Ғұндардың саяси тарихы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Ғұндардың шығу тегі.
  2. Мемлекеттік құрлымы.
  3. Ғұндардың саяси тарихы
  4. Ғұндардың тұрмыс - тіршілігімен шаруашылығы.
  5. Мәдениеті.

Атилла - ғұндардың көсемі.

Б. з. б. I мың жылдықтың екінші жартысынан бастап Байкалдан Оңтүстікке қарай және Ордосқа дейін созылып жатқан дала және шөлейт аудандарда қарабайыр мал шаруашылығымен шұғылданған, этникалық жағынан әр түрлі тайпалар көшіп жүрді. Солардың басты бір тобы б. з. б. ІУ-ІІІ ғасырларда Солтүстік Қытайдың шекарасына дейінгі жерді мекендеген тайпалық екі одақ Сюнну және Дунху бірлестіктері еді. Қытай тілінде сюнну деген атау солтүстікдегілер деген мағынаны білдіреді.

Сюннулар хунну немесе ғүндар деп аталады, әсіресе, б. з. б. III ғасырда мейлінше күшейді. Тайпалардың бұл тобының аты қайдан шыққаны белгісіз. "Ғүн" деген атаудың өзі кейінірек сюнну (хунну) деген аттан шыққан деп болжам жасалынды. Ғүндар туралы тарихи деректер көрнекті Қытай тілінің мамандары Н. Я. Бичурин мен Н. Кюнердің еңбектерінде берілген. Ал олардың тарихын жазуда үлкен еңбек сіңірген ғалымдар А. Н. Бернштам, Л. Н. Гумилев, Н. И. Конрад. Ал Қазақстан ғалымдарының арасында ғүндардың тарихымен К. М. Байпақов және т. б. айналысып жүр.

Ғүндардың этникалық тегі туралы мәселе әлі анықта-лып болған жоқ. Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы аталары деп болжайды. Ғүндардың қүдіреті тасып түрған кезде, олардың бірлестігіне басқа бірнеше тайпалар қосылған, сондықтан "ғүн" атауы этни-калық болудап горі саяси одақ атауына қарай айналыңқыраған. Ғұн тайпаларының бір одаққа бірігуіне негізгі себеп Қытайлықтардьң бүларға қарсы төрт ғасырға созылған кескілескен соғысы деу керек. Хань империясы кезінде Қытайлықтар ғұндарды талай рет басып алмақшы болады, бірақ ғұндар іргелес тайпалармен бірігіп, Қытайлықтардың шабуылдарына батыл тойтарыс беріп отырады. Ғұн тайпаларының бірігіп топтасуы б. з. б. 209 жылы "ғұн үйінің өрлеуі" кезінде іске асты. Оларды бір одаққа біріктіру әйгілі Мөде /Боғда/ батырдың есімімен байланысты. Оның туған жылы 230, ал өлген кезі б. з. б. 174 жыл.

Мөде ғұндарды күшті державаға айналдыру үшін әскери реформалар жүргізді. Мөденің басшылығымен ғүндар өздерінің оңтүстігіндегі дунхуларды талқандады. Олар Саян-Алтай тайпаларына және Үйсіндерге шабуыл жасап, өзіне қаратты. Мөде батыста Юечжи тайпаларына жорық жасап, оны бағындырды. Б. з. б. 200-ші жылдары ғүндар Ордосты қаратып алды, Қытай Хань әулетінің негізін қалау-шы Лю Баньмен соғысып оны жеңді. ¥лы Қытай қорғаны . салынуының бір себебі осы ғүндардың шабуылынан қорғану амалы еді. Қытайдың "Жылнама" атты байырғы кітабында айтылатын "түрағы жоқ, үйі жоқ ғүндар бәле болды ғой" деп келетін жолдар ғүндардың Қытай еліне қатты қауіп төндіргенін көрсетеді. Б. з. б. 188 жылы Мөде мен Қытайдың Хань императоры Гаоцзу "тыныштық және туыстық" жайлы шартқа қол қойды. Мөде Қытай ханшасын өзіне әйелдікке алды, сонымен бірге Хань империясы ғұндарға жыл сайын салық төлеп түруға тиісті болды. Ғүндардың жүргізген жаулап алу соғыстарының нәтижесінде Забайкальеден Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзенінің орта бойына дейін созылып жатқан жердің бәрі олардың қол астына көшті. "Ғүн державасы" орасан зор үлкен болғанымен оның осал үрымтал жері де бартын. Мүның өзі олардың арасындағы берік бірліктің болмауы-мен байланысты еді. Осыдан келіп б. з. б. 59 жылы ғүндардың өз арасында соғыс басталды. Ғүндардың өз іштеріндегі болып жатқан мүндай талас-тартыстарды Қытай мемлекеті пайдаланып қалуға тырысты. Қытайлар үйсіндермен одақтаса отырып, ғүндарға қарсы бірнеше шабуыл үйымдастырды.

Б. з. б. 47 жылы ғүндар державасы оңтүстік және сол-түстік ғүндар болып екіге бөлінді. Оңтүстіктегі ғүндар Қытайдың Хань империясына бағынды. Ал Чжи-Чжи шаньюй бастаған солтүстіктегі ғүндар өздерінің тәуелсіздігін сақтап, Солтүстік Моңғолия және Шығыс Түркістанның

Солтүстік аймақтарында көшіп-қонып жүрді. Бүлардың бір бөлігі Тянь-Шаньнан өтіп, Қаңлы тайпаларымен шартта-сып, олардың шығыс жағына қоныстанды. Мүның өзі ғүндардьң Қазақстан мен Орта Азия жеріне түңғыш рет жап-пай өтуі еді. Екінші бір толқыны біздің заманымыздың I ғасырында басталды. 93 жылы Хань империясының әскерлері ғүндардың күштерін ығыстырып, олардың солтүстіктегі тайпаларының бірін өздеріне бағындырып, енді біреулермен одақ жасасып, үшіншілерін батысқа қарай ығыстырды.

:

Олар Тарбағатайға дейін келіп, Оңтүстік-Шығыс Бал-қаш өңірін жайлаған Юебань тайпалары пайда болды. Ғүндардың осы жылжуымен байланысты болса керек, кейінірек бүлар Орталық Қазақстан және Сырдариядан солтүстікке қарай созылған жерлерді алып жатты. Арал теңізі мен Каспий маңына шығып, алаңдар мен ассаларға шабуыл жасап, оларды батысқа қарай ығыстырды. Сөйтіп, ғүндардың Қазақстаннан Шығыс және Орталық Еуропа жеріне жеткенше үш ғасырдан астам уақыт өтті.

Ғүндар Рим империясына үлкен қауіп туғызды. V ғасыр-дың 30-шы жылдары ғүндардың басшысы Аттила /410-453 ж. ж. / Румыния және Венгрия елдеріндегі көшпелі тайпаларды өзінің қол астына жинап, Рим империясының аудандары Паннония мен Мезияны басып алған соң, Франция жеріне өтеді. Жаулап алған жерлердегі халықтарды қырыпжойып, қалаларды бүлдіріп, селоларды өртеп, бүкіл Еуропа елдерінің үрейін үшырады. Н. А. Машкин "Ертедегі Римнің тарихы" деген кітабында, 375-376 жылдары вест-готтардың Қазақстан даласынан келген ғүндармен біріккен күрестері ежелгі Рим империясының қүлауына әкеп соқты деген қорытынды жасайды.

Тарихи деректерге қарағанда, ғүндар 24 руға бөлінген, оларды ру басылары, ақсақалдар басқарған. Рулық қүрылыстың ақсақалдар кеңесі және халық жиналысы сияқты институттары жүмыс істеген. Олар жылына үш рет-бірінші, бесінші жәпе тоғызыншы айларда өткізіліп, онда ру басылары мемлекеттік істерді талқылап, ат жарысы мен түйелердің жарысын қызықтаған.

Ғүн тайпаларының патриархаттық-рулық қүрылысы не-гізінде жаңа қоғамдық қатьшастар, теңсіздік, таптарға бөліну қалыптасты. Қабірлерден шыққан заттар ғүн қоғамындағы мүлік теңсіздік жайын айқын сипаттайды. Обаларды қазған кезде табылған бүйымдар, қымбат маталар ғүн қоғамы үстем топтарында жиналған байлықты дәлелдейді. Қытай саяхатшысы Сыма Цянь қалдырған жазбаларда ғүн-дарда малға әулеттік және жеке меншіктік болғаны айтылады. Ғүн тайпалары үжым болып көшіп жүрген және әрқайысының өзіне бөлініп берілген жер учаскелері болған.

Ғүндарда соғыс түтқындарынан және бағынышты ай-мақтардың халқынан қүралған қүлдар болған. Олар үй қызыметшілері, бақташылар, қолөнершілер және жер жыртушылар ретінде пайдаланылған.

Елді шаньюй басқарды, оның қолында шексіз дерлік билік болды. Шаньюйдан кейін түмен басылар деп аталатын бекзадалар түрды. Олар шаньюйдің үлдары, інілері немесе жақын туысқандары болатын. Барлығы 24 түмен басы және олардың әр қайсысының көшіп жүретін өз жерлері болған. Түменбасылар өз иеліктерінде мыңбасылар, жүзбасыларды тағайындап отырды. Ғүн қоғамында лауазымдар мен жоғарғы шендер мұраға қалдырылған. Ғүн шаньюйі өлсе оның орнына інісі не үлкен баласы билікті өз қолдарына алатын болған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғұн мемлекеті
Ғұн державасы
Ғұндар Саяси тарихы
Ғұн державасының құрылуы этникалық және саяси тарихы
Ғұн мемлекетінің этникалық және саяси тарихы туралы
Ежелгі ғұндар
Ғұндардың шаруашылығы
Ғұндар мемлекеті
Ғұн мемлекетінің қалыптасуы мен тарих сахнасынан шығуы
Батыс Ғұн Империясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz