Қазақстандағы несие жүйесінің дамуы


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Кіріспе. . . …. 3

І бөлім. Қазақстандағы несие жүйесінің дамуы

1. 1. Қазақстан Республикаснындағы несие жүйесі . . . 5

1. 2. Қазақстан Республикаснындағы банктік емес мекемелер . . . 9

1. 3. Қазақстан Республикаснындағы банк жүйесінің қалыптасуы

және дамуы . . . 15

II бөлім. МЕМЛЕКЕТТІК НЕСИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ

2. 1. Мемлекеттік несиенің мәні функциялары және түрлері . . . 21

2. 2. Мелекеттік несиенің нысандары . . . 24

2. 3. Халықаралық мемлекеттік несие . . . 28

ІІІ бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК НЕСИЕНІ ҚОЛДАНУ

3. 1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік несиесін басқару . . . 31

3. 2. Қазақстан Республикасында мемлекеттік несиені қолдану . . . 35

3. 3. Еліміздің экономикасын дамытудағы
мемлекеттік несиенің маңызы . . . 41

Қорытынды44

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . . 46

Кіріспе

Мемлекеттік несие біздің экономикамызда өте маңызды роль атқарады, ал бұл оның актуалдылығын көрсетеді. Ол обективті түрде экономикаға қажет, өйткені ол жалпы қоғамның даму қажеттіліктеріне негізделеді.

Курстық жұмыстың басты мақсаты оның маңыздылығын ашып көрсету, яғни мемлекеттік несиенің экономикалық категория ретіндегі қажеттігін, құрлымын, түрлері мен формаларының мәнін, атқаратын қызметтерін жетік білу.

Мемлекеттік несие қатысу жақтарының бірі мемлекет, ол заңды жеке тұлғалар несие беруші немесе несие алушы болып табылады.

Мемлекеттік несиенің қайта бөлу қызметі халықтың, заңды тұлғалардың, уақытша бос қаражаттарын шоғырландырумен байланысты.

Мемлекеттік несиенің реттеу қызметі мемлекет ақша ағымын реттейді, қарыз пайыз мөлшеріне әсер етеді, қарыз капитал нарығында қарыз алушы ретінде қатысып капиталға сұраным туғызып нетижесінде қарыз пайыз нормасы көтеріледі.

Негізінен еліміздің мемлекеттік несие жүйесі ақша айналымын реттейді, заңды және жеке тұлғаларға өзінің түрлі қызметтерін көрсетеді, осыған байланысты экономикалық қатынастар туындайды. Несиелік қатынастар екі жақты сипатқа ие және бірдей деңгейде шаруашылық субъектілері үшін де, сонымен қатар несиелік мекемелердің жүйесі үшінде қажет.

Ақшаны несие мекемелерінде сақтау ресурстардың құрылуын білдірсе, ал оларды экономиканың және тұтынушы қажеттілігіне үлестіріп беру несиелі ұсынуды көрсетеді.

Курстық жұмыстың негізгі міндеттеріне мыналар жатады:

- несиенің мәні және оның түрлері

  • мемлекеттік несиенің мәні және оның түрлерін сипаттау;
  • мемлекеттік несиенің нысандарына тоқталу;
  • Қазақстан Республикасында мемлекеттік несиені басқаруды қарастыру;
  • Еліміздің экономикасын дамытудағы мемлекеттік несиенің маңызын айқындау.

Курстық жұмыста Қазақстан Республикасының заң күші бар жарлықтары, заңдары, сонымен қатар отандық және басқада шетел экономистерінің еңбектері және баспасөз беттеріндегі мақалалар қолданылды.

І. Қазақстандағы несие жүйесінің дамуы

1. 1. Қазақстан Республикаснындағы несие жүйесі

Несиелік жүйе мемлекет ұйымдастыруын құралған несиелік ұйымдар мен оларға сәйкес келетін несиелік мекемелердің жиынтығы. Бұл жиынтыққа банктер, сондай-ақ банктік операциялардың жекеленген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес мекемелер енеді.

