Қазақстанның табиғаты


Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Қазақстан территориясында фаунаның таралуына әсер етуші

факторлардың ғылыми негіздері

1. 1 Қазақстанның климат жағдайы . . . 5

1. 2 Қазақстан территориясындағы табиғат зоналары . . . 20

1. 3 Қазақстанның жазық жерлерінің ландшафтысы . . . 26

1. 4 Қазақстанның таулы аймақтарының ландшафтысы . . . 34

2 Қазақстан территориясындағы фаунаның таралу ерекшеліктері

2. 1 Қазақстан территорисыдағы фаунаның алуан түрлілігі . . . 44

2. 2 Орманды дала және дала зоналарының фауналары . . . 47

2. 3 Шөлейт пен шөлдердің фаунасы . . . 51

2. 4 Таулардағы фауналар мен омыртқасыздар фаунасы . . . 52

2. 5 Жануарлардың «Қызыл кітапқа» енген түрлері және жануарлардың

халық шаруашылығындағы маңызы . . . 56

Қорытынды . . . 62

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 63

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Әрбір тірі организм өзіне қолайлы табиғат жағдайында өмір сүретіні мәлім. Егер тіршілік ету ортасы өзгерсе, онда ол жаңа ортаға төзе алмай бірте-бірте азайып ақырында жойылады. Ғалымдардың есебі бойынша тек 19 ғасырда ғана жер шарында ірі жануарлардың 70-тен астам түрі, ал үстіміздегі ғасырдың елу жыл ішінде тағы 40 түрі мүлдем құрып кеткен. Соңғы төрт ғасырдың әрбір үш жылында дүние жүзінде хайуанаттардың бір түрі жойылып отырған. Ал, егер жануарларды қорғау мәселесіне көзқарас өзгермей, жағдай осылай қала берсе қазіргі кезде шамамен әрбір 8 айда жануарлардың бір түрі жойылып отыратын көрінеді. Бұл жануарлардың құрып кетуіне, біріншіден өмір сүрген ортаның өзгеруі әсер етсе, екіншіден бүкіл дүние жүзінде халық санының өсуі және бұрын болып көрмеген қуатты техниканың күшті қарқынмен дамуы үлкен әсерін тигізіп отыр.

Қазіргі уақытта жер жүзіндегі жабайы аңдар мен құстардың 600-дей түрі саны азайып, құрып кетуге жақын қалса, солардың ішінде Қазақстан жерін мекендейтін бірегей аң мен құстардың да азайып кеткенін атап айтар едік. Әсіресе бір кезде даламызда тобымен жортып жүретін қарақұйрық, ормансусары, құндыз, мензбир суыры, ақ тырна, дуадақ, аққу, дегелек секілді хайуанаттарды оңайлықпен іздеп табу жылдан-жылға қиынға соғып барады. Жалпы Қазақстанда қазірде құрып кету қаупінде тұрған қоры мардымсыз аңдар аз емес. Сондықтан да бүкіл дүние жүзінің жұртшылығы табиғат байлықтарын оның ішінде саны күрт азайып кеткен жануарлар түрлерін қорғауға үлкен мән беріп отыр. Мұндай жұмысқа басшылық жасап отырушы ұйым-Бүкіл дүние жүзілік халықаралық табиғат қорғау одағы.

Халықаралық Қызыл кітапқа Қазақстанда тіршілік ететін қарақұйрық, құлан, барыс, қарақұлақ, гепард, қызыл қасқыр сияқты аңдар, ақтырна, қызыл жемсаулы, қарашақаз, реликті шағала, қоқиқаз сияқты құстар енген. бұл документке кіргізілген аң құстарды қорғау жауапкершілігі сол хайуанаттар мекендейтін елдерге жүктеледі. Бұл Қазақстанға да қатысты. [19] .

Сондай-ақ саны азайып бара жатқан хайуанаттардың жер-жерге кеңінен таралуын, биологиялық ерекшеліктерін, ортаға бейімделуін зерттеуде оқымыстыларға бүкіл халық болып жәрдемдескен абзал. Бүкіл жұртшылық ғалымдармен бірігіп, ынтымақтасып жұмыс жүргізгенде ғана жоғарыда сөз болған жануарлар туралы толық деректер жинап, оларды қорғау мен санын көбейтуге бағытталған көптеген жұмыстар жүргізе алады.

Табиғат байлықтарының бірі-пайдалы жануарлар дүниесі. Қымбат бағалы аң-құстар-халық байлығы, табиғат көркі. Бұлар сарқылмайтын, таусылмайтын қор емес, оларды мәпелеп сіргенде ғана санын көбейтіп, халық шаруашылығының бұл саладағы қажетін толық өтеуге болады.

Зерттеудің нысаны: Қазақстан территориясында таралған фауналар

Зерттеудің болжамы: Қазақстандағы жазық аймақтар табиғи зоналардан тұрады, ал таулы өңірлерде шөлді-дала белдеуінен басталып, мәңгі қарлар мен мұздықтар қалыптасқан биіктікпен аяқталады. Мұндай экологиялық жағдайлардың қалыптасуларына сәйкес және жануарлардың биологиялық ерекшеліктеріне қарай мекендік бөлшектенуіне әсерін тигізеді.

Зерттеудің мақсаты: Қазақстанның географиялық орнына және ауа райының жағдайына байланысты таралған фауналық типтерін анықтап, оны қорғау бағыттарын айқындау

Зерттеудің міндеттері:

1. Қазақстан территориясында фаунаның таралу ерекшеліктерімен және оларды қорғау мәселелерін ғылыми деректерге сүйене отырып талдау жасау.

2. Фаунаның биологиялық ерекшеліктеріне және олардың ортаға бейімделуіне талдау жасау

3. Жануарларды қорғау мен санын көбейтуге бағытталған іс-шараларға талдау жасау

Зерттеу әдістері:

1. Тақырыпқа байланысты ғылыми - теориялық еңбектермен танысып, талдау жасау

2. Статистикалық әдістерді қолдану

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Тірі организм өзіне қолайлы табиғат жағдайында өмір сүретіндігі, егер тіршілік ету ортасы өзгерсе, онда ол жаңа ортаға төзе алмай бірте-бірте азайып ақырында жойылатындығы ғылыми тұрғыдан айқындалды

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Дипломдық жұмыстағы мәліметтерді дәріс беру процесінде «Қазақстанның физикалық географиясы» және «Ландшафттану» курстарында пайдалануға болады.

Дипломдық жұмысының құрылымы . кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Қазақстан территориясында фаунаның таралуына әсер етуші

факторлардың ғылыми негіздері

1. 1 Қазақстанның климат жағдайы

Қазақстан аумағының климаттық жағдайын жер бетінің төсеніш қабаты мен атмосфераның төменгі бөлігі арасындағы тығыз байланыстың әсерінен қалыптасқан климат түзуші үрдістердің нәтижесі деп түсіну керек. Сондықтан Қазақстан Республикасының климаты әртүрлі табиғи кешендердің пайда болуындағы негізгі фактор. Осыған байланысты климаттық факторлар табиғи кешендердің пайда болуы мен дамуындағы бірліктердің құрамдас бөлігі болып табылады.

Климаттық жағдай деп - жер бетінің беткі қабатында дамитын ауа массалары мен ауаның физикалық қасиеттерінің көп жылдық көрсеткішін түсінеміз. Яғни, климаттық жағдай дегеніміз - кез келген нақтылы аймаққа тиісті ауа райының көп жылдық орташа көрсеткіші. [1] .

Қазақстан Республикасы туралы алғашқы климаттық мәліметтер М. Д. Пономаревтың, В. Н. Барсуктың, А. А. Григорьевтің, Л. А. Чубуковтың, П. Н. Колосковтың, А. С. Утешовтың, А. Т. Кузнецованың, З. Д. Клыкованың. И. И. Прохоровтың және т. б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапты.

Сонымен қатар климаттық зерттеулер Қаз ҒЗГМИ мен Қазгидроқызмет көрсету орталықтарының еңбектерінде де кеңінен қарастырылады. Қазақстан климатына толығырақ сипаттама беру «Очерки по физической географии Казахстана» (1952), «Климат Казахстана» (1959), «Казахстан» (1969) т. б. ғылыми монографияларда да қарастырылған.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының климат түзуші факторлары, климаттың жекелеген элементтері, жыл мезгілдері бойынша климаттық элементтердің ауытқуы мен өзгеруіне және аймақтағы климаттық зоналардың сипаттамасына арналған көптеген ғылыми зерттеулер өткізілген.

Кез-келген аймақтың, соның ішінде, Қазақстанның климатына әсер ететін климаттық факторлар: ауаның құрамы, атмосфера циркуляциясы, олардың бір-бірімен байланысы және жер бетіндегі компоненттермен: тау жыныстарымен, ағын сулармен, биотамен және антропогендік объектілермен байланысы сияқты бірліктерден тұрады. Олардың бір-бірімен тығыз байланысы мен қарым-қатынасынан жергілікті жердің климаты ғана емес, бүкіл аймақтың табиғи жағдайы анықталады. Сондықтан климат түзуші факторлар мен климатттық жағдай аймақтың табиғи жағдайының құрамдас бөлігі және кешендерді қалыптастыратын фактор болып есептеледі.

Қазақстан Республикасының климаты туралы мәліметтер күн радиациясы мен негізгі метеорологиялық элементтердің көп жылдық бақылауына негізделеді. Олар: атмосфералық қысым, желдің жылдамдығы, оның бағыты, атмосфера температурасы мен ылғалдылығы, бұлттылық, атмосфералық жауын-шашын мөлшері мен басқа да атмосфералық құбылыстар. Бұл көрсеткіштердің тек орташа шамасы ғана анықталып қоймайды, сонымен бірге шеткі көрсеткіштері, яғни орташа көрсеткіштен ауытқу мөлшері, нақтылы құбылыстардың қайталанып отыруы және де Қазақстан климатының жалпы ерекшеліктерін сипаттайтын басқа да қосымша мәліметтер туралы зерттеулер іске асады.

Күн радиациясының таралуы. Күн радиациясы - жердің атмосфера қабатына жеткен Күннің электромагниттік сәулеленуі болып табылады. Ол жер қыртысының, атмосфераның, гидросфераның, биосфераның және жалпы географиялық қабықшада іске асатын табиғи құбылыстар мен үрдістердің негізгі жылу көзі болып есептеледі. Күн радиациясын жер бетіндегі әр түрлі нысандар сіңіріп, планетамыздың табиғи жағдайына әсер ететін күрделі термодинамикалық құбылыстарды іске асырады. Осы үрдістің даму салдарынан жер бетінің әр түрлі аймақтары мен физгеографиялық аудандарының табиғи жағдайы пайда болады. Сондықтан күн радиациясы табиғи жүйе және жердегі барлық табиғи құбылыстардың жылу көзі ретінде аймақтардың табиғи жағдайының құрамдас бірлігі болып табылады. Күннің сәулелі энергиясы жер бетіндегі әр түрлі геожүйелерімен әрекетке түсіп, жылу энергиясына ауысады.

Күн жарығының ұзақтығы жердің ендігіне, жыл мезгілдеріне және бұлттылық деңгейіне байланысты өзгеріп отырады. Сондықтан, жер бетіне күннен келіп жеткен тура (S) және шашыранды радиацияның (R) мөлшері күндізгі кезеңнің ұзақтығына, Күннің жерден биіктігіне байланысты өзгермелі сипатқа ие. [16] .

Қазақстан Республикасы аймағын қамтитын ендіктердегі тал түсте күннің биіктігі және қыс пен жаз мезгілдеріндегі күн тоқырауының ұзақтығы 1- кестеде берілген.

Кесте- 1. Қазақстан Республикасын қамтитын ендіктердегі тал түсте күннің биіктігі мен қыс және жаз айларындағы күн тоқырауының ұзақтығы

Ендік, градуспен берілген: Ендік, градуспен берілген
22/ХІІ: 22/ХІІ
22/VІ: 22/VІ
Ендік, градуспен берілген: Күннің биіктігі
22/ХІІ: Күннің ұзақтығы
22/VІ: Күннің биіктігі
Күннің ұзақтығы
Ендік, градуспен берілген: 55
22/ХІІ: 10 0 36'
22/VІ: 7 сағ 09 мин
58 0 24'
17 сағ 22 мин
Ендік, градуспен берілген: 50
22/ХІІ: 16 0 36'
22/VІ: 8сағ 04 мин
63 0 24'
16 сағ 21 мин
Ендік, градуспен берілген: 45
22/ХІІ: 21 0 36'
22/VІ: 8сағ 48 мин
68 0 24'
15 сағ 37 мин
Ендік, градуспен берілген: 40
22/ХІІ: 26 0 36'
22/VІ: 9 сағ 19 мин
73 0 24'
15 сағ 07 мин

Қазақстан Республикасы қоңыржай белдеудің оңтүстігінде орналасқандықтан күн сәулесінің ұзақтығы көп және жыл ішінде 2000-3000 сағатқа тең. Осының себебінен жылдың жылы мезгілінде бұлттылық аз. Республиканың солтүстігінде, оңтүстік пен оңтүстік-шығыс таулы аймақтарда, тау алды жазықтарында күн сәулесінің жылдық шамасы азырақ (2000 сағатқа дейін төмендейді) . Солтүстікте бұл құбылыс атмосфералық фронттардың қалыптасу аймағында пайда болатын бұлттылық пен жауын-шашынға, ал оңтүстікте бүкіл жыл бойы тау алды жазықтарда циклондық әсердің күрделенуіне байланысты.

Солтүстік және кейбір орталық аудандарда бұлттылық жоғары. Себебі бұлттылықтың пайда болуына төсеніш беттің радиациялық және термикалық қасиеттерінің бірдей еместігі, яғни әр түрлі ландшафт типтерінде жоғары шамада орманды ағаштардың, көлдердің, батпақтардың басым кездесуі және әртүрлі жер бедері пішіндерінің қалыптасуы әсер етеді.

Қыс мезгілдерінде Орталық және Оңтүстік Қазақстанның басым бөлігі азиялық жоғарғы қысымның әсерінде болатындықтан, бұлттар қалыптаспайды. Жаз айларында күннен келіп түсетін энергия жоғары, төсеніш бет құрғақ, ауа массалары да салыстырмалы құрғақтығымен ерекшеленеді. Осының салдарынан конвективті ағын пайда болып, түйдек бұлттар дамымайды. Шарбы бұлттар өте биікте пайда болғанымен күн сәулесінің ұзақтығына әсер етпейді.

Қазақстанның жазық аймағында ашық және бұлыңғыр күндердің таралуы мен бұлттылықтың арасында тығыз байланыс байқалады. Ашық күндердің саны солтүстікте жылына 120 күннен оңтүстікте 260 күнге дейін, ал бұлыңғыр күн солтүстікте 60 күннен оңтүстікте 10 күнге дейін өзгеріп отырады. Яғни, жаз мезгілінде шөл ландшафтары тәулік ішіндегі жарық уақытта жеткілікті мөлшерде жарық алады.

Сонымен қатар, күн жарығының орташа көрсеткіші тек метеостанцияның географиялық орнына ғана байланысты емес екенін естен шығармаған жөн. Мысалы, Қазақстандағы ірі метеостанциялар бойынша күн жарығының ұзақтығы төмендегідей шамаға ие: Қостанайда - 2058, Алматыда - 2043, Бетпақдалада - 2936, Шымкентте - 2892 сағатқа тең. Дала ландшафтары дамыған аймақтарда күн жарығының мөлшері Іле Алатауының тау алды жазықтарының сағаттық шамасымен бірдей. Мұнда жарық мөлшерінің ендік бойынша таралуы негізгі рөл атқарады. Жаз айларында солтүстік ендіктерде жарық уақыттың ұзақтығы оңтүстік ендік ландшафтарымен салыстырғанда мол. Мысалы, Бетпақдала шөл ландшафтарында жарық уақыттың орташа максимальды шамасы 12, 6 сағатқа тең. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының басым бөлігінде күннің жарық уақытының максимальды мөлшері маусым, ал кейде шілде айларына сәйкес келеді.

Қазақстан аймағының көп бөлігінде күннің жарық мезгілінің алты ай бойы 8 сағат және одан да көп уақытқа созылатыны байқалады. Бұл - Жайық өзенінің төменгі ағысы мен Зайсан қазаншұңқырынан оңтүстікте орналасқан аймақтар. Бетпақдала және Шымкент сияқты станцияларда жарық күннің ұзақтығы болуға мүмкін шаманың 83-96 пайызына тең, яғни бұл аймақтар табиғи жағдайы бойынша шөлді кешендер дамыған аймақтарға жатады.

Радиациялық баланс. Жер бетіндегі күн радиациясының мөлшері радиациялық баланспен анықталады, яғни күн радиациясының жер бетінде қалатын қалдықты шамасы. Радиациялық баланстың (R) құрамдас бөліктері: жиынтық радиациясы (Q) (тура (S!) + шашыранды (D) радиация), шағылысқан радиация (Z) және тиімді сәулелену (Е тиімді) (атмосфера (Еа) мен жер беті (Еж) арасындағы сәулеленудің айырмасы) .

R= S! + D -Z + Ea - Eж,

немесе R= Q (1-a) - E тиімді, мұнда а - альбедо шамасы.

Q мөлшері ең алдымен күн жарығының ұзақтығына байланысты. Қазақстан Республикасында күн жарығының ұзақтығы солтүстік аймақтарда 2000, ал оңтүстікте 3000 сағатқа тең. Сондықтан Q солтүстіктен оңтүстікке жылына бір текше метрге 100 килокаллориядан (ккал) 140 ккал-ға дейін артады. Сонымен оңтүстікте жарықтың көбеюі күн жылуының жиынтық радиациясын арттырады.

Күн радиациясының ең төменгі көрсеткіші жылдың суық мезгілінде, яғни желтоқсанда байқалады. Осы кезде Күн көкжиектен биік болады да атмосфераның төменгі шекарасында бұлттылықтың пайда болуы жоғарғы шегіне жетеді. Көктем айларында жиынтық радиация мөлшері тез артады.

Қазақстан Республиксында күн энергиясының ең көп мөлшері маусымнан тамыз айларына дейін байқалады. Маусым айында жиынтық радиацияның мөлшері айына әрбір шаршы сантиметрге 19 ккал, яғни қыс айларындағы жиынтық радиацияның шамасынан 4 есе аз.

Күз айларында жаз айларымен салыстырғанда, әсіресе, солтүстікте жиынтық радиацияның мөлшері біршама төмен. Ал оңтүстік бағытта бұл қарама-қайшылық онша білінбейді.

Қазақстанның ең солтүстік бөлігі көктем мен күз айларында бірдей радиация алады. Ал оңтүстік аймақта күз айларында радиация ( айына бір текше метрге 16 ккал), яғни көктеммен салыстырғанда (11 ккал) бір жарым есе артық. Мұндай өзгешілік оңтүстік пен орталық аудандардың жыл бойғы бұлттылығының ерекшеліктерімен байланысты, яғни күзде ол ең төменгі көрсеткішке ие. Осыдан біз бұлттылық режимінің инсоляция шамасының кеңістік пен уақыт аралығында өзгеруіне едәуір әсер ететінін көреміз.

Тура және шашыранды радиацияның жыл бойғы мөлшері әрқалай. Жаз айларында шашыранды радиацияның шамасы жиынтық радиацияның 30, ал қыста 50-60 пайызындай. Тура радиацияның ең жоғарғы шамасы оңтүстік Қазақстанға тән. Горизонтальды жер бетіне келіп түсетін радиацияның жылдық мөлшері бойынша Алматы қаласында жылына бір шаршы метрге 81, 8 ккал, ал Ташкент қаласында бұл көрсеткіш - 102 ккал. Төменгі көрсеткіш Тбилиси - 73, 1, Одесса - 68, 1 қалаларына тән.

Жиынтық радиацияның жер бетіне толығымен сіңіп кетпейтіні белгілі, оның бір бөлігі шашырап қайтадан атмосфера қабатына оралады. Шағылысу коеффициенті немесе альбедо мөлшері жер беті ерекшелігіне байланысты, сондықтан Z жыл ішінде өзгеріп отырады. Қыс айларында қар жамылғысына байланысты 70-80 %, ал жазда Қазақстан аумағының көп бөлігінде 20-30 %- ға дейін төмендейді. Жаз және күз айларында қар жамылғысы жоқ болғандықтан альбедо тұрақты болып келеді. [23] .

Тиімді сәулелену көрсеткіші солтүстікте жылына бір шаршы метрге 35 ккал - дан оңтүстік бағытта 50 килокаллорияға дейін артады. Қыста тиімді сәулеленудің шамасының өзгеруі көп емес. Ал жаз айларында Орталық Қазақстанның шөлді өңірлерінде жер бетінің тез қызуына байланысты тез көтеріледі. Тиімді сәулелену шамасының оңтүстік бағытта артуын температураның көтерілуімен, ылғалдылықтың кемуімен және шөлдерде бұлттылықтың нашарлауымен түсіндіреміз.

Жылдық радиациялық баланстың мөлшері солтүстікте - 25 ккал, Орталық Қазақстанның шеткі бөліктерінде 35 ккал-ға дейін көбейеді.

Қазақтың ұсақ шоқысы мен таулы аймақтарда радиациялық режим беткейлердің экспозициясына, олардың бағытына және тәуліктік тура радиацияның айырмашылығына байланысты күрт ауытқып отырады.

Жылдың көп уақытында радиациялық баланс оң, яғни жұтылған радиацияның ұзын толқынды радиациядан артық екенін білдіреді. Радиациялық баланс теріс кезең солтүстікте 3, 5-4, 5 айға (қараша-наурыз), оңтүстікте 1-2 айға созылады. Радиациялық баланс мәнінің нөлдік шамадан артуы солтүстікте көктемде - наурызға, күзде - қыркүйектің соңына, ал оңтүстікте ақпан мен қазанның бастапқы кезеңіне тура келеді. Оңтүстікте радиациялық баланстың оң шамасы біршама ұзақтығымен сипатталады.

Радиациялық баланстың ең жоғарғы мөлшері салыстармалы аз өзгереді және айына шаршы сантиметрге 6-7 ккал. Оңтүстік аймақтың шөл және шөлейт зоналарында жиынтық радиациясы көп, бірақ альбедо мен тиімді сәулеленудің артуына қарай радиациялық баланс көрсеткіші төмендейді.

Жылу балансы және ауа температурасының өзгеруі. Жылу балансының мөлшерін анықтағанда жер бетін жылытуға кеткен жылуды, радиациялық балансты (R), булануға жұмсалған (И), ауа қабатын жылытуға жұмсалған шығынды (V) және топырақ пен су қабаттарын жылытуға жұмсалған шығындарды есепке алады (Р) .

R = И + V + Р

Қазақстан Республикасының аймағында жердің беткі қабаты жұтқан жылу булану мен ауа қабатын жылытуға, яғни жердің беткі қабаты мен атмосфера арасындағы турбуленттік жылу айырбасына жұмсалады. Булануға жұмсалатын жылдық орташа жылу мөлшері солтүстікте шаршы сантиметрге 15 ккал-дан оңтүстікте 10 ккал-ға кемиді. Жылдың құрғақ мезгілінде шөл зонасында жылудың басым бөлігі ауа қабатымен турбуленттік жылу айырбасына жұмсалады. Ал тек көктем мезгілінде оазистерде жылдың жылы айларында булануға жұмсалған жылудың шамасы ауаны жылытуға кеткен шығыннан артық болады. Құрылық бетінен булануға жұмсалған шығынның мөлшері су көздерінің бар-жоқтығына тығыз байланысты. Топырақ қабатының ылғалы мардымсыз болса булану мен булануға жұмсалатын жылудың шамасы азаяды. Сондықтан, булануға кететін жылудың көп мөлшері ылғалдануы жақсы аймақтарда байқалады. Республикамыздың солтүстігінде жылына бір шаршы сантиметрге 18 ккал. Шөл зонасында булануға кететін жылу ең төменгі көрсеткішке тең.

Шөл зонасында жылдық булануға жұмсалатын жылудың мөлшері топырақ қабатының ылғалдылығы мен жауын-шашын мөлшеріне тәуелді болады. Көктемде вегетациясының бастапқы кезінде топырақ қабаты ылғалға жақсы қанығады. Қыс кезінде жиналған ылғал көктемгі жауын-шашынмен толығып отырады. Турбуленттік жылу айырбасында булануға жұмсалатын шығын ауа қабатын жылытуға кететін жылудан артық. Сондықтан, құрғақ климатты, жасанды суармалы егістік дамымаған аудандарда булануға жұмсалатын радиациялық шығынның шамасы шектеулі. Керісінше, климаты ылғалды, суармалы егін егу жақсы жолға қойылған аймақтарда радиациялық жылу булануға және өсімдіктер транспирациясына жұмсалады.

Солтүстіктен оңтүстік бағытта радиациялық және жылу баланстарының анық байқалатын өзгерісі осы бағытта басқа да метеорологиялық элмементтер көрсеткіштерінің өзгеретінін көрсетеді. Мысалы, Қазақстан Республикасының жазық аймақтарында қаңтар айының орташа температурасы солтүстік пен шығыста 18 градустан 3 градусқа дейін көтеріледі. Шілденің орташа температурасы солтүстікте 19 градустан оңтүстікте 28-30 градусқа дейін артады. Қыс мезгілінде аласа және орта таулы өңірлерде температуралық инверсияға байланысты, тау аралық қазан-шұңқырлар мен жазықтармен салыстырғанда жылырақ болып келеді. Қаңтар мен шілде айларында изотерма сызығы ендік бағытта орналасады, бірақ бұл заңдылық орографиялық тосқауыл мен су бетінде өзгеріске ұшырайды. Ең жоғарғы континенттік Қазақстан Республикасының солтүстік-шығыс бөлігіне тән. Мұнда қаңтар мен шілде айларының орташа температура ауытқуы 41 градус. Оңтүстікке жылжыған сайын жазық аймақтарда орташа айлық температураның жылдық ауытқуы 37-39 градус, ал өте шеткі оңтүстікте қайтадан 30-35 градусқа төмендейді.

Атмосферадағы циркуляциялық үрдістер. Қазақстан Республикасының атмосфера қабатындағы циркуляциялық үрдістер де жылу мен ылғалды бір жерден екінші жерге тасымалдап, кез-келген аймақтың ауа райын анықтайтын негізгі климат түзуші фактор болып табылады. Циркуляциялық үрдістердің пайда болуы атмосфералық қысымның таралуына, жер беті тау жыныстарының физикалық қасиеттеріне, жер бедері пішініне, ауа температурасының күрт ауытқуына тікелей байланысты қалыптасады. Мысалы, жергілікті жердің жер бедері пішініне байланысты бұлттылық солтүстіктің ойпатты жазықтары мен орографиялық тосқауыл әсер ететін оңтүстік-шығыста жиі қалыптасатыны анық. [24] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туған жердің табиғи байлығы
Туризм Қазақстандағы басты сала
Қазақстанның Ресейге қосылуының алғашқы кезеңдегі зерттеулері
Шығыс Қазақстанның туристік-рекреациалық ресутстары
Қазақ жері туралы ерте географиялық мәліметтер
Шығыс Қазақстан облысының табиғаты және туристік рекреациялық мүмкіншіліктері
Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесі
Орта Азия аймағына жүргізген орыс саяхатшыларының зерттеулері
Қазақстан территориясын табиғи. географиялық зерттеу
Саяси бәсекелестік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz