Түркі қағанат астанасы – Орда-балық



1 ТҮРКІ ҚАҒАНАТ АСТАНАСЫ . ОРДА.БАЛЫҚ
2 Әдебиеттер
3 Қысқарған атаулар
Ежелгі заманнан бері көшпелікпен отырықшылдықты түркі халықтары қатар алып жүргені ғылыми әдебиеттерде жақсы анықталған. Демек, Орталық Азияны мекен еткен ертеортағасыр дәуіріндегі көк түріктерді батыстың біраз зерттеушілері қала тұрғызып отырықтанбаған, нағыз жабайы көшпелілер ретінде көрсетіп келді. Ал, тарихи деректер батыстық ғалымдардың бұл уәжінің ағат екенін дәлелдейді.
Қытайдың «И-тун-чжи» атты жылнамасында: «Б.з. Ү ғасырында Алтай жотасының маңында хан Ордасының есігін шығысқа қаратқан түркілердің қалалары бар еді» [6.ІІІ.46] десе, б.з. ҮІІ ғасырының алғашқы жартысында түркілер Цзун-цай тауының бөктеріне Хэй-ша қаласын тұрғызғаны туралы тарихи мәліметтер қалдырған [1.І.233]. Осы Хэй-ша қаласының тұрғындарының саны 5000-ға жеткені туралы ақпарат қалдырған. Хэй-ша деп отырғаны Орхон мәтіндерінде жазып қалдырған Қарақұм қаласы [1.І.266]. Ол қала кейін б.з. ХІ-ХІІ ғасырлар кезінде таңғуттар мекендегендіктен «таңғыттардың Хара-хотосы» деп аталды. Онымен қатар қытай жылнамасында б.з. 730 жылы Қытайдың батыс шекарасының сыртындағы Гови шөлінің оңтүстігіндегі түркі тайпаларының бір басшысы Чансучэн деген тұлға түркілердің 7 қаласын жерімен қосып алып Қытай империясының қоластына кіргені туралы тарихи дерек сақталған [6.І.53].
Орхон мәтіндеріндегі дерек (КТ.ІІ.4, 8; КЧ.11; Оа 1; БК.28) бойынша Көк түркі дәуірінде бір ғана бүгінгі монғол үстіртінде Орда-балық, Тоғул-балық, Мағы қорған, Өтүкен-балық, Езгенті қадаз деген бес қала болған.
Екінші Түркі қағанатын орнату үшін алғаш кіріскенде ел ішінде не болғанын мына деректен білуге болады. Онда: «Туšra jоryjur tijin kü еsidip, balyqdaqу taɣyqmys, taɣdaqy inmis = Тыста (сыртта) [олар] жортуда дегенді нақ естіп, қаладағылар тауға, таудағылар [қалаға] кірді» (КТ.І.12). Бұл мәлімет ел ішінде үлкен дүрбелең басталып сыртта бас қосқан Құтлұғ Елтеріс бастаған қаған тұқымының алпауыттары тауға шығып жортуылдап ел жинаса, таудағылар оның үгітімен қалаға құйылғандығын көрсетеді. Түркілерде қала болмаса осыдан 1270 жыл бұрын тас бетіне осылайша дерек қалдырмас еді.
Түріктің Білге қаған Ордасы қазіргі Хархорин қаласының батыс солтүстік жағында, одан 70 ли (35 км) қашықтықта орналасқаны туралы «Мэн-гу-ю-му-цзи» атты еңбекте көрсеткен [7.326]. Бұл айтып отырған жері Орда-балық қаласы. Орда-балық қаласы Хар-хориннан 40 км қашықтықта орналасқан. Күлтегін қайтыс болған кезде Таң патшасы Сюан-Цзунның арнайы өкілі армия қолбасшысы Чжан Цюй, Орда басшыларының бірі Лю сяньдерді басшы етіп жіберген 6 шебері мен 500 әскерін Түрік қағанатының Білге қағаны оларды осы Орда-балықта қабылдаған [2.1-36].
Бұл тарихи дерек Орда-балық қаласы Түрік қағанатының астанасы болғанын дәлелдейді. Бұған дейінгі батыс зерттеушілерінің Орда-балық Ұйғур қағанаты дәуірінде тұрғызылған деген тұжырымына осы деректің өзі тойтарыс береді. Онымен қатар 1948-1949 жылдары монғол ғалымы Х.Пэрлээ, кеңестер одағының азаматы, доктор, профессор, атақты археолог С.В.Киселев екеуі Орда-балық қаласына алғашқы бақылау қазба жұмысын жүргізген. Сол кезде Қытайдың Сүй (582-618 жж) және Таң (618-907 жж) дәуірінің қыш ыдыстар мен жабынқыш сынықтары табылған. Бұл археологиялық дерек Орда-балық б.з. 582-618 жылдардан бұрын орнап қойған қала екенін көрсетеді.
1. Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. –М; Л., 1950. Т.3.
2. Васильев В.П. Китайская надпись на Орхонских памятниках в Кошо-Цайдам и Карабаласуна // СПб, 1897, СТОЭ. Т. ІІІ, с. 1-36.
3. Букнич Д.Д. Краткий предварительный отчет мелиоративно-гидротехнической и археологической партии Орхонской экспедиции 1933 году // ТХГБС. Д. 17. №4.
4. Клеменц Д.А. Археологический дневник поездки в Среднюю Монголию в 1891 году // СТОЭ. Т.ІІ. СПб. 1895. С. 47-65.
5. Киселев В.С. Древние города Монголии // СА. 1957, №2. С.93-95. Пэрлээ Х. Монголард улсын эрт, дундад үеййн хот суурины товчоо. УБ. 1961, худ. С.49-53.
6. И-тун-чжи. 3-кітап, 46-бет.
7. «Мэн-чу-ю-му-цзи» перевод Попова. СПб., 1894, с. 326.
8. Радлов В.В. Предварительный отчет о результатах снаряженной с высочайшего соизволения ИАН экспедиции для археологического исследования Бассейна реки Орхона // СТОЭ. Т.І. СПб. 1892. С.1-12.
9. Сартқожаұлы Қ. Монғолия экспедициясының есебі. 2003, 2005, 2007 ж.
10. Самашев З. Ордабылқ жауһарлары // «Мәдени мұра» журналы, -Астана, №1, 2008, 51-55 беттер.
11. Худяков Ю.С., Цэвээндорж Д., Керамика Орду-Балыка // Археология Северной Азии. Новосибирск, 1982, С. 85-94.
12. Ядринцев Н.М. Отчет экспедиции на Орхоне современной в 1889 году (географический дневник) // СТОЭ. Т.І. СПб. 1892. С. 51-113.
13. Ядринцев Н.М. Отчет и дневник о путешествии по Орхону и Южный Хангай в 1891 году // СТОЭ. Т.Ү. СПб. 1901. С.1-54.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ТҮРКІ ҚАҒАНАТ АСТАНАСЫ – ОРДА-БАЛЫҚ

Ежелгі заманнан бері көшпелікпен отырықшылдықты түркі халықтары қатар
алып жүргені ғылыми әдебиеттерде жақсы анықталған. Демек, Орталық Азияны
мекен еткен ертеортағасыр дәуіріндегі көк түріктерді батыстың біраз
зерттеушілері қала тұрғызып отырықтанбаған, нағыз жабайы көшпелілер ретінде
көрсетіп келді. Ал, тарихи деректер батыстық ғалымдардың бұл уәжінің ағат
екенін дәлелдейді.
Қытайдың И-тун-чжи атты жылнамасында: Б.з. Ү ғасырында Алтай
жотасының маңында хан Ордасының есігін шығысқа қаратқан түркілердің
қалалары бар еді [6.ІІІ.46] десе, б.з. ҮІІ ғасырының алғашқы жартысында
түркілер Цзун-цай тауының бөктеріне Хэй-ша қаласын тұрғызғаны туралы тарихи
мәліметтер қалдырған [1.І.233]. Осы Хэй-ша қаласының тұрғындарының саны
5000-ға жеткені туралы ақпарат қалдырған. Хэй-ша деп отырғаны Орхон
мәтіндерінде жазып қалдырған Қарақұм қаласы [1.І.266]. Ол қала кейін б.з.
ХІ-ХІІ ғасырлар кезінде таңғуттар мекендегендіктен таңғыттардың Хара-
хотосы деп аталды. Онымен қатар қытай жылнамасында б.з. 730 жылы Қытайдың
батыс шекарасының сыртындағы Гови шөлінің оңтүстігіндегі түркі тайпаларының
бір басшысы Чансучэн деген тұлға түркілердің 7 қаласын жерімен қосып алып
Қытай империясының қоластына кіргені туралы тарихи дерек сақталған
[6.І.53].
Орхон мәтіндеріндегі дерек (КТ.ІІ.4, 8; КЧ.11; Оа 1; БК.28) бойынша
Көк түркі дәуірінде бір ғана бүгінгі монғол үстіртінде Орда-балық, Тоғул-
балық, Мағы қорған, Өтүкен-балық, Езгенті қадаз деген бес қала болған.
Екінші Түркі қағанатын орнату үшін алғаш кіріскенде ел ішінде не
болғанын мына деректен білуге болады. Онда: Туšra jоryjur tijin kü еsidip,
balyqdaqу taɣyqmys, taɣdaqy inmis = Тыста (сыртта) [олар] жортуда дегенді
нақ естіп, қаладағылар тауға, таудағылар [қалаға] кірді (КТ.І.12). Бұл
мәлімет ел ішінде үлкен дүрбелең басталып сыртта бас қосқан Құтлұғ Елтеріс
бастаған қаған тұқымының алпауыттары тауға шығып жортуылдап ел жинаса,
таудағылар оның үгітімен қалаға құйылғандығын көрсетеді. Түркілерде қала
болмаса осыдан 1270 жыл бұрын тас бетіне осылайша дерек қалдырмас еді.
Түріктің Білге қаған Ордасы қазіргі Хархорин қаласының батыс солтүстік
жағында, одан 70 ли (35 км) қашықтықта орналасқаны туралы Мэн-гу-ю-му-цзи
атты еңбекте көрсеткен [7.326]. Бұл айтып отырған жері Орда-балық қаласы.
Орда-балық қаласы Хар-хориннан 40 км қашықтықта орналасқан. Күлтегін қайтыс
болған кезде Таң патшасы Сюан-Цзунның арнайы өкілі армия қолбасшысы Чжан
Цюй, Орда басшыларының бірі Лю сяньдерді басшы етіп жіберген 6 шебері мен
500 әскерін Түрік қағанатының Білге қағаны оларды осы Орда-балықта
қабылдаған [2.1-36].
Бұл тарихи дерек Орда-балық қаласы Түрік қағанатының астанасы болғанын
дәлелдейді. Бұған дейінгі батыс зерттеушілерінің Орда-балық Ұйғур қағанаты
дәуірінде тұрғызылған деген тұжырымына осы деректің өзі тойтарыс береді.
Онымен қатар 1948-1949 жылдары монғол ғалымы Х.Пэрлээ, кеңестер одағының
азаматы, доктор, профессор, атақты археолог С.В.Киселев екеуі Орда-балық
қаласына алғашқы бақылау қазба жұмысын жүргізген. Сол кезде Қытайдың Сүй
(582-618 жж) және Таң (618-907 жж) дәуірінің қыш ыдыстар мен жабынқыш
сынықтары табылған. Бұл археологиялық дерек Орда-балық б.з. 582-618
жылдардан бұрын орнап қойған қала екенін көрсетеді.
Ал, қытайдың И-тун-чжи жазба жылнамасының 3-дэвтерінің 48-49
беттерінде: Тянь Баоның алғашқы жылы (б.з. 751 ж) Ұйғурдың Күли Пэилу (Күл
Білге) қағанының хан ордасы У-тэ-цзянь (Өтүкен) тауы мен Хун (Орхон)
дариясының арасында қоныстанды. Ол қоныстанған жердің шығыс жағы жазық
дала, батысында У-тэ-цзянь (Өтүкен) тауы. Солтүстігінде 600 ли (300 км)
қашықтықта Сянь-э (Селенгі) дариясы орналасқан [6.ІІІ.48-49] деп жазған.
Бұл жазба құжаттағы дерек Ұйғурдың Күл Білге қаған қу мекиен далаға келіп
қоныстанбағанын, бұрынғы Түрік қағанатының астанасын иемденгенін паш етеді.

Міне, сол дәуірдегі жазба деректермен археологиялық олжалар Орда-балық
қаласы Ұйғур қағанатынан (үшінші Түрік қағанаты) бұрын болғанын, ол Түрік
қағанат астанасы екенін дәлелдейді.
Зерт.: 1889-1895 жылдары Н.М.Ядринцев [12.51-113; 13.1-54], 1894 жылы
Д.А.Клеменц [4.47-65], В.В.Радлов [8.1-12] Орда-балық қаласының
сипаттамасын жасап (толық емес), алғаш рет жоба суретін берген-ді. 1933-
1934 жылдары Д.Букнич [3], 1948-1949 жылдары Орда-балыққа бақылау қазба
жұмысын Х.Пэрлээ, В.С.Киселев [5.49-53] жүргізген. 1982-2004 жылдары осы
жолдардың авторы осы қалада бірнеше рет арнайы болып, сызба жобасын, жаңа
сипаттамасын жасады [9].
Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының ғылыми қызметкері
археолог З.Самашев бастаған топ 2007 жылы тамыз айында Монғолияға барып,
Орда-балық қаласына екі күн аялдап қайтты. Іс сапары туралы жол жазбасын
жариялады [10.51-55]. Ю.С.Худяков, Д.Цэвээндорж Орда-балық қаласынан
табылған қыш ыдыс, жабынқыштарға байланысты мақаласын жариялады [11].
Қаланың орналасуы, солтүстік ендік бойынша N – 47º25'472'', бойлығы Е
– 102º 39' 572'', теңіз деңгейінен 1400 м биіктікте орналасқан.
Қала құрылысына страграфиялық бақылау жүргізген белгілі археолог
В.С.Киселев алғаш рет археологиялық сипаттамасын берген.
Герман археологтарының 2007-2008 жылдары жүргізген зерттеулері мен
аэрофото түсірілімдерінің нәтижесін 2008 жылы қыркүйек айының басында Улан-
батыр қаласында жариялады. Неміс ғалымдары Орда-балық (Харбалғас) қаласының
аумағы 55 км2 екенін анықтады. Мұндай алып қала ертеорта ғасырда еуропада
да болып көрмеген.
Орын: Түстіктен солға қарай бет алып ағып жатқан Орхон дариясының
оңтүстік батыс жағалауына қала орналасқан. Қаланың оңтүстік жағы 20 км-ге
созылған жазық дала. Ол дала Өндөр-овоот тауының солтүстік етегімен
шектеседі. Енді, осы жазықтың батыс жағын ала Хотонт сұмыны орналасқан.
Сұмынан батысқа қарай 60 км қашықтықта Цагаан-сүм арасаны бар. Осы
Арасанның түстігінде Цагаан-сүм деп аталған көне қаланың орны бар. Бұл
қалаға 1987- жылы жүргізген страграфиялық бақылау нәтижесі байырғы түркі
дәуірінің қаласы екені анықтаған [9]. Бұл қала қирандысы аталған Өтүкен-
балық (қаласы) болуы мүмкін. Өндөр-овоот тауынан бас алып Өтүкен-балық
(Цагаан-сұм) жанынан бет алып ағып шыққан Жиримт атты кішкентай өзен Орда-
балықтың оңтүстік жағындағы жазықты қиып өтіп Орхон дариясына құяды. Өтүкен-
балық пен Орда-балықтың арасы 65 км қашықтықта. Өтүкен-балық Көк
түріктердің жазғы резидентциясы болған сияқты.
Сипаттамасы: Алыстан көзге шалынатын Орда-балық қаласындағы қаған
ордасы орналасқан алып қамал. Қамалдың көлемі 260 × 410 м. Қамалдың үлкен
дарбазасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үйсіндер.Қаңлылар.Ғұндар
Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлері
Нәтижесінде Қазакстан аумағында түркі мемлекеттері
Ежелгі Қазақстан. Қазақстан тас дәуірінде
«түрік дәуірінің кезеңделуі»
Ұлы Түркі қағанаты
Қазақстан территориясындағы ортағасырлық мемлекеттер (ҮІІ – ХІІ ғғ.)
«Түрік» этносы және этнонимі
«Түркі» этносы және этнонимі
Ерте және кейінгі ортағасырлық мемлекеттер
Пәндер