Несие жүйесі ұғымы банк жүйесіне қарағанда кеңірек, яғни мұнда өзге де несиелік мекемелер қамтылады. әр елдің өзіндік ерекшелігіне қарай несие немесе банк жүйесінің құрылымы қалыптасады. ҚР - дағы несиелік жүйе екі буыннан тұрады: біріншісі - банктік жүйе, ал екіншісі - парабанктік жүйе (банктік емес мекемелер) .

Қазақстан Республикасының несиелік жүйесінің құрылымы мынадай сызбамен берілген.

Жоғарыдағы сызбаға енген несие жүйесінің құрылымдық элементтерінің мазмұнын сипаттамайтын, оның иерархиялық құрылымы 1 - кестеде берілген.

ҚР - дағы несие жүйесінің иерархиялық құрылымы (1 - кесте) .

Несие жүйесі: Несие жүйесі
:
Иерархия деңгейі: Иерархия деңгейі
Мекеме аты: Мекеме аты
Бөлімшелер аттары: Бөлімшелер аттары
Мекеменің қызметі: Мекеменің қызметі
Несие жүйесі: Банк жүйесі
:
Иерархия деңгейі: Ұлттық Банк
Мекеме аты:

Орталық аппарат

Ұлттық банктің облыстық басқармалары

Бөлімшелер аттары:

1. ақша айналысын және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыру.

2. үкіметке несие-есеп айырысу қызметін көрсету.

3. Алтын - валюта резервін басқару.

4. ақша несиелік реттеу.

Несие жүйесі:
:

1. Екінші деңгейдегі банктер

2. Мамандан- ған банктер

Иерархия деңгейі:

Орталық аппарат.

Филиалдары.

Өкілдік.

Еншілес банкі.

Бөлімшелері.

Мекеме аты:

Клиенттерге несие - есеп айырысу қызметін кешенді көрсету

Банк көрсететін қызметінің жекелеген түріне ғана маманданған

Несие жүйесі: Парабанк жүйесі
:
Иерархия деңгейі: Банктік емес мекемелер
Мекеме аты:

Орталық аппараты.

Филиалдары.

Өкілдік.

Бөлімшелер аттары: Маманданған несие-есеп айырысу және қаржылық қызмет көрсету
Несие жүйесі:
: Пошта - жинақ мекемелері
Иерархия деңгейі:

Орталық аппарат

(Ақ қазпошта)

Бөлімшелері

Мекеме аты: Халыққа несие - есеп айырысу қызметін көрсету, ұсақ салымдарды тарту

Қазақстан Республикасындағы соңғы жылдардағы несие жүйесі туралы мәліметтер 2 - кестеде беріледі.

ҚР - дағы несие жүйесі туралы мәліметтер (2 - кесте) .

Несие жүйесінің элементтері: Несие жүйесінің элементтері
12. 2000: 12. 2000
12. 2001: 12. 2001
12. 2002: 12. 2002
06. 2003: 06. 2003
06. 2004: 06. 2004
Несие жүйесінің элементтері: 1. Екінші деңгейдегі банктердің барлығы:
12. 2000: 48
12. 2001: 44
12. 2002: 38
06. 2003: 35
06. 2004: 36
Несие жүйесінің элементтері: оның ішінде:
12. 2000:
12. 2001:
12. 2002:
06. 2003:
06. 2004:
Несие жүйесінің элементтері: Мемлекеттік
12. 2000: 1
12. 2001: 2
12. 2002: 2
06. 2003: 2
06. 2004: 1
Несие жүйесінің элементтері: Мемлекетаралық
12. 2000: 1
12. 2001: 1
12. 2002: -
06. 2003: -
06. 2004: -
Несие жүйесінің элементтері:

Шетел капиталының қатысуыменен,

оның ішінде:

- 100% / 50% - дан аса,

оның ішінде:

еншілес банктер

12. 2000:

16

9/7

12

12. 2001:

16

9/6

11

12. 2002:

17

9/6

11

06. 2003:

16

10/4

10

06. 2004:

15

10/5

10

Несие жүйесінің элементтері: 2. Несиелік серіктестіктер
12. 2000: 8
12. 2001: 19
12. 2002: 29
06. 2003: 37
06. 2004: 73
Несие жүйесінің элементтері: 3. Ломбардтар
12. 2000: 42
12. 2001: 45
12. 2002: 52
06. 2003: 35
06. 2004: 72
Несие жүйесінің элементтері: 4. Ипотекалық компаниялар
12. 2000: -
12. 2001: 2
12. 2002: 2
06. 2003: 2
06. 2004: 2
Несие жүйесінің элементтері: 5. Басқа да ұйымдар
12. 2000: 53
12. 2001: 41
12. 2002: 42
06. 2003: 46
06. 2004: 47

2 - кестеден көріп отырғанымыздай, банктеріміздің саны жылдан жылға азаюда. 90 - жылдардың басында олардың саны 200 - ден асты, сөйтіп банк жүйесін реформалау нәтижесінде оларды саны 35-ке дейін (06. 2003) қысқарды. 2004 жылы 72-ге дейін өсті. Жалпы банктер қатарында мемлекеттік банктер (мемлекеттің 100 % қатысуыменен құрылған) саны - 2. Қазақстаннның банктік секторында шетел капиталының қатсуы кеңейе түсуде, олардың саны -16, яғни жалпы банктер санының жартысына жуығын алады. Ал банктік емес мекемелер санының керісінше, өсіп келе жатқандығын байқаймыз.

1. 2. ҚР-дағы банктік емес мекемелер

Парабанктік жүйе экономикамыздың нарықтық қатынастарға көшуі барысында жаңадан қалыптасып, енді ғана біртіндеп дамып келе жатқан жаңа құрылымды сипаттайды.

Банктік емес мекемелердің немесе парабанктік мекемелердің банктерден айырмашылығы - олар біріншіден, клиенттердің белгілі бір түріне ғана қызмет етсе, екіншіден, банктік операциялардың жекелеген түрлері бойынша ғана қызмет көрсетеді.

Кейбір экономикалық әдебиеттерде парабанктік жүйенің ішіндегі несиелік мекемелерге ломбардтарды, несиелік серіктестіктерді, несиелік қоғамдарды және одақтарды жатқызады.

Ломбардтар - бұл жылжымайтын мүліктерді кепілге ала отырып, қысқа мерзімге ссудалар беретін несиелік мекеме.

Тарихта ломбардтар өсімқорлық несие беретін жеке меншік кәсіпорын ретінде пайда болған. Ломбардтардың мамандану саласы жылжитын мүлік, оның ішінде бағалы металдар мен асыл тастарды (бағалы қағаздардан басқа)

кепілге алып, тұтыну несиесін беру болып табылады. Олардың ссудалары негізінен қысқа мерзімге (30 күнге дейінгі мерзімге) кепілге салатын мүлік құнының 50 - 80 % мөлшерінде беріледі. Кепілге алып ссуда берумен қатар, олар клиенттердің құндылықтарын сақтау, сондай-ақ комиссиондық негізде кепілге салынған мүліктерді сатумен айналысады.

Несиелік операцияны ұйымдастырудың басты ерекшелігі - мұнда несиелік шарт пен кепіл міндеттемелері болмайды. Ссуданы кепілге беру барысында клиент кепілге зат қойғандығын куәландыратын және ссуда алғандығын растайтын құжат немесе кепіл билетін алады. Онда қарыз алушының реквизиттері және мәміленің басты шарты көрсетіледі.

Несиелік серіктестік - өз мүшелеріне несие - есеп айырысу қызметін көрсету мақсатында құрылған несиелік мекеме.

Несиелік серіктестіктердің жарғылық капиталы пай қосу және міндетті кіру жарнасын төлеу жолымен қалыптасады. Мұндағы қосқан үлестер меншіктен шығып қалған жағдайда қайтарылмайды. Несиелік серіктестіктің мүшелеріне кооперативтер, жалгерлік кәсіпорындар, банктер, шағын және орта бизнес, жеке тұлғалар кіреді. Несиелік серіктестіктің басты пассив операцияларына - салымдарды тарту және займдарды орналастыру; актив операцияларына - ссудалық, комиссиондық, сауда-делдалдық операциялары жатады.

Несиелік серіктестіктің бір түріне ауыл шаруашылығы несиелік қоғамдары жатады. Оның құрылтайшысы: Орталық банк, коммерциялық және мамандандырылған банктер, үкімет құрылымдары, жеке және заңды тұлғалар бола алады. Олардың басты қызметі - ауыл шаруашылығына несие - есеп айырысу қызметін көрсету; шаруашылық заттарын, мал, тұқым, тыңайтқыш сатып алу шығындарын және өзге де жұмыстарды несиелеу. Ауыл шаруашылығы несиелік серіктестіктерінің клиенттеріне шаруа қожалықтары, фермерлер, сондай-ақ ауыл шаруашылық кәсіпорындары жатады. Негізгі операциялары: қысқа және орта мерзімге ссудалар беру және салымдар қабылдау, делдалдық қызмет. Ауыл шаруашылық несиелік серіктестіктерді ұйымдастырудың басты ерекшелігі - олардың қызметінің бірқатар салық жеңілдіктеріне ие болуы, атап айтсақ, табыс салығынан босауы, сондай-ақ оған үлес қосушыларға да салықтық жеңілділіктер болады.

Несиелік одақтар - бұл белгілі бір жеке тұлғалардан немесе ұсақ несиелік мекемелерден ұйымдастырылатын несиелік кооперативтер.

Олар негізгі екі типте болуы мүмкін: 1) қысқа мерзімді тұтыну несиесін беру мақсатында кәсіби немесе аумақтық белгілеріне қарай жеке тұлғалар тобымен ұйымдастырылған; 2) еркімен қосылған дербес несиелі серіктестік түрінде, мысалы, ссуда жинақ серіктестіктері, өзара несие қоғамдары, кооперативтер және т. б.

Несиелік одақтардың капиталдары олардың мүшелерінің қосатын үлесінен және пайларды төлеу, сондай-ақ займдарды шығару жолымен қалыптасады. Негізгі операцияларына мыналар жатады: салымдарды тарту және займдарды шығару; өзінің мүшелеріне қамтамасыз етілген ссудалар беру, вексельдерді есепке алу; сауда-делдалдық және комиссиондық операциялар; кеңес беру және өз мүшелеріне аудиторлық қызмет көрсету.

Өзара несие қорғамдары - шағын және орта бизнеске қызмет көрсететін коммерциялық банктерге қызметінің сипаты жағынан ұқсас келетін несиелік мекемелер.

Бұл қоғамдар Ұлы қазан төңкерісіне дейінгі Ресейде, соның ішінде Қазақстан аумағында жеке өнеркәсіпшілер мен саудагерлерге несие-есе айырысу қызметін көрсеткен. Өзара несие қоғамдарының қатысушыларына заңды және жеке тұлғалар жатады. Оның капиталы оған қатысушылардың қосқа жарналарынан қалыптасады.

Қазақстанда банктік емес мекемелердің мынадай түрлері дамып отыр:

  • ломбардтар;
  • несиелік серіктестіктер;
  • микрокредиттік ұйымдар;
  • жинақтаушы зейнетақы қорлары;
  • пошта-жинақ мекемелері;
  • ипотекалық компаниялары.

Соның ішінде қазіргі кезде ломбардтық мекемелер мен несиелік серіктестіктер кеңінен дамып келеді.

ҚР Ұлттық банктің 1997 жылғы 29 тамыздағы № 314 "Ломбард туралы" ережесіне сәйкес, ломбард - банк болып табылмайтын, Ұлттық банктің берген лицензиясы негізінде операциялар мен қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға.

Ондай операцияларға мыналар жатады:

  • ломбардтық операциялар: тез іске асырылатын бағалы қағаздар мен жылжымалы мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несие беруді сипаттайды;
  • бағалы металдардан (алтыннан, күмістен, платинадан, платина тобындағы металдардан) жасалған монеталарды, сондай-ақ бағалы металдар және асыл тастардан тұратын зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
  • сейфтік қызметтер: клиенттердің бағалы қағаздарын, құжаттарын, құндылықтарын сақтауға байланысты, сол сияқты сейфтік жәшіктерді, шкафтарды, бөлмелерді жалға беру қызметтерін көрсетеді;
  • келісімшарт мерзімі ішінде жалған берілген мүлікке жалға берушінің меншік құқығын сақтай отырып, ол мүлікті жалға беру;
  • заң талаптарына сәйкес кепілге алынған мүлікті сау.

Ломбардтардың құрылтайшылары мен қатысушыларына жеке және заңды тұлғалар жатады. Мемлекет өзінің өкілетті органдары арқылы оған құрылтайшы болуы мүмкін.

Ломбард кез келген ұйымдық құқықтық формада (ашық акционерлік қоғамнан басқа) құрылып, өз қызметін жүзеге асырады.

" Несиелік серіктестік туралы " ҚР Заңына сәйкес несиелік серіктестік бұл - оның қатысушыларының бос ақшалай қаражаттарын жұмылдыру жолымен қаржылық көмек көрсету барысындағы қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында заңды және жеке тұлғалардың ерікті түрде бірігуінің нәтижесінде құрылған, банк болып табылмайтын және ҚР Ұлттық банкінің лицензиясы негізінде жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға.

Несиелік серіктестіктердің мынадай түрлері болады:

  1. Несиелік - депозиттік серіктестігі - заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау мүмкіндігі бар мекеме.
  2. Ауыл несиелік серіктестігі - өзара несие беру үшін, оның қатысушыларының ақшаларын жинақтау жолымен ерікті түрде жеке және заңды тұлғалардың өзара бірігуінің нәтижесінде құрылған, банктің жекелеген операцияларының түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға.
  3. Несиелік серіктестік - коммерциялық ұйым.

Несиелік серіктестік және ауыл несиелік серіктестігі ҚР заңдылықтарындағы ерекшеліктеріне сәйкес мынадай ұйымдық - құқықтық формада құрыла алады:

  • командиттік серіктестік;
  • толық серіктестік;
  • жауапершілігі шектеулі серіктестік;
  • акционерлік қоғам.

2003 жылы елімізде несиелік серіктестіктер туралы заңмен қатар, " Микрокредиттік ұйымдар туралы" заң қабылданды. Бірақ мұндай ұымдар әзірге дами алмай отыр.

Микрокредиттік ұйымдар - бұл микронесие берумен айналысатын ұйымдар болып табылады.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары екі түрге: мемлекеттік және жеке меншік болып бөлінеді. қазіргі кезде 16 зейнетақы қоры болса, оның біреуі мемлекеттік, қалғандары - жеке меншік.

Келесі дамып отырған банктік емес мекемелер түріне - пошта-жинақ мекемелері жатады. Бұл жүйенің маңызды элементтері - ұсақ салымшы-лардың қаражаттарын тартатын мемлекеттік мекеме ретінде құрылатын пошта-жинақ банктері болып табылады. Бірақ ондай банктердің ролін атқаратын қазпошта мекемесі жұмыс жасауда.

Пошта-жинақ мекемелері пошта бөлімдері арқылы халықтың салымдарын жинақтап, қаражаттарды қабылдау және беру қызметін жүзеге асырады. Соңғы уақыттарды көптеген елдерде пошта-жинақ жүйелерінің несие-есеп айырысу қызметтері қанат жаюда. Сондай-ақ банктік заңды-лықтардың шектеу қойылуына байланысты аталған мекемелердің кейбір көр-сететін қызметтері дами алмай отыр.

Ипотекалық компаниялар Қазақстанда ипотекалық несиелеудің дамуына үлес қосып отырған мекемелерге жатады. Мұндай компаниялар екінші деңгейдегі банктер тарапынан құралады. Мысалы, Тұран-әлем банктің ипотекалық компаниясы бар және т. с. с.

1. 3. ҚР - дағы банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы

1990 жылы Қазақстан Республикасы өз егемендігін жариялағаннан бастап нарықтық қатынастардың талаптарына сай келетін меншікті банк жүйесін құруға бетбұрыс жасады.

1990 жылы желтоқсан айында қабылданған "қазКСРО - дағы банктер және банктік қызмет туралы" алғашқы заң Қазақстандағы банктік реформаны жүргізудің бастапқы кезеңдерін қамтиды.

Бұл банктік реформа Ұлттық банктің 1995 жылға арналған "Қазақстандағы банктік жүйені реформалау" бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды.

Нарық экономикасына өту жағдайында және экономикалық дағдарысты жоюда, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жзеткізуде ҚР банк жүйесі маңызды рөл атқарды.

Қазіргі уақытта қалыптасқа екі деңгейлі банктік жүйенің қызмет етуіне байланысты жасалған талдауда, олардың көрсетіп отырғанындай, кемшіліктердің басым бөлігі банктерқызметін реттейтін нормативтік базаны жасаудағы артта қалушылық және оның іске асырылуына іс жүзінде бақылау жасау механизмдеріндегі кемшіліктерімен сипатталады.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы жұмыс жасап отырған банктік жүйенің қалыптасуын үш кезеңге бөледі:

І кезең. 1988 - 1991 жж. КСРО - ның тұсында - мемлекеттік салалық мамандандырылған банктер қызметінің бір бөлігін республикалардағы сол банктердің тиісті бөлімшелерін беру арқылы қайта түрлендіру; алғашқы коммерциялық банктер құру; КСРО Мемлекеттік банкіне орталық банктің жекелеген қызметтерін беруге байланысты бастапқы қадамдар жасау кезеңі.

ІІ кезең. 1992 жылдың аяғы 1993 жылдары - рубль аймағында бола отырып, ҚР Ұлттық банкінің орталық банктің бірқатар қызметтерін орындауға біртіндеп кірісуі, коммерциялық банктердің экстенсивті ( сандық) түрде қалыптасуы және дамуы, ұлттық нормативтік базаның қалыптасуының бастапқы кезеңі.

ІІІ кезең. 1993 жылдың қараша айынан осы уақытқа дейінгі, яғни айналысқа Ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Ұлттық банкінің ақша-несие аясының қызмет етуіне толық жауапкершілік алу, бюджет және банктермен қарым-қатынас орнатудың классикалық қағидаларын енгізу, банктердің қызметін реттеу жүйесін нығайту кезеңін білдіреді.

Сонымен, Қазақстанда банк секторын реформалау бағдарламасы іске асыру шегінде Экспортты-импортты банк (Эксимбанк), Мемлекеттік даму банкі және Тұрғын үй құрылыс банкі құрылды. Мамандандырылған банктер қатарында халыққа қызмет көрсетуге маманданған Халық Жинақ банкі де болды.

Мемлекеттік даму банкі - бұл банк экономиканың маңызды салаларында тиімді инвестициялық жобаларды ұзақ мерзімді несиелеуді жүзеге асыруға бағытталған үкіметтің қаржы - несие институты болып табылады.

Экспортты - импорттық банк (Эксимбанк) - бұл Қазақстан үшін дәстүрлі емес, даму және ғылыми ұйымдардың экспортын қаржыландыру үшін, экспорттық несиелер мен инвестицияларға сақтандыру және кепілдеме беру үшін әлем банктен бөлініп шыққан банк.

Тұрғын үй құрылыс банкі - бұл тұрғын үй құрылысын коммерциялық құрылысшылар арқылы несиелеуге, халық үшін тұрғын үй жинақ шоттарын қалыптастыру, ипотекалық несиелеу жүйесні құру мақсатында құрылған банк.

Медетші банк (траст) - бұл Дүниежүзілік банктің ықпалымен Проблемалық кәсіпорындар үшін госпиталь ретінде құрылған банк. Бұл банкті құру туралы жарғыға сәйкес, ол небәрі 4 жыл мерзімге қызмет теуге уақытша құрылды.

Ұлттық банктің 1995 жылғы реформалау нәтижесінде қолданған шаралары қаржылық және экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізді. Ең бастысы, ақша-несие реттеу әдістері мен құралдары әрі қарай дами түсті.

Банктерді қайта қаржыландыру механизмі түбірімен өзгерді. 1995 жылдың ақпан айынан бастап, директивті несиелерді беру тоқтатылды. Орталықтандырылған көздер есебінен берілетін несиелер көлемі мен мерзімі қысқарып, экономиканы несиелеу қызметі Ұлттық банктен екінші деңгейдегі банктерге ауысты. Ұлттық банк орталық банктерге тән қызметке: қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында екінші деңгейдегі банктерге несие беру, үкіметке несие беру және ақша-несие және валюталық реттеумен айналысуға көшті.

1995 жылдың бірінші жартысында Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерге берілетін несиелері несиелік ресурстар аукционы арқылы 3 ай мерзімге дейін берілсе, ал екінші жартысында операциялардың ауыртпалығы мемлекеттік бағалы қағаздардың қайталама нарығына өте бастады. Сөйтіп, банкралық несиелер нарығы дами түсті. 1995 жылы қыркүйек айынан бастап ломбардтық несиелеу жүйесі енгізілді. Базалық ақшалардың өсу қарқынына шек қою мақсатында Ұлттық банк айналысқа өзінің қысқа мерзімді ноталарын шығару арқылы ақша массасын реттеп отырды.

1995 жылы Ұлттық банк қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің нақты мәнін қалпына келтірді. Инфляция қарқынын төмендету арқылы оның мөлшерлемесін төмендетті. Айталық, 1995 ж. қаңтар айындағы инфляцияның

қарқынын 8, 9 % - дан, қыркүйек айында - 2, 4 %-ға дейін төмендету нәтижесінде қайта қаржыландыру мөлшерлемесі: 210 %-дан 45%-ға дейін төмендеген. Айта берсек, тағы да басқа көптеген жетістіктерге қол жеткізілді.

Бұл реформалар Ұлттық банктің 1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының банк жүйесін реформалау бағдарламасына сәйкес жүргізілді.

Банк реформасын жүргізу бағдарламасының басты мақсаты - ҚР ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын әрі қарай арттыру және экономиканы қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі банктердің жүйесін нығайту.

Көздеген мақсатқа жетуде Ұлттық банк мынадай міндеттерді шешуге күш жұмсайды:

  • ақша-несиелік реттеу әдістері мен құралдарын жетілдіру;
  • елдің қаржы нарығына Ұлттық банктің араласуы арқылы қолма-қол ақша айналымында әкімшілік басқаруды күшейту;
  • валюталық реттеуді дамыту және алтын валюта резервін басқару;
  • банктік қадағалау жүйесін және банк қызметін реттеу принциптерін түбірімен өзгерту;
  • елдің банк жүйесінің қызмет етуінің және реформалануының құқықтық қамтамасыз етілуін жетілдіру және т. б.

Макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу үшін Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатының біршама тиімді классикалық құралдарын пайдаланды. Оларға қайта қаржыландыру несиелерін беру көлемін реттеу, қайта қаржыландыру мөлшерлемесін анықтау, міндетті резерв нормасын белгілеу, валюталық нарықта интервенция жүргізу және мемлекеттің бағалы қағаздарымен, сондай-ақ Ұлттық банктің бағалы қағаздарымен операцияларды жүзеге асыру жатады.

Республикамызда тәжірибелерден берілген директивті несиелердің уақытында қайтарылмағаны, яғни олардың 24 % - дан астамы ғана қайтқандығы белгілі. Соның салдарынан Ұлттық банк сондай несиелерді беруді тоқтатуға мәжбүр болды. Осындай жағдайларға байланысты Ұлттық банк 1996-1998 жж. орталықтандырылған несиелерді тек қана банктердің қысқа мерзімді қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін несиелік аукциондар, банкаралық нарық, ломбардтық несиелеу, ″репо″ операциялары, вексельдерді қайта есепке алу арқылы беріп отыр.

Ұлттық банк пен қаржы министрлігінің арасындағы бюджетті несиелеуге байланысты жаңа қатынастың қалыптасуына сәйкес, 1998 жылдан бастап, қаржы министрлігі бюджет тапшылығын өз күшімен несиелеуге міндеттеме алғандықтан, Ұлттық банк оған тікелей несие беруін тоқтатты. Оған дейін бюджеттің тапшылығының 80 %-ға жуық бөлігі Ұлттық банк несиелері есебінен жабылып келгендігін айта кету керек. Мұны да осы реформаның бірден-бір нәтижесі деп санауға толық болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мамандандырылған қаржы-несие мекемелерің экономикалық рөлі
Нарықтық экономикада несие
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
Несие жүйесінің түсінігі
Тұрғын үй-жайды ипотекалық несиелеу
Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы, қызметі
Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері
Казкоммерцбанк туралы ақпарат
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНКТІК ЖҮЙЕНІҢ РЕФОРМАЛАНУЫ
Қазақстанның банк жүйесі жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz