Гаэтано Моска



Гаэтано Моска
Гаэтано Моска (Gaetano Mosca) (1858-1941) - итальян саясаттанушысы әрі әлеуметтанушысы, саяси қайраткер, заңгер.
Моска “Элементтері” (1895) шыққан уақытта неоконтшылдар Ф.Ницше мен А.Бергсонның идеялары кең танымал болып, итальяндық неогегельшілдер өз позицияларын нығайта бастағандығына қарамастан, позитивизм ықпалы әлі де сезіліп тұрған еді. Моска позитивизмге екі жақты көзқараста болды, өйткені осы мектептің кейбір өкілдерін сынай отырып, оның жалпы парадигмасына берілгендігін сақтап қалды.
Конттың ілімін қарастыра отырып, итальян әлеуметтанушысы оның қолданатын теологиялық, метафизикалық және позитивті сатылар ұғымдарына қарсылық білдірген жоқ. Алайда ол осы сатылардың үшеуі де адамзат дамуының әрбір кезеңінде бірге өмір сүреді деп есептегенімен, бұл сатылардың біртіндеп ауысу заңымен келіспейтіндігін білдірді. Итальян әлеуметтанушысының байқауы бойынша, “позитивті сатыдағы” адамның ғылыми білімі дінге деген қажеттілікті жоққа шығармайды, “ал ол әлсіреген жерде социал-демократияның бұрынғыдан да пасық ырымшылдығы мен метафизикалық сандырағы күшейді”. Ол тарихи деректермен бекітілген интеллектуалды үш саты мен бірін-бірі алмастыратын саяси ұйымдар нысандары арасындағы Конт параллельдерін таба алмады, оның ішіндегі біріншісі - балалық шақты, екіншісі - есею кезін, ал үшіншісі - адамзаттың жетілуін білдіреді.
Герберт Спенсер ілімінде Моска қоғамның екі типке: әскери (күштеуге негізделген) және индустриалды (еркін келісімге негізделген) болып бөлінуіне көңіл аударады. Бұлайша жіктеуді Моска “долбарлап” қабылданғандықтан қолайсыз деп есептеді.
Спенсер үшін әскери қоғамнан жеке-дара қоғамға өту қоғамдық реттеудің сапалы жаңа әдісінің пайда болғандығын білдіреді. Орталықтандырылған әскери мемлекеттегі “оң” реттеуден (яғни, “күштеуден іс-әрекетке көшу”) қоғам өнеркәсіптік мемлекеттегі “теріс” (яғни, белгілі бір іс-әрекеттерге ғана тыйым салынған кездегі жеке-дара еркіндік) реттеуге өтеді. Моска Спенсермен пікірталас барысында кез келген мемлекет “оң” және “теріс”, яғни күштеуші және шектеуші әрекеттерді қатар жүргізіп отыратындығын баса көрсетті.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Гаэтано Моска

Гаэтано Моска (Gaetano Mosca) (1858-1941) - итальян саясаттанушысы әрі
әлеуметтанушысы, саяси қайраткер, заңгер.
Моска “Элементтері” (1895) шыққан уақытта неоконтшылдар Ф.Ницше мен
А.Бергсонның идеялары кең танымал болып, итальяндық неогегельшілдер өз
позицияларын нығайта бастағандығына қарамастан, позитивизм ықпалы әлі де
сезіліп тұрған еді. Моска позитивизмге екі жақты көзқараста болды, өйткені
осы мектептің кейбір өкілдерін сынай отырып, оның жалпы парадигмасына
берілгендігін сақтап қалды.
Конттың ілімін қарастыра отырып, итальян әлеуметтанушысы оның қолданатын
теологиялық, метафизикалық және позитивті сатылар ұғымдарына қарсылық
білдірген жоқ. Алайда ол осы сатылардың үшеуі де адамзат дамуының әрбір
кезеңінде бірге өмір сүреді деп есептегенімен, бұл сатылардың біртіндеп
ауысу заңымен келіспейтіндігін білдірді. Итальян әлеуметтанушысының байқауы
бойынша, “позитивті сатыдағы” адамның ғылыми білімі дінге деген
қажеттілікті жоққа шығармайды, “ал ол әлсіреген жерде социал-демократияның
бұрынғыдан да пасық ырымшылдығы мен метафизикалық сандырағы күшейді”. Ол
тарихи деректермен бекітілген интеллектуалды үш саты мен бірін-бірі
алмастыратын саяси ұйымдар нысандары арасындағы Конт параллельдерін таба
алмады, оның ішіндегі біріншісі - балалық шақты, екіншісі - есею кезін, ал
үшіншісі - адамзаттың жетілуін білдіреді.
Герберт Спенсер ілімінде Моска қоғамның екі типке: әскери (күштеуге
негізделген) және индустриалды (еркін келісімге негізделген) болып
бөлінуіне көңіл аударады. Бұлайша жіктеуді Моска “долбарлап”
қабылданғандықтан қолайсыз деп есептеді.
Спенсер үшін әскери қоғамнан жеке-дара қоғамға өту қоғамдық реттеудің
сапалы жаңа әдісінің пайда болғандығын білдіреді. Орталықтандырылған әскери
мемлекеттегі “оң” реттеуден (яғни, “күштеуден іс-әрекетке көшу”) қоғам
өнеркәсіптік мемлекеттегі “теріс” (яғни, белгілі бір іс-әрекеттерге ғана
тыйым салынған кездегі жеке-дара еркіндік) реттеуге өтеді. Моска Спенсермен
пікірталас барысында кез келген мемлекет “оң” және “теріс”, яғни күштеуші
және шектеуші әрекеттерді қатар жүргізіп отыратындығын баса көрсетті.
Географиялық детерминизм тұрғысындағы әлеуметтік саралану мәселесін
Моска Геродоттан, Гиппократтан және Ш.Монтескьеден бастап зерттейді. Оның
тұжырымы бойынша, өркениет дамыған сайын қоғам өміріндегі географиялық
фактордың ықпалы әлсіреп, мәдени фактордың әрекеті күшейеді. Бұл айғақты
дәлелдеу үшін Моска Г.Кардтың, итальян әлеуметтанушысы әрі криминологы
Н.Колаяннидің еңбектерімен қатар көптеген деректерді пайдаланды. Мысалы,
ХІХ ғасырдағы итальян криминалистері арасында тұлға темпераментін
анықтайтын табиғи орта жағдайларының қылмысқа әсері туралы көзқарасқа қарсы
шыға отырып, Моска криминалды статистикадағы аймақтық айырмашылықтарды
әлеуметтік-экономикалық факторлармен түсіндірді.
Нәсілдік теорияларға көңіл аудара отырып, Моска өзінің заманында
әлеуметтік ғылымдарда бұл теориялардың нағыз экспансиясы жүзеге асқандығын
көрсетті. Оның пікірі бойынша, қоғамдық прогресс пен халықтардың саяси
ұйымы нәсілдік белгілерге тәуелді дейтін ілімдер өзінің өмірге келуімен
Дарвин іліміне және салыстырмалы лингвистика мен антропология сияқты
ғылымдарға қарыздар, Моска қандай да бір нәсіл өкілдерінің тумысынан
артықшылығы туралы көзқарасты теріске шығарды.
Өз заманындағы әлеуметтік теорияларға көзқарасын білдіре отырып, Моска
әлеуметтану ғылымының әдісі мен пәні туралы жеке ұғымын анықтады. Оның
міндеті ретінде ол бұқаралық іс-әрекетке бағынатын заңдар мен тұрақты
психологиялық үрдістерді ашу деп біледі және оның позициясы бұл жөніндегі
Паретоның “Жалпы әлеуметтану тезисінің” бастапқы тезистеріне сәйкес келеді.
Бірақ та Парето үшін әлеуметтану Конт рухындағы қоғамды зерттейтін барлық
ғылымдардың жалпылама көрінісі болса, ал Моска, негізінен, әлеуметтану
пәнін саясаттану зерттеулерінің бүкіл кешенінен бөліп қараған жоқ. Конт
ұсынған әлеуметтану пәнінің мазмұнын Моска тым ауқымды және анық емес деп
есептеп, оны саяси ғылым деп атауды ұйғарды. Оның басты міндеті саяси билік
құрылысын анықтайтын тұрақты үрдістерді зерттеу деп есептейді, өйткені
билік жүйесі осы уақыттағы қоғамның қандай екенін және неге ол дәл осы
бағытта дамып отырғандығын білдіреді.
Әмбебап саяси теория ғылымилығының өлшемі ретінде Моска оның құрамында
барлық зерттеушілер мойындаған кешен мен күмәнға жатпайтын ақиқаттың болуы
және әмбебап әдістердің қолданылуы деп санады. Оның негізгі талаптары
мыналарға келіп саяды: а) саясат пен тарих саласындағы танымдық процестен
субъективті компонентті алып тастау; б) деректердің мүмкіндігінше көптеу
мөлшеріне арқа сүйеу.
Моска қолданатын “тап” ұғымының мазмұны марксистік түсініктемемен сәйкес
келмейді, өйткені негіз ретінде экономикалық нышан емес, билік
иерархиясындағы орны алынады. Басқарушылар мен бағынушылар арасында
қатынастың болу фактісі қандай да бір дәлелдеуді талап етпейді. Адамдардың
бұл екі тобы өркениеттен бастап кез келген қоғамда болды және бола бермек
және де басқарушы тап саны жағынан әрқашанда өзі билейтін көпшіліктен
неғұрлым аз болады.
Моска қоғамның әрбір саяси ұйымында демократиялық, монар-хиялық және
аристократиялық басқару принциптерінің элементтері қатар өмір сүреді деген
тұжырым бойынша Спенсермен келісе отырып, Руссо заманынан келе жатқан
демократиялық ағым ұсынған халық билігі идеясын теріске шығарды.
Алайда, бір жеке адам үшін оның және өзінің мүддесін қорғап отыратын
азшылыққа арқа сүйемейінше, билік ету мүмкін еместігін оңай мойындайтын
болсақ, онда, Москаның пайымдауы бойынша, нақ азшылық көпшілікті билейді,
керісінше емес деген тұжырымды қабылдау қиынға соғады. Мұны дәлелдеу үшін
Моска мынадай тұжырым ұсынды: азшылық ұйымдасқан болғандықтан билік етеді,
ал көпшілік қолында билік жоқ және өз-өзінен ұйымдасуға қабілетсіз, себебі
ол - көпшілік. Ұйымдасқан азшылықтың бытыраңқы көпшілік алдындағы
артықшылығын Моска өзгермейтін және мәні бір тарихи заң ретінде
қарастырады. Бұл оның қалған басқа салаларда сыналатын позитивизм
әдістемесіне толығымен жауап береді.
Ұйымдасу артықшылығымен қоса үстем тап өкілдері басқары-латын бұқарадан
“оларға материалдық, интеллектуалдық, сонымен бірге моральдық артықшылықтар
беретін” белгілі бір қасиеттермен ерекшеленеді. Моска жауынгерлік, айбынды,
қарабайыр қоғамдарда жеке адамның үстем тапқа оңай кіруін мүмкіндік беретін
қасиеттің нақ өзі деп санады.
Ол сыртқы күштеу теориясын жоққа шығара отырып, позитивтік әдіске
қарамастан, таптық қатынастарды зерттеумен қатар таптардың қалыптасу
мәселесіне де көңіл бөлді. Бұл жерде ол осы процесте әскери жорықтармен
және басып алушылықтармен қоса жерге жеке меншіктің пайда болуы үлкен рөл
атқарғандығын мойындауға мәжбүр болды.
“Саяси ғылым элементтері” еңбегінде Моска саяси ұйымның екі типін
көрсетті. Феодалдық типі барысында қоғам көптеген ұсақ, өзін-өзі
қанағаттандыра алатын әлеуметтік қауымдастықтардан (“агрегат-тардан”)
тұрады, ал басқару функциялары болса бөлінбеген немесе бөлінбеген дерлік
болады.
Дегенмен, байлық пен билік арасында өзара тәуелділік болады және “саяси
билік байлықты жасағаны сияқты, байлық та билікті жасайды”. Бұл байланысты
демократиялық процестің дамуы бұза алмайды.
Билік етуші тап байлықты жинаумен және сақтаумен қатар рухани салада
үстемдік етуге қажетті ғылыми білімдерді пайдалану мен таратудағы басты
позицияларды қолға алуға талпынады. Шіркеудің белгілі бір деңгейде
демократиялық болатынына қарамастан, онда да “дін басылар
аристократиясының” ерекше табы қалыптасады. Кез келген қоғамда билік етуші
таптың “мұрагерлік кастасы” қалыптасатын үрдіс болады.
Бірақ үстем таптың азғындап, оның орнына жаңасының келуін немен
түсіндіруге болады. Кез келген таптың үстемдік ету жағдайынан айрылуының
басты себептері, Москаның көзқарасы бойынша, не билікке келуге көмектескен
қасиеттерін жоғалтуы немесе олардың жаңа әлеуметтік ортаға сәйкес келмеуі
болады.
Н.Маккиавелли және И.Тэн еңбектерімен жігерленген Моска қоғам дамуының
басты жемісі екі үрдіс арасындағы күрес деп есептеді: үстем таптың билікті
сақтап қалып, мұрагерлік бойынша беруге ұмтылысы және жаңа таптың күштердің
ара салмағын өзгертуге ұмтылысы. Қоғамдағы жаңару мен тұрақтану
үрдістерінің кезектесуі тарихи процестің белгілі бір ырғақты өрістеуін
тудырады.
Билік етуші таптың немесе Италияда саяси тап деп аталатынның жалпы
теориясынан Моска оны азшылық тарапынан көпшіліктің жүріс-тұрысын
басқарудың нақты механизмін сараптауда қолдануға көшті. Мұндай зерттеудің
алғашқы нәтижесі оның бозбала кезіндегі (1883) еңбегінде саяси формуланы
ашуы болды, егер маркстік терминді қолданатын болсақ, онда оны үстем таптың
артықшылық жағдайын идеологиялық ақтау ретінде түсіндіруге болар еді.
Итальян әлеуметтанушысы саяси формуладан саяси ұйым мен оның барлық
азаматтарының бірігуін бекітетін әлеуметтік күшті көрді.
Моска тағы бір негізге аларлық ұғымды - “әлеуметтік тип” ұғымын енгізді.
Ол арқылы Моска әлеуметтік топ өкілдерінің біріне тән тұрақты сипаттағы
әлеуметтік және психологиялық белгілерінің жиынтығын көрсетеді. Олар
тұрғылықты аумақтық бірлік, тарих, тіл, дін, өмір сүру қалпының ортақтығы
нәтижесінде қалыптасады.
Әлеуметтік типтің қалыптасуының бастапқы тарихы ретінде Моска
тайпалардың бір тотемнен шыққандығына сенуін қарастырады. Оның пікірі
бойынша, әрбір осы тектес дербес халық “құмдағы көкорай сияқты”,
мәдениеттердің өзара байланыстары кездейсоқ болғанға дейін, яғни қарабайыр
тайпалар ортасында өмір сүргенге дейін ежелгі өркениеттерден әлеуметтік
типтер біртұтас болды. Осы тектес ертедегі мемлекеттердің барлығында саяси
формула толығымен дінмен біріктірілді: құдайлар “ұлттық құдайлар” болып
табылды, олардың әрбіреуі “аумақтың” сақшысы мен саяси ұйымның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси элита және саяси көшбасшылық
Әкімшілік элита
Саяси элита стратегаялық мақсатта
Саяси элитаның теориялық тұжырымдамалары
Саяси элита және саяси көшбасшылық жайлы
Саясат
Саяси элитаның түсінігі мен қызметі туралы
САЯСИ КӨШБАСШЫЛЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ
Қазакстанда саяси философияның қалыптасуы және дамуы
Орта ғасыр мен қайта өрлеу жылдарындағы, жаңа замандағы саяси ой-пікірлер
Пәндер