп төстеген кезде (527-565) әлі де болса құл иеленушілікті сақтап келген Византия мемлекеті уақытша нығая түсті.

VI ғасырдың тарихшысы Прокопий Кесарийский осынау патшаның жарқын да, бірақ қарама-қайшылыққа толы бейнесін кейінгі ұрпаққа қалдыра білген. Оның, бір бойына мейірімсіз тирандық пен айлакер саясатшылдық тақ қажымас реформаторлық пен діншіл ғалымдық қасиеттер де қатар сыйысқан асқан ақыл және қайрат иесі, заң ғылымын жете меңгерген Юстиниан мемлекеттік істерді жан қиярлықпен жүргізе білген. Оның тегі араласпаған ісі болмаған: ол заңдық және әкімшілік реформалар жасаған қ±рылыс пен дипломатиялық жүмыстарды қатар жүргізе білген, неше түрлі соғыс жоспарларын жасаған және сөйте түра небір қиян кескі діни айқастарға қатысып отырған атаққұмар, әрі айлакер залым, әрі мейірімсіз қатал Юстиниан, Прокопийдің айтуына қарағанда: «Жай әншейін жүмсақ үнмен ғана түк жазығы жоқ ондаған мың адамды қыруға бүйырғанда беті бүлк етпес еді».

Юстиниан ез саясатында Рим империясының байырғы құдіреттілігін қалпына келтіруді, императорліық өкімет пен үстемдік қ±рушы шіркеудің онсыз да шексіз билігін одан әрі нығайта түсу идеясын басшылыққа алды.

Юстиниан тұсындағы Византиядағы таптыќ к‰рес. 532 жылѓы «Ника» көтерілісі .

Пұтқа табынушылар мен дінсіздерді Юстинианның аяусыз қудалауы ел ішінде, әсіресе оның шығыс провинцияларында, наразылық тудырды. 529 жылы Палестинада самаритяндар көтерілісі бұрқ ете түсті көтерілісшілер парсылықтармен одақ қ±рды. Оларға қарсы түрақты әскерлер және Византиямен одақтас араб отрядтары аттандырылды. 530 жылы көтеріліс тұншықтырылды да, тұтқынға түскендер топ-тобымен ќ±лдыққа сатылды.

Қисапсыз салықтар қанауына ұшыраған халық бұқарасының наразылығы және дінсіздерге, соның ішінде монофизиттерге қарсы ұйымдастырылған қудалаушылық салдарынан 532 жылы Византиядағы халықтар қозғалысының ішіндегі ең қаһарлысы б±рқ ете түсті. Б±л тарихта аты қалған әйгілі «Ника» көтерілісі еді. Бұл көтеріліс Константинопольдегі цирктік партиялар дегендердің өз ара шайқасының шиеленісуіне де байланысты болды.

Византия тұрғындарының ең бір сүйіп көретін өнер орны - ат ойнататын алан, мен цирктегі сан түрлі спорт ойындары еді. Сонымен бірге цирк - Римдегі тәрізді Константинопольде де әлеуметтіксаяси күрес орталығы, халықтың көп жиналатын орны болатын, халық бұқарасы осы арада түрлі ойындарды көруге келген императорлармен кездесе алатын жөне оларға өздерінің талаптілектерін білдіре алатын цирктік партиялар, спорттыққана емес, сонымен бірге саяси үйымдар болатын, тек бір қызығы олар цирктегі ат жарыстарына қатынасатын арбакештердің үстіне киген киімдерінің түсіне сәйкес аталатын: айталық венеттер («көкшілдер»), прасиндер («жасылдар»), лавкалар («ақтар»), және русийлер («қызылдар») . Өте мөте венеттер («кекшілдер») мен прасиндер («жасылдар») партияларының айрықша маңызы болды.

Цирктік партиялардың әлеуметтік қ±рамы мейлінше алақұла болатын Венеттер партиясының басында сенаторлық аристократия мен ірі жер иеленушілер тұрса, ал прасиндер партиясы - империяның шығыс провинцияларымен сауда жасайтын көпестердің жәңе ірі қолөнер эргастерилер иелерінің мүддесін қорғайтын. Әйтсе де цирктік партиялар Византия қалаларындағы димдермен де байланысты еді, сондықтан олардың қ±рамына қалалардың орта және кедей топтарына жататын димдердің қатардағы қарапайым мүшелері де енетін

Прасиндер мен венеттер өздерінің діни нанымы жөнінен де бір бірінен өзгеше еді. Венеттер ортодоксальдық шіркеулік діни ілім - провославиені жақтайтын да, ал прасиндер діннен безген монофазиттерді қостайтын еді. Юотиниан венеттер партиясын сүйейтін және прасиндерді барынша қудалауға салатын, ал мүның өзі олардың үкіметті өлердей жек көруіне әкеп соғып еді.

Көтеріліс 532 жылғы 11 қаңтарда үкімет саясатына наразы - оппозициядағы партия - прасиндердің («жасылдардың») Константинополь циркіндегі (ипподромындағы) қимылдары басталды. Бірақ көп ұзамай «жасылдарға» олардың қарсыластары венеттердің («кекшілдердің») бір бөлігі кеп қосылды; екі партияның да төменгі сатыда тұрғандары салық қанауы мен чиновниктер тілемсектігіне қарсы күш біріктірді. Көтерілісшілер үкімет мекемелері мен ақсүйектердің үйлерін қирата және өртей бастады. Түст±стан көтерілісшілердің «Жең» (грек тілінде «Ника») деген ұрандары естіліп жатты. Көтерілістің «Ника» аталуы да осы себепті. Император және оның жақтастары Сарайда қоршауда қалды, үкіметке қауіп төнді. Юстиниан астанадан қашып кетуді ұйғарды. Бірақ осы т±ста Юстинианның жұбайы, императрица Феодора үлкен өжеттілік пен табандылық танытты. Ол қашу деген ойдан қайтуды және дереу шабуылға шығуды талап етті. Тап осы кезде көтерілісшілер арасында алауыздық туа бастап еді, «көкшілдер» партиясының бір топ аристократтары бұл іске халықтың қалың бүқарасы араласқанын көргеннен соң дереу райынан қайттыҚұрамында Юстинианның әскери қолбасшылары Велисарий мен Мунд басқарған варварлық тайпалар дружиналары бар үкімет әскерлері циркке жиналған халыққа тұтқиылдан шабуыл жасап, кескілескен ұрыс салды, осы т±ста ғана 30 мыңнан аотам адам қаза таптықан судай ақты көтеріліске қатынасқан сенаторлар жер аударылып, үймүліктері кәмпескеленді, димдер болса өздерінің саяси маңызынан айырылды. «Ника» кәтерілісінін, тасталқан болып күйреуі Юстиниан саясатының реакциялық бағытқа шүғыл бет б±рыс жасауымен ерекшеленді. Алайда империядағы халықтар қозғалысы мүнымен тыншыған жоқ. Өтемөте балкандық провинциялары Фракия мен Иллирияда, сонымен бірге осыған шектес - Реция, Паннони және Норика аймақтарында қимылдар жасаған скамарлар (оларға «қарақшылар» деген үғымды беретін «скамарлар» деп ат қойған Рим жазушылары болатын) шабуылдары өжет те батыл болған Скамарлар отрядтары қашыппысқан Құлдар, колондар және кедей шаруалардан жасақталған еді. Олар ақсүйектердің поместьелеріне ғана емес қалаларға да шабуыл жасайтын. Дені жалдамалы варвар тайпаларынан тұратын үкімет әскерлерінің солардың жағына шығып кетуі де жиі кездескен

Юстинианның заңдары. Империяны нығайтуда Юстиниан кезінде Рим заңдарының бір тұтас бірігуінің (кодификация жасалынуының) зор маңызы болды. Қоғамдық қарым-қатынастардағы өзгерістер, өнім өндірудің құл иеленушілік дәуірдегі әдістерінің іріпшіруі және VI ғасырда империяда феодалдық қ±рылыстың пайда бола бастауы -ежелгі праволық нормалардың қайта қаралуын қажет етгі. Аса көрнекті юристерден қ±ралған комиссия қысқа мерзім ішінде (528-534 жылдар аралығында) Римнің заң ғылымдары жиынтығының (юриспруденциясының) аса бай мүрасын қайта қарау жәнінде ұшантеңіз жүмыстар істеді және «Азаматтық праволар жинағын жасап шығарды. Ол алғашында үш бөлімнен тұратын: I. Юстинианнын, «Кодексі»- Рим императорларының (Адрианнан баотап Юстинианға дейін) түрлі азаматтық істер жөнінде қабылдаған аса маңызды заңдарының 12 кітаптық жинаш. II. «Дигестер» немесе «Пандекттер»-Римнің атақты юристерінің ең бір құнды пікірлері топтастырылған 50 кітаптық жинақ. III. «Институциялар»-бүкіл Римдік азаматтық праволар жөніндегі осынау заңдар жиынтығына кіріспе сөз тәрізді қысқа ғана жетекші қ±рал іспетті.

534 пен 565 жылдар арасында Юстинианның өзі шығарған заңдары кейін осы «Азаматтық праволар жиынтығының» тертінші белімі ретінде қ±ралды да, ол “Новеллалар” деп («Жаңа заңдар» деген мағынаны береді) аталды. «Новеллалардаң заңдық ойлар классикалық Рим праволарының шеңберіндегідей емес қысымның аздау болғаны, сол кезеңнің қажетін ескеріп жасалғаны бай қалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Византия империясының құлауы
Ортағасырлық қалалардың қалыптасуы мен даму тарихы
11-15ғғ. франция, англия, германия, италия
Шығыс және Батыс Рим империяларына бөліну
IX-XI ғасырлардағы Франция, Германия, Италия X-XIғасырдың ортасына дейінгі Англия. Испания мен Византия дамуының тарихи ерекшеліктері
Византия қалаларының құлдырау себептері
Ортағасырлық Византия қалалары
«Азия және Африка елдерінің орта ғасырлар тарихы» пәнінің оқу әдістемелік кешені
ОРТА ҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ пәнінің Оқу әдістемелік кешені
Орта ғасырлардағы Азия, Африка елдерінің тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқу әдістемелік құрал
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz