Балабақша мен отбасы
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4
1. Тарау. Балабақша мен отбасы бірлігі негізінде балаларды жан.жақты дамытудың теориялық негіздері
1.1 Балаларды жан.жақты дамытуда балабақша мен отбасы бірлігінің педагогикалық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5.8
1.2 Балабақша мен отбасы бірлігі .балаларды жан.жақты дамытудың бірден бір құралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8.15
2 Тарау. Балаларды жан.жақты дамытуда балабақшаның ата.аналармен бірлесе жүргізетін тәрбиелік жұмыстары
2.1 Балабақша мен отбасының балаларды жан.жақты дамытуда бірлесе атқаратын жұмыстарының мазмұны мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16.19
2.2 Балабақшаның ата.аналармен жүргізілетін жұмыс
түрлері мен әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19.22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23.24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25.29

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Жаңа оңжылдық – жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты 2010 жылы 30-қаңтардағы Қазақстан халқының жолдауында еліміз дамуының жаңа кезеңінің бағыт- бағдарын айқындап берген болатын. Осы жолдауында былай делінген: «2020 жылға қарай қалалық, сол секілді ауылдық жерлердегі барлық балалар мектеп жасына дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтылатын болады. Бізде мемлекеттік –жекеменшік әріптестігінің зор әлеуі бар. Жеке меншік отбасылық балабақшалармен шағын орталықтар –бұл мемлекеттік мекемелерге балама.
Үкіметке әкімдермен бірлесіп үстіміздегі жылдың бірінші жартысында-ақ балаларды мектеп жасына дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған. «Балапан» арнайы бағдарламасын әзірлеп,іске асыруға кірісуді тапсырамын».
Осыған орай, бүгінгі қоғамның үлесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен психология қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру-отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үздіксіз тәрбие негізінің бастау бұлағы мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепке жан- жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе, балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырған.
Ата-аналар жиналысына не мектепке дейінгі мекемеде жиналыстары тәрбиеленіп жүрген барлық балалардың, не жас жағынан қосарлас топтардағы балалардың, не бірғана жас тобындағы балалардың ата - аналары шақырылады. Мұндай жиналыстардың мақсаты ата - аналарға педагогикалық білім беру, олардың педагогикалық мәдениетін көтеру, бала тәрбиелеуде оларға көмек көрсету болып табылады. Ата - аналардың назары әдетте белгілі бір тәрбие проблемасына аударылады, ол проблема негізгі баяндамада ашылып, жиналғандардың сөздерінде талқыланады.
Балалар бақшасында ата - аналар комитеті мен активі жайсыз семьяларға ерекше көңіл бөледі: оларға барып тұрады, өз балаларын тәрбиелеуге жеткілікті түрде жауапты қарамайтын, мектепке дейінгі мекеменің талаптарын орындамайтын ата - аналарға ықпал жасайды. Тәрбиешілермен бірге ата - аналар активі отбасыдағы тәрбиенің, ең жақсы тәжірибесін зерттейді, оны таратуға қатысады.
Мектепке дейінгі мекемелердің практикасына ата - аналар үшін ашық күндер (ата - аналар күндері) еніп жүр, бұлар бір жылға жоспарланады. Ол күндер туралы ата - аналарға ерте бастан хабарланады. Бұл күндері ата – аналар балалардың сабағын, ойын және еңбек әрекетін, серуендеуін
бақылайды: оларды оқыту және тәрбиелеу ісінде тәрбиешінің қандай тәсілдерді пайдаланатынын, балалардың қалай оқитынын, еңбектенетінін, өздерін коллективте қалай ұстайтынын көздерімен көреді. Арнайы жоспарланған ашық күндерден тыс, ата - аналарға мектепке дейінгі мекеме өмірінен жеке фрагменттер көрсету практикаланады. Кейде бұл белгілі бір тақырыпта баяндама басталғанға дейін жасалады. Мысалы, баяндаманың тақырыбы «Балаларды мектепке математикалық жағынан дайындау» болса, ата - аналарға математика жөніндегі сабақты көрсетеді.
Зерттеудің мақсаты: Балабақша мен отбасының қарым қатынас ынтымақтастығы туралы жалпы түсініктер, оның негізгі шарттары мен заңдылықтарын ашу.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері: Мектепке дейінгі мекемеде балаларға өлең шумақтарын оқыту, талдату, жаттату әдіс-тәсілдері қолданылады.
Зерттеудің міндеті:
-балаларды жан-жақты дамытуда балабақша мен отбасы бірлігінің педагогикалық негіздерін анықтау;
-балабақша мен отбасы бірлігі –балаларды жан-жақты дамытудың бірден бір құралын зерттеу;
-балабақша мен отбасының балаларды жан-жақты дамытуда бірлесе атқаратын жұмыстарының мазмұны мен міндеттерін зерттеу;
-балабақшаның ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері мен әдістемесін пайдалану;
Зерттеудің теориялық қолданымы: Мектеп жасына дейінгі балаларға өлеңді оқыту және мазмұн-мағынасын түсіндіру.
Зерттеудің практикалық қолданымы: Мектеп жасына дейінгі балаларға өлеңді талдау арқылы тек оның мазмұн мағынасын түсіндіріп қоймай, көркем дүниенің көркемдігін, әсерлігін жеткізу.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Н.Назарбаев Қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы. «Егемен Қазақстан», 11-қазан, 1997. М.Жұмабаев. Педагогика. Алматы. «Рауан», 1993. 154-б.
2. Хухлаева О. Активные формы групповой работы с родителями / О. Хухлаева // Школьный психолог. – 2006, №19.
3. Лихачев Б.Т. Формирование нравственно-эстетического отношения к действительности. − Сов.педагогика, 1981, №2, 36 с.
4. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы. Мектеп, 1992-122б.
5. Аристотель
6. Чернышевский Н.Г. Таңдамалы шығармалары. VII том7
7. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев. Педагогика: - Астана, 1998.
8. М.Жұмабаев. Педагогика. – Алматы: «Рауан», 1992.
9. Г.Асанова «Отбасы – бастапқы тәрбие мектебі» Қазақстан мектебі №1, 2007 ж.
10. Капустин Л.М. Работа школы с родителями. –М., 1983.
11. В.А. Сухомлинский «Балаларға жүрек жылуы» -А, Мектеп, 1973 ж.
12. Керимов Л. Қиын бала және оны қайта тәрбиелеу. –А., 1990.
13. Н.Назарбаев. Еліміздің болашақта гүлденуі бүгіннен басталады. «Егемен Қазақстан», 11 қазан, 1997.
14. Макаренко А.С. Ата-аналар кітабы. –А., 1985.
15. Пинт А.О. Это вам, родители. М., Знание, 1971. 348-б.
16. Тажибаев Т. Философские, психологические и педагогические взгляды. Абая Кунанбаева. А-А., 1957
17. Я.А. Коменский Избранное педагогическое сочинения /Под ред. А.И. Пискунова и др/ -М: Педагогика, 1982.
18. М.Әуезов
19. А.Жумадуллаева. «Отбасы некелік тәрбие негіздері» Алматы 2007ж 143б
20. Баланың құқығы туралы конвенция. Алматы. «Дәнекерә, 2000. 24-б.
21. Педагогика. Қоянбаев Ж.Б. Алматы., 1999ж.
22. З.Әсемжанова «Менің отбасым – менің үйім» Бастауыш мектеп журналы 2005, № 9 25-26 б.
23. Әтемова Қ. «Қазақ отбасындағы тәрбие үрдісі» Қазақстан мектебі, 2006 №1
24. М.Азимов «Жанұя ықпалы» Бастауыш мектеп журналы, 1998 .6 12-13 б.
25. Амонашвили Ш.А. Личностно-гуманная основа педагогического процесса. М., «Университетское», 1990. 54-б.
26. Гребенников И.В. Основы семейной жизни. М., Просвещение, 1991. 208-б.
27. Болдырев Н.И. Сынып жетекшісі. –А., 1980.
28. М.Валиева Білім беру технологиялары және оларды оқу тәрбие үрдісіне енгізу жолдары. (әдістемелік нұсқау) – Алматы, 2002ж.
29. Минияров В.М. Психология семейного воспитания (диагностико-коррекционный аспект). – М.: МПСИ; Воронеж: Издательство НПО «МОДЭК», 2000. – 256 с. (Серия «Библиотека школьного психолога»).
30. Фалькович Т.А., Толстоухова Н.С., Обухова Л.А. Нетрадиционные формы работы с родителями. – М.: 5 за знания, 2005. – 240 с. (Серия «Методическая библиотека»).
31. Ш. Майғаранова. Мектеп оқушыларын рухани дамыту мәселелері. Алматы. «Ғылым» ғылыми орталығы, 2002.
32. Капралова Р. Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін жұмысы, А., 1973.
33. Калейдоскоп родительских собраний. /Под ред. Алексеевой Н.А. Вып. 1.2. –М., 2001.
34. Арнаутова Е.П., Иванова В.М. Общение с родителями: зачем? –М., 1993.
35. Ж.Қоянбаев «Отбасы және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі» Алматы 1990ж.
36. А.Сейтметова «Бала тұлғасының дамуы және оның тәрбиесі» Бастауыш мектеп журналы №5, 2005 ж.
37. Хямяляйнен Ю. Воспитание родителей. –М., 1993.
38. Жұмабаев Ә. Ата-аналар жауапкершілігі. –А., 1977.
39. Дереклеева Н.И. Родительские собрания. 5-11 классы. – М.: ВАКО, 2004. – 240 с. (Серия «Педагогика. Психология. Управление»).
40. Гаврилова Т.П. Учитель и семья школьника. –М., 1982.
41. Петряевская Л.Г. Образование родителей и школа. –М., 1999.
42. Білім мекемесі – оқу – тәрбие ордасы. Шымкент – Алматы 2002. Қожамжарова Р.Т., Бектенгалиева С.Х.
43. Педагогика. Харламов. М.: 1999ж.
44. Общая педагогика. Сластенин В.А. М.: Владос, 2002ж.
45. Егеменді Қазақстан» 7 наурыз 2003 ж. «АТА-АНАЛАР СЕМИНАРЫ ӨТТІ»
46. Ж. Қоянбаев. Семья және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі. Алматы. «Рауан», 1990. 234-б.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4
1. Тарау. Балабақша мен отбасы бірлігі негізінде балаларды жан-жақты
дамытудың теориялық негіздері
1. Балаларды жан-жақты дамытуда балабақша мен отбасы бірлігінің
педагогикалық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... .5-8
2. Балабақша мен отбасы бірлігі –балаларды жан-жақты дамытудың бірден
бір
құралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8-15
2 Тарау. Балаларды жан-жақты дамытуда балабақшаның ата-аналармен
бірлесе жүргізетін тәрбиелік жұмыстары
2.1 Балабақша мен отбасының балаларды жан-жақты дамытуда бірлесе
атқаратын жұмыстарының мазмұны мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...16-19
2.2 Балабақшаның ата-аналармен жүргізілетін жұмыс
түрлері мен
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..19-22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23-24
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25-29
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: Жаңа оңжылдық – жаңа экономикалық өрлеу -
Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты 2010 жылы 30-қаңтардағы Қазақстан
халқының жолдауында еліміз дамуының жаңа кезеңінің бағыт- бағдарын айқындап
берген болатын. Осы жолдауында былай делінген: 2020 жылға қарай қалалық,
сол секілді ауылдық жерлердегі барлық балалар мектеп жасына дейінгі тәрбие
беру және оқытумен қамтылатын болады. Бізде мемлекеттік –жекеменшік
әріптестігінің зор әлеуі бар. Жеке меншік отбасылық балабақшалармен шағын
орталықтар –бұл мемлекеттік мекемелерге балама.
