«Жас физиологиясы және мектеп гигиенасы» пәнінің барлық топтарға арналған практикалық сабақ жинағы



№1 Практикалық сабақ Оқушылардың дене бітімін бағалау, антропометриялық әдісті қолдану.
№2 Практикалық сабақ Тамақ рационы мен режимін бағалау. Оқушы тамағын санау сипаты.
№3 Практикалық сабақ Мектеп жерін және үйін гигиеналық сипаттау.
№4 Практикалық сабақ Оқу бөлмесінің (кластың) ауасын зерттеу.
№5 Практикалық сабақ Сыртқы ортаның организмге әсері.
№6 Практикалық сабақ Оқу процесін гигиеналық бағалау.
№7 Практикалық сабақ Мектеп кешені мен жеріне қойылатын гигиеналық талаптар.
№8 Практикалық сабақ Мектеп ғимаратындағы оқу бөлмелері.
№9 Практикалық сабақ Оқу бөлмесінің жарықтығына және жихаздарына қойылатын гигиеналық талаптар.
№10 Практикалық сабақ Сынып тақтасымен басқа жиһаздарға қойылатын гигиеналық талаптар.
№11 Практикалық сабақ Сабақ кестесін бағалау.
№12 Практикалық сабақ Оқушылардың жоғары нерв әрекетін анықтау.
№13 Практикалық сабақ Тамақтану нормативтері.
№14 Практикалық сабақ Дұрыс тамақтанудың тиімділігі және гигиенасы .
№15 Практикалық сабақ Салауатты өмір салты.
№1 Практикалық сабақ

Оқушылардың дене бітімін бағалау, антропометриялық әдісті қолдану.
Жоспар:
1.1 Балалардың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары.
1.2 Өсу қарқыны.
1.3 Өсу мен даму акселерациясының негізгі белгілері.

Міндеті: Балалар мен жасөспірімдердің даму қарқынының жасқа байланысты екендігін үйрету.

Мақсаты: Өсу мен дамудың міндетін физиологиялық негізде таныстыру.

Балалар мен жастардың организімі үнемі өсіп дамуда болады. Организмдегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп атайды. Организімнің негізгі үш дене көрсеткіші бар: бойы (адамның денесінің ұзындығы), салмағы және кеуде шеңбері.
Организмнің дамуы деп сан көрсеткіштерінің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады. Организімнің дамуы екі түрлі болады: физикалық және функциялық дамуы.
Адам өмірін негізінен үш кезеңге бөлуге болады: өсіп даму және жетілу, кемелдену, қартаю. Бұл үшеуінің айырмашылығын дене көрсеткіштерін өлшеп, организмнің даму дәрежесін анықтап және сыртқы ортамен байланысын тексеру арқылы білуге болады.
Бала организмінің түрлі әрекеттерге бейімділігі, оның сыртқы ортаның жағдайларына қарсы тұрып жатқан функциялық жүйелерге байланысты. Айталық, бала миының оқуға бейімделуі 6-7 жастан басталады. Сондықтан бұл мезгілден ерте оқыту оның басқа мүшелер жүйесіне зиян келтіреді, олардың дамуын төмендетеді
1.1 Балалардың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары.
Балалар мен жастардың организімі үнемі өсіп дамуда болады. Организмдегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп атайды. Организімнің негізгі үш дене көрсеткіші бар: бойы (адамның денесінің ұзындығы), салмағы және кеуде шеңбері.
Өсумен қатар организмде даму жүріп жатады. Даму – сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы деп сан көрсеткіштерінің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады. Организімнің дамуы екі түрлі болады: физикалық және функциялық дамуы.
Физикалық дамудың көрсеткіштері барлық мүшелерге бірдей: мүшенің ұзындығы, ені, тереңдігі, көлемі, аумағы, салмағы, алып жатқан орыны т.с.с.
Функциялық дамудың көрсеткіштері мүшенің атқаратын қызметіне байланысты әр түрлі. Мысалы, жүректің функциялық дамуын анықтау үшін оның систолалық немесе минуттық көлемін өлшейді.
Адам өмірін негізінен үш кезеңге бөлуге болады: өсіп даму және жетілу, кемелдену, қартаю. Бұл үшеуінің айырмашылығын дене көрсеткіштерін өлшеп, организмнің даму дәрежесін анықтап және сыртқы ортамен байланысын тексеру арқылы білуге болады.
Кәмлетке келу немесе дамып жетілу дегеніміз ең алдымен жастардың жыныстық жетілуі және өзінің ұрпағын жалғастыру қабілетінің пайда болуы, яғни тұқымын жалғастыруды қамтамасыз ету. Бұған қоса, әлеуметтік қызметтерді атқару, рухани және мәдениет қазыналарын жасау, еңбек ету қабілеттері жатады.
Жыныстық жетілу қыздарда 11-12 жаста, ұлдарда 13-14 жаста басталады да жынысына сай бойжеткендерде 16-18 және жігіттерде 18-20 жаста толық жетіледі. Осыған байланысты адам организімінің толық жетілуі, яғни кәмілетке келуі анықталып, кемелденуі басталады.
Өсу мен дамудың барлық адамдарға ортақ бірнеше заңдылықтары бар:
1) өсу мен даму гетерохронды болады, яғни үнемі біркелкі болмайды;
2) мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсу мен даму қарқыны әр түрлі;
3) өсу мен даму баланың жынысына байланысты;
4) функциялық мүшелер жүйелері мен мүшелердің
қызметтерінің биологиялық беріктігі немесе мықты болуы;
5) өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы
ортаның жағдайларына тәуелділігі;
6) Өсу мен дамудың акселерациясы.
Өсу мен даму адам өмірінде бірде жылдамданып, бірде баяуланады. Тіпті бір жылдың ішіндегі бойдың өсуі бірдей емес: бала жазда тез өседі, ал қыста нашар немесе түнде бой көбірек өседі, күндіз аз өседі. Мұны өсу мен дамудың гетерохрондылығы дейді (гетерос - әр түрлі, хронос - уақыт)
1.2 Өсу қарқыны.
Өсу қарқыны адам өмірінде үш рет күшейеді: 1. Туғаннан 3 жасқа дейін. 2. 3-7 жас арасында. 3. Жыныстық жетілу кезеңінде. Сонымен қатар, бала организміндегі жеке мүшелер мен мүшелер жүйесінің өсіп дамуыда гетерохронды түрде өтеді. Баланың алғашқы жылғы өмірінде миы тез өседі: бір жылдың ішінде салмағы 2-2,5 есе артады (жаңа туған бөбектің миының салмағы 360-390 грамм). 7 жасқа жеткенше оның миы ересек адамның миының 80-90 % шамасында болады. Мұның себебі – баланың сыртқы ортамен байланысы негізінен ми арқылы іске асады, барлық мүшелердің қызметі жүйке жүйесінің, әсіресе, орталық жүйке жүйесінің қызметіне тікелей байланысты. Ал лимфа ұлпаларының өсіп дамуы 10-12 жаста күшейеді, жыныс мүшелерінің өсіп жетілуі 12 жастан әрі қарай болады. Сол сияқты, бір мүшенің өсуі мен қызметінің дамуыда кездесіп отырады: мүше өскенде қызметі онша дами қоймайды, мүшенің қызметі дамығанда ұзындыққа өсуі баяулайды.
Осыған байланысты бала организмінің қажеттері үнемі өзгеріп отырады. Мысалы, мидың өсуі күшейгенде организм белокты көбірек қажет етеді. Сөйлеу қабілеті дамитын кезде бала басқа адамдармен қарым-қатынасты көбірек талап етеді, қимыл-қозғалыстары дамитын кезде-мазасыз болады, көп қозғалады, көмірсутегісі көп тағамды талғайды, т.с.с.
Бала организмінің түрлі әрекеттерге бейімділігі, оның сыртқы ортаның жағдайларына қарсы тұрып жатқан функциялық жүйелерге байланысты. Айталық, бала миының оқуға бейімделуі 6-7 жастан басталады. Сондықтан бұл мезгілден ерте оқыту оның басқа мүшелер жүйесіне зиян келтіреді, олардың дамуын төмендетеді.
Организмнің ұлпаларына қажетті оттегін тасу қабілеті де біртіндеп 16-17 жаста жетіледі. Сондықтан бала организіміне әсер ететін ауыр жұмысты дене еңбегін, спортпен шұғылдануды ұйымдастырғанда осыны ескерген жөн.
Бала организмінің жыныстық айырмашылықтары қыздар мен ер балалардың денесінің өсіп дамуында, олардың қарқынында, жеке мүшелер жүйесінің жетілуінде көзге түседі. Айталық, жыныстық жетілгенге дейін ер баланың антропометрлік көрсеткіштері, әсіресе денесінің ұзындығы қыздардан жоғары болса, жыныстық жетілу басталған кезде, керісінше, қыздардың салмағы, бойы, кеуде шеңбері анағұрлым жоғары болады. 15 жастан әрі қарай ер балалар тез өсіп жетіледі де олардың көрсеткіштері қайтадан қыздардан жоғары келеді.
Баланың өсуі мен дамуының сыртқы белгісіне дене пропорциясының өзгеруі жатады. Дене пропорциясы деп адамның бастың, тұла бойы мен аяқтарының ұзындығына қатынасын айтады. Ересек адаммен салыстырғанда жаңа туған сәбидің аяқтары қысқа, тұла бойы мен бастары үлкен болады.
Баланың өсуі мен дамуы оның организміндегі тұқым қуалау қасиеттеріне және сыртқы ортаның жағдайларына байланысты. Организмнің өсу және даму қарқыны, жыныстық деморфизм және жеке мүшелер мен мүшелер жүйесінің жетілуі т.с.с. тұқым қуалау қасиеттеріне байланысты. 1960-1990 жылдары байқалған еліміздегі балалармен жастардың өсуі мен дамуының олардың ата аналарымен салыстырғанда жылдамырақ болуын өсу мен дамудың акселерациясы деп атайды, яғни кәзіргі балалар мен жастардың белгілі бір жас мерзімінде олардың ата-аналарының сол жасындағы денесінен ірі болып, ерте жетілуін айтады. Өсу мен дамудың акселерациясын анықтау үшін баланың немесе жас өспірімнің нақтылы бір жас мерзімін алып, оның көрсеткіштерін баланың ата анасының сол жастағы көрсеткіштері мен немесе сол жерде бұрын өмір сүрген балалардың орташа көрсеткіштерімен салыстырады.
1.3 Өсу мен даму акселерациясының негізгі белгілері.
Өсу мен дамудың акселерациясының бірнеше белгілері бар:
— жаңа туған нәрестелердің ірі болуы (1970-1980 жылдары Алматыда туылған нәрестелер 1950-1955 жылғы туылған нәрестелерден 3-4 см ұзын, 0,4-0,5 кг ауыр );
— белгілі бір жас мерзімінде балалар мен жастардың ірі болуы;
— ерте жыныстық жетілу (қазіргі жастарда жыныстық жетілу белгілері 1,5-2 жыл ерте басталып, ерте аяқталады; оның белгілері: мысалы қыздардың етек кірінің 10-12 жаста басталып, сүт бездерінің ерте жетілуі, жамбас сүйегінің өсуі );
— баланың сүйегі ерте қатады (сүйектің қатуының белгісі: баланың сүт тістері 1-2 жыл ерте шығып тұрақты тістері ерте пайда болады, маңдай еңбегі ерте жабылады қазіргі кезде нәрестенің маңдай еңбегінің 9-10 айда жабылуы қалыпты жағдай деп есептеледі );
— жастардың бойының өсуі ерте тоқталады: қалыпты жағдайда жігіттерде 22-24 жаста, қыздарда 20-22 жаста бойының өсуі тоқталса, акселераттарда өсу екі жылдай бұрын аяқталады (өсуі мен дамуының акселерациясы байқалатын жастарды акселерат деп атайды), яғни жігіттердің бойы 20-22 жаста, қыздардың бойы 18-20 жаста өсуін тоқтатады.
Өсу мен дамудың акселерациясының себептері туралы болжамдары бар (генетикалық, гетерозистік, гелиогендік, урбанизациялық, әлеуметтік – экономикалық ), бірақ олардың әр қайсысы жеке алғанда өсу мен дамудың акселерациясын толық дәлелдей алмайды. Сондықтан 80-90-шы жылдары ұсынылған өсу мен дамудың акселерациясы комплексті себептерге байланысты пайда болады деген тұжырымдар шындыққа көбірек үйлеседі.
Баланың өсуі мен дамуы оның организміндегі тұқым қуалау қасиеттеріне және сыртқы ортаның жағдайларына байланысты. Организмнің өсу және даму қарқыны, жыныстық деморфизм және жеке мүшелер мен мүшелер жүйесінің жетілуі т.с.с. тұқым қуалау қасиеттеріне байланысты. 1960-1990 жылдары байқалған еліміздегі балалармен жастардың өсуі мен дамуының олардың ата аналарымен салыстырғанда жылдамырақ болуын өсу мен дамудың акселерациясы деп атайды, яғни кәзіргі балалар мен жастардың белгілі бір жас мерзімінде олардың ата-аналарының сол жасындағы денесінен ірі болып, ерте жетілуін айтады. Өсу мен дамудың акселерациясын анықтау үшін баланың немесе жас өспірімнің нақтылы бір жас мерзімін алып, оның көрсеткіштерін баланың ата анасының сол жастағы көрсеткіштері мен немесе сол жерде бұрын өмір сүрген балалардың орташа көрсеткіштерімен салыстырады.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

ГЕОГРАФИЯ КАФЕДРАСЫ

Жас физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінің
барлық топтарға арналған

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ жинағы

Түркістан 2012

№1 Практикалық сабақ

Оқушылардың дене бітімін бағалау, антропометриялық әдісті қолдану.
Жоспар:
1.1 Балалардың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары.
1.2 Өсу қарқыны.
1.3 Өсу мен даму акселерациясының негізгі белгілері.

Міндеті: Балалар мен жасөспірімдердің даму қарқынының жасқа байланысты
екендігін үйрету.

Мақсаты: Өсу мен дамудың міндетін физиологиялық негізде таныстыру.

Балалар мен жастардың организімі үнемі өсіп дамуда болады. Организмдегі
клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің
артуын өсу деп атайды. Организімнің негізгі үш дене көрсеткіші бар: бойы
(адамның денесінің ұзындығы), салмағы және кеуде шеңбері.
Организмнің дамуы деп сан көрсеткіштерінің сапалық көрсеткіштерге
айналып, ұлпалардың жекешеленіп белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін,
организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуын, баланың ақыл-ой
өрістерінің молаюын айтады. Организімнің дамуы екі түрлі болады: физикалық
және функциялық дамуы.
Адам өмірін негізінен үш кезеңге бөлуге болады: өсіп даму және жетілу,
кемелдену, қартаю. Бұл үшеуінің айырмашылығын дене көрсеткіштерін өлшеп,
организмнің даму дәрежесін анықтап және сыртқы ортамен байланысын тексеру
арқылы білуге болады.
Бала организмінің түрлі әрекеттерге бейімділігі, оның сыртқы ортаның
жағдайларына қарсы тұрып жатқан функциялық жүйелерге байланысты. Айталық,
бала миының оқуға бейімделуі 6-7 жастан басталады. Сондықтан бұл мезгілден
ерте оқыту оның басқа мүшелер жүйесіне зиян келтіреді, олардың дамуын
төмендетеді
1.1 Балалардың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары.
Балалар мен жастардың организімі үнемі өсіп дамуда болады. Организмдегі
клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің
артуын өсу деп атайды. Организімнің негізгі үш дене көрсеткіші бар: бойы
(адамның денесінің ұзындығы), салмағы және кеуде шеңбері.
Өсумен қатар организмде даму жүріп жатады. Даму – сапалық көрсеткіш.
Организмнің дамуы деп сан көрсеткіштерінің сапалық көрсеткіштерге айналып,
ұлпалардың жекешеленіп белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, организм
мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің
молаюын айтады. Организімнің дамуы екі түрлі болады: физикалық және
функциялық дамуы.
Физикалық дамудың көрсеткіштері барлық мүшелерге бірдей: мүшенің
ұзындығы, ені, тереңдігі, көлемі, аумағы, салмағы, алып жатқан орыны т.с.с.

Функциялық дамудың көрсеткіштері мүшенің атқаратын қызметіне байланысты
әр түрлі. Мысалы, жүректің функциялық дамуын анықтау үшін оның систолалық
немесе минуттық көлемін өлшейді.
Адам өмірін негізінен үш кезеңге бөлуге болады: өсіп даму және жетілу,
кемелдену, қартаю. Бұл үшеуінің айырмашылығын дене көрсеткіштерін өлшеп,
организмнің даму дәрежесін анықтап және сыртқы ортамен байланысын тексеру
арқылы білуге болады.
Кәмлетке келу немесе дамып жетілу дегеніміз ең алдымен жастардың жыныстық
жетілуі және өзінің ұрпағын жалғастыру қабілетінің пайда болуы, яғни
тұқымын жалғастыруды қамтамасыз ету. Бұған қоса, әлеуметтік қызметтерді
атқару, рухани және мәдениет қазыналарын жасау, еңбек ету қабілеттері
жатады.
Жыныстық жетілу қыздарда 11-12 жаста, ұлдарда 13-14 жаста басталады да
жынысына сай бойжеткендерде 16-18 және жігіттерде 18-20 жаста толық
жетіледі. Осыған байланысты адам организімінің толық жетілуі, яғни
кәмілетке келуі анықталып, кемелденуі басталады.
Өсу мен дамудың барлық адамдарға ортақ бірнеше заңдылықтары бар:
1) өсу мен даму гетерохронды болады, яғни үнемі біркелкі болмайды;
2) мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсу мен даму қарқыны әр түрлі;
3) өсу мен даму баланың жынысына байланысты;
4) функциялық мүшелер жүйелері мен мүшелердің
қызметтерінің биологиялық беріктігі немесе мықты болуы;
5) өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы
ортаның жағдайларына тәуелділігі;
6) Өсу мен дамудың акселерациясы.
Өсу мен даму адам өмірінде бірде жылдамданып, бірде баяуланады. Тіпті бір
жылдың ішіндегі бойдың өсуі бірдей емес: бала жазда тез өседі, ал қыста
нашар немесе түнде бой көбірек өседі, күндіз аз өседі. Мұны өсу мен дамудың
гетерохрондылығы дейді (гетерос - әр түрлі, хронос - уақыт)
1.2 Өсу қарқыны.
Өсу қарқыны адам өмірінде үш рет күшейеді: 1. Туғаннан 3 жасқа дейін. 2.
3-7 жас арасында. 3. Жыныстық жетілу кезеңінде. Сонымен қатар, бала
организміндегі жеке мүшелер мен мүшелер жүйесінің өсіп дамуыда гетерохронды
түрде өтеді. Баланың алғашқы жылғы өмірінде миы тез өседі: бір жылдың
ішінде салмағы 2-2,5 есе артады (жаңа туған бөбектің миының салмағы 360-390
грамм). 7 жасқа жеткенше оның миы ересек адамның миының 80-90 % шамасында
болады. Мұның себебі – баланың сыртқы ортамен байланысы негізінен ми
арқылы іске асады, барлық мүшелердің қызметі жүйке жүйесінің, әсіресе,
орталық жүйке жүйесінің қызметіне тікелей байланысты. Ал лимфа ұлпаларының
өсіп дамуы 10-12 жаста күшейеді, жыныс мүшелерінің өсіп жетілуі 12 жастан
әрі қарай болады. Сол сияқты, бір мүшенің өсуі мен қызметінің дамуыда
кездесіп отырады: мүше өскенде қызметі онша дами қоймайды, мүшенің қызметі
дамығанда ұзындыққа өсуі баяулайды.
Осыған байланысты бала организмінің қажеттері үнемі өзгеріп отырады.
Мысалы, мидың өсуі күшейгенде организм белокты көбірек қажет етеді. Сөйлеу
қабілеті дамитын кезде бала басқа адамдармен қарым-қатынасты көбірек талап
етеді, қимыл-қозғалыстары дамитын кезде-мазасыз болады, көп қозғалады,
көмірсутегісі көп тағамды талғайды, т.с.с.
Бала организмінің түрлі әрекеттерге бейімділігі, оның сыртқы ортаның
жағдайларына қарсы тұрып жатқан функциялық жүйелерге байланысты. Айталық,
бала миының оқуға бейімделуі 6-7 жастан басталады. Сондықтан бұл мезгілден
ерте оқыту оның басқа мүшелер жүйесіне зиян келтіреді, олардың дамуын
төмендетеді.
Организмнің ұлпаларына қажетті оттегін тасу қабілеті де біртіндеп 16-17
жаста жетіледі. Сондықтан бала организіміне әсер ететін ауыр жұмысты дене
еңбегін, спортпен шұғылдануды ұйымдастырғанда осыны ескерген жөн.
Бала организмінің жыныстық айырмашылықтары қыздар мен ер балалардың
денесінің өсіп дамуында, олардың қарқынында, жеке мүшелер жүйесінің
жетілуінде көзге түседі. Айталық, жыныстық жетілгенге дейін ер баланың
антропометрлік көрсеткіштері, әсіресе денесінің ұзындығы қыздардан жоғары
болса, жыныстық жетілу басталған кезде, керісінше, қыздардың салмағы, бойы,
кеуде шеңбері анағұрлым жоғары болады. 15 жастан әрі қарай ер балалар тез
өсіп жетіледі де олардың көрсеткіштері қайтадан қыздардан жоғары келеді.
Баланың өсуі мен дамуының сыртқы белгісіне дене пропорциясының өзгеруі
жатады. Дене пропорциясы деп адамның бастың, тұла бойы мен аяқтарының
ұзындығына қатынасын айтады. Ересек адаммен салыстырғанда жаңа туған
сәбидің аяқтары қысқа, тұла бойы мен бастары үлкен болады.
Баланың өсуі мен дамуы оның организміндегі тұқым қуалау қасиеттеріне және
сыртқы ортаның жағдайларына байланысты. Организмнің өсу және даму қарқыны,
жыныстық деморфизм және жеке мүшелер мен мүшелер жүйесінің жетілуі т.с.с.
тұқым қуалау қасиеттеріне байланысты. 1960-1990 жылдары байқалған
еліміздегі балалармен жастардың өсуі мен дамуының олардың ата аналарымен
салыстырғанда жылдамырақ болуын өсу мен дамудың акселерациясы деп атайды,
яғни кәзіргі балалар мен жастардың белгілі бір жас мерзімінде олардың ата-
аналарының сол жасындағы денесінен ірі болып, ерте жетілуін айтады. Өсу мен
дамудың акселерациясын анықтау үшін баланың немесе жас өспірімнің нақтылы
бір жас мерзімін алып, оның көрсеткіштерін баланың ата анасының сол жастағы
көрсеткіштері мен немесе сол жерде бұрын өмір сүрген балалардың орташа
көрсеткіштерімен салыстырады.
1.3 Өсу мен даму акселерациясының негізгі белгілері.
Өсу мен дамудың акселерациясының бірнеше белгілері бар:
— жаңа туған нәрестелердің ірі болуы (1970-1980 жылдары Алматыда
туылған нәрестелер 1950-1955 жылғы туылған нәрестелерден 3-4 см ұзын, 0,4-
0,5 кг ауыр );
— белгілі бір жас мерзімінде балалар мен жастардың ірі болуы;
— ерте жыныстық жетілу (қазіргі жастарда жыныстық жетілу белгілері 1,5-
2 жыл ерте басталып, ерте аяқталады; оның белгілері: мысалы қыздардың етек
кірінің 10-12 жаста басталып, сүт бездерінің ерте жетілуі, жамбас сүйегінің
өсуі );
— баланың сүйегі ерте қатады (сүйектің қатуының белгісі: баланың сүт
тістері 1-2 жыл ерте шығып тұрақты тістері ерте пайда болады, маңдай еңбегі
ерте жабылады қазіргі кезде нәрестенің маңдай еңбегінің 9-10 айда жабылуы
қалыпты жағдай деп есептеледі );
— жастардың бойының өсуі ерте тоқталады: қалыпты жағдайда жігіттерде 22-
24 жаста, қыздарда 20-22 жаста бойының өсуі тоқталса, акселераттарда өсу
екі жылдай бұрын аяқталады (өсуі мен дамуының акселерациясы байқалатын
жастарды акселерат деп атайды), яғни жігіттердің бойы 20-22 жаста,
қыздардың бойы 18-20 жаста өсуін тоқтатады.
Өсу мен дамудың акселерациясының себептері туралы болжамдары бар
(генетикалық, гетерозистік, гелиогендік, урбанизациялық, әлеуметтік –
экономикалық ), бірақ олардың әр қайсысы жеке алғанда өсу мен дамудың
акселерациясын толық дәлелдей алмайды. Сондықтан 80-90-шы жылдары ұсынылған
өсу мен дамудың акселерациясы комплексті себептерге байланысты пайда болады
деген тұжырымдар шындыққа көбірек үйлеседі.
Баланың өсуі мен дамуы оның организміндегі тұқым қуалау қасиеттеріне және
сыртқы ортаның жағдайларына байланысты. Организмнің өсу және даму қарқыны,
жыныстық деморфизм және жеке мүшелер мен мүшелер жүйесінің жетілуі т.с.с.
тұқым қуалау қасиеттеріне байланысты. 1960-1990 жылдары байқалған
еліміздегі балалармен жастардың өсуі мен дамуының олардың ата аналарымен
салыстырғанда жылдамырақ болуын өсу мен дамудың акселерациясы деп атайды,
яғни кәзіргі балалар мен жастардың белгілі бір жас мерзімінде олардың ата-
аналарының сол жасындағы денесінен ірі болып, ерте жетілуін айтады. Өсу мен
дамудың акселерациясын анықтау үшін баланың немесе жас өспірімнің нақтылы
бір жас мерзімін алып, оның көрсеткіштерін баланың ата анасының сол жастағы
көрсеткіштері мен немесе сол жерде бұрын өмір сүрген балалардың орташа
көрсеткіштерімен салыстырады.

№2
Практикалық сабақ
Тамақ рационы мен режимін бағалау. Оқушы тамағын санау
сипаты.
Жоспар:
2.1 Тамақ режимі.
2.2 Тамақтану уақыты

Міндеті: Балалар мен жасөспірімдердің тамақтану профилактикасымен
таныстыру.

Мақсаты: Балалар мен жасөспірімдердің тамақтану нормативтерімен таныстыру.
Тамақтану режимі мыналарды қамтиды: тамақты қабылдау мерзімділігі, тамақ
қабылдау аралығындағы үзіліс, тәуліктік рационға кіретін калорияны бөлу.
Төрт мезгіл тамақтану анағұрлым тиімді болып табылады, өйткені асқазанға
күш біркелкі түсіп, тамақ шырындарының тағамды толық өңдеп шығуын
қамтамасыз етеді. Тамақты күн сайын белгілі бір мезгілде қабылдау асқазан
сөлін неғұрлым шұғыл бөлу рефлексін қалыптастырады. Төрт мезгіл тамақтану
кезінде тәуліктік рационды бөлу күн тәртібіне және әдеттенуіне байланысты
істеледі. Рационды мынадай тәртіппен бөлу анағұрлым тиімді болатын сияқты:
таңертеңгі асқа 25%, түстікке 15%, кешкі тамаққа 25%. Ақырғы тамақ қабылдау
ұйқыға дейін 2 сағат бұрын болуы тиіс. Түнгі сменада жұмыс істеген кезде
кешкі ас күндік рационның 30% болуы тиіс, сонымен қатар там ақты түнгі
сменаның екінші жартысына қабылдау көзделеді.Сондай-ақ тамақты бірқалыпты
қорыту үшін тамақтық температуралық режимінің маңызы зор. Ыстық тамақтық
температура 50— 60 С аспауы тиіс, ал суық тамақтық температурасы, әдетте,
10оС төмен болмауы керек.60 жастағы және одан үлкен адамдардың зат алмасу
процесі неғұрлым төмен болып, жеке нәрлі заттарды сіңіру қабілеттілігі
өзгереді. Тамақтық калориялылығы мен белок, май, углевод витаминдерді
қажетсінуінің өзгеріп отыруы осыған байланысты Егде тартқан шақта, негізгі
нәрлі заттарды, мөлшерін азайтумен бірге сапа жағынан да шектеу қажет.
Рационнан майлы ет сорпасын, қозықұйрық тұнбасын, тұздықтарды азайту немесе
тіпті шығарыл тастау керек, қуырылған, ысталған, ащы тұздалған және
маринадталған тамақтарды (бауырлы сақтау үшін және су мен тұздық алмасуын
нормаға келтіру үшін) пайдалануды едәуір шектеу ұсынылады.Құрамында едәуір
мөлшерде холестерині бар (жұмыртқаның сары уызы, уылдырық, май, бауыр т.
б.) азықтарды, майлық кейбір түрлерін (мысалы, қой, шошқа май ын т. б.)
тамақтану рационынан азайту немесе шығарыл тастау ұсынылады. Малдан
алынатын белоктар мен майдың қажетті мөлшерін сүт өнімдерін пайдалану
есебінен толықтыруға болады. Сондай-ақ көкөністер мен жемістерді өңделмеген
күйінде көбірек пайдалану керек. Ас тұзын пайдалануды азайту қажет. Егде
тартқан шақта тамақтану режимін анағұрлым қатал сақтауға көңіл бөлу керек.

№3 Практикалық сабақ
Мектеп жерін және үйін гигиеналық
сипаттау.

Жоспар:
3.1 мектеп кешенінің орналасуы
3.2 Спорт және шеберхана кешендерінің орналасуы.

Міндеті: Мектеп сыныптарындағы жарық мөлшерін түсіндіру.

Мақсаты: Жарық режимдердің көру талдағыштарға әсерін үйрету.

Мектептің орналасқан жер оқитын балалар санына байланысты 0,8 гектарға
дейін болады (1-кесте).
Мектеп кешенінің құрылысы, жері калалық және ауылдық әкімшілік үкімімен
бекітіледі де, мектепке арналған жерді босату мерзімі шешіледі.
Мектеп кешені оқушылар тұратын үйден қалада 1 -2 км, ауылда 3 км-ден аспауы
керек. Ауылдық жерде балалар алыс тұратын жағдайда әкімшілік орындары
оқушыларды таситын көлікпсн қамтамасыз етеді.
1-кесте
Мектеп жерінің ауданы
Мектеп Оқушылар саны Мектеп
Бастауыш 40-80 0,5-0,8
Орта мектеп 192-320 1,2-1,7
392,464,624 2,0
784-1176 2,2-8,0
1180-1568 3,0
1960 4,0-6,0
Мектеп-интернат 280 2,0
370 2,2
560 2,5
400 3,2
Кәсіптік оқу орыны 400-ден артық 4,0-6,0

Мектеп территориясы тұрғын үйлерден, балалардың денсаулығына зиян
келтіретін өндіріс, шулы, шаңды, түтіні көп мекемелерден, ірі транспорт
жолдарынан, су қоймаларынан, ойын-сауық орындарынан аулақ, әрі жарығы мол,
таза жерден орын алады. Мектеп жерінің 15 % мектеп ғимаратына, 50 %
өсімдіктер егу үшін, ал қалған жерін спорт, демалыс, шаруашылық, тәжірибе
алаңдарына пайдаланады.
Мектел ғимараты ауланың түкпірінде, мектеп жерінің шетіндс 15 м қашықта
салынады. Мектеп пен оның ауласы екпе ағаштармен қоршалады.
Мектеп ауласы бірнеше аймаққа бөлінеді: қорғаныс, демалыс, оқу-тәжірибе,
спорт және шаруашылық зоналары.
Қорғаныс аймағы (0,1-1,0 га) мектеп кешенінің көше жағында орналасады. Ол
мектепті транспорт шуынан, газынан, көше шаңынан қорғайды, сондықтан түрлі
ұзынды-қысқалы ағаштар, бұталар егіліп, гүлдермен безендіріледі. Көшенің
көлік жолы мен қорғаныс аймағының арасы 25 м кем болмауы керек. Мектеп
терезелері мен бұл жердегі биік ағаштардың арасы 10 м, бұталардың арасы 5
м. Ағаштар мен бұталар бұдан жақын егілсе, есе келе терезелерді көлеңкелеп,
сынып бөлмелерінің жарығын азайтады.
Д е м а л ы с аймағы (0,2-0,3 га) мектеп ауласының жазда көлеңке, қыста
желден сақтайтын бұтақты ағаштар егілген тегіс таза жағында орналасады.
Шаршаған, аурудан жаңа тұрган әлсіз балалардың демалуына қажетті орыңдықтар
қойылады. Демалыс аймағында балалардың денесіне зиян келтіретін өткір
бұтақтар, темір-терсектер, ірі тастардан мезгіл-мезгіл тазартып отыру
керек.
Оқу-тәжірибе аймағында (0,2-0,4 га) метеорология саймандары, биология,
география пәндеріне қажетті тәжірибе аландары орналасады. Оқу-тәжірибе
аймағы мектеп ауласының шетінде немесе мектеп кешенесінің қабырғасына жақын
жерде орналасады. Бұл жерде ауа райын аныктауы қажетті аспаптар, яғни
желдің бағытын анықтайтын флюгер, ылғалдылық пен ауа температурасын
өлшейтін аспаптар болады, кейбір мектептерде география пәніне қажетті
шұңқырлар, ботаника пәнінің тәжірибе алаңы, кейбір мектептерде (көбінесе
ауылды жерде) көжектер өсіретін бұрыш т. б. орналасады.
Спорт аймағы (0,1-1,07 га) мұнда дене шынықтыру пәніне және спорт
ойындарына қажетті алаңдар орналасады. Оның жері мектеп кешенінің
терезесінен ең кем дегенде 10 м қашыкта болу керек. Көпшілік мектептерде
спорт аймағына 5800-7900 м2 , тек кейбір мектептерден ғана 4900-10700 м2
жер бөлінеді, яғни мұның да жері оқушылардың санына лайық беріледі. Барлық
мектептердің жеңіл атлетика (4900 м ) және
гимнастика (600 м2 ), баскетбол мен волейбол (480 м2 ) алаңдары, ал ірі
мектептерде (1176-1960 орындық) футбол немесе баска спорт ойындарына
арналған алаң (2960 м2) болады.
Көпшілік ауыл мектептерінде үлкен спорт алаңдары (волейбол, баскетбол,
футбол) ауыл шетінде жеке орналасады. Бұл алаңдардың тегіс, шөптесін жерде,
шаңы аз жерде орналасып, транспорт жолдарынан алыс, ауылшарушылық
құрылыстарынан, мал қоралардан аулақ балғаны дұрыс. Спорт алаңдарын
тастардан, ағаш бұтақтарынан, шыны сынықтарынан тазартып, балалардың
денесіне зиян келтірмеу жағына көңіл бөлу керек.
Шаруашылық аймағы(500м2) мектеп ауласының алыс түкпірінде балалардың
жүретін жолынан демалыс орындарынан қашық орналасады. Бұл аймақтың жері
мектептің басқа аулаларынан аласа бұтақты өсімдіктермен қоршалады. Оған
келетін жеке транспорт жолы болуы тиіс. Мұнда түрлі қоймалар, мектеп
гаражы, қосымша дәретхана, сыпырынды жәшіктері, өрт кауіпсіздік
жабдықтарының бұрышы т. б. шаруаға қажетгі құрылыстар болады. Мұңдағы
дәретхана мен сыпырынды жәшіктері мектеп кешенесінен кемінде 25 м қашық
орналасады. Олардың маңайы егілген ағаштармен немесе шағын қоршаумен
бөлінеді. Дәретхана мен сыпырынды жәшігі тұрған жерге келетін тазалық
транспортының қатынасуына қажетті жеке жолы болуы керек. Шаруашылық
аймағының таза, ұқыпты ұсталуына шарушылық меңгерушісі мен мектеп директоры
жауапты. Мектептің медицина қызметкерлері оның тазалығын мезгіл-мезгіл
тексеріп, бақылап отырады, себебі дәретханалар, сыпырынды жәшіктері,
транспорт жолдары түрлі инфекцияны оқушыларға жұқтыруға себеп болуы мүмкін.
Мектеп ғимаратын салғаңда оның оқу бөлмелерінің терезелерін
оңтүстік, не оңтүстік батысқа, ал косымша бөлмелерінің терезелерін
терістікке қаратып салады. Мектептің барлық бөлмелерін оқу және қосымша
бөлмелер деп екі топқа боледі. Оқу немесе негізгі бөлмелерге сабақ жүретін
кабинеттер, сынып бөлмелері, спорт залы, шеберхана, физика және химия
пәндерінің лабораториялары жатады. Қосымша бөлмелерге әкімшілік және
балалардың денсаулығын сактауға қажетті дәрігер кабинеті мен алғашқы жәрдем
көрсету бөлмесі, методикалық бөлме, асхана, буфет, кітапхана, мектеп
музейі, оқушылар мен мұгалімдердің демалыс орындары т. б. жатады. Олардың
ішінде, әсіресе сынып бөлмелері мен оқу кабинеттерінің гигиеналық талапқа
сай келуіне көбірек көңіл бөледі.

№4 Практикалық сабақ
Оқу бөлмесінің (кластың) ауасын
зерттеу.
Жоспар:
4.1 Сынып бөлмелерінің орналасуы және нормативтері.
4.2 Сынып бөлмелерінде жарық коефиценті
Міндеті: Оқу бөлмелеріндегі ауа құрамымен таныстыру.

Мақсаты: Оқу бөлмелеріндегі ауаны табиғи және жасанды ауыстыру жолдармен
таныстыру.

С ы н ы п б ө л м е л е р і мен кабинеттер кең коридор арқылы бір-
бірімен және оқушылардың демалыс бөлмелерімен жалғасады. Бастауыш сыныптар
мектептің жеке қабатында, ондағы бірінші, екінші сынып бөлмелері төменгі
қабатта орналасқаны жөн. Кабинеттік жүйеге ауысуға байланысты әр пәнге екі-
үш кабинет бөлінеді.
Сынып бөлмелері мен кабинеттерінің ауданы 50-60 м , яғни әр оқушыға 1,25-
1,50 м2 есебінен анықталады. Бөлменің ұзындығы 8-8,2 м2, ені 5,6-6,2 м2
мөлшерінсн аспау ксрек. Егер ұзындығы 8,2 метрден артық болса, соңғы
қатардағы оқушылар тақтаның касында сөйлеп тұрған мұғалімді және оқушыны
анық ести алмауы мүмкін және ондай жағдайда балада алыстан көру қабілеті
қалыптасады. Ал аз болса, қажетті мөлшердегі парталар симайды. Ені 6,2
метрден кең болса, есікжақтағы қатардың оқушыларына терезе жарығы
жеткіліксіз болады, үш катар парталар сыймайды. Бөлменің биіктігі 3,5 м
болғанда балалардың денсаулығына қажетгі ауа мөлшері жеткілікті болады:
жасына лайық ауа мөлшері мен оның тазалығы қамтамасыз етіледі. Лас ауа
көбіне бөлменің үстіңгі жағында болады да, оқушыларға жағымсыз әсері
азаяды. Егер одан аласа болса, бөлменің ауасы тар болады. Осыған байланысты
соңғы кездегі гигиеналык талаптар бойынша бөлменің биіктігі 3,5 метрден кем
болмауы керек. Мұндай жағдайда әр балаға қажетті 15 м3 ауа молшерін
қамтамасыз етеді, ал соңғы кезге дейін пайдаланып келген 3,1 м биіктік
қосымша ауа желдеткішін қажет етеді немесе ондай бөлмеде сағатына 3 рет
терезелерді ашып ауаны желдетіп тазарту керек. Әрине, оқу барысында ондай
мүмкіндік болмайды да, балалардың денсаулығына зиян келеді.
Сыныптар мен кабинеттердің қабырғаларын ақ балшықпен, немесе
ізбеспен, немесе арнайы эмульсиямен жылына 1 рет әктеп отыру керек.
Бөлменің жоғарғы жағын сырлы бояумен бояуға болмайды. Себебі ол құрылыс
материалдарының тесікшелерін бітеп, ауаның табиғи жолмен алмасуына кедергі
болады. Қабырғаның төменгі жағын биіктігі 1,1-1,8 метрге дсйін ақшыл сырлы
бояумен сырлауға болады. Эмульсиялармен әктегенде бүкіл қабырғаны ағартып,
панельді сырлайды.
Оқушылардың денсаулығын сақтау үшін және қажетті еңбек жағдайларын
тудыру үшін сынып бөлмесінің маңызы зор. Бөлме ауасының температурасы 17-21
°С, ылғалдылығы 40-65 % ауа қозғалысының жылдамдығы 0,15-0,25 мсек, әр
балаға шамамен 15 м ауа болғаны жөн.
Сыныптағы терезелер оқушылардың сол жағында орналасуы тиіс. Терезелер
кең, күн сәулесі мол түсетіндей ашық әрі таза, шынысы жұка біртегіс болуы
керек. Терезелердің алдына ұзын сабақты үй өсімдіктерін қоюға болмайды:
олар жарықты көлеңкелеп, мөлшерін азайтады. Терезенің төменгі жақтауы
еденнен 60-70 см, ал жоғарғы жақтауы мен төбенің арасында 15-30 см аралық
болғанда, бөлмеге жарық түсіру мүмкіндігі толық пайдаланылады. Терезеден
далаға көз салғаңда әйнектің 23 бөлігінен аспан көрініп түрса, табиғи
жарықтың мөлшері дұрыс болады. Сыныптағы терезені бөлменің ауасын тазарту
үшін де пайдаланады. Ол үшін терезенің жоғарғы жағынан ашпалы-жаппалы
желдеткіш жасайды. Олар бөлменің биіктігі 3,5 метрден аз болғанда үнемі
ашық тұру керек, тіпті қыс ішінде бір желдеткіш сәл ашық тұрғаны жөн.
Сыныптағы табиғи жарық коэффициент 1,5-2 %, яғни 1:4 қатынасындай
болу керек; мұнда 1 - терезелердің аудаңдарының қосындысы, ал 4 еденнің
ауданы. Бөлмедегі ашық түсті жиһаздар жарық коэффициентін көбейтеді.
Мысалы, парталардың беті ақшыл көк, акшыл жасыл, ақшыл сары түске боялғаңда
жарық коэффициенті 2 есе артады. Жарық коэффициенті формула бойынша есептеп
шығаруға болады:
К жарық = S t x E
S e 7 •
Мұндағы St - терезенің ауданы, Е - терезенің саны, Sе — еденнің
ауданы. Сыныптағы табиғи жарық мөлшері әр партаға 150 люкс пен кем
болмауы керек.
Күн бұлтты болғанда, қыс күндсрі табиғи жарык жеткіліксіз болады, сондықтан
бөлмелердің қосымша электр жарық шамдары болуы тиіс. Жарық шамдарының
көлеңкесіз біркелкі жарық беруі үшін олардың сыртында жарық сейілдіргіштері
болуы кажет. Жарық сейілдіргіштер ақ түсті шыныдан, немесе жұқа қаңылтырдан
немесе пластинкалардан жасалады. Олардың пішіндері әр түрлі: айналмалы
дөңгелектер, төрт бұрышты табақшалар немесе шыны плафондар т. б. Жасанды
жарықтың мөлшері пайдаланатын электр шамына байланысты. Электр шамдарының
жарық мөлшері әр партаға 150 люкстен кем болмауы тиіс, ал люминесцентгік
шамдардың жарығы 300 люкс. Соған байланысты әлектр шамдарын 2 немесе З
қатар етіп, қуаттылығы 300 вт 7-8 лампа ілінеді. Ал люминесценттік
шамдарының қуаттылығы 40 вт 12 шам орнатылады.
Мектеп лабораторияларының мөлшері 66-70 м2 , яғни әр оқушыға; 1,5-1,75 м2
есебінен анықталады. Лабораториялар мектептің әр секциясында бірінің
үстінде бірі болса, онда ең үстіңгі қабатта химия лабораториясы орналасады.
Мұндай жағдайда бөлмелерге су жеткізу, ауа сорғыш шкафтарды орналастыру
және басқа лабораторияларға қажетті жағдайларды жасау жеңілденеді. Әрбір
лабораторияға шектес 15-24 м кішірек препаратор бөлмесі болады.
Лабораториялардың микроклиматына деген гигиеналық талаптары сынып
бөлмелерімен бірдей болуы тиіс

№5 Практикалық
сабақ
Сыртқы ортаның
организмге әсері.

Жоспар:
5.1 Сыртқы ортаның балалар мен жасөспірімдердің организміне әсері.
5.2 сыртқы орта әсерлерінің түрлері.

Міндеті: Балалар мен жасөспірімдерге сыртқы ортаны әсерін үйрету.

Мақсаты: Балалар мен жасөспірімдерді жатттықтандыру арқылы қоршаған ортамен
байланыстыру.

Организмнің дұрыс дамып еңбек етуіне қажетті сыртқы ортаның қолайлы
жағдайлары - оқушылардың денсаулығын сақтауға, күшейтуге арналған
шаралардың бірі.
Адам организміне сыртқы ортаның көптеген жағдайлары әсер етеді.
Олардың қалыпты шамада өзгеруі денсаулықты бұзбайды, себебі әрбір организм
сол өзгерістерге жүйкелік және гуморальдық тетіктер арқылы бейімделіп
отырады. Сыртқы ортаның - әсерлерін дұрыс пайдалана отырып, адамның
денсаулығын жақсартып, оның қорғаныс және еңбек қабілеттерін күшейтуге
болады. Мысалы, суықтың әсерін дұрыс пайдаланып, организмді шынықтырып,
оның салқынға төзімділігін арттыруға болады. Шынықпаған жағдайда сыртқы
ортаның жағымсыз әсерлері адамның сырқаттануына себеп болуы мүмкін.
Сыртқы ортаның әсерлерін химиялық, физикалық, биологиялық,
психогендік, әлеуметтік әсерлер деп бірнеше топтарға бөледі.
Химиялық әсерге ауаның, судың, топырақтың, азықтың құрамындағы
заттар жатады. Олардың көпшілігі адам организмінің қалыпты тіршілігіне,
денсаулығына қажет. Бірақ ол заттар қажетті мөлшерден асса не азайса,
сырқаттың пайда болуына себеп болады. Мысалы, тамақтың құрамындағы
йод жеткіліксіз болғанда эндемиялық зоб ауруының пайда болуы немесе
таулы жердегі ауаның құрамында оттегі аз болғандықтан биіктік ауруының,
немесе ауада көмірқышқыл газы, хлор т.б. заттар көбейгенде адамның улануы
мүмкін.
Физикалық әсерлерге температуралық, ылғал, ауа козғалысы, атмосфералық
қысым, күн радиациясы, айқай-шу, әлектромагниттік өріс т. б. жатады.
Бұлардың да көпшілігі организмнің өмір сүруіне қажет. Ал қажетті мөлшерден
артық болған жағдайда, мысалы, ыстық ауада күннің өтуі, айқай-шудан керең
болу, не құлақтың мүкістенуі т. с. с, жағымсыз әсер етеді.
Биологиялық әсерлер - ауру тудыратын микроорганизмдер,
вирустар, құрттар т. б. олар денеге әсер етсе, түрлі инфекциялық, паразитті
ауруларды тудырады.
Психогендік әсерлерге сөз, ұжымдық қарым-қатынас тәрізді адам
қоғамындағы түрлі әлеуметтік жағдайлар жатады. Олар адамға жағымды не
жағымсыз көңіл-күй тудырып, организмін өзгерістерге ұшыратуы мүмкін.
Әлеуметтік әсерлер - еңбек, үй тұрмысы және саяси әлеуметтік-
экономикалық жағдайлар. Бұлар физикалық, химиялық, биологиялық және
психогендік әсерлермен байланыса отырып, олардың адам организміне әсерін
күшейтеді. Ғылыми зерттеулер арқылы кейбір аурулардың халыққа көп тарауы
қоғамдық әсердің ықпалынан екені танылып отыр. Мысалы, құрт ауруының,
нервтік психикалық аурулардың ауқатты адамдарға қарағанда жағдайы төмен
кісілердің арасында көп кездесетіні мәлім. Дегенмен организмге тек сырткы
орта ғана әсер етіп қоймайды, адамның өзіне де байланысты. Денсаулықты
сақтау, оны күшейту және үй тұрмысын, тамақтану, еңбек
жағдайларын жақсарту үшін адам өзіне пайдалы жағымды өзгерістерді тудырады.
Басқа организмдерге қарағанда адам саналы түрде физиологиялық, әлеуметтік
қажеттерді өзгерту арқылы сыртқы ортаның өзгерістеріне белсенді
бейімделеді.

№6 Практикалық сабақ

Оқу процесін гигиеналық
бағалау.

Жоспар:

6.1 Сыныптар мен шеберханаларға қойылатын гигиеналық талаптар.
6.2 Балалар мен жасөспірімдердің еңбектерін ұйымдастыру.
6.3 Еңбекті ұйымдастырудағы гигиеналық талаптар.

Міндеті: Балалар мен жасөспірімдердің оқу процестерінде гигиеналық
талаптардың нормативтермен таныстыру.
Мақсаты: Оқу барысындағы гигиеналық талаптардың денсаулыққа әсерін
түсіндіру.

Мектеп шеберханалары екі түрлі болады: біріншісі ер балалардың,
екіншісі қыз балалардың еңбек сабақтарына бейімделген арнайы бөлмелер.
Шеберхана бөлмелерінің ауданы 50-60 м2 (әр оқушыға кемінде 3,3 м2
есебінен), оның қосымша ауданы 15-16 м2 еңбек сабағының мұғаліміне арналған
бөлмесі болады. Мектептің арнайы жобасында шеберхана болмаған кезде көбіне
мектеп ауласынан ер балалар шеберханасына арнап бөлек үй салады.
Шеберханалар кең, іші жарық, тазартуға ыңғайлы болуы тиіс. Қажетті құрал
жабдықтары (станоктар, іс мәшинелері, компыотерлер, верстактар) терезе
бойына орналастырылып, олардың оқушыларға қауіпсіз болуына көп көңіл аудару
керек. Шеберханалардың микроклиматы, жарығы, ауасы гигиеналық талапгарға
сәйкес болуын қадағалап отыру керек. Дене еңбегімен шұғылданған жас баланың
денсаулығына зиян келтірмеуін ойластырған жөн. Шеберханадағы станоктар мен
оқушының көз деңгейінің арасы 45 см болуы тиіс. Оны мынадай әдіспен
анықтауға болады: оқушы станокқа бүйірінен тұрғанда оның төмен қарай
созылған қолының алақандары верстактың үстіңде орналасса, баланың жұмыс
істеуіне қолайлы болады. Аласа бойлы балалар үшін верстак пен станоктың
жаныңда арнайы аяқ қойғыштары болады. Шеберханадағы аспаптар балалардың
жасына және бойына лайық орнатылғаны жөн. Ересек адамдарға арналған
аспаптармен жұмыс істегенде, балаларға ыңғайлы болмағандықтан, олар тез
шаршайды. Шеберханада оқушыларға арнайы киім (халат, алжапқыш, қолғап,
темір ұшқындарынан қорғайтьн көзілдірік т. б.) кигізіп, олардың киім және
дене
тазалығына қажетті жағдайларды туғызады.
Балаларға өте ауыр жүкті көтеруге болмайды. Тек қана баланың жасына лайықты
мөлшерде ғана жүк тасуға болады. 5-8 жаста - 4 кг, 9-10жаста - 6 кг, 10-12
жаста - 10 кг, 13-15 жаста - 14 кг, 16-17 жаста - 24 кг жүкті көтеруге
болады.
Тез қозғалатын бөлшектері бар станоктармен, электр аспаптарымен жұмыс
істегендс жұмыс қауіпсіздігін мұқият сақтаған жөн.
Бастауыш сынып оқушылары шеберханада шаршамау үшін әрбір 15 минут сайын 2-3
минуттай, ал жоғарғы сынып оқушылары 40-45 минуттан соң 10-15 минут үзіліс
жасап отыруы керек. Еңбек сабағының мұғалімі жұмыс кезінде балалардың,
әсіресе іс тіккен, тоқыма тоқыған қыз балалардың денесін дұрыс ұстауына
көңіл бөлуі қажет.Жастар үшін таза ауада ауылшаруашылық еңбектерімен
шұғылдану өте пайдалы, бірақ балаларға ыстықта күн өтпейтін жағдайды
қарастыру керек. Ашық ауада еңбек ету үшін жаздың ыстық айларында таңғы 7-
11 сағат, кешкі 17-20 сағат аральтғы қолайлы. Ауыл шаруашылық жұмысында 5-6-
сынып оқушылары - 2 сағат, 7-8-ші сыныптағылар - 4 сағат, 9-11 сынып
оқушылары -6 сағаттан еңбек етсе жеткілікті. Оқушылардың ой өрісін
кеңейтуге көмектеспейтін, денсаулығына зиян келтіретін, мысалы, мал қора
тазалау, ауру малды күту, бағу, улы химикаттармен жұмыс істеу сияқты
жұмысқа салуға болмайды.
С п о р т з а л ы н ы ң ауданы мектептегі оқушылар санына сәйкес әр
оқушыға 4 м2 есебінен бөлінеді: 192, 320, 624 орындық мектептерде 162
м(9x18), 784 және 1176 орындық мектептерде 288 м (12x24),
одан ірі мектептерде 2 зал: 1568 орындық мектепте 144 м (12x12) және 288
м(12x14), ал 1960 орындық мектепте 144 м2 және 450 м (15x30) залдар болуы
керек. Спорт залдарының биіктігі 5-6 м. Спорт залының қосымша бірнеше
бөлмелері болады: ер балалар мен қыздарға арналған және киім шешетін
бөлмелер. Спорт залына шектес спорт жабдықтарының кішкентай қойма-бөлмесі
болады.
Спорт залы оқу бөлмелерінен оңаша орналасқан мектеп орналасады. Оның есігі
жеке дәліз арқылы немесе киім шешетін бөлме арқылы өтеді.
Спорт залының жылылығы 15-17 °С, киім шешетін бөлмесінде 19-22 °С. Спорт
залдарына, жабдықтарына арналған талаптар бойынша спорт жабдықтары
балалардың жасына және бойына лайық болу керек.
Барлық мектептердің үлкен м ә ж і л і с залы болады. Кейбір жаңа
мектептерде ғана оған шектес кино, радио аспаптарына арналған косымша шағын
бөлме болады. Оның ауданы шамамен 12 м 2 демалу орындары әрбір оқушыға 0,42-
0,75 м есебінде беріледі. Демалыс орындарына арнайы бөлмелер, дәліздердің
кең жерлері, оқушылар бұрышы т.с.с пайдаланылады.
Мектеп кітапханасы меноқк және дайындалу залына әр оқушыға 0,05м
есебінен орын береді.
Оқушылардың тамақталу орындарына асхана, буфет, ас дайындау бөлмесі, ас
коймасы, ыдыс жуатын орын балаларды толық (100 %) тамақтандыруға сәйкес
болу керек. Асхананың ауданы әр орынға 0,65-0,70 м есебінен бөлінеді.
Мұндай асхана төрт кезекпен барлық оқушыларды толык тамақтандыруға
арналған.
Ж у ы н а т ы н бөлме және дәретхана мектеп кешенінің әр қабатында
орналасады. Бұл бөлмелердің ауданы әрбір оқушыға 0,12 м2 есебінен бөлініп
алынады. Мектеп қызметкерлерінің жуыну орыны 12 м2 болады. Мектеп
қызметкерлерінің жуыну орыны мен дәретханасы оқушылардан бөлек болуы тиіс.
Жуынатын бөлме мен дәретханалардың едені су сіңірмейтін, аяқ таймайтын,
оңай тазартылатын болады. Және күшті дезинфекциялау химикаттары мен ыстық
судың әсеріне төзетін құрылыс материалдарынан, көбінесе қыш немесе
полимерцемент плиталардан жасалады. Бұл бөлмелердің қабырғасын толық немесе
тек кана панелін ақ түсті немесе көкшіл қыш шыны, полистироль тәрізді су
өткізбейтін плиталарметі қаптайды.
Мектеп кешенінің басқа бөлмелері 10-25 м2 есебінен алынады. Оның
ішінде директордың кабинеті екі бөлімнен тұрады: қабылдау және
кабинет. Мектеп директорына келетін ересек адамдар түрлі жұқпалы
ауруларды таратуға себепші болуы мүмкін, сондықтан оның кабинетін мектеп
кешенесінің есігіне жақын бірінші қабатта немесе екінші
қабаттың баспалдағына жақын орналастырады.
Оқу бөлімін меңгерушісінің бөлмесі, мұғалімдер бөлмесі сыныптар мен оқу
кабинеттеріне жақын, қолайлы жерден орын алады. 8-10 м шағын бөлмені барлық
мектептерде дәрігерге береді, ал ірі мектептерде оған қоса тіс емдеу
бөлмесіне 12 м кабинет береді.
Мектеп кешеніндегі баспалдақтар ең кемінде екеу немесе үшеу болады.
Баспалдактың әрбір сатысының ені 30 см, биіктігі 16 см. Баспалдақтар жарық,
оқушылардың жүруіне ыңғайлы болу керек. Баспалдақтар бұрылысында қосымша
жарық көзі орналастырылады.

№7
Практикалық сабақ
Мектеп кешені мен жеріне қойылатын гигиеналық
талаптар.

Жоспар:

7.1 Мектеп кешеніне қойылатын талаптар.
7.2 Мектеп парталарына қойылатын талаптар.
7.3 Партада отыру ережесі.
Міндеті: Балалар мен жасөспірімдердің мектеп кешеніне қойылатын талаптармен
таныстыру.

Мақсаты: Оқу кешеніндегі зертхана және шеберханалардың құрал-жабдықтарының
гигиеналық талаптарға сай екендігі туралы мәліметтер беру.

Сыныптағы жабдықтар оқушылардың бойы мен жасына сәйкес еркін жұмыс жасауға
ыңғайлы болу керек. Олардың сырт көрінісі, түсі көзге ұнамды, бөлшектері
тазалауға қолайлы, балалардың денесіне зиян келтірмейтіндей болып, сыныпта
дұрыс орналасуы қажет. Жабдықтардың бояуының түсі оқушылардың көңілін
жадыратып, жарықты аз сіңіріп, бөлмедегі жарық коэфффициентін
төмендетпейтіндей болуы тиіс.
Парталар. Мектеп парталары- сыныптағы жабдықтың негізгі түрі. Еліміздегі
қазіргі, мектептерде көптеген парталардың түрлері пайдаланылады. Ертеден
келе жаткан Ф. Ф. Эрисман партасы іспетті отырғышы бірге орнатылған екі
орынды парталар көбінесе басгауыш сыныптарда колданылады. Ол парталар
"мектеп парталары'1 деген мемлекетпк стаңдартқа орта шамамен алған
балалардың дене көрсеткіштеріне байланысты өлшемде жасалады. Парталардың
негізі ағаштан немесе металдан жасалады.
Парта екі бөлімнен тұрады: партаның үстелі және отырғышы. Парта үс телінің
беті жөне отырғышы ашық ақшыл түсті бояулармен боялып, металл қаңқасы
әбден тегістеледі. Оның бөлшектері оқушы денесінің пропорциясына
негізделген. Ертеректе жиі қолданылған қара, қою қоңыр, кою жасыл түске
партаны бояу қазіргі гигиеналык талапқа сай болмай шықты. Ондай түстер
жарықты көп сіңіріп, бөлменің жарық мөлшерін азайтады да балалардың көңіл-
күйі жабырқау тартады.
Парта үстелінің беті еденге сәл көлбеулеу жасалады. Бұл оқушылардың кітап
оқып, жазу жазғанда көздерінің талмай дұрыс жұмыс істеуіне қолайлы.
Үстелдің ұзыңдығы 110-130 см, ені 63-70 см, үстел бетінің сыртқы иісті
еденнен 52-79 см биікте болады, дифференциясы 20,5-32 см. Партаның
дифференциясы деп үстелдің оқушы жақ жиегінің биіктігі мен парта
отырғышының арасыңдағы аралықты айтады. Партаның дифференциясы
оқушы отырғанда денесін тік ұстап, үстелге білектерін қойып отыруға ыңғайлы
болуы тиіс, гигиеналық талапта көрсетілген мөлшерден аспау және аз болмау
керек. Егер партаның дифференциясы дұрыс сақталмаса, оқушының омыртқа
сүйектері қисаяды, дифференция биік болғаңда оң жақ сколиоз, дифференция
аласа болғанда сол жақ сколиоз пайда болады.
Парта отырғышының тереңдігін баланың санының 23 бөлігіне сәйкес жасайды.
Мұндай тереңдік ыңғайлы, орнықты отыруға қолайлы. Отырғыштың еденнен
биіктігі 32-47 см, тереңдігі 29-38 см, арқалығының биікгігі 18 см. Оқушының
дұрыс отыруын қамтамасыз ететін парта үстелі мен отырғышының басты-басты 3
көрсеткіші бар. Ол жоғарыда жазылған парта дифференциясы мен арқалық және
отырғыш дистанциялары.
Парта отырғышының арқалық дистанциясы үстелдің оқушы жақ шетінен отырғыштың
арқалығына дейінгі аралық. Бұл оқушының көкірек қуысының тереңдігіне
байланысты. Оқушы партада отырғанда оның көкірегі мен парта үстелінің
шегіңде 3-5 см арқалық болуы керек. Отырғыштың аралық дистанциясы аз
болғанда окушының кеудесі үстелдің шегіне тіреліп,
жазуды еңкейіп жазады да, омыртка сүйектері қисық өседі және көздің
қызметіне қолайсыз болып, жақыннан көру дамиды.
Парта о т ы р ғ ы ш ы н ы ң д и с т а н ц и я с ы да парта үстелінің
оқушы жақ шеті мен отырғышының алдыңғы шетінің арасындағы аралықты
айтады. Ол 3 түрлі болады: нөлдік, оң жене теріс дистанция. Егер үстелдің
шеті мен отырғыштың алдыңғы шеті бір деңгейде болса, отырғыш дистанция н о
л
дік, арасында аралық болса оң, отырғыштың шеті үстелдің астына кіріп тұрса
- т е р і с дистанция болады. Қазіргі гигиеналық талаптар бойынша
оқушылардың дұрыс отыруына 4-5 см теріс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ МЕКТЕП ГИГИЕНАСЫ пәнінінен практикалық сабақтарға арналған электронды оқулық
Жас физиологиясы және мектеп гигиенасы - практикалық сабақ жинағы
Биологияны оқытуда пәнаралық байланыстардың қызметтері
Адамның жүйке жүйесінің дамуы
Биология пәніннің жүйесі және түсініктері
Биологияны оқыту әдістемесін жүзеге асырудың әдіс - тәсілдерін көрсету
Балаларды жыныстық тәрбиелеу
Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні
Биология сабағында танымдық белсенділікті дамытудың әдістері мен шарттары
Оқушылар білімін тексеру
Пәндер