ҚАЗАҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫ ЖӘНЕ САЯСИ КҮРЕС


ҚАЗАҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫ ЖӘНЕ САЯСИ КҮРЕС
Қазіргі кезеңде, еліміздің тарихына жаңаша ой-пікірдің қалыптаса бастаған шағында осы мәселені жан-жақты зерттеуге мүмкіндіктер туды. Отарлық кезең тарихының толықтай зерттеліп үлгермеген, өзінің лайықты бағасын ала алмаған мәселелеріне ғылыми талдау жасауға жол ашылды. Бұл Қазақстан тарихындағы аса маңызды осы мәселені тиянақты түрде саралауға, қоғам дамуының заңдылықтары негізінде әлеуметтік құбылыстарды ұсынуға көмектеседі.
ХІХ ғасырдың ІІ-жартысы мен ХХ ғасырдың басы қазақ қоғамы үшін күреске толы кезең. Өйткені, Ресей үкіметінің қол астында болып, патша мен оның шенеуніктерінің езгісі мен тепкісін көрген қазақ халқы басқа да бұратана халықтармен қатар өз азаттығы үшін күреске шықты. Бұл кезде қазақ қоғамында ұлттың еңсесін көтеріп, патша саясатына ашық түрде қарсы шыққан қазақ интеллигенциясының қатары қалыптаса бастаған болатын.
Осы зиялы топ қазақ елін отарлық езгіден құтқарып, ұлт-азаттық жолындағы күресте көш бастаушы болды. Қазақ интеллигенттерінің бұрыннан алға қойған басты мақсаттарының бірі - жер мәселесі еді. Жер мәселесін шешуде қазақ интеллигенттері Ресей Мемлекеттік Думасын, патша үкіметінің әкімшілік органдарын пайдалануға тырысты. Зиялы қауымның осы қызметі және олардың қоғамдық-саяси көзқарастары жете көңіл бөліп, зерттеу елегінен өткізуді талап етеді. ХХғ. бас кезінде қазақтың зиялы қауымы өкілдері, қоғам қайраткерлері мен ағартушылары «Айқап» журналы мен «Қазақ», «Дала уалаятының газеті», «Алаш», «Сарыарқа», «Қазақстан» газеттерінде өз ойларын жариялап, қазақ қоғамының келешегі, қазақ шаруаларының тағдыры, жер мәселесі мен отырықшылыққа көшуге байланысты пікірталастар ұйымдастырды. Олардың сол кездегі қызметі мен көзқарасы бүгінде маңызын жойған жоқ. Соңғы кездерде зерттеушілер қазақ интеллигенциясының пайда болып, қалыптасу ерекшеліктерін, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуында оның атқарған ролін анықтап және мұны әр сала бойынша қарастыруда. Сондықтан бүгінгі қазақ тарихнамасында ғасыр басындағы осындай көкейтесті мәселелерді шешуге тырысқан ұлттық интеллигенцияның көзқарастарын әр қырынан толықтай ашып беретін зерттеу қажет. Міне, сол себепті қарастырылып отырған тақырып арнайы ғылыми зерттеу объектісі болуға лайықты, жаңаша көзқараспен талдауда тарих ғылымындағы өзекті мәселелердің бірі деп айтуға болады.
Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өмірін орыс тарихшылары мен саяхатшыларының зерттеулері мен жазбаларынан, ресми құжаттарынан оқып білуге болады. Алайда, олардың барлығы отырықшылықты көздеген патша үкіметінің арнайы нұсқауымен орындалған еді. Өйткені, қазақ даласын түгелдей отарлық меншікке айналдырып, бодандықта ұстау үшін, халықтың тұрмысын, әлеуметтік өмірін, жерінің табиғи-географиялық жағдайын, мәдениеті мен тілін, дінін, жалпы психологиясын зерттеу өте қажет болды. Жалпы отарлық кезеңде жарияланған мұндай зерттеулердің құнды мәліметтері сыни талдау арқылы пайдалануға болатын маңызды дерек көзі екені даусыз. Ал қазақ интеллигенциясы өкілдерінің пайда болуы, қалыптасуы, қоғам ісіне араласуы, жер мәселесіне байланысты қызметі мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары мен арнайы ғылыми еңбектерінен белгілі. Бұл ретте Ә. Бөкейхановтың, А. Байтұрсыновтың, Р. Мәрсековтың, Ж. Сейдалиннің, М. Дулатовтың еңбектерін айтқан жөн. Осы алаш қайраткерлерінің мақалалары саяси үгіт пен насихаттың қыр қазағына жақын, ұғынықты тілде жазылған тамаша үлгілері болды.
ХVІІІ ғасырдың соңынан бастап-ақ қазақ халқының орыс отаршылдығына қарсы ұлт-азаттық күресі басталды. Сырым Датұлы, Саржан Қасымұлы, Жоламан Тіленшіұлы, Исатай Тайманұлы пен Махамбет Өтемісұлы, Жанқожа Нұрмұхамедұлы және Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістер ел тарихында алтын әріптермен жазылды.
ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуында ХІХ ғасырдың екінші жартысымен салыстырғанда едәуір өзгерістер болды. Осы өзгерістермен қатар ел өміріндегі саяси оқиғалар да қазақ ұлттық интеллигенциясының қалыптасуына әсерін тигізді. ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында пайда болған ұлттық интеллигенцияның үлкен тобы өлкедегі азаттық жолындағы күрестің өсуінде айтарлықтай рөл атқарды. ХХ ғасырдың алғашқы ширегін қазақстандық тарихшылардың бір тобы «саяси күрестер мен рухани жаңғыру кезеңі» деп атауға әбден лайық екендігін атап көрсетті.
Ә. Бөкейханов, Мұстафа Шоқай, А. Байтұрсынов, Ә. Ермеков, М. Тынышпаев, М. Дулатов, Б. Қаратаев, Халел және Жанша Досмұхамедовтер өз заманындағы әлемдік ұлт-азаттық күресіндегі ірі тұлғалардың қай-қайсысынан де кем тұрмады. Алаш көсемдері бастаған ұлт-азаттық күрес тоталитарлық жүйе нығайғанға дейін тоқтамады, олардың елді өркендетудің демократиялық бағдарламасы авторитарлық үрдістер салдарынан жүзеге аспай қалды. Олардың қызылдар империясының қанды тырнағына қарсы тұруға шамалары да келмеді.
Ресей отаршылдығы кезіндегі ұлт-азаттық көтерілістерді есептемегенде, Кеңес өкіметінің орнау қарсаңы мен одан кейінгі азаматтық қарсыластық кезінде де ел тәуелсіздігі туралы мәселелер көтерілді. ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының азғантай тобы ұлттық саяси ұйым құру арқылы қазақ мемлекеттілігі туралы мәселені жаңғыртты. Бірақ сол кезеңнің саяси жағдайы дербес тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құруға мүмкіндік бермеді.
Қазақ интеллигенциясының қалыптасу процесі соңғы ғасырлар аралығында жеделдей түсті . Ол мезгіл жағынан Ресейдегі азаттық қозғалыспен тұспа-тұс келді және оның ықпалында болды. Әсіресе күшті әсер еткен оқиға 1905-1907 жылғы Ресейдегі тұңғыш революция. Осы оқиғаның әсерінен қазақ қоғамының рухани және саяси өмірінің оянуы, ұлттық сананың сезіле басталуымен көзге түсті. Ал ұлттық сананың оянуы қазақ интеллигенциясының қалыптасуының тікелей нәтижесі болды. Дәл сол тарихи бет бұрыс кезеңінде интеллигенция арасынан топ жарып суырылып шыққан аса талантты ақындар, жазушылар, тарихшылар, журналистер, қоғам қайраткерлері біршама болды. Олар қоғамдық сана- сезімнің, мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосты.
30-80 - жылдары «ұлттардың лениндік өзін-өзі билеу құқығы» іс жүзінде ұмыт қалды. Ұлттардың қандай да бір табыстары мен жетістіктері кеңес халқының жеңісі ретінде дәріптелді. Дүниежүзіндегі ең әділ қоғам ретінде жарияланған, ұлттық теңдік толық жүзеге асырылған қоғам ретінде сипатталған КСРО-дан жекелеген ұлттардың шығуы мүмкін емес, олар бұндай шешімді қабылдамайды деген тұжырым үстемдік құрды. Осыдан келіп бірде-бір халық КСРО-дан еркін шығу құқығы болғанымен, оны пайдалана алмады. Өйткені, саяси демократияның бұрмаланғандығы мен сөз бен іс жүзіндегі алшақтықтан бұндай жағдайда ой еркіндігін білдірудің өзі мүмкін емес еді.
Қазақстанның егемендігі мен тәелсіздігі тарих сахнасынан шеттетілген қазақ зиялыларының ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі қызметі мен саяси күресін терең зерттеуді қажет етеді. Қазақ зиялыларының күрес тәжірибесін, ел үшін жасаған үлкен қызметін байыпты талдау мен са-раптау. Айналысқа түспеген құжаттармен тарихи деректерді қолдану арқылы тарих ақтаңдақтары ақиқатын көрсету зерттеу тақырыбының өзекті мәселесі. Қазақ зиялыларының тарихтағы орны мен рөлін көрсету негізінде өткен тарихи кезеңді түсіну мен талдау өзекті мәселесінің басты нысанасы. Қазақ демократиялық интеллигенциясының ХХ ғасырдың бас кезіндегі қоғамдық саяси қызметін зерттеудегі шын мәніндегі жаңа кезең 80-жылдардың соңына қарай басталды. Оған жол ашып берген сол кездегі бүкіл Кеңестер Одағын қамтыған қайта құру процесі. Сталиндік жазалау құрбаны болған қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасы 1988 жылдан бастап жарық көре бастады.
Саяси күрес жолына түсе бастаған ұлттық интеллигенцияның ендігі кезеңі - империя өмірінде үлкен саяси оқиға болған Мемлекеттік Думаның жұмыс жасай бастауы еді. Қазақ зиялылары алғашқы кезеңде Дума, белгілі дәрежеде, қазақ елінің өзекті мәселелерін шешуге көмегін тигізеді деп түсінді. Ә. Бөкейханов I Мемлекеттік думаға Семей облысы қазақтары атынан депутат болып сайланды. Сайлауға әйелдер, сондай -ақ 26 жастан төмен адамдар, барлық оқу орындарының оқушылары, әскери қызметшілер, шетелдік бодандар, «кезбе бұратаналар» және басқалары жіберілмегені белгілі. Мемлекеттік Думаға облыстан бір депутат сайланды.
«Мемлекеттік Думаға орыс тілін білмейтін адамдар сайлана алмайды» деген ереже қазақ халқының кең жұртшылығы үшін үлкен кедергі болды.
Ақпан революциясының хронологиялық шегі қысқа болғанмен, саяси оқиғаларға толы кезең болды. Қазақ зиялылары Ақпан революциясын патша самодержавиесінің келмеске кеткені ретінде қабылдап, Ресейде демократиялық негіздегі қайта құрулар жүзеге асатын болады деген үмітпен қарсы алды. Мәселен, Әлихан, Мұстафа, Міржақып деп қол қойып «Қазақ» газетіндегі «Алаш ұлына» деген үндеуде : « Азаттық таңы атты . . . Ресей қол астындағы халықтардың бәріне дін, ұлт, тіл айырмасына қарамай азаттық әперді. Енді бәрің теңеліп, түсімізде көрмеген жақсылықты өңімізде көріп, төбеміз көкке жетіп отыр », -деп қуана хабарлады. Қазақ елінің ғасырлар бойы мыңдаған асыл азаматтары басын тіккен биік арманы -ұлттық мемлекеттікті қалпына келтіру ісі Алаш қозғаласы, Алаш орда үкіметімен бірге тарих қойнауында көміліп қала берді. Тек жетпіс жылдан астам уақыттан соң Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігі жарияланып, қазақ елі ұлы арман жолына қайта бет бұрды.
Большевиктік - революциялық идеяны жақтаушы қазақ зиялылары болғанымен, олардың қирату мен қан төгуге бағытталған іс-әрекеттері қазақ қоғамынан аса қолдау таппады. Міне, сондықтан да, көптеген білімпаз алаш зиялылары Ақпан революциясын қуанышпен қарсы алып, Қазан төңкерісіне теріс пікірлерін білдірді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz