Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру мақсатында бюджтеттік қатынастарды реттеудің теориялық моделі


ЖОСПАРЫ
КlРlСПЕ
Ғылыми зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі . Экономикалық категория ретiнде мемлекеттiк бюджет қоғамдық өнiм құнының мемлекеттiң орталықтандырылғын қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу үдерісiнде және оны ұдайы өндiрiстi ұлғайту, қоғамдық қажеттердi қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндiрiске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын белгiлейдi.
Бюджет экономикаға бюджет механизiмi арқылы ықпал етедi. Мұнда бюджеттiң бүкiл экономикаға ықпал құралы ретiндегi рөлi көрiнедi. ″Бюджет механизiмi″ - мемлекеттiң ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын құру және пайдалану формалары мен әдiстерiнiң жиынтығы. Экономиканы реттеу орталықтандырылған қаражат қорының көлемiн белгiлеу, оны құру, пайдалану формалары мен әдiстерiн реттеу, бюджеттi құру және орындау үдерісiндегi қаржы ресурстарын қайта бөлiске салу жолымен жүзеге асырылады.
Мемлекеттiң негiзгi қаржы жоспарының көрсеткiштерi Қазақстан Республикасы Парламентінің жыл сайын қабылдайтын ″мемлекеттiк бюджет туралы″ заңына сәйкес мiндеттi түрде орындалуы тиiс.
Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан барлық меншiк формасындағы кәсiпорындар, бiрлестiктер мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлер республикалық бюджетке, кеден тарифтерiне сәйкес ұлттық валютамен экспорттық және импорттық баж салықтарын төлейдi.
Экономиканың қазiргi жағдайында орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндiрiс қарқынын қамтамасыз ететiн салалық және аумақтық құрылымдар құрып, iрi әлеуметтiк өзгерiстер жүргiзуге мүмкiндiк бередi. Орталықтан бөлiнетiн қаржының көмегiмен қаражат экономиканың басты өңірлеріне шоғырланып, мемлекеттiң экономикалық және әлеуметтiк саясатын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Сөйтiп, құндық бөлiнiстiң айырықша бөлiгi ретiнде ″Мемлекеттiк бюджет″ айырықша қоғамдық арналымды жалпы мемлекеттiк қажеттердi қанағаттандыруға қызмет етедi.
Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев осы жолғы халқына арнаған Жолдауында мемлекеттің демократиялық дамуының алдағы 10 жылына айырықша мән берді.
Елбасы «Қазақстан -2030» стратегиясын дәйектілікпен іске асыру еліміздің алдағы ілгерілеуі және оның жедел әрі жан жақты жаңартуының берік негізін қалағанын атап өтті.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру мақсатында бюджтеттік қатынастарды реттеудің теориялық моделін айқындау.
Дипломдық жұмыстың міндеті - елдің бюджет жүйесін жетілдіру жолдары мен бағыттарын айқындау болып табылады.
Ғылыми жұмыстың нысаны - Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі болып табылады.
Зерттеудің ақпараттық базасын «Қазақстан - 2030» даму Стратегиясы, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан халқына Жолдаулары, ҚР Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары, Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігінің елдің әлеуметтік-экономикалық даму есебі, басқа да құқықтық-нормативтік актілер, арнайы веб-сайттар, Ұлттық статистика агенттігінің ресми мәліметтері құрайды.
Дипломдық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі 68 беттен, оның ішінде 3 кесте, 11 сурет берілген. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 34 мәліметтер атауын қамтиды.
1. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің теориялық аспектілері
1. 1. Бюджет мәні, оның экономикалық мазмұны мен функциялары
Қазақстан Республикасының бюджет кодексiне сәйкес бюджет - бұл мемлекеттiң өз мiндеттерi мен функцияларын iске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры [1] . Бюджет - ол жалпы қаржы мен салыстырғанда бөлек, ерекше тұрған экономикалық категория [2] . Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана абстракцияның басқа деңгейі мен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына байланысты. Сондай-ақ, көптеген қаржылық байланыстардың ішінде бір-бірінен ерекше тұратын бөлек арнайы салаларды бөліп шығаруға болады. Сондай бір ерекше байланыс қоғамдық кұндылық өнім бөлу аумағында мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы қаржылық қарым-қатынас болып табылады. Бұндай қайшылық қарым-қатынастың жалпы белгісі, біріншіден, олар мемлекеттің қатысуымен болатын кұндылық бөлу үдерісінде орын алуы, екіншіден, жалпы мемлекеттік функцияларды атқаруға арналған орталықтандырылған ақша қаражаттар қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты. Осындай барлық қаржылық қарым-қатынас мемлекеттік бюджет деген түсініктің экономикалық мазмұнын құрады. Бюджеттің формасы - қаржылық жоспар, материалдық негізі - орталықтандырылған қор, экономикалық негізі - жалпы экономикалық қарым-қатынас, заңнамалық белсендіруі - заң болып табылады.
Бюджет әр мемлекетке өзінің экономикалық, әлеуметтік және саясаттық функцияларын орындауға объективтік ақшалай түрде қажетті. Бюджет барлық мемлекеттерде мазмұндары бірыңғай категориялардан қалыптасады, яғни салық, займдар, шығын және тағы басқалары, сонымен қатар олар бір қоғамдық-экономикалық формациядан басқа формацияға ауысса да өздерінің мазмұнын өзгертпейді. Дәл осы ұғым бюджетті экономикалық категория ретінде дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттің экономикалық түбі басқа да экономикалық категорияларға сай ақша түріндегі және соған сәйкес материалды негізі бар өндірістік қарым-қатынаста жатыр.
Экономикалық әдебиет (заңдар, монографиялар, оқулықтар, ғылыми мақалалар) беттерінде «бюджет» термині әр түрлі ұғымда пайдаланады, мысалы, ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы формасында немесе ақша қаражаттарының негізгі орталықтандырылған қоры ретінде. Осыған коса, әдебиетте мемлекеттік бюджетке тағы да келесідей анықтама берілген: бюджет ол қаржылық жоспар; бюджет - ол басқарушылық жоспар; бюджет - ол заңнамалық құжат; бюджет - ол коммуникация құралы; бюджет - ол бюджеттік салық саясатын дәлелдейтін құжат деген. Бірақ, бюджеттік салық саясатының мазмұны өте кең, себебі оған мемлекеттік басқару органдарының негізгі функциялары, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен фискалдық саясаттың көрсеткіштері, бюджеттің көрсеткіштері тағы басқа көрсеткіштер мен ережелер кіреді.
«Бюджет» деген көптеген ұғымға сүйене отырып, ол келесідей түсініктемелерден қалыптасады деп айтуға болады:
- өз алдында жеке бір экономикалық категория;
- мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қоры;
- экономиканы реттеуге арналған құрал (бюджеттік механизм арқылы) ;
- мемлекеттің негізгі қаржы жоспары;
- барлық бюджеттік қарым-қатынасқа қатысушылар міндетті түрде орындайтын заң [2] .
Бюджет экономикалық қарым-қатынасқа негізделгендіктен объективтік түрде сипатталады. Өз алды бюджеттік сала болуы адамзаттың субъективтік пікіріне байланысты емес, ең алдымен ол коғамдық өңдірістің дамуына керекті орталықтандырылған ресурстарға, мемлекеттің табиғаты мен функцияларынан туатын объективтік қажеттілікке байланысты. Ақша қаражаттары ресурстарын орталықтандырудың экономикалық және саясаттық мәні өте зор, себебі олар мемлекеттің жоспарлаған шараларын іске асырудың негізгі құралы, біріккен экономикалық және қаржылық саясатты жүргізуге қажет болып табылады.
Сондықтан, Бюджет кодексінде мемлекеттік бюджетке мынадай түсінік берілген - ол «республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы қарама-қарсы өтеу операцияларын есептемегенде сараптамалық ақпарат ретінде пайдаланатын және бөлуге жатпайтын қосындысын құрайтын жалпы бюджет». Сонымен қатар, «мемлекеттік бюджет» термині - мемлекет құрастыратын және басқаратын орталықтандырылған бюджеттік қор мағынасында да пайдаланылады.
Бүгінгі күнгі мемлекеттің бюджеті қаржылық қарым-қатынастағы әр түрлі қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қалыптастыратын күрделі және көп міндет атқаратын құрал. Бюджет арқылы орталық пен өңірлер арасындағы әлеуметтік шығындар мен салық бөлу, еңбекақы мен кіріс жөніндегі ымыраға келеді, бюджеттік дотациялар мен трансфертер бөлу арқылы мемлекет орталық жөне жергілікті мүдделерді қалыптастырып іске асырады. Ал бюджет экономикалық құжат ретінде қоғамның саясаттық және әлеуметтік дамуын көрсетеді.
Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік бюджет басқа да бір экономикалық категория сияқты өндірістік қарым-қатынасқа негізделеді және өзіне сай материалды-құндылық түрі бар, яғни бюджеттік қарым-қатынас материалды түрде орталықтандырылған ақша қаражаттар қоры - бюджеттік қорда болады. Бұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық үдерістер мемлекеттің жинап және пайдаланып жатқан ақша қаражаттары көлемі арқылы көрінеді. Мемлекет бюджеті төмендегі 1-суретте бейнеленген.
1-сурет. Түрлі деңгейдегі бюджеттердің өзара іс-әрекеті
Ескерту: Автормен құрастырылды.
Бюджеттік қор (бюджет ресурстары) - ол мемлекет тарапына, оның жалпы мемлекеттік функцияларын орындауға арналған құндылық бөлу сатыларынан өткен, обьективтік экономикалық формадағы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс қозғалысының белгілі бір бөлігін құрайды. Бюджеттік қорды қалыптастыру мен пайдалану - құндылықты бөлу мен кайта бөлуге байланысты сол құндылықтық қозғалыс үдерісін көрсетеді.
Бюджеттік іс-әрекет жүргізу мемлекеттің орталыңтандырылған ақша қаражаттары қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты және ерекше экономикалық, ұйымдастырушылық формаларды қолдану негізінде жүргізіледі. Экономикалық формалар түсінігі ретінде жалпы ішкі өнімді құндылық бөлу үдерісінің бір жақтарын объективтік түрде көрсететін бюджеттің кіріс және шығыс категориялары айтылады. Бұл категориялар өз алды арнайы қолданылады, яғни кіріс - мемлекетті бюджеттік ресурстармен (қажетті ақша қаражаттарымен) қамтамасыз етуге арналған, ал шығыс - жалпы мемлекеттік функциялар орындауды қаражаттандыруға бюджеттік ресурстарды бөлуге арналған.
Бюджет іс-әрекетінің ұйымдастырушылық формалары ретінде кірістің түсуінің нақты түрлері, олардың көлемін анықтайтын әдістер бюджет тапшылығы мен оның шығыстарының көлемін есептейтін тәсілдер пайдаланады. Негізінде, бұл мемлекеттің арнайы заңнамалық актілер қабылдау арқылы реттейтін бюджеттік қарым-қатынастың белгілі формалары.
Алайда, мемлекеттік бюджет ішкі өнімді құндылық бөлу мен қайта бөлу үдерісіндегі мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа да қатысушылар арасында болатын ақша қарым-қатынасқа байланысты экономикалық категория. Бұл қарым-қатынас мемлекет ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру және оны экономиканың дамуы мен қоғамдық мүдделерді қамтамасыз етуге пайдалану жолдары арқылы іске асырылады.
Бюджеттің әрекет етуінің барлық ұйымдастырушылық және экономикалық формалары жоспарлы түрде жүргізіледі, себебі көптеген меншік формадағы шаруашылық өз алды болжам-жоспарлық жүргізуді талап етеді. Бұл, кезекті ретте, бюджеттік қарым-қатынастың осындай болжам-жоспарлық формада әрекет етуін талап етеді. Мемлекеттің ақша қаражаттары орталықтандырылған қорының қозғалысы жоспарлық форма мен бюджеттік байланыстың тұрақты сипаты негізінде болуы бюджеттік байланыстардың арнайы қаржы құжатында - бюджетте, яғни мемлекеттің негізгі қаржы жоспарында анықталады. Бұл құжатта бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын барлық бөлу үдерістері қарастырылған.
Негізгі қаржылық жоспардың арнайы кіріс және шығыс баптары мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын пайдалану бағыттары мен оның қалыптасу көздерін көрсетеді. Негізгі қаржы жоспар мемлекеттің жоспарлық әрекетінің нәтижесі болып табылады, себебі мұнда қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін анықтайтын және оларды орындайтын мемлекеттің күш-жігері жарияланады.
Қаржы жоспары ретінде бюджет, бір жағынан, экономика мен басқа да салалар дамуының қаржы жоспарларына негізделеді, екінші жағынан көбінесе солардың мәнін анықтайды. Ол мемлекеттік бюджеттің жалпы экономикаға белсенді түрде ықпал етуіне қатысты, яғни негізгі қаржылық жоспар барлық ұлттық экономиканың бюджеті болып табылады. Материалдық өндірістің дамуын ынталандырушы ретінде де мемлекеттік бюджеттің рөлі өте зор. Бюджет қаражаттары жеке (бөлек шаруашылық субъектілер) және қоғамдық (барлық ұлттық шаруашылық) негізгі қорлар айналымдылығын қамтамасыз етуге де пайдаланады.
Мемлекеттің бюджеттік-салық саясатында каржылық жоспар бюджет арқылы іске асырылады. Мемлекеттің бюджеттік-салық саясаты - ол халықтың әл-ауқаттылығын арттыру мен экономикалық дамуды қамтамасыз етуге арналған іс-әрекеті. Бұл саясат еліміздегі жұмыссыздықты қысқарту, инфляцияның қарқынын төмендету мен баска да осындай мәселелерді шешуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Осындай күрделі мәселелерді шешуге және еліміздің жалпы экономика жүйесіне әсер ету үшін мемлекет өз қызметінде мемлекеттік қаржы басқарудың механизмдері мен құралдарын пайдаланады. Бюджет тарапынан негізгі құралдар ретінде мемлекеттік кіріс пен мемлекеттік шығыс табылады.
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы жалпы қаржы қасиеттерімен айқындалады, яғни экономикалық маңызды сипаттайтын әдіс ретінде жалпы қаржы мен оның тізбектерінде бір типтік функцияларға сәйкес жүргізіледі. Сондықтан, мемлекетік бюджет барлық қаржы жүйесі секілді бөлу және бақылау функцияларын атқарады. Сонымен қатар, «қаржы» категориясына қарағанда бюджет ерекше категория, оған келесі негізгі функциялар атқаруы тәнті:
- ұлттық табысты қайта бөлу;
- әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету;
- экономиканы реттеу мен ынталандыру;
- ақша каражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру мен пайдалануын бақылау [3] .
Ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімдердің құндық бөліс құралы ретінде мемлекеттік бюджет осы функция арқылы өзінің экономикалық маңызын тікелей көрсетеді. Бөліс функция арқылы мемлекет ауқымында ақша қаражаттарын орталықтандыру мен оны жалпы мемлекеттік мұқтаждықты қанағаттындыруға пайдалану іске асырылады. Ал бақылау функциясы мемлекет тарапынан уақытында және толық қаржы ресурстар түсуі, орталықтандырылған қаражаттар бөлуіндегі пропорциялар жағдайы, сол қаражаттар үнемді және тиімді пайдалану жөнінде мәлімдейді.
Мемлекеттік бюджеттің бөлу мен бақылау функциялары бір-бірінен бөлек емес, неғұрлым бірігіп, бір уақытта іске асырылады, себебі бұларда бюджеттік қарым-қатынастың барлық жағы бейнеленеді.
Бөлу функцияның мазмұны қоғамдық іс-әрекет салалары, аумақтар, экономика салалары арасында қаржы ресурстарды қайта бөлу үдерісімен анықталады. Бюджеттен басқа бірде-бір құндылық бөлу категориялар ақша қаражаттарын осындай көп аспектіні қайта бөлу мен экономикалық басқарудың әр деңгейінде іске асыра алмайды.
Салааралық қайта бөлу, бір жағынан, заңды және жеке тұлғалар бюджетке енгізетін салықтар мен төлемдерге, ал екінші жағынан, бюджеттік қаражаттар арқылы әр түрлі инвестициялық бағдарламалар, айналыс құралдар, операциялық және басқа да шығындарды қаражаттандыруға негізделеді. Аумақаралық қайта бөлу лайықты мемлекеттік билік органдарына салықтар мен кірістер бекіту және бюджеттік реттеудің әр түрлі формалары арқылы жүргізіледі. Мұндай әдіс әрбір әкімшілік-аумақтық бірлікте оның дамуын еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына сәйкес қамтамасыз ететін бюджеттік қор қалыптастыруын қамсыздандырады.
Ақша қаражаттарын өндірістік және өндірістік емес салалар арасында қайта бөлу материалдық өндіріс кәсіпорындардың қаржы ресурстарының бір бөлігін алу арқылы іске асырылады. Содан кейін өндірістік емес сала мекемелерін бюджеттік қаржыландыру жүргізіледі. Мұндай бюджеттік қаржыландырудың ұлттық табысты пайдалануының құрылымын қалыптастыруда рөлі өте зор, себебі мемлекеттік бюджет экономика секторлары арасында ұлттық табысты қайта бөлудің маңызды құралы болып табылады. Әрине, қазіргі уақытта ақша қаражаттарының басым жағы орталықтандырылған қорға мемлекеттік сектордан түседі, бірақ жалпымемлекеттік қажеттілікті қамтамасыз етуге жеке кәсіпкерлер мен экономиканың мемлекеттік емес саласының баска да субъектілердің қаражаттары тартылады.
Бөлу функцияны ішкі өнімнің бөлінген құнын қайта бөлуге пайдалануының кең тарауы бірден мемлекеттік бюджет арқылы ұлттық табыстың белгілі бір бөлігін қайта бөлуге әкеледі. Ақша қаражаттарының ағыны бюджетпен кәсіпорындардың өзара қатынастарының өзгерістері арқылы ең алдымен өзара байланыстарды өзгертеді, сонымен қатар бюджеттің экономикаға тигізетін әсерінің дәрежесін тек сандық үйлесімдермен анықтамай, олардың экономика үдерістерінің дамуы мен еліміздің қаржы ресурстарының өсуіне әсерлі болады. Сондықтан, бюджеттің бөлу функциясы экономиканың құндық құрылымын реттеуде, салалық және аумақтық үйлесімдерді жетілдіруде, мемлекет ішіндегі және мемлекетаралық деңгейдегі интеграциялық үдерістерді ұлғайтуда кеңінен пайдаланады.
Бөлу функциясының әрекет ету шекарасы бюджетпен қатынасқа түсетін қоғамдық өндірістің барлық қатысушылар мен экономиканың барлық салаларымен анықталады. Бюджеттік бөлудің негізгі объектісі болып қосымша өнім (таза табыс) табылады, бірақ бюджет арқылы керекті өнімнің де бір бөлігі қайта бөлінуі мүмкін, мысалы, материалдық өндіріс жұмыскерлерінің салықтық төлемдері және оларды пайдалануы.
Бюджеттің бөлу функциясының ерекшеліктеріне: бюджеттің қоғамдық өндіріске көпжақты әсері мен нақты нәтижеге жеткізетін жоғары деңгейдегі іс-әрекеті жатады. Бюджеттің бұл функциясы ақша қаражаттарын экономикалық және әлеуметтік дамудың басымдылық бағыттарға пайдалануға мүмкіншілік береді де экономиканың жоғары өсу қарқынына жетуі мен оның тиімділігін жоғарылатуына ықпал етеді.
Бюджеттің бақылау функциясының негізін бюджеттік түсімдермен шығындар көрсеткіштері арқылы бюджеттік ресурстар қозғалысын қалайды. Мысалы, бюджетке уақытында немесе толық төленбеген салықтар мен түсімдер - экономиканың кейбір салаларында даму қарқыны төмендегеннің белгісіне жатады. Егер бюджет тарапынан қарастырылған қаражаттар толық көлемде пайдаланбаса, ол экономика мен басқа іс-әрекет салаларда экономикалық коньюнктура қажетті деңгейде еместігін білдіреді. Сондықтан, бюджеттік көрсеткіштер экономикадағы осындай кемшіліктерді көрсете отырып, сол кемшіліктерді жою мен бұзылған қаржылық тәртіпті қалпына қайта келтіруге бағытталған нақты шара қарастырып қолдануға негіз болады.
Бюджеттің бақылау функциясы бәрін қамтушы сипатқа ие және өте кең әрекетті іс-шаралармен ерекше. Бұл функция экономиканың барлық салалары мен қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларына таралды. Дегенмен, бюджетке елдің барлық қаржы ресурстары жиналмаса да, ол бақылау функцияға экономиканың жалпы қаржылық ахуалы жөнінде «хабар беруге» кедергі болмайды.
Қазіргі заманның талабына сәйкес бюджеттің бақылау функциясы да өзгеруде, себебі ол өз мақсаттарын іске асыруға кең тараған ақпарат пайдалану, автоматталған жүйелер, қаржылық есептемелер, компьютерлер қолдану негіздерінде көп мүмкіншілік алады.
Мемлекеттік бюджет категориясы объективті болғандықтан оның функциялары да объективті. Бюджет функцияларын бірден оның ішкі әлеуеттік қабілеттілігінен түсіну қажет, себебі ол (қабілеттілік) өзін тек міндетті түрде белгілі саласында көрініс табады. Сондықтан, бюджетке тән қасиеттер көрінісі, оларды бөлу мен бақылау құралдары ретінде пайдалануы тек адамша іс-әрекет үдерісінде мүмкін, ал ол мүмкіндік мемлекет жасаған бюджеттік механизм арқылы іске асырылады.
1. 2. Бюджеттік жүйенің түсінігі және оның құрылымы
Бюджет жүйесi - бюджеттердiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттiк үдерістер мен қатынастардың жиынтығы. Бюджеттік жүйе - мемлекеттің барлық қаржы жүйесінің маңызды құрамдық бөлігі болып табылады [2] . Бюджеттік жүйе экономикалық категория ретінде мемлекеттің орталандырылған ақша қорын, бюджетті - қалыптасу мен пайдалану бойынша заңды, жеке тұлғалар мен өңірлер арасындағы қаржылық қатынастар. Басқаша айтқанда, барлық денгейдегі бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және экономикалық қатынастар мен құқықтық нормаларға негізделген бюджеттік үдеріс пен бюджеттік қатынастар қосындысын бюджеттік жүйе деп түсіндіріледі.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 4-бабында айқындалған қағидаттарға негізделеді. Оларға бірлік, толықтық, шынайылық, транспаренттілік, сабақтастық, нәтижелілік, дәйектілік, негізділік, уақтылылық, кассалардың бірлігі, бюджеттердің дербестігі, тиімділік, жауапкершілік, бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы сипаты сияқты қағидаттар жатады.
Мемлекеттің әкімшілік-аумақтық бөлінісіне мемлекеттік билік пен басқару деңгейлері сәйкес келеді, бұл өзара байланысқан және бірыңғай бюджет жүйесіне біріктірілген әр түрлі деңгейдегі бюджеттерді де алдын ала айқындайды.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі республикалық және жергілікті бюджеттер мен Ұлттық қордың, сондай-ақ бюджет үдерісінің жиынтығын білдіреді.
Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің құрылымы 2-суретте ұсынылған.
2-сурет. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
Ескерту: Автормен құрастырылды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, болашақ ұрпақтар үшін қаржы қаражатын жинақтау, экономиканың қолайсыз сыртқы факторлардың әсеріне тәуелділігін азайту үшін құрылды.
Мемлекеттік бюджет олардың арасындағы өзара өтеу операцияларын ескермегенде, республикалық және жергілікті бюджеттердің жиынтығын білдіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz