Салқынбаев М. Әл-Фарабидің әдеби мұраларының зерттелуі



1. Қазақ және араб әдеби байланыстары
2. Әл.Фарабидің өмірі жайында
3. Әл.Фараби мұралары
4. Әл.Фарабидің әдеби мұрасын зерттеушілер
Азия мен Еуропаны қосып жатқан Қазақстанмен әлемнің көптеген елдері әртүрлі тарихи, мәдени, қоғамдық, саяси-экономикалық байланысын күні бүгінге дейін үзбей жалғастырып келе жатыр. Ежелден басталған бұл байланыс халықтың мәдени өмірі мен рухани дүниесіне өзінің барлық болмысымен өшпес ізін қалдырғаны даусыз. Адамзат қоғамының бір бөлшегі ретінде жасап келе жатқан қазақ мәдениеті шығыстық өркениеттің құрамдас бір бөлігі десек, ата-бабаларымыз өзінің күрделі де сан қырлы тарихының қатпарлы беттерінде Үндістанмен, Қытаймен, Мысырмен, Иракпен, Сириямен, Византиямен, Иранмен әртүрлі деңгейде мәдени байланыста болғаны тарихтан белгілі. Қазақ жерінен шыққан ұлылар осы мемлекеттерге барып шығыстық ілім алып, білім сырына қаныққан. Рухани байланыстың осы елдермен толассыз жүргенінің кепілі – Әбу Насыр әл-Фараби, Исмаил әл-Жауһари әл-Фараби, Ахмет Иассауи, Махмұд Қашқари сынды данышпандардың еңбектері мен зерттеулері.
Қазақ және араб әдеби байланыстарының түп төркіні орта ғасырда қазіргі қазақ топырағында туып-өсіп, араб жерінде ғылым нәріне сусындаған, сөйтіп ислам мәдениетінің, араб әдебиетінің классикалық деңгейге жетуіне үлкен үлес қосқан данышпандардың ғылыми еңбектерінде жатыр деп айтуға болады. Себебі жиырмаға жуық әл-Фарабилер, әл-Бестами, әс-Сығанақи, әл-Кердери, әл-Хорезми, әл-Баласағуни және басқада жүздеген ғұламалар өздерінің ғылыми еңбектерін, философиялық пайымдауларын араб тілінде жазғаны белгілі. Олардың араб тілінің грамматикасы мен әдебиеті жайында жазып қалдырған теориялық ой-пікірлері күні бүгінге дейін құндылығын жоғалтпаған. Ал, қазақ жеріне ислам дінімен бірге келген араб жазуы, араб тілі мен әдебиеті, сол арқылы енген араб классикалық әдебиетінің үлгілерінің ауызша таралуы – қазақ әдебиетінің көкжиегінің кеңеюіне ықпал етті.
Рухани байланыстың нақты көрінісінің бірі, әрі негізгісі – әдеби байланыстар. Бай қазақ әдебиеті шығыстық көркем сөз өнеріндегі жақсылық нышанның қай-қайсысын да жатсынбаған, бойына сіңіре білген. Мұның өзі қазақ әдебиетінің әлемдік өркениетке құлаш ұруының, әлемдік әдебиетпен сусындауының және өзгелерге танылуының көрінісі ретінде бағаланады.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Салқынбаев М. Әл-Фарабидің әдеби мұраларының зерттелуі
Тамыз 20, 2010 7,148 рет оқылды
Азия мен Еуропаны қосып жатқан Қазақстанмен әлемнің көптеген елдері әртүрлі тарихи, мәдени, қоғамдық, саяси-экономикалық байланысын күні бүгінге дейін үзбей жалғастырып келе жатыр. Ежелден басталған бұл байланыс халықтың мәдени өмірі мен рухани дүниесіне өзінің барлық болмысымен өшпес ізін қалдырғаны даусыз. Адамзат қоғамының бір бөлшегі ретінде жасап келе жатқан қазақ мәдениеті шығыстық өркениеттің құрамдас бір бөлігі десек, ата-бабаларымыз өзінің күрделі де сан қырлы тарихының қатпарлы беттерінде Үндістанмен, Қытаймен, Мысырмен, Иракпен, Сириямен, Византиямен, Иранмен әртүрлі деңгейде мәдени байланыста болғаны тарихтан белгілі. Қазақ жерінен шыққан ұлылар осы мемлекеттерге барып шығыстық ілім алып, білім сырына қаныққан. Рухани байланыстың осы елдермен толассыз жүргенінің кепілі - Әбу Насыр әл-Фараби, Исмаил әл-Жауһари әл-Фараби, Ахмет Иассауи, Махмұд Қашқари сынды данышпандардың еңбектері мен зерттеулері.
Қазақ және араб әдеби байланыстарының түп төркіні орта ғасырда қазіргі қазақ топырағында туып-өсіп, араб жерінде ғылым нәріне сусындаған, сөйтіп ислам мәдениетінің, араб әдебиетінің классикалық деңгейге жетуіне үлкен үлес қосқан данышпандардың ғылыми еңбектерінде жатыр деп айтуға болады. Себебі жиырмаға жуық әл-Фарабилер, әл-Бестами, әс-Сығанақи, әл-Кердери, әл-Хорезми, әл-Баласағуни және басқада жүздеген ғұламалар өздерінің ғылыми еңбектерін, философиялық пайымдауларын араб тілінде жазғаны белгілі. Олардың араб тілінің грамматикасы мен әдебиеті жайында жазып қалдырған теориялық ой-пікірлері күні бүгінге дейін құндылығын жоғалтпаған. Ал, қазақ жеріне ислам дінімен бірге келген араб жазуы, араб тілі мен әдебиеті, сол арқылы енген араб классикалық әдебиетінің үлгілерінің ауызша таралуы - қазақ әдебиетінің көкжиегінің кеңеюіне ықпал етті.
Рухани байланыстың нақты көрінісінің бірі, әрі негізгісі - әдеби байланыстар. Бай қазақ әдебиеті шығыстық көркем сөз өнеріндегі жақсылық нышанның қай-қайсысын да жатсынбаған, бойына сіңіре білген. Мұның өзі қазақ әдебиетінің әлемдік өркениетке құлаш ұруының, әлемдік әдебиетпен сусындауының және өзгелерге танылуының көрінісі ретінде бағаланады.
Әдеби байланыс түрлі халықтар мәдениетінің жақындасуына, рухани қарым-қатынасының өркендеуіне үлкен үлес қосады. Бұл жайында атақты шығыстанушы ғалым, академик Н.И.Конрад: "Ұлттық әдебиеттің өркен жаюы мен даму факторларының бірі - өзге халықтардыңәдебиетімен өзара қарым-қатынаста, байланыста болу. Кез келген әдебиетте екі компоненттің болатыны белгілі. Бірі - сол елдің өзінде дүниеге келген төл туындылар, екіншісі - басқа елдерден енген кірме шығармалар. Осындай дүниелердің негізінде әдеби байланыстың рөлі ерекше көрінеді. Мұны қандайда бір әдеби шығармалардың түпнұсқасымен тікелей танысып, сол туындымен ұлт әдебиетінің тілінде оқуы негізінде және олардың аудармалары арқылы қанығуынан немесе бір халық жазушысының шығармаларының мазмұны мен мотивтерін басқа елдің жазушысының өзінше қабылдауынан пайымдауға болады. Осындай факторлардың арқасында бір елдің әдеби дүниесі екінші бір елдің меншігіне айналады" [1, 290 ].
Есімі дүние жүзіне мәлім болып, ғылыми және мәдени мұралары ғасырлар бойы ардақталып, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан қазақ даласының асыл перзенттерінің ең жарық жұлдызы - әл-Фараби. Х ғасырдан бастап қазіргі таңға дейінгі мың жылдан астам уақыттың ішінде ұлы бабамыздың еңбектері әлем ғалымдарының сусындар кәусәр бұлағына айналды. Ұлы ғұламадан қалған мирас ғылымның түрлі саласын қамтиды, әрі өте құндылығымен ерекшеленеді. Оның философия, социология, логика, эстетика, этика және басқа да жаратылыстану мен гуманитарлық ғылым салалары бойынша айтқан теориялық тұжырымдары Дүние жүзі халықтарының қоғамдық-философиялық ойларына ықпал етті деп айтуға болады.
Әл-Фарабидің өмірі жайындағы мағлұматтар ұлы ойшыл, әрі үлкен саясаткер, білгір физик,астроном, дарынды математик, ірі филолог және музыканың атасы болған дананың қазақтың ежелгі қаласы Отырарда туып өскенін дәлелдейді. Бұл шаһардың Орта ғасырда Фараб деп аталғаны белгілі. Тарихи мәліметтер бойынша ол қала Арыс өзенінің Сырдарияға құя беріс сағасында орналасқан, яғни қазіргі Отырардың орнында. Фарабтан шыққандықтан әлемдегі екінші ұстаз (арабша: Му‛аллим сәни) әл-Фараби атанып кеткен. Бұлай дейтін себебіміз, орта ғасырдағы қалыптасқан дәстүр бойынша, қандай да бір ғалым не ақын болсын, өз аты-жөнінің соңына шыққан жерін білдіру мақсатында туған қаласының атын қосып жазатын болған. Әбу Насыр Мұхаммад бин Мұхаммад бин Тархан бин Узлағдың да әл-Фараби әт-Түрки атануы сондықтан болса керек. Жалпы белгілі ғалым Ә.Дербісәлінің зерттеулеріне сүйене отырып, Отырар-Фараб қаласынан шыққан жиырмаға жуық Фараби аттас ірі тұлғалар шыққандығын байқаймыз. Шығыстанушы-ғалым "Қазақ даласының жұлдыздары" атты тарихи-филологиялық зерттеуінде мынадай әл-Фарабилер туралы мағлұмат береді: Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Ибраһим Исхақ әл - Фараби, Исмаил әл-Жауһари әл-Фараби, Бурһан ад-Дин Ахмад әл-Фараби, Әбу-л-Қасым әл-Фараби, Махмуд әл-Фараби, Қауам ад-Дин әл-Фараби, Маула Мухаммад әл-Фараби, Бадр ад-Дин әл-Фараби, Исмаил әл-Хусайни әл-Фараби және т.б. [2,237].
Ұлы ғалымның Отырарда туып өсіп, жігіт шағында араб еліне кеткені жайында өзбек ғалымы Хайруллаев: "Әл-Фараби алғаш білімін Отырар медреселерінің бірінде алған болуы керек. Өйткені көне дәуірден қалған бір деректерге қарағанда, Мәуреннаһрда балаларды түрлі қолөнер мен ғылымға үйрету, баулу, оқыту олардың бес жасар кезінен басталатын болған [3,155]." - десе, әл-Фараби зерттеушілерінің бірі М.Бурабаев: "Әл-Фараби 20 жасына дейін Отырарда оқып, тәрбиеленіп, кейін Самарқанд, Бұхара, Хиуа және Шығыстың көп жерлерін аралаған, ұзақ уақыт бойы араб халифатының саяси, мәдени орталығы Бағдатта тұрған деген деректі келтіреді" [4,68-69]. Ал, әл-Фараби төңірегіндегі дауға біржола нүкте қойған көрнекті ғалым А.Машанов "Әл-Фараби және Абай" атты еңбегінде ұлы ойшылдың Отырардан шыққанын былайша дәлелдейді: "... Фараб атты мекен бір ғана жер емес, бірнеше жерде бар. Соның бірі Амудария бойында, тәжік жерінде. Сол бойынша әл-Фараби ирандық нәсілден деген жалған пікір қалыптасқан. Оны қазір ешкім қолдамайды. Ал, әл-Фарабидің туған жері Сырдария бойындағы Фараб (Отырар) екенін дәлдеп жазып, картаға түсірген атақты ғалым-географ ибн Хаукал. Ол өзінің "Китабу Масалик уа мамалик" аталатын географиялық еңбегінде Түркістан аймағының сипатын берген, қалаларын картаға түсірген. Ол Отырарды жазғанда, картаға түсіргенде әдейі арнайы, тоқтап: "Бұл жер атақты ғұлама, асқан философ әл-Фарабидің туған жері", - деп жазған [5,51-52]. Міне осылайша қазақтың қара топырағында кіндік қаны тамып, содан нәр алған болашақ энциклопедист ғалым әлемнің барлық философтарын, ақындарын, жалпы ғылым адамдарын құшақ жая қарсы алып, олардың ғылыммен алаңсыз айналысуына жағдай жасаған араб халифатына жол тартады. Ол кезде Халифатта Ғаббастықтардың әулеті билік жүргізіп тұрған еді. Алғашқы фарабитанушы ғалым А.Машанидің айтуы бойынша Бағдат халифаларының сенімді серіктері көбінесе түркістандықтар болған. Сол себепті әл-Фарабидің бұл жерден ғылым үйренуіне толық жағдай болады [4,53]. Ғаббастықтар дәуірі тұсында ғылым мен білімге, өнерге ден қойған адамдарға кең жол ашылды. Халифат астанасы Бағдатта ғалымдар үйі (арабша: дәр-ул-Хикма) ашылып, ғалымдардың жиналатын ордасына айналады. Әбу Насыр осында Грекия мен Римнен қуғын көріп, ығысып келген Йуханна бин Хайлан, Әбу Башр Матта, Әбу Бәкір бин Сираж секілді ірі ойшыл, атақты ғалымдармен таныс болып, олардан ғылым үйренеді. Ол грек ғалымы Әбу Маттадан грек тілін үйреніп, грек тіліндегі ғылыми кітаптарды аударумен шұғылданса, ибн Хайланнан медицина мен логиканы үйренеді. Ал, Әбу Бәкір бин Сираждан астраномияны үйренеді. Арабтың мәдениеті мен ғылымы дәуірлеген шақта, сонда білімін жетілдіріп, ғылыми жұмыстармен айналысады. Ғұлама ғалым өмірінің соңғы жылдарын Кайрда, Халепте, Дамаскіде өткізген.
"Ғылыми мұра қалдырмаған ғалым найзағай ойнатып, күркіреп тұрып, жаумай өткен бұлтпен тең", - деген араб халқының дана мақалы бар. Осындай қанатты ойды ту қып ұстаған Әл-Фараби ғылым мен өнердің барлық саласына өлшеусіз үлес қосып, артында өшпес ғылыми жазбаларын қалдырады. Аты әлемге мәшһүр Әбу Насырдың еңбектерінен нәр алмаған, сусындамаған ғалым жоқ деп айтуға болады. Оның есімі дүниежүзі мәдениеті мен ғылымының тарихынан берік орын алады. Дүниежүзі ғалымдары әл-Фарабиді Шығыстың Аристотелі деп атағаны баршаға аян. Артында қалған ғылыми мұрасы өте мол. Ұлы ойшылдың қаламынан екі жүзге жуық трактаттар дүниеге келген. Оның қаламына арқау болған ғылым салалары: философия мен логика, математика мен физика, астрономия мен ботаника, тіл мен әдебиет, медицина мен музыка. Осы еңбектерінің ішінде философия мен әлеуметтану, этика мен эстетика мәселелері ерекше орын алады деп айтуға болады.
Қазақстанда әл-Фараби мұраларын зерттеп, саралау ХХ ғасырдың ІІ жартысынан бері қарай жолға қойылды деп шамалауға болады. Сөзіміз дәлелді болу үшін көрнекті ғалым, үлкен фарабитанушы-ғалым Ақжан Машановтың мынадай естелігін келтіруді жөн санадық: "...Батыс елдерінен соғыстан ығысып келген ғалымдар Алматыда о жылдары көп болатын. Әсіресе, олар КСРО Ғылым академиясының Қазақстандық филиалы маңында шоғырланды. ... Чехославакиядан келген Э.Я.Кольман деген математика ғылымының тарихын жақсы білетін ірі ғалым, профессор филиалда біздерге баяндама жасады. Сол баяндама маған зор әсер етті. Ол 1943 жылдың басы болатын. Баяндаманың негізгі мазмұны Орта Азия мен Қазақстан ғалымдарының орта ғасырлардағы ғылымға қосқан үлесі туралы еді.
Ол кісі сонау алғашқы құрылған араб халифатынан бастады. "Мың бір түннің" атақты қаһарманы Арон Рашид, әл-Мумин кездерінен бастап, ғылымға қандай жақсы жағдай туғанына тоқталды, оның мыңдаған жыл бойы дүние жүзіне үлгі болғаны айтылды. Осы араб ғылымын жасауда Орта Азия мен Қазақстан жерінен шыққан ғалымдардың қосқан үлесін ол кісі барынша талдап көрсетті. Әл-Хорезми, әл-Фараби, әл-Жауһари, әл-Бируни, Ибн Сина, Абул-Вафи, әл-Ферғани, Омар Хайам, ат-Туси, Ұлықбек, әл-Хазин тағы бірсыпыра адамдарды атап өтті. Европа елдерінің орта ғасырдағы ғылыми өрлеуіне ерекше зор әсер еткен осы адамдар екені айтылды. Баяндамасының қорытындысында Кольман "Адам баласының ғылымға көзін ашқан осы сияқты шамшырақтарды неміс фашистері жоққа шығарғысы келеді. Олардың елін кембағал ел деп қорлауда... Мұның өзі адам баласының саналы тарихына істеген хайуандық, қиянат", - деп қатты тебіреніп барып, тамамдады... " [5,12]. Әрі қарай Ақжан Машани осы аталған ғалымдардың ішінен әл-Фараби мирасын іздестіріп, Қазақстанда оның ешқандай еңбегінің жоқ екеніне көз жеткізеді. Кезінде әл-Фарабиді ұстаз тұтқан Әбу Али Ибн Сина, Әбу Райхан әл-Бируни сияқты ғалымдардың мұрасы том-том болып шыққан, ал әл-Фарабидікі мүлде жоқ. Неге? Біз шынымен де кембағал болғанымыз ба? - деген сұрақ мазалаған ғалым, ұлы ойшылдың мұрасын іздеп тауып, зерттеуді өзінің ұлт алдындағы азаматтық парызы санайды. Сөйткен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбу-Насыр-Әл-Фараби туралы ақпарат
Әбу Насыр Әл-Фараби Әлемнің 2-ұстазы атанған ғұлама
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІ
Әбу Насыр Әл-Фараби өмірбаяны
Түркі ойшылдары еңбектерінің Қазақстанда зерттелуі
ӘДЕБИЕТТАНУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
Тәуелсіздіктен бұрынғы кездердегі ислам және түркі жазба ескерткіштерінің танылуы
Әл-Фараби – түркі және ислам өркениетінің ойшылы
Фараби философияны үйрену шарттары туралы
Әл-Фараби мұраларының алғаш зерттелуі
Пәндер