Үкіметке әкімдермен бірлесіп үстіміздегі жылдың бірінші жартысында-ақ
балаларды мектеп жасына дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтамасыз етуді
арттыруға бағытталған. Балапан арнайы бағдарламасын әзірлеп,іске асыруға
кірісуді тапсырамын.
Осыған орай, бүгінгі қоғамның үлесіне лайықты, жан-жақты жетілген,
бойында ұлттық сана мен психология қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп
өсіру-отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті. Қазіргі өмірдің
өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үздіксіз
тәрбие негізінің бастау бұлағы мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны
орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген
әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып,
мектепке жан- жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе, балабақшадағы
тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із
қалдырған.
Ата-аналар жиналысына не мектепке дейінгі мекемеде жиналыстары
тәрбиеленіп жүрген барлық балалардың, не жас жағынан қосарлас топтардағы
балалардың, не бірғана жас тобындағы балалардың ата - аналары шақырылады.
Мұндай жиналыстардың мақсаты ата - аналарға педагогикалық білім беру,
олардың педагогикалық мәдениетін көтеру, бала тәрбиелеуде оларға көмек
көрсету болып табылады. Ата - аналардың назары әдетте белгілі бір тәрбие
проблемасына аударылады, ол проблема негізгі баяндамада ашылып,
жиналғандардың сөздерінде талқыланады.
Балалар бақшасында ата - аналар комитеті мен активі жайсыз семьяларға
ерекше көңіл бөледі: оларға барып тұрады, өз балаларын тәрбиелеуге
жеткілікті түрде жауапты қарамайтын, мектепке дейінгі мекеменің талаптарын
орындамайтын ата - аналарға ықпал жасайды. Тәрбиешілермен бірге ата -
аналар активі отбасыдағы тәрбиенің, ең жақсы тәжірибесін зерттейді, оны
таратуға қатысады.
Мектепке дейінгі мекемелердің практикасына ата - аналар үшін ашық күндер
(ата - аналар күндері) еніп жүр, бұлар бір жылға жоспарланады. Ол күндер
туралы ата - аналарға ерте бастан хабарланады. Бұл күндері ата – аналар
балалардың сабағын, ойын және еңбек әрекетін, серуендеуін
бақылайды: оларды оқыту және тәрбиелеу ісінде тәрбиешінің қандай тәсілдерді
пайдаланатынын, балалардың қалай оқитынын, еңбектенетінін, өздерін
коллективте қалай ұстайтынын көздерімен көреді. Арнайы жоспарланған ашық
күндерден тыс, ата - аналарға мектепке дейінгі мекеме өмірінен жеке
фрагменттер көрсету практикаланады. Кейде бұл белгілі бір тақырыпта
баяндама басталғанға дейін жасалады. Мысалы, баяндаманың тақырыбы
Балаларды мектепке математикалық жағынан дайындау болса, ата - аналарға
математика жөніндегі сабақты көрсетеді.
Зерттеудің мақсаты: Балабақша мен отбасының қарым қатынас
ынтымақтастығы туралы жалпы түсініктер, оның негізгі шарттары мен
заңдылықтарын ашу.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері: Мектепке дейінгі мекемеде балаларға өлең
шумақтарын оқыту, талдату, жаттату әдіс-тәсілдері қолданылады.
Зерттеудің міндеті:
-балаларды жан-жақты дамытуда балабақша мен отбасы бірлігінің
педагогикалық негіздерін анықтау;
-балабақша мен отбасы бірлігі –балаларды жан-жақты дамытудың бірден
бір құралын зерттеу;
-балабақша мен отбасының балаларды жан-жақты дамытуда бірлесе
атқаратын жұмыстарының мазмұны мен міндеттерін зерттеу;
-балабақшаның ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері мен
әдістемесін пайдалану;
Зерттеудің теориялық қолданымы: Мектеп жасына дейінгі балаларға
өлеңді оқыту және мазмұн-мағынасын түсіндіру.
Зерттеудің практикалық қолданымы: Мектеп жасына дейінгі балаларға
өлеңді талдау арқылы тек оның мазмұн мағынасын түсіндіріп қоймай, көркем
дүниенің көркемдігін, әсерлігін жеткізу.

педагогикалық негіздері
Жас өспірім ұрпақты тәрбиелеу ерекше қамқорлықтағы міндет болып
табылады. Оның табысқа жетуі мемлекеттік тәрбие мекемелерінде, отбасы және
жұртшылық арқылы жүзеге асырылатын қоғамдық тәрбиенің тәрбиелік ықпалының
бірлігі мен үйлестілігіне байланысты. Бұл бірліктің негізі — жан-жақты және
жарасты дамыған, қоғамға пайдалы, Отанға берілген азаматтар
қалыптастыратындай етіп жаңа ұрпақты тәрбиелеуде мемлекет пен семья
мүддесінің толық сәйкес келуі.
Қоғамдық тәрбиенің жетекшілік ролі мынаған байланысты: баланы
тәрбиелеу өз қатарларының коллективінде жүзеге асырылады, бала онда
қоғамдық мінез-құлықтың алғашқы дағдыларын үйренеді; ондағы тәрбие ғылыми
негізделген сипатта болады, арнайы құрылған педагогикалық ортада етеді және
кәсіби тұрғыдан дайындалған мамандар жүзеге асырады.
Қоғамдық тәрбиенің жетекші ролін мойындау баланың жеке басын
қалыптастырудағы отбасының орасан зор маңызын тіпті де кемітпейді. Отбасы —
қоғамның алғашқы ұясы, жаңа адам сол ұяда дүниеге келеді; бұл шағын
әлеуметтік топ — бала үшін алғашқы өмір мектебі. Ата-ана — оның бірінші
ұстазы және тәрбиешісі. Жаңа қалыптасатын жеке адамға оның ықпал күші
айрықша зор. Ата-ананың балаға әсерінің негізі олардың перзентіне деген
қалтқысыз сүйіспеншілігі, талапкершілікпен ұштасқан қамқорлығы болып
табылады. Осы сүйіспеншілік пен қамқорлыққа бала ата-анасына мейлінше бауыр
басу және сүйіспеншілік сезімімен, олардың артықшылығы мен беделін
мойындаумен, барлық нәрседе солардан өнеге алуға, солар сияқты болуға
ұмтылумен жауап қайырады. Отбасы әсерінің күші баланың тәрбиелік ықпалға
көнгіштігіне, оның еліктегіштігіне байланысты.
Әсіресе кішкене балаларды тәрбиелеуде отбасының маңызы айрықша зор;
ата-ананың басшылығымен олар қоршаған дүние туралы бастапқы ұғымдарды
меңгереді.
Отбасы нақты қоғамда өмір сүреді, сондықтан отбасының жалпы сыйпатымен
қатар өзі өмір сүретін қоғамдық қатынастардың мазмұнына сәйкес ерекше
белгілері де болатыны түсінікті.
Отбасы туралы философ, педагог, психолог, әлеуметтанушы, мәдениет-танушы,
т.б. ғалымдар анықтама беріп, еңбектер жазып, осы проблеманың негізін
қалаған.
Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып,
бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық
жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы
мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр.
Қазіргі аналардың көпшілігі жұмыс жасайтын болғандықтан бала уақытының
көбін пассивті тәрбиешілермен өткізеді. Бала тәрбиесі қалалық отбасына тән
болып отырған келесі ерекшеліктерімен шартталған: балалардың көбісі күннен
күнге ұлғайып отырған айырылысулардың нәтижесінде әкесіз немесе анасыз
өседі; теледидар, жеке бөлме т.с.с. өркениеттің жетістіктері балалар мен
олардың ата-аналарының арасындағы қарым-қатынас процесін қиындатады.
Қазіргі отбасылардағы балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін
адамгершілік мінез-құлқының негіздерін қалыптастыру жөніндегі коғамның
талаптарыйа сәйкес балаларды ойдағыдай тәрбиелеудің оңды тәжірибесі
жинақталған. Алайда сәбилерді тәрбиелеуде елеулі қателіктерге жол беретін
отбасылар да кездеседі, мұның өзі ондай балалардың одан арғы дамуына теріс
әсер етеді, аса күрделі қайта тәрбиелеу проблемасын туғызады. Бұл
қателіктердің негізгі себебі ата-аналардың педагогикалық мәдениетінің
жеткіліксіз дәрежесі болып табылады. Өз баласын жақсы адам, келешек азамат
етіп тәрбиелесем деген құр ниет — бұл әлі аз. Сол тәрбиені жүргізе білу
керек.
Тәрбие ғылымы мен өнерін меңгеруде ата-аналарға кім көмектесуге тиіс?
Бұл жұмыста мектепке дейінгі мекемелердің педагогтары маңызды роль
атқарады. Отбасы мен балалар бақшасында балаға тәрбиелік ықпал жасауда
бірлік пен өзара ынтымақ орнатуға ұмтыла отырып, олар ата-аналарды
педагогикалық біліммен қаруландырады, оларға практикалық көмек көрсетеді.
Н. К- Крупскаяның Біздің мектепке дейінгі мекемелерімізде берілетін
қоғамдық тәрбиені... ана жүрегі үшін лүпілдей соғатын семьядағы тәрбиемен
ұштастыру адамдардың тамаша ұрпағын өсіріп шығарады деген даналық ақыл-
кеңесін басшылыққа ала отырып, тәрбиешілер отбасымен үлкен жұмыс жүргізеді,
қоғамдық және семьялық тәрбиесінің бірлігіне жетуге күш салады.
Ата-ананың балалар тәрбиесі үшін қоғам алдындағы
жауапкершілігін сезіну
Ата-аналар А. С. Макаренконың балаларды тәрбиелеу — біздің
өміріміздегі ең жауапты сала... Дұрыс тәрбиелеу — бұ біздің бақытты
қарттық шағымыз, алдындағы жаман тәрбиелеу — бұл біздің келешек
қасіретіміз, жауапкершілігін сезінуі бұл біздің көз жасымыз, бұл біздің
басқа адамдар алдындағы бүкіл ел алдындағы айыбымыз деген пікірінің
мағынасын түсінуге тиіс. Өз балаңның тәрбиесін жеке өз ісің ғана деп
қарамау керек, қоғам алдындағы азаматтық борышыңды орындау деп қарау керек.
Балаларын тәрбиелей отырып, ата-аналар келешек еңбеккерлерді, азаматтарды,
келешек әкелер мен аналарды қалыптастырады; бұл істің табысты болуына
олардың өздері ғана емес, тұтас алғанда қоғам мүдделі. Айрықша реттерде,
ата-аналар балаларын тәрбиелеу үшін қажетті жағдай жасай алмаған кезде,
оларға мемлекет көмек көрсетеді.
Педагогикалық білім
Ата-аналар тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін, оларды жүзеге
асырудың жолдары мен амалдарын айқын түсінгенде семьядағы бала тәрбиесі
ойдағыдай болуы мүмкін. Бұл семья мен балалар бақшасындағы тәрбиелік
ықпалдың бірлігін орнату үшін де қажет. Өзін, ата-аналық тілегіңнің қандай
екені жөнінде өзіңе айқын есеп беруге тиістісің,— деді А. С.
Макаренко. Ол ата-аналар өз баласын кім етіп тәрбиелегісі келетінін, оған
қандай сапаларды дарытқысы келетінін айқын ұғынып алуға тиіс деп атап
көрсетті. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін оны жақсы білу, жақсы түсіну керек,
ал бұл үшін педагогикалық білім қажет. Бұл ата-аналардың баланың мінез-
құлқын дұрыс талдап, оны тәрбиелеудің дұрыс жолдарын тандап алуына
көмектеседі.
Отбасы өмірін дұрыс ұйымдастыру
Балаларды тәрбиелеуде отбасы өмірінің жалпы уклады: жұбайлар
теңдігі, семья мүшелерінің арасындағы дұрыс қарым-қатынас жалпы ізгі
тілектестік, өзара құрметтеу және қамқорлық жасау, патриотизм, еңбек
сүйгіштік атмосферасы, ортақ тәртіп пен семья дәстүрі, ересектердіғ балаға
қоятын талаптарының бірлігі маңызды роль атқарады. Отбасы өмірі материалдық
(тамақ, киім, жылу т. с. с. жөніндегі) қажеттер ғана емес, рухани қажеттер
де толығырақ қанағаттандырылып, дамып отыратындай етіп ұйымдастырылуға
тиіс.
Ата-ананың беделі
Ата-ананың, бала алдында беделі болуға тиіс, мұнысыз тәрбие мүмкін
емес. Ата-ананың беделі неге негізделген? Ата-аналардың бұл жөніндегі
түсінігінде қателер кездеседі. Олар жөнінде А. С. Макаренко ата-аналарға
арнап оқыған лекцияларында иландыра айтқан болатын. Ата-ана беделінің
негізі ата-ананың азаматтық келбеті, олардың өмірі, жұмысы, мінез-құлқы, өз
семьясы үшін қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуі болып табылады. Еңбек
пен қоғамдық қызметті семьядағы міндеттерімен ойдағыдай
ұштастыратын, өз балаларының өміріне ықылас қойып, көңіл бөліп отыратын,
олардың өмірі мен дамуына шебер әрі әдеппен басшылық жасап
отыратын ата-аналар ең көбірек беделге ие болады — мұның анаға да,
әкеге де бірдей қатысы бар.
Ата-ананың балаға дұрыс көзқарасы
Ата-ананың балаға көзқарасы оған деген табиғи әрі тамаша махаббат
-сезіміне негізделген. Махаббат — барлық асылдың, мерейлінің,
құдіреттің, жылы мен жарқынның жасаушысы— деп жазғанды -
Ф.Э. Дзержинский. Бар әңгіме ата - ана махаббатының шегінен асып
кетпеуінде, оның баланың жеке басына деген талапкершілікпен және құрметпен
ұштасуында. Баланы шексіз жақсы көріп, оның Мен ананы қалаймын,
Бер, Сатып әпер деген тілектері мен талаптарының бәрін екі етпей
орындай беру, оған ашықтан - ашық үздігіп тұру, оның білінер-білінбес
қабілеттерін жер - көкке сиғызбай дақпырттау — осының бәрі сәбиге зиян
келтіреді, оны шәлкес, өзімшіл етеді, ерік - жігерін әлсіретеді. Балаға
деген мұндай сүйіспеншілікті соқыр сүйіспеншілік деп атайды. А.С.
Макаренко ата-ананың балаға бұлай қарауын - асып - төгілген махаббат
деп сипаттаған болатын.
Ата - ананың балаларға дұрыс қарауы еркелетуді, жұмсақтықты, аялауды
баланың мүмкіншілігін, әсіресе жасын ескеретін қатаң, дәйекті
талапкершілікпен ұштастыра білуде. А.С. Макаренко ата - аналарға баланы
қалағаныңызша еркелетіңіз, қалжыңдаңыз, ойнаңыз, бірақ қажет болған кезде
қысқа, бір - ақ рет тәртіп бере біліңіз... деп кеңес айтқан болатын.
Демек, ата-ананың, балалармен қарым - қатынасы сабырлылықты, салмақтылықты,
жылы жүзділікті шешімділікпен, іскерлікпен ұштастыратын болуға тиіс. Балаға
дұрыс қарау дегеніміз — бала әлі кішкентай, әлі өмір тәжірибесі, білімі аз
болғанымен, оны адам деп құрметтеу, оның ересектер назарында болу, олармен
қатынас жасау, алуан түрлі іс-әрекет үшін өзіне жағдай туғыздыру правосын
қадірлеу деген сөз.
1.2 Балабақша мен отбасы бірлігі –балаларды жан-жақты дамытудың бірден
бір құралы
Жекелеген семьялардағы балалардың тұрмысы мен тәрбие жағдайын, ата –
аналардың кездесетін қиыншылықтарын, олардың тәрбиелеудегі ағаттықтары мен
қателіктерін ескере отырып, педагог ескерткіш кітапшасын жасайды, онда
белгілі тақырыпка айтылатын ақыл - кеңестер мен ұсыныстар, мысалы: баланың
бойында әдептілікті, еңбек сүйгіштікті, мінездің ерік қасиетін қалай
тәрбиелеу керектігі, үйде кітапты калай пайдалану керектігі т.т. қыскаша
баяндалады. Тәрбие проблемаларының бірі егжей - тегжейлі көрсетілетін, ата
- аналарға көмектесуге арналған материалды жеке папкаға жинап, отбасыға
уакытша беріп отыруға болады. Папкада балаға, мәселен, ақыл - ой тәрбиесін
берудің мәнін ашатын бірнеше текст, ата - аналардың оқып білуіне арналған
әдебиеттер тізімі, көрнекі иллюстрациялық материалдар болады.
Бала отбасыдан бөлек тұратын мезгілде (саяжайға шығумен байланысты)
тәрбиеші ата - аналармен хат жазысып тұрады. Баламен бірге ол қысқаша хат
жазып, онда баланың көңіл күйін, қандай табыстарға жеткенін хабарлайды. Ата
- аналар бұл хаттардан тәрбиешінің ықыласын аңғарып, оған алғыс сезімін
білдіреді, жауап хаттарды балалар үлкен қуанышпен қабыл алады.
Отбасымен жүргізілетін жеке жұмыстың алуан түрлі формаларын шебер таңдай
білу, ұштастыру, пайдалану отбасыдағы тәрбиенің оңды тәжірибесін ашып, оны
одан әрі зерттеп, таратуға, сондай - ақ бала тәрбиесінде
сол отбасының тұрмыс жағдайын ескере отырып, ата - аналарға нақты көмек
көрсетуге мүмкіндік береді.
Ата – аналар коллективімен жүргізілетін жұмыс. Отбасымен жұмысты ата
- аналар коллективінің талқысына салуды керек ететін проблемалар болады.
Бұлар жүргізілетін шараға балалардың жасына, семьяның тұрмыс жағдайына
жұмысқа қарамастан бәріне қатысты мәселелер жатады. Мұндай проблемаларға
жататындар: ата – аналардың беделі; бала тәрбиесінде семьяның ролі, ата -
аналардың міндеттері туралы заңдар балаларды мектепке дайындау туралы;
мектепке дейінгі мекеменің бір жылға арналған жоспары туралы; ата-
аналар активінің жұмысы туралы т. б. Осы мәселелерді коллектив болып
талқылау ата – аналарды топтастыруға, дұрыс жұртшылық пікірін туғызуға
және, ақыр соңында, мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің уақыты мен
күшін неғұрлым ұтымды пайдалануға көмектеседі.
Отбасымен жұмыстың коллективтік формаларына мыналар жатады: ата – аналар
жиналыстары — топ және жалпы жиналыстар, топ консультациялары
конференциялары, ата - аналарға арналған кештер.
Ата - аналар жиналыстарының тақырыптары қалай жоспарланады? Тақырып
таңдау балалар бақшасы мен отбасының алдында тұрған балаларды тәрбиелеу
міндеттеріне, олардың дамуы мен тәрбиелену дәрежесіне, семьядағы тәрбиенің
жайына қарай айқындалады.
Аналар мен әкелерге педагогикалық тұрғыдан жақсырақ білім беру мақсатымен
ата - аналар жиналыстарының тақырыптары перспективалы түрде, бірнеше жыл
бұрын жоспарланады, бала мектепке дейінгі мекемеде болған жылдардың ішінде
ата - аналар оны тәрбиелеудің негізгі мәселелері бойынша айтарлықтай толық
білім алады.
Ата - аналардың жалпы жиналыстарының тақырыптары топ жиналыстарынан
өзгеше болады. Топ жиналыстарында сол жастағы балалардың ата-аналары үшін
неғүрлым актуальды мәселелер талқыланады, мысалы; жалпы жиналыстың тақырыбы
Балаларды адамгершілікке тәрбиелеу, оны жүзеге асыруда отбасының ролі
болса, екінші топта ол: Балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеуде балалар
бақшасы мен ата-аналардың біріккен жұмысы, Балаларды үлкендерді сыйлауға
тәрбиелеу т.т. сияқты болып нақтылануы мүмкін. Әрбір жиналыстың табысты
болуы мен пәрменді нәтижесі ең алдымен оған тәрбиешілер мен ата - аналардың
мұқият әзірленуіне байланысты. Тәрбиеші әзірлігі баяндаманы ұқыпты
дайындау, көрнекі иллюстрациялық материалды реттеу және көркемдеу, ата-
аналарды хабарландыру т.б. қамтиды. Мысалы: Табиғат балаларды тәрбиелеудің
факторы ретінде деген тақырыптағы баяндамаға дайындалған кезде тәрбиеші
осы мәселе жөніндегі әдебиетті оқып зерттейді, мектепке дейінгі мекемеде
жүргізілген жұмысқа, отбасындағы тәрбие тәжірибесіне талдау жасайды,
балаларды тәрбиелеу үшін серуенді шебер пайдаланатын бірнеше ата - анамен
олардың жиналыста сөйлеуі туралы келісіп алады. Топта балалардың табиғат
туралы салған суреттерінің көрмесі, оларға арнап осы тақырыпта жазылған
әдеби шығармалар, пейзаждардың репродукциялары, музыка шығармалары жазылған
пластинкалар әзірленеді. Осының бәрі жиналысты қызықты әрі жемісті етеді.
Тәрбиеші баяндама көлемін 20 - 25 минутта асықпай баяндауға есептейді.
Оның мазмұны логикалы болуға, көрнекі құралдарды, балалар еңбектерін,
әдебиетті нақты көрсетумен, тиісті тақырыптағы кинофильмдерді,
диапозитивтерді, слайдаларды көрумен қосақтасып отыруға тиіс. Мысалдар
пайдалана отырып, ата - аналардың психологиясын ескеру керек: жағымды, оңды
фактілер басым болуға тиіс, ал теріс фактілерге келетін болсақ, ол жөнінде
өте - мөте сақтық, әдептілік керек. Ондай ретте ешкімнің атын атамай - ақ,
жиналыстан соң оңаша әңгімелескенде баланың кемшілігін немесе оған
семьядағы теріс көзқарасты қалай жоюға болатыны жайлы әңгімені жалғастырған
жақсы.
Жиналыстан кейін тәрбиеші ата - аналардың айтылған ақыл - кеңестер мен
ұсыныстарға қалай қарағанына міндетті түрде зер салады.
Мектепке дейінгі мекемеге жаңа келген балалардың ата - аналарының алғашқы
жиналысы ерекше жоспар бойынша өткізіледі: меңгеруші оларға мекеменің үйін,
ққрал - жабдықтарын көрсетеді, оның қызметкерлерімен таныстырады.
Тәрбиешілер Балалар бақшасындағы тәрбие программасы
мен таяудағы уақыт аралығында мектеп жасына дейінгі балалармен
жүргізілетін жұмыс жоспары туралы қысқаша айтып береді. Ата - аналарды
балалар бақшасының талаптары мен режиміне сәйкес сақталуға тиісті
ережелермен таныстырады.
Ата - аналардың жаздан кейінгі алғашқы топ жиналыстарында тәрбиешілер
өткен жыл ішінде балалармен жүргізілген білім - тәрбие жұмысының нәтижелері
туралы есеп береді, алда тұрған жылда шешілуге тиісті міндеттерді
хабарлайды, мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері мен семьяның бірлесіп күш
жұмсауын талап етеді. Сол жиналыстарда ата – аналар активі өз жұмысы туралы
есеп береді, оның жаңа құрамы сайланады. Жиналыста болмаған ата - аналармен
тиісінше консультация өткізіледі.
Балаларды тәрбиелеу мен оқыту тақырыбындағы ата - аналарға арналған
баяндамалар мен лекциялар балалар бақшасының қабырғасында да, одан тыс
жерлерде де ұйымдастырылады; кейде олар бір микро ауданда орналасқан
мектепке дейінгі бірнеше мекеменің ата - аналарын біріктіреді. Олар ата –
аналар жиналыстарының тақырыптарын қайталамай, оларды толықтырып отыратын
болуға тиіс.
Топ консультациялары - Тәрбиешілер отбасыдағы тәрбиені зерттеудің
нәтижесінен туындайтын белгілі бір мәселелер бойынша ата -
аналарға арнап консультациялар өткізеді. Мысалы, Үйде балалардың бейнелеу
іс-әрекетіне басшылық ету деген тақырыптағы консультацияға бұған
жеткілікті көңіл бөлмейтін ата - аналар шақырылады. Сондай - ақ меңгеруші,
дәрігер, логопед, музыкалық жетекші де өз компетенциясына жататын
мәселелер бойынша ата - аналарға консультация береді. Консультация өткізу
дайындықты, кейіннен ата – аналардың алған рекомендацияларың бала
тәрбиелеуде қалай пайдаланғанын бақылап отыруды талап етеді.
Ата-аналарға мектепке дейінгі мекемелерде ата - аналар мен семьяға
арналған кештер оның басқа да мүшелері үшін өткізілетін кештер тақырыбы мен
үйірмелер тақырыптық сипатта болады, мысалы: Музыка және балалар, Кітап
бала өмірінде, Бала және табиғат. Жұмыстың бұл
формасының өзіндік ерекшелігі сол, қысқаша хабардан соң жиналғандарға
балалардың, балалар мекемесі қызметкерлерінің, ата - аналардың өздерінің
көркемөнерпаздығын көру ұсынылады. Мысалы, музыкалық жетекшінің сөзінен
кейін балалар өздері үйренген әндерді, билерді орындайды.
Өз балаларын қалай сую керек?, Бала тәрбиесінде әкенің ролі, Біз өз
балаларымызды білеміз бе? деген тақырыптардағы кештерді, сұрақ және жауап
кештерін өткізу тәжірибесі қызықты; сондай - ақ ата - аналардың балалар
жазушыларымен, ақындарымен, композиторларымен кездесулері де пайдалы.
Бала тәрбиелеуде қажетті іскерліктерді меңгеруде ата - аналарға көмектесу
мақсатымен оларға арнап қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылады, ол
сабақтарда ата - аналар балалар киімін пішуді, тігуді, тоқуды, алуан түрлі
тағамдар пісіруді, балалар әндерін, қолдан ойыншықтар жасау өнерін т. т.
үйренеді. Отбасымен жұмыстағы ең мол сенімділік пен пәрменді жұмыстағы
бірлік көрнекі құралдар комплексін пайдалану арқылы көрнекілік
тәрбиешінің балалармен жұмысын көрсету, техникалық құралдарды пайдалану,
көркем стендтер, фото - витриналар т.т. ұйымдастыру арқылы қамтамасыз
етіледі.
Тәрбие тақырыбына арналған кинофильмдер ата - аналарға үлкен пайда
береді, бұлар көбінесе аналар мен әкелерді толғандырып жүрген мәселелер
бойынша қызу талқылаудың, диспуттың бастамасы болады.
Дыбыс жазатын техника балалардың қалай сөйлейтінін, олар орындайтын
әндерді, өлеңдерді, әңгімелерді көрсету үшін, сондай - ақ балалар
репертуарындағы музыкалық шығармалармен таныстыру үшін пайдаланылады.
Тәрбиешілер ата - аналарды балалардың творчестволық еңбектерімен:
суреттерімен, жапсырған, құраған, табиғи материалдан жасалған бұйымдармен
таныстыратын тақырыптық көрмелер ұйымдастырады. Сондай – ақ мазмұны белгілі
бір тақырыпқа арналған тексті материалдардан және
фото иллюстрациялы материалдардан тұратын, мәселен; Интернационалистер
тәрбиелейміз немесе Балаларды мектепке дайындаймыз деген сияқты стендтер
мен витриналар жасау да пайдалы. Үйдегі демалыс күні балалармен табиғатқа
шығып серуендеу семьяда дауыстап оқу, ересектер мен балалардың бірлескен
еңбегі, үйдегі ойындар мен шаруалар туралы материалдардан құралатын
стендіні осылай атауға болады.
Жекелеген стендтер информациялық сипатта болады: мектепке дейінгі
мекемедегі күн режимі, балалардың салмағын өлшеу нәтижелері, тәрбиешілердің
балалармен жүргізетін жұмысының бір - екі аптаға арналған
жоспарлары, ата - аналар үшін консультациялар күндері мен сағатта-
ры т. т. '
Көрнекі материалды ата - аналардың белсеніп қабылдайтын болуы үшін,оған
олардың назарын аудара білу керек, ол материалдың бала тәрбиелеуде қалай
пайдаланылатынына зер салу қажет.
Мектепке дейінгі мекеме өмірінде, әсіресе отбасы мен жұмыста ата -
аналар жұртшылығы елеулі роль атқарады. Әрбір балалар бақшасында ата-
аналардың жалпы жиналысында сайланатын ата - аналар комитеті болады. Оған
барлық жас топтарындағы балалардың ата - аналарынан өкілдер кіреді.
Ата - аналар комитеті өз жұмысын Балалар бақшасындағы ата - аналар
комитеті туралы ережеге сәйкес ұйымдастырады. Оның жұмысы бір жылға
жоспарланады; оның мазмұны балаларды тәрбиелеуде, сондай - ақ семьямен
жұмыс жүргізуде мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметкерлеріне көмек
керсетуге бағытталған. Әрбір жас тобында ата – аналар активі бар, ол
мүмкіндігінше тәрбиешілерге жәрдем көрсетеді: ата – аналар жиналыстарын,
кештерді әзірлеуге көмектеседі, ата - аналарды жекелеген міндеттер мен
тапсырмаларды орындауға тартады.
Ата - аналар комитеті тәрбиешілерге қоғамдық бақылау жасау және көмек
көрсету мақсатымен - мектепке дейінгі мекемеде ата - аналардың кезекшілігін
ұйымдастырады. Ол әрбір ауданда, қалада және жекелеген кәсіпорындарда
болатын ата - аналар жұртшылығы қеңесімен тығыз байланысты болуға, оның
жұмысына белсене қатысуға тиіс.
Ата - аналарға педагогикалық білім беруді ұйымдастыруда ата - аналар
активінің ролі өте зор; активті ата - аналар мектепке дейінгі
мекеменің
қызметкерлерімен бірге ата-аналардың жаппай оқуын жүзеге асырады,
педагогикалық білімдерді табандылықпен меңгерудің үлгісін көрсетеді.
Осы мақсатпен біздің елімізде халык, арасында педагогикалық білімді кеңінен
насихаттау ісі уйымдастырылады. Бұл жумыстың ұйымдастырушылары —
Педагогикалық қоғам. Елде ата-аналардың жаппай окуы жүргізіледі, оның
мақсаты барлық аналар мен әкелерді педагогикалық біліммен кам-ту, олардың
әрқайсысына тәрбиенің өзекті проблемалары бойынша білім жүйесін беру болып
табылады. Өз шәкірттерінің ата-аналары жөнінде бұл міндетті мектепке
дейінгі мекемелер шешеді. Халықты педагогикалық біліммен кеңінен қамту үшін
елде педагогикалық білімнің халықтық университеттерінің жүйесі құрылып,
барған сайын кеңейе түсуде, оларда мектепке дейінгі факультеттер, семьядағы
тәрбие факультеттері бар.
Педагогикалық білімді насихаттау Ата - аналар, сіздер үшін деген
рубрикамен берілетін телевизия және радио хабарлары түрінде, мерзімді
баспасөз, Дошкольное воспитание, Семья и школа журналдары арқылы жүзеге
асырылады. Ата - аналарға арнап Педагогикалық факультет
бюллетені (Білім баспасы), көптеген көркем - педагогикалық, ғылыми
көпшілік және методикалық әдебиет шығарылады.
Жас семья мектептері, жас ата - аналар клубтары, демалыс күнгі семья
клубтары, тәрбие тақырыбындағы мәселен, Біздің балаларымыздың бақыты
неде?, Үнемі біздікі дұрыс па? сияқты ауызша журналдар барған сайын
кеңінен таралып келеді. Мұндай журналдардың беттерін педагогтар,
дәрігерлер, юристер жүргізеді. Кітапханалар көркем - педагогикалық
шығармалар бойынша оқырмандар конференциялары мен диспуттарын
ұйымдастырады.
Жеке тұлғаның өсіп жетілуіне ықпалы ерекше болғандықтан отбасы
тәрбиесіне психологиялық және педагогикалық зерттеулерде ерекше көңіл
бөліп, отбасы ұғымына көптеген анықтамалар берілген. Ж.Б.
Қоянбаевтың педагогикалық еңбегінде Отбасы- ол бірге тұратын некеге
негізделген немесе қандас туыстар (әке, ана, бала) тобы деп анықтама
берілген. Ғылым – педагог өзінің зерттеуінде отбасы – баланың өмір жолын
бастайтын және қоршаған шындық, орта туралы тиянақты да терең әсер алатын
ұжымы екенін, соның негізінде білім, әдет мінез-құлық пен өмірге
көзқарастың қалыпта-сатынын дәлелдеп көрсетеді.
Педагогика және психологиялық сөздікте отбасы-үйленгендердің жанұя-лық
бірлігі деп анықтама келтірілген. Бұл сөздікте отбасы тәрбиесі балаға
ұлттық тәрбие берудің негізі болып табылатындығын айқындай түседі.
Сонымен, жоғарыда айтылған анықтамаларға сүйене отырып, отбасының
мынадай негізгі белгілерін айқындап көрсетуге болады.
1) отбасы өзара туысқандық қатынасы бар әртүрлі жастағы әр түрлі
құқылы адамдардан біріккен ұжымы.
2) оларды ерлі зайыптылық, ата-аналық, балалардың ата-аналарына
ересектердің кішілерге және бір-біріне деген қарым-қатынас жасау
міндеттері байланыстырып тұрады.
3) ата-аналар мен балалар бірінен-бірі отбасыны басқарумен, ерекшеліктері
сол отбасында тәрбиеленумен ерекшеленеді.
4) Отбасы өмірі әртүрлі материалдық және рухани үрдістермен сипаттала-ды.
Ал отбасының әлеуметтік ролі адамның өзін өсіруге, адам тегін ұзартуға
тікелей қатынасымен анықталады.
Біздің қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқан ұл қыздарының
дені сау, рухани ойлау дәрежесі биік, еңбекқор, білімге құштар болып
өсуі туған халқы мен Отанына адал, өнегелі азамат болып өсуі-ең жоғары
тілек, ең негізгі мақсат болып келген. Оның қуат алатын қайнар
бастауы–отбасы. Сондықтан, адамзат ұрпағына отбасының аса құнды ықпалы
мен әсерін өмірдегі еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Сол сияқты
балаға ата–ана тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алмайды.
Отбасы тәрбиесі ұғымының өзі отбасы мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz