«Азия және Африка елдерінің орта ғасырлар тарихы» пәнінің оқу әдістемелік кешені


Ќ. А. ЯСАУИ АТЫНДАЃЫ ХАЛЫЌАРАЛЫЌ ЌАЗАЌ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ТҮРКІСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ БИЗНЕС ИНСТИТУТЫ
ТАРИХ-ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
ЖАЛПЫ ТАРИХ КАФЕДРАСЫ
«Азия және Африка елдерінің орта ғасырлар тарихы» пєнінің
Оқу әдістемелік кешені
050114-Тарих мамандығы үшін
Оқу формасы: күндізгі
Курс: ІІ, ІҮ семестр
Кредит саны: 3
Сағат саны: 135
Лекция: 30
Практикалық: -
Семинар: 15
Лабораториялық: -
ӨБСӨЖ: 45
С¤Ж: 45
Аралық бақылау (АБ) 2 рет
Қорытынды бақылау: емтихан
Т‡РКІСТАН-2007
Оқу әдістемелік кешенді құрастырғандар: аға оқытушы Е. Төлегенов
Пән туралы мәлімет
Азия жєне Африка елдерініњ орта ѓасырлар тарихы пєні шыѓыс елдері мемлекеттерініњ ‡-Х‡ІІ ѓасырдыњ бірінші жартысына дейінгі кезењдегі тарихын оќытады. Д‰ние ж‰зілік тарихтыњ бір бµлігі ретінде б±л кезењдердегі даму ерекшеліктері, тарихтаѓы орны, д‰ниеж‰зілік тарихќа ќосќан ‰лесі туралы маѓл±мат береді.
Оќыту маќсаты: Азия жєне Африка елдеріндегі ќ±лиеленушілік ќатынастардыњ ќ±лауы, тайпалардыњ ±лы ќоныс аудару кезењі, жер иеленушіліктіњ пайда болуы мен феодалдар мен шаруалар арасындаѓы ќарым ќаатынастар, феодалдыќ ќатынастардыњ ыдырауы мен капиталистік ќоѓамныњ ќалыптасуын ‰йретуді маќсат етеді.
Оќыту міндеттері:
- ќазіргі єлемніњ ѓылыми бейнесі туралы болжамды ќалыптастыру;
- тарихты мењгерудегі ѓылыми жањалыќтарды оќып, білу;
- орта ѓасырлар тарихыныњ д‰ниеж‰зілік тарихтаѓы алатын орнын білу;
- феодалдыќ ќоѓамныњ µзіндік ерекшеліктерін аныќтау;
- ортаѓасырлыќ Азия, Африка елдерініњ тарихи даму жолдарын оќып, білу;
Пререквизиттер:
Орта мектепте µтілген тарих курсын терењ ѓылыми т±рѓыда игеру жєне жетілдіру.
Постреквизиттер:
Д‰ние ж‰зі мемлекеттерініњ ќоѓамдыќ дамуындаѓы орта ѓасырлыќ ќоѓамныњ саяси-єлеуметтік, экономикалыќ даму ‰рдістерініњ µзіндік ерекшеліктері мен сабаќтастыѓын оќып білу, µзіндік кµз-ќарастар мен ой-пікірлер ќалыптастыру.
Шығыс пен батыс елдеріндегі ортағасырлардағы феодалдық қатынастардың ерекшеліктері.
- Ортағасырлар тарихына кіріспе
- Феодалдық құрылыстың мәні.
- Шығыс елдеріндегі феодализмнің батыс елдеріндегі феодализмнен айырмашылығы
Адамзат дамуның жалпы үрдісі ғаламдануға бағыт алып отырған қазіргі таңда әлемдік тарихтың маңызы күн өткен сайын арта түсуде. Соған қарамастан әлемдік тарихтың әсіресе шығыс тарихы саласы әлі күнге дейін кенже қалып отырғанын ешкім жоұұа шығара алмас. Бұл әсіресе теориялық-методологиялық мәселелерге қатысты. Ал теориясыз, методологиясыз қандайда болмасын тарихы материалды талдау, оған баға беру, оны типтеу, жүйелеу мүмкін емес.
Орта ғасырлардағы Азия-Африка елдеріндегі феодалдық қатынастардың дамып, жетілуінің өзіне тән ерекшеліктері болды. Ол елдерде қауым ұзаұ уақыт бойы сақталды. Қауымдардың өзін-өзі басқаруы автономиялығы, патриархальдық қатынастар өміршең болды. Мемлекет қауымның сақталуына мүдделі болды. Оның нығайуына қолдау көрсетіп отырды. Азия-Африка елдеріндегі ерекшеліктің бірі - үкіметтің жеке меншікке қарсы тұруы болды. Жер негізінен мемлекеттің меншігі болды. Келесі бір ерекшелік мемлекеттік биліктің деспотиялық болуы еді. Азия-Африка елдерінде қай кезеңде болмасын құлдар шаруашылықта шешуші роль атқармады.
Шығыс елдердің қалалары феодалдық Европадағыдай жекелеген феодалдарға емес, мемлекет басшысына бағынды. Шығыс елдерінде дін мемлекеттік деңгейге көтерілді.
Әдебиеттер:
1. История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред. кол. : Ф. М. Ацамба., З. Г. Лапина, М. С. Майер. -М., МГУ, 1987
2. Семенов В. Ф. История средних веков. -М., 1970.
3. Всемирная История 12-томах. Т. 2-3. М., 1957.
4. Васильев Л. С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.
5. История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М., РАН-1995
6. История Востока В 3-х томах/ ІІІ-том Восток на рубеже средних веков и нового времени. М., РАН-1998.
7. Средневековый Восток: история, культура, источниковедение. М., 1980.
8. История средних веков (под ред. Сказкина) М., 88
9. С. А. Тортаев. Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы А. 1998ж.
10. Феномен восточного деспотизма. Структура управления и власти. М., 1993.
11. История стран зарубежной Азии. Л., 1970.
Лекция тақырыбы: ІІІ-ІХ ғғ. ерте ортағасырдағы Жапония
Лекция жоспары:
- Алғашқы қауымдыққұрылыстың ыдырауы және тайпалық ода қтардың құрылуы.
- Жапониядағықұлдық.
- Аграрлық, әлеуметтік саясиқұрылымдағы Тайка реформасы.
- Қытай және Кореяменқарым-қатынастар.
- Жазудың пайда болуы. Әдебиет пен өнердің дамуы.
ІІІ-VI ғ. ғ. Жапонияның әлеуметтік-экономикалық дамуы. Жапонияның неғұрлым ертеректегі тұрғындары қазіргі айнулардың ата-бабалары эбисулар деп есептелді. Жаңа эраның басында олар Хонсю аралының солтүстік-шығысында өмір сүрді. Олардың этникалық шығу тегі әлі анықталмаған, бірақ кейбір зерттеушілер олардың оңтүстіктен шығуын Малаямен, Үнді қытай түбегімен және қазіргі Индонезия аралдарымен байланыстырады. Жапон аралдарына бірнеше рет корейлер, қытайлықтар және әртүрлі манчжуртунгус тайпаларықоныс аударып, эбисуларды солтүстікке ығыстырды.
Кескілескен күрестер барысында бір тайпаны екінші біреуінің бағындыруы нәтижесінде біртіндеп араласу процесі жүрді. Күшті тайпалардың арасынан Ямато тайпалары іріктеліп шықты. ІІІ ғасырдың соңы мен ІV ғасыр ортасында олар барлық қарсыластарын жеңіп, Хонсю аралының оңтүстік бөлігінде Ямато тайпалар одағын құрды. Осы атаудан Япония атауы пайда болды.
Қазіргі жапондықтардың ата-бабалары егіншілікке жарамды, құнарлы аудандарға қоныстанды. ІІІ-VІ ғ. ғ. өзінде-ақ негізгі ауылшаруашылық өнімі құрғақ және игерілген жерлерде өндірілетін - күріш болды. Суландыру каналдары мен тоғандар сала бастады. Негізгі да қыл күріш пен дәнді да қылдармен бірге, V ғасырдан бастап жібек өндіру басталды.
Қытайлықтардың Жапонияға қоныс аударуы ІІІ ғасыр аяғында қытайдың батысынан көшпенділердің шабуылы нәтижесінде күшейіп, V ғасырда корей-қытай қоныс аударуы қарапайым құбылысқа айналып қалды. Қонысаударушылар тұрғындардың әртүрлі тобына жатып, “бэ” деп аталды. Бұларға тағы жеңіліпқалған қауымдардың басшылары, пұтқа табынушы абыздар, “грометейлер” - яғниқытайша оқып, жаза алатын қалыптасып келе жатқан мемлекеттің алғашқы чиновниктері, сонымен біргеқылмыс істепқұлға айналғанқауым мүшелері жатты. Үй шаруашылығынд ақұлдар еңбегі қолданылды, дегенмен олардың саны аз болды.
Қарапайым сауда қатынастарының даму нәтижесінде V ғасыр басында рыноктар пайда болды. Ең алғашқы рынок Хонсю аралының орталық бөлігіндегі қазіргі Осака қаласы ауданындағы “Қытай рыногы” болды. Жапон қорғандарынан табылғанқытай тиындары осы континентпен сауда қатынастарын жүргізген деп болжауға мүмкіндік береді. Қоғамдық еңбек бөлінуінің негізінде мүлік теңсіздігі өсіп, аристократтық отбасылар бөлініп шыға бастады және құлдар мен бэлерді қанау күшейді. ІV ғасыр соңы мен V ғасырда патша функциясын атқаратын тайпа ода қтарының көсемдерінің билігі күшейді. Оның билігі маңызды жер көлемін иелену, қауым мүшелеріне салық салу, құладар жаулап әкелу, егінші, қолөнерші бэлердің еңбегін пайдалану болды. Дамыған таптық қоғамда егіншілікпен шұғылданушы қауымның ролі күшті болды.
Жеке-жеке ақсүйектер отбасыларының билік үшін күресі барысында Сого әулеті 592 жылы патшаны өлтіріп, билеуші жағдайды егеленді. Өздерінің ықпалдарын күшейту мақсатында елге корейліктер менқытайлар әкелген, VІ ғасырдан кең тарқай бастаған буддизмді қолданды. Сонымен бірге жапон тайпаларының ежелден келе жатқан пұтқа табынушылық діні синтойзмге (құдайлар жолы) үлкен соққы берді. Буддизмқалыптасып келе жатқан ерте феодалдық қоғамның алғашқы қауымдық қалдықтарына қарсы қолданған идеологиялық қаруы болды.
Билік үшін кескілескен күресте бұрынғы патша үйінің өкілі Сетоку Тайси билікке келеді. Сетоку-Тайси қызметінің атақты ескерткіші 604 жылы жасалған “17 статьялық заңы” болды. Бұл ескерткіште буддалық және конфуцилік діннің ықпалы күшті болды. Мұнда алғаш рет жапон аұсүйектерінің талабына сай мемлекеттік құрылысы анықталды. Бұл заң патша билігін күшейтуге жағдай жасады. Сетоку Тайси саяси тіректі сырттан табуға тырысты. 607 жылықытайға елшілік жіберді. Мәдени байланыстар орнатты. Сога әулетінің қарсыластары бірігіп, төңкеріс ұйымдастырды.
Тайк төңкерісі және елдегі реформалар, мемлекеттік құрылысы . VІІ ғасырда Жапонияда орталықтанған мемлекетқұрылды. Мұнда тарихта “Тайк төңкерісі” деген атқа ие болған (сөзбе-сөз аударғанда “Ұлы өзгерістер кезі”) саяси төңкеріс үлкен маңызға ие болды. Принц Наканооэ мен Накатоми Камако бастаған ақсүйектер император сарайындағы Сого руының билігін жойды. Бұл төңкеріс және елде жүргізілген реформалар “Тайк реформалары”қоғамдағы дағдарысты жағдайлардан келіп шықты. Халықты алдыңғы басқару құрылымымен қанау мүмкін емес еді.
Реформаларды жүргізуге сыртқы факторлар да әсер етті. Қытайдағы Тан империясы күшейіп Корей түбегін тіпті Жапонияның өзін жаулап алуқаупі күшейді.
645 жылдан бастап-ақ үкіметтік басқару аппаратын қайта құру басталды. Арнайы министрліктер құрылды. Императордың кеңесшілері тағайындалды. Жергілікті дәрежеде де өзгерістер енгізілді. Шығыс облыстарда жерді өлшеу жүргізілді, тұрғындарға тұрақты салық жүйесі енгізілді, провинциялардың губернаторларымен, уездердің басшылары тағайындалды.
Сотқа арыз берудің жаңа жүйесі енгізілді. 646 жылғы Үкімет жарғысынан көрінгендей реформалардың мәні төмендегідей:
- Жеке жер иеленуді өзгерту, император отбасымен аристократтарға тәуелді адамдар категорияларын жою, адамдар мен, жерді түгел мемлекет меншігі деп жариялау. Аристократтар компенсация ретінде ранглік, қызметтік және басқа үлестер алып, қанаушы тап жағдайын сақтапқалды.
- Басқарудың орталық органдарықұрылды, территориялық әкімшілік бөлу енгізілді.
- Жер есебі алынды, қауым санағы жүргізілді, әрбір шаруа жер үлесін алатын болды.
- Ұйымдастырылған жаңа салық жүйесі енгізілді.
Бұл реформалар орталықтанған мемлекет құруға бағытталған еді. Бұл реформа кейін 647, 649 және 664 жылдары өз жалғасын тауып отырды.
VII-X ғасырлардағы Жапонияның әлеуметтік-экономикалық дамуы, сыртқы саясаты. Белсенді сыртқы саясат қарастырып отырған кезеңнің тек бас кезінде ғана жүргілді. 663 жылы Кореяның ішкі істеріне араласу жеңіліспен ая қталды. Аралғақытай шапқыншылығының қаупі төніп, жапондар жағалауда бекіністер сала бастады. Астана 667 жылы Нанива портыван елдің ішкі Оми ауданына көшірілді. 653, 654, 659, 665 жылдарықытайға арнайы елшілер жіберілді. 668 жылы император Тэндзи (бұрынғы принц Наканооэ) тұсындағы алғашқы заң кодексі “Омире” кодексінің жарық көруімен және 670 жылы алғашқы бүкіл ел көлемінде тұрғындардың санағының жүргізілгенінен орталықтанған мемлекеттің негізі қаланды.
Ерте орта ғасырлардағы Жапониядағы жер иелену екі формада мемлекеттік үлестік жүйеде және ірі жеке феодалдық вотчина (ірі жер иелеріне рулық мұра есебінде берілген иелік) негізінде (сеэн) берілді. Үлестік жүйені ресми түрде енгізу VІІІ ғасыр жатады. Осы кезде 702 жылғы “Тайхоре” кодексінде ерте феодалдық аграрлық құрылымдардың негізгі принцптері заң жүзінде бекітілді. Әрбір шаруа жерді отбасы мүшелерінің санына қарай 6 жастан асқан баланың есебіне қарай алды. Ер адамдардың үлесінің мөлшері 2 тан (1 тан -0, 12 га) болды. Ал әйелдерге 2/3 берілді. Әр 6 жыл сайын отбасы мүшелерінің өзгеруіне байланысты жерқайта бөлініп отырды. Үлестік жері бар шаруалар мемлекетке дән салығын және қолөнер бұйымдарының салығын төлеуге мәжбүр болды. Азық-түлік рентасынан бөлек шаруалар барщиналық міндеткерлік өтеді. Шаруалардың үлестік жерден кетуі немесе одан бас тартуға тыйым салынды. Үлестік шаруалар “Тайхере” кодексі бойынша “қайырымды адамдар” деп аталды, алқұлдар “төменгі адамдар” деп аталды. Сонымен ерте феодалдық заң бойынша құлдық сақталып қалды. Құл иеленуқосымша жер иеленуге мүмкіндік берді. Мемлекеттік құлдарға азат адамға берілетін жер үлесімен бірдей үлес берілсе, ал жеке тұлғалардың құлдарына азат шаруа үлесінің 1/3 бөлігі берілді. Ақсұйектердің құлдары өте көп болды да, олқұлдар есебінен көп жерге ие болды. Билеуші топтар өздерінің құлдарын көбейтуге тырысты. Құлдарды негізінен жаулап алған жерлерінен әкелді десек бұл кезде жаулап алу соғыстарының болмауына байланыстықұлға айналдырудың басқа жолдарынқарастыра бастады. Ақсүйектер шаруаларды ұрлауға, күшпен әкетуге, әсіресе кішкене балаларды әкесінен сатып алуға көшті. Салық төлемеген жәнеқылмыс істеген шаруалар құлдарға айналып отырды. VІІ ғасырда бүкіл халық саны 6 миллион болды, оның 10-15 % құлдарқұрады. Құлдар еңбегі негізінен құрылыс істеріндеқолданылды. Нира қаласын негізіненқұлдар салды. IX ғасырданқұл еңбегі сирек қолданылып, кейін мүлде жойылды.
Елді билеушінің абыройын көтеру мақсатында оған император (тэнно, сөзбе-сөз “аспан ұлы”) титулы беріліп, оның шығуы жөнінде құдаймен байланыстырылған аңызқалыптасты. Император жанындағы жоғарғы мемлекеттік орган Мемлекеттік Кеңес болды. Орталық үкіметқұрамына 8 ведмоства кірді. Олар: діни істер, қамба жәнеқаржы, жалпы мемлекеттік істер, азаматтық істер, әкімшілік істер, сән-салтанат және шендер, сарай ведмоствасы, әскери істер, қоғамдық істер ведмоствасы. Ел провинцияға, провинциялар уездерге бөлінді.
Ерте феодалдық мемлекеттің қалыптасуы әкімшілік-саяси, қолөнер-сауда және діни орталықтардың құрылуына жағдай жасады. 320 жылы корей- Нанива қаласының негізін қалады (қазіргі Нанива қаласы) . 593 жылы Асука қаласы салынды. Бұл қалаға солтүстік Корей мәдениетінің ықпалы күшті болды. VІІІ ғасырдан қалалардың салынуында қытай ықпалы күшейді. 710-787 ж. ж. және 792-1192 мемлекеттің астанасы Нара, Хайан қалаларының салыну жоспарықытайдың Чанань қаласының үлгісімен салынды. Нара, Хайан қалалары ірі сауда және қолөнер орталығы болып онда жоғары сапалы сән салтанатты қолөнер бұйымдары, парча, металл бұйымдар мен тағы басқа тауарлар қала рыногына шығарылды.
Тест сұрақтары:
1. Жапонияныњ ертеректегі ата-бабалары-эбисулар мемлекеттіњ ќай бµлігін мекендеген.
А. Хонсю аралыныњ солт‰стік-шыѓысы
Б. Ява аралыныњ солт‰стігі
В. Хокайдо аралы
Г. Ява аралыныњ шыѓысы
Д. Хонсю аралыныњ батысы.
2. “Тайхере” кодексі бойынша “тµменгі адамдар” деген.
А. Ќ±лдар
Б. Шаруалар
В. Єскерилер
Г. Діни аристократия
Д. Еріктілер
3. Ќытай ‰лгісінде салынѓан Жапониядаѓы ќала
А. Нара
Б. Осака
В. Токио
Г. Нанива
Д. Чанань
4. 593 жылы негізі салынѓан ќала
А. Нара
Б. Асука
В. Ханань
Г. Чанань
Д. Осака
5. Тайк тµњкерісі ќай жылы болды
А. 621 жылы
Б. 645 жылы
В. 578 жылы
Г. 655 жылы
Д. 715 жылы
Әдебиеттер тізімі:
1. Семенов В. Ф. История средних веков. -М., 1970.
2. Всемирная История 12-томах. Т. 2-3. М., 1957.
9. Жуков Е. И. История Японии. М., 1969.
4. История Японии (с древнейших времен до наших дней) М., 1988.
5. История Японии. 2-х томах. Т-І М., 1998.
6. Воробьев М. В. Япония в ІІІ-VII в. в. : Этнос, общество, культура и окружающий мир. М., 1980.
Лекция тақырыбы: І-Хғасырлардағы Корея
Лекция жоспары
1. Ежелгі когуре, силла, пэкче тайпалары.
2. Алѓашќы ќауымдыќ ќ±рылыстыњ ыдырауы.
3. Ерте феодалдыќ мемлекеттер (Когуре, Пекче, Силла І‡-‡ІІ ѓѓ. )
4. Бірт±тас Силла мемлекетініњ ќ±рылуы (‡ІІ-Хѓѓ. ) .
- Ерте ортаѓасырлыќ кроей мєдениеті.
Үш мемлекет кезіндегі Корея. Корей түбегінің географиялық жағдайы, құнарлы топырағы, өсімдіктер дүниесімен жануарлар әлемінің байлығы ертеден-ақ Азия құрлығы мен тұнық мүхит аралдарының тұрғындарының назарын өзіне аударды. Сондықтан корей халқының этникалық түр-тұлғасының қалыптасуында тунгус-манчжур және полинезиялық элементтердің ықпалы басым болды. Сонау неолит кезінен-ақ корей халқының ата-бабалары корей түбегі оған жапсарлас жатқан Оңтүстік Манчжурия (қазіргі Солтүстік-шығыс Қытайдың оңтүстік аудандары) аудандарын қоныстана бастады. Коредағы алғашқы қауымдық қатынастардың ыдырауы, таптық қоғамның пайда болуы өндіргіш күштердің дамуының прогресімен байланысты болды. Кореда алғашқы мемлекеттің пайда болуы кезеңі және оның әлеуметтік-экономикалық құрылымы туралы мәселе тарих ғылымында талас тудыратын мәселе. Деректерде Корей түбегінің территориясын әртүрлі тайпалар одағы қоныстанғандығы айтылады. Солтүстікте когурё емэк, окчо тайпалары, оңтүстігін (Ханган өзенінен оңтүстікке қарай) хан тайпалары қоныстанды. Хан тайпалары үшке бөлінді: махан, чинхан, пёнхан. Түбектің тұрғындары үй жануарларын өсірді, аң шаруашылығымен, балық шаруашылығымен айналысты. Ал негізгі шаруашылығы егіншілік болды. Өндіргіш күштердің дамуы феодалдық қатынастардың дамуына жағдай жасады. Бірақ бұл процесс біркелкі жүрген жоқ. Таптық бөліну Амноккан өзені бассейінін мекендеуші солтүстіктегі когурё тайпаларында тезірек дамыды. Тайпа арасынан тайпа билігін бағындырған бай ақсүйектер бөлініп шыға бастады. Олар өз орталарынан әскери көсемді таңдап, ол жиналыста қылмыстық істерді талқылап, тайпа мүшелерін көршіперге қарсы тонаушылық соғыстарда басқарды.
Окчо, емэк тайпалары когурё тайпаларына тәуелді болып, алым-салық төлеп, құл беріп отырды. Оңтүстікте топтық қоғамның қалыптасу процесі кеш жүрді. Хан тайпалары 78 ру-тайпалық қауымнан тұрып, қытай деректерінде оларды протоменлекеттер деп атады.
Когурё тайпаларында мемлекетті басқару ертеректен пайда болды. Бұрынғы әскери-көсем ван атымен (король) ұйымдастырған мемлекеттің басына отырды, ру аристократиясы әскери-чиновниктік ақсүйктерге айналды. Корей жазбаларында жеке меншікті қорғауға арналған зағдар жмнағы туралы айтылады. Сол заңда: ұрлық үшін ұрланған нәрсенің 12 есесін, ал біреудің малына зиян келтірсе, кінәліні құлға айналдырған жағдай да болды.
Когурё мемлекетінің құрылған кезі туралы зертеушілердің пікірі әртүрлі. Бірақ ІV ғасырдың соңы мен V ғасырда Когурё түгел Корей түбегі мен көрші Ляодун түбегін қамтыған күшті мемлекет болды. Корей түбегінің оңтүстігінде мемлекеттің құрылуын анағұрлым дамыған, күшті тайпалардың ұсақ тайпаларды бағындыруы нәтижелесінде жүрді.
Пэкче тайпалары ІІІ-ІV ғ. ғ көрші қауымдар мен тайпаларды біріктірді. Пэкче аристократиясы оңтүстік-батыс Кореяда, Ханган және Кымган өзендерінің төменгі ағысында айтарлықтай күшті мемлекет құрды.
V-VІ ғ. ғ алғашқы қауымдық қатынастардың ыдырауы нәтижесінде түбектің оңтүстік-шығысындағы тайпаларда Силла мемлекеті құрылды. Бұл мемлекеттің негізін Саро қауымы құрады, ол біртіндеп Нактонган өзені бассейініндегі тайпаларға өз билігін жүргізді.
Сонымен ІV ғасырда Корей түбегінде Когурё, Пэкче және Силла мемлекеттері өмір сүрді және олардың арасында билік үшін аяусыз күрес басталды. Бұл мемлекеттегі әлеуметтік - экономикалық қатынастар ұзақ уақыт корей таирхнамасында талас-тартыс тудырып келді. Кейін корей тарихшылары бұл 3 мемлекетті құлиеленуші құрлыстың белгілеріне қарамастан негізінен феодалдық мемлекеттер деп атады. Жаңа пайда болған мемлекеттік құрылым жерге корей феодалдық меншіктігін орнатып, жериеленуші феодалдардың тәуелді шаруаларды қанауына жағдай жасады. Шаруалар қауымы түгелдей жаулап алушы мемлекететрдің меншігі ретінде салық төлеуге, міндеткерлік өтеуге мәжбүр болды (әсіресе әскери және еңбекпен өтеу) . Құлдар өндірісте басты роль ойнаған жоқ. Осы кезеңде құлдардың құқықтық жағдайы өзгерді. Мысалы VІ ғасыр басында Силла мемлекетінде ванның (королдің) көму рәсіміне 10 құлды өлтіру салты жойылды. 858 жылы Силла әскербасы Садахам көрші тайпаларды бағындырғаны үшін 200 тұтқын сыйға алады, бірақ құлға айналдырмай егіншілер ретінде бостандыққа жібереді. Өздерінің билігін нығайту үшін ақсүйектер Қытайдан тек мемлекетті ұйымдастыруда ғана емес, идеологияны да енгізді. Корей мемлекетінің билеушілері Қытайдан конфуцишылдықты енгізді. Чиновниктерді мемлекеттік қызметке даярлау мемлекеттің арнайы конфуцилік оқу орындарында жүргізілді.
Қытайдан корей мемлекетіне феодалдық құрлыстың орнауына үлкен ықпал еткен будизм енді. Когурёге алғашқы будда монахтары 372 жыл келді. Пхеньянның қасынан 2 будда монастыры салынды. 384 жыл Пэкченнің королінің ұсынысымен оның астанасына Оңтүстік Қытайдан будда монахтары келді. Силла мемлекетіне буддизм Когурёден VІ ғасырдың І жартысынан бастап ене бастады. Силланың астанасы -Кымсан (қазіргі Кендсу) ірі қалаға айналды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz