Дене тәрбиесі теориясының пәні


1 тарау. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ПӘНІ
§1. Дене тәрбиесі теориясының негізгі ұғымдары
Дене тәрбиесі теориясында әр түрлі ұғымдар қолданылады: дене дамуы, дене әзірлігі, дене жетілуі, дене тәрбиесі, дене машықтығы, дене тәрбиесі білімі, дене жаттығулары, спорт, дене тәрбиесі мәдениеті және т. б. әр үрлі құбылыстарды көрсете отырып, олар бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Қазіргі кезде қолданылып жүрген ұғымдар қоғамның тарихи дамуының әр дәуірінде пайда болған. Олардың мазмұны дене тәрбиесі жөніндегі ғылымның және оның практика жүзінде жүзеге асырылуының дамуына қарай тереңдеп, нақтыланып келеді.
«Дене тәрбиесінің теориясы мен методикасы» курсын оқып үйренуге кірсуге мүмкіндік болмайтын негізгі ұғымдар ғана қарастырылады, басқа ұғымдардың анықтамасы тиісті тақырыптарды әңгімелеу кезіндеберіледі.
Дене дамуы - адам организмі формалары мен қызметінің индувидуалды өмір барысындағы өзгеру процесі. «Дененің дамуы» термині организмнің дамуы деңгейін білдіре отырып, тар мағынада қолданылады, ол бой, салмақ, кеуденің ауқымы (демді ішке тартқанда, дем шығарғанда, үзіліс жасағанда) өкпенің тіршіліктік сиымдылығы, омыртқа иілістерінің сипаты мен көлемі, дене тұрпатының жағдайы, жауырын бұрыштары арасындағы қашықтық, табан күмбезін өлшеу көрсеткіштері, оң және сол жақ қол басының бұлшық еттерінің күші, тұла ой күші, бастың көлемі т. б. антропометриялық және биометриялық көрсеткіштермен анықталады.
Дене машықтығы дене тәрбиесінің дене әзірлігін талап ететін еңбекке немесе басқа бір қызметке деген қолданбалы бағыттылығы. Дене машықтығы нақты бір кәсіптің, белгілі бір қызметтің ерекшелігіне байланысты дене жатығуларын жасаудың міндеттердің өзіндік ерекшеліктерімен, құралдары мен методикасымен сипатталады. «Жалпы дене дайындығы» термині дене тәрбиесінің әр алуан қызметте табысқа жетудің жалпы алғы шартын жасау үшін ағытталған процесін білдіреді. Арнаулы дене машықтығы кәсіптік және спорттық қызметке арнайы дайындалуға бағытталған.
Дене жаттығулары - бұл дене тәрбиесі міндеттерін шешу құралдары ретінде іріктеліп алыған қозғалыстар, қимыл-қозғалыс әрекеттері, сондай-ақ қозғалыстық қарекеттердің күрделі түрлері. Қозғалыстық қарекет деп адамның қозғалыс аппаратының белсенділігі өзіне тән компонент болып табылатын әрекеттің бірін айтады.
«Жаттығу» термині қозғалысты бірнеше рет қайталау процесін белгілеу үшін де қолданылады.
Спорт - бұл денені жаттықтырудың белгілі-бір түрінен жарыс барысында неғұрлым жоғары нәтижеге жетуге бағытталған арнаулы әрекет.
Дене тәрбиесі мәдениеті - жалпы мәдениеттің бір бөлігі қоғамның адам денесін жетілдіру саласында қоғамдық тарихи практика процесінде жиналған табыстарының жиынтығы. Материалдық игілікке спорт құрылыстары (стадиондар, спорт залдары, бассейндер және т. б. ) құрал жабдықтар, арнайы киім, аяқ киім және т. б. кіреді. рухани игілігі болып табылытындар: ғылым, өнер шығармалары (әдебиет, скульптура, кескіндеме, графика, музыка т. б. ) жатады.
Дене тәрбиесі мәдениеті дене тәрбиесі теориясының барлық ұғымдарының ішіндегі ең кең ұғым. Ол жоғарыда қарастырылған ұғымдардың бәрінің мазмұнын қамтиды.
§2. Дене тәрбиесі теориясының пәні.
Дене тәрбиесі теориясы-адам денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдары туралы ғылым.
Дене тәрбиесінің кеңестік теориясы дене тәрбиесінің кеңестік жүйесінің мақсатын міндеттерін, принциптерін зерттейді, тәрбиенің басқа түрлерімен - ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және еңбек тәрбиесімен дене тәрбиесінің заңды байланысын ашып көрсетеді. Дене тәрбиесі құралдарын оқып білуге, дене жаттығуларын үйрету принциптерімен әдістерін ашып көрсетуге, қозғалыс дағдыларын қалыптастыруға және дене қасиеттерін дамытуға, спорттық жаттығулардың жалпы негіздерін, денені жаттықтыру сабақтарының әр түрлі формаларын (дене тәрбиесі сабақтары, ертеңгі гимнастика, қозғалысты ойындар т. б. ) сондай-ақ дене тәрбиесі жөніндегі жұмысты жоспарлауға және есепке алуға көп көңіл бөлінеді. Осымен бірге мектеп жасына дейінгі, мектеп жасындағы балалардың, жастардың, ересек және жасы ұлғайған адамдардың дене тәрбиесінің өзіндік ерекшеліктері анықталады.
Дене тәрбиесі теориясы практиканы ғылыми негіздермен қаруландырады. Сөйтіп оның одан әрі дамуына көмектеседі. Ол сондай-ақ практикаға жол ашуға, адамның күш қуатын кемелдендіруде қандай құралдар және әдітер арқылы жақсы нәтижелерге жетуге болатындығын болжауға тиіс.
Дене тәрбиесі теориясы мен методикасы педагогика институттарының мектепке дейінгі тәрбие факультетеріндегі оқу пәні ретінде үш бөлімді қамтиды. «Дене тәрбиесі теориясының жалпы мәселелері» атты 1 бөлімге екі тақырып, («Дене тәрбиесі теориясының пәні» және «Дене тәрбиесі теориясының кеңестік жүйесі») енеді, бұларда балалардың дене тәрбиесі мәселелерінің терең оқып білуге көмектесетін негізгі қағидалар ашып көрсетіледі. «Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясымен методикасы» атты екінші бөлімде мектепке дейінгі балаларды дене тәрбиесі оларды тәрбиелеу және дамыту, дене жаттықтыруға үйрету методикасы, мектепке дейінгі мекемелердегі жұмыс формалары, сондай-ақ дене тәрбиесі жөніндегі істі жоспарлау мен есепке алып, отыру міндеттері мен құралдары ашып көрсетіледі. Үшінші бөлімде методикалық кабинеттің жұмысы және педагогикалық ущилишеде «мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесінің теориясымен методикасы» курсын оқыту жайлы баяндалады.
§3. Дене тәрбиесі теорияның ғылымдар жүйесіндегі орны
Дене тәрбиесі теориясы қоғамдық, жаратылыс және педагогика ғылымдарымен байланысты.
Дене тәрбиесі теориясының жаратылыс ғылымдық негізі ғылыми пәндер комплексінен (анатомия, физиология, гигиена, биомеханика, биохимия т. б. ) тұрады. И. М. Сеченовтің, И. П. Павловтың ілімі және қимыл-қозғалыс дағдыларының қалыптасу және дене қасиеттерінің даму заңдылықтарына үңілуге, оқыту мен тәрбиелеу процесін дұрыс құруға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы жоғарғы нерв қызметін зерттеу бұл комплексте маңызды орын алады.
Биомеханика дене жаттығулары техникасын оқып үйретуге, оларды орындау сапасын бағалауға, байқалған қателерді түзету методикасын белгілеуге және қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыруда мейлінше жақсы нәтижелерге жетуге көмектеседі.
Биохимия оргонизмде, атап айтқанда бұлшық еттерде дене жаттығуларын орындау әсерімен өтетін химиялық процестерді зерттей отырып, оларды өткізу методикасын жетілдіруге мүмкіндік тудырады.
Сөйтіп, жаратылыс ғылымдары саласындағы ең жаңа жетістіктерді дене тәрбиесі теориясы қимыл-қозғалыстарды үйрету әдістерін, амалдарын іріктеп алуды негіздеуге, әр түрліміндеттерді ойдағыдай шешу мақсатындағы сабақтар өткізу методикасын талдап жасауға пайдаланылады.
Дене тәрбиесі теориясы педагогикалық ғылымдар жүйесіне енеді, психологиясымен және педагогикасымен және педагогикамен, спорттың жекелеген түрлерінің (жеңіл атлетика, шаңғы, коньки т. б. ) теориясы және методикасымен тығыз байланыста болады.
Адамның жас шамалық және индивидуалдық психологиялық ерекшеліктерін (елес, ес, ойлау, және т. б. ) оқыту мен тәрбиелеу тәсілдерін дұрыс іріктеп алуға және дене жаттықтыру сабақтары процесінде жоғарғы нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді.
Дене тәрбиесі міндеттерін шешу кезінде оқыту мен тәрбиелеудің педагогика талдап жасаған әдістері мен тәсілдері қолданылады.
§4. Дене тәрбиесі теориясындағы зерттеу әдістері
Дене тәрбиесі теориясы мен методикасы зерттейтін мәселелердің ауқымы кең. Сондықтан зерттеу кезінде педагогикалық әдістер ғана емес, шектес ғылымдарда - социологияда, психологияда, физиологияда, антропологияда, биохимияда т. б. пайдаланылатын әдістер де қолданылады.
Дене тәрбиесі теориясында теориялық талдау және талдап қорыту, педагогикалық зерттеу және эксперимент әдістері пайдаланылады.
Теориялық талдау және қорыту әдістері. Кез келген зерттеу әдеби мәліметтерді оқып-білу, талдау мен қорытудан басталады. Бұл үшін зерттеуші библиографиямен танысады және өзі талдап шығу тиіс әдеби түпнұсқаларды іріктеп алады, оларды нақты мәселелер бойынша жүйелейді, содан соң әр мәселе ішінде материалдарды әр түрге (ағымдағы, шолу жасайтын, қорытындылық) бөледі.
Библиографияны іріктеген соң оны оқып игеру жоспарын жасау, жазба жұмыстар жүргізу және оларды талдау методикасын ойластыру керек.
әдеби мәліметтерді талдау және қорыту теориялық, сондай-ақ эксперименттік зерттеуде де қолданылады. Теориялық зерттеуде бұл әдіс бірден-бір әдіс болуы мүмкін, оның көмегімен, мәселен, нақты тарихи жағдайларға байланысты белгілі бір қағидалар, көзқарастар қалайша дамығандығын аңғаруға болады. Эксперименттік зерттеулер жасау үшін қандай мәселелер зерттеліп қойғандығын, олардың әдебиетте қандай дәрежеде баяндалғандығын және олардың қайсысының эксперименттік тексеруді талап ететіндігін анықтау керек.
Дене тәрбиесі теориясы үшін маңызды көптеген мәліметтерді мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері құрастырған әр түрлі документтерді (мысалы, балаларға арналған дене жаттығуларын бір жылға таратып бөлу графигі, бір апталық жұмыстың календарлық жоспары, дене тәрбиесі сабақтарының, таңертеңгілік гимнастиканың, қимыл-қозғалыс ойындарының жоспар-конспектілері, тәрбиешінің күнделігі, педагогикалық мәжілістердің протоколдары, денсаулық жағдайын, дененің дамуын дене әзірлігін т. б. есепке алу журналдары) талдау кезінде табуға болады. Осындай документтерді талдау нәтижесінде табылған мәліметтерді жұмыс жорамалы ретінде (эксперименттік зерттеулерден күтілетін нәтижелер) пайдаланыла алады.
Фактілер жинау үшін анкеталар және сұрақ-жауап парақтары пайдалануы мүмкін. Анкеталардағы сұрақтар «ия» немесе «жоқ» деген қысқа жауап аларлықтай етіліп қойылады. Сұрақ-жауап парағында жауаптар жайылыңқы түрде беріледі мысалы, тәрбиешінің жасы, жұмысы, жұмыс стажы, білімі дене жаттықтыру сабақтары үшін жасалған жағдай сипаттамасы т. б. Біріншісінде де, екіншісінде де жауап жазба түрінде болуы тиіс. Анкеталар мен сұрақ-жауап парақтары көбіне зерттеу жұмысының бастапқы кезінде қолданылады және олар көмекші мәнге ие болады.
Зерттеушіні қызықтыратын материалдар әңгімелесу кезінде алдын ала жасалған жоспар бойынша жиналуы да мүмкін. Сұрақтар еркін түрде қойылып, татамды жауап алынуына ықпалы тиюі керек. Мысалы, тәрбиеші баладан: «Дұрыс тұра білесің бе? Қалай тұру керектігін көрсетші. Ал енді қалайша дұрыс тұруға болатынын айтшы», - деп сұрайды.
2 тарау ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ КЕҢЕСТІК ЖҮЙЕСІ
§1 ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ КЕҢЕСТІК ЖҮЙЕСІ ЖАСАЛУЫ
Дене тәрбиесінің жүйесі тәрбиенің бүкіл жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады және дене тәрбиесін жүзеге асырушы және бақылаушы ұйымдар тұтастығының кепілі.
Патшалық Россияда қоғамның тек ақсүйектері ғана дене жаттықтырумен айналыса алатын еді. Үстем таптардың дене тәрбиесін жүзеге асыру үшін үкімет шетелдік жүйелерді (сокольск гимнастикасы, неміс түрнегі, швед гимнастикасы т. б. ) пайдаланады. П. Ф. Лесгафт жасаған отандық дене тәрбиесі білімі жүйесі қолдау таппады. Бірақ патша үкіметінің еңбекші бұқараның спортпен айналысуына кедергі болатын саясатына қарамастан спорттың ұлттық түрлері дамиды және халықтан көрнекті, дүние жүзіне белгілі жеке орыс спортшылары шықты: палуан И. Поддубный, коньки тебушілер Н. Струнников, және П. Ипполитовтар, ескекші М. Свешников және т. б.
Дене тәрбиесінің біртұтас жүйесін жасау үшін халық талабына сай жағдай жасалды. Мұның өзінде біздің елімізде және шетелде жасалған прогрестік нәрсенің бәрі ескерілді.
Азамат соғысы және соғыс интервенциясы кезінде дене тәрбиесі еңбекшілерді Октябрь жеңістерін қорғауға дайындауға бағытталды. Дене тәрбиесіне басшылық ету жаппай әскери оқу (Всевобуч) органдарына жүктелді (1918) .
Халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарында еңбекшілердің денсаулықтарын нығайтуға, оларды еңбекке дайындауға көп көңіл бөлінді. Бұл жылдары өз беттерімен әрекет ететін дене тәрбиесі үйірмелері, қоғамдары ұйымдастырылды. Ғылыми-зерттеу физкультура институттарын ашу дене тәрбиесі жүйесін жетілдіруге көмегін тигізді. Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің советтік жүйесін жасауда ғылыми қызметерлер мен методистердің үлкен тобы - Е. Г. Леви-Гориневская, М. М. Конторович, А. И. Быкова, Н. А. Метлов, Л. И. Михайлова және басқалар үлкен энтузиазм көрсетті.
Ұлы Отан соғысы жылдарында физкультура ұйымдарының барлық қызметі халықты Отан қорғауға жаппай әскери-дене шынықтырушылыққа дайындық міндетіне бағындырылады.
Біздің елімізде физкультура мен спортты одан әрі дамыту міндеттерін ойдағыдай шешуде үлкен роль ғылым үлесіне тиеді. Соғыстан кейінгі жылдарда мектеп жасына балалардың дене тәрбиесі жүйесін нақтылауға Педагогикалық ғылымдар академиясының Дене тәрбиесі мен мектеп гигиенасы ғылыми-зерттеу институтында көп көңіл бөлінді (195-1960) . Бұл кезеңде ғылыми қызметкерлер (А. И. Быкова, Е. Г. Леви-Гориневская, Д. В. Хухлаева және т. б. ) балаларды дене жаттығуларына үйрету, қозғалыс ойындарын өткізу методикасы және т. б. жөнінде зерттеулер жүргізді.
1960 жылы мектепке дейінгі тәрбие ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырылды. Бұл институттың ғылыми қызметкерлері (М. Ю. Кистяковская, Т. И. Осокина, Е. А. Тимофеева т. б. ) балабақшадағы дене тәрбиесінің жаңа программасын, тәрбиешілер, ата-аналар үшін оқу құралдарын жасап шықты.
Қазіргі кезде балалардың дене тәрбиесі жүйесін жетілдіру жөнінде Педагогикалық ғылымдар академиясының мектепке дейінгі тәрбие ғылыми-зерттеу институтында, педиатрия, гигиена институттарында, педагогика, медицина институттарында, оқыту және ғылыми-зерттеу физкультура институттарында және т. б. үлкен жұмыстар жүргізілуде.
§2 СССР-дегі дене тәрбиесі мақсаты мен міндеттері
Біздің елімізде дене тәрбиесінің мақсаттары мен міндеттері адамның жан-жақты дамуы жөніндегі ілім өзінің нақты бейнесін тапқан. Жеке адамның жарасымды дамуы қоғам құру шарттарының бірі ретінде қаралады. Біздің елімізде дене тәрбиесінің мақсаты - өмірге, отанды қорғау болып табылады. Бұл мақсат дене тәрбиесін жүзеге асыратын барлық мекемелер мен ұйымдар үшін бірдей болады.
Дене тәрбиесінің аталып көрсетілген мақсатына сәйкес мына төмендегідей міндеттерді шешу қарастырылады:
1. Сауықтыру міндеттері: денсаулықты нығайту, денені жан-жақты дамыту, организмді шынықтыру, совет адамдарының творчестволық ұзақ өмірін қамтамасыз ету.
2. Білім беру міндеттері: қозғалыс дағдылары мен іскерлікті қалыптастыру, дене қасиеттерін (жылдамдық, ептілік, икемділік, күш, төзімділік т. б. ) қалыптастыру, арнаулы білімді меңгеру, ұйымдастырушылық қабілеттерді бойға сіңіру.
3. Тәрбиелеу міндеттері: коммунизм құрылысының моральдық кодексі принциптері рухында ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және еңбек трбиесіне ықпал ету.
Бұл міндеттер дене тәрбиесімен айналысушылар контингентіне байланысты - олардың жас ерекшеліктеріне, денсаулық жағдайына, дене дамуының деңгейіне, дене әзірлігіне, сондай-ақ кәсіптік ынта-ықыласына қарай нақтыланады.
§3 Дене тәрбиесі жүйесінің негізгі белгілері
Халықтық және ғылымилық дене тәрбиесі жүйесінің негізгі белгілері болып табылады. Дене тәрбиесі процесінде дене тәрбиесімен айналысушыларда дүниетаным қалыптасады, адамгершілік қасиеттер тәрбеленеді.
Дене тәрбиесі жүйесінің халықтығы - оның мақсатының халықтың өмірі талабына сәйкестігінде. Біздің еліміз тұрғындарының денсаулықты нығайтудағы, денені дамытуды жақсартудағы табыстары жалпы еңбек өнімділігінің өсуіне, сондықтан да бүкіл халық игілігінің артуына бағытталады.
Біздің еліміздің барлық халқы дене жаттығуларымен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тартылады. Бұл үшін қажетті жағдайлар жасалады: стадиондар, бассейндер салынады, гимнастикалық залдар жабдықталады, спорт жабдықтары, киімдері, аяқ киімдері және т. б. шығарылады.
Ұлтына, біліміне, атқаратын қызметіне қарамастан барлық совет азаматтарының денені жаттықтырумен және спортпен айналысу правосы бірдей.
Ғылымилық дене тәрбиесі жүйесінің сипатты белгісі болып табылады. Зерттеулер негізінде бірегей мемлекеттік программалар, оқулықтар, оқу құралдары жасалады және жетілдіріледі, физкультуралық құрал-жабдықтарға қойылатын талаптар анықталады, әрбәр жас кезеңіне қарай және дамуының, дене әзірлігінің нормативтік көрсеткіштері жасалады.
Зерттеулер нәтижесінде алынған жаңалықтардың бәрі мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың және семьялардың практикасына ендіріледі.
Дене тәрбиесі мәселелерін негіздеу жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізуге жұмылдырылатын ғылыми-педагогика кадрларын даярлау жөнінде үлкен істер жүргізіледі.
§4 Дене тәрбиесі жүйесінің жалпы принциптері
Дене тәрбиесі жүйесінің жалпы принциптеріне мыналар жатады: дене тәрбиесінің еңбек және әскери даярлықпен байланыс принципі; жеке адамның жан-жақты даму принципі; дене тәрбиесінің сауықтыру бағытында болу принципі.
Дене тәрбиесінің еңбек және әскери даярлықпен байланыс принципі. Біздің елімізде дене тәрбиесінің мақсаты - еңбекке және Отан қорғауға дайындық болып табылады. Мұның өзінде техниканың күрделене түсуіне қарай адамдардың дене әзірлігіне қойылатын талаптар артады.
Бұл дене жаттықтырумен айналысу процесінде еңбекте, өмірде, Отан қорғауда тікелей қолданылатын қозғалыс дағдыларын (мысалы, жүру, жүгіру, шаңғы тебу, жүзу т. б. ) ғана емес, дене қасиеттерін және жаңа қозғалыстарды тез меңгеру қабілетін дамытатын дағдыларды да қалыптастыру қажет деген сөз. әр түрлі қозғалыстық дағдыларды, дене қасиеттерін бойына сіңірген адам ауыртпалыққа оңай төзеді, жаңа еңбек операцияларын неғұрлым қысқа мерзімде игеріп кетеді.
Жеке адамның жан-жақты даму принципі. Дене тәрбиесі процесінде жеке адамның жан - жақты дамуын қамтамасыз ету үшін ақыл - ой, адамгершілік, эстетикалық және еңбек тәрбиесін қоса жүзеге асырудың маңызы зор. Қозғалыс дағдыларын, дене қасиеттерін қалыптастыра отырып, ақыл - ой қабілеттерін (элементтерді талдап, бөліп, оларды біртұтас етіп қоса білу т. б, ) ; эстетикалық қасиеттерді (дене келбеті, қозғалыс, киімі, физкультуралық құралдар т. б әсемдігін түсіне, сезіне білу) дамыту керек. Сабақтарды ұйымдастырғанда жалпы дене әзірлігі ескерілуі тиіс, оған әр түрлі жаттығулар арқылы қол жетеді. Балалармен, әсіресе мектеп жасына дейінгі балармен дене жаттықтыру сабақтарын өткізу процесінде жеке адамның жан - жақты дамуы принципіне сүйену өте маңызды, өйткені ақыл - ой, адамгершілік, эстетикалық және еңбек тәрбиелерінің негізі осы жаста қаланады.
§6 Дене тәрбиесіне басшылық ету және кадрларды даярлау
Мемлекттік мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастыруды тиісті министірліктер жүргізледі. Мысалы, балабақшалар мен мектептердегі дене тәрбиесіне одақтас республикалардың оқу министірліктері, ал жоғары оқу орындарындағы дене тәрбиесіне жоғары және орта арнаулы оқу орындары министірліктеріне жоғары және орта арнулы оқу орындары министірліктерімен физкультура мен спорт жөніндегі комитет жүзеге асырады.
Комитете халықққа дене тәрбиесін берудің ғылыми негізделген жүйесін жасау мен оны жүзеге асыруға және халықаралық дарыстарға қатысу үшін мамандығы жоғары спортшылар даярлауға; азаматтарды физкультура және спортпен айналысуға тартуға; осындай сабақтар үшін материалдық - техникалық базаны жетілдіруге; физкультура мен спорт саласындағы ғылыми - методикалық жұмысты ұйымдастыруға, ғылыми зерттеулерді өткізу жоспарларын реттеуге; бүкілодақтық спорттық шараларды ұйымдастыруға, кадрлардың мамандығын арттыруға т. б басшылық етеді.
Кеңес өкіметі жылдарында физкультура мен спорт жөніндегі көптеген маман кадрлар пайда болды. Оларды физкультура институттарында, техникумдарда, педагогика институттарында және педагогика училищелерінде даярлайды.
Яслилер мен балабақшалар үшін кадрлар педагогика және медецина училещелерінде, ал методологиялық және оқытушылық жұмыстар үшін кадрлар педагогика институттарының мектепке дейінгі тәрбие факултеттерінде даярлайды.
§7 Дене тәрбиесі советтік жүйесінің материалдық - техникалық базасы.
Коммунистік партия мен советтік үкіметі халыққа дене тәрбиесін беру үшін қажетті арнайы материалдық - техникалық база жасауға көп көңіл бөліп келеді. Жылдан - жылға физкультура мен спорқа деген қаражат арта түсуде. Әр түрлі спорт құрылыстарының көп болуы көпшілік физкультура жұмысын жүргізуге және мамандығы жоғары спортшыларды даярлауға мүмкіндік береді. Мәдениет марайлары, спорт залдары, манеждер, спорт лагерьлері, спорттың жекелеген түрлері бойынша арнайы салынған құрылыстар совет адамдарының пайдалануына берілген.
2 БӨЛІМ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН МЕТОДИКАСЫ
1 ТАРАУ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯСЫ
§1. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясының пәні.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы - коммунистік қоғамның болашақ құрылысшысы - баланың дене тәрбиесінің жалпы заңдылықтары жайындағы ғылым. Балалар дене тәрбиесінің теориясы дене тәрбиесі советтік жүйесінің жалпы идеологиялық және методологиялық негіздерінен шығады және оның бір бөлігі болып табылады.
Балалар дене тәрбиесінің теориясы дене тәрбиесінің жалпы теориясымен мазмұндас және оқып үйрену пәні бір болуымен қатар баланың барлық жас кезеңдеріндегі (туғаннан 7 жасқа дейін) дене тәрбиесінің заңдылықтарын арнайы зерттейді.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы осыған сәйкес тәрбиелеу және оқыту процесінде баланың дамуын басқарудың жалпы заңдылықтарын танып-біледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz