Қазақстан Республикасы кітапхана оқырмандарға Интернет жүйені қолдануы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
Адамзат өмірінің табалдырығын аттағанда XXI-ғасырда жаңа технология қарқынды дамумен ерекшеленеді. Ақпараттық технология жылдан-жылға кең құлаш жайып, оның адам қызметінің барлық салаларына енуі - өркениетті дамудың қажетті шарты болып отыр. Бұл күндері бүкіл дүние жүзінің дамыған елдері сияқты Қазақстанда ақпараттық даму жүзеге асырылуда.
Тәуелсіз еліміздің болашағы бүгінгі ұрпақ тәрбиесін және ғылым мен білімнің өркендеуіне тікелей байланысты. Ақпарттық технологиямен қарым-қатынас жасау және оларды өз жұмыстарына пайдалана білу бұдан бұрынғы аталарымыз қаламсаппен сауат ашқан сияқты алдағы 10-15 жылда біздер үшін ең керекті зат болып компьютерлік, Интернеттік сауаттылықтың негізін қалайды. Балаларымыз қоғамның толыққанды мүшесі болып, өзінің болашақ мамандығын игеруде үлкен жетістіктерге қол жеткізу үшін, оларды ақпараттық технология жұмысына осы бастан дайындауымыз керек. Жаңа ақпараттық технологиялар бұл күні адамның шығармашылық қабілеттілігін дамыту және ой өрісін кеңейтудің тиімді құралы болып табылады. Өркениетті дамыту тарихында тұңғыш рет адам өз интеллектісін өсіру туралы ойлаптапты. Бұл Интернет адамның қабілеттілігін, оның кеңістік ойлау өрісін, шығармашылық белсенділігін, логикасын дамытуда көмектеседі. Қазіргі замандағы ақпараттық технологиясының дамытудың гуманитарлық аса маңызды бағыты қоғамның жаңа ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Қоғамның жаңа ақпараттық ортасы адамдардың бойында жаңа әдет, жаңа мәдени сұраныстардың жаңа бағыт құндылықтарды қалыптастыруда. Ақпараттық технологиялар мен ақпараттық құралдардың беретін мүмкүндік қандайда болмасын елдің экономикалық ғана дамуына байланысты емес, бұл көп жағдайда қоғамның білімі және тілдік мәдениеті деңгейде жаңа, қазіргі замандық өркениет тамырын дамытуға бағытталған ақпараттық күш қуатына да байланысты. Бүгінгі таңда кітапхана жұмысында Интернет технологиялар үлкен роль атқарып, ақпараттық ресурстар мемлекеттік табиғи, еңбек, қаржы, энергетикалық ресурстар іспетті стратегиялық ресурстармен бірдей маңызға ие болып отыр.
Назарбаевтың «Қазақстан халқына жолдауында» онда елбасы Қазақстанның бәсекеге қабілетті барынша серпінді дамып келе жатқан қуатты мемлекет қатарына кіруі үшін негізгі 7 басымдықты айтып өтті. «Осы заманғы білім беруді дамыту, кадрлардың біліктілігі мен оларды қайта даярлауды ұдайы арттыру және Қазақстан халқы мәдениетінің одан әрі өркендеуі» деп аталады.
Президенттің өзі: «бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттілігіне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деп озық технология мен жаңа инновациясы білім беруге жоғары талап қойып отыр. Ендеше білімнің қайнар көзі саналатын - кітапхана мен білім көзін оқырманға тиімді таралуын, білім ғимаратында қызмет атқаратын бізге, яғни кітапхана мамандарының иеленуіне қазіргі заман талабына сай Президент жолдауында жоғары талап қойылып отыр деп түсінемін.
Назарбаевтың жолдауын Қазақстан Республикасы дамыған 50 елдің қатарына кіруге керек. Осы мәселелерді шешу үшін ақпараттық қоғам керек. Ақпараттық қоғамның белгісі ол әлемдегі ақпараттарды пайдалану, ғылыми жетістіктерін пайдалану, жаңа технологияны пайдаланып, ақпараттық қоғамды құрастыру мәселелерін шешу.
Интернет - ең тез дамып жатқан жүйелі ақпараттық технологияның бірі. Глобелизацияның бірінші себептері: Қазақстан Республикасының кітапхана интернет технологиясын пайдалану көбейіп жатыр. Ол мәселелерге арналған нақты зерттеу материалдар жоқ. Әр түрлі мақалалар кітапхана технологиясындағы мақалаларды сипаттау.
* Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында / Қаз. Рес. Президенті Н. Ә. Назарбаев. Қазақстан халқына жолдау: Егеменді Қазақстан 2006 ж
Актуальды болу себебі: Интернет технологиясының дамыған кітапханалардың жас оқырмандарына насихаттауға көмектеседі. Ақпарат ресурстарын кеңейту мәселелерін шешуге көмектеседі.
Осы дипломдық жұмыстың міндеті: Интернет технологиясын Қазақстан Республикасының кітапхана да қолдану мәселелерін зерттеу, көрсету, ең қолайлы жолдарын көрсету.
Оқырмандарды электронды тасымалдау жолымен кітапханада жоқ ақпарат көздерімен қамтамасыз ету, не болмаса сырттан тапсырыс алып, электронды байланыс арқылы жіберу кітапхананың дәстүрлі түріне айналды.
Ақпараттық технологияны белсенді түрде енгізу білімге деген дәстүрлі көзқарасты өзгертеді.
Жаңа ақпараттардың техникалық дамуы қазіргі оқырмандардың алдына аса жоғары талаптар қояды. Ал, жаңа электрондық ақпараттарды игеру үшін оны дұрыс оқи білу, бағалай және алған ақпараттарды орнымен падалана білу қажет. Интернетпен жұмыс жасау аса қымбат, сондықтан әлемдік өрмекті пайдаланушыларға басты шарттардың бірі - дұрыс және тез оқу.
1. Тақырыптың өзектілігі :
Қазіргі кезде бәсеке заманында кітапханалық қызметтердің орны жаңа бір тың бағытта соңғы бір серпіліс қуаттап даму үстінде. Қазіргі кітапхана жұмысында бірінші міндеті: оқырмандарға ең актуальды және бүкіл әлемді ақпараттарға тез уақытта қол жеткізуге мәселелерін шешу. Ол мәселелерді Интернет желі технологияларын пайдалануы кітапханада жаңа мүмкіндік ашылған. Қазақстан Республикасының кітапханаларында интернет оқырмандарға қызмет көрсету жұмысында кең пайдаланады. Басқа кітапханалардың каталогтары және ресурстарын, ғылыми шығармаларын, мәлімет базаларын, мәдени журналдарды, мақалалардың көшірмелерін электронды жеткізеді.
Интернет қолдану мәселе бүгінгі өз шешімін таба бастағаны өзекті мәселе.
Біз нысан етіп алып отырып, глобелизация мен Интернет байланыстары басқада мәселелерде актуальды болады.
- Мақсаты:
Қазақстан Республикасы кітапхана оқырмандарға Интернет жүйені қолдануы оқырмандарға қызмет көрсету әдістерді зерттеу және көрсету. Біріккен жүйелерді жалпы Интернет ресурстарын қолдану жолдарын көрсету және Қазақстан Республикасына кітапхананың ақпараттық ресурстарын толықтыру, Интернетті пайдаланып толықтыру дәрежесінде оқырмандарға ақпараттық библиографиялық қызмет жолдарын зерттеу.
- Тапсырмасы:
Қазақстан Интернет ресурстары электрондық кітапхана, мәлімет базаларын толық мәтінді зерттеу және анализ жасау. Сонымен қатар Итернет ресурстарын пайдаланып, оқырмандарға қызмет көрсетудің жолдарына кеңінен тоқталу.
- Ғылыми жаңалығы:
Қазақстан Республикасының кітапханаларында Интернет технологияларын пайдалану жолдырын толығымен көрсету, интернет ресурстарын соның ішінде мәлімет базаларын қолдану, виртуальды кітапхана кітапхана ресурстарына орын алуды қортылады.
- Ғылыми маңыздылығы:
Қазіргі замандағы кітапхананы жаңа Интернет, ақпарат әлеміндегі маңыздылығы жайында жаңа көзқарастар көрсетілген. Кітапхана жұмыстары оқырмандарға ақпараттарға еркін қол жеткізу үшін интернеттік технологияның ролі көрсетілген.
- Зерттеудің мәні:
Интернет жүйелері кітапхана өмірінде басты міндет, Интернет ақпараттық технологияның негізгі компонеті болып табылған. Интернет кітапханаға әсер еткен адамның эволюцияларының дамуына технологиялық прогрестің негізгі элементі болып табылады, сондықтан кітапханатану және ғылым салаларында ақпараттарды өзара алмастыруда
әдістерін қарастырады.
- Зерттеудің қайнар көзі:
Халықаралық деңгейден өткен кезеңдегі ақпараттық конференция материалдары, Ресейлік және Отандық кітапхананың ғылыми зерттеу мақалаларды, кітапханалық есептері Ұлттық Кітапхана, С. Бегалин атындағы Мемлекеттік Республикалық балалар кітапханасы т. б. кітапханалардың тәжірибелерін негізіне алынады.
- Зерттеудің әдістері:
Зерттеудің негізгі әдістері талдау, жүйелеу, сипаттау, саластыру. Біз сонымен қатар ақпараттық іздеушілік дерек көздер дәрежесіндегі әдістерді қолдана отырып қорытындылау және салыстыру әдістерін қолдандық.
1. 1. Интернет желісінің даму тарихы
Интернет- әлемдегі миллиондаған компьютерді біріктіретін жүйе. Интернет - бүкіл әлемдік біртұтас ақпараттық жүйе, кеңістік.
Интернеттің тарихына келсек, оның отаны - Америка Құрама Штаты. Интернет- «Суық соғыстың»перзенті, 1907 жылдан бастау алған, Советтік Социалистік Республикалар Одағы алғашқы Жердің жасанды Спутнигін ұшырғанда оған жауап ретінде Америка Құрама Штатының Қорғаныс министрі өз қатарында жеке озық әскери жобаларды зерттейтін «Агентство передовых исследовательских проектов» құрды. Ол ARPA деп аталады.
ARPA-ң 60-жылдардағы негізгі жұмысы компьютерлерді бір - бірімен жалғастыру әдісін жетілдіруге арнады, жүйе жартылай зақымданған кезде басқа желілердің көмегімен байланыстың ары қарай үзілмеуін қамтамасыз ету үшін желілердің орналасу принципі зерттелді.
Интернет желісінің ресми пайда болған күні 1969 жылғы қаңтар айының 2- жұлдызы. Оның негізін салушы - ARPAnet желісін жасаушы, ғалым Ларри Робертс.
Бүкіл әлемдік Интернет тарихы 1957 жылдан басталса, Қазақстан аумағындағы Интернеттің тарихы 1982 жылдан, яғни И. В. Курчатов атындағы атом энергиясы институтында Мәскеу қ. ДЕМОС операциялық жүйесін құру жұмысын қолға алған кезден басталады.
Осы технология базасында 1990 жылы тамыз айының 1- жұлдызында алғашқы отандық қоғамдық компьютерлік желі құрылды. Ол RELKOM деп аталды. 1990 жылдың 28- тамызында осы желіні халықаралық телефонмен Филяндия байланыс жолы арқылы ауқымды желі Интернетке қосты, ал 19- қыркүйекте жоғары дәрежелі домен SU Совет Юнион - Советский Союз тіркелді. 1990 жылдың аяғында RELKOM желісіне 30-ға жуық мекемелер қосылды.
* Жаңа ақпараттық технологиялар. Информатикадан 30 сабақ: оқулық - Алматы: Шартарап - 2001 - 440б.
1991 жылы сәуір айында алғаш рет қазіргі Қазақстанның аймағында «Парасат» фирмасының негізінде Алматы қ. RELKOM желісінің алғышқы торабы ашылды.
Ол орыс тілінде электрондық пошта қызметін көрсетті. 1991 жылы RELKOM тамыз көтерілісі туралы мәліметтерді тарату кезінде қоғам оған көңіл аудара бастады. Аз уақыт ішінде бұл жүйе Республиканың ірі қалаларына тарады. Қазақстанда Интернетті таратуды белсенділік көрсеткен фирмалар RELKOM SL Семей «Марат» Қарағанды «Иртыш - Релком» Павлодар.
1993 жылдан Интернетте жаңа бағыт мултимедия пайдалана бастады. Жекеленген кәсіпорындармен мемлекеттік мекемелер ауқымды глобальный байланыс желілерінің мүмкіндіктеріне шексіз таң қалып, оның көрсететін қызметтерін пайдалану ды ойлады: академиялық институттар мен жоғары оқу орындары интетнет жүйесінің одан әрі дамуына ықпал жасады.
Интернет жүйесінің ең басты артықшылығының бірі оның ақылсыз құрылуында және дамуында. Іс жүзінде біз тек қана қызмет жеткізушінің қызметін төлейміз, ал ақпарат жіберу, оны іздеу т. б. қызметтер ақысыз. Бұл жеке компьютерлерді бар тұтынушыларды Интернеттегі бай қорларды пайдалануға тартады, себебі олардың Интернетке қосылуына еш шек қойылмады.
Интернет «арақашықтық» ұғымын жоққа шығарып кибернетика кеңістігінде, коммуникация, ақпарат және ойын - сауық әлемінде адамдардың кездесетін орнына айналды.
Интернет Internet- ағылшынның екі сөзінен INTERconnetcted - және NET works (толық айтқанда «Желілердің желісі», немесе бір - бірімен жалғасқан желілер ) - TCP/IP хаттамасын пайдаланатын желілердің желісі деп те атауға болады.
Интернет - ауқымды ақпарат қызметкерлеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін, электрондық поштаны қамтамасыз ететін ғаламдық компьютерлік желі. Интернет әр түрлі білім салаларынан қажетті деген мәліметтерді шек қоймады. Кітапхана жұмысына электрондық технологияларды енгізу оқырмандар сұранысын қамтамасыз етуде жеңілдіктер туғызады. Элекртонды каталогты оқырман өзі немесе кеңесшісін консультант көмегімен пайдалана алады. Қазіргі мектеп бағдарламалары бойынша біздің оқырмандарымыздың сұраныстары өте күрделі. Кей уақытта кітапхананың кітап қорындағы ақпараттарды пайдалана отырып, оқырман сұранысын толық қанағаттандыра алмайтын да кезіміз болады. Міне осындай жағдайда Интернеттің көмегі орасан зор. Интернет арқылы біз өзімізге қажетті мәліметтерді тауып алып, оның көшірмесін шығарып ала аламыз. Интернеттен оқырман өзі көргісі келген киноларын көруге болады, сонымен қатар алыс шет елдерден. Олармен электрондық пошта қызметін пайдалану арқылы хабарласуға болады. Өзімізді толғандырған сұрақтарды қойып, оған жылдам жауап ала аламыз. Конференцияларға қатысып, толғандырып жүрген мәселелер бойынша пікір алмасуға да болады. Интернет желісінің қызметін пайдалану арқылы әлемде болып жатқан жаңалықтардан хабардар болуға, әр жерде өтіп жатқан шаруаларға, жарияланып жатқан байқауларға қатыса аламыз.
Интернет - қазіргі заманда өте кең дамып келе жатқан жүйе. Әр түрлі кітапханада қолдануы көбейіп жатыр. Кітапхана жұмысында оқырмандарға қызмет көрсету жұмысында көп орын алып жатыр. Қазіргі Интернет қолдануы ақпараттық қоғамға желідегі ақпарат жаңалықтарына қол жеткізу жолы мәселелері Интернет жүйелерімен шешіледі. Осы мәселе және әдістер көп кітапхана болашағы зор әдістерді дамытып және талқыланып зерттеген.
* Ақжигитова Х. М. Перспективы сотрудничества через Интернет// библиотековедение. Библиография. Книговедение: Сб. Ст/нац. б-ка Алматы - 2003 С 110 - 113
Кітапхана ісі мәдениет саласы ретінде ақпараттың білім беру және мәдени ағарту- қызыметінің негізі болып табылады. Әлемдік ақпараттану және қоғамды компьютерлендіруге деген тенденция компьютерлік мәдениетте оқытуға ақпарат қоғам техника ақпараттық ресурстармен қызмет көрсету жүйесін ұйымдастырып құру және пайдалануына әр түрлі ақпаратта көп аспектілі және оперативті түрле кіруді қамтамасыз ететін түрлі деңгейдегі топтарға деген қажеттерді күшейтіп отыр
Жаңа ақпараттық технологиялар кітапханалар жұмысына тез ендірілді. Ақпаратты сақтау мен көшірмені жаңа бір тәсілі компьютер арқылы Интернеті пайдалану.
Интернет - екі немесе оданда көп желілерді байланыстыру кезінде желі аралық байланыс құрылады. Қазіргі кезде бүкіл әлемде жүз мыңдаған үлкен және кіші желілер жұмыс істейді. Олардың көпшілігі бір - бірімен байланысқан . Осылайша біртіндеп өзара байланыстырылған миллиондаған компьютерден құрылған ақпараттық өріс құрылды. Осы біртұтас ақпарат кеңістігі Интернет деп атайды. Интернеттің ең қарапайым анықтамасы желінің желісі деп аталады.
Интернет физикалық құрылымын әр түрлі типтегі компьютер құрайды. Олардың ішіндегі тұрақты қосылғаны мен желінің басқа бөліктерімен өзара ақпарат алмасуға қатысушыларын серверлер деп атайды. Барлық серверлердің программалық жабдықтары бір - біріне сәйкес келмейтінімен олардың барлығы ТСТ/ІР стандартты хаттамасын қолданады. ТСТ/ІР хаттамасына сәйкес ақпараттық өрісте айналыста жүретін барлық деректер блоктарға бөлініп, кестелерге салынады. Әрбір кесте оған салынған деректен басқа ұзындығы 20 байт тақырыптан тұрады. Бұл тақырыпқа жөнелтуші мен қабылдап алушының адресі, жіберілген орында дестелерді жинақтауға қажетті ақпараттар жазылады.
* Бақтыгереева А. «Ғаламдық ақпараттық қоғамды қалыптастыру гуманитарлық мәселелері». // Кітапханатану: Биб/я кітапханатану - Алматы - 2002. 61-69 бет
Бұл дестелер бір серверден келесі серверге жіберіліп, біртіндеп тиісті адреске жеткізіледі. Бұл хабардың әр түрлі дестесі әр түрлі жолмен өтіп келеді, бірақ ең соңында барлығы жинақталып, бір құжат құрайды. Интернеттің біртұтас ақпараттық өрісін радио эфирмен немесе теледидар эфирмен салыстыруға болады. Бұл ақпараттық эфирдің айырмашылығы - ақпараттардың сақталатындығы. Дестелерге бөлінген ақпараттар серверлер арасында айналып жүреді де, оларда белгілі уақыт арасында сақталады.
Интернетте ақпараттық іздестіру - сұраныс тақырыбына құжат типіне, құжаттарды қабылдау мерзімі және басқада іздестіру белгілері бойынша іске асады.
Интернет - дегеніміз дүниенің әр түкпіріндегі тұтынушыларды бір- бірімен мәліметтер қоймасы, бейнелер және дыбыстар жазбалар арқылы желі байланыстыратын ең ауқымды желі түрі. Өз көмегімен жылдан ұлғайта отырып, ол біздің өмірімізде күннен күнге өте елеулі рөл атқарып келеді.
Қазіргі кезде Интернеттің ең негізгі функцияларына электрондық пошта қызметі мен мамандықтары бір немесе ортақ мәселемен айналысатын топтардың немесе зерттеушілердің бір-бірімен жылдам мәлімет алмасуы жатады. . Интернет күннен күнге қуатты екпін алып, оған көптеген компаниялар мен фирмалар қарапайым тұтынушылар үздіксіз қосылуда.
Интернет ақпарат іздеу, электронды поштаны пайдалану, анимациялық көрністер, хабарлар жарнамалық қосымша мәліметтер.
Интернет технологиялар тағыда бір мүмкіндік алады. Ол құжаттарды электронды жеткізу. Бүгінгі күні осы желі ақпарат ауыстыру әдіс Қазақстанның көп кітапхана жақсы пайдаланады.
Евразия мемлекет арасындағы кітапхананың байланысу негізгі әдістері қазіргі заманда Интернет технологиялар. Қазіргі заманда әрбір кітапхана интернеттің мүмкіндігін кеңінен қолданады.
Қазіргі уақытта Интернетті сыртқы ақпараттық ресурстар ретінде, өздерінің ресурстарын жеткізілудегі түрлерге және ақпаратты жеткізу үшін қолданады. Бірақ қазіргі уақытта кітапханалар Интернет технологиялар желі байланыс түрінде көптеп қолданады.
Ол мәлімет базаларына электрондық шығаруға қолдану үшін мысалы: Ол ынтымақтастықтың Қазақстан кітапханасының ақпарат қызметі.
EBSCO- Pubishinq толық жазба мәлімет базаларын қызмет етуге мүмкіндік ашылды.
Басқа мүмкіндік - библиографиялық өңдеу технологияда ол карточкалық каталогтардың конференциямен корпоративтік каталогизациясы сонымен корпоративтік катологизация - кітапхананың каталогтарынан керекті сипаттаманы желі он-лайын желілерін қолданып каталогтарына өз ара ағымда катологизациясына пайдаланады.
2. 1. Қазақстан кітапханаларында Интернетті қолдану
Қазақстан - кітапханаларының жұмыс бағытының ең маңызды салаларының бірі- кітапхананың библиографиялық жұмыс процестерін автоматтандырылған Қазақстан кітапханасының ақпараттық кеңістігін құруға мемлекеттік деңгейде көңіл бөлінуде 24. 11. 2005 ж. 2006-2008ж. Мәдени саланы дамыту бағдарламасы туралы ҚР үкіметі №1161 қаулы қабылдап бағдарламаның мақсаты- «Электрондық кітапханалар» арқылы Қазақстан кітапханаларының ақпараттық кеңістіктегі әрекеттестігінің бір тұтас ақпараттық жүйесін, электронды деректер базасын КАЗМАРК Ұлттық коммуникативтік формасын кітапхана аралық абонемент және құжаттар электронды түрде жеткізу орталықтарын құру. Мәселерін шешуде де қадам жасау болып табылған.
Жалпы автоматтандыру жұмысының негізгі мақсаты: кітапханаға келген оқырман талабын, сұранысын сапалы қанағаттандыру барысында сервистік қызмет көрсету дәрежесін көтеру, яғни:
Құжаттың немесе басымның әр түрлі деректері бойынша оның орнын, дәл деректерін анықтау
- кітап берілім жұмысын тездету.
- әдебиеттерде алдын- ала тапсырыс беруді қанағаттандыру.
Кітапхана пайдалану дәстүрлі каталогтар мен қатар электронды, электрондық картотеканы кеңінен қолдана алады. Электронды басылымдар қоры да жылдан - жылға толықталып, жасақтана бастады.
Кітапхана қызметкерлері өз жұмысының бағыты мен мазмұны жағынан, қазіргі кезеңдегі ғылым мен білімді ақпараттын жедел қамтамасыз етіп отырудың талаптарына сәйкес қызмет көрсетуі мен қатар облыс, аудан, ауыл, мектеп кітапханаларын іс- тәжірибе алмасып отырады. Кітапхананың автоматтандыру деңгейі жаңа ақпараттық технологияны кітапхана саласына ендірудің әлемдік бағдарламаға сәйкес келуі керек.
* Мусабеков Г. К. Дәстурден жаңашылдыққа // кітапхана әлемі - 2005 № 1 . 25 бет
Жоғары ақпараттық коммуникативтік мүмкіндігінше негізделген кітапхананың технологиясы дамыту - ресурсының кітапхананың кеңістігіндегі ең басты басымдық бағыт болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапхана бұл технологияны жалпы ұлттық кітапханалық өлшемнің шешуі факторы ретінде қарастыруы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапхана - елдің ең ірі торапты автотоматтандырылған кітапханаларының бірі. Ол 100 ПЭВМ локольды торапқа енген және кітапхананың автоматтандырылған технология қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Библиографтардың, катологизаторлардың барлық жұмыс орындарын автоматтандырылған технологиялық процестерді автордан басқа кітапхана мыныадай технологиялар жасалған. және пайдаланып: жеке СD-ROM шығару, сирек кітап басылымын компьютерге түсіру, штрих таңбалау барысында авторларды біртектендіру. Дерек қорларды толықтырумен қатар автоматтандыру жүйе арқылы кітаптар құжатты, басылыммен іздестіру жұмыстарында жүргізіледі. «Іздестіру - тапсырыс беру» жолы арқылы кітаптың немесе құжаттың аты, тақырыбы, автордың аты- жөні арқылы т. б. ерекшеліктері арқылы іздестіру жұмысын жүргізуге болады.
Кітапханашылардың автоматтандырылған жұмыс орындары штирих таңбалауды есептеу үшін жарық түсіргіш және лазерлік сканермен жабдықталған. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында электронды басылымдары электронды басылым залында CД-ROM-дық басылымдар қорының бір бөлігі болып табылады. Бұл қор 700 сақталым бірлігінен тұрады. Бұларды пайдалану үшін техникалық қондырғылары компьютерлер, оқырмандардың автоматтандырылған жұмыс орындары бар. Медиотека ассортиментінде: энциклопедиялық басылымдар, сөздіктер, анықтамалықтар, атластар, Юнеско, СД-ROM жылнамалары, ЭБЕСКО және DVD-ROM халықаралық агенттіктерінің мәлеметтер қоры сондай-ақ, флоппи таспалардағы Каз Гос ИНТИ - дің рефаративтік сериялы журналдары бар. Әлеументтік және гуманитарлық ғылымдар жөніндегі библиографиялық
мәліметтер қорын Ресей Ғылым Академиясының қоғамдық ғылымдар жөніндегі ғылыми - ақпараттық институты берген.
Жоғарыда аталған біртұтас технологиялық желінің жалғасы ретінде 2001 жылдан құжаттарды электронды жеткізу бөлімі жұмыс істейді. Ол өз жұмысында алыстағы пайдаланушыларға құжаттардың электронды көшірмесін жеткізу мен айналысады.
Оқырмандарға қызмет көрсету - Ресейдің ірі кітапханаларымен ынтымақтастықты келісім негізінде жүргізіледі. Олардың қатарында: Ресей мемлекеттік кітапханасы, Санкт- Петербург Ұлттық кітапханасы, Мемлекеттік тарихи кітапхана, Қоғамдық ғылымдар жөніндегі ғылыми ақпараттық институты бар.
Электронды жеткізу бөлімі Республикалық Орталық ретінде Республиканың облыстық және басқа кітапханаларымен электронды көшірмелерді беру жөнінде келісім шарт жасасқан. Құжаттардың электронды көшірмелерін іздестіру жүйесі бар толық мәтінді құжаттар архиві жасалды, қайта сұраныс болған жағдайда олар оқырмандарға ұсынылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz