Мазасыздықты жоюдың және оны ретке келтірудің психологиялық тәсілдері


Мазасыздықты жоюдың және оны ретке келтірудің психологиялық тәсілдері.
Қазіргі таңдағы түрлі өзгерістер, жан-жақты қарқынды дамуға байланысты кез-келген адам үнемі түрлі стресс жағдайларымен соқтығысып отыратындығы жасырын емес. Экономикалық, саяси тұрақсыздық адамның өзіне, өзге адамдарға, ситуацияларға деген сенімділік сезімін жоғалтады. ХХ ғасырдың басында шетелдік және отандық психологияның өзекті мәселелерінің бірі жағымсыз эмоционалды жағдайларды, яғни ашу, агрессия, кінәлау сезімі, мазасыздану, стресс, дистрессті зерттеу болды. Психология тарихында мазасыздануды түсіну ең алдымен жеке тұлға туралы түрлі теориялық дамуымен байланысты. Еңалғаш мазасыздануды зерттегендердің бірі З. Фрейд болды. Ол былай деді: «Мазасыздануды бәсеңдету үшін, адамның психикасы сублимация, регрессия, проекция, үнемдеу сияқты қорғаныс механизмдерін қалыптастырады. Мазасыздық сезімі жеке адамның дамуын тежейді, себебі онымен күресу үшін көп энергетикалық күш-қуат жұмсалады». Бірақ, бұл Фрейд бойынша мазасыздануды жоюдың бірінші тәсілі ғана. Екіншісі, жағдайларға тікелей мойын бұру болып табылады. Фрейдтің оқушылары, неофрейдистер яғни Э. Фромм, К. Хрони, Г. С. Салливан және т. б мазасыздануды жеке тұлғадағы базалық, яғни негіздік қайта құрылу, түзіліс деп есептеді. Мысалы, Э. Фромм былай деп жазады: «Мазасыздық сезімі адам табиғаттан қол үзгенде пайда болады деп, оның әлеуметтік аспектілеріне көңіл бөледі. К. Хорни мен Г. С. Салливандар мазасыздануды ана мен баланың қарым-қатынасы тұрғысында түсіндіреді. Бұл ғалымдар мазасызданудың қайнар көзі деп, Фрейд сияқты биологиялық себептерден емес, әлеуметтік себептерден іздеді. Мазасыздану проблемасына өте жиі гуманистік бағыттағы психологтар К. Роджерс, В. Франкл, А. Маслоулар мән берді. Олар өзгелерге қарағанда, өзін-өзі дамытуға ұмтылған дені сау жеке тұлғаға қатысты түсіндіреді. Л. И . Выготский өз зерттеулерінде үнемі мына құнды жайтты ескертті, яғни, адам психикасы тұтас процес ретінде зерттелуі тиіс. Адамның жек тұлғасының интелектуалды және аффективті жақтары арасында тығыз өзара байланыс болуы тиіс. Кеңестік дәуірде психологтар көбінде интеллектуалды аумақты зерттеуге аса мән берді. Ал, эмоционалды күйлерді зерттеу идеологиялық себептерге орай рұқсат етілмеген еді. Мазасыздануды орыс нейрофизиологторы И. М. СеЖалпы психологияда эмоционалды күйлердің проблемасы Б. Г. Ананьев, Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн еңбектерінде де қарастырылды. Олар эмоционалды күйлердің базалық, теориялық негізін қарастырды. Мазасыздануды эксперименттік тұрғыда зерттеуді алғаш С. Д. Спилбергер және оның ізбасарлары бастаған. Бірақ әлі күнге дейін мазасыздану детерминациясы мен функциясының механизмдері айқын емес. Жекелеген мазасыздануды біздер, жағдайға қатысты субьект әрекеті құрылымының теріс сигналы деп түсінеміз. Мазасыздану негізінен жеке тұлғаның жағымсыз сипаты емес. Әрбір адамда өзіне тән мазасыздану деңгейі болады. Бұл пайдалы, яғни жеке тұлғаның белсенділігінің шарты ретіндегі мазасыздану болады.
- Физиологтар еңбектерінде, соның ішінде К. Прибрам зерттеуінде эмоция нейрофизиологиясы бойынша былай дейді: «кез-келген эмоциялық күй соның ішінде мазасыздану да сыртқы жағдайлардағы жаңа нәрсеге ағзаның реакциясы ретінде физиологиялық деңгейде пайда болады.
- С. Л. Рубинштейн түрліше эмоционалды күйлерді жіктеді. Ол аффектілер, елігулер және көңіл-күйлер деп бөледі де, көңіл-күйлерді сананың бақылауынан тыс-санадан тысқары пайда болады дейді. Ол В. К. Вилюнас мазасыздану табиғаты туралы ұғымын талдай келе былай дейді: «Мазасыздану -нақты жағдайда мінез-құлықты басқаратын және түзейтін механизм».
ченов, И. Павло, В. М. Бехтеревтер де өз еңбектерінде қарастырып өткен.
Мазасыздану- жеке тұлға сипаты, оның эмоционалды аймағын сипаттайды. Мазасыздану деңгейі стресске деген жеке сезгіштікті білдіреді. Өте жоғары мазасыздану психологиялық қолайсыздықтың субьективті байқалуы. Мазасызданудың мінез - құлықтық байқалулары жалпы іс- әрекеттің бұзылуына жеткізеді, оның бағыттылығын өнімділігін бұзады.
Психология ғылымы жас болғанмен, эмоцияны сонау ерте заманда ежелгі грек философы Платон, шәкірті Аристотель зерттеген. Эмоциялық күйлер -психофизиологияға кері әсері тигізуі, адам денсаулығына залал келтіреді, -деген. Балалық шақтан-ақ дүниеге көзқарас пен сенім негіздері қаланады. Бірақ, өмірге деген белгілі бір көзқарас бозбалалық шақтан адамдар өмірге, тыңдаған, естіген және істегендерінің бәріне саналырақ қараған кезден бастап, қалыптаса бастайды Адам бойындағы мазасыздықтың түрлерін қалай жоюға болады?Жоюдың жолдары бар ма деген мәселеге зерттеушілердің пайымдаулары бойынша, мазасыздануды жоюдың бірден-бір тәсілі денеге бағытталған терапия. Бұл бағыттың негізін қалаушы Вильгельм Райх. Бағыттың негізгі тұжырымдамасы - барлық проблемалар жүзеге аспаған қалау -тілектерден туындайды. Өзіміздің жеке моральдық, мәдени, әлеуметтік бағдарларымызға орай, біздер өзімізді, қалау-тілектерімізді сыртқа шығарудан қысыламыз. Жүзеге аспаған тілек-қалауларымызды, мысалы, мазасыздану, қорқыныш, агрессия, тітіркену дегендер «бұлшықтық қабық» дегенді құрайды. Мұндай қысымдардан адамға бой жазу үшін және транс қалпына кіру үшін жаттығулар көмегімен шешуге болады. Кинестетикалық трансқа өндірудегі негізгі бір тәсіл - бұл сипап- сезу «Сипап- сезу - бұлшық ет, жүйке, махаббат тілінің бірі. Егер сені қолыңа көтерсе, бұл көмек беру, ал саған жақындаса, бұл-байланыс». Нақ осы транс кезінде санадан тыс кезде адам психиканы қайта ұйымдастыруды жүзеге асырады. Қайтадан транс қалпына кіру қабілетіне ие бола отырып, біздер терең өзгеруге және өмірге бейімделу үшін жеткілікті дәрежеде икемді бола түсеміз.
Біздің елімізде психотерапия мәдениеттің ажырамас бөлігі ретінде соңғы жылдары ғана дами бастады Дамыған елдерде сияқты біздерде бүгінгі таңда екі психотерапевтикалық модель, яғни үлгілер дамып келеді. Бірінші үлгісі бойынша психотерапия дәрігерлік мамандық болып табылады.
Екінші үлгісі- дербес гуманитарлы кәсіп. Мұндай психотерапияның негізгі мақсаты- икемділікті, мінез-құлықтың жаңа, тиімді стратегияларын табу шеберліктеріне тәрбиелеу. В. Е. Рожнов, Б. Д. Карвасарскийлер психотерапия жайлы былай дейді: «Психотерапия-психикаға психикалық әсер ету жүйесі(сөзбен, ым, ишаратпен, үндемеу, техника көмегімен т. б) . Және осы жүйе арқылы адамның бүкіл ағзасына әсер ету, әрі дезадаптация қалпы мен ауру кезіндегі сауықтыру шаралары»жүргізуге болады.
Ал, біздерге В. В. Макаровтың берген анықтамасы жақынырақ. «Психотерапия - өткенді, болашақ, дәл осы уақыттағыны психологиялық реттеу процесі және үйлесімділікке жету». Мазасыздану тек қана ескерту белгісі ғана емес, әрі кикілжіндерден қорғайтын белгі, себебі психологиялық қорғаныс механизимдерін қосып алады.
Мазасыздану негізі болып ішкі кикілжіңдер болып табылады. « Физалогиялық тұрғыдан мазасыздану реактивті күй болып табылады. Бұл мазасыздану физиологиялық өзгерістерді тудырады. Мұндай кезде жүрек қағуы жиілейді, қан қысымы артады. Қан бұлшық еттерге жіберіледі, яғни адам ағзасы белсенді іс- әрекетке дайындалады».
Зерттеулер көрсеткендей, мазасыздану ағзаның 3 денгейінде пайда болады:
1. Невроэндокринді;
2. Психикалық;
3. Соматикалы немесе моторлы-висцералды.
а) дермотологиялық реакциялар (беттің ағарып-сұрлануы, терлеу) ;
б) жүрек-қан тамырлар жүйесінің реакциясы;
в) вазамоторлы реакциялар(тер бөліну, қызару) ;
Тағы бір мазасызданудың көрінуі-ол мезгілсіз, үздіксіз сөйлеу. Адам бойындағы мазасыздықты жоюға арналған жаттығулардың бірнеше үлгісін ұсынамыз.
«Кеңістік» жаттығуы.
Мақсаты:өз денесінің белгілі бір сипаттарын сезіну. Ұзақтығы-10минут.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz