Қазақ тілдесім бірліктерінің коммуникативтік және прагматикалық ерекшеліктері


«ҚАЗАҚ ТІЛДЕСІМ БІРЛІКТЕРІНІҢ КОММУНИКАТИВТІК ЖӘНЕ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3-4
- Тілдесімнің тілдік және қатысымдық ерекшеліктері . . . 5-15
- Коммуникативтік бірліктірдің тілдесім әрекетіндегі функциялары
және сөйлесім түрлері . . . 16-32
- Қатысымдық бірліктердің контекстік-прагматикалық
қолданыстары . . . 33-57
Қорытынды . . . 58-60
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 61-63
Кіріспе
Жұмыста адамдардың қоғамда өзара қарым-қатынас жасап пікір алысып түсінетін құралы - тілдің ауызша түрінің коммуникативтік бірліктерінің тілдік және қатысымдық ерекшеліктері, бірліктердің коммуникативтік және прагматикалық сипаты қарастырылған.
Тіл мағыналық жағынан қарым-қатынас құралы қызметін атқарады және ауызша, жазбаша сөзбен адамның даралық жақтары ерекшеленеді. Жазба сөз бен ауызекі сөйлеуде адамның мінез-құлқы, білім деңгейі, өмір тәжірибесі айқын байқалып тұрады.
Тақырыптың өзектілігі. Дүниетанымдық көзқарастар мен ұғымдарды меңгеруде тіл арқылы дерексіз және нақты ұғымдар-түсініктер жасалады, олар объективтік болмыс пен құбылыстардың қасиет белгілерін бейнелейді. Осы бағытта біз тілдің сөйлеу әрекетінде белгілі мағынасын, оның нәрселер мен құбылыстарды дерексіздендіруін, оларды ойша біріктіріп, таңбалар мен символдар арқылы бейнелеу қасиеттерін ажыратып көрсете аламыз.
Коммуникативтік және прагматикалық бірліктердің ішінде ақыл-ой мен сананың қалыптасуына қатысатын, ауызша қатынасты жүзеге асыратын ең кіші және мағыналы бірлік - сөзді әр қырынан, соның ішінде қатысымдық тұрғыдан зерттеу коммуникативтік лингвистиканың өзекті мәселесі болып табылады. Сөз қатысымдық басқа тұлғалардың да, тілдік тұлғалардың да негізгісі ретінде тілде дербес қолданылады, жеке атау түрде белгілі бір мағынада, өз алдына дербес түрде де қолданыла береді.
Жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Зерттеудің негізгі мақсаты - қатысымдық тұлға ретінде және қатысымдық тұлғалардың қатарында сөз бен басқа коммуникация бірліктерін, олардың мағыналық, мазмұндық, функционалдық қызметтерін анықтау. Осы мақсатқа жету үшін жұмыста мынандай міндеттерді шешу көзделді:
- коммуникация бірліктерінің әрқайсысының тілдік және қатысымдық ерекшеліктерін анықтау;
- қатысымдық бірліктердің контекстік-прагматикалық қасиеттерін, қолданыстың ерекшеліктерін, хабарды жеткізуде атқаратын қызметтерін, олардың түрлерін ашу;
- қатысымдық түлғалардың лексикалық мағыналарын талдау арқылы олардың ақпаратты жеткізу мазмұнын ашу;
- қатысымдық тұлғалардың мағыналарының компаненттерінің құрамын анықтау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Қазақ тіл білімінде, соның ішінде семасиологияда мағынаға компоненттік талдау жасау, қатысымдық тұлғалардың компоненттерінің құрамын анықтау, құрамдық мазмұнын ашу енді ғана зерттеле бастаған өзекті мәселелердің қатарына жататындығына байланысты, олардың талдауын жұмыс жаңалығы ретінде ұсынып отырмыз. Сондай-ақ, сөздің, сөз тіркесінің, сөйлемнің сөйлеу әрекеті үрдісінің бірліктері ретіндегі прагматикалық қасиеттерін сөйлесім контексінде қарастыру да жаңа мамұнда жүзеге асырылып, талданды.
Зерттеудің материалдары мен дереккөздері. Зерттеуде коммуникативтік бірліктердің ішінде ауқымды бірліктермен қатар шағын да бірліктер қолданылады. Сол себептен әртүрлі контекспен қатар, майда мәтіндер, жеке хабар, ақпарат беретін сөздер, сөз тіркестері, әртүрлі сөздіктерден, шығармалардан алынып пайдаланылды. Теориялық талдауларда тіл білімінде, қазақ тіл білімінде коммуникативтік лингвистика, семасиология, тілдік қатынас салаларында зерттеу жүргізген мамандардың еңбектеріндегі пікірлер талданып, керек жерінде сілтемелер жасалып пайдаланылды.
Зерттеу әдістері. Жұмыстың нақты мәселелерін талдауда әртүрлі әдістер пайдаланылды. Мысалы, ауызша сөздің коммуникативтік бірліктерінің тілдік және қатысымдық қасиеттер мен ерекшеліктерін ашуда сипаттама әдісі, қатысымдық бірліктердің контекстік-прагматикалық қолданыстарын талдауда бірліктерді салыстыру, компонентік талдау, структуралық әдістер пайдаланылды. Жалпы жұмыстың өн бойында, теориялық пікірлерді шолуда, оларға пікір қосуда сипаттама-шолу, сараптау әдісіне жүгіндік.
Жұмыстың теориялық және практикалық мәні. Жұмыстың тұжырымдарын, қорытындыларын, нәтижелерін, талдауларын жоғары оқу орындарында өтілетін тілдік қатынас негіздері, семасиология, әлеуметтік лингвистика сияқты пәндерде оқытылатын дәрістерде, семинар сабақтарында пайдалануға болады. Сондай-ақ жұмыстың теориялық талдауларын, тәжірибелік ұстанымдарын, прагматикалық жақтарын ғылыми жұмыстар жазуда, курстық, дипломдық жобалар орындауда пайдалануға болады.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пйдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- Тілдесімнің тілдік және қатысмдық ерекшеліктері
Адамдардық қоғамда өзара қарым-қатынас жасап пікір алысып түсінісетін құралы - тіл. Ол ұлттық сипатқа ие. Тілдің сан алуан сыры халқымыздың «Өнер алды - қызыл тіл» деген даналық мәтелімен тұжырымдалған. Бұл мәтелдің түпкі мәні адамның дүниетанымы мен ақыл-ойы тілі арқылы дамитындығын білдіреді. Тілдік ұғымдарды меңгеру, оларды күнделікті тәжірибеде қолдану, түрлі ғылыми пәндер жүйесін меңгерудің бәрі де тілдік атау сөздермен, ұғымдармен бейнеленеді. Сөйтіп, адамның ойлауы мен сөйлеуі қанат жайып, өрістеп, дүниенің сырын танып біледі.
Тіл мағыналық жағынан мынадай ерекшеліктермен сипатталады: а) тілдің қарым-қатынас құралы қызметін атқаруы; ә) ауызша және жазбаша сөзбен адамның даралық ерекшеліктерін, өзіндік белгілерін білдіруі. Жазба сөз бен ауызекі сөйлеуде адамның мінез-құлқы, білім деңгейі, өмір тәжірибесі айқын байқалып тұрады.
Тілдің әлеуметтік сипаты - оның қоғамдық құбылыс ретіндегі қасиет ерекшеліктерін айқын бейнелейтін тұрақты белгісінің бірі. Осы орайда біз тілдің а) сөйлеу әрекетінде белгілер мен таңбаларды қолдану; ә) сөйлеудің қоғам мен әлеуметтік өмірде атқарар қызметі; б) адам ойының сөйлеуі арқылы бейнелеу ерекшеліктерінің анық көрініс беруін байқадық. Қоғам өмірінде адамдар өзара тілдесу арқылы қарым-қатынас жасайтын болса, ал белгі, таңбалар арқылы олар өз ойын өзгелерге жеткізеді. Мәселен, адамның белгілі қашықтықта тұрып біріне-бірінің қол бұлғауы шақыру белгісін білдірсе, ал бет құбылысын өзгертіп қолын сермеуі жақтырмау, ұнатпау белгісін білдіреді. Мұндай әрекет түрлері де тілдің қатынас жасау қызметін көрсетеді. Сондай-ақ, әртүрлі жол жиегіндегі, көшелер қиылысындағы таңбалар, жарық шамдары, түрлі сурет-таңбалардың да мәні бар. Олар қатынас жасау қызметін атқарады.
Тілдің әлеуметтік қызметіндегі маңызы бар белгілер жүйесінде адамдардың бірімен-бірінің зат алмасуы, мәселен, қазақ халқының салт-дәстүрінде қыз-келіншектер арасында сақина, жүзік, білезік алмасып, сәлемдеме жолдауы, беделді адамдардың өздері ұстап-тұтқан заттарын ( бөркін, қалпағын, белбеуін, қамшысын т. б. ) сәлемдеме етіп, куәлік етіп жіберуі - мұның бәрі тілдесіп сөйлесу әрекетінің өзіндік түр-сипатын білдіретін қарым-қатынас жасау түрлері. Бұл - белгілерарқылы жүзеге асатын қатынас. Адамдар арасындағы тілдесімде сөйлеуші мен айтушының хабарламақ болған ойының мән-жайын бейнелейді. Мұндай сипат сөйлеу әрекетінде адам ойының, оның жүйесінің ерекшеліктерін бейнелейтін белгісі. Осы жайт халқымыздың «Жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін табады» деген мәтелімен тұжырымдалған.
Тілдің физикалық ерекшеліктері мен психологиялық сипаты коммуникацияда қандай? Тілдің дыбысталып сөйлеу әрекетінде оның физикалық, акустикалық, механикалық, математикалық және грамматикалық, фонетика саласы арқылы зерттеу сипаттары қарастырылады. Мұндай сипаттар тілдің физикалық ерекшеліктерін атай отырып, адамның сөйлеу әрекетінің қаншалықты күрделі әрі маңызды құбылыс екендігі жайында ғылыми мағлұматтар береді. Тілдің физикалық ерекшелігіндегі акустика сөйлеудегі дыбыстың шығуы мен таралуын, ал механикалық қасиеті тілдің анотомиялық мүше ретінде ауыз қуысында түрлі қимыл-қозғалысымен байланысты жайттарды зерттейді.
Фонетика - тіл грамматикасында дыбыстар жүйесін зерттейтін сала. Дыбыссыз, анық сөйлеу әрекетінсіз адамдар арасында қатынас орнату мүмкін емес. Мұндай жайттардың бәрі тілдің физикалық ерекшеліктеріне қатысты қасиеттер. Сөйлеу әрекеті әрбір адамның сөйлеген сөзі мен ой жүйесі, оның көңіл күйі (сезімі мен эмоциясы) дауыс ырғағынан, сөйлеу мәнері мен дыбыстарды шығару ерекшеліктерінен байқалады. Оның ойын, күйініш, сүйініш сезімін, абдырауы мен талап-тілегін, ниеттерін де аңғартады. Мұндай құбылыстар сөйлеу әрекетіндегі күрделі психикалық үрдістер деп саналады. Тілдің қоғамдық құбылыс ретіндегі сипаттары тек сөйлеу әрекетінің эмоциялық ерекшеліктерімен шектеліп қана қоймай, адам ойының шындықты бейнелеу қасиетіне де байланысты. Бұл жайтта қазақ халқының «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» дейтін мәтелімен дәйектеуге болады. Мәселенің шындығы, оның негізгі мазмұны, ойдың ақиқаттығы айтылған сөз арқылы өзгелерге жеткізіледі. Демек, дыбысты анық сөйлеу адам ойының шындығын бейнелейтін физикалық және психологиялық ерекшеліктерін құрайтын негізгі қасиеттері.
Қоғамда қуатты коммуникация құралы - тілдің психологиялық және физикалық жағынан іздестірілуі адамның дүниетанымын, жан дүниесінің сырын ғылыми тұрғыдан пайымдауда ерекше маңызды. Ұлы Абай: «Жүрегімнің сырына терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла» деген сөзі осы жайттың мәнін терең ұғындыра алады.
Тіл арқылы дерексіз (абстрактілі) және нақты түсініктер жасау. Дүниетанымдық көзқарастар мен ұғымдарды меңгеруде тіл арқылы дерексіз және нақты ұғым түсініктер жасалады, олар объективтік болмыс пен құбылыстардың қасиет белгілерін бейнелейді. Осы бағытта біз тілдің сөйлеу әрекетінде белгілі мағынасын, оның нәрселер мен құбылыстарды дерексіздендіруін (абстракциялануын), оларды ойша біріктіріп, таңбалар мен символдар арқылы бейнелеу қасиеттерін ажыратып көрсете аламыз. Бұл жайт дүниетанудағы бейнелеу теориясына негізделіп, тәжірибе жүзіне асады. Бейнелеу теориясының жоғарғы сатысы да осы дерексіз ойлау арқылы айқындалады, оның шындығы сөз, дыбысты тіл арқылы анықталады. Абстракция - ойлау әрекеті, қазақ тілінде бұл әрекетті біз дерексіздендіру деп атаймыз. Дерексіздендіру нәтижесінде әрбір сөздің даралық мағынасы тектік ұғымға баланып, оның ерекше, жалпы мағынасын білдіреді. Бұл тәсіл таным теориясы тұрғысынан сөздердің мағыналық және жалпылық сипаты делінеді. Сонымен, біз тілдің дерексіздендіру тәсілі арқылы сөздерден әр алуан ұғым-түсініктер құрастыра аламыз.
Тілдің дерексіздендіру және нақтылау әрекеттері арқылы атқаратын қызметі мен сипат ерекшеліктерін қарастырғанда, біз а) сөйлеу әрекетінің дыбысталып айтылу нәтижесінде белгілі мағынаны білдіруі; ә) тілдің нәрселер мен құбылыстарды дерексіздендіру нәтижесінде олардың мәнді, жалпы және тұрақты қасиеттерін таңба, символдар арқылы бейнеленуі; б) тілдің дерексіздендіру әрекеті арқылы әрбір сөздің жалпылау тәсілі ретінде ұғым-түсініктердің жасалатындығын білеміз. Мұндай сипаттар тілдің таным құралы ретіндегі белгілі бір қырын ғана аңғартады.
Тілдің тарихи дамуын зерттеу - адамның жалпы дүниетанымдық көзқарасын өрістетіп отыратын маңызды мәселе. Тілдің қоғамдық құбылыс ретінде дамуын, оның қатынас құралы ретінде екендігін ескере отырып, оны мынандай үш түрлі кезеңге бөліп қарастырамыз: а) сөйлеуге дейінгі кезең; ә) сөйлеу кезеңі; б) сөйлеуден кейінгі кезең. Бұл кезеңдердің қанша мерзімге созылу шамасын анықтап айту қиын. Алайда белгілі бір ұлт (халық) тілінің дамуында осы кезеңдердің болатыны тарихи шындық. Мысалы, көне замандардағы түркі тілі қазіргі түркі тектес халықтардың ортақ тілі болған. Алайда қазіргі қазақ тілінің арғы тегі көне түркі тілінің қыпшақ тілімен туыстас.
Тілдесу және өзара түсінісу арқылы адамдар жан дүниесінің сырын, ойы мен мақсат-мүддесін білдіреді. Қарым-қатынастағы бұл ерекшелік адамдардың тілдесіп, пікір алысуы олардың үнемі ішкі дүниесінің қалауы мен ниет-тілектеріне орай құбылмалы болып отыратындығын көрсетеді. Тілдесімнің түрлері ауызша сөйлесуде де, жазбаша сөзде де осы қағидаттарға (принциптерге) негізделеді. Әрбір адамның даралық көңіл-күйін, білім-білік деңгейін, ниет-тілектерін де айқындай түседі. Мұндай ерекшеліктер сөйлесуші адамдардың өзара ой-пікірлерінің тілектестігінің бір бағытта екендігін де байқатады.
Қатынас құралы - тілдің дамуында сөздердің мән-жайын түрліше белгілер арқылы таңбалау тәсілдерін де осы мәселе шеңберінде қарастырып, оның өзіндік қасиет сипаттары анықталады. Тілдің дамуы сапаның дамуына да тікелей ықпал етеді. Өмір тәжірибесінде қолдану жайттары белгілі жүйемен, қалыпты ізбен зерттеуге баса мән беріледі.
Тілдің таңбалану сипатына адамның бет құбылыстарының және әрқилы қимыл-қозғалыстары мен ым-ишаралары да жатады.
Тілдің қарым-қатынас құралы болуы, оның бұл қасиеті ең негізгі қызметі. Біріншісі, тілдің негізгі және басты қызметі - қатынас құралы қызметін атқаруы. Адамдардың өзара түсінісіп пікір алысуы, сөйтіп әр алуан іс-әрекеттер атқаруын қамтамасыз ету. Қазіргі кезде тілге қатысты мәселелерді сөз еткенде бұл қызмет басты орын алады. Адамның қарым-қатынасындағы басты құралы -тіл. Тіл дыбысты сөз арқылы жүзеге асады. Осы орайда тілдің қатынас жасау қызметі мен танымдық рөлін «Көз жеткізбегенді сөз жеткізеді», «Сұрай-сұрай адам Меккені де табады» деген мәтелдердің мәнімен анықтауға болады. Екінші, тілдің белгілі, не таңбалық қызметі. Бұл қызметті ғылымда тілдің сигнификативтік қызметі деп атайды. Сигнификация - латынның сигнал - белгі (таңба) деген сөзінен шығады. Қазақша мағынасы белгілеу не таңбалау деп түсінуге болады. Үшінші, тілдің қатынас құралы ретіндегі ерекше сипаты - оның эвристикалық, не ойлау әрекетіне қатысты қызметі. Тілдің мұндай ерекшелігін біз тілдің дүниетанымдық және ойлауды жүзеге асыру құралы ретінде атқаратын қызметі деп қарастырамыз. Ойлаудың шындығы тіл арқылы бейнеленіп айтылады да, өзгелерге жеткізіледі. Тіл адамның қуатты құралы және жан дүниесінің сырын білдіретін қоғамдық құбылыс екендігін қазақ халқы ерте кезден-ақ жете аңғарған. Халқымызда «адам сөйлескенше, жылқы кісінескенше» деген бір мәтелмен түйіндесе, тіл адамның ішкі дүниесінің сырын бейнелеуші құрал екендігін «ойымдағы тілімде, тілімдегі ділімде» деп тұжырымдайды. Ділім деуі - адамныңсенімі мен қағида-ереже ретінде ұстаным тұтынған жол-жосығы. Жан дүниесінің ішкі сыры - психикасын, мақсат-мүддесінің өзара үйлесім табуын «дінім мен ділім» деп бейнелеп айтқан.
Бұл дипломық жұмысымда адамға табиғат берген дарын тілдік құбылысты біріншіден, мән-мағыналық жағынан бірнеше салаға бөліп қарастырдым. Ондай сипаттарды тілдің мағыналық аспектісі, оның әлеуметтік-қоғамдық қасиеті, физикалық ерекшеліктері деп санасақ, ал тілдің психологиялық мәселесін сөйлеу әрекеті және ойлаудың пайда болуы мен өрістеу ерекшелігімен ұштастырдым. Тілдің ойлау әрекетімен тығыз байланысты түрде нақты және дерексіздендіру амалы арқылы ғылыми ұғымдар мен түсініктер жасап, болмыс пен шындықты танып білудің тиімді тәсілдері екендігіне көз жеткіздік. Тілдің қызметіндегі бұл сипаты оның логикалық аспектісі делінеді. Тілдің таным құралы екендігі оның тарихи дамуынан да айқын байқалады. Адамның ақыл-ойы, білімі, оның қоғамда атқаратын қызметіне байланысты барынша күрделене түспек. Ана тілі өзге тектес тілдерді де меңгерудің басты құралы қызметін атқарады. Екіншіден, тілдің қоғамдық-әлеуметтік өмірде атқаратын негізгі қызметі - қарым-қатынас жасау. Үшіншіден, тіл - қоғамдық құбылыс және қатынас құралы ретінде жалпыұлттық сипатта болатындығын атап көрсету. Тілмен тығыз байланыста дамитын ойлау әрекеті, адамның ой-өрісі жалпыхалықтық сипатта болатындығы бұрыннан белгілі нәрсе.
Тілдің қуатты таным құралы екендігін айқындайтын жайттың бірі - кез келген ғылым саласы мен адамның, дүниенің сырын танып білуі, ғылыми мағлұматтарды игеру әрекетінің бәрі дыбысты анық тіл, сөйлеу әрекеті арқылы жүзеге асады.
Әлемдік ғылымтану жүйесінің көш басында тіл ғылымы тұрады. Ғылым салалары қоғамдық сананың бір формасы (түрі) екені мәлім. Осы негізде психология адамтану ғылымдары ішінде жетекші ілім. Ақыл-ой иесі адамның әр алуан іс-әрекеттері мен мінез-құлқы, жан дүниесінің тебіреністері мен дүниетанымы саналы әрекет болып табылады. Адамның табиғатқа иелік етуіндегі ақыл-ойының кемелдігін көрсетеді. Қатынас құралы анық дыбыстық тіл де, саналы әрекеттің жемісі - ойлау да, оны еңбек әрекеті арқылы өзгертіп қайта құру да адамға тән қасиеттер. Мұндай қасиет пен сипаттардың бәрі - адамның бейнелеуші әрекеті, ақыл-ойы мен санасының жемісі.
Коммуникативтік бірліктердің ішінде ақыл-ой мен сананың қалыптасуына қатысатын ең кіші және мағыналы бірлік - сөз . Қатысымдық тұлғалардың да, тілдік тұлғалардың да негізгісі тілде дербес қолданылатын, жеке атау түрде белгілі бір мағынада, өз алдына дербес түрде де қолданыла беретін лексикалық бірлік - сөз.
Сөздің лексикалық мағынасына талдау (анализ) жасау әдісінің лексикологияда пайда болғанына аса көп уақыт өте қойған жоқ. Соған қарамастан лексикалық мағынаны талдауға көптеген лексикологтар ат салысты. Сөздің лексикалық мағынасы - белгілі бір иерархиялық жүйеден тұратын құрылым (структура) . Бұл құрылымнан мағынаның қасиетін білдіретін белгіні бөліп алып, ол белгілерді компонент деп атауға болады. Сонда сөз мағынасынан компонентерді талдау деген дұрыс. Бұл компоненттер, ең алдымен, үлкен (макро) және кіші (микро) болып үлкен екі топқа бөлінеді. Мысалыға «піл» сөзіндегі «үлкен», «ірі», «ұзын тұмсығы бар», т. б. микрокомпаненттер қазірде сема атауымен аталып жүр.
«Сөздің компоненттік құрылымы иерархиялық принцип бойынша құрылған, оның компоненттері - семалар - бір-бірімен тең емес. Оның ішінен жалпы семалар бөлінеді, оған басқа ұсақ семалар бағынышты болады» (Кузнецова Э. В. «Лексикология русского языка», М. - 1989 ж., 33-бет) Сема дегеніміз не?
Сема дегеніміз бір сөздің мағынасын қабылдағанда, ең алдымен ойымызға келетін мағынаның белгісі, мәні, қасиеті. Мысалы: Ауыз су - «сұйықтық», «иіссіз», «ішуге болатын», «мөлдір», т. б. Сөздің мағынасынан мағыналық белгілерді бөлу, табу, анықтау сөз мағынасын компанентті талдау жасау үшін, өте қажет болатын нәрсе - аналитикалық анықтаушыны табу.
Анықтаушы негізінен екі бөліктен тұрады - негізгі ұқсастық (идентификатор) және сөздік нақтылаушы (конкретизатор) . Иденттификатор - сөз мағынасының негізгі ортақ белгілерін көрсетеді. Лексикалық мағынаның жалпы белгілері негізгі ұқсастық (идентификатор) арқылы, нақты белгілері нақтылаушы (конкретизатор) арқылы білінеді. Мысалы: сатып алу - алу (идентификатор), «ақшаға» (конкретизатор) . Сөздің лексикалық мағынасын талдаудың кең тараған түрі - сатылы талдау қазірде көп қолданылады. Сатылы түріндегі негізгі ұқсастық бөлікті (идентификаторды) былай көрсетуге болады: сатып алу - ақшаға алу («алу» сөзі иденттификатор) . Алу - жекеменшікке алу; алу - өзіне алу. «Алу» сөзі, айналып келіп «алу» сөзіне тіріледі.
Сөздің лексикалық мағынасына компонентті әдіс талдауын «бас» сөзіне қолдансақ, ол сөздің мағынасы сөздікте: адамның, жан-жануардың ауыз, көз, құлақ, мұрын, ми, т. б. ағзалары орналасқан дене мүшесі[1, 111] . Бұнда негізгі ортақ ұқсастық сөз «мүшесі». Бұл сөздің нақтылаушы сыңары «дене» сөзінің түсіндірмесін қарасаң, сыртқы физикалық формадағы адам не жануар ағзасы. Жануар сөзі бүкіл тірі мақұлық, адам сөзі ойлай және сөйлей алатын, құралдар ойлап тауып, соны қолдана алатын тірі мақұлық деп түсіндіріледі. «Адам - жануар - дене» сөздерінде «мақұлық, тірі жан» семасы бар. «Ауыз, көз, құлақ, мұрын, ми» сөздеріне ортақ «мүше» сөзі сема бола алады. Бұл сөздердің бәрінің түсіндірмесіндегі семаларды потенциалды сема деген атаумен беруге болады.
«Ауыз, көз, құлақ, мұрын, ми» сөздерінің түсіндірмесін талдай берсек, бөлшектене береді, сол себепті «мүше» сөзінен басқа «бас» сөзіне тоқталуға болады. «Адам», «жануар», «дене», «мүше», «көз», «ауыз», «құлақ», «мұрын», «ми», «организм», «мақұлық» сөздері «бас» сөзінің орталық (ядерлы) компоненттері болады. Қызметі жағынан бөлетін болсақ былай болады: «Ауыз - тамақ ішу үшін», «көз - көру үшін», «құлақ - есту үшін», «мұрын - тыныс алу үшін», «ми - ойлау үшін», сонда «бас» сөзіне тағы мынадай компоненттер қосылады: «тамақ ішетін», «көретін», «еститін», «тыныс алатын», «ойлайтын». Бұл семаларды алыс (перифериялы) деп атаймыз. Алыс семалар сөздің басқа қасиеттерін білдіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz