Ұжымның даму кезеңдері


М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе . . . 3
І ТАРАУ. Ұжымның даму кезеңдері олардың бір-бірімен сабақтастығы
1. 1 Ұжым тәрбие құралы . . . 5
1. 2 Көрнекті педагогтар ұжым туралы . . . 8
1. 3 Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер жәнінде түсінік . . . 9
1. 4 Ұжымдық танымдық іс-әрекеттің тәрбиелік мүмкіндігі . . . 10
ІІ ТАРАУ. Балалар ұжымының өзін-өзі басқару мәселелері
2. 1 Даму кезеңдерінде оқушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасын ұйымдастыру ерекшеліктері . . . 13
2. 2 Сынып жетекшісінің балалар ұжымын қалыптастырудағы
іс-әрекеті . . . 16
2. 3 Балалар ұжымының жағдайын диагностикалау әдістемесі . . . 21
Қорытынды . . . 26
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 28
КІРІСПЕ
Балалар ұжымымен жұмыстар жүргізудегі мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері. Балалар ұжымымен жұмыс істеу үшін мұғалімнің белгілі бір кәсіби қасиеттері қажет. Кәсіби маңызды қасиеттер мәнін анықтауға бірқатар ғалымдар (А. Сатынская, В. А. Сластенин, Г. Сманова, К. Успанов және т. б. ) көңіл бөлді.
Тұтас педагогикалық процесс теориясының негізгі заңдарын басшылыққа ала отырып (Н. Д. Хмель) педагогикалық процестің іске асыруын қамтамасыз ететін тұлғаның салыстырмалы орнықты сапалары мен ерекшеліктер жиынтығын педагогтың кәсіби маңызды қасиеті деп санауға болады. Сонымен, тұтас педагогикалық процестің нәтижелілігі «педагогтар-оқушылар» жүйесіндегі өзара қатынастың, ықпалдастықтың деңгейіне байланысты. «Оқушы» жүйесі үшін педагог тұлғасы қоршаған болмысты пәндендіру арасындағы делдал, ал мұғалім оқушы мен материалдық және рухани құндылықтар арасындағы делдал болып табылады. «Оқушылар» жүйесінде қарым-қатынас «педагогтар-оқушылар» жүйесінде бар қарым-қатынас салдары ретінде жасалады.
Бұл болашақ мұғалімді даярлауда мектептік педагогикалық процестің қызметін жандандыруға мүмкіңдік беретін ‘кәсіби маңызы бар сапаларды қалыптастырудың неге қажет екенін көрсетеді.
Жоғарыда баяндалғандардың балалар ұжымымен тиімді жұмыстар істеудің тиімділігінің шарттарының бірі ретіңде қарастырылатын ұжымшылдық сияқты мұғалімнің жеке қасиеттерін қалыптастыруға қатысты.
Мұғалімнің ұжымшылдығы оның оқушылармен және оқушылардың бір-бірімен дұрыс өзара қарым-қатынас жасауының негізінде балалар ұжымының қызметін ұйымдастыруға даярлығы арқылы көрініс табады. Тұтас педагогикалық процесс теориясыңда бұл өзара қарым-қатынас, өзара ықпалдасатың тәрбиелеуші механизм болып табылады және қызмет барысындағы ынтымақтастықгың сипатына тәуелді. Қызмет барысындағы сипатын түсіну мұғалімнің құзырлығына кіреді. Соған байланысты мұғалім өзінің жинақтаған білімінің негізінде балалар ұжымының қызметін ұйымдастыруға дайын болуы керек.
Тұтас педагогикалық процесс және балалар ұжымы теорияларының негізгі қағидаларына (Н. К. Крупская, Т. Е. Конникова, А. С. Макаренко, Л. И. Новиков, В. А. Сухомлинский) сүйене отырып, мұғалімге, сынып жетекшісіне оқушы ұжымын қалыптастыру бойынша тиімді жұмыстар ұйымдастыру үшін білім, біліктерді меңгерулері қажет:
1. Мұғалім іс-әрекетінің заңдылықгарының, қозғаушы күштерінін және тәрбиелеу механизмдерінің объектісі ретінде педагогикалық процестің мәні мен құрылымы туралы теориялық білімдер.
2. Оқушы ұжымын қалыптастыру теориясы мен тәжірибесі және оның негіздері мен даму зандылықтары жөнінде біртұтас түсініктің болуы.
3. Оқушы ұжымының қалыптасу жағдайы мен деңгейін диагностикалай алу, біртұтас педагогикалық процестің негізгі көрсеткіштеріне диагностиканы негіздей алу, ұжым дамуын болжау үшін диагностикалық мәліметтерді пайдалана алу.
4. Педагогикалық ықпалдастырудың негізгі құралдарын білу және оларды балалар ұжымын қалыптастыру процесінде қолдана алу.
5. Әрбір оқушының қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес жалпы мақсатқа (сабақга және сабақтан тыс уақытта оқушылардың ықпалдасу жүйесі) жетуге бағытталған оқудағы және оқудан тыс іс-әрекеттерін ұйымдастыра алу.
6. Алғашқы (сыныптық) ұжымды қалыптастыруда мұғалімнің педагогикалық жетекшілігімен ұжымда өзін-өзі басқаруды ұштастыра алуы.
7. Алғашқы ұжымды мектепте және мектептен тыс басқа ұжым түрлерімен өзара байланыс жасауының рөлін түсіну.
І ТАРАУ. Ұжымның даму кезеңдері, олардың бір-бірімен сабақтастығы.
1. 1 Ұжым тәрбие құралы
Оқушылар кезеңі үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезеңдерін айқындаған А. С. Макаренко. Ол балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс-әрекетінің мазмұнына, тәртібіне, балалардың ара қатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратты. Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұгалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмыста талап қоюдан бастайды. Талап іс-әрекетінің барысында орындалуға тиісті нақты міндаттер. Талап қою балаларды мінез-құлық нормасына үйрету, әлеуметтік тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін құбылыс. Мұндай жағдай бастауыш сыныптарда және әр мектептен біріктірілген оқушылардың жоғарғы сыныптарында болуы мүмкін. Бұл кезеңде ұжым іс-әрекетінде белсенді, ынталы, оқушыларға сүйену керек. Ұжым өміріне мұндай тәсіл сынып белсенді жұмыс істейтін оқушылар тобын көбейтуге және балалар мен мұғалімдердің жұмысты бірлесіп істеуіне әсер етуі мүмкін.
Ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау;
Ұжым іс-әрекетінің дамуы;
Жеке адам арасындағы қарым-қатынас іскерлік және гуманистік қатынастардың пайда болуы;
Барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобының бөлінуі.
Бұл кезеңде мүғалімнің негізгі қызметі - оқушылардың ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, оларды әр түрлі іс-әрекеттеріне қатыстыру, ұжымды балаға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру. А. С. Макаренко ұжымды нығайту үшін тәрбие жұмысын барлық ұжымды тәрбиелеуден бастау қажет дейді. Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға, яғни сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызыметінен тұрақты ұжым органдарына көшеді. Сондықтан бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Мысалы, жұмысты бірігіп жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым мүшелеріне көмектесу, іс-әрекеттерін бақылау т. б. Мұғалімнің қызметі - коммуникативті, яғни балалармен байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін оқушылардың ынтасын қуаттау, міндеттерді орындауда барлық оқушылардың күш-қуатын нығайту. Ұжымның бұл даму кезеңінде параллельді ықпал жасау принципті қолданылады, яғни тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады. Үшінші кезең - бұдан былай белсенді топтың ұжым іс-әрекетінің дамуымен сипатталады, онда қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда қоғамдық пікір пайдаланылады. Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым қоғамдық пікірмен сипатталады. Қоғамдық пікір - бұл ұжым мүшелерінің талаптарыды, пікірлерді бағалаудағы бірлігі. Бұл бірлікті ұжым кейбір ұғымдар және құбылыстар жайындағы пікірлерді мақұлдайды немесе кінәлайды. Демек, ұжымдық талқылау, бағалау, әрекеттілік - қоғамдық пікірдің негізгі ерекшелігі. Оқушылар ұжымын нығайту мен қалыптастыруда аса маңызды мәселелердің бірі - ұжым алдындағы мақсаты - перспективаны таңдау. Осыған орай А. С. Макаренконың теориялық мұрасына сүиеніп, оның жақын, орта жіне қашық атты перспективаларын еске түсірген жөн.
Жақын перспектива - бұл күнделікті өмірде пайда болып жеке адамды әр түрлі іс-әрекетіне ынталандыру, қызықтыру. «Егер балалар алдында қуанышты, қызықты істер болмаса, онда олар өмір сүре алмайды. А. С. Макаренко адам өмірін шын ынталандыруды ертеңгі қуаныш » - дейді. Жақын перспективаға жарыс, саяхат, жексенбілік серуен, цирк, музей және көрмеге бару, үйірмелердегі қызықты жұмыстар т. б. жатады.
Орта перспектива - бұл перспективаға балалар лагеріне бару, жыл сайын өткізілетін ән, сурет сайыстарына ұатысу, әдебиет, тақырыптарға пікірталас өткізу т. б. жатады.
Қашық перспектива - бұл ұжымның немесе жеке адамның бір істі ұзақ мерзімде орындауға талаптану мақсаты. Қашық перспективаға келешек мамандықты таңдау, білім алу, мектеп бітіргенен кейін халық шаруашылығында жұмыс істеуге тілек білдіру немесе орта және жоғары арнайы оқу орындарына түсу жатады. Осы перспективаларды оқу және тәрбие барысында тиімді пайдалану әрбір мұғалімнің міндеттері; біріншіден, перспективаны баланың сыныптың, мектептің пайдасы үшін таңдап ала білу; екіншіден оқушылардың жас ерекшеліктерін және жалпы дайындық дәрежесін еске алу. Ұжым өмірінде дәстүрдің үлкен тәрбиелік маңызы зор. А. С. Макаренконың сөзімен айтқанда, дәстүр ұжымды бекітеді. Дәстүрлі ұжымды нығайтады, оның өміріне толық, тұрақты, ықпалды және тартымды етеді. Ұжымның жалпы өмірінде дәстүрдің көптеген түрлерін байқауға болады, мысалы, мектеп мерекесі, сайыстар, соңғы қоңырау т. б. Дәстүр - тарихи қалыптасқан, бір буыннан екінші буынға беріліп отыратын қоғамдық өмірдегі, ұжымға адамдардың қатынастарын көрсететін нормалар мен принциптер.
Оқушылар ұжымы - тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жан-жақты даму мүмкіншілігін ұжымнан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт болып табылады. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттігі қоғамның өзі біртұтас ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды. Қоғамда ұжымдарды ортақ іс-әрекеттерінің түрлеріне қарай ажыратады. Мысалы, кәсіпшіл ұжымдар, қоғамдық ұйымдар, өз-әрекетімен істеуші ұжымдар және т. б. Осы ұжымдарда адамдардың шешетін міндеттері еліміздің әлеуметтік-эканомиаклық дамуын тездету, қоғамдық дамуының жаңа деңгейін қайтымсыз процеске айналдыру, халық шаруашылығының барлық салаларында өмірде демократия және жариялылық пренциптерінің негізінде құру. Осы жағдай талабына сай ұжым балаларды қоғамдық өмір мен өндіріске дайындаудың мүмкін болатын бірден-бір құралына айналады. Оқушылар ұжымы баланың өмірін оқуын, еңбегін жасампаздығын, күш-қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тиімді құралы. Ұжым проблеммасын педагогика ғылымының қайраткерлері және халық ағарту органдарының озат өкілдері А. В. Луначарский, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, П. П. Блонский, С. Т. Шацкий, В. А. Сухомлинский аса зор көңіл аударып зерттеді. А. В. Лунчарский жаңа адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым болады деді. Оның айтуынша, адамды тәрбиелеу, демек, ол, адам біздің заманымызда ұжымшыл, қоғамдық мүддені жеке басының мүддесінен жоғары санайтын болуы тиіс. Тұлға ұжымы негізінде ғана дамиды.
Н. К. Крупская тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы ұжым деп атады. Мектептегі қоғамдық ұйымдарға, олардағы балалардың қарым-қатынасына үлкен мән береді. Балаларды ұжымда өмір сүре және жұмыс істей алатындай етіп тәрбиелеудің қажет екендігін ескертті. Ол балалар қозғалысына байланысты бірсыпыра мәселелерді атап көрсетті. Олар; балалардың ұжымдық іс-әрекетінің формалары мен әдістері, өзін-өзі басқару және оны ұйымдастырудың әдістері т. б.
А. С. Макаренко ұжымда жеке адамды тірбиелеудің бірізді педагогикалық теориясын жасады. Оның идеялары осы уақытқа дейін құндылығын сақтауда және іс-әрекетті, қарым-қатынас, дәстүр сияқты тәрбие проблемалары ұжым өмірінде шығармашылық дамудың негізі болды.
А. С. Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын ерекше атады. Ұжымда тек жай ғана мейрімді адам болу жеткіліксіз, ол ұжым мүддесімен өмір сүре білуі қажет. А. С. Макаренко жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін көрсетті.
1. Ұжым тәрбиенің мақсаты және обьектісі, және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді.
2. Ұжым адамды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді.
3. Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның бөлігі.
4. Ұжымның өзін-өзі басқару органдары және өкілдері - ұйымдастырушылары болады.
Әрбір ұжым - бұл топ, бірақ әрбір топ ұжым бола алмайды. Ұжфм контактылы және негізгі болып екіге бөлінеді. Контактылы ұжым - бұл ұжым белгілері бар бастауыш топ. Негізгі ұжым - бұл контактылы ұжымдардың бірлестігі. Мысалы, контактылы ұжым - бұл студенттер тобы, негізі ұжым - факультет т. б. Казірге кезеңде . А. С. Макаренко идеясын дамытуда И. П. Ивановтың «Коммунар әдісі» игі әсер етуде. Коммунар әдісінің мәні ұжым өмірінің айқын бейнесін ұйымдастыру. Сонымен ұжым - бұл көзделген мақсатқа жетудегі ұйымшылдық пен мақсаттылық іс-әрекетімен сипатталатын адамдар тобы. В. С. Сухомлинский балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде « Мудрая власть коллектив», «Коллективтің құдіретті күші» т. б. баяндалды. В. А. Сухомлинский пікірі бойынша әрбір бала тірбиесі ұжымда негізгі тірбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арсындағы рухани қарым-қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі В. А. Сухомлинскийдің қарым-қатынас жайындағы идеясы жаңашыл мұғалімдердің идеяларымен ұштасып жатыр. Демек, ынтымақтастық балалармен қарым-қатынас жасаудың нәтижесінде туды. Ынтымақтастық идеялар жаңашыл мұғалімдердің еңбектерінде ғылыми әдістемелік тұрғыдан қарастырылған. Біздің елімізде қазіргі қоғамның маңызды ұясы - мектеп ұжымы баланы дамытуда жіне қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Мектепте оқушылар ұжымы - бұл іс-әрекетімен бірігіп топтасқан балалардың мақсатқа бағытталған тұрақты бірлестігі. Мектеп ұжымының негізінде бірнеше өзара байланысты оқушалардың ұжымдарының типтері пайда болады. Олар; мектеп сыныбы, ұзартылған күн тобы, клубтар, секциялар оқушылардың еңбек бірлесьіктері т. б. Бұлардың барлығын бастауыш ұжымдар деп атайды. Оқушылар ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызды құралы. Ұжымшылдық адам мүддесінің ұжым және қоғам мүддесімен мызғымас байланыстылығын көрсетеді. Адам ұжымда өз күшінің, өз қабілетінің керек екенін түсінеді.
1. 2 Көрнекті педагогтар ұжым туралы
Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский ұжым туралы. Ұжым және жеке адам мәселесі қазіргі заманның ең өзекті мәселелерінің бірі болғандықтан, педагогика ғылымының да басты мәселесі болып отыр. Адамды ұжымда тәрбиелеу идеялары қоғамның даму заңдарынк жауап береді. Ұжым теориясына Н. К. Крупская, А. В. Луначарский, А. С. Макаренко, С. Т. Щацкий, т. б. ұлы педагогтар өз үлесін қосты. Н. К. Крупская, А. С. Макаренко балаларды ұжымда тәрбиелеу теориясы мен тәжірибесінің негізін жасай отырып, жасөспірімдерді жастайынан бірлесіп ынтымақта өмір сүруге, еібек етуге үйрету керек деп ой түйеді. Н. К. Крупская 1926 жылы «Көркемдікке тәрбиелеудің міндеттері туралы» атты еңбегінде; «Қазіргі тәрбие ісінің көлемді міндеттерінің бірі- балаларды ұжым болып жұмыс істеуге және ұжым болып өмір сүруге үйрету», - деп атап көрсетті. Ұжымда тірбиелеу принципін кеңірек және сенімді түрде іске асыру ұлы педагог А. С. Макаренконың еңбектері мен тәжірибелерінде орын алған. Ол бұл принциптің методологиялық мәнін түсініп, тәжірибеде балаға ұжымның әсер ету күшін дәлелдеді. А. С. Макаренко ұжымның нақтылы әдісін зерттеді және ол әдістерді қолданудың шарттарын анықтады, ұжымның даму заңдылықтарын және құрылысының ерекшеліктерін ашты. А. С. Макаренконың дәлелденуінше ұжым адамдардың жай ғана жиынтығы немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетудә алға міндет етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге тырысушылар тобы. Балаларды ұжымды біріктірудің негізгі көзі - ортақ мақсаттың және оны іске асыруға бағытталған біріккен іс-әрекеттің болуы. Ұжымдық іс-әрекетте әрбір оқушының іс-әрекеті басқалармен тығыз байланыста болады. Мұндай жағдайда ұжымшылдық сезімі туады. Бұл қарым қатынас басқаның ісіне енжарлық туғызбай, керісінше бір-біріне көмектесуі, өз жолдасының ісіне қуану, ренжу, мақтану, намыстану сияқты әр түрлі қатынастар жүйесін туғызады. Адамның көңіл-күйінің тәрбиелік мәні арта түседі. А. С. Макаренконың ойынша нағыз шын ұжым, мейлі ересектер, мейлі балалар ұжымдары болсын қоғамның бір мүшесі болып есептеледі. Осыған байланысты қоғамның бастапқы бір ұясы болып саналытан оқушылар ұжымы басқа ұжымдармен байланыста болуы тиіс, оның алдында қоғам м ен ел алдындағыдай міндеттер тұрады. А. С. Макаренко атап көрсеткен ұжымды сипаттайтын міндеттер бүгінгі таңда да өз мәнін жойған жоқ. Ол міндеттер;
•ұжым алдындағы айқын мақсат;
• ұжым мүшелерінің бірлігі және әрқайсысының өзіндік пікірі болуы;
• Ұжым мүшелерінің қоғамдық мақсатқа бағытталған іс-әрекет жасауы;
• Өз арасында міндеттер белгілеу;
• Белгіленген міндеттерді орындау;
• Қатаң тәртіптің болуы;
• Өз мүшелері үшін ұжымның жауапкершілігі, өзара көмек, өзара бақылау, жолдастық сезім, қайрымдылық қарым-қатынастың болуы. В. А. Сухомлинский балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде «Коллективтің құдіретті күші», т. б. баяндалды. В. А. Сухомленскийдің пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымдағы негізгі тәрбие құралы болады. Балалармен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі, В. А. Сухомленскийдің қарым-қатынас жайындағы идеясы жаңашыл мұғалімдердің идеяларымен ұштасып жатыр. Қорята айтқанда ұжым-тәрбиенің маңызды құралы.
1. 3 Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер жәнінде түсінік
Дидатиканың қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез келген нәрсені, құбылыс, процесс қарама-қарсы, бірін-бірі жоққа шығару және бір мезгілді өзара шарттастық қарым-қатынаста болатын жақтардың бірлігі болып табылады.
Белгілі бір құбылысты, нәрсені дамыту процесіңде соңында күрес арқылы шешілетін қарама-қайшылықтардың күшеюіне әкеп соғатын қарама-қарсылықтардың арасында сәйкессіз элементтер пайда болады. Олай болса, дамытудың қозғаушы күші де, қозғалыс көзі де карама-қайшылық.
Оқушылардың танымдық іс-әрекеті адамдық танымның әртүрлілігі және оқьпу процесінің қарама-қайшьшықтарымен байланыста болатын өзінің жеке қарама-қайшылықтарымен сипатталады. Тәжірибелі мұғалімдер оқу процесінде қарама-қайшылықгарды таза интуитивті түрде туғызады. Олар бұл қарама¬қайшылықтарды оқушыларға білімді меңгерту барысыңдағы қиыншылық ретіңде қабылдайды. Белгілі дидакт М. А. Данилов оқу процесінде объективті түрде пайда болатын және оның басты қозғаушы күші болып табылатын жетекші қарама-қайшылықты алғашқылардың бірі болып анықтады. Бұл оқыту барысында алға қойылатын оқу және практикалық міндеттері мен білім, білік және ақыл-ой дамуының деңгейінің арасындағы қарама-қайшылық. Сонымен бірге, ол қарама-қайшылықтың, қозғаушы күштің қалыптсауының шешуші шарты болып оқушының өзінің санасында ішкі сипатқа ие болатын және оған қиыншылық ретінде танылатын қарама-қайшылықтың қалыптасуы болып табылады.
Осы көрсетілген қарама-қайшылықты шешудің мәні әрбір балаға қоршаған ортаны танып-білуіне, өзінің тұлғалық ресурстарын іске асыруына, өзін-өзі танытуына көмектесуде. Сондықтан мұғалім оқушыны оқу барысында туындаған қиыншылықтарды, кедергілерді жоюға саналы түрде ұмтылдыра отырып осы қарама-қайшьшықтарды шешудің сәйкес тәсілдерін айқындауда және оларды қолдана білуде жетекші рөл атқарады.
Басқа да әлеуметтік қауымдастықтар жүйесіне оқушылардың араласуы, олармен әрекеттесуі, дербестенуі оқу-тәрбие процесінде жүзеге асырылады. Микрожүйе ретінде оқушы өзінің калыптасуында өзіндік дамуының қарама-қайшылықгарына кездесіп отырады. Алайда, өзінің ішкі дүниесінде қаңдай да қарама-қайшылық өз шешімін табуы мүмкін емес (Э. В. Ильенков) . Қарама-кайшьшық «оқушы (адам) » жүйесінде пайда больш «адам-адам» жүйесіңде, яғни педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекеттесуі арқылы шешіледі. Оқу-тәрбие процесі жағдайында оның негізгі қарама-қайшылықтарын оқушыларды оқу-танымдық біліктерге үйрету арқылы шешу қиыншылықтарды, кедергілерді жою үшін оқушыларға мұғалім көмегі мен құрбылармен қарым-қатынас жасау қажет болғаңдықтан мұғалімнің өз оқушыларымен, ал оқушылар бір-бірімен ынтымақтастықта болуын талап етеді. Сонымен бірге оқушының өзін-өзі бағалау мен басқа да тұлғалық қасиеттерінің тиімді қалыптасуы және оның толыққанды дамуы үшін мұңдай өзара әрекеттестік өте қажет. Осылайша іс-әрекет пен танымның субъекті болып табылатын микрожүйе ретінде тұлғаның дамуының қарама-қайшылықтарын шешу қажеттігі оқу процесін оған қатысушылардың қарым-қатынас, өзара әрекеттестігі және ынтымақтастығы ретінде ұйымдастыруды қажет етеді.
Ұжымдық танымдық іс-әрекет - әлеуметтік тәжірибені игерудегі, өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы, өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірибе жинақтау, бірлесе еңбек ету, қарым-қатынас жасау біліктеріне ие болу сияқгы субъекг позицияларьш қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғаім ұйымдастырған білімдік диалогтың барысындағы оқушылардың біріккен іс-әрекеті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz