Коммерциялық банктердің активті және пассивті операциялары



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2

1. Негізгі бөлім
1.1 Коммерциялық банктің активті және пассивті операцияларын жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.1.1 Коммерциялық банктің активті операциялары ... ... ... ... ... ... ...6

1.1.2 Коммерциялық банктің пассивті операциялары ... ... ... ... ... ...8
1.1.3 Коммерциялық банктердің активті және пассивті операцияларының экономикалық маңзы және мәні ... ... ... ... .10
1.2 Ақпараттық жүйені тұрғызу мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.3 Ақпараттық жүйе ресурстарына қойылатын талаптар ... ... ... ... 13
1.4 Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ...13
1.5 Ақпараттық жүйенің консептуалдық сызбасы ... ... ... ... ... ... ... ...19

2. Мәселе қойылымы
2.1. Кіріс ақпарат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.2. Шығыс ақпарат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
КIРIСПЕ

Жалпы рыноктық қатынастарда шаруашылықтың тиімді ұйымдастырылуы мен қызмет етуі олардың қаржылық жағдайына, несиелер алу жолдарына байланысты болады. Сонымен қатар рыноктық экономикада экономиканы реттеуде және тұрақты дамуын қамтамасыз етуінде жүргізілетін тікелей және жанама экономикалық саясаттар сол елдің банк жүйесі қызметтері мен оның атқарып отырған саясаттары арқылы іске асады. Елдің ақша-несие саясатының бағыттарын, элементтерін және экономиканы тиімді дамыту, инфляция деңгейін төмендету және оның тұрақты деңгейін сақтауды іске асыратын Ұлттық банктің өзі бұл қызметтерді экономикадағы екінші деңгейлі крммерциялық банктермен бірлесе отырып атқарады.
Коммерциялық банктер сонымен қатар экономиканың шаруашылық салалары, халық пен Үкіметтің экономикалық шаралары, Ұлттық банк саясаттары арасында қаржы делдалы қызметін атқарады. Коммерциялық банктер уақытша бос ақша қаражаттарын экономикалық шаруашылықта сол ақшаға сұраныс туып отырған салаларды несиелеуді, әр түрлі делдалдық операцияларды жүзеге асыруға, елдің қаржы саласының толық қанды дамуына, отандық инвестицияның өсуіне, халықтың экономикалық қызметті еркін жүргізуіне, жалпы бір сөзбен айтқанда нарықтық экономика жүйесінің бір негізгі тармағы болып табылады.
Осы айтылған коммерциялық банктер қызметі ішіндегі олардың активті және пассивті операцияларының орны ерекше. Осы операциялар негізінде экономиканың шаруашылық салаларын қаржылармен қамтамасыз ету, олардың ынталы түрде қызмет етуін қалыптастыру, елдің заңды немесе жеке тұлғаларының есеп айырысу қызметтерін жүргізу, экономикада делдалдық қызметтер атқару, халықты немесе басқа да ұйымдарды несиелендіру операциялары болып табылады. Бұл операциялар өз кезегінде коммерциялық банктердің активті және пассивті операцияларының экономикадағы маңыздылығы мен мәнін айқындайды.
Осыған орай мен курстық жұмысымның тақырыбын несие және банк жүйесінің негізгі буыны және олардың қызметтерінің басым орындаушыылқ бөлігін іске асыратын коммерциялық банктердің активті және пассивті операцияларының өзектілігіне байланысты «Коммерциялық банктердің активті және пассивті операциялары» деп алдым.
Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым коомерциялық банктер нарықтық шаруашылықта қаржы делдалы ретінде тікелей экономика салаларымен қызмет етеді және коммерциялық банктердің активті және пассивті операциялары барысында барлық шаруашылық механизмдер тиімді ұйымдастырылып, реттеліп және дамып отырады.
Енді осы аталған операциялардың маңызы мен мәнін, олардың қызмет ету механизміне және еліміздегі атқарылып жатқан активті және пассивті операциялардың бүгінгі таңдағы даму барысына толығымен тоқталып өтсек.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-шi басылым, - Алматы: ИздатМаркет, 2004. – 272 б.
2. Баян Көшенова , Оқу құралы / Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.
3. “Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы” ҚР-сы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы, 1995 ж. 31 тамыздағы №2444;
4. Банки Казахстана, 2004 г. №1; “О некоторых аспектах развития филиальных сетей коммерцеских банков” // Кил А. Б.
5. Каренов Р. Лизингтiк қызметтер. Оның ерекшелiгi неде? // Егемен Қазақстан. – 2004. – 24 сәуiр (№105106). – 2 б.
6. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктiң делдалдық операциялары: факторинг және форфейтинг // ҚазЭУ хабаршысы. – 2003. - №2. – 70-75 бет.
7. Мырзабеков Ш. Қазақстанның банк жүйесi ТМД көлемiнде бiрiншi орында: “Центркредит” банкiнiң директорымен сұхбат // Дала мен қала. – 2004.-1 қазан (№39).-13 бет.
8. Садвакасова Ж. «Кредитная политика коммерческого банка» // Вестник КазНУ, Серия экономическая. №2. – 2005 г.
9. С.Кабашев «Депозитная составляющая оценки кредитного развития банковского сектора республики» // Қаржы-Қаражат, №2, - 2004. 58-61 стр.
10. Баймуратов У.Б. «Электронные деньги: проблемы и перспективы» // Банки Казахстана, №9, - 2005 г. 18-21 стр.
11. Лизинг в центральной Азий. Май – 2004 г.
12. Сайденов А. Г. «О перспективах развития денежно-кредитной политики и других направлениях деятельности Национального Банка» // Банки Қазахстана, №10, - 2005 г. 2-4 стр.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
1. Негізгі бөлім
1.1 Коммерциялық банктің активті және пассивті операцияларын жүргізу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.1.1 Коммерциялық банктің активті
операциялары ... ... ... ... ... ... ... 6

2. Коммерциялық банктің пассивті операциялары ... ... ... ... ... ...8
3. Коммерциялық банктердің активті және пассивті операцияларының
экономикалық маңзы және мәні ... ... ... ... .10
1. Ақпараттық жүйені тұрғызу
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2. Ақпараттық жүйе ресурстарына қойылатын талаптар ... ... ... ... 13
3. Ақпараттық жабдықтауға қойылатын
талаптар ... ... ... ... ... ... ... 13
4. Ақпараттық жүйенің консептуалдық
сызбасы ... ... ... ... ... ... ... ...19
2. Мәселе қойылымы
2.1. Кіріс
ақпарат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... 21
2.2. Шығыс
ақпарат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ...22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Пайдаланған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...26

КIРIСПЕ

Жалпы рыноктық қатынастарда шаруашылықтың тиімді ұйымдастырылуы мен
қызмет етуі олардың қаржылық жағдайына, несиелер алу жолдарына байланысты
болады. Сонымен қатар рыноктық экономикада экономиканы реттеуде және
тұрақты дамуын қамтамасыз етуінде жүргізілетін тікелей және жанама
экономикалық саясаттар сол елдің банк жүйесі қызметтері мен оның атқарып
отырған саясаттары арқылы іске асады. Елдің ақша-несие саясатының
бағыттарын, элементтерін және экономиканы тиімді дамыту, инфляция деңгейін
төмендету және оның тұрақты деңгейін сақтауды іске асыратын Ұлттық банктің
өзі бұл қызметтерді экономикадағы екінші деңгейлі крммерциялық банктермен
бірлесе отырып атқарады.
Коммерциялық банктер сонымен қатар экономиканың шаруашылық салалары,
халық пен Үкіметтің экономикалық шаралары, Ұлттық банк саясаттары арасында
қаржы делдалы қызметін атқарады. Коммерциялық банктер уақытша бос ақша
қаражаттарын экономикалық шаруашылықта сол ақшаға сұраныс туып отырған
салаларды несиелеуді, әр түрлі делдалдық операцияларды жүзеге асыруға,
елдің қаржы саласының толық қанды дамуына, отандық инвестицияның өсуіне,
халықтың экономикалық қызметті еркін жүргізуіне, жалпы бір сөзбен айтқанда
нарықтық экономика жүйесінің бір негізгі тармағы болып табылады.
Осы айтылған коммерциялық банктер қызметі ішіндегі олардың активті
және пассивті операцияларының орны ерекше. Осы операциялар негізінде
экономиканың шаруашылық салаларын қаржылармен қамтамасыз ету, олардың
ынталы түрде қызмет етуін қалыптастыру, елдің заңды немесе жеке
тұлғаларының есеп айырысу қызметтерін жүргізу, экономикада делдалдық
қызметтер атқару, халықты немесе басқа да ұйымдарды несиелендіру
операциялары болып табылады. Бұл операциялар өз кезегінде коммерциялық
банктердің активті және пассивті операцияларының экономикадағы маңыздылығы
мен мәнін айқындайды.
Осыған орай мен курстық жұмысымның тақырыбын несие және банк жүйесінің
негізгі буыны және олардың қызметтерінің басым орындаушыылқ бөлігін іске
асыратын коммерциялық банктердің активті және пассивті операцияларының
өзектілігіне байланысты Коммерциялық банктердің активті және пассивті
операциялары деп алдым.
Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым коомерциялық банктер нарықтық
шаруашылықта қаржы делдалы ретінде тікелей экономика салаларымен қызмет
етеді және коммерциялық банктердің активті және пассивті операциялары
барысында барлық шаруашылық механизмдер тиімді ұйымдастырылып, реттеліп
және дамып отырады.
Енді осы аталған операциялардың маңызы мен мәнін, олардың қызмет ету
механизміне және еліміздегі атқарылып жатқан активті және пассивті
операциялардың бүгінгі таңдағы даму барысына толығымен тоқталып өтсек.

1. Коммерциялық банктің активті және пассивті операцияларын жүргізу

Қазақстанда жұмыс істеп жүрген банктердің Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкісінен басқасының бәрі екінші дәрежелі банктер болып есептеледі.
Олардың қызметтерінің заңды негізі Қазақстан Республикасының
Президентінің 1995 жылы 31 тамызда шыққан №2443, заңдық күші бар "Қазақстан
Республикасындағы банктер және банк кызметтері туралы" жарлығы. Қазақстан
Республикасында бұл банктер ашық және жабық акционерлік қоғам болып
қалыптасты.
Аталмыш заңға сәйкес, Қазақстандағы екінші дәрежелі банктер Занды тұлға
болып табылады. Олардың бәрі меншіктігіне қарамастан коммерциялық жұмыспен
шұғылданады. Сөйтіп, олардың басты мақсаты — пайда табу.
Екінші дәрежелі банктерге заңды түрде, басқа Занды және жеке тұлғалардың
уақытша бос қаржыларын жұмылдырып, оларды өз атынан, өз қаражатына,
қайтарымдылық мерзімділік және төлемділік жағдайларда орналастыру және де
клиенттердің тапсыруы мен есеп айырысу, таға басқа да операцияларды
жүргізуге құқық берілген.
Сөйтіп, басқа елдердегідей Қазақстанда да екінші дәрежелі банктер бір
жағынан шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың, уақытша бос
қаржыларын жұмылдырып, оларға пайда табуға мүмкіншілік жасайды екінші
жағынан, жумылдырылған қаржыны басқа шаруашылық жүргізуші субъектілер мен
жеке тұлғаларға қосымша қаржыға қажеттігін жабута береді. Сонымен қатар,
банктер өз мүдделерін де ұмытпайды. Уақытша пайдалануға берілген қаржы үшін
тиісті өсім (процент) алады. Объективтік процесс ретінде, банктердің мұндай
операцияларының экономикалық негізі болып, қарызға беретін құнды
қалыптастыруға және пайдалануға әсер ететін, ақшалай қаржылардың қозғалысы
болып табылады.
Екінші дәрежелі банктер, Қазақстан Республикасының аумағында және оның
сыртында, өздерінің бөлімшелерін, еншілес банктерін ашуға құқықты. Бұл
банктердің қызметтері Қазақстан Республикасының конституциясымен, басқа да
заңдармен және де олардңц негізінде, оларды орындау мақсатында, өзінің
құдіретіне берілген мәселелер жөнінде шығаратын нормативтік, құқықтық
актілермен реттелінеді.
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк кызметгері туралы Заңның
30 бабына сәйкес банк қызметтерінің қатарына төмендегі операциялар кіреді:
• Занды және жеке тұлғалардан депозиттер қабылдау;
• банктерге және кейбір банктік операцияларды жүргізуге құқықты
ұйымға корреспонденттік шот ашып, оларды жүргізу;
• Кассалық операциялар жүргізу: банкноттар мен монеттерді
қабылдау, қайта санау, айырбастау, ауыстыру,сұрыптау буу-түю, және
сақтау;
• Ақша аудару: Заңды және жеке тұлғалардың талаптарымен ақша аудару;
• Есептеу операциялары: Заңды және жеке тұлғалардың қарыз
міндеттемелерін және вексельдерін есептеу;
• Заңды және жеке тұлғалардың, оның, ішінде банктер-
корреспонденттердің талаптарымен олардың банктегі шоттары арқылы
есеп айырысу;
• Сенімгерлік (трасталық) операциялар: сенімгердің талабымен
ақшаға билік жасау;
• Клирингілік есеп айырысу операциялары: жинау, салыстыру,
сұрыптау, төлемдерді қуаттау, өзара талаптарды есепке алу жэне
клирингіге қатынасушылардың таза жайғасымын анықтау;
• Сейфтік операциялар: клиенттердің құнды қағаздарын, құжаттарын,
басқа да құндылықтарын сақтау, сейфтерді, шкафтарды және үй
жайларды жалға беру;
• Ломбардтық операциялар: жылдам өтімді құнды қағаздар мен
қозғалатын мүліктерді кепілзатқа алып, қысқа мерзімді несие беру;
• Банкноттар мен монеттерді, басқа да құндылықтарды кассіге жинау
және салып жіберу;
• Басқа елдердің валюталарына ақша айырбастау бекеттерін
ұйымдастыру;
Банктер аталған операцияларды Қазақстан Республикасының Ұлттық
банкісінің рұксат қағазы (лицензиясы) негіздемесінде жүргізеді. Жоғарыда
аталған операциялардан басқа, екінші дәрежелі банктер, Қазақстан
Республикасының Ұлтгық банкісінің арнаулы рұксат қағазы бойынша төмендегі
операцияларды жүргізе алады:
• депозиттік сертификаттар шығару;
• кепілдеме операциялары: кепілгерлік беру, үшінші тұлғалардың
атынан, ақшалай нысанда орындалатын кепілдіктер мен
міндеттемелер беру;
• мүліктерді жалдауға беру. Бұл жағдайда жалдауға берушінің,
жалдауға берген мүлкіне құқы, шартта көрсетілген мерзім біткенше
сақталады;
• Өзінің меншікті құнды қағазын шығару (акциядан басқа);
• Факторингтік операциялар: тауарды (жұмысты, қызметті) сатып
алушыдан, төленбей қалу қаупін өзіне қабылдап, төлем талаптарын
сатыл алу;
• Форфейтінгілік операциялар: тауарды (жұмысты, қызметті) сатып
алушыдан қарыздық міндеттемелерін (вексель) сатып алу.
Осы аталған операциялар "Қазақстандағы банктер және банк қызметтері
туралы" заңнын 30 бабының редакциясында келтірілген. Мұнда "банктік
операциялар" деген түсінік "банкілік кызметтер" деген ұғыммен араласып
кеткен және кейбіреулері "банкілік операциясы" деген дәстүрлі түсінікке
сәйкес келмейді.
Әдетте, банк операциясын жүргізгенде, ақшалай қаражаттың қозғалысы
туады. Мысалы, несие операциясының нәтижесінде, несиегердің несиеге алған
сомасы оның есеп шотына түседі. Бұл жағдайда несие алумен қатар есеп
айырысу операциясы да жүргізіледі - сатып алушы, несиенің жәрдемімен өзінің
тауар жөнелтушісі мен жөнелтілген тауар үшін (болмаса орындалған жұмыс пен
көрсетілген қызмет үшін) есеп айырысады. Ақшалай қаражат бір субъектілерден
екінші субъектіге ауысады. Кассада қолма-қол ақшамен операция жүргізгенде
нақты ақша, банктің кассасынан шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасына
ауысады және керісінше, шаруашылықтың кассасынан банктің кассасына түседа.
Ақша аудару операциясында да ақшалай қаражаттың қозғалысы туып, ол
аударушыдан аларманға ауысады т.б.
Мұндай ақшалай қаражаттың қозғалысы мысалы, сейфтік операцияларды
жүргізгенде, болмаса, банктің аппаратының күшімен банкноттарды, монеттерда
кассаға жинағанда, оларды тасымалдағанда, немесе айырбастағанда тумайды.
Бұндай жағдайларда ақшалай қаражаттың көлемі азаймайды да, көбеймейді де,
түпкілікті де немесе уақытша да оларға меншіктік өзгермейді Осының
негізінде банктің операциялары, олардың қызметтершен өзгеше деп түсіу керек
және оларды бөлек қарау (зерттеу) керек. Бірақ қазіргі жағдайда банктердің
өз жұмыстарын коммерциялық жолға көшіргенде, барлық операциялары да
қызметтері де төлемді болгандықтан, бұл екі ұғымды бір-бірінен ажырату оңай
емес. Дегенмен де, теориялық еңбектерде бұларды бөліп қарау керек.
Банктің операцияларын жүргізгенде, немесе, банк қызметтерін көрсеткенде
туатын банктер арасындағы, немесе банк пен оның клиенттерінің арасындағы
қарым-қатынастың бәрі, екі жақтық шарттасу негізінде реттелінеді.
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк кызметтері туралы
Заңнын 41-бабына сәйксс банктің қаржы жөніндегі орнықтылығын
сақтау, депозиторлардың мүддесін қорғау және де елдің ақша-несие жүйесінің
тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк банктердің қызметін
мынандай жолдармен реттейді:
- Екінші дәрежелі банктерге пруденциалдық (экономикалық) нормативтер
басқа да міндетті түрде орындалуға тиісті мөлшерліктер мен шектемелер, оны
ішінде резервтік талаптарды, күмәнді және үмітсіз қарыздарға қарсы қоятын,
мәжбүрлі шығындарды бекітуі;
- Екінші дәрежелі банктер үшін, міндетті түрде орындалуға тиісті
нормативтік, құқықтық актілер шығару;
- Екінші дәрежелі банктердің жұмысын инспекциялау (тексеру) және оның
нетижесінде, банктің қаржы жағдайын сауықтандыруға бағытталған ұсыныстар
енгізу, немесе ықпалын тигізетін шаралар қолдану, ең ақыры, лицензиясын
алып қоюға дейін;
Нарыктық экономика жағдайында екінші дәрежелі банктердің барлық
операцияларын үш негізгі топқа бөлуге болады:
• Пассивтік операциялар (қаржы жұмылдыру);
• Активтік операциялар (қаржыны орналастыру);
• Активтік-пассивтік операциялар (делдалдық және басқа да қызметтер)

1.1.1 Коммерциялық банктің активті операциялары

Банктің активті операциялары. Банктің активтік операциялары
оның операцияларының маңызды белігін құрайды.
Банктің активі операциясы бұл банктердің кipic табуы мен өтімділікті
көтеру мақсатында ресурстарды орналастыру операциясы.
Банктің активті операциялары негізгі кipic көзін құрайтын операция
болып табылады.
Бұл оперцияға нақты ақша және кассалық қызмет операциясы, есеп қарыз
операциясын, бағалы қағаздармен жүргізетін операциялар, активті депозитгер
мен банкаралық несиелік және депозитік операцияларды жатқызуға болады.
Кассалық операциялар нақты ақша негізінде жүзеге асырылады. Бұл кезде
банк банктік шоттары бар клиенттерден нақты ақша қабылдайды және нақты ақша
түрінде әр түрлі аударулар жасайды, төлемдер жүргізіледі (Жалақы, жол сапар
шығындары, материалдық көмек, несие немесе қарыз басқа да қызметтік
шығындарға берілетін қарыздар).
Банктің есеп қарыз операциясы кең көлемді кipic әкелетін операция
ретінде саналады жеке және заңды тұлғаларды несиелендіру кезінде кеңінен
қолданылады. Банк мекемесінде несиеден кейін екінші кезекте кipic әкелетін
операция болып бағалы қағаздармен жүргізетін операциялар саналады. Бұл
кезде банк өзіндік бағалы қағаздарын сатып өткізеді, клиенттердің тапсырысы
бойынша олардың бағалы қағаздарын орналастырады және болашақта кipic алу
мақсатымен инвестиция түрінде ұзақ мерзімді салымдар жасайды.
Банк активтерінің құрылымы деп банк балнсының активінің сапасы
бойынша әртүрлі баптарының баланстық қорытындыға қатынасын айтады.
Әp6ip банк активтердің ұтымды құрылымын белгілеу және
сақтау кезінде біршамa мәселелерге тап болады. Сонымен қатар,
активтердің құрылымы көбінесе елде қалыптасқан ұлттық
epeкшeлiктepiмeн де аныкталады.
Біріншi топқа: қолма-қол ақша және оған теңестірілген қаражаттар жатады,
яғни банкте бар ақшалай қаражаттар (корреспонденток шоттағы, Орталық
банктегі міндетті резервтік қордағы қаражаттар), сонымен қатар, аз уақыт
ішінде ақшалай қаражаттарға тез айналатын активтерге жұмсалган
қаражаттар (мемлекеттік бағалы қағаздар, мемлекет кепілдендірген
қысқа мерзімді қарыздар және тағы басқалары) жатады.
Екінші топқа: басқа кәсіпорындардың, ұйымдардың бағалы қағаздарына
салынған инвестициялар жатады. Бұл активтердің өтімділік деңгейі біріншi
және үшінші топтың активтерінің өтімділік деңгейіне қарағанда төмен қaзipri
уақытта өтімділігі жоғары бағалы қағаздарға банктердің бағалы қағаздарын
(акциялар, депозиттік сертификаттар және тағы басқаларын) жатқызуға болады.
Yшіншi топқа: кәсіпорындарға, ұйымдарға берілген қарыздар жатады. Бұл
активтердің өтімділік деңгейі қарыздың берілу мерзімі мен мақсатына, қарыз
алушыға байланысты болады. Өтімділігі жоғары құнды қагаздарға басқа
банктерге берілген және біріншi классты құнды қағаздар жатады.
Төртінші топқа: банктің негізгі құралдары жатады: ғимараттар, құрылғылар
есептеу техникалары, көлік құралдары және тағы басқалары. Бұл активтер
өтімділігі төмен активтерге жатқызылады. Дегенмен әpбip кезеңде елдегі
экономикалық жағдайды ескеріп отыру қажет.
Банк өз активтерінің құрылымын олардың жекелеген топтары және түpлepi
тұрғысынан алынғанда, белгілі-бір уақытқа яғни, белгілі-бір күнге, сонымен
қатар, олардың динамикасы арқылы талдау негізінде ол қаражаттарды
активтердің бip түрінен келесі түріне ауыстыра алады. Бұл кезде қаражаттар
кезі өзгермей қалуы да мүмкін немесе ақшалай қаражаттардың жаңа көздері
есебінен де ауыстырылу жүргізілуі мүмкін. Банк активтерді бip түрінен
екінші бip түріне ауыстырған кезде орналастырудың сенімділігі және табыстың
деңгейі тұрғысынан активтерді ұтымды құрылымын қалыптастыру қамтамасыз
етуді көздейді. Бұл жағдайда пассивтердің құрылымы және тартылған қарыз
қаражаттарынын мepзiмi де ecкepiлyi қажет.
Осы операциялардың көмегімен банктер өз қарамағындағы ресурстарды
пайда табу үшін және де өздерінің өтімпаздығын қолдауды қамтамасыз ету үшін
орналастырады.

Бұған жататындар:
• Шаруашылық жүргізуші субъектілерге әр түрлі қажеттерін
қанағаттандыру үшін, қысқа, орта, ұзак, мерзімді несие беру;
• Халыққа тұтынулық несие беру (үй құрылысын жүргізу, пәтер, үй
және басқа да ұзақ мерзімді пайдалынатын мүліктерді сатып
алуға);
• Құнды қағаздар сатып алуға несие беру;
• Лизингтік операцияларға несие беру;
• Факторингтік операцияларға несие беру;
• Басқа банктерге несие беру (банкаралық несие).
Көрсетілген активтік опсрациялардың ішіндегі ең бастысы кайтарымдылық,
мерзімділік және ақылық негізінде несиелеу операциясын жүргізу болып
табылады. Кейбір банктердің несиелеуден табатын табысы, барлық табысының
80%-інен асып кетеді. Сонғы жылдары несиенің дәстүрлі түрлерімен катар
көптеген жаңа түрлері пайда болды. Олар пәтер үй сатып алуға берілетін
несие үйді қайта тұрғызуға, немесе үйге күрделі өндеу жүргізу үшін
берілетін несие, сақтандыру қағазын кепілзатқа алып беретін несие,
фермерлерге жер телімін жақсартуға, берілетін несие, оқуға және сынақ
мерзімш өткізуге беретін несиелер. Сонымен қатар заңды тұлғаларға
кәсіпкерлік ұйымдастыруға, басқа фирмалардың активін сатып алуға кредит
берілетін болды.
Банктің активтік операциялары экономикалық мазмұнына қарай төмендегідей
болып бөлінеді .
• несиелеу операциялары - (есептеу-несиелеу);
• есеп айырысу операциялары;
• кассалық операциялар;
• инвестициялық, қорлық операциялар;
• кепілді операциялар.

2. Коммерциялық банктің пассивті операциялары

Пассивтік операциялар. Бұл операциялардың басты мақсаты,
банктің ресурстарын қалыптастыру және оны ұлғайту. Сондықтан, бұл
операциялардың банктің өзінің, несиелік мекеме ретінде жұмыс жасауы үшін
төтенше маңызы бар. Пассивтік операциялардың қатарына мыналар жатады:
- Заңды және жеке тұлғалардың есеп, немесе ағым шоттарына
қаржы жұмылдыру (талап етілмелі депозиттер);
- Басқа банктерден қарыз алу (банкаралык несие);
- Заңды және жеке тұлғалардың қаржыларын, мерзімді
салымға жұмылдыру;
- Құнды қағаздарды шығарып, оларды орналастыру;
- Орталық (Ұлттық) банктен орталықтандырылган несие алу т.б.
Банктің ресурстары дегенде ойымызда болатыны, басқаларға уақытша
пайдалануға беріле алатын, болмаса басқа да активтік операцияларды
жүргізуге пайдалануға болатын банктің бос қаржысы.
Мұндай бос қаржы (ресурстар) банктің меншікті капиталы мен
қарызға алған (жұмылдырылған) қаржыдан құралады.
Банктің меншікті капиталы бастапқыда сатылған акциялардан түскен ақшадай
немесе акционерлердің кіріс жарнасынан құралады. Олар банктік қызметтерді
атқаруды қамтамасыз етуге арналған. Сондықтан оны, кейде акдионерлік
капитал деп те атайды. Жаңадан ашылатын банктер үшін, ұлттық банктің
басқармасынын 1997 жыл 5 желтоксандағы №412 қаулысы бойынша
меншікті капиталдың төменгі шегі 300,0 миллион теңге. Оның, банкті есепке
алыну тұсында кем дегенде 50% төленуі керек. Қалғаны банк есепке тұрганнан
кейінгі, бір календарлық жылдың ішінде төленуі керек. Бұл талапты
орындамаған күнде, ұлттық банк есепке отыруға өзінің тұжырымын бермейді.
Қазақстан Республикасының заңдарының бір ерекшелігі — банктің
құрылтайшылары мен акционерлері алған акцияның құнын түгелімен ақшалай
телеулері керек деген талап (аталмыш Заңның 16 бабының 2 тармағы). Басқа
елдерде банктің меншікті капиталы тек ақшалай емес, басқа да материалдық
және материалдық емес активтер мен үшінші тұлғаның құнды қағаздарымен
де төленуі мүмкін. Мысалы, кезінде, кейбір Ресейлік банктердің меншікті
капиталының 70%-ке дейінгісі материалдык активтер болды. Бірақ мұны қолайлы
жағдай деп айтуға болмайды. Өйткені, банктің мешшкті капиталын, несие
берудің кезі ретінде пайдалану мүмкіншілігі азаяды. Сондықтан
Ресейдің Орталық банкісінің 1994 жылы 11-желтоксанда орнатқан тәртібі
бойынша, банктің меншікті капиталынын 10,0%-ке дейнгі белігі
материалдық емес активпен құралуы мүмкін.
Банктің меншікті капиталының әрі қарай көбеюі банктің таза пайдасынан
аударым жасаумен, немесе жаңадан акция шығарып, оны орналастыруымен іске
асырылады. Банктің меншікті капиталын көбейтудің тағы бір көзі, оның
жылы бөлінбей қалған пайдасы.
Банктің ресурстарынын құрамында меншкті капиталдың үлесі онша көп емес
- 10-12%-тің шегінде, 88-90%-ті жұмылдырылған қаржылар. Мұның өзі, банктің
пассивтік операциясының қандай маңызы бар екенін тағы да дәлелдейді.
Жұмылдырылған резервтің шегінде елеулі орын алатындар депозиттік ресурстар.
Олар мерзімді және талап етілмелі депозитор болып бөлінеді. Депозиттің бұл
екі түрінің өзара айырмашылықтары бар. Оның бастысы: мерзімді депозит
белгіленген мерзімге салынады. Сол мерзім өткенге дейін оның иесіне банктен
ол депозитті алу өте тиімсіз. Онда ол коп табыс жоғалтады. Сондықтан банк,
бұл қаржыны мерзімі өткенге дейін, ешбір қауіпсіз активтік
операцияларға пайдалана алады.
Ал, талап етілмелі депозитге олай істеуге болмайды. Өйткені, оның иесі
кез-келген уақытта қаржысын түгелімен немесе жартылай талап етуі мүмкін.
Сондықтан банк, қаржысын сұрап келген депозиттердің талабын орындау үшін,
талап етілмелі депозиттің сомасын көбінесе бос ұстауға тырысады.
Олар құру әдістерімен де бірінен-бірі ерекшеленеді. Егер мерзімді
депозит банкіге табыс табу үшін, арнаулы шарт жасалып салынатын болса,
талап етілмелі депозит, банктен есеп, немесе ағымдағы және басқа да арнаулы
шоттарына бос ақша жиналғанда құрылады. Бұл шот иесінің әдейі істейтін ісі
емес, шаруашылық жүргізуші субъектілердің бос ақшаларын банкіде сақтау
керек деген талаптан туатын іс.

3. Коммерциялық банктердің активті және пассивті операцияларының
экономикалық маңызы және мәні

Коммерциялық банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар
болып табылады. Өз қызметiнiң үрдiсiнде, олар ақша нарығында тауар
болатын, жаңа талаптар мен мiндеттемелердi жасады. Клиенттердiң салымдарын
қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа мiндеттеме жасаса , ал қарызды беру
арқылы қарыз алушыға жаңа талап қояды. Осы жаңа мiндеттемелер мен
талаптарды жасау үрдiсi қаржылық делдалдықтың негiзiн құрайды. Несие берушi
қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметiнiң қозғалысы
орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп
аталады.
Коммерциялық банктер – нарықтық экономикада несие жүйесiнiң негiзгi
буыны. Олардың мiндетi ақша айналымы мен капитал айналымының үздiксiз
қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсiп мекемелерiн, мемлекет пен халықты
несиелеу, халық шаруащылығына қор жинау үшiн жағдай жасау болып табылады.
Қазiргi коммерциялық банктер қаржы делдалы ретiнде ақша капиталын
салааралық және аймақаралық қайта бөлудi қамтамасыз етiп, маңызды халық
шаруашылық қызмет атқарады. Ендi коммерциялық банктер туралы кеңiрек танысу
үшiн олардың қызметтерiн қарастрырайық:
Ақша қаражатын шоғырландыру және тарту қызметi – банктердiң ежелден
атқаратын қызметтерiнiң бiрi. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос
ақшасын банкке тарту, бiр жағынан, олардың иесiне процент түрiнде табыс
түсiрсе, ал екiншi жағынан банктiң несие операцияларын жүргiзуiне негiз
қалайды. Шоғырланған жинақ ақша әр түрлi экономикалық және әлеуметтiк
қажеттiлiктерге жұмсалуы мүмкiн.
Коммерциялық банктердiң атқаратын келесi қызметi - несие беруде
делдал болу. Бос ақша қаражат иесi мен қарыз алушының арасында тiкелей
несие қатынастарының туындауына кедергi болатын жәйттер: ұсынылатын капитал
көлемiнiң қарызға қажеттi көлемге сай келмеуi, капиталдың айналыстан босау
мерзiмiнiң қарыздарға қажет мерзiммен сай келмеуi. Коммерциялық банктер
қарыз берушi мен қарыз алушының арасындағы қаржылық делдалы ретiнде осы
кедергiлердi жояды. Банктiк несие экономиканың әр түрлi секторларына
берiлiп , өндiрiстiң кеiеюiн қамтамасыз етедi.
Ұйымдасқан және жұмысы қалыптасқан есеп айырысу жүйесiнсiз тұрақты
экономика болуы мүмкiн емес. Сондықтан банктiң келесi қызметi
шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргiзудiң ролi зор.
Кәсiпорындар арасындағы есеп айырысудың негiзгi бөлiгi қолма-қол ақшасыз
жүредi. Банктер делдал ретiнде клиенттердiң тапсырысы бойынша шотқа ақша
қабылдап, ақшаның түсуiн және берiлуiн есептейдi.
Коммерциялық банктердiң ерекше қызметi құралдарын шығару арқылы
айналымдағы ақшаны көбейту немесе артығын жою, яғни ақша массасын көбейту
немес азайту. Төлем құралдарын шығару олардың депозиттiк және несиелiк
қызметтерiне тiкелей байланысты. Депозит екi түрлi жолмен: клиенттiң банкке
ақша салуы арқылы немесе қарыздарға банктiң несие беруi арқылы жүргiзiледi.

Коммерциялық банктер акция және облигация түрiндегi бағалы қағаздарды
шығарып және орналастыру эмиссиялық – құрылтайшылық қызмет атқарады.
Банктердiң жинақтарды өндiрiстiк мақсатқа жұмсайтын мүмкiндiгi бар. Сөйтiп
бағалы қағаздар нарығы несие жүйесiн толықтырып, әрi онымен тығыз
байланыста жұмыс iстейдi. Ұзақ мерзiмдi инвестиция тарту мақсатында
кәсiпорындар акция және облигациялар шығарады.
Банктер сенiмхат бойынша клиенттердiң мүлкiн басқару қызметiн де
атқарады. Жеке тұлғаларға: осы қызметтi атқаруға құқығынан айрылғандардың
мүлкiн уақытша басқару; iзбасарларының мүддесi үшiн өлген адамның мүлкiн
басқару; пайда табу мақсатымен капиталды басқару және т.б. қызметтер
көрсету болып табылады. Ал компанияларға көрсететiн қызметтерi : банктiң
облигациялар бойынша кепiлшi болуы; нарыққа шығарылған акцияларды және
трансферттердi тiркеу үшiн өкiл болуы; корпорацияның зейнетақы қорының
қаржысын басқарушы болуы және т.б. қызметтер атқарады.
Экономикалық мағлұматтарды өзiне жинақтауы банктердiң клиенттерiне кеңес
беру қызметiне мүмкiндiк туғызады. Банктер төмендегiдей кеңес бередi: шот
ашу ; есеп-несиелiк және кассалық қызметкөрсетуден бастап, ақша және тауар
нарықтарында операциялар жүргiзуге дейiн нұсқау бередi.
Осы аталған қызметтердің негізгі бөлігі, яғни несие беру қызметі, есеп
айырысу – делдалдық қызметтері, бағалы қағаздар шығару және оларды
орналастыру қызметтері коммерциялық банктердің активті операциялары
негізінде жүргізіледі.
Елiмiздегi банктiк жүйе екi деңгейлi екенiн бiлемiз, яғни соның екiншi
деңгейiндегi коммерциялық банктер халық шаруашылығы мен Ұлттық банк
арасындағы негiзгi қаржы делдалы болып табылады . Қазiргi кезде
коммерциялық банктер өз клиенттерiне 200-ге жуық әр алуан
операциялар мен қызметтер көрсете алады. Мұндай кең көлемдi
операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерiн сақтай отырып
қолайсыз жағдайдың өзiнде де пайдалы жұмыс жасауға септiгiн
тигiзедiгіне байланысты .
Банк қызметiн – банк пен клиент мүддесi үшiн белгiлi бiр iс
әрекеттрдi орындауын сипаттауға болады. Қазiргi кезде негiзгi дәстүрлi
қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады.
Банктер өз пайдаларының көп бөлiгiнiң осы операциялар бойынша
пайыздық операциялардан алады .
Коммерциялық банктер желiсi ақша нарығының қалыптасуына ықпал
етедi, ал заңды және тұлғалардың мемлекетке уақытша бос ақша
қаражаттарының болуы және экономика мен халықтың қысқа мерзiмдiк
қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық
негiзi болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Активті және пассивті операциялардың ерекшеліктерін анықтау
Коммерциялық банктер операциялары-қоғамдық экономикалық дамуында негізгі факторы
Aктивті және пассивті операциялар, олардың банктің қызметіндегі ролі мен орны
Коммерциялық банктің пассивті операциялары
Коммерциялық банктердің пассивті операциялары туралы
Коммерциялық банктің басқару құрылымы
Екінші деңгейлі банктердің түрлері
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ МЕН ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
Банк балансының активі мен пассивін теңгерімді басқару арқылы өтімділікті қамтамасыз ету бағыттары
Қаржы және банктер
Пәндер