Оқушыларды ағылшын тілінде тілдік тіректер арқылы монолог түрінде сөйлеуге үйрету


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ОҚУШЫЛАРДЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ТІЛДІК ТІРЕКТЕР АРҚЫЛЫ МОНОЛОГ ТҮРІНДЕ СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУ

Шакирова Зарина Олжашевна

Павлодар қаласының № 35 жалпы орта білім беру мектебі

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы әлемдік бірлестікке кірген заманда білімнің рөлі мен маңызы артып, білім беру сапасын көтеру басты мәселелердің бірі болып отыр.

Ағылшын тілін оқытуда коммуникативтік мақсатқа жетуде ауызша сөздің рөлі өте зор. Ауызша сөйлеу арқылы адамдар бір- бірін түсінеді, өз ойларын айтады, дәлелдейді, естіген, айтылған хабарға өз көңіл- күй қатынасын білдіреді. Сөйлеудің басты түрі монолог түріндегі сөйлеу.

Оқушылардың басты мақсаты тілдік тіректер арқылы ағылшын тілін оқытуда оқушылардың білім, білік дағдыларын дамыту. Фонетика және лексико- грамматикалық дағдыларын қалыптастыра отырып, еркін сөйлеуге, өздігінен сөйлемдер құрай білуге үйрету, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, ағылшын тілін білудің маңыздылығын түсіндіру, ана тілін құрметтеп, өзге тілді игерту арқылы адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Егер оқушыларды ағылшын тілінде тілдік тіректер арқылы монолог түрінде сөйлеуге үйретсе, онда олардың сөйлеу қабілеттері, танымдық қызығушылықтары, мәтінмен жұмыс жасау кезінде шығармашылық дағдылары қалыптасып қана қоймайды, олар ағылшын тілінде еркін сөйлеуге жаттығады.

Қазіргі уақытта оқушылардың басым бөлігі ағылшын тілінде жүйелі және еркін сөйлей алмайды, себебі оларға монолог түрінде сөйлеудің тиімді жолы ұсынылмаған.

Оқушыларды монолог түріндегі сөйлеуге үйретуде тілдік тіректердің маңызы өте зор. Ағылшын тілдерін оқыту әдістемелерінде «тірек» ұғымы әртүрлі түсіндіреледі. Көптеген ғылыми жұмыстарда ол стимул, әрекет жасауға түрткі ретінде қарастырылады. Мағлұмат оқушылардың ойлауына түрткі бола алады, ал мұғалімнің міндеті оқушылардың тыңдаған, оқыған, көрген мәліметтерін дұрыс басқара отырып, оларды монолог түрінде сөйлету. Көп жағдайда тілдік тіректер сөз әрекетін ұйымдастырушы болып, олардың белгілі бір бағытта дамуына, оқушылардың сөйлегенде қате жасамауына дәнекер бола алады.

Сөйлеудің монолог түрін қолдану үшін, сөйлеушіге белгілі бір мазмұн керек те, ол сол мазмұнның негізінде сөйлемдер құра білуі тиіс, монолог- сөздің ұйымдасқан түрі, сондықтан мұнда жекелеген сөйлемдер мен айтылымдар ғана емес, бүкіл хабар жоспарланып, бағдарлануы керек.

Тілдік тіректер оқушылардың дайындалған монолог түрінде сөйлеуіне көп септігін тигізеді. Көптеген әдіскерлер тілдік тіректердің, сөзден мәтінге дейін, мынадай классификациясын ұсынады:

  1. материалдарды көрсету негізінде; тілдік- кіші көлемдегі көруге болатын мәтін, жоспар, сызба, ұран, мағыналық сөздер, мақал- мәтелдер; бейнелеуші - кинофильм, диафильм, түрлі бейнефильмдер, суреттер, кесте, сызба, белгі, плакат, карикатура.
  2. Сөз әрекетін басқару негізінде;
  • Мазмұндық тіректер (кім? не? қашан? қайда? қалай? және тағы басқа сұрақтар) ;
  • Мағыналық тіректер (неге? не мақсатпен? және ттағы басқа сұрақтар) .

Енді сөз тіректерінің төмендегідей классификациясын ұсынуға болады:

  1. Монологқа тән логикалық сызба. Бұл сызба сөйлемдердің бірізділігін, дәйектілігін көрсетіп, ең бастысы мазмұнды болжауға, айтылуды жоспарлауға және лексикалық, грамматикалық толықтырылуына, стилистикалық өрнектелуіне бағытталады.
  2. Логика- мағыналық сызба. Мұнда сұрау сөздерінің бірізділігі сақталады. Мысала: Who? Where? When?
  3. Структуралық сызба. Мұнда айтылатын сөздің логикалық, синтаксистік құрылымына және морфологиялық ерекшеліктеріне назар аударылады.
  4. Тезис не сұрақ түріндегі жоспар.
  5. Сөзді бастауға және аяқтауға байланысты тілдік тіректер.

Жоғарыда айтылған тірек түрлерінің барлығы да айтпақшы сөздің жалпы бағытын сонымен бірге мазмұнын, жоспарын бағдарлауға мүмкіндік береді. Олар айтылатын сөздің логикалық құрылымын, сапалық және сандық толықтығын қамтамасыз етеді.

Белсенді оқыту әдістемесінің жақтастары тірек- сөйлемдерді үлгі- мәтін болмаған жағдайда, мағыналық жоспар ретінде пайдалануды ұсынады. Ал структуралық- функционалдық бағыттың өкілдері структуралық сызбаларды ойды бір сөйлем деңгейінде айтуда, әрі қарай толық мәтіннің композициясын анықтайтын логикалық- мағыналық сызба түрінде пайдалануды ұсынады. Осыған орай алгоритмдерді де қолдануға болатынын көрсетеді. Олардың мақсаты- оқыған мәтін негізінде өз ойын айту, өзгерту, ықшамдау, өмірлік тәжірибесіне байланысты мағлұматты өндеу іскерліктерін дамытуға үйрету болып табылады.

Қазіргі кезде ағылшын тілін оқытуда оқушылардың сөйлеу іскерліктерін дамытуда тіректерді коллаж ретінде пайдалану өте тиімді болып отыр, себебі ол объектіге және оның компоненттеріне жан- жақты қарауға, бірден зейін аударуға мүмкіндік береді. Коллажды әсіресе елтану мәтіндерімен жұмыс істегенде қолданған тартымды, қызықты және тиімді. Коллаж мазмұны және түрі жағынан көзбен көру көрнекілігінен жатады, ол сызба, сурет, фотоматериал, диаграмма, тақырып, сөздер және сөйлемдер ақпарат оқушылардың бойында ассоциация топтамасын туғызады. Негізгі түйін және оның компоненттерінің арасындағы байланыс бағыттаушы сызықтармен, түстермен және сандармен белгіленеді. Коллаж мәтін мазмұнын айтып беруде, болып жатқан уақиғаның даму желісін көрсетуде, қысқаша мазмұндық тірек бола алады, ал мұндағы суреттер, тілдік, графикалық сызбалар және тағы басқа оқушылардың тақырыпқа терең үңілуіне, ойдың шығармашылықпен дамуына жағдай жасайды. Коллаждағы түстер мазмұндық компоненттерінің маңызырақ екенін көрсетеді. Бұл әдісті жүзеге асыру барысында, оқушылар түрлі тілдік тіректер жасауды үйренеді, соның негізінде алған білімдерін, өз ойларын ұтымды және жүйелі түсіндіре алады, ағылшын тілінде сөйлейді, тілдік тіректер бойынша дидактикалық материалдар жасалады. Тілдік тіректерді негізге алып, монолог түрінде оқытуда оқушылардың танымдық қызығушылығының деңгейін анықтау, оқушылардың тыңдаған, оқыған, көрген мәліметтерін дұрыс қабылдауын қадағалай отырып, оларды монолог түрінде сөйлеуге үйрету, оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен шығармашылықтарын дамытуда әдістің тиімділігін дәлелдеу.

Тілдік тіректер жалпы дидактикалық және методикалық принциптерді ескере, төмендегідей талаптарға сай құрылуы тиіс:

  • Біріншіден өтіліп жатқан материалды ескеру қажет;
  • Екіншіден тіректер түсінікті және көрнекі болуы тиіс.

Тілдік тіректер оқу процесін жандандырып, оқушылардың монолог түрінде сөйлеу іскердліктерін қалыптастырып, дамытады. Оқушылардың танымдық қызығушылығын тілдерді оқыту үрдісінде қалыптастырудың дидактикалық шартттары:

  • Тілдерді оқытуда тың ақпараттарды және қазіргі технологияларды қолдану;
  • Тілдерді оқыту барысында белсенді әдістерді пайдалану;
  • Тілдерді оқытуда мәтіннің мазмұнын жаңа технологияға және әлеуметтік саяси жағдайға сәйкестеп сұрыптау.

Кез келген сөйлеу іскерліктерін дамыту процесінде екі кезеңді, яғни сөйлеуге дайындық және сөйлеу кезеңін ескеру қажет. Сөйлеуге дайындық кезеңінде алдымен фонетикалық және лексика- грамматикалық дағдылар қалыптастырылып, оқушылардың өз ойларын монолог сөз түрінде айтуы жаттықтырылады. Монологтың структурасын, композициясын және архитектуралық жағын үйретуде үлгі- мәтінді пайдалану керек.

Мәтінмен жұмыс төрт сатыдан тұрады:

  1. Мәтінге дейінгі;
  2. Тікелей мәтінмен жұмыс;
  3. Аналитикалық;
  4. Мәтіннен кейінгі;

Мәтінге дейінгі саты оқушыларды үлгі- мәтіндегі кездесетін қиындықтарды шешу жолдарына бағыттайды. Тікелей мәтінмен жұмыс үлгі- мәтінді оқуға және мәтіннен кейін берілген тапсырмаларды орындауға бағытталған. Мұнда оқушылардың мәтін мазмұнын қалай түсінгені тексеріледі. Аналитикалық сатының мақсаты- мәтінді құрылымдық, мазмұндық компоненттеріне қарай топтау болып табылады. Мәтіннен кейінгі сатының мақсаты- оқушылардың үлгі- мәтін айтып беруі.

Сөйлеу кезеңінде оқушылардың монолог түрінде сөйлеу іскерліктері қалыптастырылады. Мұнда оқушылар өз бетінше мәтінде көтерілген мәселеге байланысты өз ойларын айтып жеткізуге тырысады. Бұл жерде үлгі- мәтін афоризмге, мақал- мәтелге, тақырыпқа, ұранға және тағы басқа ықшамдалады. Тақырыпты оқудың алдына оқушыларды коллажбен таныстыруды ұсынамыз. Бұл үшін коллаждың фрагментіне кірген негізгі түсініктермен тақырыптың мағыналық белгілерін талдау керек. Коллаж ауызша сөйлеудің тірегі болып саналады яғни негізгі сөзден басқа коллажға түрлі суреттер, жинақталып жүйеленген суреттер тағы басқа жатады. Аталған негізгі сөздерден бөлек коллаж фрагментіне тірек сөздер енгізілген.

Мәтін негізінде монолог түрінде сөйлеуді дамыту 7 жаттығудан тұрады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілін оқытудың бастапқы сатысында оқушыларды ауызша сөйлеуге үйрету жолдары
Сөйлеудің басты түрі монолог түріндегі сөйлеу
АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ЕРКІН СӨЙЛЕУДІҢ МАҢЫЗЫ
Ағылшын тілінің негізгі компоненттері
Шет тілі фонетикасын оқыту
Орта деңгейде ағылшын тілінде ауызша сөйлеуді дамыту
Ағылшын тілінде оқыту құралдары
Ағылшын тілі сабағы. Оқыту әдістері
Коммуникативті оқыту технологиясы негізінде оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту жолдары
Шет тілін оқытудағы Еуропалық деңгейлер жүйесіне сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz