Дипломатиялық қызмет, дипломатиялық курьердің құқықтық мәртебесі



Кiрсiпе

1. Дипломатиялық қызметтiң түсiнiгi, маңызы және дипломатиялық
қызметке тән ерекшелiктер

2. Дипломатиялық өкілдік институты. Дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтар. Дипломатиялық курьердің құқықтық мәртебесі

3.Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігі

Қорытынды
Пайдаланылған әдебитетер
Адамзат қоғамының даму тарихында мемлекеттердің сыртқы саясат мәселелерінде оның маңызды құралының бірі — дипломатия әрқашан бірінші орында келеді. Себебi, дипломатиялық қызметке тек бір-бірімен жанжалдасып қалған мемлекеттердің ғана емес кейде сондай-ақ, тұтастай халықтар тағдыры тәуледi болуы мүмкiн, өйткенi мұндай күрделi халықаралық проблемалардың тиімді шешілуіне тек дипломатиялық қызмет қана ұтымды көмек көрсете алады.
Жалпы "дипломатия" ұғымы грек сөзі dірlоmа - екі бүктелген бет, құжат деген мағынадан шыққан. Бұл жерде "дипломды ұстаушы" деген сөз алғашқы мағынасында қолданылып отыр, яғни провинцияларға немесе мемлекеттен тыс шетелге кетіп бара жатқан ресми тұлғаларға берілетін ұсыныс немесе сенім грамоталары.
Бүгiнгi күнде дипломатия - бұл халықаралық құқықта рұқсат етілетін арнайы дипломатиялық шаралар, әдістер мен тәсілдер көмегімен мемлекеттің сыртқы саясатын жүзеге асырудың бір құралы болып табылады.
Дипломатияық қызметтi сондай-ақ келіссөздер жүргізу мен келісім-шарттар жасау шеберлігі ретiнде қарастыруға болады. Мұндай шеберлік, әрине қоғамның даму заңдылықтарын білуге, халықаралық қатынас тарихын, жеке елдер тарихын, халықаралық құқықты, жеке елдердің конституциялық құқықтарын, шет тілдерiн бiлудi қажет етедi.
Мен бұл жұмыстың барысында дипломатиялық қызметтiң түсiнiгi мен маңызын, дипломатиялық қызметтiң ерекшелiктерiн, дипломатиялық қызмет субъектiлерiнiң құқықтық мәртебесiнiң, соның iшнде дипломатиялық курьер мәртебесін құқықтық-теориялық тұрғыдан қарастырып өтпекпiн.
1. Закон РК 1997 г. "О дипломатической службе".
2. Консульский устав Республики Казахстан. 1999.
3. Сборник документов по международному праву. Токаева К. К. 2-том,
4. Халықаралық құқық. Дәрістер курсы.-Алматы.ҚазГЗУ, 2003.
5. Құлжабаева Ж.О. Халықаралық жария құқық. Жалпы және ерекше бөлімдер.-Алматы 2003.
6. Сарсембаев М.А. Международное право. Алматы, 1999.
7. Сарсембаев М. А. Дипломатическое и консульское право.- 1999. Положение о Посольстве Республики Казахстан. 1992.
8. Консульское право и консульская служба. Под ред. Сарсембаева М. А. 2000.
9. Положение о Чрезвычайном и Полномочном После Республики Казахстан. 1992.
10. Блищенко Н.П. Дипломатическое право.—М., 1990
11. Бобылев Г. В., Зубков Н. Г. Основы консульской службы.-М., 1986.
12. Борунков. А. Ф. Дипломатический протокол в России.- М. 1999.
13. Ганюшкин Б. В. Дипломатическое право международных организаций.— М., 1972.
14. Демин Ю. Г. Статус дипломатических представительств и их персонала.— М. 1995.
15. Зорин В. А. Основы дипломатической службы.— М. 1977.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып: Дипломатиялық қызмет, дипломатиялық курьердің құқықтық мәртебесі

ЖОСПАР

Кiрсiпе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Дипломатиялық қызметтiң түсiнiгi, маңызы және дипломатиялық
қызметке тән ерекшелiктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

2. Дипломатиялық өкілдік институты. Дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтар. Дипломатиялық курьердің құқықтық мәртебесі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

3.Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігі ... ... ... ... ... ..20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Пайдаланылған әдебитетер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

Кiрсiпе

Адамзат қоғамының даму тарихында мемлекеттердің сыртқы саясат мәселелерінде оның маңызды құралының бірі — дипломатия әрқашан бірінші орында келеді. Себебi, дипломатиялық қызметке тек бір-бірімен жанжалдасып қалған мемлекеттердің ғана емес кейде сондай-ақ, тұтастай халықтар тағдыры тәуледi болуы мүмкiн, өйткенi мұндай күрделi халықаралық проблемалардың тиімді шешілуіне тек дипломатиялық қызмет қана ұтымды көмек көрсете алады.
Жалпы "дипломатия" ұғымы грек сөзі dірlоmа - екі бүктелген бет, құжат деген мағынадан шыққан. Бұл жерде "дипломды ұстаушы" деген сөз алғашқы мағынасында қолданылып отыр, яғни провинцияларға немесе мемлекеттен тыс шетелге кетіп бара жатқан ресми тұлғаларға берілетін ұсыныс немесе сенім грамоталары.
Бүгiнгi күнде дипломатия - бұл халықаралық құқықта рұқсат етілетін арнайы дипломатиялық шаралар, әдістер мен тәсілдер көмегімен мемлекеттің сыртқы саясатын жүзеге асырудың бір құралы болып табылады.
Дипломатияық қызметтi сондай-ақ келіссөздер жүргізу мен келісім-шарттар жасау шеберлігі ретiнде қарастыруға болады. Мұндай шеберлік, әрине қоғамның даму заңдылықтарын білуге, халықаралық қатынас тарихын, жеке елдер тарихын, халықаралық құқықты, жеке елдердің конституциялық құқықтарын, шет тілдерiн бiлудi қажет етедi.
Мен бұл жұмыстың барысында дипломатиялық қызметтiң түсiнiгi мен маңызын, дипломатиялық қызметтiң ерекшелiктерiн, дипломатиялық қызмет субъектiлерiнiң құқықтық мәртебесiнiң, соның iшнде дипломатиялық курьер мәртебесін құқықтық-теориялық тұрғыдан қарастырып өтпекпiн.

1. Дипломатиялық қызметтiң түсiнiгi, маңызы және дипломатиялық
қызметке тән ерекшелiктер

Дипломатия - бұл мемлекеттің сыртқы саясатының, халықаралық қызметінің құрамдас бір бөлігі. Сыртқы саясат дипломатияның мақсаттары мен міндеттерін айқындайды және сол арқылы іс жүзіндегі шаралар жиынтығын, сондай-ақ сыртқы саясатта қолданылатын нысандарды, құралдар мен әдістерді айқындайды.
Өркениетті әлемдегі дипломатиялық тәжірибе тәуелсіз мемлекеттердің сыртқы саясаттағы мүдделерінде дипломатиялық қызметтің дәстүрлі әдістерінің және жаңа нысандар мен әдіс-тәсілдерінің қолданылып келе жатқанын көрсетіп отыр. Дипломатиялық қатынас пен талқылаудың түрлі нысандары ерекше маңызға ие болуда. Оларға мемлекет басшыларының кездесуі, мемлекеттер арасында жүргізілетін жоғары деңгейдегі көп жақты келіссөздерді жатқызуға болады.
Дипломатиялық қызмет нормативтік қамтамасыз етуге, халықаралық құқықтың басқа субъектілеріне қатысты олардың жүзеге асу тәртіптеріне мұқтаж болуда. Көптеген ғасырлар бойы осы құқықтық нормалар реттеу заты бойынша салыстырмалы түрде тұрақты және дербес саланы жасап шығарды. Қазіргі таңдағы дипломатиялық құқық халықаралық құқық салаларының ішіндегі анағұрлым жүйеленген және үдемелі дамыған салалардың бірі. Дипломатиялық құқық - бұл құқықтың байырғы салаларының бірі. Ол ең алдымен елшілік құқық ретінде пайда болып, дамыған еді. XX ғ. басына қарай елшілік құқық дипломатиялық құқыққа айналды.
Дипломатиялық құқық - бұл халықаралық қатынасқа қатысушы халықаралық құқық субъектілерінің еркін білдіретін қағидалар мен нормалардың халықаралық құқық субъектілерінің келісім және қамтамасыз ету нәтижелерінде бекітетін жиынтығы; бейбітшілік пен бейбіт қатар өмір сүруді қолдау және нығайту мақсатындағы ресми органдарының жағдайы мен қызметін (функциялары мен мәртебесін) реттейді.
Бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарында "сыртқы қатынас құқығы" деген ұғым кездесіп қалады. Сыртқы қатынас құқығы тұжырымдамасы халықаралық өмірдің нақты жағдайлары объективті түрде осы саладағы халықаралық құқық нормаларының жүйеленуі мен үдемелі дамуы осы саланың мемлекеттердің шетелдерде тіркелген дипломатиялық және консулдық өкілдіктерінің қызметін ғана емес, сонымен бірге сыртқы қатынастың ішкімемлекеттік органдарының, арнайы миссияларының, халықаралық конферециялардағы делегацияларының, халықаралық ұйымдардың жанындағы мемлекеттердің өкілдіктерінің және солардың жанындағы тұрақты бақылаушылар миссиясының қызметін реттеуге біртіндеп жол қойылатындығында. Міне, сол арқылы ғылыми айналымға "сыртқы қатынас құқығы" деген кеңірек ұғымды енгізуді түсіндіруге болады.
Шарт және салт-дәстүр дипломатиялық құқықтың негізгі қайнар көздері болып табылады. 1961 ж. дипломатиялық қатынас туралы Вена Конвенциясы дипломатиялық қызмет саласындағы негізгі қайнар көздің бірі. Сонымен қатар, дипломатиялық құқық мемлекеттердің арнайы миссияларының қызметін, сондай-ақ халықаралық конференциялардағы өкілдіктердің құқықтық мәртебесін реттейді. Ол, ең алдымен 1969 ж. арнайы миссиялар туралы Конвенция, мемлекеттер өкілдіктерінің әмбебап сипаттағы халықаралық ұйымдармен қатынастары туралы 1975. ж. Вена Конвенциясы.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы және оны жариялауы шетел мемлекеттерімен саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық -мәдени және басқа да қатынастарын дамытты. Сондықтан халықаралық қауымдастықпен қатысу нысандары мен тәсілдерін жаңарту қажеттілігі пайда болды. Халықаралық қатынастардың ұлғаюы, шетелдерде қазақстандық өкілдіктердің көбеюі мен қазақстандық азаматтар санының артуы дипломатиялық және консулдық қызметтің мазмұнына сапалық өзгерістер енгізді. 1993 ж. көктемінде Қазақстан сыртқы саясатты жүзеге асыру саласындағы халықаралық стандартқа қосылды. Дипломатиялық қатынас туралы 1961 ж. Вена Конвенциясына және консулдық қатынас туралы 1963 ж. Вена Конвенциясына орай, Қазақстан Республикасы елшілік, миссия немесе консулдық аймақ деңгейіндегі қатынастар орнатады. Дипломатиялық қатынастарда біз түрлі нысандарды қолданамыз. Мәселен, Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекет басшыларының (АҚШ, Жаңа Зеландия) жеке жолдаулары, дипломатиялық қатынас орнату жөніндегі Сыртқы істер министрлігінің біріккен мазмұндамалары (ҚХР, Испания, Австрия), дипломатиялық қатынас орнату жөніндегі хаттамалар (Моңғолия, Франция, Үндістан), ноталар алмасу (ОАР, Египет, Израиль) дипломатиялық қатынастарды орнату нысандары болды. Консулдық қатынастар үшін консулдық
конвенцияларға қол қою (Ресей Федерациясы, Венгр Республикасы), визаларды өзара мойындау туралы келісімдер (Грузия Республикасы, ТМД елдері), азаматтардың өзара сапарлары және визалар берудегі өзара түсіністіктер туралы меморандумдар (Пәкстан Ислам Республикасы, Иран Ислам Республикасы), консулдық шарттар (Украина, Түркменстан) консулдық қатынастар орнатудың кең таралған түрлері.
Шетел мемлекеттерінің тәжірибелерін ескере отырып, Қазақстан дипломатиялық және консулдық қызметтерді ұйымдастыру жөнінде өз заңдарын қабылдауда, сыртқы саяси ведомство — Сыртқы істер министрлігінің жұмысын жетілдіруде, консулдық заңдастыру туралы арнайы нұсқаулық материалдарын жасауда; Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел адамдардың және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты құжаттарды Сыртқы істер министрлігінің мекемелері арқылы сұрату тәртібі туралы; Қазақстан азаматтарын шетелдерде есепке алу және тіркеу туралы; Қазақстан азаматтарының шетелде тұрғылықты тұруларына рұқсат беруді ресімдеу туралы және т.б. жөнінде арнайы нұсқаулық материалдар дайындайды.
Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық қызмет Ұлттық заңдарға және халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік органдардағы азаматтардың кәсіби қызметі. Біздің мемлекетіміздегі дипломатиялық лауазымға тағайындау тәртібі халықаралық стандарттарға сай. Мәселен, дипломатиялық қызметке жоғары білімі бар, шет тілдерін білетін, өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін тиісті қабілеттері бар азаматтар тағайындалады. Біздің ойымызша, жақын болашақта, біз арнайы жоғары білім және мемлекеттік тілді білу сияқты талаптарды да қоса айтатын болармыз. Мұндай өзгерістердің болуы уақыт талабы. Сыртқы істер министрін тағайындау тәртібі, дипломатиялық қызметті өткеру және тоқтату ерекшеліктері, дипломатиялық қызмет қызметкерлерін қамтамасыз ету, кепілдік беру және өтемақылар, құқықтар мен міндеттер көлемі, жауапкершілігі мемлекеттік қызметтің осы бөліміне ерекше жағдайды қамтамасыз етеді.
Біздің мемлекетіміздің дипломатиялық және консулдық қатынастарын шетел мемлекеттеріндегі өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардағы өкілдіктер қамтамасыз етеді; Қазақстанның БҰҰ қызметіне қатынасуы, мемлекет мүддесін сыртқы саясаттағы түрлі мәселелерінде қамтамасыз етеді. Дипломатиялық құралдар мен тәсілдер арқылы мемлекеттің халықаралық бейбітшілікті, ұжымдық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі әрекеттерін жүзеге асырады.

2. Дипломатиялық өкілдік институты. Дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтар. Дипломатиялық курьердің құқықтық мәртебесі

Дипломатиялық өкiлдiк қызметi негiзнен мемлекеттер арасындағы экономикалық, мәдени, ғылым және басқа салалардағы қатынастарынын дамуына жәрдемдесу үшiн құрылады.
Дипломатиялық өкiлдiк өз мемлекетінің, оның ұйымдарының, өкілдіктерінің, заңды және жеке тұлғаларының мүдделерін халықаралық құқық рұқсат беретін шектерде мүденсiн қорғап мiндеттерiн жүзеге асырады, яғни дипломатиялық өкілдік дипломатиялық өкілдік орналасқан елдегі өз мемлекеттің өкілi болып табылады. Сондай-ақ дипломатиялық өкілдік міндеттеріне дипломатиялық өкілдік орналасқан елінің мемлекеттік органдарымен келіссөздер жүргізу жөне ресми байланыстар орнату; дипломатиялық өкілдік орналасқан елінің ішкі саяси жағдайын, биліктің барлық органдарының қызметін, саяси, экономикалық және әлеуметтік даму үрдістерін, оның сыртқы саясатын барлық заңды құралдармен зерттеуі жатады.
Дипломатиялық өкілдік институты эволюциясының себеп-салдарына мыналар жатады:
• мемлекеттердің өзара тәуелділігінің күшеюі;
• мемлекеттер арасындағы байланыстардың дамуы.
Дипломатиялық құқық саласында негізгі халықаралық-құқықтық құжаттардың қабылдануы халықаралық қатынастың белгілі бір тарихи даму кезеңдерін бейнелейді. Алайда, халықаралық құқықтық іс-тәжірибеде дипломатиялық өкілдік пен оның персоналдарының құқықтық мәртебелерінің кейбір мәселелері тиісті шешімін таппайтын жағдайлар жиі кездесіп қалуда.
Мысалы, дипломатиялық курьерлердің, дипломаттың уақытша резиденциясының иммунитеті, ішкі қызмет, дипломатиялық баспана мәртебелері айқындалмаған. Құқықтық ретгеудегі осындай кемшіліктердің барлығы - мемлекеттер арасындағы жанжалды жағдайлардың қайнар көзі болып отыр.
Мемлекеттердің халықаралық іс-тәжірибелерінде дипломатиялық өкілдіктер мен олардың персоналдарының мәртебесін реттейтін құқықтық нормалардың талдамаларында олардың құқықтық реттеулерін өзгерткен өзгерістер болып өтті. Дипломатиялық құқық нормаларын одан әрі жүйелеудің, Конвенцияларды қайта қараудың объективті қажеттігі туындады. Соған байланысты дипломатиялық курьер мәртебесі мен дипломатиялық курьер алып жүрмейтін дипломатиялық поштаның мәртебесі туралы баптардың жобасын дайындау жөніндегі БҰҰ-ның Халықаралық құқық комиссиясы атқарған жұмысы қызығушылық тудырып отыр.
Иммунитет ұғымы дипломатиялық және консулдық құқықтағы негізгі үғымдардың біреуі, immunitas деген латын сөзі тәуелсіз, тартылмайды деген мағынаны береді. Халықаралық келісімдерде белгіленген артықшылықтар мен иммунитет сөздерін айыра білу керек. Артықшылықтар деп мемлекет басшылары мен олардың өкілдерінің ерекше құқықтық артықшылығын айтамыз. Осындай артықшылықтардың ең елеулілері ретінде қол сұғушылық пен кемсітуден қорғау құқығын, белгілі бір жағдайларда арнайы белгілер мен эмблемаларды пайдалану құқығын (мысалы, өз жалауын) шетелдерде өзінің арнайы байланыс құралының болуына деген (курьерлер, шифрленген хабарламалар) құқықты және басқаларды айтуға болады.
Иммунитет деп мемлекет басшыларының, үкімет басшылары мен мүшелерінің, шетел мемлекеттерінің парламент мүшелері мен өкілдерін, сондай-ақ шетелдегі мүліктер мен мемлекеттік кемелердің дипломатиялық өкілдік орналасқан елдің сотының, қауіпсіздік қызметінің қаржылық аппаратының мәжбүрлі әрекеттерінен қорғалуын, оның ішінде талап-арыздан, қамаудан, тінтуден, жауап алудан және т.б. қорғалуын айтамыз.
Халықаралық құқық доктринасында дипломатиялық өкілдіктер мен олардың персоналдарының мәртебелерін халықаралық-құқықтық реттеу үрдістері бар.
Халықаралық-құқықтық реттеуге екі үрдіс тән: біріншісі, иммунитеттер мен артықшылықтарды шектеуге бағытталса, екіншісі -оларды дамытуға бағытталған. Олар дипломатиялық өкілдік орналасқан мемлекеттің мүдделері мен оларды жіберген мемлекеттердің мүдделері арасындағы объективті қайшылықтарға негізделген. Былай қарағанда, мұндай қайшылықтар болмауы керек, өйткені әрбір мемлекет бір мезгілде жіберуші де, дипломатиялық өкілдік орналасқан мемлекет те бола алады. Дегенмен, мемлекеттер арасындағы саяси жүйелерде, халық саны мен географиялық жағдайында, қаржылық және басқа да мүмкіндіктерінің сипатында, халықаралық аренадағы нақты мемлекеттің әсер етулерінде өзгешіліктердің болмай қалуы мүмкін емес. Осы факторлар арқылы белгілі бір сатыларда әрбір мемлекеттің яки жіберуші не болмаса дипломатиялық өкілдік; орналасқан ел ретіндегі мүдделері бір-бірінен артуына әкеліп соғады. Бүгінгі таңда мынадай үрдістер бар:
• Батыс елдерінің көпшілігі дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтар аясын кеңейтуді жақтайды. Дипломатиялық өкілдіктердің қалыпты қызмет етуін тұрақты және сенімдi қамтамасыз етуге ұмтылу шетел дипломатиялық өкілдіктерінің иммунитеттері мен артықшылықтарын өрескел бұзушылықтар болмаған жағдайда көрініс табады.
• Екінші жағынан алғанда, жетекші батыс мемлекеттерінде, әсіресе Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Франция елдерінде дипломатиялык иммунитеттер мен артықшылықтарды әкімшілік қүқық нормалары арқылы шектеуге бағытталған саясат бара-бара ашық жүргізіліп келеді.
Дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтарды шектеудің манызды себептерінің бірі ішкі саяси ұғымдар, дипломатиялық мекеме орналасқан мемлекет үкіметінің шетелдік дипломатиялық өкілдіктер тарапынан иммунитеттері мен артықшылықтарын асыра пайдалану жағдайларына батыс елдерінің наразылық білдіруіне көңіл аударуын айтуға болады.
Дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтарды шектеу үрдісіне негізінен азат болған мемлекеттер жақын келеді. Мұны олардың көбіне-көп тіркеуші мемлекет ретінде емес дипломатиялық қатынасқа келген мемлекет ретінде мәжбүрлі түрде қатысуымен түсіндіруге болар, өйткені олардың алдында тұрған қаржылық және кадр проблемалары дамыған мемлекеттермен қатар шетелде дипломатиялық өкілдікті ұстап түруға мүмкіндік бермейді. Мысалы, азат болған бірқатар елдер бір тарапты тәртіпте шетелдің дипломатиялық өкілдіктерінің персонал санына квоталық шектеулер бекіткен (Боливия, Ливия, Сингапур); жергілікті лауазымды адамдармен дипломаттардың байланыс жасауына шектеулер енгізілген (Бангладеш, Бенин, Индонезия, Танзания); шетелдік дипломаттардың жүріп-тұруына рұқсат беру немесе хабарлау тәртібі көзделген (Бирма, Кения, Нигерия, Судан); шетелдің дипломатиялық поштасын қарау (Непал).
Сөйтіп, дипломатиялық құқық нормаларын одан әрі жүйелеу үшін объективті алғышарттар пісіп жетілген кезде, дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтарды шектеуге бағытталған үрдістер үстемдік алып кетеді.
Жоғарыда қарастырылған ұстанымдар, негізінен алғанда, халықаралық-құқықтық реттеуге қатысты болды.
Нақты мемлекет қатысатын заң нормасы мен шарт нормасының арасында коллизия туындаған жағдайда, шарт нормасы қолданыладь Мәселен, Ресейде қарастырылып отырған саладағы негізгі заң актісi ретінде Ресей Федерациясының Конституциясы, КСРО аумағындағы шетелдік мемлекеттердін дипломатиялық және консулдық өкілдіктерінің Ережесі қолданылады. Жеке мәселелер Сыртқы істер министрлігінің ведомстволық актілерінде қарастырылған. Шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен олардың персоналының мәртебесін мемлекеттік-құқықтық реттеуде сот үлгілері белгілі бір рөл атқаруы мүмкін. Белгілі болғанындай, сот үлгілері халықаралық және ішкі мемлекеттік кұқықтардағы кемшіліктердің орнын толтырады, әсіресе қиын жағдайлар шешілген кездерде байқалады. Қазақстан Республикасында қарастырылып отырған мәселеде негізгі заң актісі ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Дипломатиялық қызмет туралы" 2002 жылдың 7 наурызындағы заң, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы 1996 ж. Ереже, 1999 ж. консулдық жарғы, Қазақстан Республикасы елшілігі туралы 1992 ж. Ереже, Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі туралы 1992 ж. Ереже, Қазақстан Республикасыньщ штаттан тыс (құрметті) Консул туралы 1993 ж. 28 тамызындағы Ереже қолданылады.
Мемлекеттік-құқықтық реттеу мемлекетке шетелдік өкілдік пен оның персоналы мәртебесінің қандай да бір ерекшеліктерін дербес айқындай отырып, әдетте халықаралық құқық нормаларының келісімді сипаттарының көздейтіндерінен толығырақ өз мүдделері мен сұраныстарын ескеруге мүмкіндік береді.
Иммунитеттер мен артықшылықтарға байланысты күрделірек мәселелердің бірі оларды беру қажеттігін теориялық негіздеу болып табылады.
Осы заманғы заң өдебиеттерінде үш теория қарастырылады: эксаумақтық, қызметтік кажеттілік және өкілдік теориясы.
Эксаумақтық теорияның мәні дипломатиялық өкілдік орналасатьш аумақ тіркеуші мемлекеттің бір бөлігі болып табылады дегенге келіп саяды; өкілдік елшісі мен персоналы дипломатиялық өкілдік орналасқан мемлекетте болғанымен, тіркелген мемлекет аумағында қала береді. Бүгінгі таңда дипломатиялық құқықта бұл теория іс жүзінде қолданылып жүрген жоқ. Қызметтік қажеттілік теориясы дипломатиялық өкілдік міндеттерінің тиімді орындалуын қамтамасыз ету қажеттілігі иммунитеттер мен артықшылықтар берудің негізі болып табылады дегенге саяды. Бұл теория XIX ғ. екінші жартысында кеңінен тарала бастады және бүгінгі таңда ; көпшілік мойындаған теорияға айналды. Бұл теорияның жағымды жағы — оның иммунитеттің болуын және көлемін анықтау қажет болған жағдайда даулы мәселелерді шешу үшін өлшем ретінде қолданыла алатындығында болып отыр.
Ал, аталмыш теорияның кемшілігі, оны пайдалана отырып, бірқатар иммунитеттер мен артықшылықтардың қажеттілігін негіздей алмайсың. Мәселен, теориялық жағынан алғанда, ' дипломаттың салық және кедендік иммунитетінің болуын, дипломаттың отбасы мүшелеріне иммунитеттер беруді, дипломатиялық қатынас құралдарының иммунитет көлемін түсіндіру қиынға соғады. Тұтастай алғанда, қызметтік қажеттілік теориясы қандай да бір иммунитеттің берілуін ғана түсіндіре алады, бірақ мәні бойынша иммунитет және артықшылықтар институтының заңдық негізі болып табылмайды.
Өкілдік теория дипломатиялық өкілдік басшыларының ғана иммунитеттер мен артықшылықтарын негіздеп бере алады. Қалған персоналдардың барлығы, сондай-ақ өкілдік қызметкерлерінің отбасы мүшелері бұл теория негізі бойынша иммунитеттерді пайдаланбауы тиіс, ал ол әрекеттегі іс-тәжірибеге қайшы келеді. Сонымен бірге, өкілдік теориясына орай, иммунитеттер дипломатиялық өкілдіктің ресми әрекеттеріне ғана таралады, ал оның жеке әрекеттеріне қатысты иммунитеттер бүл теорияда өз негізін таппайды.
Өкілдік теория дипломатиялық курьер иммунитетін де, сондай-ақ дипломатиялық қатынас құралдарының иммунитеттер көлемін де негіздей алмайды. Дипломатиялық өкілдіктің негізгі иммунитеттері мен артықшылықтары жүйесі:
а) ғимараттың қол сүғылмайтындығы.
Бұл дипломатиялық өкілдіктің қалыпты қызмет етуін қамтамасыз ететін маңызды иммунитеттердің бірі.
Дипломатиялық қатынас туралы 1961 ж. Вена Конвенциясының 1- бабының 1- тармағына орай, өкілдік ғимараты деп екілдік мақсаттары үшін пайдаланылатын ғимаратты немесе оның бір бөлігін айтады, оған меншік құқығы кімге тиесілі екендігіне қарамастақ өкілдік басшысының резиденциясы, сондай-ақ осы ғимаратгы немесе ғимараттың бір бөлігіне қызмет керсететін жер учаскесі де жатқызылады. Мемлекеттер өз іс-тәжірибелерінде шетелдік дипломатиялық екілдік ғимараттарын мәжбүрлі түрде тартып алудан аулақ тұруға тырысады. Мәжбүрлеу әрекетгерін қолдану туралы мәселе әрбір нақты жағдайлардағы мәнжайларды еркере отырып шешілуі тиіс, алайда дипломатиялық екілдік тарапынан келген мемлекеттің заңдары мен қаулыларын қүрметтемеуіне байланысты жауап беру мақсатында мәжбүрлеу шарасын қолдану жоққа шығарылмайды.
Дипломатиялық өкілдік ғимаратының қол сұғылмаушылығы іс жүзінде мынадай жолдармен жүзеге асырылады:
• Өкілдік ғимаратына оның басшысының рұқсатынсыз кіруге тыйым салу. Мұндай тыйым салу абсолютті сипатқа ие, және оны тіпті дипломатиялық өкілдікте өрт шықса да немесе оны террористер басып алса да сақтау керек
• Тінту, қамауға алу, реквизиция және атқару әрекеттері сияқты мәжбүрлеу шараларын жүзеге асыру мүмкіндігін жоққа шығару
• Дипломатиялық өкілдіктің тыныштығын бұзатын немесе ар-намысына тиетін, залал келтіретін жергілікті билік өкілдері әрекеттерінің алдын алу. Бұл жерде сөз жергілікті билік өкілдерінің дүшпандық ниеттері туралы болып отыр. Егер олардың әрекеттері дипломатиялық өкілдік мүдделеріне қатысты болганымен, арнайы оларға бағытталмаған болса және әдеттегі қызметтік міндеттерінің нәтижесі болса (өкілдік ғимаратына тікелей жақын жердегі қоғамдық жұмыстар, өкілдік орналасқан ауданда техникалық себептерге байланысты электр энергиясының, телефон байланысының үзіліп қалуы), ондай жағдайда аталмыш әрекеттерді ғимараттың қол сұғылмаушылығын бұзды деп бағалауға болмайды
• Дипломатиялық өкілдік ғимаратын күзетуді арнайы полицейлер немесе әскери бөлімшелер арқылы дипломатиялық мекеме орналасқан мемлекет жүзеге асырады. Халықаралық құқық нормасында осы мақсаттарға керекті дипломатиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дербес мемлекет иммунитетінің құқықтық негізі
Дипломатиялық өкілдіктің иммунитеттері мен артықшылықтары
Дипломатиялық иммунитет және артықшылықтар
Арнайы миссиялар
Дипломатиялық өкілдіктің құқықтық мәртебесі
Мемлекеттердің дербестеңдік қағидасы
Арнайы миссиялар дипломатиясының халықаралық-құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайына байланысты мәселелер
Құқықтағы жеңілдіктер, иммунитеттер және артықшылықтар
Қазақстан Республикасы- халықаралық құқық субъектісі
Пәндер