Есте сақтаудың 10 әдісі



1. Жақсы кітаптар оқыңыздар
2. Компьютер ойындары
3. Ұйқы
4. Жаңа бір нәрсені үйреніңіз
5. Кертартпалықтан құтылып көріңіз
6. Сандармен жұмыс істеп көріңіз
7. Жаттап үйреніңіздер
8. Өткеніңіз туралы айтыңыз
9. Шет тілдерін үйрену
10. Сөздік қорыңызды көбейтіңіз
1. Жақсы кітаптар оқыңыздар
Кітапты оқу барысында миыңызды кейіпкер оның мінез-құлқы, сезімі, уақиғалар жайлы ақпаратты жаттауға мәжбүрлейсіздер. Мида нақты бейнелер құралып, қабылдауыңыздың жақсаруна себепші болады. Сол арқылы оқу сіздің есте сақтау қабілетіңізді жақсартып, зияткерлігіңізді жетілдіріп, сөздік қорыңызды байытады.
2. Компьютер ойындары
Компьютер ойындарын сүйіп ойнайтындарға, олар өздерінің миын жаттықтыратын білу қуантар. Бірақ… Миды жаттықтыру үшін жарты сағат, асып кеткенде бір сағат жеткілікті. Зияткерлі немесе логикалық ойындарды ойнау барысында, ойыншы стратегия таңдап, алдағы іс-әрекетті жоспарлайды. Егер сіздің жұмысыңыз ескішілдік негізінде болса, жарты сағатттық ойын миды белсенділік жағдайында ұстайды.
3. Ұйқы
Миды жақсы қалыпта ұстау үшін сегіз сағаттық ұйқы керек. Күні бойы сіздің миыңыз әр түрлі мәселелерді шешеді – оңай болсын, қиын болсын. Сондықтан оған ертеңгі мәселелерді шешу үшін жақсы демалыс керек.
4. Жаңа бір нәрсені үйреніңіз
Не нәрсені үйренгіңіз келеді, не нәрсе керектігін жақсылап ойлап, соны жүзеге асырыңыз. Өз күштеріңізді жаңа әуес іске жұмсаңыздар – мүмкін, ол атпен серуендеу немесе сурет өнері болатын шығар. Балаға ертегі жазып немесе өлең шығарып көріңіздер. Ешқашан істемеген нәрсені істеңіздер, өз миыларыңызға оған белсенді қатысуға мүмкін беріңіздер.
5. Кертартпалықтан құтылып көріңіз
Ерекше іс-әрекеттер жасап, аяқ-асты шешімдер қабылдаңыздар. Мысалы, таңғы кофеңізді шырынға алмастыру, сол қолмен жазып үйрену; үйреншікті бағытты ауыстырыңыз – сол арқылы ескіліктен құтыласыздар.
6. Сандармен жұмыс істеп көріңіз
Көбейту кестесін білесіз бе? Оны ойша қалай санау керектігін ше? Біз өмірімізді калькуляторсыз елестете алмаймыз. Ал сіздер супермаркеттегі саудаңызды ойша есептеп, не басқа да есептерді есептеп көріңіз. Бұл арқылы миды жаттықтырып қоймай, есте сақтау қабілетін де жақсартасыз.

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Есте сақтаудың 10 әдісі

1. Жақсы кітаптар оқыңыздар
Кітапты оқу барысында миыңызды кейіпкер оның мінез-құлқы, сезімі, уақиғалар жайлы ақпаратты жаттауға мәжбүрлейсіздер. Мида нақты бейнелер құралып, қабылдауыңыздың жақсаруна себепші болады. Сол арқылы оқу сіздің есте сақтау қабілетіңізді жақсартып, зияткерлігіңізді жетілдіріп, сөздік қорыңызды байытады.

2. Компьютер ойындары
Компьютер ойындарын сүйіп ойнайтындарға, олар өздерінің миын жаттықтыратын білу қуантар. Бірақ... Миды жаттықтыру үшін жарты сағат, асып кеткенде бір сағат жеткілікті. Зияткерлі немесе логикалық ойындарды ойнау барысында, ойыншы стратегия таңдап, алдағы іс-әрекетті жоспарлайды. Егер сіздің жұмысыңыз ескішілдік негізінде болса, жарты сағатттық ойын миды белсенділік жағдайында ұстайды.

3. Ұйқы
Миды жақсы қалыпта ұстау үшін сегіз сағаттық ұйқы керек. Күні бойы сіздің миыңыз әр түрлі мәселелерді шешеді - оңай болсын, қиын болсын. Сондықтан оған ертеңгі мәселелерді шешу үшін жақсы демалыс керек.

4. Жаңа бір нәрсені үйреніңіз
Не нәрсені үйренгіңіз келеді, не нәрсе керектігін жақсылап ойлап, соны жүзеге асырыңыз. Өз күштеріңізді жаңа әуес іске жұмсаңыздар - мүмкін, ол атпен серуендеу немесе сурет өнері болатын шығар. Балаға ертегі жазып немесе өлең шығарып көріңіздер. Ешқашан істемеген нәрсені істеңіздер, өз миыларыңызға оған белсенді қатысуға мүмкін беріңіздер.

5. Кертартпалықтан құтылып көріңіз
Ерекше іс-әрекеттер жасап, аяқ-асты шешімдер қабылдаңыздар. Мысалы, таңғы кофеңізді шырынға алмастыру, сол қолмен жазып үйрену; үйреншікті бағытты ауыстырыңыз - сол арқылы ескіліктен құтыласыздар.

6. Сандармен жұмыс істеп көріңіз
Көбейту кестесін білесіз бе? Оны ойша қалай санау керектігін ше? Біз өмірімізді калькуляторсыз елестете алмаймыз. Ал сіздер супермаркеттегі саудаңызды ойша есептеп, не басқа да есептерді есептеп көріңіз. Бұл арқылы миды жаттықтырып қоймай, есте сақтау қабілетін де жақсартасыз.

7. Жаттап үйреніңіздер
Жатқа қанша тақпақ білесіздер? Ал балалар он шақтысын біледі. Сіздер балаларыңызбен бірге он шақты тақпақ немесе қазіргі заманғы ақындардың ұнаған өлеңдерін жаттап алуларыңызға болады. Есте сақтау қабілетін жаттықтырып қана қоймай, жақсы нәрсеге де қол тигізесіздер. Бір кездері әріптестеріңізге, отбасыларыңызға жатқа өлең айтып, оларды таңғалдырасыздар.

8. Өткеніңіз туралы айтыңыз
Біреуге кешегі күніңіз жайлы айтыңыз. Соңынан басына дейін. Мысалы, кешке, сосын күндіз не істедіңіздер, кешегі күніңіз қалай басталды. Өткенге көз жүгірту арқылы миыңыз сол ақпаратты жаттап қалады.

9. Шет тілдерін үйрену
Шет тілдерін үйрену миды жаттықтырудың жақсы жолы. Күніне кем дегенде он жаңа сөз жаттауды әдетке айналдырыңыз. Осыны әдісті меңгергенде, сөз емес сөз тіркестерін жаттауға көшу керек.

10. Сөздік қорыңызды көбейтіңіз
Күніне өзіңіз үшін жаңа сөзді ашыңыз. Бұл жалпы немесе сіздің мамандығыңызға қатысты сөздер болуы мүмкін. Сізге түсініксіз сөздердің анықтамасын табу үшін сөздіктерді қолданыңыз. Сол жаңа сөздерді өмірде қолдану арқылы жаттаңыздар.
Егер сіздер есте сақтау қабілетіңізді жаттықтырмасаңыз, оны жоғалтып аласыз. Есте сақтау қабілетін әлсіретіп алмау үшін мына 10 кеңесті қолданыңыздар. Олар көп уақытты алмайды, бірақ біраз уақыттан кейін сіздің миыңыз тиімдірек жұмыс істейтінін байқайсыздар.

Дене шынықтыру
Спорт залдарында үзбей дене шынықтырумен айналысудың нәтижесінде миға қан келіп, ағза оттегіні де белгілі дәрежеде қабылдап, мидың жұмысын жақсартады. Егер мидың жұмысы жақсы болса, есте сақтау қабілеті де жақсара түседі. Сондай-ақ, бүкіл дененің мимен байланысы тағыз. Дене қозғалысының көптігі -- ағзадаға зат алмасу процессін жақсартып, миды артық күштерден арылтады. Сондықтан да, бұл дәлелдерден кейін, спортпен шұғылдануды -- күн тәртібіндегі басты ереже деп қарауға кеңес береміз.
Миға жүктеу
Көп нәрсені есте сақтау үшін оқып, оқығанды мида тоқудан жалықпаңыз. Тіпті, тісіңізді бүгін басқа қолмен тазалауыңыз, не болмаса киім тігуде басқа қол иірімдерін пайдалануыңыздың өзін сіздің ми жаңашылдық деп қабылдайды. Ал жаңа ілімдермен таныс болудың өзі де миға сергектік сыйлайды.
Тәтті ұйқы
Күндіз ми қабылдаған ақпарат, түнгі ұйқы кезінде қайта іске қосылады. Оқымысты ғалымдардың пайымдауынша, ми жасушалары адамның ұйықтап жатқан сәтін пайдаланып, миды тазарту жұмыстарын жүргізеді. Яғни, күндіз қабылданған ақпараттар түнгі ұйқы кезінде бас ішінде сараланып, рет-ретімен тізіледі екен. Ал бізден кеңес: тәулігіне 8 сағаттан кем ұйықтамаңыз. Ұйқының жетіспеушілігінен ми қабаттары зардап шегіп, есте сақтау қабілетіңіз де төмендей түседі. Сонымен қатар, алкогольді ішімдік ішіп алып, ұйқыға кету де өте зиянды. Тәжірибеңізден көрген боларсыз, мас адам сау кезінде, кешегі болған оқиғалардан бейхабар болады.
Күйзелістің алдын алу
Күйзелістің пайда болуына әсер ететін үш фактор мыналар: күйбең тіршілікте пайда болған жаңа заңдылықтар, кей оқиғалардан алатын негатив әсер және уайым. Бұл факторлардан келетін жағымсыз әсерлер адамды күйзеліске ұшыратып, соңынан миына артық күш түсіреді. Бұдан құтылудың жолы, тыныс жолдарына арналған жаттығулар мен йога, кешкі уақытта жылы ванна қабылдау. Кеңесіміз, уайымшылдықтан арылу мен уақытылы қабылданған ас пен ұйқы.
Есте сақтаудың дұрыс жолы
Дауысыңызды шығарып, болып жатқан құбылысты әңгімелеп көріңіз. Міне менің көлігім. Оны дүкеннің қасына қалдырып барамын. Кілтті әкеліп, тоңазытқыштың үстіне қойдым. Тоңазытқышта тағамдар сақталған ... Ойыңызды дабыстап айтып көрсеңіз, есіңізде сақталады. Себебі, құлақпен кірген дыбысты ми да жақсы сақтай алады.
Өз әрекеттеріңізді суретке түсіріп көріңіз. Дыбыстап айту жеткіліксіз жайттар болады, бұл кезде түсірілген суреттер кейін болған жайтты қайта еске түсіреді. Қазір, ақпарат пен техниканың дамыған заманында, сағат санап түсетін ақпаратты есте ұстай алмай, техниканың көмегіне жүгінуге мәжбүр боламыз. Ұстауға да, қолдануға да ыңғайлы фотоаппараттың көмегімен оқиғаларды сурет етіп жазсаңыз, ұтылмайсыз. Тойлар мен маңызы бар іс-шараларды міндетті түрде суретке түсіріп жүру, кейін сол суреттердің арқасында өткен қуанышты оқиғаны қайта еске алу. Бізден кеңес: егер есте сақтап қалу үшін өте маңызды жайттар көз алдыңызда өтіп жатса, суретке түсіру пернесін басудан қысылмаңыз.
Қайталаңыз
Естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар: әуелі көкірегі байлаулы, берік болмақ керек екінші - сол нәрсені көргенде я естігенде ғибратлану керек көңілденіп, ойланып, көңілге бекіту керек төртінші - ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Бұл Абай қалдырып кеткен қара сөздердің бірі. ХІХ ғасырда жазылып кеткен бұл сөздің жаны бүгінгі күнге дейін жоғалмаса керек. Шынымен, естіген, көрген нәрсені ұмытпас үшін көкірекке тек соны түйіп, іштен бірнеше рет қайталап отыру керек.
Өзіңізді тексеру үшін
Төменде көрсетілген белгілерді саралай кле, өзіңізге қатысты талдау жасап көріңіз. Егер қандай да бір белгі бойыңыздан табылса, есте сақтау қабілетіңіздің нашарлағаны. Олар төмендегіше жіктеледі:
1. Қалыпты ұмытшақтық
- Кілтіңізді көрінген жерге салып қоясыз да, қайда салғаныңызды ұмытып кетесіз.
- Жаңа танысыңыз не болмаса әріптесіңіздің есімін де аз уақытта ұмытып қаласыз.
2. Есте сақтаудың жеңіл бұзылуы
- Бүгінге жоспарланған кездесуіңіздің бар екенін ұмытасыз.
- Жеке заттарыңызға ие бола алмай, жоғалтып ала беретін боласыз.
3. Ауыр жағдай.
- Сіз жақындарыңыз бен туғандарыңыздың есімін естен шығарып аласыз.
- Сіз жоспарлы түрде мүлде әрекет ете алмай қаласыз.
Еске түсіру
Кейде, әр түрлі жағдайларға байланысты өткінші құбылыстар өздігінен еске оралады. Ал, еске түсіру қатты қажет болған кезде, есімін таппай, не болмаса өткен оқиғаны еске түсіре алмай, қиналып жататын кездер болады. Бұл тығырықтан шығудың жолы бар. Мәселен, бүгін Арманмен кездесесіз делік. Кездесу орнын белгілеп қойған болсаңыз да, есіңізден әп сәтте шығып кетіп, қайда барарыңызды білмей тұрсыз. Осы бір сәтте Арман сүйіп оқитын ақынды еске түсіріңізші. Ол -- Абай. Демек, кездесуге белгіленген орын Абай даңғылы болды. Осылай, егер жадыңызда сақтап қалар дүниелер болса, басқа бір жағдайлармен байланыстыра отырып есте сақтаған, кейін осы жағдайды еске түсіре отырып, оқиғаны да миға сол қалпында оралтуға болады. Белгілі жағдайлар еске түскенде, ұмытқан нәрсе де өздігінен ойға келеді.
Ұмыту да керек
Есте ұстау мен ұстағанды ойда сақтап қалу жеткіліксіз. Қажеті жоқ, ескі ақпараттан да құтылып отыру маңызды. Досыңыздың есігін қағып тұрған сайын, оның ескі нөмірін тере бересіз дейік. Осы жерде былай етіп көріңіз: қағазға ескі үй нөмірін жазыңыз да, сол қағазды өртеңіз...ойша. Өртеніп кеткен қағаз күлін жел өзімен бірге алып кетті. Мидан да жоғалды. Қарапаймым ғана әрекет.
Қиынырақ мысал алып көрелік. Мәселен, сіздің жігітіңізбен жолдарыңыз екі айырылып кетті деп есептейік. Оны ұмыту керек. Бірақ, көзіңізді жұмған бойда оның елесі көз алдыңыздан кетпей, мазаңызды қашырады. Ойша, ескіріп кеткен фотосуретті көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Ұмыта алмай жүрген жаныңыз бейнеленген суреттің түсі ойыңызда барған сайын оңа түсіп, сурет ақ параққа айналады. Міне, сурет те жоғалды, санаңыздан ұмыта алмай жүрген жанды да жоғалттыңыз.
Дұрыс тамақтаныңыз
Біздің мидың үштен бір бөлігі қанбаған май оттегілерінен құралған. Соның әсерінен ми қабаттары қанды жақсы қабылдап, жұмыс істеу белсенділігін арттырады. Бұл белсенділікті арттыру үшін теңіз тағамдарын, балық майын, жаңғақтар мен пістелерді жеткілікті мөлшерде қабылдау керек. Сондай-ақ, жарма мен көкөністер құрамы жәй көмірсуларға мол болады. Ал құрамы қантқа толы ұн тағамдары мен чипсы болса, шапшаң көмірсуларға бай. Олар ойлау мен дене қызметінің белсенділігін арттырады, бірақ соңынан барып, әлсіздік пайда болып, ойлау жұмысын тым бәсеңдетіп жібереді. Енді осыдан шешім шығарып көріңіз. Тәтті тағамдарға әуес болған дұрыс па, әлде теңіз тағамдары мен көкөністерге құмартқан дұрыс па?
Адам миына аминқышқылдары ауадай қажет. Ал қышқылдың бұл түрі балықта, дәнді дақылдар мен күріште болады. Есте сақтау қабілетіңізді жақсартқыңыз келсе, аталған азықтармен қоректенуді әдетке айналдырыңыз.
Мнемозиннің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын сөздерін есте сақтаудың тиімді тәсілдері
Ағылшын тілін үйренудің тиімді жолдары
Музыкалық педагогикада музыкалық жадының дамуының негізгі әдістері
4 сынып оқушыларының есте сақтау қабілеттерін дамытудағы жүргізілетін жұмыстар
Тілдік теорияны үйрету бастауыш сынып оқушыларының есте
Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау процесінің ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесін арттыру жолдары
Нашар еститін балалардың бейнелік есте сақтауының даму ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттерін диагностикалау ерекшеліктері
Зерттеу пәні - Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процесі
Пәндер