Кәсіби-педагогикалық іс-әрекет – педагогикалық шеберліктің қалыптасуының негізі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Асқарбаева А. Ұстаз ізденістері. А 1987.
  2. Асылов Ұ. Ж. Нұсқабайұлы. Әдеп. Инабаттылық дәрістері А 1987.
  3. Елеусізова С. Қарым - қатынас психологиясы. А 1995.
  4. Грехнев В. С. Культура педагогического общения. М 1990.
  5. Желдербаева С. Мәнерлеп оқу. А 1992.
  6. Зязюн Г. М. Основы педагогического мастерства. М 1989.
  7. Синица И. Е. Педагогтық әдеп және ұстаздық шеберлік. А 1987.

№ 2 Дәріс. (2c)

Тақырып: Кәсіби-педагогикалық іс-әрекет - педагогикалық шеберліктің қалыптасуының негізі.

Дәрістің мақсаты: педагогикалық шеберліктің қалыптасуының негізімен танысу.

Дәріс мазмұны: 1. Кәсіби педагогикалық қызмет-педагогтік шеберлікті қалыптастыру негізі. Жалпы педагогикалық және кәсіби-педагогикалық қызмет. Кәсіби-педагогикалық қызметтің мәні, оның құрылымы.

Кәсіби- педагогтік қызметтегі мұғалімнің жеке басының қалыптасуы. .

Педагогикалық қызмет деңгейлері: репродуктивтік, бейімділік, қызмет пен мінез-құлық.

Педагогикалық іс - әрекетте еңбек субъектісі мұғалім болады . Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіңдік сипаттары - ол оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері. Осыған байланысты, білім «сананың біртұтастық объектісі» болып есептелуі керек. (Н. И. Непомнящая), мұғалімнін іс - әрекеті, оның білімі және тәжірбиесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей қатысты екендігі анық. Қажетті тәжірбиені жинақтауға әкелетін іс - әрекет мұғалім тұлғасын қалыптастырудың шарты болады, ал ол «оқу-әдістемелік» құралдарының өзінде орныққан. Бірақ бұл іс - әрекет тиімді болуы мүмкін емес, егер еңбек объектісі толық айқын болмаса, еңбек субъектісінің зейіні теріс түсініп объектіге аударылса. Бұндай жағдайда еңбек субъектісінің әрекеті объективті өмір сүретін кәсіби іс - әрекеттің объектісіне сәйкес болмайды.
Диалектикалық - материалистік философияда жеке тұлғаның қалыптасуындағы іс - әрекеттің ролі жан - жақгы зерттелген. Адам іс - әрекеттің субъектісі ретінде психологиялық зерттеулерде көрсетілген. Бірақ, негізінен, тек XX ғасырдың 60 - шы жылдарында ғана мұғалім іс - әрекеті оқушылармен өзара әрекет ретінде қарастырылып еңбектер жарық көрді. Көрнекті ұстаздардың еңбектері (Ш. А. Амонашвили, В. А. Сухомлинский, А. С. Макаренко және т. б. >) оқушы ертерек мұғалімнің арқасында іс - әрекеттің нақгылы субъектісі ретінде қалыптасса, оқу - тәрбие жұмысының тиімділігі арта түсетіндігіне куә етеді.
Міне, сондықтан да мектептегі педагогикальгқ (оқыту - тәрбиелеу) процесте мұғалім және оқушы іс - әрекетінің субъектісі ретінде көрінеді, мұғалім іс - әрекеттің объектісі ретінде оқушыны емес, педагогикалық процесс деп есептеу керек. Мұғалім даярлаудағы мұңдай бағыттың кажеттілігі бірқатар зерттеулерде дәлелденген:
-біртұтастық тұлғаны қалыптастыру проблемасын, біртұтас
педагогикалық процестің ерекшеліктерін есепке алмай шешу мүмкін емес (В. С. Ильин) ;
-мұғалім іс - әрекетін оптимизацияландыруға тек қана оқытуға бағытталушылықпен жету мүмкін емес (Ю. К. Бабанский) ;
-егер оқушының іс - әрекеті назардан тыс қалған болса, педагогикалық еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру мүмкін емес (И. П. Радченко) ;
-мектеп әкімшілігі іс - әрекетінің тиімділігі тек қана біртұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру негізінде мүмкін болады (М. И. Кондаков) ;
-тұтас педагогикалық процестің теориясьш жасамайынша, басқару шешімдерін қабылдау үшін педагогикалық талдауды жетілдіру, одан әрі дамыту өте күрделі болады (Ю. А. Конаржевский) ;
Мұғалім іс - әрекетінің объектісін оқып үйрену тұтас педагогикалық процестің мәнін анықтау керектігін қажет етеді. Диалектикалық материализмнің ұстанымына - мән бұл ең басты ішкі, біршама заттың тұрақты жағы (немесе оның жақтары мен қатынастарының қосындысы) . Мән заттың табиғатын анықтайды, одан барлық қасиеттері мен белгілері шығады.
Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз - мұғалімнің оқу-тәрбие істерін нәтижеге жеткізетін әрекеттер құрылымы. Мұғалімнің шеберлігі педагогикалық мамандық негізінде басқара білу.

Педагогикалық іс-әрекеттер мынандай құрылымдардан тұрады: іс-әрекет мақсаты, іс-әрекет объектісі, іс-әрекет субъектісі, іс-әрекет құралы.

Бақылау сұрақтар: тест сұрақтары берілген.

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Асқарбаева А. Ұстаз ізденістері. А 1987.
  2. Асылов Ұ. Ж. Нұсқабайұлы. Әдеп. Инабаттылық дәрістері А 1987.
  3. Елеусізова С. Қарым - қатынас психологиясы. А 1995.
  4. Грехнев В. С. Культура педагогического общения. М 1990.
  5. Желдербаева С. Мәнерлеп оқу. А 1992.
  6. Зязюн Г. М. Основы педагогического мастерства. М 1989.
  7. Синица И. Е. Педагогтың әдеп және ұстаздық шеберлік. А 1987.

№ 3 дәріс. ( 2 c)

Тақырып: Тиімді қарым-қатынас - педагогикалық шеберліктің негізі

Дәрістің мақсаты: студенттерді педагогикалық шеберліктің негізі ретінде- қарым-қатынас стильдері, түрлерімен таныстыру

Дәріс мазмұны: 1. Педагогикалық қарым-қатынас туралы түсінік беру

Бұл тарауда педагогикалық шеберліктің негізі ретінде- қарым-қатынас стильдері, түрлерімен таныстыру.

Сонымен қатар, педагогикалық техника педагог шеберлігінің элементі ретінде педагогикалық техника мұғалімнің жүріс-тұрысының формасы және оның компонеті мұғалім іс-әрекетіндегі техниканың мәні.

Мұғалімнің өзін-өзі басқару шеберлігі, өзін-өзі қалыпқа келтіру техникасының негізі. Жас педагогтің педагогикалық техникасының кемшіліктері Педагогикалық қарым-қатынас - белгілі бір педагогикалық қызмет атқаратын, жәйлі психологиялық климат құруға және оқу іс-әрекетін, педагог пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжымы ішіндегі қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған оқытушы мен оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік қарым-қатынасы. Қарым - қатынас сан алуан сипатта; оның көптеген формалары, түрлері бар. Педагогикалық қарым - қатынас адамдар қарым - қатынасының жекеше түрі. Оған осы өзара әрекет формаларының жалпы қасиеттері де, білім беру процесіне тән қасиеттері де лайық.

Педагогикалық қарым ‒ қатынас кезеңдері

Қарым-қатынас - адамдар арасында бірлескен іс - әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.

Педагогикалық қарым-қатынас бір адам екінші адаммен тәжірибе (білім, икем, дағды, жалпы адамзаттық мәдениет, ұлттық құндылықтар т. б. ) алмасқанда болады; ол әрбір профессионалды қарым-қатынаста болады, сондықтан да педагогикалық стильдерді кейде бізбен сипаттаған басшылық стильдеріне ұқсатады.

Педагогикалық стильдердің артық көруі мен адамдардың Мен-концепциясының арасындағы байланыс табылды: автократиялық стиль көбінесе өзін білмейтін және қабылдамайтын адамдарға сай, сынға жабықтығымен, ренжігіштігімен, эмоционалды регидтілігімен мінезделеді. Және, керісінше, демократиялық стильді ұстанатын педагогтарда әдетте позитивті Мен-концепциясы болады, ашық және мейрімді, сынға төзе алады, өзіндік ирониясы болады және өзіндік өзгеруге дайын.

Педагогикалық қарым-қатынастың мақсаттары туралы айта отырып, отандық зерттеуші А. Б. Орлов « мұғалімнің тұлғалық центрациясы » деген терминді қолданды, оның ойынша ол педагог іс-әрекетінің жүйе құраушы мінездемесі болып табылады, оның көптеген көрінулерін анықтайды : педагогикалық стиль, қатынас, әлеуметтік перцепция (14) . Сөйтіп, педагогикалық іс-әрекет мұнда сонымен қатар рухани-дүниетанымдық компоненттен бастап сипатталады. Орлов әрбіреуі педагогикалық іс-әрекетте басыңқы бола алатын негізгі жеті центрацияны бөліп көрсетеді: эгоистік (өзінің ”Мен” қызығушылығында), бюракратиялық (администрацияның, басшылықтың), конфликтік (әріптестерінің қызығушылығында), авторитетті (ата-ананың, қатысушылардың), танымдық (оқыту және тәрбиелеу талаптарында), альтруистік (қатысушылардың қажеттіліктерінде), гуманистік (өзіндік мән мен басқа адамдардың-администратордың, әріптестердің, ата-аналардың, қатысушылардың мәндерінің көрінулерінде) . Орлов бойынша центрация тәлімділік іс-әрекетінің әдісі мен сәттілігін анықтайды.

Басқа отандық зерттеушілер, бағдарлардың маңыздылығын мойындай отырып, көбінесе сабақ беруде қолданылатын тәсілдерге шоғырланады (11) . Н. К. Марков пен А. Я. Никонованың ойынша педагогикалық стильдің негізінде мазмұнды сипаттамалар (педагогтың өз еңбегінің процесі мен нәтижелігіне бағдары, өзінің еңбегіндегі бағдарлық және бақылаушы-бағалаушы кезенін ашу, әдістемелілігі мен импровизациондылығы), динамикалық сипаттамалар (икемділік, тұрақтылық, бір нәрседен келесі нірсеге көңіл ауысымдылығы) және нәтижелілік (оқып жатқандардың білімдерінің деңгейі мен оқытудың дағдысы) жатыр. Авторлардың зерттеулері көрсеткендей педагогтың индивидуалды стилінің қалыптасу процесінде стильдің мазмұнды сипаттамалары өзгеруі мүмкін, ал динамикалық сипаттамалардың өзгеруі, яғни эмоционалдылық пен саналылықтың өзара өтуі анықталған жоқ.

Қарым ‒ қатынас құралы және қарым ‒ қатынас түрлері

Қарым ‒ қатынас біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы процесс. Адамдардың танымдық хабарлар алмасуы, өзара түсінісуі, бір-бірін қабылдауы. . Бұл қарым-қатынас адамның сөйлеуді меңгеруінің арқасында іске асады. Ол өзінің ойын, білімін, өзінің сезімін басқа адамдарға хабарлай алады және өзі басқа адамдардың ойын түсіне алады, олардың сезімдері мен ұмтылыстары туралы білуге мүмкіндік алады. Тілдің көмегімен сөйлеу қарым-қатынасында әрбір адам білімнің көп бөлігін басқа адамдардан алады. Жинақталған тәжірибені және білімді меңгеруге оқыту үрдісі жатады. Сөйлеу - тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым қатынас үрдісі.

Қарым-қатынастың түрлерi:
1. Маскiлi қарым-қатынастар; бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию. Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық) . Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi.
2. Формалды рөлдiк қарым-қатынас - мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады.
3. Iскерлiк қарым-қатынас - мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады.
4. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы - мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi.
5. Маникулятивтiк қарым-қатынас сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады.
6. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас.
Коммуникациялық жүйе - бұл алынатын және берiлетiн ақпаратты түсiнудi қамтамасыз ету мақсатында адамдар арасындағы хабар алмасу.
Коммуникацияның негiзгi функциялары мыналар:
1. Информативтi - адамдар арасындағы өзара әрекеттесудi ұйымдастыру.
2. Интерактивтi - адамдар арасындағы өзара әрекеттесу түрлерiн пайдалана отырып сұхбаттасушының көңiл күйiне, сенiмiне мiнез-құлқына әсер ету.
3. Перциптивтi - қарым-қатынасқа түсушi серiктестердiң бiрiн-бiрi қабылдауы және өзара түсiнушiлiктi қалыптастыру.
4. Экспрессивтi - эмоционалды бастан кешiрулер сипатын өзгерту.

Педагогикалық қарым-қатынастың стильдері. Педагогикалық қарым-қатынас бір адам екінші адаммен тәжірибе (білім, икем, дағды, жалпы адамзаттық мәдениет, ұлттық құндылықтар т. б. ) алмасқанда болады; ол әрбір профессионалды қарым-қатынаста болады, сондықтан да педагогикалық стильдерді кейде бізбен сипаттаған басшылық стильдеріне ұқсатады.
Педагогикалық стильдердің артық көруі мен адамдардың Мен-концепциясының арасындағы байланыс табылды: автократиялық стиль көбінесе өзін білмейтін және қабылдамайтын адамдарға сай, сынға жабықтығымен, ренжігіштігімен, эмоционалды регидтілігімен мінезделеді. Және, керісінше, демократиялық стильді ұстанатын педагогтарда әдетте позитивті Мен-концепциясы болады, ашық және мейрімді, сынға төзе алады, өзіндік ирониясы болады және өзіндік өзгеруге дайын. Автократиялық стильді қолдануында құрылған оқу орнында “мектеп-фабриканың” белгілері болады, ал демократиялық бағытталған оқу орнында “мектеп-отбасының” белгілері болады, бірақ қазіргі кезге дейін педагогикалық жүйелердің артықшылықтары анықталған жоқ : “мектеп-фабрикаларда” әдетте үлгерім жоғары, ал “мектеп-отбасында” қатысушылардың мазасыздығы төмең, микроклиматы жақсырақ болады. Педагогикалық қарым-қатынастың мақсаттары туралы айта отырып, отандық зерттеуші А. Б. Орлов « мұғалімнің тұлғалық центрациясы » деген терминді қолданды, оның ойынша ол педагог іс-әрекетінің жүйе құраушы мінездемесі болып табылады, оның көптеген көрінулерін анықтайды : педагогикалық стиль, қатынас, әлеуметтік перцепция (14) . Сөйтіп, педагогикалық іс-әрекет мұнда сонымен қатар рухани-дүниетанымдық компоненттен бастап сипатталады. Орлов әрбіреуі педагогикалық іс-әрекетте басыңқы бола алатын негізгі жеті центрацияны бөліп көрсетеді: эгоистік (өзінің ”Мен” қызығушылығында), бюракратиялық (администрацияның, басшылықтың), конфликтік (әріптестерінің қызығушылығында), авторитетті (ата-ананың, қатысушылардың), танымдық (оқыту және тәрбиелеу талаптарында), альтруистік (қатысушылардың қажеттіліктерінде), гуманистік (өзіндік мән мен басқа адамдардың-администратордың, әріптестердің, ата-аналардың, қатысушылардың мәндерінің көрінулерінде) . Орлов бойынша центрация тәлімділік іс-әрекетінің әдісі мен сәттілігін анықтайды.

Психолог М. И. Лисина “Қарым-қатынасты - ортақ нәтиже мен шешімге жету мақсатында орындалған екі не одан да көп адамдардың өзара байланысы ” деп түсіндірсе, ал, К. К. Левин қарым - қатынастың бірнеше тәсілдерін көрсетті:. Әміршілдік қатынас- қол астындағылармен қатал қатынаста болу. Бұл жағдайда олар тек орындаушылар рөлін атқарады, қандай да болсын шешім қабылдауға қатыспайды; . Демократиялық қарым-қатынас, ол ұжым алдындағы міндеттерді талқылап бірлесе шешім қабылдауға мүмкіндік тудырады; . Либералды қатынас - жетекшілікпен ғана шектеледі. Бұл жағдайда талап қоюшылық, бір жүйе байқалмай әркім өз бетінше жүреді.

Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Себебі, оның психикасы тек айналасындағылармен қарым - қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, яғни қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі бір мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес. Кез - келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым - қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен тілдесу қажетін қанағаттандырмау - біртіндеп оның қатал, мейірімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына деген сенімсіздікке әкеліп соқтыратыны байқалып жүр.

Бақылау сұрақтар: тест сұрақтары берілген.

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Асқарбаева А. Ұстаз ізденістері. А 1987.
  2. Асылов Ұ. Ж. Нұсқабайұлы. Әдеп. Инабаттылық дәрістері А 1987.
  3. Елеусізова С. Қарым - қатынас психологиясы. А 1995.
  4. Грехнев В. С. Культура педагогического общения. М 1990.
  5. Желдербаева С. Мәнерлеп оқу. А 1992.
  6. Зязюн Г. М. Основы педагогического мастерства. М 1989.
  7. Синица И. Е. Педагогтың әдеп және ұстаздық шеберлік. А 1987.
  8. Шынықбекова Э. И. Ұстаздық қызметтегі педагогикалық этика. А 1987.
  9. Щетинин М. П. Ұстаздық еткен жалықпас. А 1989.
  10. Абдуллина О. А. Общая педагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования. М 1990.
  11. Введение в педагогическую културу. Под ред. Е. В. Бондаревской - Ростов Н. Д. 1995.
  12. Абдуллина О. А. Жоғарғы педагогикалық білім беру саласындағы мұғалімді жалпы педагогикалық дайындау.
  13. Грехнев В. С. Педагогикалық қарым - қатынас мәдениеті. 1990.
  14. Елканов С. Б. Болашық мұғалімнің өзін - өзі тәрбиелеу негіздері.

М 1989.

  1. Зинина Л. В. Меншикова Н. П. Педагогикалық шеберлік негіздері.

М 1990

Қосымша әдебиеттер:

  1. Коджаспирова Г. М. Педагогтің кәсіби білімін көрсету мәдениеті. М 1994.
  2. Кузьмина Н. В. Мұғалімнің қабілеті, дарыны, таланты. Л 1985.
  3. Митина Л. М. Мұғалім жеке тұлға және маман ретінде.
  4. Шевченко Л. Л. Практикалық педагогикалық этика.

№ 4 -5 дәріс. (4 c)

Тақырып: Педагогикалық қатынастағы ықпал етудің негізгі тәсілдері.

Дәрістің мақсаты: Педагогикалық қатынас және мұғалімінің кәсіби қызметіндегі орны. Педагогикалық қарым-қатынас стилі.

Дәріс мазмұны: 1. Педагогикалық өзара қызметтестіктегі психологиялық кедергілер және оны жеңу жолдары.

2. Педагог әдептілігін меңгеру шарттары. .

Мұғалім сөзі педагогикалық шеберліктің шарты ретінде. Педагогтың ақпараттық-сөздік әсер етуі 1) Педагог сөзі оның іс әрекетінің құрамында. Тіл және сөз. Ауызша сөйлеу ерекшеліктері: жағдайлық, кері байланыс, баптау стереотилизациясы, эмоционалдық.

3. Сөз әрекетінің психологиялық құрлымы: мақсаты, мазмұны, формасы. Сөз - мұғалім мен оқушылардың тіл табысу құралы.

4. В. А. Сухомлинскийдің мұғалім сөзі мен оның тиімділігіне деген талаптары туралы. Кәсіптік шеберлік құрылымындағы педагогикалық қатынас.

Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман - уақыт талабы. Кеше ғана көктуын желбіретіп шаңырақ көтерген егеменелімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстазтұрады. «Мұғалімдер-қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», - деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өзісінің шебері қажет. Ал педагогикалық шеберліктің негізінеде?

Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру - педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз.

«Тәуелсізелге - біліктімаман» демекші, педагогикалық шеберліктің негізі, өткен пікірімізде айтып кеткеніміздей, білім мен тәрбиені ұштастырумен қатар - педагогтардың жаңа технологияны меңгере білуінде және оны өз тәжірибесінде қолдана алуында. Педагогикалық көзқарас бойынша, «технология » ұғымы - дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа, ерекше үлгіде ұйымдастырылған «педагогикалық өндіріс» деген пікір өз уақытында педагог - ғалымдар тарапынан сынға алынғаны белгілі. Осы сыннан соң бірте-бірте «педагогикалық технологияны» оқыту үрдісінің құрамдас бөлігі ретінде сипаттап, оны дидактикалық үрдістер мен оқыту құралдарымен жабдықтауда жаңа ақпараттық технологияға негіздеу туралы мәселе қозғалады.

Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі - мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы жәнеадамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы. Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет.

Бақылау сұрақтар: тест сұрақтары берілген.

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Асқарбаева А. Ұстаз ізденістері. А 1987.
  2. Асылов Ұ. Ж. Нұсқабайұлы. Әдеп. Инабаттылық дәрістері А 1987.
  3. Елеусізова С. Қарым - қатынас психологиясы. А 1995.
  4. Грехнев В. С. Культура педагогического общения. М 1990.
  5. Желдербаева С. Мәнерлеп оқу. А 1992.
  6. Зязюн Г. М. Основы педагогического мастерства. М 1989.
  7. Синица И. Е. Педагогтың әдеп және ұстаздық шеберлік. А 1987.

№ 6 дәріс. (2 c)

Тақырып: Педагогикалық құзыреттілік

Дәрістің мақсаты: Педагогикалық құзыреттілікпен таныстыру .

Дәріс мазмұны: 1. Құзыреттілік - бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Бұл такырыпта мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынас мәдениеті.

Бүгінгі таңда жалпы орта білім беруді жетілдірудің негізінде құзыреттілік тәсілді алу ұсынылып жүр. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында да білімге бағытталған мазмұнды құзыреттілік, яғни нәтижеге бағдарланған білім мазмұнына алмастыру қажеттілігі көрсетілген.

Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» (ББД) сияқты ұғымдарды қамтиды. Бірақ, бұл ББД-ның жаңаша жай ғана жиынтығы емес. Құзыреттілік оқыту нәтижесін (білім және білік) ғана емес, сонымен бірге ол оқушы-лардың шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен құндылық бағдар-ларының жүйесін де көрсетеді. Құзыреттілік - бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Ол ең әуелі мектептегі оқыту үрдісінде қалыптасады. Сонымен, оқытудағы құ-зыреттілік тәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды, оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді. Демек, «құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарын мектептегі педагогикалық тәрбиеге енгізу білім берудің мазмұны мен әдістерін өзгертуді, іс-әрекет түрлерін нақтылауды талап етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагог тұлғасын қалыптастырудағы педагогикалық шеберліктің ролі
Педагогикалық шеберлік түсінігі туралы
Кәсіптік шеберлік құрылымындағы педагогикалық қатынас
Педагог тұлғасының кәсіби қалыптасуы мен дамуы
Педагогикалық шеберлік туралы ақпарат
Педагогикалық шеберлік элементтері
Педагогикалық техника педагогикалық шеберлігінің элементі
Педагогикалық шеберліктің құрылымы
Жаңа қоғам мұғалімінің бейнесі, оның педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы рөлі
Педагогикалық біліктілік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz